Қазақстан Республикасындағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІЭкономиканы мемлекеттік реттеудің маңызы мен қызметіЭкономиканы мемлекеттік реттеудің нысандары мен әдістеріТұрғын үй құрылыс саласын реттеудегі шетелдік тәжірибе
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
- Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері
2. 2 Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік саясаты
2. 3Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3. 1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері
3. 2 Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұтқасы, тірегі - адам, адамның қоғамдағы тыңғылықты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Адамның денсаулығын қадағалайтын, білім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтермелейтін, азаматтық жауапкершілігін арттыратын бастамалар - халықтың әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел экономикасының дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де - әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.
Біздің азаматтарымыз үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы - мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» атты жолдауында тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттарды айқындап, тұрғын үй құрылыс саласы - экономикамыздың алға сүйреуші күші екендігін атап өткен болатын[1] .
Бітіру жұмысының бірінші бөлімінде экономикадағы мемлекеттің рөлі, жалпы мемлекеттік реттеудің маңызы мен әдістері талданып, тұрғын үй қатынастарын реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері талданып, қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі жан-жақты қарастырылған.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар және олардың рөлі, сол бағдарламалардың шеңберінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің құралдары мен түрлері бітіру жұмысының үшінші бөлімінде қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында туындаған қолайсыз жағдайлар, және одан шығу жолдары ауқымды сипат алған.
Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде әлеуметтік саланың басым артықшылықтарға ие екенін көрсетеді. Бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерттеп, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін жетілдіру және қазіргі уақыттағы құрылыс саласындағы орын алған дағдарыстан шығу жолдарын анықтау болып табылады.
Сонымен қатар бітіру жұмысында дұрыс мемлекеттік реттеу арқылы төмендегідей экономикалық маңызы жоғары мәселелердің шешім табатыны жайлы айтылған:
Біріншіден, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;
Екіншіден, құрылыстың дамуына байланысты осы салаға маманданған шағын және орта бизнестің дамуы;
Үшіншіден, құрылыстың жандануына және шағын және орта бизнестің дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуы:
Курстық жұмыста жоғарыда көзделген мақсаттарға сәйкес келесідей негізгі міндеттер айқындала түседі:
- Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызы мен әдісстерін талдау. ;
- Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саясатының шетелдік тәжірибесін зерттеу және оны Қазақстанда қалай қолдануға болатынын қарастыру;
- Қазақстандағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат, соның ішінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін қарастыру;
- Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар, және олардың рөлін анықтау;
- Қазіргі уақыттағы тұрғын үй құрылыс саласының дағдарысқа ұшырау себептері және одан шығу жолдарын қарастыру:
- Зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік базасы Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастарының Заңы, Қазақстан Республикасының Үлескерлік қатынастар туралы Заңы, Статистикалық ақпарат көздері, нормативтік-құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер болып табылады. Бұл Курстық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми-зерттеу конференциясында қорғалып, арнайы басылымдарда шығарылды.
- ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІЭкономиканы мемлекеттік реттеудің маңызы мен қызметі
Экономиканы мемлкеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайда бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады[2] .
Адамзат тарихы мемлекеттің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері обьективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетел қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие болып отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар көрсткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың заңды құығын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерді қолдануды ұйымадстыруды, тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпымемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларынды алдын ала ескертуді және т. б. жақызуға болады[3] .
Мемлекеттік реттеудің маңыздылығын айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен олардың тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының сыртқы әсерлері болып табылады. Мәселен бұл қарым қатынастар аумағында тауарлар өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді[2] .
Нарық субьектілерінің өзара іс әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуге де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың барлығы да мүдделі.
Сонымен қатар халықты әлеуметтік жағынан қолдау мен қамтамасыз ету мәселелелерін атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатпен «көршілес» тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл әстегі мемлекет рөлі айрықша жоғары болып келеді[4] .
Кез-келген қоғамдағы мемлекеттің эономикалық рөлі оның нақты қызметтерінің жиынтығы арқылы көрінеді. Мемлекеттің рөлі мен оның қызметтері мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының әртүрлі модельдеріне ғана емес, әр елдің әртүрлі нақты тарихи жағдайлары бар бір моделінде де өзгеше. Сонымен қатар мемлекеттің экономикалық рөлі мен атқаратын қызметтері рыноктық экономикасы жоғары дамыған мемлекет пен өтпелі экономикалы елде бірдей болуы мүмкін емес. Бұл жерде нақты, ерекше жағдайлар да маңызды. Мұндай өзгешеліктер көптеген обьективті, материалдық факторларға байланысты, сонымен бірге әр қоғамға тән дәстүрлер мен көзқарастардың әсерінен пайда болады[2] .
Аралас экономика қалыпты немесе нәтижелі қызмет ететін елдердің экономикалық, мәдени және ұлттық-тарихи дамуына қарамастан, бұл елдерде ерекше көңіл бөлінетін мемлекеттің экономикалық рөлі, экономикалық теорияға тәуелсіз, келесідей маңызды қызметтермен байланысты: - заң шығару, құқықтық базаны және әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету (меншік құқығын қорғау, шаруашылық өмірдегі құқықтық тәртіп пен заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы өзара қатынасты реттеу) ; - кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті ынталандыру, және монополиялық тенденциямен күрес (монополиялық іс-әрекетке қарсы заңдар қабылдау, әділетсіз бәсекеге қарсы іс-шаралар жүргізу, тұтынушылардың құқығын қорғау және т. б. ) ; - халықтың әртүрлі топтарының ішіндегі мұқтаж топтарға әлеуеттік кепілдіктер беру мен қорғау мақсатында табыстарды қайта бөлу (білім беру саласында міндеттемелерді қабылдау, демографилық процестерді реттеу, денсаулық сақтау жүйесіндегі емдеу мен сауықтыру, ана мен баланы қорғау, зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және т. б. арқылы халықтың кедей топтары мен қарт адамдарды қолдау) ;
- сыртқы және ішкі жағдайлармен байланысты ұлттық экономиканың құрылымына өзгеріс енгізу мақсатында ресурстардың бөлінуіне түзетулер енгізу;
- экономикалық коньюктураның ауытқулары кезінде экономиканы тұрақтандыру, экономикалық ынталандыру (ақша айналысын реттеу және ұлттық валютаның тұрақсыздығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін реттеу, жұмыссыздықпен күрес және т. б. ) ;
- жеке капитал әрекет етпейтін сфераларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру (қоғамдық тауарларды өндіру, қалаларды қайта құру, мәдениет және ескерткіштерді қорғау және т. б. ) ;
- сыртқы экономикалық қызметтерді бақылау кеден жұмысын ұйымдастыру;
- қоршаған ортаны қорғау, сарқылатын пайдалы ресурстарды пайдалануды реттеу[4] :
Барлық қызметтер, біріншіден, рыноктық жүйенің қызмет етуін жеңілдету мен қолдауға бағытталған, екіншіден, рыноктық жүйенің кемшіліктерін жоюмен қоса, қозғалысына жаңа бағыт беру және түзетулер енгізу.
Қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілуімен бірге оның дамуы, экономика субьектілері арасындағы шаруашылық байланыстардың күрделенуі, қоғамдық өмірдің кейбір сфераларының маңызының артуы және интеграциялық процестердің күшеюі нәтижесінде мемлекет қызметтері толықтырылады, нақтыланады және жаңа қызметтер пайда болады. Соңғысының қатарына экономисттер жатқызады:
- өте дәлдікпен қалыптастырылған өнеркәсіп саясатын жүргізу;
- қазіргі заманғы технологиялар жасау мен енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру, жекелеген аймақтар мен сфералардың дамуын ынталандыру;
- ел шекарасын анықтау және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Бұл қызметтерді жүзеге асыру көбінесе әртүрлі мемлекеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Дамыған рыноктық экономикада макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуге, оның техника-технологиялық базасын дамытуға ықпал ететін қызметтер басты болады, әрі жиі қолданылады[3] .
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік реттеу нысаны дегеніміз экономиканы реттеу тәсілі, яғни экономикаға қатысты сыртқы реттеу құралдарының жиынтығы - нормалары, әкімшілік заңдар, стандарттар, ережелер, шарттар және т. б.
Қолданылатын мемлекеттік реттеудің нысандарын үш топқа бөлуге болады:
- Заң шығарушы - құқықтық нысаны. Ол ұлттық экономиканың ішінде де, сыртқы әлеммен байланысы кезінде де қолданылады. Экономикалық жүйенің өзгеру қағидаларын, өндірістік, әлеуметтік және басқа да қатынастардың қызмет етуін анықтау үшін пайдаланылатын заңдардың, оларды дайындау, қабылдау мен жүзеге асыру механизмдерінің жиынтығын сипаттайды.
- Қаржы-несиелік нысаны. Бюджет-салықтық және ақша-несиелік нысандардан тұрады. Бұл нысан макроэкономикалық белсенділікті реттеу (ынталандыру немесе тежеу) жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру үшін қолданылады. Қалыптасқан экономикалық жағдайға сәйкес әр түрлі қаржы-несиелік құралдарға негізделген мемлеттік саясат нақты процестерге әсер етеді:
- салық саясаты - пайыз қойылымын, салық салынатын объетіні, салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарды белгілеу;
- ақша саясаты ақша эмиссиялау, ең төменгі резерв мөлшерін белгілеу және өгерту, ашық рыноктағы операциялар;
- несие саясаты банктік несие үшін пайыздық есептік қойылымын белгілеу, мемлекеттік бағалы қағаздар мен рыноктық операциялар, мақсатқа сай несиелеу, тікелей қаржыландыру, т. б.
- валюталық саясат - ұлттық валютаның айырбас бағамының жүйесін таңдау, номиналды және айырбс бағамын белгіліеу, валюталық резервтерді, т. б.
- амортизациялық саясат - амортизация нормасын белгілеу амртизациялық қордың күрделі жөндеу және қалпына келтіру шығындарына қатынасы;
- кеден саясаты - импорттық, экспорттық, кедендік бажды және үлесті белгілеу;
- Әкімшілік нысан әкімшілік-экономикалық және ұйымдастырушылық әкімшілік нысандарға бөлінеді. Бұл нысан үкіметтің қабылдайтын шешімдерімен, жарлықтарымен, бұйрықтарымен байланысты.
Әкімшілік реттеудің неізгі құралдары: нормативтер мен қатаң ережелер жүйесі әкімшілік әсер етудің бір бағыт тәртібін дайындау, жекелеген қызметтердің өндіріс көлемі мен бағаларын белгілеу және т. б[3] .
Әртүрлі ұлттық экономикаларды реттеудің әртүлі нысандары арасындағы қарым-қатынас бірдей емес. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне орай макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырады. Бұл өз кезегінде реттеудің әртүрлі нысандары арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді. Күрделі мемлекеттік реттеу жүйесінде не біріншісіне, не екіншісіне, не үшінісіне артықшылық беру арқылы олардың орны анықталады. Реттегіштер мен құралдар белгілі бір реттеу нысанын жүзеге асыру кезінде қолданылады. Реттелетін объектіге әсер ету тәсілі бойынша жанама және тікелей реттегіштер бар:
Тікелей реттегіштер - шаруашылық субъектілердің іс-әрекетін қатаң белгілейтін реттегіштер. Олар: заңдар, жарлықтар, бұйрықтар, қаулылар, сот билігінің шешімдері, т. б.
Жанама реттегіштер - реттеуге алынған объектілердің іс-әрекетін ынталандырушы немесе тежеуші сипаттағы нұсқаларды қалыптастырады. Оларға салық салу шарттары, баға, кедендік баж, амортизация нормасы, пайыз, тариф деңгейлері, ауыр және зиянды жұмыс үшін төлем жасау шарттары және т. б. [2]
Кейде бұл реттегіштерді әкімшілік және экономикалық деп те атайды, яғни әкімшілік реттегіштер - тікелей, ал экономикалық реттегіштер - жанама болады. Іс жүзінде әкімшілік және экономикалық реттегіштер бірдей тетіктерді пайдаланады. Мысалы, тікелей реттеу тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу секілді таза әкімшілік құралдар мен тетіктерден басқа жеңілдетілген қаржыландыру, келісім-шарт, тапсырыс жасау, бюджеттік инвестициялар, сауықтыру, субвенсиялар, дотациялар, трансферттер сияқты экономикалық тетіктерді пайдаланады. Сонымен қатар жанама реттеу экономикалық құралдар: салықтар, жеңілдіктер, несие үшін пайыз қойылымы, ашық рыноктағы операциялар, тапсырыстар мен келісім-шарттар, акция үлесін иелену арқылы басқаларға қабысу және т. б. ғана емес, қатаң нормалар, стандарттар, квоталар, баж және лицензиялар белгілеу арқылы да жүзеге асырылады[4] .
Нақты шаруашылық тәжірибеде әр түрлі реттегіштер өздігінше дербес қана емес, бір-бірімен үйлесімді және өзара тығыз байланыста қолданылады. Әсер ету аясы шектеулі немесе үлкен шеңберде бола отырып, әкімшілік және экономикалық тетіктер сандық және сапалық көрсеткіштерін өзгертеді. Олардың мақсатты бағытталуы шешетін қысқа мерзімді міндеттері және орны мен ролі құбылмалы болады.
Ретегіштердің көптүрлілігі мен әркелкілігі әртүрлі аядағы қолданудың әртүрлі нәтижелері жылдам өзгеретін жағдайларға бейімделуінің күрделілігі экономикаға әсер етудің барлық іс-шараларының өзара байланысы мен кешенділігін қамтамасыз етудің қажеттігі экономиканы мемлекеттік реттеудің өзіне тән аса күрделі екендігін айқындайды[3] .
Мемлекеттік реттеу іс жүзінде әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асады.
Әдіс - бұл мақсатқа жетудің тәсілі, таңдап алынған мақсаттарға жетудің тәртіпке келтірілген іс-әрекеттер жүйесі. Қоғамның даму тарихында экономиканы мемлекеттік реттеу нысандары, құралдары және әдістері үнемі ұлғайып отырғанын көруге болады. Экономикада мұндай тәртіпке неізделген іс-әрекеттердің аса кең тараған түрлері - болжау мен жоспарлау.
- Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын болжау;
Ұлттық болжау процесі ұлттық экономиканың даму бағыттары туралы ғылыми негізделген көзқарастар жүйесін қалыптастыруды сипаттайды. Оның мазмұны оңтайлы шешім қабылдау үшін ұлттық экономиканың дамуының мүмкін болатын бағыттарын анықтаумен байланысты[4] .
Ұлттық экономиканың дамуын болжау-ұлттық экономиканың дамуының болашақ көрсеткіштері туралы мәліметтер беретін сандық және сапалық нысандағы дәлелді болжамдар кешені. Болжамды дайындаудың негізіне әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды танудың ғылыми әдістері және экономикалық болжамның тәсілдерінің, әдістерінің, құралдарының жиынтығын пайдалану жатады.
Ұлттық болжаудың мақсаттары:
- экономиканың дамуын ғылыми талдау негізінде ғылыми алғы шарттар қалыптастыру;
- қалыптасқан тенденцияларды да, көзделген мақсаттарды да ескеретін қоғамдық ұдайы өндірістің болашақ даму нұсқауларын алдын ала анықтау;
- басқару шешімдерін қабылдау үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми- техникалық бағыттарын негіздеу.
Зерттелетін объектілердің сипатына байланысты болжаудың келесідей түрлері бар:
- Экономикалық болжау - өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің жекелеген элементтерінің болашақтағы дамуын зерттейді. ЖІӨ көлемі мен динамикасы, инфляция деңгейі, еңбек өнімділігі, еңбек ресурстары мен негізгі қорларды ұдайы өндіру инвестицияның көлемі, құрамы және тиімділігі және т. б.
- Табиғи ресурстарды болжау - оларды шаруашылық айналымға таратуды сипаттайды және қоғамдық ұдайы өндіріс пен табиғи орта ресурстарының барлық түрін қамтиды: отын, миниралды ресурстар, ғарыш ресуртары, әлемдік мұхит ресурстары, энергия түрлері, өсімдіктер мен тауарлар әлемі, қоршаған ортаны қорғау;
- Ғылыми-техникалық болжау - өндірісті орналастыруға, табиғи факторларға әсер ететін ҒТП жетістіктерін қарастырады. Оның ішінде ғылым мен техниканың дамуын болжау; іргелі және қолданбалы зерттеулердің болжамы; ҒТП жетістіктерін дамыту және пайдалануды болжау; ҒТП салдарын болжау;
- Демографиялық болжау - халық санының өзгерісін және еңбек ресурстарының ұдайы өндірісін жұмыспен қамтуды, жұмысшылардың біліктілігі мен кәсіби құрамын қамтиды;
- Әлеуметік дамуды болжау - азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын халықтың тұтынуын, бөлшек тауар айналымын, өндірістік емес аумақ салаларының дамуын, жалпы және кәсіби білім беруді, мәдениет және өнерді, денсаулық сақтауды, коммуналдық шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтиды[3] .
Болжау үшін атқарушы билік органдары арқылы жинақталған ақпараттар қолданылады. Негізгі орган - алғашқы ақпараттарды жинақтап, оны жұртшылыққа жария ететін ұлттық статистика агенттігі. Басқа министрліктер өздерінің әрекет ететін аумағы бойынша ақпараттарды уақытында беруге жауапты: ақша-несие аумағында Ұлттық (орталық) банк, бюджеттің орындалуы туралы - Қаржы министрлігі, салық жинау бойынша - мемлекеттік салық қызметі, кедендік статистика бойынша - мемлекеттік кеден комитеті және т. б.
Жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің әсері жоғары әдістерінің бірі. Жалпы алғанда жоспарлау мақсаттары таңдау мен ғылыми дайындау оларға жету жолдары мен құралдарын анықтаумен байланысты бастапқы ақпараттарды өңдеу арқылы басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесі болып табылады. Жоспарлаудың маңызы елдің экономикалық дамуын ғылыми негізделген басқарумен қамтамасыз ету. Ал бұл объективті экономикалық заңдарды, экономикалық теория мен шаруашылық тәжірибенің негізгі жағдайларын және қорытынды нәтижелерін білу мен пайдалануды қажет етеді. Жоспарлау басқарудың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылады: макро деңгейде - макроэкономикалық жоспарлау, аймақтық деңгейде - аймақтық жоспарлау, кәсіпорын немесе фирма деңгейінде микроэкономикалық жоспарлау[4] .
1. 3 Тұрғын үй құрылыс саласын реттеудегі шетелдік тәжірибе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz