Білімді қаржыландыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

1.БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ҰЙЫМДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.13
1.1.Білім беру деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
1.2.Білім беру жүйесін басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.13

2. БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.28
2.1.Білімді қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.17
2.2.Білімді қаржыландырудың мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.23
2.3.Кадрларды кәсіби дайындау және жоғарғы білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістермен оның түрлі деңгейлерінің алдыңғы қатарда тұрған міндеттері Қазақстан Республикасының білім беруді қаржылындырудың жалпы жүйесін, оның ролін, функцияларын, бағдарламаларын одан әрі дамытудың жаңа көзқарастарын тұжырымдау.
Қаржыландырудың жоғарғы жүйесі ел экономикасымен Қазақстан қоғамының тұрлаулы імірелеуінің негізгі факторларынын бірі болып табылады.
Білім берудің жаңа бағдарламаларын құру осы саладағы ең жоғарғы әлеуметтік сақтаудың процессін терендету мен дамыту үшін жаңа құқықты ғылыми әдістемелік қаржы материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше кадрмен қамтамасыз етуді талап етеді.
Білім беруді қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарттармен белгіленген талаптарды сақтау арқылы және Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген ақшалай және заттай нормаларды, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу нормаларын ескере отырып, бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекет жыл сайын білім беруге оның басымдылығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі. Қаржыландырудың жоғарғы жүйесі ел экономикасымен Қазақстан қоғамының тұрлаулы імірелеуінің. негізгі факторларының бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
1. Білім беру жүйесі мен ұйымдары
2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландырудың көздері
Курстық жұмыстың мақсаты: білім беруді қаржыландырудың спасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдылықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің Ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады мәселелерді қарастырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: республикамыздың білім беру сласындағы қазіргі замандағы үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдыңғы қатарда тұрған міндеттері білім беруді қаржыландырудың жаңа жүйесін, оның ролін, функциялары мен орынды қайта өткізудің одан әрі дамытуды, жаңа көзқарасты тұжырымдау қажеттілігін тудыратын мәселелердің халық өміріндегі маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Құлныбаев С. Қаржы теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Мерей, 2001
2.В.Д.Мельников., В.Д.Ли «Қаржының жалпы курсы» Алматы «Қазақ университеті» 2005ж
3.Сапаров А. О роли коммерческих банков в становлении малого и среднего бизнеса Казахстана / А.Сапаров// Банки Казахстана. 1999. - № 10
4.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы 2005 жыл.
5. Омирбаев С.М «Бюджетная система Республики Казахстан», Астана 2007.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000. -96 бет
7. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). –Алматы:ЮРИСТ,2002.
8. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. –Алматы:1999.
9.Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. –М.:2001.
10. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т. –Алматы: Экономика, 2002.
11. Финансы. Учебное пособие (Под. Ред. Проф. А.М. Ковалевой). 4-изд. –М.: 2000.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
13. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
14. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Р.К: теория, практика и направления развития. –Алматы: 2004
15.Б.С.Өтебаев, Мемлекеттік бюджет.Оқулық.Алматы 2006.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Білімді қаржыландыру

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1.БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН
ҰЙЫМДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-13
1.1.Білім беру
деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5-10
1.2.Білім беру жүйесін
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..10-13
2. БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-28
2.1.Білімді
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...14-17
2.2.Білімді қаржыландырудың мақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-23
2.3.Кадрларды кәсіби дайындау және жоғарғы білім беруді қаржыландырудың
жаңа
қадамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8
КІРІСПЕ
Білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістермен оның түрлі
деңгейлерінің алдыңғы қатарда тұрған міндеттері Қазақстан Республикасының
білім беруді қаржылындырудың жалпы жүйесін, оның ролін, функцияларын,
бағдарламаларын одан әрі дамытудың жаңа көзқарастарын тұжырымдау.
Қаржыландырудың жоғарғы жүйесі ел экономикасымен Қазақстан қоғамының
тұрлаулы імірелеуінің негізгі факторларынын бірі болып табылады.
Білім берудің жаңа бағдарламаларын құру осы саладағы ең жоғарғы
әлеуметтік сақтаудың процессін терендету мен дамыту үшін жаңа құқықты
ғылыми әдістемелік қаржы материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше
кадрмен қамтамасыз етуді талап етеді.
Білім беруді қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша жалпыға бірдей
міндетті мемлекеттік стандарттармен белгіленген талаптарды сақтау арқылы
және Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген ақшалай және заттай
нормаларды, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу нормаларын ескере отырып, бюджет
қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекет жыл сайын білім беруге оның басымдылығын ескере отырып,
бюджет қаражатын бөледі. Қаржыландырудың жоғарғы жүйесі ел экономикасымен
Қазақстан қоғамының тұрлаулы імірелеуінің. негізгі факторларының бірі болып
табылады.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
1. Білім беру жүйесі мен ұйымдары
2. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды
қаржыландырудың көздері
Курстық жұмыстың мақсаты: білім беруді қаржыландырудың спасын арттыру
және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының
басымдылықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің Ұлттық жүйесін жаңғырту
болып табылады мәселелерді қарастырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: республикамыздың білім беру сласындағы
қазіргі замандағы үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдыңғы қатарда
тұрған міндеттері білім беруді қаржыландырудың жаңа жүйесін, оның ролін,
функциялары мен орынды қайта өткізудің одан әрі дамытуды, жаңа көзқарасты
тұжырымдау қажеттілігін тудыратын мәселелердің халық өміріндегі маңызы зор.

1.1 Білім беру деңгейлері
Мемлекет жыл сайын білім беруге оның басымдылығын ескере отырып,
бюджет қаражатын бөледі. Бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске
асыратын және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтімі мен тәрбие алуын
қамтамасыз ететін заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке
және заңды тұлғалар құрылтайшылар құрайды. Білім беру ұйымдарының
қызметтері Қазақстан. Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі
білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен және солардың негізінде
әзірленген жарғылармен реттеледі. Білім беру ұйымдарын Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар құрылтайшылар
құрайды. Білім беру ұйымдарының қызметтері Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
ережелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.
Білім беру ұйымының мәртебесін, үлгісін, түрін оның құрылтайшылары
айқындайды және осы заңмен талаптары, білім беру қызметін лицензиялау
кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі Білім беру ұйымдары
қызметінің үлгі ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарының мәртебесін растау немесе өзгерту мемлекеттік
аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары: мемлекеттік (білім беру мекемелері және білім
беру кәсіпорындары), жеке меншік болуы мүмкін, мектепке дейінгі, мектептен
тыс, арнаулы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалғанбалаларға арналған ұйымдар, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік
орта, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша
кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары
болып бөлінеді. Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.
Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының
филиалдары білім беру ұйымдары құрылтайшыларының келісімімен құрылады.
Білім беру қызметін лицензиялау ведомстволық бағыныстылығына және меншік
нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиіс.
Білім беру ұйымдарының филиалдары олар үшін лицензияға және қосымшалар
беріле отырып, білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал
туралы ережемен тіркеу құжаттары лицензияға табыс етілуі тиіс.
Азаматтарды білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және оның
ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысы мен
білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензия мен қабылдау
тәртібін және оқу - тәрбие процессін ұйымдастыруды басқа да құжаттармен
таныстыруға міндетті қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына
қабылдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.
Осы аумақта тұратын және тиісті сатыда білім алуға құқығы бар барлық
азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететін бастауыш жалпы, негізгі жалпы
және орта жалпы білім беру сатыларындағы білім беру ұйымдарына, сондай-ақ
кәсіптік бастауыш білім беретін, беру ұйымдарына қабалдаудың тәртібін
құрылтайшы белгілейді.
Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізілген кезде Алтын белгі
белгісімен марапатталған оқушылардың, білім беру гранттары мен кредиттерін
алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда

медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім
білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы
мүгедектердің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік
білімі туралы, білім туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломы)
бар азаматтардың басым құқығы бар.
Азаматтарды жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алу үшін жоғары
оқу орындарына және ғылыми зерттеу ұйымдарына қабылдау Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген
тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге
асырылады.
Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына
оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін І, ІІ
топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан
шыққан азаматтар үшін; ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуын .
айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар
үшін; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін
қабылдау квотасы көзделеді.
Осы мамандықтарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды. Білім беру ұйымдарына азаматтарды қабылдау тәртібін осы заңмен
реттелмеген бөлігінде құрылтайшы белгілейді және ол білім беру ұйымының
жарғысында бекітіледі. Білім беру ұйымдарда оқу тәрбие қызметтері
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартары негізінде әзірленген
оқу жоспарлары мен бағдарламаларына. сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру
ұйымдарында тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің педогогтардың
адамдық қадір қасиетің өзара құрметтеу негізінде сақталады.
Сонымен қатар білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен
жұмысшылар даярлаудың базасы болып табылатың тиісті ұйымдарда жүргізіледі
және білім беру ұйымдарындағы оқыту процессінде алған білімді бекітуге
практикалық дағдылар алу мен озық тәжірбиені меңгеруге бағытталған. Білім
алушыларды практикаға дайындау мен өткізу үшін білім беру ұйымдарының және
практика базасының басшылары жауапты болады.
Білім беру бағдарламаларының үздіксізге мен сабақтастығы принципі
негізінде мынадай білім деңгейлері белгілінеді.
• Кәсіптік жоғары білім беру;
• Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге
асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар. отбасымен қатар бір жаста алты - жеті
жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды олардың
дене және·денсаулығын қорғап нығайтуды, дамуында ауытқуы бар балалардың
жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету
жасауды жүзеге асырады. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды
басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдармен отбасына қажетті әдістемелік
және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Бес - алты жастағы
балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында,
мектепке дейінгі ұйымның мектеп алдындағы топтарында немесе жалпы білім
беретін мектептер, лицейлер мен, гимназиялардың мектеп алдындағы топтарында
немесе жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мектеп
алдындағы сыныптарында жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге
асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу
үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес
сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне
негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да
айқын көрінеді. Сәбилерге арналған мектептер, З - 5 жасқа дейінгі балаларға
арналған мектептер, ойын топтары балаларды қарау және күту топтары.қазіргі
кезде 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12
бірлікке (1%) ал олардағы балалардың континенті 25421 балаға (18,7%) өсті.
Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу әдістемелік базасы
құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 32 атаудан тұратын 19 оқу -
әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 2003-2004 оқу жылында
алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беруде бір қатар
проблемалар бар. қазіргі таңда мектеп алды дайындықтағы тек 40% пайызға
жуық бала ғана жергілікті бюджет есебінен оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы жиһаздар, кітапхана қоры, ойыншықтар,
оқытудың көрнекі құрамдары моральдық тұрғыдан ескірген және табиғи тозған.
қазіргі кезде тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бір жастан
алты жасқа дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендігін
көрсетеді(19.1%).
Мектеп алды дайындығы міндетті бағдарламаны 5 жастағы балалардың 40%
және 6жастағы 60% бала. Жалпы білім беретін мектептен реформалардың
шетелдік тәжіибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары
сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктерімен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау
жүйесін енгізуді көздейді.
Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп жұмыс
істейді, оларда 429,1 мың бала оқиды. Мектептердің тұрғын жерден алыс
орналасуына байланысты 37000 баланы тасымалдау үшін ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1 %) қазақ
және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беретін мектептер жұмыс істейді.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден оқушылардың континенті ұлғайып
келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 5201% пайызы мемлекеттік тілде оқыған
болса, ал бүгінгі таңда 54,80% пайызы оқиды[1].
Республикада сонымен қатар 614 интернат мекемелері жұмыс істейді,
оларда 75 мыңға жуығы жетім балалар, ата - анасынан қамқорлығынсыз қалған
балалар, тұрмысы төмен және көп баласы отбасынан шыққан балалар. Қазіргі
кезде жоғары оқу орындарына дайындық кешенді тестілеудің нәтижелері
талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді.
Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр
және олар 28 - 30% пайызды. құрайды. 2004 жылы ұлттық біріңғай тестілеудің
қорытындылары мектеп бітірушілердің 2402% пайызын жинауға болатын 120
балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7% пайызы
101 120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдеген[2].
Кәсіптік жоғары білімді орта білімі бар азаматтар алады. Қазақстан
Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі 180 жоғары оқу орны және
жоғары оқу орнының 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше
мәртебесі бар. Педогог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педогогикалық ЖОО
ашылды. Қазіргі кезде 2000 - 2001 жылдары оқу жылындағы 257 адамнан, 2003 -
2004 оқу жылында 439 адамға артқан 10.000 тұрғынға шыққандағы студенттер
саны. Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және
неғұрлым дайындалған жоспарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу,
мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер
континенттен қалыптастырудың жаңа моделін енгізген.
Қазақстан Республикасының 19000 жуығы азаматы әлемнің 35 еліне. оқыды,
оның ішінде 16,4000 пайызы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам
Қазақстан Республикасының Президентінің "Болашақ" халықаралық
стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690
шетел азаматы оқиды. қазіргі таңда техникалық, аграрлық технологиялық,
ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу
құралдарының тапшылығы байқалды.

1.2.Білім беру жүйесін басқару
Білім беру жүйесін басқару Қазақстан Республикасының Үкіметінің білім
саласындағы құзіреті. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын
әзірлейді және оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Жұмыс
берушілермен басқада әлеуметтік серіктестіктердің кәсіптік білім беру
проблемаларын шеше отырып, кәсіптік жоғары білім мен жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік білімі бар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен
қаражаттандырылатын ұйымдарда кәсіптік орта білімі бар мамандар даярлауға
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіте алады.
Сонымен қатар жеке адамның тәрбиесіне білім алынуына және кәсіби
қалыптасуына зор үлес қосқан мемлекеттік білім беру ұйымдарына ерекше
мәртебе беру туралы шешім қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының
Президентіне жекелеген мемлекеттік білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе
беру туралы ұсынысты өткізе алады.
Білім беру саласындағы орталық атқарушы органдарының ұсынысы бойынша
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарын
құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Қазақстан Республикасының білім
беру саласындағы орталық атқарушы органның құзіреті. Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы мынадай
міндеттерді атқарады:
Білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарымен
бостандықтарының сақталуын.
Білім беру саласында біріңғай мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, білім
беру саласындағы салааралық. үйлестіруді жүзеге асырады.
Білім берудің барлық деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және оқу
жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді.
Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол бермейтін кәсіптер
мен мамандықтардың тізбесін белгілейді.
Жалпы орта білім беретін республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ
халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды
тілді басым дамыту, отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және түрлі
оқулықтармен және оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді,
шығармашылық сайыс негізінде оқулықтар, оқу - әдістемелік кешендер мен оқу
әдістемелік құралдарын дайындау мен басып шығару жөніндегі жұмысты
ұйымдастырады және .білім беру ұйымдарына оқу әдебиеттерін таңдаудың
тетігін жасайды.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың білім беру саласындағы
құзіреті. Жергілікті өкілді органдар:
Тиісті әкімшілік - аумақтық баланс аумағындағы жергілікті атқарушы органдар
ұсынған білім беруді дамыту бағдарламаларын бекітеді, олардың орындалуы
туралы есептерді тыңдайды. Облыстық жергілікті атқарушы органы: білім
беруді дамыту бағдарламаларын әзірледі және оны бекітеді.
Азаматтарға кәсіптік бастауыш білім беруді қамтамасыз ету
Кәсіптік орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруды
қамтамасыз етеді.
Арнайы білім .беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беруді қамтамасыз
етеді
Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білім беретін, арнайы және мамандырылған
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, сондай - ақ
балалар, жас өспірімдер мектептерін Қазақстан Республикасының заңдарына
белгіленген тәртіппен құрады және таратады.
Бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік білімді мамандар даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
Жалпы орта білім беру ұйымының жоғары сатысында білім алушылар үшін
жыл сайын жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы
жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары. бірыңғай ұлттық тестілеуді
тапсырудан босатылады.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялауды олардың ведомстволық
бағыныштылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік
басқару органдары өздерінің құзіретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір
рет өткізеді. Алғашқы мемлекеттік аттестаттау:
1.Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін.
2.Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарына тиісті деңгейдегі мамандардың бірінші
бітіруінен кейін бір жылдан кешіктірмей;
З. Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейін.
2.Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды
қаржыландыру көздері

2.1.Білім беруді қаржыландыру
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы
функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың
үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4
пайызына жетуі ұйғарылуда.
Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,
бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру,
жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа
да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері
мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.
Қаржыландыру көздері болып республикалық пен жергілікті бюджеттер және
бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін
қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болгандықтан, мұндай білім
беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс! ережелеріне
сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру
мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті
басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық
және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен
білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің
әлеумеггі-экономикалық дамуындағы олардың рөлімен серттеседі. Ал бюджеттен
бөлінетін құралдар көлемі практиканьщ талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін
емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік
қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай
түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы,
заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар
контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты, бюджеттік
қаржыландыру норматив сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық
ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей
бойынша бюджеттік қүралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни
орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық білім
беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқ-тажды
аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және
жергілікті деңгей республикалық деңгейге үқсас, мұнда жергілікті
бағыныштағы білім беру мекемелерді үстау мен тиісті білім беру
бағдармаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі қезеңде дамыған елдерде
міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып
табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесі барлық білім беруге
арналған шығындардың ішінде 67%-дан (АҚШ) 89%-га дейін (Жапо-ния) құрайды.
Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония)
27% (АҚШ) пен 34%-га дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге -
0,3%-дан (Канада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар
құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мем-лекеттік
қаржыландырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру саласының дамуы
Коммуналдық шығындар
Білім берудің кәсіби деңгейінің төмендігі
Қазіргі таңдағы инновациялық қызметтерді қаржыландыру процесстерін талдау
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Қазақстанның жоғары білім беру саласы және оны мемлекеттік реттеу жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына талдау жасау
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық жүйесі
Пәндер