Антоним, омоним, синоним сөздердің қолданысы. Антоним сөздердің қолданыс ерекшелігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

I.

1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 5

1. 2. Қос сөздердің қолданысы ерекшілігі . . . 16

1. 3. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 36

II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі

2. 1. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, ) . . . 76

2. 3. Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі . . . 92

Қорытынды . . . 97

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 98

Кіріспе

Тіл - өмір бойы даму үстінде болатын жанды жүйе. Ол ғасырдан ғасырға ұласу барысында молығып, шыңдала түседі, жаңарады. Әрине, бұл жайдан-жай болатын құбылыс емес. Тілдің дамып-толығуына, өзгеріске ұшырауына қоғамда болып жатқан өзгерістер тікелей әсер етеді. Демек, қоғам мен тіл өзара бір-біріне тәуелді. Қоғамдық жаңарусыз тіл де дами алмайды, ал тіл жоқ жерде «қоғам» ұғымы өз мәнін жояды. Басқаша айтқанда, тілдегі лексикалық қор мен сөздік құрам, түрлі стильдер әр кезеңнің қоғамдық - әлеуметтік ахуалының айнасы болып табылады. «Демек, қоғамда болып жатқан кез келген оқиға тілде өз көрінісін табады және ол тілдік бірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орнығып жалпыхалықтық қолданысқа түседі»

Лексикология - сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Лексикология тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым. Лексикологияның зерттейтін обьектісі - сөз . Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.

Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология дейді. Қазақ тілінің сөз байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде, біріншіден, мән-мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас жасаудағы қолданылу аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-жақты тексереді. Сондықтан да лексикология «сөз туралы сөз», сөздердің бүтін жайындағы ғылым деп түсінеміз.

Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде негіз болғандығы белгілі.

Курстық жұмыстың нысаны - Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;

  • Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысын ашу;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
  • Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
  • Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;

Жұмыстың жаңалығы . Бұл жұмыста жазушы Ә. Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:

  • Шығарма тілінің антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
  • Шығарма тіліндегі қос сөздердің стиьлдік қолданысының мағынасы ашылды;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталып, жеке - жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
  • Мақал - мәтелдердің ұлттық - танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкертіліндегі қолданылуы айқындалады, барлығы талдауға түсті;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, қайталама сөз) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
  • Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды.

Курстық жұмыс құрылымы - кіріспеден, ІІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Антоним, омоним, синоним сөздердің қолданысы

Антоним сөздердің қолданыс ерекшелігі

Антоним (гр. аnti - қарсы, ynyna - ат, атау ) - мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.

Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса, мүлдем антоним кездеспеуі де мүмкін [ 1, 44 бет] .

Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.

«Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал - мәтелдерден жиі кездестіруге болады» дейді зерттеуші ғалым С. Ғ. Қанапина өзінің « Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі » еңбегінде [2, 7 бет] .

Зерттеуші-ғалымдар Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбектерінде антонимге мынадан анықтама береді: «Антонимдер дүниедегі заттардың, қүбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады»[3, 117 бет] .

Ғалым К. Аханов ‟Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама - қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық - айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді” деген [4, 29 - 30 бет] .

Ғалым Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан ‟Қазіргі қазақ тілі” оқулығында: ‟ Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын - сапасын, артық - кем қасиетін, мөлшер - көлемін салыстырып, бір - біріне қарама - қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң - мырза, қапа - ырза, қайғы - шат, тұнық - ылат, тірі - өлі, паң - мүлайым, жұмсақ - қатты, т. б. ” [5, 117 бет] .

Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында екі түрлі көзқарас бар: бірі - ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама - қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама - қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж. Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А. Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама - қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н. С. Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет. Антонимдерді топтастыруда дәстүрлі тәсілмен бірге, кешенді бағытта оппозиция әдісін қолдану антонимдердің табиғатын терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз [5, 120 - 121 бет] .

Тілдегі антонимдер қарама - қарсы құбылыстарды біріне - бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте - мөте мақал - мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог - ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев былай көрсеткен:

1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама - қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден.

4. Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір - біріне қарама - қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік - тіл қысқа , қарға адым жер - ит өлген жер [5, 120 бет] .

Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды - көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады [5, 49 бет] .

Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.

Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді.

Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар - жоқ) және түбірлес (жанды - жансыз, таныс - бейтаныс) лексемалар енеді.

Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама - қарсылық бар. Олардың өздерін іс - әрекетке байланысты туындаған қарама - қарсылықты лексемалар, лексикалық конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т. б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.

Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді [5, 51 бет] .

Жазушы Қ. Жұмаділовтің “Көкейкесті” романындағы антоним сөздердің қолданысы мынадай:

Зат есімге байланысты антонимдер

  1. Өңіме, түсіме, белісіз («Көкейкесті», 5 бет) .
  2. Жақсылықтыңда, жамандықтыңда қыл мойынға тақалған шағы ауыр тиеді адамға («Көкейкесті», 10 бет) .
  3. Жаннада сұлулықпен бірге тәкаппарлық, алған бетінен қайтпайтын қатігезқайсарлық, кейде жіп тағуға болмайтын әсірееркелікбасым еді («Көкейкесті», 14 бет) .
  4. Рақаттыңдәмін алған екенсің, бейнеттіңде зарын татып көр («Көкейкесті», 16 бет) .
  5. Бұл өмірдіңжақсысында, жаманында бір кісідей көріп бақтым («Көкейкесті», 21 бет) .
  6. Күнментүннің, қыспенжаздыңешқандай айырмасы жоқ («Көкейкесті», 41 бет) .

Үстеуге байланысты антонимдер

  1. Бірде жел көтеріп әкетіп, сәл сақауланып, көмескі тартқандай боладыда, енді бірдемата жыртып жатқандай дар-дар айрылып, қатқыл естілді(«Көкейкесті», 6 бет) .
  2. Мұның шешесі зираттыңшетіндесияқты еді, қазірортадақалған («Көкейкесті», 40 бет) .
  3. Қасындағыбұрынғыбір адамдар кетіп, олардың орнынжаңажолаушылар басқан («Көкейкесті», 6 бет) .

Етістікке байланысты антонимдер

  1. Тіпті бір мезет Жәнібекке поезд орнынанжылжымай тұрған тәріздіде, тек мына кең жазира дала ғана жел айдаған күзгі бұлттай әлде қайдажөңкіле көшіп жатқан сияқтанды(«Көкейкесті», 7 бет) .
  2. Біреутыңдаса, біреутыңдамайды(«Көкейкесті», 20 бет) .
  3. Мәди машинадан секіріп түсіп, үйгееніп кеттіде, кідірмейқайта шықты(«Көкейкесті», 31 бет) .
  4. Дереу үйге қайтадан барғысы келіп біроқталдыда, батылы жетпеді(«Көкейкесті», 55 бет) .
  5. Ертең көліккездесер, кездеспесебиемді жеге салып, өзім апарып тастармын («Көкейкесті», 119 бет) .
  6. екен («Көкейкесті», 119 бет) .

Сын есімге байланысты антонимдер

  1. Сым шектер шыбын қанатындай дірілдеп, кейде бебеу, кейде сыңқылүн шығарады («Көкейкесті», 9 бет) .
  2. Кісімен сөйлесіп тұрғанда, сол бір сыр бүкпес шыншыл жүзімен, әр алуан ерке, ұяң жымиыстарымен, жалт ете қалатын кейдетұнжыр, айтар сезіне астар беріп, мән-мағынасын асыра түскендей болады («Көкейкесті», 14 бет) .
  3. Біреу сотталып, еркінен айрылды десе, азабойымқазаболады («Көкейкесті», 16 бет) .
  4. Жұмысының нәтижесіне қарай, кейдежайдары, кейдеқабағынан қар жауыптүйіліп шығады («Көкейкесті», 22 бет) .
  5. Басынан кешіргенжарқын, ыстық сәттеріменжәбір көріп, жапа шеккен шақтарынесіне алса, алыстан бұлдырап, әр түрлі адам тұлғалары көлең-дейді . . . («Көкейкесті», 45 бет) .
  6. Жәнібек осының бәрінкіресілі-шығасылығана сезіп жатыр («Көкейкесті», 218 бет) .

Қорыта келгенде, жазушы Қ. Жұмаділовтің «Көкейкесті» шығармасынан 21 антоним сөз теріліп, талдауға түсті.

Шығарма тіліндегі омоним сөздердің қолданысы

Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика - семантикалық сөздер тобының басты саласының бірі - омонимдер .

Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған К. Аханов, Т. Қордабаев, Т. М. Белбаева. Сөз мағынасын қарастыру барысында жалпы сөз еткен ғалымдар: Ғ. Мұсабаев, Р. Барлыбаева, Б. Ш. Мұхамеджанов, Ш. Жалмаханова. А. Османова, А. М. Құрманалиева.

Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К. Аханов: ‟Омонимия құбылысын жан - жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар. Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір - бірінен жігі ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда, омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен байланысты. Омонимдерді жан - жақты толық зерттеп, олардың ерекшеліктерін ашпайынша, сөздіктерде сөз мағынасының шегін дұрыс ажыратып беру әр уақытта мүмкін мүмкін бола бермейді” - дейді.

Омонимдер мәселесі жайында орыс ғалымдары: Л. А. Булаховский, В. В. Виноградов, Р. А. Будагов, Е. М. Галкина - Федорук, А. И. Смирницкий т. б. көп салалы зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір - біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір - бірінен өзгешелігі түр - тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан да көп мағынасы болады.

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына, әр сөз табына да дара - дара болып бөлініп жарылып тұра береді. Кейбір омонимдердің түп - төркіні жағынан белгілі бір байланысы болғанымен, мағына жағынан бір - бірінен соншалықты алшақ екендігі аңғарылады. Шығу тегі, жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен белгілі бір байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен өзара ұштасып, бір - бірінен ажыратып бөлуге келгенде қиындық тудырады. Тіл білімінде полисемантизмді омонимдерден ажыратудың бірден - бір жолы - мағыналық байланыстың сақталуы мен сақталмауы негізгі тірек болып саналады. Егер мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзілмей, қалай да сезіліп тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретінде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады.

Мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір - бірінен ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.

Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы - олардың ішкі мүмкіндігіне байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір көрінісі - гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.

Гомогенді омонимдер - дегеніміз о бастағы шығу тегі бір, түбірі де, мағынасы да бір сөздің сапалық дамуы нәтижесінде бір - бірінен алшақтай түсіп, тақырыптық екі салаға, екі дербес мағынаға ие болған лексемалар.

Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған К. Аханов, Т. Қордабаев, М. Бельбаева. Сөз мағынасын қарастыру барысында жалпы сөз еткен ғалымдар: Ғ. Мұсабаев, Р. Барлыбаев, Б. Ш. Мұхамеджанов, Ш. Жалмаханов, А. Османова, А. М. Құрманалиева.

Алайда, омонимия құбылысы қаншама зерттеліп келе жатса да, оның күрделі табиғатына тән заңдылықтардың қыры мен сыры түгел ашылды деп тұжырым жасауға болмайды. Омонимдердің табиғатын қарастыратын еңбектерде көбінесе дау туғызатын және өз шешуін айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі - омонимдердің тілімізде пайда болу тәсілдері.

Зерттеушілердің бір қатары омоним сөздер деп танылу үшін омонимдік қатарға енетін сөздер өздерінің шығу тегі жағынан гетерогенді (әр текті), яғни тұлғалық ұқсастығы мен сәйкестігі кездейсоқ болуы керек деген принципті ұстанса, енді бір топ зерттеушілер тілде гомогенді (бір текті) омонимдердің болуы да заңды деп тұжырымдайды.

Сонымен, жалпы тіл білімінде, сондай - ақ жеке тілдердің фактілері бойынша омонимия құбылысы туралы қалыптасқан пікірлердің үш - төрт топқа саятындығын көреміз. Олар:

1. Омонимия тіл - тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.

2. Омонимдер тек әр текті (гетерогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спонтанно) пайда болатын құбылыс.

3. Омонимдер сонымен қатар, бір текті (гомогенді) сөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.

4. Омонимдер екі түрлі жолмен:

- Гетерогенді (әр текті) сөздерден және (бір текті) гомогенді сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі арқылы пайда болатын құбылыс.

Тілші, лексиколог ғалым Айғабылұлы Айтбай “Қазақ тілінің лексикологиясы ” еңбегінде: Омоним өз ішінде толық (лексикалық), жартылай (лексика-граммтикалық) аралас омонимдер болып үшке бөлінеді. 1) Толық омонимдер деп бір сөз табына тән және бірдей түрленетін, дыбысталуы бірдей сөздер айтылады.

2) Жартылай омонимдер деп дыбысталуы бірдей болғанымен, әр түрлі сөз табына қатысты болып, түрленгенде әрқайсысы өзгеше формаға ие болатын сөздер айтылады. 3) Аралас омонимдер деп кемінде үш сөздің дыбысталуы бірдей, болып, өзара толық және жартылай омонимдер түрінде келетін сөздерді айтады [6, 16 - 18 бет] .

Тілші - ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы қорғаған ‟Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби - диалектілік варианттары (этнолингвистикалық зерттеу) ” атты кандидаттық диссертациясында гомогенді омонимдерді зерттей отырып, танып - білудің әдіс - тәсілдерін ұсынады. Олар: 1) визуальді таным; 2) этимологиялық таным; 3) логикалық таным; 4) этнолингвистикалық таным.

1. Визуальді (көрнекілік) таным. Гомогенді омонимдердің мағыналық қатарына жататын ұғым - түсініктердің материалдық негізін құраушы заттар мен құбылыстар арасында көзге көрінетін, көңілмен түсінетін бір ұқсастық, ортақ қасиет болуы шарт.

2. Этимологиялық таным. Сөздердің о бастағы негізгі мағынасы мен одан туындап, даму барысында ұмыт болған омонимдік мағыналарының ортақтығын дәлелдеудің бірден - бір ғылыми жолы - этимология . Гомоомоним табиғатын тануда да, міне, осы таным тұрақты түрде сақталуы тиіс.

3. Логикалық таным. Ой, түсінік, ұғым сияқты абстракты құбылыстар адамның жан дүниесіне тән зиялы (интеллекті) қасиеттері болып саналады және олар тіл әлемінде семасиология құзырына жатады. Гомогенді омонимдердің мағына қатарлары арасындағы байланысты, астарлы да айқын ұқсастықты таразы басына салып анықтау логикалық танымға, бұлтартпайтын объективті заңдылыққа әкеледі. Ол тіл өмір сүретін қоғамның өзіндік болмысын, адамдар табиғатын, психикасын, ондағы сан алуан қарым - қатынас, құбылыстардың пайда болуын терең білуді қажет етеді.

4. Этнолингвистикалық таным. Тіл фактілерін біз сол тілді дүниеге келтіріп, сол тілде сөйлеп, жан сырын, тән сезімін паш етіп келе жатқан, бүкіл рухани - материалдық болмысын сол тілмен баяндап, танытып, сол тіл арқылы келесі ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан этностың, қазақ этносының өз әлемімен байланысын біз екі тұрғыдан: 1) тіл шындығын айқындаудан, яғни зерттеп отырған құбылыстың болмыстағы бар - жоқтығынан, шынайы түрде өмір сүру, не сүрмеуінен, ол деректердің жалпыхалықтық сөз қорында, әдеби тіл байлығында және жергілікті тіл құрамында сақталу, сақталмауын және 2) этностың өзімен бірге жасап, біте қайнасып кеткен жақын құбылыс ретінде қалыптасуынан біле аламыз [7, 13 - 15 бет] .

Қазақ тіліндегі омонимдерді өз ішінен үшке бөліп қарастырамыз: лексикалық омонимдер, лексика - грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер.

1. Лексикалық омонимдер. Бұл топқа енген сөздер бір ғана сөз табына қатысты болып келеді.

2. Лексика - грамматикалық омонимдерге енетін сөздер әр сөз табына қатысты болып, түбір тұлғасында ғана омоним болады да, қалған уақытта әр сөз өзіне тән тұлғаларда түрленеді.

3. Аралас омонимдерге жататын сөздер көп сыңарлы бола отырып, жоғарыдағы екі түрін (лексикалық және лексика - грамматикалық) қоса қамтиды [5, 45 - 46 бет] .

Жазушы Қ. Жұмаділовтің “Көкейкесті” романындағы омоним сөздердің қолданысы мынадай:

Лексикалық омонимдер

  1. Жәнібек темекісін сора тұрып, Қарлығашқа көлденеңненкөзжіберді («Көкейкесті», 11 бет) .

Көз 1) зат. Көру мүшесі.

Көз 2) зат. Аяқтың, (ыдыстың) ең кішкене түрі, кішкентай ыдыс [ҚТОС, 113 бет] .

Лексикалық-граматикалық омонимдер

  1. Өзіңді дарқанұстa(«Көкейкесті», 23 бет) .

Ұста 1) зат. темірден түйін түйетін шебер.

Ұста 2) ет. қолға ал, ұстап тұр.

Аралас омонимдер

  1. Аққұбаша балғынжүзімен жұмыр мойнында бір сызық жоқ («Көкейкесті», 11 бет) .

Жүз 1) Адамның беті - әлпеті, өңі

Жүз 2) Пышақ, ұстара, қылыш сияқты заттардың өткір жағы

Жүз 3) Қазақ халқының жер аумағын бөлімеен байланысты - экономикалық термин

Жүз 4) Тоқсан тоғыздан кейінгі сан

Жүз 5) Суда малту, жылжу, қозғалу

  1. Күн ыстыққой, шөлдеген шығарсыз («Көкейкесті», 15 бет) .

Қой 1) зат. күйіс қайыратын, тығыз жүнді, уақ мал.

Қой 2) ет. қолындағы затты бір жерге орналастырып қою.

Қой 3) ет. бір нәрсені тастау, істемеу.

Қой 4) мод. болмайды екен.

Қой 5) шыл. бір нәрсенің, істің растығын күшейте көрсететін көмекші сөз [ҚТОС, 139] .

  1. Қыс артынанжазкеледі қашанда («Көкейкесті», 23 бет) .

Жаз 1) жыл мезгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парсы тілінен енген сөздер
Тахауи Ахтановтың Қаһарлы күндер романының тілі
Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Шыңғыс Айтматов Жәмилә повестьінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Лексиканы оқытудың принциптері
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді романының тілі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚАБАТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz