Туризм пәнінің мақсаты мен міндеті



Кіріспе
I. Туризм пәнінің мақсаты және міндеті
II. Туризм түсінігі
III. Туризмнің түрлері
IV. Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі .
Туризм индустриясы пәні, міндеттері және оны ғылыми зерттеу әдістері. Туризмді ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Туризм туралы негізгі ғылыми білімді құрастырушылар. Қоғамдық өмірдегітуризмнің маңызы.
Туризм – бұл азаматтарға өздерінің физикалық, интеллектуальдық, этикалық және психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын қонақжайлылық индустриясының бір бөлігі.
Туризм төңерегін (облысын) зерттеу, ол тек қоғамдық қане емес, экономикалық көрністерді көрсетеді.
Туризмнің түрлерінің белгілері және пішіндері – бұл жаппайлылық, экономикалық ықпал, әлеуметтік мәселелерді шешу.
Туризмнің негізгі мәселесі жаңа пішіндерді табу және коммерциялық қызметтерді жүргізу әдістері болып санаалады.
Туризмге мына жалпы мәдениеттілік және жалпы тәрбиелілік қызметтер тән: этикалық, межелілік, ақпараттық, құқықтық, экономикалық.
1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы -Алматы: Санат, 1998.-1926.
3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения -Учеб. Пособие.-М: Финансы и статистика, 1996.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы — Алматы: Экономика, 2000. — 886.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Туризм пәнінің мақсаты және міндеті
Туризм түсінігі
Туризмнің түрлері
Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі .

Кіріспе

Туризм индустриясы пәні, міндеттері және оны ғылыми зерттеу әдістері. Туризмді ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Туризм туралы негізгі ғылыми білімді құрастырушылар. Қоғамдық өмірдегітуризмнің маңызы.
Туризм - бұл азаматтарға өздерінің физикалық, интеллектуальдық, этикалық және психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын қонақжайлылық индустриясының бір бөлігі.
Туризм төңерегін (облысын) зерттеу, ол тек қоғамдық қане емес, экономикалық көрністерді көрсетеді.
Туризмнің түрлерінің белгілері және пішіндері - бұл жаппайлылық, экономикалық ықпал, әлеуметтік мәселелерді шешу.
Туризмнің негізгі мәселесі жаңа пішіндерді табу және коммерциялық қызметтерді жүргізу әдістері болып санаалады.
Туризмге мына жалпы мәдениеттілік және жалпы тәрбиелілік қызметтер тән: этикалық, межелілік, ақпараттық, құқықтық, экономикалық.

1. Пәні, мақсаты және міндеті
Пәнді оқыту мақсаты - магистранттарға нарықтық шаруашылықтың басым секторы ретінде туризм индустриясын дамыту және қалыптастыру туралы білімді ұғындыру
Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

Туризм индустриясын дамыту мәселесін теориялық тұрғыда оқу ;
- туризмге әсер ететін ықпалдарды оқу;
- туризм индустриясы құрылымының жағымды және теріс кездерін оқу;
- туризм моделін оқу.

Білімге деген дағдысына, меңгеруіне және біліктілігіне қойылытын талаптар
Бұл пәнді оқу нәтижесінде магистранттар:
Білуі керек:
- туризм индустриясының дамыту мәселелерін теориялық тұрғыда оқу;
- туризм дамуының әлеуметтік - экономикалық және экологиялық - экономикалық алғы шарттары;
- турмекемелердің зерттеулері бойынша негізгі әдістемелік зерттемелер
Магистранттар орындай алуы керек:
- салыстырмалы кестелер құру, статикалық берілгендер бойынша графиктер жасай білу;
- теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде қолдану.

Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум таңдау өте қиын.
1980ж. Манила декларациясы Туризм - халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі (Филиппин, қазан 1980 ж.) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді: Туризм - бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі.
Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): туризм - көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.
П.Г.Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: Туризм - бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау - дейді.
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде -- әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы СССР кезінде тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Профсоюз жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта беріледі: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік-территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А.Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы - халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама қазіргі туризмнің экономикасы жұмысында берілген: Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Туризм дегеніміз -- рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар: экономикалық -- әлеуметтік - географиялық - демографиялық - саяси - этникалық - құқықтық. Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс-сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағдайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындардың уақыт құрылымын анықтау керек.
Сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады. Алайда біздің ойымызша бұл факторлар ерекшеленіп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай-ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар - бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.

2. Туризм түсінігі

Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
Туризм түсінігіне жай ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Бос уақыттың рекреациялық сауықтыру технологиясы
Тарихи рөлі
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Жалпы дене шынықтыру
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдер негізі
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Пәндер