Тейлериоз індетімен күресуі



ЖОСПАР

Кіріспе
І. Әдебиетке шолу
1.1 Ірі кара тейлериозы
1.2. Паразитиформды кенелер
1.3 Иксодид немесе жайылым кенелері
1.4 Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары
1.5. Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді қыру
1.6. Ауыл шаруашылық малдарының пироплазмидоздары
1.7. Ірі қара пироплазмозы

II. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1.Материалдар және зерттеу тәсілдері.

III.Тіршілік қауіпсіздігі
3.1 Кіріспе
3.2Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау.
3.3Жұмыс барысындағы потенциалды қауіптер қатерлерін талдау.
3.4.Жобаланатын өндірісті қауіп.қатер дәрежесімен топтастыру.
3.5. Санитарлық.техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар.
3.6.Технологиялық жабдықтардың техника қауіпсіздігі.
3.7.Электр қауіпсіздігі.
3.8.Өртке қарсы сақтық шаралары.
3.9.Төтенше жағдайларда.

IV. Қоршаған ортаны қорғау.
4.1. Кіріспе.
4.2Есептеу бөлімі.
4.3 Су көздерін қорғау.
4.4Ауаны қорғау
4.5Табиғи экожүйеден ауыл шаруашылық экожүйеге дейін.

V.Экономикалық бөлім
5.1 Оңтүстүк Қазақстан обылысы бойынша мал ауруынан келетін шығындарды есептеу
5.2 Ветеринарлық іс.шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі
5.3 Ветеринарлық іс.шаралардың экономикалық тиімділігі және оны есептеу әдістемесі

VI. Бизнес.жоспар
6.1. Аннотация
6.2. Түйін
6.3. Кәсіпорынның сипаттамасы
6.4. Менеджмент
6.5. Өнімнің сипаттамасы
6.6. Маркетинг жоспары
6.7. Өндірістік жоспар
6.8. Ұйымдастырушылық жоспар
6.9 Қаржылық жоспар
6.10. Жұмыстардың орындалу тізбесі
6.11. Жобаның тәуекелділігін (сезімталдығын) талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.
Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен, буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы химиопрепараттар жоқ деп жазылған. Алайда, көптеген ғалымдар 1927 жылдан бастап арсенобензол, альбаргин, пироплазмин, атоксил, акрихин, сульфантрол, бигумаль,гемоспородин т.б. дәрі-дәрмектерді ауруды емдеуге қолданып көрген. Бірақта бұл препараттардың
Қолданылған әдебиеттер

1. Абуладзе К.И Парзиталогия и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. – М., ВО Агропроиздат, 1990.
2. Ақаев А. Үй құстарының гельминтоз аурулары. – Алматы, Қайнар, 1981.
3. Боен С.Н. и др. Гельминты копытных животных.
4. Вибе П.П Авителлинозы домашних и диких жвачных животных, Алма – Ата, Кайнар. 1974.
5. Демидов Г.И. Дементьев И.С. мал гельминтоздарының анықтамалығы (аурудан анықтау, одан сақтандыру әдістері) – Алматы, Қайнао. 1979.
6. Ерболатов К.М. Мал гельминтоздары. – Алматы, Қайнао. 1971.
7. Карамендин Ө.С. Қойдың нематодирозы. Алматы, Қайнар, 197.
8. Қашағанов К.Е және т.б. Жылқы және түйе аурулары. Алматы. Қайнар. 1978.
9. Мухаметалин Қ. Малдың паразит аурулары. Алматы. Қайнар. 1973.
10. диков Г.И Сабаншие М.С., Сулейменов М.Ж. справочник по паразитом сельскохозяйственных животных. Алматы. 1994.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Тейлериоз індетімен күресуі
ЖОСПАР

Кіріспе
І. Әдебиетке шолу
1.1 Ірі кара тейлериозы
1.2. Паразитиформды кенелер
1.3 Иксодид немесе жайылым кенелері
1.4 Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары
1.5. Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді қыру
1.6. Ауыл шаруашылық малдарының пироплазмидоздары
1.7. Ірі қара пироплазмозы

II. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1.Материалдар және зерттеу тәсілдері.

III.Тіршілік қауіпсіздігі
3.1 Кіріспе
3.2Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау.
3.3Жұмыс барысындағы потенциалды қауіптер қатерлерін талдау.
3.4.Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру.
3.5. Санитарлық-техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар.
3.6.Технологиялық жабдықтардың техника қауіпсіздігі.
3.7.Электр қауіпсіздігі.
3.8.Өртке қарсы сақтық шаралары.
3.9.Төтенше жағдайларда.

IV. Қоршаған ортаны қорғау.
4.1. Кіріспе.
4.2Есептеу бөлімі.
4.3 Су көздерін қорғау.
4.4Ауаны қорғау
4.5Табиғи экожүйеден ауыл шаруашылық экожүйеге дейін.

V.Экономикалық бөлім
5.1 Оңтүстүк Қазақстан обылысы бойынша мал ауруынан келетін шығындарды
есептеу
5.2 Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу
әдістемесі
5.3 Ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі және оны есептеу
әдістемесі

VI. Бизнес-жоспар
6.1. Аннотация
6.2. Түйін
6.3. Кәсіпорынның сипаттамасы
6.4. Менеджмент
6.5. Өнімнің сипаттамасы
6.6. Маркетинг жоспары
6.7. Өндірістік жоспар
6.8. Ұйымдастырушылық жоспар
6.9 Қаржылық жоспар
6.10. Жұмыстардың орындалу тізбесі
6.11. Жобаның тәуекелділігін (сезімталдығын) талдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы атты жолдауына
орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол
отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі
ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс.
Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап
көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал
шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.

Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада
жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар
қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді,
қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан
жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі
қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең
таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен
ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен,
буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің
азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін
шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының
қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен
сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы
химиопрепараттар жоқ деп жазылған. Алайда, көптеген ғалымдар 1927 жылдан
бастап арсенобензол, альбаргин, пироплазмин, атоксил, акрихин, сульфантрол,
бигумаль,гемоспородин т.б. дәрі-дәрмектерді ауруды емдеуге қолданып көрген.
Бірақта бұл препараттардың барлығы дерлік тейлериозды емдеуге тиімсіз
болған.
Қазіргі кезде елімізде және көршілес Орта Азия елдерінде кездесетін
ауру бұл түрі кең етек алған.. Сондықтанда мал дәрігерлеріне осы күнге
дейін тейлериоз ауруын емдеу өте қиынға соғып отыр.Ауыл шаруашылық
жануарларының пироплазмидоздары-қоздырғыштары организмдегі эритроциттерді
және басқа торлы эндотелий жүйесінің торшаларын зақымдайтын, үлкен бір
аурулар тобы. Қоздырғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы жұғады,
яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы тобына тән
белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану, жүрек-тамыр
жүйесінің және қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы.

І. Әдебиетке шолу
1.1 Ірі кара тейлериозы

Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына
жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың
сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр
жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса
кауіпті ауру.
Қоздырғышы. Theileria annulata малдың сөл бездерінде, талағында және
эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроцидттер
ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді.
Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2
паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80-95%
зақымдалады.

Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detritum, Hyaloma
anatolicum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал
денесіне енісімен олар сөл бездеріне және бауыр мен талаққа барып, өсіп-
өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. Мұның
нәтижесінде көп ядролы анар тәрізді (гранат) денелер пайда болып, олардың
бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады. Кейінірек бұл
паразит бөлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді. Осы уақыттан
бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп атайды.

1-сурет. Қан эритроциттеріндегі Theileria annulata (В.Л.Якимов бойынша).
Эпизоотологиясы. Тейлериоз Орта Азия республикаларымен қатар Қазақстанның
Оңтүстік аймақтарында кездеседі. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және
Жамбыл облыстарында тейлериоз жылдары кең етек алып, шаруашылықтарда
энзоотия түрінде байқалады. Себебі бұл аймақтарда ауру қоздырғышын
тасымалдайтын Hyaloma туысына жататын кене түрлері көп тараған. Жас мал
тейлериозбен асқынып ауырады. Сондай-ақ сырттан әкелінген сүтті сиырлар да
өте қатал ауырып, тейлериоздан өлім-жітімге көп шалдығады.
Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. Тейлериоз жіті және
жітілеу түрінде байқалады. Аурудың жіті түрі басқа жерден әкелінген
жануарларда болады. Алғашқы күндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні
мен мойнындағы, жауырын алдындағы бездері қабынып, безі шошып, ісіп
кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты екендігі және мал ауырсынатыны
байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,8° дейін көтеріледі,
малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, жүні үрпиіп, қатты күйзеледі.
Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60
дейін шапшаңдап, мал демігеді. Ол аяқтарын талтитып, басын төмен
салбыратып тұрады. Асқазан жолдарының қызметі бұзылады. Малдың қиы сұйық,
оған шырыш, ал кейде қан қосылады. Кейін ішек перистальтикасы мүлде
әлсіреп, тұрақты атония дамиды. Қандағы эритроцит саны мен гемоглобин
мөлшері 2-3 есе кемиді. Несеп шығару қиындайды.
Ауру мал жемнен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру және сүт
шығару мүлде тоқтайды, 6-8 күннен соң дене қызуы шұғыл төмендеп, мал тез
арада шығынға ұшырайды.
Аурудың жітілеу түрінде де сөл бездері шошып, дене қызуы 40-410-қа дейін
көтеріліп, осы деңгейде 2-3 күн тұрады, сонан соң қалпына келеді. Бұдан 2-3
күн өткен соң, дене ыстығы қайта көтеріліп, өзгермелі қызба аурудың аяғына
дейін байқалады.
Көз бен мұрынның кілегей қабықтары алғашқыда қызарыңқы. Олардың бозаруы
баяу дамиды. Анемия қызба басталған соң 5 күннен кейін біліне бастайды.
Ауру малдың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті азаяды не мүлде болмайды. Аш
бүйірі мен қабырғалары айқын білініп тұрады. Күйіс қайыру бірте-бірте
тоқтап қалады. Ішек қозғалуы алғашқыда жиілегенмен кейін мүлде тоқтайды.
Сүті азаяды. Ауру мал арып, 2-3 аптадан соң көтеремге айналады, әлсірейді,
жүргенде тәлтіректейді. Ол мойнын бір жағына бұрып, ыңыранып жатып алады.
Жүрек қызметінің бірте-бірте әлсіреуінен 3-4 аптадан соң мал шығынға
ұшырайды. Тейлериоздың жітілеу түрінде лейкоциттердің саны 9 мыңға дейін
көбейеді. Қан құрамында нормобластар, базофильді түйіршіктері бар
эритроциттер және денешіктер, анизоцитоз, пойкилоцитоз және
полихроматофилия құбылыстары байқалады.
Диагноз қою тәсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала
отырып, микроскопиялық зерттеу жүргізу шарт. Ол үшін аурудың алғашқы
сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып алып, таза
шыныға жағады да, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен
қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы торшаларды табу қажет. Көп
ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония әдісімен көбейіп, олардың
ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады.
Арудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін,
тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан алынған
бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен боялады. Эритроцит
ішіндегі тейлериялар нүкте, үтір, дөңгелек және таяқша тәрізденіп жатады.
Олардың ядросы қызыл, ал цитоплазмасы көкшіл болып боялады.
Өлекседегі өзгерістер. Тейлериоздан өлген мал өлексесі өте арық келеді.
Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш тартқан, қанталаған. Сыртқы бездері
ісініп, қабынған, қанталаған, көкірек қуысына қызғылт сұйық зат жиналған.
Жүрек ұлғайған, оның ішкі және сыртқы жағы нүкте тәрізденіп қанталаған.
Жүрек қабы сарғыш түсті экссудатқа толы. Бауыры үлғайған, оның түсі сары
топырақ тәрізді. Талақ 1,5-2 есе ұлғайған, пышақпен тілгенде тіліктің беті
қызыл-қоңыр түстес, ұлпасы жұмсақ, сірі қабығы асты қанталағандығы
байқалады. Ұлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты
жараға айналады. Бұл өзгеріс тек тейлериозға ғана тән құбылыс. Ащы ішектің
ішкі қабаты да қабынады, әр жері нүкте тәрізденіп қанталайды. Тоқ ішектегі
өзгерістер де осындай, бірақ ащы ішектегіден көмескілеу.
Емі. Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған және ауру белгілеріне қарай
симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға немесе көлеңкеге байлап,
балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан кесілген тамыр-түйінді
өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе тартылған сүт және айран
беріледі. Тейлерияларға қарсы 3,5 мгкг мөлшерінде 7% азидин бұлшық ет
аралығына егіледі, 4-6 сағат өткеннен кейін күре тамыр арқылы 0,5 млкг
мөлшерінде 10% хлорлы натрий және әр мал басына 1-2 г 1-2% аскорбин қышқылы
жіберіледі.
Екінші күні күре тамыр арқылы 0,015 гкг 5% террамицин немесе бұлшық етке
2000-5000 өлшемкг окситетрациклин егіледі. Кешке малдың тірілей салмағының
әрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке жіберіледі. Үшінші
күні кофеин және 0,01-0,005 гкг мөлшерінде 10% сульфадемезин бұлшық етке
егіледі.
Емнің тағы бір түрі: күніне 1 реттен 3 күн ұдайы 1 мгкг мөлшерінде
хиноцид, ал төртінші және бесінші күндері 12,5 мгкг бигумаль 1% ерітінді
түрінде ауыз арқылы ішкізіледі.
Ауру қайталаған жағдайда, малдың ыстығы қайтқанша және одан кейін 2 күн
ұдайы осы екі дәріні қоса қолдануға болады.
Симптоматикалық ем: ауыз арқылы ішке 3,0-5,0 г кофеин, 10,0 г фталазол, 50
мг хлорлы кобальт, 500 мг тотияйын күніне 1 рет және күніне 1 реттен 2-3
күн ұдайы 300-500 мг-нан В12 витамині бұлшық етке егіледі.
Сақтандыру (дауасы). Бүл аурудың дауасы малды қысқы мерзімде дұрыс
азықтандыру. Ірі қараны жаз айларында көп жылдық себінді шөп өсірілген
жайылымдарда жайған дұрыс, себебі мұндай жайылымда, әдетте, иксодид
кенелері болмайды.
Егер мұндай жайылымдар болмаған жағдайда, малды жайылым кенелерінен арылту
үшін немесе оларды дарытпау мақсатымен 1% хлорофос ерітіндісі немесе 0,1%
күйдіргіш натрий (сілті) қосылған 0,5% хлорофос ерітіндісі қолданылады.
Сондай-ақ, 3% СК-9 (хлорлы скипидар) эмульсиясын, 3% полихлорпинен немесе
севин, дикрезил, бутокс сияқты басқа акарацидтер ерітінділерін қолдануға
болады. Осы көрсетілген ерітінділер мен эмульсиялар кене көп таралған
маусымда әрбір 7-10 күн сайын қолданылады. Бүл дәрілер ірі қараның жасына
байланысты әрбір малға 1-3 л мөлшерінде ДУК, ЛСД-2 машиналарымен немесе
гидропультпен бүркіліп отырады. Кейбір Hyaloma scupense сияқты жайылым
кенелері мал қораларында кездессе, ондай қораларды 1,5% хлорофос
ерітіндісімен дәрілеу керек. Бұдан кейін қора ішін 4-6 сағат желдетіп,
оттықтар ішін ыстық сумен тазалап жуу шарт. Кенеге қарсы ивомек, протеид,
неоцидол дәрілерін де пайдалануға болады.
Соңғы жылдары тейлериозға қарсы БЭВИ-ның (Ресей) тірі себінді вакцинасы
қолданылып жүр. Тейлериоз болып тұратын шаруашылықтарда 6 айдан 18 айға
дейінгі жас малды, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды малды, ақпан-
қаңтар айларында нұсқау ережелеріне сәйкес вакцинациялау қажет.
1.2. Паразитиформды кенелер

Parasitiformes тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай
көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде
(эктопаразиттер) паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ олар түрлі
аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ішінде
мына тұқымдастарының мал дәрігерлігінде маңызы бар.
1) Ixodidae – жайылым кенелері
2) Argasidae – аргазид кенелері
3) Gamasoidae – гамазоид кенелері

1.3 Иксодид немесе жайылым кенелері

Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш Кильборн
және Смит (1983) пікір айтып, ірі қара малдың пироплазмозын кенелер
тасымалдайтынын анықтады. Мұның өзі буынаяқтылардың мал мен адамның
инфекциялық және 1 протозоидтық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы
маңызы жөнінде зерттеулерге әсерін тигізеді.
Протозоидтық, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар
қоздырғышын тасымалдауда және оларды сақтап отыруда иксодид кенелерінің
маңызын анықтауда ВЛ. Якимов, АВ. Белицер, Е.П. Джунковский, А.А. Марков,
И.В. Абрамов, Р. Кох, А. Тейлер, Эд. Сержан және т.б. зерттеулерінің маңызы
зор болды.
Кенелердің бұл тұқымдасының денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша
келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. Тұмсықтың
құрамына: оның түбі, екі қармалауыш, екі хелицер (жоғаргы жақ) және бір
гипостом (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің қармалауыштары сезім қызметін
атқарады, олардың көптеген сезімтал талшықтары бар. Қармалауыштарының
көмегімен кене жануарлар терісіне жабысатын жерін тауып алады.
Қармалауыштар арасына өткір тістерімен қаруланған хелицерлер орналасқан,
олардың көмегімен кене теріні тесе алады. Хелицерлердің астыңғы жағына
гипостом орналасқан, оның үсті тікен тәрізденіп иректелген, солары арқылы
кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі.
Денесі – идиосома, кененің даму сатысына және қанга тою дәрежесіне
байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал
тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин қалқаншасы
(скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының алдыңғы жағын, ал
еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір кенелердің алдыңғы жағында
қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері болады. Денесінің іш жағында,
төртінші аяқтарынан төменірек торлы табақшалар – перитремалар, ал олардың
ортасына тыныс тесіктері – стигмалар орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш
жағында жыныс және артқы тесіктері орналасқан. Иксодид кенелерінің
еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай (диморфизм). Аш ұрғашы кененің
дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап үлкенірек. Қан сорғаннан кейін
ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді.
Иксодид кенелерінің (географиялық) жер жүзіне таралуы кейбір биотикалық
және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе қанын сорып қоректенетін
жануарлар болуының маңызы өте зор. Әр түрлі кенелердің өмір сүруіне қолайлы
жылылық, ылғалдылық, өсімдіктер құрамы үлкен әсер етеді. Кенелердің
жануарларға жабылуы қолайлы жылылықтың, сондай-ақ күннің ұзақтығына да
байланысты. Кенелердің жұмыртқалау мерзімі, әр сатыға алмасу ұзақтығы күн
жарығының алмасуына да байланысты. Жазғы қолайлы климат жағдайларының
Оңтүстік аудандарында ұзақ, ал солтүстік аудандарда қысқа болуы иксодид
кенелерінің өсіп-дамуының мерзіміне әсерін тигізеді. Мысалы, Ixodes ricinus
кенесінің оңтүстікте таралған популяциясының өсіп-дамуы бір ғана жаздық
маусымда, ал солтүстік ареалында ол үш, ал кейде төрт жылға созылады.
Буынаяқтылардың мекендейтін жерін биотоп деп атайды.
Биотоптардағы кенелердің саны үнемі өзгеріп отырады. Адамның табиғатқа қол
сұғуы өсімдіктер және жануарлар дүниесін әртүрлі өзгерістерге душар етеді.
Мұндай өзгерістерге сол биотопта тіршілік ететін кенелер өте сезімтал
келеді. Мал жайылымдарын жақсарту мақсатымен себінді шөптердің аумағы
үлғайған сайын кенелер саны да азаяды.
Кенелерді өз биотоптарында және ауыл шаруашылық жануарлар үстінде жою,
иксодид кенелері тасымалдайтын адам, мал ауруларынан сақтандырады. Иксодид
кенелері өзінің жеке дамуында (онтогенезінде) бірнеше сатыдан өтеді. Оларға
жұмыртқа, балапан кене-нимфа және имаго жатады. Еркек жынысты кенелермен
ұрықтандырған ұрғашылары жануарлардың қанына тойынған соң жерге
(жайылымдарда) түсіп, күн сәулесі түспейтін жырыққа, тастар астына, қалың
ескі шөп ішіне және т.б. жүмыртқалайды. Әр түрлі кенелердің ұрғашылары 3
мыңнан 15 мыңға жуық жұмыртқа салады. Кененің ұрғашылары жұмыртқалаған соң
тіршілігін тоқтатады. Үш аптадан кейін жұмыртқалардан алты аяқты балапан
кенелері шығып, олар 3-4 күндей омыртқалылардың қанымен қоректенеді. Кейбір
кенелердің балапан кенелері жануарлар денесінен түспей, дамуының келесі
сатысы нимфаға айналады. Кененің басқа түрлерінде бұл құбылыс жерде өтеді.
Нимфа сатысы да 4-6 тәуліктей қан сорғаннан кейін жануарлар денесінен түсіп
немесе сол жануардың үстінде-ақ ең соңғы сатысы – имагоға айналады. Әр
нимфадан кененің ұрғашысы не еркегі шығады. Кенелердің толық өсіп-даму
циклі (айналымы) олардың таралу ареалына байланысты бірнеше айдан 3-4 жылға
дейін созылады.
Жайылым кенелерінің мал түріне шабуылдауына байланысты оларды бір иелі, екі
иелі және үш иелі деп жіктейді. Бір иелі кенелер өсіп-дамуының барлық
сатыларында бір ғана жануардың қанын сорады. Екі иелі кенелер балапан және
нимфа сатыларында бір жануарды талап, ал имаго сатысында басқа жануарды
талайды. Ал, үш иелі кенелердің балапан, нимфа және имаго сатылары үш түрлі
жануарларды талап өсіп-дамиды.
Кенелердің жануарлар организмімен қарым-қатынасы күрделі және әлі толық
зерттелмеген. Олардың сан-қилы омыртқалылардың қанын соратындығы мәлім.
Табындағы және отардағы малдардың кенеге талануы әртүрлі дәрежеде болады.
Ол жануарлар тобының жасына және т.б. жеке организм ерекшеліктеріне
байланысты. Жабысқан кенелердің саны организмнің тойтарыс күшіне, кенеге
қарсы пайда болған иммунитетке байланысты.
Кене тұмсығы терінің эпидермалық қабатына ғана енеді. Тұрқы әртүрлі
болғанымен балапан кене, нимфа және имаго сатыларының тұмсықтары теріге
біркелкі тереңдікке енеді. Кенелер гипостомның тікендері және айрықша
секрет цемент арқылы мал терісіне нығайып бекиді. Кене қанға тойып
түскеннен кейін цемент жарақатта қалып қояды, соның әсерінен терінің
эпидермалық қабатында реактивтік өзгерістер пайда болады. Цементпен және
кенелердің сілекейімен мал организміне антикоагулянттардан және т.б. улы
заттардан құралған күрделі заттар енеді. Сондықтан жарақат орны ісінеді
және оған эозинфильдері басым торшалар жиналады. Кенеге таланған
жануарлардың қан құрамы өзгереді, организмде аллергиялық құбылыс пайда
болады, сондай-ақ алынатын өнімдер саны төмендейді.
Біздің елімізде таралған Ixodidae тұқымдасына жататын жайылым кенелері алты
туысқа бөлінеді. Олар мыналар: Hyalomma (шыны көз), Ixodes (жабысқақ),
Dermacentor (тері жырғыш), Haemaphisalis (қан сүйгіш), Rhipicephalus
(желпуіш бас) және Boophilus (бұқа сүйгіш).
Ixodidae түқымдасы кенелерінің қысқаша туыстық морфологиялық белгілері.
Тұмсығы ұзын
Көздері бар Hyalomma
Көздері жоқ Ixodes
Тұмсығы қысқа
Тұмсық түбі төртбұрышты
Қалқаншасы мәрмәр түсті Dermacentor
Қалқаншасы мәрмәр түссіз Haemaphisalis
Тұмсық түбі алтыбұрышты
Артқы тесік қарықшасы бар. Перитремалары үтір тәрізді – Rhipicephalus.
Артқы тесік қарықшасы жоқ. Перитремалары дөңгелек не сопақ – Boophilus.
Hyalomma туысына ұзын тұмсықты көздері жақсы дамыған кенелер жатады.
Сондықтан оларды шыны көз деп атайды. Ауыл шаруашылық жануарларында бұл
туыстың Hyalomma anatolicum, H.detritum, H.scupence деген түрлері
кездеседі. Бұл кенелер Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында көп
тараған. Әсіресе Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы
облысының кейбір аудандарында таралған. Hyalomma туысына жататын кенелер
көбінесе ірі қара малда кездеседі. Жылқы, қой, ешкі, түйе түліктеріне
Hyalomma кенелері өте сирек жабылады. Бұл кенелердің H.anatolicum деген
түрі, ірі қараның қарапайымдылар қоздыратын тейлериоз ауруын тасымалдайды.
Кененің бұл түрі еліміздің оңтүстігінде ғана кездеседі. Оның ареалының
Солтүстік шекарасы – Ресейлік Астрахан облысынан Қазақстанның Оңтүстігін
басып, Қырғызстанға дейін барады. Теңіз деңгейінен 500 м биіктік бұл
кенелерден бос. Кенелер мал қораларында, олардың қабырғаларында, оттығында
тығылып жатуы мүмкін. Сондай-ақ көң астында, кемірушілердің інінде, саман
және қамыстан істелген құрылыстарда кездеседі. Ал, H.scupence деген түрі
мал қораларында қыстайды. Сол себепті тейлериоз ауруы бірен-саран түрде
қыста да кездеседі.
Ересек кенелер малды мамыр-тамыз айларында, ал балапан кенелері мен
нимфалары тамыз-қыркүйек айларында талайды. Тойынған личинкалар мен
нимфалар малдың үстінен жерге түсіп, жайылымда қыстап шығады. H.plumbeum
кенелері жылқы пироплазмозы мен нутталиозының қоздырғыштарын тасымалдайды.
Кенелердің бұл түрі Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азия республикаларында
кездеседі. Олар мамыр-маусым айларында малды көп талайды. Балапан кенелер
мен нимфалары мамыр айынан қазан айына дейін жануарлар қанымен қоректенеді.
Жайылымға түсіп қалған нимфалар күзде имаго сатысына түлеп, көктемге дейін
анабиоз жағдайына еніп, қыстап шығады.
H.scupense – ірі-қара тейлериозы мен жылқы нутталиозының қоздырғыштарын
тасымалдайды. Бұл кенелер Орталық Қазақстанға дейін тараған. Оңтүстікке
қарай бұл кене жақсы бейімделген, тек теңіз бетінен 1000 м биіктікте ғана
болмайды. Жанасқанда бір малдың екінші малға көшіп отыруы мүмкін. Бұл
кененің ерекшелігі – жануарларды жылдың суық уақытында, яғни қазан айынан
мамырға дейін талайды. Олардың ұрғашылары жануарлар денесінен наурыз-мамыр
айларында түсіп қалады. Маусым айында жұмыртқалап, одан шыққан балапан
кенелер күздің суығына дейін малға дарымайды. Балапан кенелер негізінен ірі
қара малды, сирегірек жылқы, қой және т.б. жануарларды талайды. Қыстың
желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында нимфалардың қоректенуі және оның имаго
сатысына дамуы баяулайды.
Ixodes туысына жататын кенелердің тұмсығы ұзын, түбі төрт бұрышты. Көздері
жоқ. Сондықтан олар бұтаның не шөптің басына шығып алып, алдыңғы аяқтарын
созып отырады. Мұндай кенелерді мал жүретін соқпақтарда кездестіруге
болады. Осындай кенелер соқпақпен өтіп бара жатқан жануарларға немесе
адамға жабыса кетеді. Сондықтан да бұл кене туысын Ixodes жабысқақ деп
атайды.
Жайылым кенелерінің ішінде бұл туысқа жататын кенелер аса көп тараған жоқ.
Олар Ixodes ricinus және I.persulcatus түрлеріне жатады. Бұл кенелер ірі
қара мал бабезиозының қоздырғышы Babesia bovis, қой анаплазмозының
қоздырғышы Anaplasma ovis және ірі қара анаплазмозының қоздырғышы
A.marginale тасымалдайды. Сондай-ак, I.persulcatus адамның кейбір вирусты
және бактериалды ауру қоздырғыштарын жұқтырады. Ixodes ricinus кенесі
Еуразия аймағының солтүстік-батысында көп тараған, оның шығысқа қарай
таралу шекарасы Волга өзеніне дейін келеді. Сондай-ақ Кавказ тауы мен тау
етегінде де кенелер кездеседі. Ал Волга өзенінен шығысқа қарай орталық және
Оңтүстік алқаптарды басып, Қиыр Шығысқа дейінгі таулы және ағашты жерлерде
I.persulcatus кенелері кездеседі. Қазақстанның тау етектерінде және
кішігірім тауларда қалың шөп және бұталар арасында кездеседі. Кенелердің
бұл түрі кекілік, ор қоян және т.б. жабайы аңдар және үй жануарларының
эктопаразиттері. Ixodes кенелері суыққа өте төзімді. -20°С суықтыққа шыдай
береді. Қолайлы жағдайларда өсіп-жетілуіне 5-9 айдай уақыт керек, ал кейбір
жылдары бұл кенелердің өніп-өсуі 2-3 жылға дейін созылады. I.persulcatus
кенелері Қиыр Шығыста адамның энцефалит ауруының қоздырғышын тасымалдайтын
және осы аурудың табиғи ошақтарын түзуге қатысатыны анықталды. Осы
құбылыстарды зерттей отырып, академик Е.Н. Павловский (1939) өзінің
трансмиссивті аурулардың табиғи ошақтары туралы ілімін негіздеді.
Dermacentor туысына жататын кенелер жылқының пироплазмоз (қоздырғышы
Piroplasma caballi) және нутталиоз (қоздырғышы Nuttallia egyi) ауруларын
тасымалдайды. Бұл туысқа жататын кенелердің алты түрінің ішінде Dermacentor
marginatus және D.pictus деген түрлерінің эпизоотологиялық маңызы бар.
Dermacentor туысына жататын кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты,
жотасында, екінші аяқ тұсында көздері бар. Денесінің үстіңгі жағы қоңыр
түсті болғанымен күміс реңді. Сондықтан бұл кенелерді басқаларынан тез
айыруға болады.
Ересек, яғни имаго сатысындағы Dermacentor кенелері жылқы, ірі қара мал,
ешкі, қой және т.б. жануарлардың қанын сорады. Ал, балапан-кене және нимфа
сатыларында ұсақ кеміргіштерді талайды. Бұл кенелер жануарларға көктем және
күз айларында жабысады. Ересек кенелер 2-3 жылдай аштыққа шыдайды. Бір
жылдың ішінде бір ұрпағы өсіп-өнеді.
Dermacentor marginatus үш иелі кене. Олар жылқының пироплазмидоз
ауруларынан басқа ірі қара малдың анаплазмозын (қоздырғышы Anaplasma
marginale), қойдың анаплазмозын (A.ovis) және тейлериозын (қоздырғышы
Theileria recondita), сондай-ақ кеміргіштердің туляремия ауруларын
тасымалдайды. Кененің бұл түрі Украина, Молдавия, Қырым, Қазақстан, Орта
Азия республикаларында, сондай-ақ Батыс және Шығыс Сібірдің Оңтүстік
бөлігінде кездеседі.
Dermacentor pictus түрі де үш иелі кене. Ол жылқының пироплазмидоздарынан
басқа – ит пироплазмозын (қоздырғышы Piroplasma canis), ірі қара малдың
анаплазмозын және жылқының энцефаломиелит ауруы және омбы геморрагиялық
қызбасының вирусын тасымалдайды (11-сурет).
Haemaphilasis туысына жататын түрлер Н.otophila және Н.longicornis
(Н.neumani). Бұл кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, көздері жоқ,
анальдік жолақ артқы тесіктің арт жағына орналасқан. Құрсақ жағында
қалқаншалары жоқ.
Н.otophila үш иелі, ол қойдың анаплазмоз (Anaplasma ovis) және пироплазмоз
(қоздырғышы Piroplasma ovis) ауруларын тасымалдайды. Бұл кенелер Украинаның
оңтүстігінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Н.punctata кенелері болады. И.Г.Галузо
және т.б. (1944) байқауына қарағанда бұл кенелер қойдың бруцеллез ауруын
таратуда маңызы зор. Н.longicornis үш иелі кене, қиыр Шығыста ірі қара
малдың тейлериоз ауруын тасымалдайды (қоздырғышы Theileria sergenti).
Rhipicephalus туысына жататын кенелер: Rh.bursa және Rh.pumilio. Бұл
кенелердің түмсығы қысқа, түбі алты бұрышты, көздері бар, анальдік жолақ
артқы тесік артында, еркек кенелердің екі жұп анальдік қалқаншалары бар.
Rh.bursa – екі иелі кенелер, көбіне ірі қара мал мен қойдан табылады, ал
Rh.pumilio үй және тағы хайуанаттарына онымен қоса адамға да жабысады.
Rh.bursa кенелері қойдың бабезиозын (B.ovis), тейлериозын (Th.recondita)
және пиролазмозын (Р.ovis), сондай-ақ, ірі қара малдың анаплазмозын
(А.marginale) тасымалдайды.
Кенелердің бұл түрі Қырымда, Қара теңіз жағалауында, Кавказда және
Казақстанның оңтүстігінде кездеседі. Бірен-саран кенелер теңіз деңгейінен
2800 м биіктікке дейін кездеседі. Имаго фазасында қой мен ірі қараға наурыз
айынан бастап жабысады, бірақ негізінен жағырапиялық алқапқа байланысты
мамыр-шілде айларында белсенділігі күшейеді. Ал балапан кенелері жаздың
екінші жартысынан бастап, күз айларына дейін кездеседі. Олар қой кұлағының
ішкі жағына жабысып қанын сорады. Имаго фазасында қойдың түксіз жерлеріне
жабысады. Жылына бір ұрпақ береді.
Boophilus туысына жататын біздің елімізде бір ғана кене түрі бар – ол
B.calcaratus. Бұл кенелер жайылым кенелерінің ішіндегі ұсағы, қоңыр түсті.
Тұмсығы қысқа, тұмсық түбі алты бұрышты, көздері бар. B.calcaratus кенелері
ірі қара малдың пироплазмозын, франсаиеллезін тасымалдайды. Ауру
қоздырғыштары кененің жұмыртқасы арқылы немесе трансовариалды жолмен келесі
ұрпаққа көшіп отырады. B.calcaratus кенелері Қазақстанның оңтүстігінде,
Орта Азия республикаларында кездеседі. Бұл кене бір иелі. Малға жабысқан
кене 25-30 күнде қанға тойынып, тасалау жерге 2-3 күннен соң жүмыртқа
салады. Жұмыртқадан шыққан балапан-кенелер жануарларға жабысып, қанға
тойған соң 4-6 күн ішінде нимфаға айналады. Олар иесінің денесінен түспей 5-
10 күннен соң имаго (еркек немесе ұрғашы) фазасына дейін өсіп-өнеді. Толық
өсіп жетілуіне 2 айдай уақыт керек. Жылдың жылы уақытында B.calcaratus
кенелері үш ұрпақ береді. Балапан кенелері 6-7 айдай ашығуды көтереді. Тың
жерлерді игеруге байланысты B.calcaratus кенелерінің саны жылдан жылға
азайып келеді. Бұл кенелердің биотоптары ағашты-бұталы тау етегінде өмір
сүруге қолайлы жағдайлар бар жерлерде кездеседі.

2-сурет. 1,2 – Ixodes туысы; 3,4 – Dermacentor туысы, сол жағындағылары
еркегі, оң жағындағылары ұрғашысы

3-сурет. 1,2 – Boophilus туысы; 3,4 – Hyalomma туысы

4-сурет. 1,2 – Haemophysalis туысы; 3,4 – Rhipicephalus туысы

1.4 Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары

Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың
шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі – жануарларға
жабысқандарын жою.
Кенелермен олардың биотобында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері
жүмыртқаларын жерге салып, олардан балаң – кенелері де сонда пайда
болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп,
жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді. Мұндайда көп кенелер
өздігінен жойылады, сондай-ақ өсімдіктер құрамы өзгереді, топырақтың
жылылық-суықтығы, ылғалдығы өзгеріп, қалған кенелердің тіршілігіне кедергі
жасайды. Жайылымдарды жырту кейбір жерлерде Boophilus calcaratus, Hyalomma
scupense, Rhipicephalus bursa кенелерін жоюға септігін тигізеді, немесе
кене түрлерінің санын азайтады. Кейбір өңірлердің биік тау жайылымдарында
иксодид кенелері мүлде болмайды. Төменірек жатқан орман белдеуінде де
кенелер өте сирек кездеседі. Сондықтан биік тау жайылымдарын пайдалану,
малдарды кенеден қорғаудың ең тиімді жолы. Малдарды таулы жайылымға топырақ
суығанда айдаған абзал. Себебі жол бойында кенелі жерлер болуы мүмкін.
Кейде, жол бойында малға кене жабыспас үшін, оларды акарацид дәрілерімен
тоғытады.
Кейбір өңірлерде қойды қысқы жайылымдарға және одан қайтқанда теміржолмен
немесе машиналармен тасиды.
Мал қораларында қалып қоятын Hyalomma anatolicum, H.detritum және
H.scupense сияқты кенелерді жоюдың маңызы зор. Бұл кенелер мал қораларында
қыстап, қыс пен көктемде малға жабысып қанын сорады. Бұл кенелерді жою үшін
– олар тығылатын саңылауларды құмға цемент араластырып тығындап,
кеміргіштердің інін бітеу, сондай-ақ қора маңындағы өсімдіктерді отап
тастау шарт. Сонан соң қораны аэрозольді акарацидтермен дәрілейді. Ол үшін
аэрозоль-2 (хлорофос пен ДДВФ қосындысы-9:1) 20 мл м3 мөлшерінде қораға,
глак-ц-глутар альдегиді және циодрин негізінде жасалған баллондағы
препаратты 50 мл м3 есебімен шашады. Бұлардан басқа қораны дәрілеу үшін
1,5% хлорофос, 0,2% бензофосфат 200-400 мл м2 мөлшерінде қолданылады.
Дәріленген қораларға мал енгізу үшін оларды 3-4 сағат желдетіп, оттықтарын
тазалап, ыстық сумен жуу шарт.

1.5. Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді қыру

Акарицид дәрілерді жануарлар денесіне кене жабысардың алдында қолдану шарт.
Ол үшін неғұрлым әсері ұзаққа созылатын дәрілерді таңдап алу керек. Бірақ
әр препараттың кенелердің балапан-кене, нимфа және имаго сатыларына
тигізетін әсері әр қилы екенін ескеру керек.
Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің әсеріне төл және
арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал екендігі белгілі.
Күннің ыстығы да дәрінің теріден тез сіңуіне әсерін тигізеді. Сондықтан 3
айға дейінгі төлге тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дәрі
қолдануға болмайды. Уланудан сақ болу үшін малды күннің салқын кезінде
дәрілеу шарт. Әрбір дәрінің әсерлі заттарының (әз) мөлшерін көрсеткен
паспорты болуы керек. Онсыз дәріні қолдануға болмайды. Акарацид дәрілер улы
болғандықтан оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау мерзімі және
қолданылу мөлшерін мұқият тексеру қажет. Мал ауруларымен қатар адам
ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес жүргізгенде кене денеге
жабыспас үшін арнайы комбинезон кию, малмен жұмыс істегеннен кейін денені
қарап шығу және т.б. сақтық шараларын қолдану қажет. Малға жабысқан
кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен
тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды шомылдыру үшін
арнаулы жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа кірпіштен, тастан, темір
бетоннан жасалған күрделі құрылыс. Қой тоғытатын тоғытпаны ферма маңына
салады. Тоғытпа маңында құдық болуы тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты
ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді. Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері
мен эмульсиялары қолданылады.
Ірі қараны бүрку әдісімен дәрілеу үшін 0,2% бензофосфат, 0,5% циодрин,
0,15% дурсбан эмульсияларын әрбір 7 күн сайын, әр жануарға 1-3 л мөлшерде
қолдануға болады. Жеке малдарға аэрозольді дерматозол баллонын әр малға 60-
80 г есебімен қолданады.
Қойды арнайы тоғытарда шомылдырады. Ол үшін 0,2% бензофосфат, 0,05%
неоцидол, 0,1% дурсбан акарацидтермен әрбір 9-10 күн сайын шомылдырады.
Суық маусымда ірі қарада Hyalomma туысына жататын кенелер кездеседі. Оларға
қарсы севин дустын пайдалануға болады. Малды дустпен емдеу сыртқы аула
ішінде жүргізіледі. Оны арнаулы дайындықтан өткен және арнаулы киімі, көз
әйнегі, қолғабы және тыныс алатын аспабы бар адамдар ғана жүргізеді. Дусты
әуелі сеуіп, сонан соң оны кенесі бар жерлерге ысқылау шарт. Әрбір ірі
малға 300-400 г дуст жұмсалады. Жануарлар үстінен артық дәрі түсіп қалу
үшін оларды 1-2 сағат сыртта ұстау қажет.

1.6. Ауыл шаруашылық малдарының пироплазмидоздары

Ауыл шаруашылық жануарларының пироплазмидоздары-қоздырғыштары организмдегі
эритроциттерді және басқа торлы эндотелий жүйесінің торшаларын зақымдайтын,
үлкен бір аурулар тобы. Қоздырғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы
жұғады, яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы
тобына тән белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану, жүрек-
тамыр жүйесінің және қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы.
Пироплазмидоздардың эпизоотологиясы. Пироплазмидиоз ауруларының
эпизоотиялық тізбегінде үш буын бар. Бірінші буын-қоздырғышпен
инвазияланған жануар; үшінші буын – ауруға бейім жануар, екінші буын –
тасымалдаушы кене. Пироплазмидтер бірінші буынан – донор-жануарлардан,
екінші буынға – тасымалдаушыларға, ал олар арқылы үшінші буынға – ауруға
бейім жануарлар – реципиенттерге беріледі. Соңғылар инвазияны қабылдап
алып, тасымалдаушылар үшін донор-жануарларға айналады да, сонан соң олар
бейім жануарларға ауру таратады. Бұл аурулардың эпизоотиялық тізбегі осылай
ұштасып, ауру қоздырғыштары осылай жылдан-жылға жануарлар мен тасымалдаушы-
кенелер арасында, эпизоотиялық тізбектің бір буыны шығып қалғанша жылжи
береді. Бұл тізбектің ең осал буыны – жайылым (иксодид) кенелері, олар
өздеріне қолайлы жағдайы бар биотоптарда ғана өмір сүреді. Сондықтан
жайылымдардағы олардың биотоптарын мелиорация шараларымен жою қажет.
Көп жылдар бойы пироплазмидоздардың эпизоотиялық ерекшелігін зерттеудің
негізінде территориялардың арнайы классификациясы шығарылды, оның өзі
бабезиидоздар және тейлерийдоздармен күрес шараларын тиімді жүргізуге
мүмкіншілік берді. Барлық территориялар төрт алқапқа бөлінеді:
1. Сау алқап – мұндай жерде тасымалдаушы кене, не ауру жануарлар, немесе
қоздырғыш тасушылар болмайды.
2. Қауіпті алқап – мұнда паразит тасушы жануарлар болмағанымен жайылым
(иксод) кенелері өмір сүреді.
3. Энзоотиялық алқап – мұндай алқапта ауа райының жағдайына байланысты
кенелер саны шұғыл өзгеріп отырады. Барлық жануарларды кенелер жыл сайын әр
түрлі қоздырғыштармен қайта зақымдап отырады. Осындай жерлерде жыл сайын
жергілікті және басқа жақтан әкелінген мал ішінде ауру байқалады.
Энзоотиялық алқаптың территориясы әдетте үлкен емес (өзен жағалаулары,
бұта шоғырлары, жыртуға қолайсыз жерлер және т.б.). Мұндай алқапта ауру
қоздырғыштарының донорлары және пироплазмозға бейім рецепиент жануарлар
саны тұрақта. Сондықтан да кенеге қарсы жүргізілетін шаралар табысты нәтиже
береді.
4. Жасырын алқапқа аумағы өте кең, жері жыртылмаған жыйылым тән, онда
тасымалдаушы кенелер үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Мысалы, Boophilus
кенелері тасымалдайтын ірі қара малдың бабезиидоздары үшін жасырын алқап
ылғалды жыртылмаған өзен жағалауларында және ағашты- бұталы жерлерде
болады. Бұл алқапта ауру астыртын өтіп, аурудың клиникалық белгілері
білінбейді, яғни барлық малда премуниция барлығы байқалады. Малдың төлі,
әдетте, ешбір белгісіз ауырады. Премунициясы жоқ, басқа жерден әкелінген
мал бабезиидоздардың клиникалық белгілерімен ауырады.
Пироплазмидоздар – жылдың жылы, жайылым кезеңінде ғана кездесетін маусымды
ауру. Сондықтан олар жайылым аурулары қатарына жатады.
Ауыл шаруашылығын қарқындандыру кезеңінде пироплазмидоздардың
эпизоотологиясы өзгеріп отырады. Себебі, тың жіне тыңайтылған жайылымдарды
игергенде ауру тасымалдаушы кенелердің мекені әрі қысқарып, онымен қоса
эпизоотиялық алқаптардың саны да азаяды.
Пироплазмидоздардың диагностикасы. Пироплазмидоздарға диагноз қою үшін мал
қаны тексеріледі, бірақ одан паразит табылғанымен, оған диагноз қойып,
арнайы ем тағайындау дұрыс болмауы мүмкін. Себебі, паразит оны тасымалдаушы
мал қанында да кездесе береді. Сондықтан диагноз кешенді зерттеулер
нәтижесінде ғана қойылуы қажет. Ол үшін анамнезді, эпизоотологиялық
деректерді, ауру белгілерін, патанатомиялық, зертханалық зерттеулерді және
т.б. есепке алады.
Анамнез деректерін жинағанда малдың ауырған уақыты (жайылымда немесе
қорада) ауру тасымалдаушы кенелердің барлығы, аурудың сипаты, ауру
барысының ұзақтығы есепке алынады.
Сонан соң белгілі бір аурудың эпизоотологиялық деректері сарапқа салынады.
Пироплазмоздар эпизоотиялық түрде кездесетіні мәлім, мұндай жерлерде
айрықша тасымалдаушылар және аурудың белгілі бір маусымда болуы шарт.
Аурудың өткен жылдары осы жайылымдық алқапта болған- болмағанын білу қажет.
Сондай-ақ, пироплазмидоздар біздің елімізде жылдың жылы кезеңінде ғана
кездеседі.
Сау алқаптан әкелінген ересек мал пироплазмидоздардың ауыр түрімен ауырып,
көп мал шығынға ұшырайды. Әсіресе, сүтті сиырлар мен асыл тұқымды малда бұл
ауру ауыр түрде өтеді. Зебу тәрізді мал инвазияның жеңіл түрімен ауырып,
шығынға аз ұшырайды. Премунициясы бар ұрғашы малдан туған төл ересек малға
қарағанда жеңіл түрімен (егер оның организмі әлсіз болмаса) ауырады. Бірақ,
негізінен күшіктерде пироплазмоз ауруы өте ауыр түрде өтеді. Бұл уыз және
сүт арқылы енесінен бабезиидтерге қарсы антиденелердің берілмеуіне
байланысты. Алғашқы алынған премуницияны ұзарту үшін төл мен ересек мал
ауруы тасымалдаушы кенелер арқылы қосымша инвазиялануға тиісті.
Аборигенді (байырғы, жергілікгі) малдар бұл аурумен жайылымда тұрақты
жүретіндіктен ауырмайды. Әр аурудың өзіне тән белгілері бар. Мысалы,
гемоглобинурия және дене ыстығының көтерілуі бабезиидоз ауруларына
нұсқайды. Диагнозын анықтауда кілегей қабықтары күйінің де маңызы аз емес
(бозаруы, сарғыштануы, қанталауы). Жүрек соғуының күшеюі немесе мес
қарынның атониясы сияқты белгілер малдың бабезиидтерге шалдыққанын
көрсетеді.
Аурудың симптоматикасын зерттегенде, әсіресе аралас немесе ұқсас аурулардың
белгілеріне көңіл аудару шарт. Малда демікпе, өте қатты күйзелу, ыстығы
көтеріліп, гемоглобинурия болмаған жағдайларда мал топалаңының күдігін
тудырады. Дене ыстығы қалыптағыдай болып несебіне қан араласса,
лептоспорозға күдік тудырады.
Патологиялық – анатомиялық зерттеулер. Өлексені ашып-сойғанда талақтың
тұрқына, ұлтабардағы, сірі қабықтардағы және жүректегі қанталауға көңіл
аударады. Қуықтағы несептің түсін айыру қажет. Топалаңнан ажырату үшін
қанның түсін және ұю қасиетін айыру қажет. Талақтың ұлғаюы, қанның қызғылт-
қызыл түсі, гемоглобинурия бабезиидоз инвазияларының барлығын көрсетеді.
Қанды микроскоппен тексергенде бабезиидтерді көруге болады. Жылы кезеңде
ұзақ уақыт жатып қалған өлекседен алынған қанда бабезиидтер мүлде болмайды
немесе олардың пішіні өзгереді (дөңгелек пішінді). Бабезиидоздармен ауырып,
айрықша препарат енгізгеннен кейін өлген малдан алынған қан жағындысында да
паразиттер табылмауы мүмкін.
Зертханалық әдістер қан жағындысын зерттеуді қамтиды. Бабезиидоз аурулары
қоздырғышын табу үшін қан жағындысын аурудың бас кезінде және оның даму
кезеңінде алады. Жағынды дайындау ұшін құлақ терісінен алынған қанның ең
бірінші тамшысын пайдаланады. Жағындыны Романовский әдісімен бояйды. Қанда
паразиттің бірен-саран кездесуі, аурудың белгілері болмаған жағдайда
(нутталиоз, пироплазмоз), оның этиологиялық себебі емес, тасымалдаушы
екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, микроскопия жүргізгенде базофильдік
түйіршіктерге, эритроциттердің тұрқы мен пішініне және олардың боялуына
көңіл аудару шарт. Мұның өзі патологиялық процесті дұрыс бағалауға
мүмкіндік береді. Керек жағдайларда қосымша зерттеулер жүргізіледі:
эритроциттер мен лейкоциттер саны анықталады, эритроциттердің шөгу
жылдамдығы (СОЭ) байқалады және т.б. Нутталиоз және басқа
пироплазмидоздарды анықтау үшін комплементті байланыстыру реакциясы
пайдаланылады. Пироплазмидоздарға екі топ аурулар енеді: бабезиидоздар және
тейлериидоздар.

1.7. Ірі қара пироплазмозы

Ірі қара пироплазмозы – Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды
қоздыратын жіті ауру. Ол қызба, қаназдық, сарғыштану мен гемоглобинурия
белгілерімен қатар жүрек-тамыр, ас қорыту және жүйке жүйелері қызметінің
бұзылуымен сипатталады.
Қоздырғышы. Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы
көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір, екі,
кейде одан да көбірек паразит болады. Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек,
сақина тәрізді және ұзынша сопақ. Қосарланған алмұрт тәрізділері жіңішке
жақтарымен жалғасып, эритроцит ішінде сүйір бұрыш түзейді. Жалғыз
орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған алмұрт
тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін. Аурудың бас кезінде дара, кейіннен
жұптасқан түрлері көбірек кездеседі. Аурудың әрі дамуына байланысты,
зақымданған эритроциттердің саны тез көбейіп, 5-15%-ға жетеді (сирек
жағдайларда 40%-ке дейін).
Қоздырғыштың өсіп дамуы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге
бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пироплазмалар кене
денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пироплазмалардың тасымалдаушысы –
бір иелі Boophilus calcaratus, екі иелі Rhipicephalus bursa және үш иелі –
Haemophysialis punctata кенелері. Piroplasma bigeminum паразитін кенелер
трансовариалдық жолмен тасымалдайды. Boophilus calcaratus кенелері
пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері
имаго сатысында тасымалдайды.
Эпизоотологиялық деректер. Пироплазмоз негізінен еліміздің Оңтүстік
бөлігінде таралған. В.calcaratus кенелері негізінен Оңтүстік Қазақстанда
кездеседі. Олар көбінесе ірі қараның қанын сорады да, басқа түлікке сирек
жабысады. Жайылымда олар 35-40 күн өмір сүріп, ұрғашылары мыңдаған жұмыртқа
салады. Олардан 2-3 апта ішінде алты аяқты балаң кенелер дамып шығады. Олар
жұмыртқадан шығысымен ірі қара денесіне жабысып, паразиттік өмір сүре
бастайды да, 3-4 апта ішінде нимфа және имаго сатыларына жетеді. Жылы
кезеңде В.calcaratus кенелері үш ұрпақ беріп үлгереді. Осыған орай Оңтүстік
өңірінде ірі қара мал арасында пироплазмоз 3 рет байқалуы мүмкін. Бірінші
рет көктемде-сәуір, мамыр айларында, пироплазмоздың бұл толқыны өлім-
жітімсіз жеңіл түрде өтеді. Екінші рет жазда шілде-тамыз айларында ауру кең
етек алып, өлім-жітім көбейеді. Үшінші рет күзде-тамыз айының аяғынан
бастап, қазан айына дейін байқалады. Бұл кезде ауру мал арасына көбірек
тарайды.
Ірі қараны жасанды жайылымдарда, сондай-ақ таулы жайылымдарда (теңіз
деңгейінен 900-1200м биіктікте) баққанда пироплазмоз ауруы болмайды, себебі
бұл жерлерде жайылым кенелері жоқ.
Boophilus calcaratus кенелері тараған ареалдарда пироплазмоз көбінесе
франсайеллезбен бірге кездеседі.
Ауру белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 күн. Бір жасқа дейінгі
төлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу өтеді.
Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-42°С дейін
көтеріледі де, осы деңгейден төмендемей тұрып алады. Ауырған мал қатты
күйзеледі. Жемге сылбыр қарап, қатты шөліркейді. Сауын сиырдың сүті азаяды.

Тамыр соғуы минутына 100-120-ға дейін шапшаңдап, жүрек соғуы, тыныс алуы
жиілейді. Ішектің жиырылып-созылуы аурудың алғашқы 1-2 күндері күшейеді,
көздің кілегей кабығы алғашқыда қызарады, сонан соң бозарып, сарғыштанады.
Екінші күннен бастап-ақ ауру мал басын салбыратып, күйзеледі, көзінен жас
жиі ағады. Жем мен суға сылбыр қарайды, кейде мүлде жем жемейді. Мес
қарынның қозғалысы сирейді. Несеп алғашында сары түсті, аурудың жіті
түрінде 2-күннен бастап-ақ қызыл түске боялады. Гемоглобинурияға несеп
шығарудың жиілеуі қосылады, 3-4 күннен соң ауру белгілері ең жоғарғы
дәрежесіне жетеді. Бұл мезгілде мал қатты күйзеледі, жем-судан бас тартып,
жатып алып тісін қайрайды. Мес қарын қозғалуын мүлде қояды немесе өте баяу
қозғалады. Жүрек соғу ырғағы бұзылады. Несеп қоңырлау-қызыл түсті, жиі және
аз мөлшерде шығады. Осы белгілері 5-7 күнге созылып, мал өлім-жітімге
ұшырауы мүмкін. Егер күтімі жақсы болып, ауырған малға мезгілінде мал
дәрігерлік көмек көрсетілсе, ауру белгілері бірте-бірте қайтып, мал
пироплазмоздан айыға бастайды. Бірақ ауырып сауыққан малдың қаны бірден
толыға қоймай, 2-3 айдан кейін ғана бұрышы қалпына келеді.
Малдың жалпы күйінің нашарлауы шыжыған күн көзінде көп тұрғанда, немесе
алыс жерге айдағанда жиі кездеседі.
Өлекседегі өзгерістер. Кілегей және сірі қабықтары бозарыңқы, сарғыш
тартқан және ұсақ нүкте тәрізді қанқұйылған. Сөл бездері ұлғайған. Талағы
қызыл-қышқыл түсті, үлкейген, үстіңгі жағы қанталаған, ұлпасы жұмсарып
босаңсыған. Бауыры үлкейген, қоңыр-қызыл түсті, ал кейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда ЖҚТБ (СПИД)
Бүл аурудың дауасы малды қысқы мерзімде дұрыс азықтандыру
Мал шаруашылығындағы сақтық шаралар
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Түйенің оба ауруы
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Токсоплазмоздың патоморфологиясы
Бруцеллиоз
Сыбайлас жемқорлық мәні және оның пайда болу себептері
Протозоологияға кіріспе. Протозоологияның даму сатылары. Паразит қарапайымдылардың морфологиялық және биологиялық негіздері
Пәндер