Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан



Өмірбаяны
Білім алуы
Бірінші зерттеулері
Шығармалары
Әлихан Бөкейхан – ірі тұлғалы қоғам әрі мемлекет қайраткері, ғалым. Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі әрі теоретигі.Қазақтың тұңғыш саяси партиясы – Алашты ұйымдастырып, дем берушісі әрі Алашорда үкіметінің төрағасы.
Әлихан 1870 жылы бұрынғы Семей облысының Қарақаралы уезінде туған.
1879-1886 жылдар аралығында Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыған.
1883 жылы Омбыдағы төрт жылды техникалық училищеге түседі. Онда дворян, дінбасы қызметкерлері мен қалалық балалар оқитын. Ол кезде жат жұрттың, бұратана халықтың балаларын оқуға қабылдамайтын.
Мұндай оқу орнына тек талабы тас жарған қырдың қыран қанатты ұлдарының ілуде біреуінің ғана қолы жететін.
Сондай ұлан Әлихан осы училищені өзінің ерен қабілетінің арқасында оқып бітіріп, таудай талабымен Санкт-Петербургтегі орман институтына түседі.
Студент кезінен бастап, көбінесе саяси әдебиетті оқып-үйренуге зейіні ауады. Студенттік толқуларға да белсене қатысады.Өзінің зеректігі сонша, жас кезінде-ақ Ресей империясының сол уақыттағы саяси және әлеуметтік жағдайын көкірегіне тоқи бастайды. Сол арқылы өз халқының екі жақты езгіде отырған хал-күйін де сезіп, одан қалай құтылудың жолдарын іздейді...

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

(1870-1937)

Әлихан Бөкейхан – ірі тұлғалы қоғам әрі мемлекет қайраткері, ғалым.
Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі әрі теоретигі.Қазақтың тұңғыш саяси партиясы
– Алашты ұйымдастырып, дем берушісі әрі Алашорда үкіметінің төрағасы.
Әлихан 1870 жылы бұрынғы Семей облысының Қарақаралы уезінде туған.
1879-1886 жылдар аралығында Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған
мектепте оқыған.
1883 жылы Омбыдағы төрт жылды техникалық училищеге түседі. Онда
дворян, дінбасы қызметкерлері мен қалалық балалар оқитын. Ол кезде жат
жұрттың, бұратана халықтың балаларын оқуға қабылдамайтын.
Мұндай оқу орнына тек талабы тас жарған қырдың қыран қанатты
ұлдарының ілуде біреуінің ғана қолы жететін.
Сондай ұлан Әлихан осы училищені өзінің ерен қабілетінің арқасында
оқып бітіріп, таудай талабымен Санкт-Петербургтегі орман институтына
түседі.
Студент кезінен бастап, көбінесе саяси әдебиетті оқып-үйренуге зейіні
ауады. Студенттік толқуларға да белсене қатысады.Өзінің зеректігі сонша,
жас кезінде-ақ Ресей империясының сол уақыттағы саяси және әлеуметтік
жағдайын көкірегіне тоқи бастайды. Сол арқылы өз халқының екі жақты езгіде
отырған хал-күйін де сезіп, одан қалай құтылудың жолдарын іздейді...
Әсіресе, ұлты үшін жанын пида етуге даяр Әлиханды оқу-білімнен
мақұрым қалып, қиянда қияметтік тұрмыс кешкен, феодалдық-рулық айтыс-
тартыстан аса алмаған, патшалық Ресейдің тепкісінде тұрған туған халқының
тағдыры толғандырды.
Студенттік кезден бастап, оның аты-жөні жандармдардың қара тізіміне
ілінді. Осыдан соң-ақ, оның ізіне түсіп, аңду басталды. Сол аңду мен
бақылау 1917 жылға дейін үзілген жоқ. Институтты бітіргеннен кейін Әлихан
Бөкейхан Омбыға оралды. Мұнда ол Ф.Л.Щербиннің экспедициясына қатысып,
Оңтүстік-Батыс Сібірде зерттеу жүргізеді. Бұл үкіметтік саясатпен
ұйымдастырылған экспедицияның мақсаты – Орталық Ресей аймағындағы
шаруаларды Сібірге көшіріп, орналастыру еді.

Бұл 1822, 1824 ж.ж. патша өкіметінің құйтырқылығымен хандық
басқарудың болыстық билікке көшкен кезі еді. Осы мақсатпен кіші және орта
жүз қазақтарының жері, былайша айтқанда, Тұранның үлкен бөлігі жай
империяның қарамағына ене бастады. Енді Ресей империясы Тұранды түгел билеп-
төстеуге тырысып бақты. Мұндағы алып өлкені мекендеген халықтардың бәрін де
империяның иелерінен төмен сатыда тұрған ұлттар санатына қосты. Осыдан
барып орыс емес басқа халықтардың көзі ашық ұлдары менменсіген империяның
билеушілеріне қарсы бой көтере бастады. Ресейдің барлық аймағында халықтық
қозғалыс басталды.
Әлихан ғана емес, сол кездегі саяси сауатты, озық ойлы зиялылар
қауымының өкілдерінің бәрі де Ресей империясының бұл шовинистік пасық
пиғылы аз халықтардың тілі мен мәдениетін жоюға апарып соқтыратынын сезіп,
түсіне бастады.
ХХ ғасырдың басында Ремей үкіметі Сібір мен Түркістанға кең көлемді
зор көші-қон саясатын жүргізді. Қысқа мерзім ішінде миллиондаған орыс
щаруаларын Ресейдің ішкі губернияларынан шұбыртып осы мекендерге көшіріп
үлгерді.
Мәселен, 1905-1906 жылдары бұл аудандарда жаппай көші-қон ұйымдары
құрылды. Олардың бәрі де Петербургтегі орталық басқару аппаратына бағынды.

Орталық ол аудандардағы ұйымдарға қоныстанушылар үшін ыңғайлы
мекендер тауып, оларды орналастыруға барлық жағдайларды жасауды міндеттеді.
Ең бастысы, бұл өлкелерде көші-қон, жер қоры құрылды. Ол қор, әрине,
қазақтардың атамзаманнан жаз жайлауы, қыс қыстауы болған шұрайлы, сулы,
нулы құтты атақоныстары еді. Соларды күштеп тартып алып, өздерін құм-
шөлейтті, сартап далаға тықсырды.
1917 жылдың бір өзінде қазақтар 45 млн. десятина құнарлы жерлерінен
айырылды. Империяның ішкі губерниялардан лек-легімен аударылғандардың
қиянатынан қазақтардың жан бағып отырған жері мен көшпелі мал
шаруашылығының күйзеліске ұшырауы басталды. Бұл саясаттың тағы бір
кесепатты-салдары – Қазақстанның ұлттық құрамын түбегейлі өзгертіп жіберді.

1897 жылғы халық санағы бойынша Далалық өлкедегі орыс тұрғындарының
үлесі 20٪, ал 1917 жылы 42٪ болды. Осы кезеңдерде ауылдағы қазақтардың өсуі
17,6٪ болса, ол кездегі орыс шаруалары мен казактардың өсуі 4,5 есеге
көбейді.
Осылай бұрын болып көрмеген патша өкіметінің жанталасқан отарлау саясаты
қазақ бұқарасының қатты наразылығын туғызды. Халық басына туған бұл
қасіретті алғаш түсініп сезген, сергек санасы қалыптаса бастаған ұлтымыздың
жас зиялы қауымы болды. Сол кездерде оларды өз соңына ерте біліп, көсемі
атанған Әлихан Бөкейхан есімін естімеген қазақ жоқ еді.
Оның халық арасында атағы жайылып, елдің шын қамқоры болғандығын ең
әуелі ұлт-азаттық қозғалыстың ой-мақсаты айқындаған қызметінен танимыз.
Сонымен бірге ең дертті мәселе – жер стратегиясы жолындағы күресі тарих
ұмытпайтын істер еді.
Ғұлама жазушы М.Әуезовтың бейнелі сөзімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Ә.Бөкейхан – қазақ халқының ұлы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастарындағы жер мәселесі
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарастарындағы жер мәселесінің философиялық аспектілері
Алихан Бөкейханның ролі
Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Әлихан Бөкейхан туралы
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Пәндер