Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
І ТАРАУ. ТІЛ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Тіл ғылымы және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
1.2 Тілдік қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7
1.3 Тілдік қатынастың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ ТАРАУ. АУДАРМА ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖІКТЕМЕСІ ... ... ... ...8
2.1 Тілішілік және тіларалық аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.12
2.2 Қызметтері бойынша аударманың түрлері ... ... ... ... ... ... ... .12.14
2.3 Аударманың эквиваленттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
«Аударма» ұғымының анықтамасы
«Аударма» сөзі көпшілікке белгілі әрі түсінікті болғанымен аудармашылар мен тіл мамандары үшін оның, кем дегенде үш түрлі әрі өзара байланысқан мағыналары бар:
1) адамның әлеуметтік-тілдік қызметінің ерекше түрі;
2) аударатын тілде берілгенақпаратты аударылатын тілдегі ақпаратқа айналдыру барысындағы ойлау процесі;
3) аударма процесінің нәтижесі ретіндегі мәтін.
«Аударма» сөзінің аталған мағыналарының бір-біріне қатынасы бар әрі өзара байланысты: аударма процесінің ерекшеліктері аударманың әлеуметтік-тілдік қызметінің түрі ретіндегі сипаттамасынан туындайды; аударманың процесс ретіндегі туындау ерекшеліктері дыбысталу арқылы түсіндіріледі.
Ұсынылып отырған анықтамалардың ішіндегі ең кең мағыналысы- тіларалық коммуникация жағдайында пайда болатын адамның әлеуметтік-тілдік қызметінің ерекше түрі.
Аудармның адамның әлеуметтік-тілдік қызметінің ерекше түрі ретіндегі анықтамасы аударманың әлеуметтік маңыздылығына, адамның бұл қызметінің қоғамның (социумның) даму ерекшеліктеріне бағыныстылығына, оның әлеуметтік тапсырыста көрініс табатын қажеттіліктеріне баса назар аудартады.
Коммуникация (лат. communicatio - хабарлау; communico - ортақ жасаймын, байланыстырамын, келісемін) - тіл арқылы және басқа да таңбалалар жүйесінің көмегімен адамдар өзара ой бөлісетін, бір-біріне ақпарат беретін ерекше қатынас құралы. Тіл кез келген таңбалар жүйесі секілді код (кілт), яғни ақпарат беру, оны өңдеу және сақтауға арналған шартты белгілердің немесе сигналдардың жүйесі болып табылады. Қолданып отырған кодтың түріне қарай коммуникацияның негізгі екі түрін - тілдік және тілсіз қатынас деп ажыратуға болады. Адамдардың бір-бірімен тіл арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынас жасауы, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Ал адамдардың таңба-белгілер (ыммен түсінісу, көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары және т.б. белгілер) арқылы бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасауы тілсіз қатынас деп аталады. Қатынасқа түсушілер осылайша тілдік немесе тілсіз белгілер арқылы кодталған ақпаратпен алмасып отырады. Ақпарат алмасу жазбаша немесе ауызша (тілдік қатынас) яки басқа таңбалар үздіксіз жалғасатын (тілсіз қатынас) сөйлесімдердің байланыс легі рөліндегі байланыс арнасы арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда коммуникация процесін былайша елестетуге болады: Бірінші қатысушы (яғни хабарды жіберуші - адресант) сәйкес байланыс арнасы арқылы тілдік немесе тілсіз қатынастың көмегімен бөлгілі бір кодталған хабарламаны жібереді; екінші қатысушы (яғии хабарламаны қабылдаушы - адресат немесе рецептор) хабарламаны қабылдайды және қайта кодтау (сарапқа салып, түсіну) арқылы одан ақпарат алады. Бұл процестің мәнін ежелгі грок философы Аристотель б.з.д. IV ғасырда-ақ жүйелеп, коммуникацияның негізгі үш элементін ерекше атап көрсетіп кеткен:
1) Масалимова Әлия Р., Әлімжан Ә.Ш. «Аудармашы » [269 бет]
2) С.Аманжолов «Қазақ тілі теориясының негіздері» 44-47 беттер
3) Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас» 2005 ж. 42-50 беттер
4) Ф.Оразбаева «Тілдік қарым – қатынас теориясы» 3-4 беттер
5) Амирова Ж.Г. «Аудармашы қызметінің кәсіби негіздері»
6) Лексико-стилистические вопросы перевода. – Алматы, 1987.
7) Хасанов Б.Х. Социальная лингвистика. – Алматы, 1998.
8) Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1987.
9) Бархадуров Л.С. Язык и перевод. – Москва, 1975.
10) Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы, 1962.
11) Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Қарағанды, 1997.
12) Комиссаров Н. Теория перевода. – Москва, 1990.
13) Айтбаев О.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы, 1975.
14) Чернов Г.П. Основы синхронного перевода. – Москва, 1982.
15) Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы, 1987.
16) Смағұлова Г. Өлең контексі прагматикасы. – Алматы, 1987.
17) Мастерство перевода. – Москва, 1963.
18) Феодоров А.Б. Основы общей теории перевода. – Москва, 1983.
19) Шарпиев А.В. Синхронный перевод. – Москва, 1979.
20) Верещагин К.М., Костомеров В.Г. Язык и литература. – Москва, 1973.
21) Қазақ тілі энциклопедиясы. – Алматы, 1997.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1

І ТАРАУ. ТІЛ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.1 Тіл ғылымы және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

1.2 Тілдік қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7

1.3 Тілдік қатынастың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІ ТАРАУ. АУДАРМА ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖІКТЕМЕСІ ... ... ... ...8

2.1 Тілішілік және тіларалық аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-12

2.2 Қызметтері бойынша аударманың түрлері ... ... ... ... ... ... ... .12-14

2.3 Аударманың эквиваленттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14 -16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 7

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

КІРІСПЕ

Аударма ұғымының анықтамасы

Аударма сөзі көпшілікке белгілі әрі түсінікті болғанымен аудармашылар
мен тіл мамандары үшін оның, кем дегенде үш түрлі әрі өзара байланысқан
мағыналары бар:

1) адамның әлеуметтік-тілдік қызметінің ерекше түрі;

2) аударатын тілде берілгенақпаратты аударылатын тілдегі ақпаратқа
айналдыру барысындағы ойлау процесі;

3) аударма процесінің нәтижесі ретіндегі мәтін.

Аударма сөзінің аталған мағыналарының бір-біріне қатынасы бар әрі
өзара байланысты: аударма процесінің ерекшеліктері аударманың әлеуметтік-
тілдік қызметінің түрі ретіндегі сипаттамасынан туындайды; аударманың
процесс ретіндегі туындау ерекшеліктері дыбысталу арқылы түсіндіріледі.

Ұсынылып отырған анықтамалардың ішіндегі ең кең мағыналысы- тіларалық
коммуникация жағдайында пайда болатын адамның әлеуметтік-тілдік қызметінің
ерекше түрі.

Аудармның адамның әлеуметтік-тілдік қызметінің ерекше түрі ретіндегі
анықтамасы аударманың әлеуметтік маңыздылығына, адамның бұл қызметінің
қоғамның (социумның) даму ерекшеліктеріне бағыныстылығына, оның әлеуметтік
тапсырыста көрініс табатын қажеттіліктеріне баса назар аудартады.

Коммуникация (лат. communicatio - хабарлау; communico - ортақ жасаймын,
байланыстырамын, келісемін) - тіл арқылы және басқа да таңбалалар жүйесінің
көмегімен адамдар өзара ой бөлісетін, бір-біріне ақпарат беретін ерекше
қатынас құралы. Тіл кез келген таңбалар жүйесі секілді код (кілт), яғни
ақпарат беру, оны өңдеу және сақтауға арналған шартты белгілердің немесе
сигналдардың жүйесі болып табылады. Қолданып отырған кодтың түріне қарай
коммуникацияның негізгі екі түрін - тілдік және тілсіз қатынас деп
ажыратуға болады. Адамдардың бір-бірімен тіл арқылы ауызша немесе жазбаша
қарым-қатынас жасауы, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік
қатынас дегенді білдіреді. Ал адамдардың таңба-белгілер (ыммен түсінісу,
көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары және т.б. белгілер) арқылы бір-
бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасауы тілсіз қатынас деп
аталады. Қатынасқа түсушілер осылайша тілдік немесе тілсіз белгілер арқылы
кодталған ақпаратпен алмасып отырады. Ақпарат алмасу жазбаша немесе ауызша
(тілдік қатынас) яки басқа таңбалар үздіксіз жалғасатын (тілсіз қатынас)
сөйлесімдердің байланыс легі рөліндегі байланыс арнасы арқылы жүзеге
асырылады.

Жалпы алғанда коммуникация процесін былайша елестетуге болады: Бірінші
қатысушы (яғни хабарды жіберуші - адресант) сәйкес байланыс арнасы арқылы
тілдік немесе тілсіз қатынастың көмегімен бөлгілі бір кодталған хабарламаны
жібереді; екінші қатысушы (яғии хабарламаны қабылдаушы - адресат немесе
рецептор) хабарламаны қабылдайды және қайта кодтау (сарапқа салып, түсіну)
арқылы одан ақпарат алады. Бұл процестің мәнін ежелгі грок философы
Аристотель б.з.д. IV ғасырда-ақ жүйелеп, коммуникацияның негізгі үш
элементін ерекше атап көрсетіп кеткен:

СӨЙЛЕУШІ - СӨЙЛЕСІМ - ТЫҢДАУШЫ

Коммуникация процесінің қазіргі сипаттамаларының ішіндегі ең қарапайым
әрі қисындысы XX ғасырдың ортасында орыс филологы Р.О.Якобсон ұсынған схема
болып табылады. Осы схеманы негізге алып, оған монолингвальді коммуникация,
тіларалық коммуникация, тілдік тосқауыл, тілдік дәнекер, шығыс тіл,
аударылатын тіл деген ұғымдарды қоса отырып, біршама анықтауларды
енгіземіз. Нәтижесінде № 1 және № 2-схемаларға қол жеткіземіз.

Ақпаратты жеткізу және қабылдау кезінде қатысушылардың екеуі де бір
ғана тілдік кодты қолданса (яғни, екеуі де бір тілде сөйлесіп тұрған
болса), коммуникацияның мұндай түрі монолингвальді (гр. monos - бір, жалғыз
және лат. lingua - тіл) деп аталады. Бұл жағдайдағы коммуникация тікелей
сипаттамаға ие, сол себепті коммуниканттар бегде біреудің көмегінсіз-ақ
түсінісе плоды. Егер коммуниканттар түрлі вербальді кодтар (яғни, әртүрлі
тілдер) арқылы қатынас жасаушылар болса әрі олардың әрбірі қарсысындағы
адам сөйлеп не жазып отырған тілді меңгермеген жағдайда олардың арасында
қатынас жасауға кедергі келтіріп, қоршау болатын тілдік тосқауыл пайда
болады. Мұндай кезде тілдік тосқауылды бұзып, ақпарат алмасуға мүмкіндік
беретін тілдік дәнекердің, яғни екі тілді де (1-кодты әрі 2-кодты)
меңгерген субъектінің кемегі қажет болады. Ол - аудармашы. Коммуникация
ортақ сипатқа ие болады, өйткені, қатысушылар бір-бірімен тікелей ақпарат
алмаса алмағандықтан тілдік дәнекер - аудармашы арқылы ақпарат жіберіп, сол
арқылы қабылдайды.

Аудармашы адресат пен адресанттың іс-әрекеттерін біріктіре отырып,
күрделі қызметтерді атқарады: 1) ол аударатын тілде құрылған, бірінші
қатысушы жіберген 1-кодты хабарламаны қабылдайды және қайта кодтайды;

2) алынған ақпаратты 2-кодпен кодтайды, яғни ақпаратты аударылатын
тілде қайта құрастырып, екінші қатысушыға жібереді.

Қатысушылар ақпарат алмасып отырған байланыс арнасы АУДАРМА (ауызша
немесе жазбаша) болып табылады.

Қатынастың бұл түрі тіларалық коммуникация деп аталады.

І ТАРАУ. ТІЛ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІ

Тіл – таным мен коммуникация мақсаттары үшін қолданылатын таңбалық
жүйе. ХІХ ғ. 60-70 ж.ж. нілдік тілтанушы Д.Уитни тілді ерікті және шартты
белгілердің жүйесі деп тұжырымдайды. Оның көзқарасын қолдаған Ф.деСоссюр
таңбалаушы мен таңбаланушының байланысында еш мағына жоқ, ол өзінен пайда
болатын құбылыс деген қағидаға басты назар аударды. Соссюр тіл мен
сөйлеудің қарама – қайшылығын бөліп жарып, тіл мазмұнының төрт қағидасын
табады: таңбалық құрылым ретіндегі тілдік қабілеті және осы қабілетті
жүзеге асыру ретіндегі сөйлеу, әлеуметтік – тарихи парызын атқарудағы
сөйлеу қызметі.

Сонымен Соссюрше, тіл дегеніміз – қатынас үшін керекті жүйелер мен
заңдылықтар қосындысы. Басқаша айтқанда, сөйлеу дегеніміз – тілдік тұлғаның
бейнеленуі. Соссюрдің осы ойларынан кейін американдық философ Ч.С. Пирс
дамытады. Сана феноменологиясын жаңа сатыға көтереді. Тіл өзі туралы ең
алдымен сөйлеу арқылы әйгілейді. Бірақ сөйлеу үшін ең алдымен тыңдай білу
керек. Ол үшін үнсіздік құбылысы маңызды. Себебі, үнсіз қалғанда ғана адам
тыңдап, ойлай алады. Ойлау түсінуге әкеледі. Осының нәтижесінде Хайдеггерше
тіл дегеніміз – сөйлеу, тыңдау, үнсіздік пен түсіну құбылыстарының
біртұтастығы.

1.1 Тіл ғылымы және оның мақсаты

Тіл ғылымы негізінде адам баласының тілінің жазылуының, өсуп-өнуін,
оның құрылысын, бұрыңғы, қазіргі күйін, оның бірімен – бірін өзара қарым –
қатынасын, олардың даму жолдарын, ондағы заңдарды тексереді. Сонымен, қатар
тіл ғылымы тіл – тілдің келешегін де, қалай дамитынын да, болашақ тілдің
жасалу жолдарын да әңгіме қылады. Аланда, әңгіме мұнымен бітпейді. Тіл мен
ойлау және жазу мәселелері бір нәрсе сияқты. Бұларды да тіл ғылымы ішіне
алады. Олай болса, бұл ғылым – бүтіндей адам баласының тіршілігіне
байланысты ғылым. Тіл арқылы да, жазу арқылы да адам ойын іске асырады.
Ленин тілдің қасиетін еске алып: Тіл – адам баласының қарым – қатынас
құралының ең маңыздысы - деген.

Тілдің қарым – қатынастық құрал екенін, оны қоғамның өзі жасағанын,
Маркс, Энгельс, Лениндер әлдеқашан айтқан, бірақ бұған кертартпа идеалшыл
оқығандар көңіл қоймай, елемей келеді. Оның себебі, тіл – қарым –қатынас
құралы десе, тап құралы дегенмен бірдей болады. Сондықтан идеалистер
өздерінің Тілді адам қоғамы жасаған жооқ, құдай жасады деген өтіріктері
шығып қалатынын сезді.

Жоғарыда тіл ғылым қоғамдық қатынас құралы және ол тап құралы десе,
ленин өзінің философия дәптерінде айтқан. Мұны қалай түсіну керек? Бұл сөз
түрлі мәнге байланысты айтылған:

1) әуелі тіл ғылымы хат тану, оқу, жаза білудің басқышы;

2) хат тани білу арқылы жаңа адамның басқа білімдерге қол жетеді;

3) басқа білімдердің тарихын білу арқасында адамның өз ой-өрісі кеңейеді;

4) тіл ғылымы арқылы бір халық бір халықпен дұрыс қатынас жасайды,
бірінің тілін бірі тез үйренуге де тіл ғылымы себепкер;

5) қысқасы, тілсіз шаруа, экономика да ілгері баспақ емес.

Маркс-Энгельс Тілді – шаруашылық тұрмыстың керегінен туған қондырмалық
нәрсе-дейді, бұл да рас болғандықтан, ол қоғамдық қатынас құралы.

Тіл – ұлттың рухы, жаны В.Тулебольдт

Тіл – табиғат сыйы Ф.Бопп

Тіл – психологиялық – физиологиялық процесс Г.Пауль.

Н.Я.Марр Тіл – еңбекті магияның процесінен туған нәрсе - дейді.
Өйткені әуелі тіл қол, ым, сызық тілі болған, деп оның баспалдағын
айқындайды. Тілдің не екенін бұдан толық түсіну үшін , Маркстің Тіл істегі
айқын сана, тіл сияқты қатынас қажетінен туған, менің өз ортама қатынасым –
менің санам, хайуан ешкіммен қатынас жасамайды, оның басқамен қатынасы
есебінде емес-дегенін еске алуымыз керек.

Тіл – жағынан адам баласының барлық басынан өткізген дәуірінің,
ісінің, барлық табының айнасы, таңбасы бола алады - дейді П.Лафарг.

Тіл философия ғылымының тығыз байланысты болуының өзі де сол екеуінің
де ойлау мәселесіне тірелетіндігінде.

Тіл – адамзаттың бір – бірімен пікірлесуін, түсінуін, сөйлесуін
қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым – қатынасы іс жүзіне асырады. Ғалымдар
осы қарым – қатынас сөйлеу құралы болыптабылатынын тілді әр түрлі
ерекшеліктеріне қарай жан – жақты зерттеп келеді.

Тілдің қатынас құралы қызметін атқаратыны туралы пікірлер ертеректен
айтылғанымен, тілдік қатынастың тіл білімінің жеке мәселесі ретінде
зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді.

Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік
қатынас мәселесіне екерше мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік
маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жан – жақты жол
ашудан көрінеді. Сондықтан , тілдік қатынас бүгінгі күннің ең өзекті
мәселесі ретінде әлемдік лингвистикада жаңа ғылыми еңбектердің шығуына әсер
етті. Бұл еңбекте тілдік қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты
қағидалары, оны қолданудың әдіс – тәсілдері қарастырылып, терминдері ғылыми
айналымға түсті.

Қазақ тіл білімінде қатынас ғылыми мәселе ретінде теориялық жағынан да,
әдістемелік жағынан да арнайы зерттелген емес, сол себепті осы уақытқа
дейін ғылыми оралымға түскен оның терминдері қалыптасқан жоқ. Тілдік
қатынас деген терминнің өзі осы еңбекте алғаш рет қолданылып отыр.

1.2 Тілдік қатынас

Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту,
пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. Сондықтан, тілдік
қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау, сол сияқты
қарым – қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын
белгілеу қазіргі өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы өзіндік анықтамасын
беруді, тілдік қатынас құбылысын теориялық және әдістемелік жақтан арнайы
зерттеуді қажет етеді.

Бұл ғылыми мәселенің тіл білімінде анықталуы тілді оқытуға байланысты
қатысын, әдісін туғызды. Қазіргі халықаралық қатынас жан-жақты дамыған
уақытта тілді оқыту мен үйренуге айрықша назар аударылып отырғаны белгілі.
Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін алға
шығарған.

Тілдік қатынас анықтамасы, ерекшеліктері

Қарым – қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл аралық байланыс,
сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасауы.
Қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсіну, яғни адамзаттық тіл арқылы
сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.

Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді.
Өйткені ол ауызекі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттық сөйлесу
құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген
қоғамдық - әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтанда осындай
нақтылы ұғымды білдіру үшін біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз.
Себебі, сөйлесім , сөйлеу түбірі арқылы жасалып келіп, сөйлеу
процесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. Сөйлеу деген сөздің өзі
адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіректіндікитен, көбінесе біржақты
әрекет ретінде қабылданады. Ал сөйлесім, сөйлеу түбіріне ортақ етістің
с жұрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас
нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге
асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, яғни жауап қайтарылуы,
яғни істің ортақ атқарылуы басты шарт. Сөйлесім - осы басты шартты және
ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.

Сөйлесім тілі – тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл
арқылы сөйлей алады, ұсыныс алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде
дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл
болғанымен олар сөйлеу мүшелеріне тән қасиетпен қамтамасыз етілген, яғни
олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.

Сөйлесім әрекеті тек ойлау мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен
пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл өз алдына бөлек,
жеке мәселе.

Тілдік қатынас – сөйлеу тілді арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым – қатынас
жасау дегенді білдіре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын
жарыққа шығаруды көздейтін, қоғамның даму үшін ең қажетті қоғамдық -
әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір – бірімен пікір
алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді.
Кейде әртүрлі жағдайларға байланысты олар бі р- бірін тілсіз –ақ ұғып,
соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда адамдар түрлі
жарық көздеріне, естіген дыбыстарға назар аударады, соған өздерінше жауап
қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты, жол белгілерінің әртүрлі
таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап,
түсініп, осыған байланысты қозғалады.

Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы
тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да адамдар арасындағы қарым – қатынастың бір түрі.
Осыдан басқа да адамдардың бірін – бірі түсінудің көптеген жолдары бар.

Мұндай семантикалық таңба – белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінуі
және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл – қозғалыстары мен жалпы бет -
әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене
мүшелерінің әртүрлі қимыл - әрекетінің өзін неше саққа жүгіртуге болады.

Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести
сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы бұл да белгілі бір әрекетті
қабылдап түсінуді қажет ететін құбылыстар.

Қарым – қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінің барлығы өмірден,
қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым – қатынастар адам үшін қызмет
етеді, адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да
адамдардың қарым – қатынасына, байланысына жатады. Олар да мұндай ұғынысу,
түсінісу тілсіз қарым – қатынас деп аталады.

Тілсіз қарым – қатынаста түсінудің бәрі тілдік тұлғалардың көмегінсіз
жүреді. Мұнда тілдік қатынас құралы ретінде қызмет атқармайды.

Дегенмен, тілсіз қатынас пен оның түрлері қоғамда да, өмірде де өзіндік
орын алады. Бұлар адамдардың қарым – қатынасына қызмет ете келіп,
түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.

Жалпы адамдардың қарым – қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен
тармақтан тұрады. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас.
Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да
бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олар екеуі де, біріншіден,
адамдардың бір – бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар
арасындағы қатынасқа қызмет етеді.

1.3 Тілдік қатынастың ерекшеліктері

Ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің сонымен бірлігі
арқасында жүзеге асады және текадамзатқа ғана тән болып табылады.

Қандай болсын тілдік қатынасқа кем дегенде екі байланыста қатынасады.
Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі қабылдайды немесе біреуі хабарды айтып,
не жазып жібереді, екіншісі хабарды алады. Бұл екі процесстің екеуі де
сөйлесім әрекеті арқылы болады, есту мүшесінің актив қызметі арқылы жүзеге
асады, көзбен көру арқылы қабылдайды.

Қорыта келгенде, Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы
тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге
асып, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу
заңдылықтары арқылы берілетін, адамдар өзара түсінісуін қамтамасыз ететін,
тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық - әлеуметтік процесс .

Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы (К.Маркс)

Тілдің шығуы туралы мәселе тіл білімінің ең күрделі және принципті
мәселелерінің бірі болып табылады. Тілдің қалай шыққаны туралы мәселеге
адамдар ерте замандардың өзінде - ақ назар аударып, әртүрлі жорамалдар
айтқан. Тіл адамзат ісінің барлық саласында қолданылады. Тіл адамзат
баласымен, қоғаммен бірге туып, онымен бірге жасап келеді.

ІІ ТАРАУ. АУДАРМА ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖІКТЕМЕСІ

Тіларалық және мәдениетаралық дәнекерліктің қарастырылған түрлерінің
ішінде ерекше орында тұратыны қазіргі аударма практикасында белгілі бір
өлшемдер (белгілер) бойынша ажыратылатын түрлері бар – нақты аударма
(немесе транскодтау).

2.1 Тілішілік және тіларалық аударма

1. Аударылатын тіл мен шығыс тілдің түрлерінің қатынасы бойынша
тілішілік иударманы және тіларалық аударманы ажыратады.

Тіл ішілік аударма - бір ұлттық тілдің шеңберінде жасалатын аударма,
яғни аударылатын тіл де, шығыс тіл де бір ұлттық тіл болады және олар сол
ұлттық тілді әртүрлі тарихи кезеңдердегі көрінісі немесе түрлі
функционалдық-стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерге ие мәтіндер түрінде
болып келеді. Осыдан келіп тілішілік аударма мына
түрлерге бөлінеді:

1) Диахрондық (тарихи) аударма - бір ұлттық тілдің ерте кездерде
белгілі бір тарихи дәуірде пайда болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік аударматану
Аударма түрлері. Мәтінді аудару барысында аударма түрлерін
Бір тілде сөйлейтін адамдар белгілі бір мәдениеттің өкілдері
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Американдық саяси дискурс
Аударма
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Пәндер