Банктік жүйе


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
ІІ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ МӘНІ, ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 5
1. 1 Банктік жүйе және оның мәнi мен қызметтерi . . . 5
1. 2 Банктік жүйенің құрылымы және оларды макроэкономикалық талдау . . . 8
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ . . . 13
2. 1 Қ. Р-да банктiк жүйенiң қалыптасу тарихы . . . 13
2. 2 Қазақстанғы қазіргі банк жүйесі және даму келешегі . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады. Осы тиiмдi экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн басты экономикалық жүйелердiң бiрi банк жүйесi болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Ұлттық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады. /1/
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасының банк жүйесі” деп алынды.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және банк жүйесi болғандықтан, қазiргi елiмiздегi банк жүйесiнiң құрылымын, оның экономикадағы негiзгi қызметтерi мен тиiмдiлiгiн талдап, ұлттық экономикамыз дамуына қосар үлесiн анықтау болып отыр.
Жұмыстың мақсаты - банктiң жалпы экономикалық мәнiн аша отырып, банк жүйесiндегi бiрiншi және екiншi деңгейлi банктердiң экономика жүйелерiнiң негiзгi элементi ретiнде қарастыру, олардың операцияларын ұйымдастыру, реттеу, талдау, олардың рыноктың экономикаға өтудегi рөлi мен қызметтерi жайлы ҚР-ның тәжiрибесiне сүйене отырып орындау.
Жұмыстың зерттеу пәнi болып - банктiң экономикалық негiзi, ҚР-ғы банк жүйесi және оның экономикалық жүйе дамуындағы маңызыдылығы.
Сонымен банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын.
Жалпы жұмыс барысында банктiң экономикалық жүйедегi орнын толық ашу үшiн келесi мiндеттер орындалуы керек:
- Банктiң экономикалық мәнiн, оның экономикада атқаратын қызметтерiн қарастыру;
- Экономикалық жүйенiң тиiмдi дамуындағы банктiң маңыздылығын және оны экономиканы реттеудегi саясаттарын талдау;
- Банк жүйесi және елiмiздегi банк жүйесiнiң қалыптасу жағдайын талдау;
- Қазақстандағы банк жүйесiндегi Ұлттық банктiң орнын жан-жақты қарастыру;
- Коммерциялық банктердiң экономика салаларын дамытудағы маңыздылығын және олардың негзгi қызметтерi мен операцияларын қарастырып өту болып табылады.
ІІ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ МӘНІ, ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Банктік жүйе және оның мәнi мен қызметтерi
Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. /2, 178 б/
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. /2, 180 б/
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге мүмкiндiк бередi.
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны анық . Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге болады:
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
- Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
- Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң негiзгi мақсаты - айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше тауар - ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады. /3, 311 б/
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Ендi ұлттық банктiк жүйенi былай жiктеуге болады (сызба 1 ) . Бұл сызбадан банк жүйесiнiң формаларын айқын көруге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.
Ипотекалық банктер - жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Сурет-1 - Банк жүйесiнiң негізгі формалары
1. 2 Банктік жүйенің құрылымы және оларды макроэкономикалық талдау
Банк жүйесінің құрылымы Орталық банк, яғни Ұлттық банк және екінші деңгейлі коммерциялық банктерден тұрады.
Кез-келген орталық банктiң мiндетi - ұлттың ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгi мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Осы мiндеттердi атқару үшiн орталық банк негiзiнен мынадай қызметтердi орындайды:
- Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
- Ақша - несиелiк қатынастарды реттеу;
- Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргiзу;
- Банктердiң банкiсi болу және үкiмет банкi қызметi.
Басқа да нарық секiлдi, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс - ақша жиынының айналымы, яғни берiлген мезетте мемлекеттегi төлем құралдары айналымының жиынтығы.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттiк орган. Олар Ұлттық банктiң эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрiнде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бiрлiгi - теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiн анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етедi, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртiбiн орнатады. (Сурет-2) / 2, 181 б. /
R S ұсыныс
D сұраныс
M x
Сурет-2 - Орталық банктiң ақшаға бақылау жасауы
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Эмиссия - мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-қол ақша түрiндегi эмиссия - айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сиапттайды.
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.
Мiндеттi резервтер - бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк депозиттерiнiң бөлiгi.
Артық резервтер - дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен iске асады. Бұл құралдар ақша базасының кенеюi шегiн көрсететiн және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелетiн ақша мультипликаторының мөлшерiне әсер етедi.
Ақша ұсынысының үлгiсi және ақша мультипликаторы келесi формуламен берiледi:
M S = C + D
Мұндағы:
М S - ақша ұсынысы;
С - банк жүйесiнен тыс қолда бар ақша;
D - депозиттер. / 3, 142 б. /
Қазiргi замандағы банк жүйесi - жеке резервтi жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерiнiң бiр бөлiгiн ғана резерв түрiнде сақтайды, ал қалған бөлiгiн қарыз беру үшiн және актив операциялар үшiн пайдаланады. Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктiң ақша ұсынысын өсiру мүмкiндiгi бар.
Несие мультипликаторы - коммерциялық банктер жүйесi шеңберiндегi төлем құралдарының эмиссиялық үрдiсi. / 4, 165 б. /
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрi жаңа депозит пайда болуының нәтижесiнде туындайды.
M S = 1 / rr * D
Мұндағы:
rr - банк резервiнiң нормасы;
D - алғашқы салым;
1/rr - банк мультипликаторы немесе депозиттiк мультипликатор.
Ақша ұсынысының жалпы үлгiсi Орталық банк рөлiн ескере отырып жасалады және банк жүйесiндегi депозиттiк ақшаның бiр бөлiгiнiң қолма-қол ақшаға ауысуы.
Ақша базасы Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердiң резервтерi мен банк жүйесiнен тыс қолма-қол ақша.
MB = C + R
Мұндағы:
MB - ақша базасы;
С - қолма-қол ақша;
R - резерв.
M S = C + D
Мұндағы:
M S - ақша ұсынысы;
С - қолма-қол ақша;
D - депозиттер.
Ақша мультипликаторы - ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:
m = M S / MB => M S = m * MB
Мұндағы:
m - ақша мультипликаторы.
Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерiнiң (с * r) депозит коэфиценттерiне және резерв депозитiне (rr) қатынасы түрiнде анықтауға болады.
m = cr + 1 / cr + rr * MB
Мұндағы:
с = C / D - қолда бар ақша;
r = R / D - резервтер. / 3, 144 б. /
Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы көлемдерiне тәуелдi.
Ақша мультипликаторы - ақша базасы бiр бiрлiкке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретiндiгiн көрсетедi. Ақша мультипликаторының мөлшерi мiндеттi резервтеу нормасына байланысты, өйткенi мiндеттi резерв банктер мен несие ресурстарының көзi ретiнде пайдаланылмайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
/ 4, 165 б. /
Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлiгiнiң байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етедi, мультипликатордың коэфиценттiк жылдамдығы азаяды.
Қай нарықтың болмасын ең бiрiншi тепе-теңдiгi қарастырылады. Ақша нарығының қысқа мерзiмдегi тепе-теңдiгi бұл ақша ұсынысы М S -тi тұрақты деп аламыз, яғни нақты ақша массасы М/Р болады. Ал ақша сұранысы L пайыздық қойылымға байланысты өзгерiп отырады, яғни пайыздық қойылым өссе, ақшаға сұраныс азаяды. Ақша ұсынысы мен ақша сұранысының қиылысқан нүктесi ақша нарығының тепе-теңдiгi деп аталады. (Сурет-3)
/ 4, 168 б. /
i
M S
i е E
L
М / Р
Сурет-3 - Ақша нарығының тепе-теңдiгi
Ақша нарығының тепе-теңдiк графигi бойынша ондағы ұлттық табыс Y 1 Y 2 -ге өстi деп есептейiк. Сонда ақша нарығының тепе-теңдiк қисығынан LM-дi аламыз. (Сурет-4) / 4, 170 б. /
i Р i
LM
i 2
L (r 2 , Y 2 )
i 1 L (r 1 , Y 1 )
М/Р Y 1 Y 2 Y
Сурет-4 - LM ақша нарығының тепе-теңдiк қисығын алу
Сонымнен LM қисығы пайыздық қойылым мен ұлттық табыс арасындағы тiкелей тәуелдiлiктi анықтайды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тiкелей реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм болғанда ғана мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша үлесiнiң өсуiмен, ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен, шаруашылық субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен бiрге жүредi. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейiне байланыцсты болады, ол ақша жиынының жалпы iшкi өнiмге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейi жоғарылайды.
Ақша базасы төмендегi кестеде келтiрiлген. / 2, 189 б. /
Кесте 1 - Орталық банктiң ақша базасы
Мемлекет депозиттерi
Меншiктi капитал
Кесте 2 - Коммерциялық банктердiң ақша базасы
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
2. 1 Қ. Р-да банктiк жүйенiң қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Ол ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және екінші деңгейдегі банктер.
Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО - ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Сондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғым келдi. /5, 114 б/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz