Қазақстан Республикасының тауарлар және көлік құралдарын ресімдеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстандағы тауар және көлік құралдарын ресімдеудің теориялық-әдістемелік аспектісі . . . 6
1. 1 Кедендік ресімдеу ұғымы мен оның құжаттары . . . 6
1. 2 Кедендік ресімдеудің субъектілері . . . 10
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН РЕСІМДЕУ, КОНТРАБАНДА МЕН КҮРЕСУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 21
2. 1 Тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеуде Контрабандалық тауарлармен күресу . . . 21
2. 2 "Қорғас-Шығыс қақпасы" шекара маңы
сауда-экономикалық көрсеткіштері . . . 32
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН РЕСІМДЕУІНІҢ БАҚЫЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 42
3. 1 Жеке тұлғалармен тауарларды және көлік құралдарын өткізуін кедендік бақылауды жетілдіру мәселелері . . . 42
3. 2 "Қорғас" шекара маңы саудасын дамытудағы әлемдiк тәжiрибені қолдануды нығайту . . . 51
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 61
Кіріспе
Қытай Халық Республикасымен кең ауқымды және өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың жалпы стратегиясының басты бағыттарының бiрi болып табылады.
Бүгiнгi күнi Қытай Қазақстанның негiзгi сауда-экономикалық әрiптестерiнiң бiрi болып табылады.
Алайда, екi ел арасындағы сыртқы сауда айналымының оң өсу серпiнiне қарамастан, өзара сауда көлемi екi елдiң нақты мүмкiндiктерiн көрсетпейдi және тұтастай алғанда, сауда саласындағы екi жақты қатынастар деңгейi мемлекеттердiң қолдағы әлеуетiне сәйкес келмейдi.
Қазақстанның шекара маңы аудандарын дамытудың әлеуетi инвестициялық ахуалдың ерекшелiктерiмен, игерiлетiн нарықтың өндiрiстiк факторларының құнымен және мемлекеттiк шекараны кесіп өтумен байланысты транзакциялық шығындармен, көлiк жағдайлары, шекаралық өтпелердiң және кедендiк бекеттердiң инфрақұрылымымен айқындалады.
Бұл аспектiлер өңiрлердiң де, сол сияқты тұтастай алғанда елдiң де әлеуметтiк-экономикалық дамуының құрамдас бөлiгi ретiнде, шекара маңы аумақтарының экономикасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында шекара маңы ынтымақтастығына қарым-қатынасты өзгертудiң қажеттiлiгiн айқындайды.
Қазiргi уақытта республиканың әлеуетi халықаралық жүк ағындары жүйесiнде толық көлемде әрекет етпейді, негізгi халықаралық көлiк дәлiздерінің мамандануы соңына дейiн қалыптастырылмаған, елдiң аумағы бойынша көлiк жүк ағындарын толыққанды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттарға сәйкес көлiк жолдарының сервистiк қызметтерi мен сапасының деңгейiн арттыру талап етiледi.
Көлiк дәлiздерiнің қызметi халықаралық бизнес, трансұлттық компаниялар, отандық және шетелдiк инвесторлар өкiлдерiнiң неғұрлым көп санын, ең алдымен, бизнестi жүргiзудiң өзiнiң либералдық жағдайларымен, әсіресе, елдің орта және шағын кәсіпкерлiгін ойдағыдай дамыту үшiн қажеттi нарықтық шығындарды барынша азайтумен тартады.
Осыған байланысты "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрi дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн қоюды әрi шешудi халықаралық трансконтинентальдық дәлiздiң бастапқы базалық элементi ретiнде болжайды.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
Кеден ісінің құрылымы: кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарды өткізу; кедендік режимдер; кедендік төлемдер; кедендік ресімдеу; кедендік бақылау; кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы; жауапкершіліктің құқықтық реттелуі.
Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Кеден кодекстен, сондай-ақ қабылдануы Кеден кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Кеден кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазіргі кеден ісінің дамуының негізгі бағыттары мынадай:
- сыртқы сауда тауар айналымын жетілдіру;
- тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізген кездегі кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру;
- кедендік әкімшілік жүргізуді жетілдіру;
- кедендік рәсімдерді жеңілдету және негізгі кедендік ресімдеудің уақытын азайту;
- кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және болдырмау;
- кедендік құқық бұзушылықтар және қылмыстармен жоғары дәрежеде күрес жүргізу және т. б.
Осылардың барлығы қазіргі уақыттағы Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруіне бағытталған және Қазақстан Республикасының кеден ісін халықаралық сатандарттарға сәйкестіру мақсатындағы шаралар деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Өзінің құрамы бойынша ол сыртқы сауды айналымын реттеу үшін мемлекетпен қабылданатын шаралар жүйесін құрайды.
Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады. Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден саясатын құруына қатысады және оны жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының экономикасын ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі масаттары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық және ғылымдық негізі ретінде Қазақстанның белгілі ғалымдары Әлібеков С. Т., Қамшыбаев Р. А., Текенов Ұ. А., Мамыров Н. Қ., Мадиярова Д. М. еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты тұлғалар арасындағы шекара арқылы тауар және көлік құралдарын ресімдеудегі бақылау тетігін ары-қарай жетілдіру болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі мәселелер шешілді:
- тауар және көлік құралдарын ресімдеудің теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;
- кедендік бақылау департаменттің негізгі қызметін іске асыру кезінде тауарларды өткізу мәселелерді шешу;
- "Қорғас-Шығыс қақпасы" шекара маңы сауда-экономикалық жағдайындағы тауарлар мен көлік құралдарының рәсімдеуін зерттеу;
- жеке тұлғалармен тауарларды және көлік құралдарын өткізуінің кедендік бақылау ерекшелегін ашу.
Зерттеу объектісі кедендік бақылау департаментіндегі контрабандаға қарсы күрес басқармасы.
Зерттеу құралы бақылау тетігін жетілдіру нәтижесінде Қазақстанда тауар және көлік құралдарын ресімдеу.
1. Қазақстандағы тауар және көлік құралдарын ресімдеудің теориялық-әдістемелік аспектісі
1. 1 Кедендік ресімдеу ұғымы мен оның құжаттары
Кедендік ресімдеу Кеден кодексте және соған сәйкес қолданылатын кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.
Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына;
- осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;
- тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.
Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін елге қарамастан бірдей қоланылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу - кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына берген, ал Кеден кодексте көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша мәлімдеуіне не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.
Ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін. Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін Кеден кодекске сәйкес қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер және салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізге кедендік ресімдеу деп танылады. Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады. Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар Кеден кодекстің 20-22 баптарына сәйкес кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде Кеден кодексте белгіленген тұлғалар кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге міндетті. Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы. Кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттардың тізбесі және оларды беру мерзімі Кеден кодексте белгіленеді.
Кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері кедендік ресімдеу кезінде қатысуға құқылы. Осы тұлғалар мен олардың өкілдері кеден органының дәлелді талап етуі бойынша кедендік ресімдеу кезінде қатысуға және оны жүргізуде кеден органдарының лауазымды адамдарына жәрдем көрсетуге міндетті.
Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуге құқылы.
Тауарлармен жасалатын жүк және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін және кеден органы үшін қандай да бір қосымша шығыстар әкеп соқпауға тиіс. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік ресімдеу аяқталмаған болса, оларды пайдалануға және билік етуге жол берілмейді.
Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшірмесін және кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.
Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.
Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады.
Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.
Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгенін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс және жүктің кедендік декларациясы тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
Бұл орайда кедендік ресімдеу мақсаттары үшін осы құжаттармен бірге декларант куәландырған көшірме тапсырылуға тиіс.
Кедендік алып жүру рәсімі - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін, сондай-ақ бір кеден органының қызмет аймағында алып жүруі.
Кедендік алып жүруді кеден органдары, Кеден кодекстің 74-бабының 2-тармағының 1) -3) тармақшаларында көзделген шаралар сақталмаған жағдайда, кеден органы лауазымды адамының жазбаша шешімі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша өткізілетін тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етудің айрықша шарасы ретінде қолданады.
Кедендік алып жүру бір көлік құралына да, бірнеше (оннан аспайтын) көлік құралына да жүргізілуі мүмкін.
Кедендік алып жүру көлік құралы кеден органына келген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей басталады. Кедендік алып жүру тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері өздерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифсіз реттеу шараларын колданбай Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
Шетел мемлекеті дипломатиялық өкілдігінің басшысы және өкілдіктің дипломатиялық жеке құрамының мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, бастапқы жайғасуға қажет тауарларды қоса алғанда, өздерінің жеке пайдалануына арналған тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифсіз реттеу шараларын колданбай Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
Шетел мемлекеті дипломатиялық өкілдігінің әкімшілік-техникалық жеке құрамының мүшелері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, бастапқы жайғасуға қажет заттарды қоса алғанда, өздерінің жеке пайдалануына арналған тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифсіз реттеу шараларын колданбай Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
Қазақстан Республикасының тіркелген тұлғалардың ресми және жеке пайдалануына арналған мынадай тауарлар:
- көлік құралдарының барлық түрлері;
- дербес компьютерлер және олардың керек-жарақтары;
- сателлиталық керек-жарақтармен бірге теледидар, радио, бейне аппаратура;
- шығарылған слайдтармен және фильмдерімен қоса кинокамералар мен кинопроекторлар;
- жиһаздардың барлық түрлері;
- құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын тұрмыстық электр аспаптары, спорттық жабдықтар, музыкалық аспаптар;
- бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған жеке зергерлік сән бұйымдары мәлімделген кедендік режимге сәйкес кеден органдарында міндетті кедендік ресімдеуге және есепке алуға жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері жоқ басқа тұлғаға жоғарыда аталған тауарлардың меншік құқығын беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды төлей отырып, міндетті кедендік қайта ресімдеуге жатады.
Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктер, консулдық мекемелер ресми пайдалану үшін тарифсіз реттеу шараларын қолданбай, бір тоқсанда бес мың дана әртүрлі темекі өнімдерін (сигар, сигарет және т. б. ), бір жүз литр шарап және ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының әкеле алады.
Мәдени-тарихи құндылықтары бар шетел тауарлары және олардың құжаттары кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау үшін кеден органына беріледі. Мәдени-тарихи құндылықтары бар және Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар тиісті уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты негізінде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан тыс әкетілуі мүмкін.
Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына қатар табыс етілуімен жүргізілуге тиіс:
1) декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясын беруге өкілеттігін растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты;
2) кедендік ресімдеуге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты), кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;
4) тауарлардың кедендік құнын растайтын - шот-фактура (инвойс), шот-проформа, арнайы тізбе және Кеден кодекстің 39-тарауына сәйкес тауарлардың кедендік құнын анықтау және мәлімдеу үшін көзделген өзге де құжаттар;
5) тауарлардың шығуын растайтын - Кеден кодекстің 39 және 40-баптарына сәйкес тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;
6) кедендік режимнің талаптарына және кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді немесе олардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын:
- қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде кеден органының, банктің кассалық кіріс ордеріне берілетін түбіртек;
- Кеден кодекстің 339-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін растайтын құжаттар;
- Кеден кодекстің 41-тарауына сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беруді растайтын құжаттар;
- кедендік бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзімді ұзартуды (мәулеттік төлеуді) растайтын құжаттар;
7) тауарларды межелі жерге жеткізуді растайтын - Кеден кодекстің 12-тарауында көзделген тауарлар жеткізуді бақылау құжаты не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;
8) валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар;
9) мәлімделген кедендік режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растайтын фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетілген сертификаттар оларға сертификаттар беру міндетті тауарлар үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;
10) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы.
Таңдалған кедендік режимдерге сәйкес табыс етілетін құжаттардың тізбесі Кеден кодекстің 383-бабында белгіленді.
1. 2 Кедендік ресімдеудің субъектілері
Декларант болып мына тұлғалар:
1) қазақстандық тұлғалар;
2) шетелдік жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде)
3) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік ұйымдардың өкілдіктері осындай өкілдіктердің өз қажеті үшін әкелінетін тауарлардың уақытша әкелінуінің, транзитінің сондай-ақ еркін айналыс үшін шығарылуының кедендік режимдерін мәлімдеген кезде декларант бола алады.
Декларант құқықтары
Кедендік рәсімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де кедендік операциялар жасау барысында декларант:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға, сондай-ақ кедендік декларация мен кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттарды бергенге дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тауарларға берілген кедендік декларацияда көрсетілген жағдайда оларға жеке кедендік декларация берілмейді;
2) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде, олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;
3) кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысуға;
4) өзінің құқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешіміне, кеден органдары лауазымда тұлғаларының іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.
Декларант міндеттері
Декларант:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz