Азияның географиялық табиғат зоналары


Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Азия елдерінің жер аумағы, жалпы сипаттама . . . 4
2. Азияның географиялық табиғат зоналары . . . 10
3. Азия елдерінің экономикалық жағдайы . . . 14
ІІІ. Қорытынды . . . 19
IV. Ә ебиеттер . . . 21
Кіріспе.
Азия - адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени құндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, ОрталықАзия.
Шетелдік (ТМД елдеріне қатынасы бойынша) Азия 3, 6 млрд халқы бар 27 млн км 2 аумақты алып жатыр. Бұл жер көлемі жағынан Африкадан ғана кейін, ал тұрғындарының саны жағынан барлық басқа аймақтарды қосып есептегеннен әлдеқайда көп дегенді білдіреді. Азияның саяси картасында 40-тай тәуелсіз мемлекет бар. Олардың көбі дүниедегі ең көне елдердің қатарына жатады. Азия елдерінің - адамзат жаратылысының бір ошағы, жер өңдеудің, суармалы егістің, қалалардың және көптеген мәдени құндылықтардың отаны. Бұл жер аумағындағы елдердің басым көпшілігі дамушы елдердің санатына қосылады. Оның құрамына әдетте төрт ірі аймақ енеді: Орталық және Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Батыс Азия. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне Азия-Тынық мұхит аймағы (АТР) кіреді.
1. Жапония (экономикалық көрсеткіштерінені өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.
- Қытай мен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.
- Азияның жаңа иңдустриялық елдері:Корея, Сингапур, Таявань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы құрайды.
- Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші еддер: Сауд Арабиясы, Кувейт. Экономикасының негізі - мұнай өндіру өнеркәсібі.
- Иңдустрияландыру әзірше, негізінен, тау-кен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладешт. б. ) .
- Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т. б. дамушы елдерде өндеуші өнеркәсіп жоққа тән.
Ауыл шаруашылыеы. Кең-байтақ территорияда алуан түрлі ауыл шаруашылығы аудандарының 3 түрі қалыптасқан.
- Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның бүкіл муссонды секторын қамтитын күріш егетін аудандар.
- Жерорта теңізінің жағалауындағы субтропиктік Аймақтың қалған территориясында бидай, тары тектес дақылдар өсіріледі. Жайылымдық мал шаруашылығы Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азияда жүгізіледі. Мәдени дақылдың бірі болып саналатын мақтаның экспортқа шығарылуы маңызды орын алады.
1. Жер аумағы, шекаралары, жағдайларына жалпы сипаттама.
Жапония мемлекеттік құрылысы: конституциялық монархия. Заң шығарушы жоғары органы - парламент.
Табиғат жағдайы. Ауданы 377835 км 2 . Жапония - 4 ірі және 4 мындай ұсақ аралы бар архипелаг. Табиғат байлықтарына өте кедей. Жапонияға жер сілкінісі зонасында орналаскан муссондық климат тән.
Халқы 125 млн адам. Халқының тығыздығы жоғары (1 км 2 -ге 300 адамнан) . Халықтың ұдайы өсуінің 1-типі, адамдар өмірінің орташа ұзақтығы жөнінен дүние жүзінде 1-орында. Урбаңдалу деңгейі өте жоғары. Халқының 76%-ы қалаларда тұрады. Қала халқының басым бөлігі Тынық мұхит жағалауында орналасқан Токайдо мегаполисінде тұрады.
Жапония - бір ұлтты ел, халқыньщ 99%-ын жапондар құрайды.
Діні: синтоизм, буддизм.
Жапония өнеркәсібін 2 топқа бөлуге болады. Бірішісіне шикізатты көп тұтынатын өндірістер (болат қорыту мен мұнай химиясы, автомобиль және кеме жасау), екінші топқа ғылым көп қолданылатын (роботтар, тұрмыстық радио мен электрониканы, ЭЕМ мен жартылай өткізгіштерді жасау) салалар жатады.
Жапония импортқа минералдық ресурстарды, мұнай өнімдерін, астық дақылдарын шығарады.
Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - балық аулау және күріш өсіру, сонымен қатар мал шаруашылы да дамып келеді (шошқа, бройлерлік құс шаруашылығы. Көлік жүйесі өте жақсы дамыған. Ішкі тасымалдардың бәрінде автомобиль көлігі (90%) мен теміржол көлігі басты рөл атқарады. Сыртқы сауда байланыстарында теңіз көлігі көтергшпііі жөнінен дүние жүзінде бірінші орында.
Қытай. Мемлекеттік құрылысы. Қытай дүние жүзінде халқының саны жөнінен бірінші болып отыр. Территориясы бойынша үшінші орын алатын ел. Әкімшілік-аумақтық тұрғыдан алғанда ол 21 провинциядан тұрады. Шағын ұлттардың бес автономиялы ауданы бар және орталық болып саналатын үш қалаға (Пекин астана), Шанхай және Туньцзинь) бөлінеді. Заң шығарушы үкімет органы -бүкіл қытайлық халықтық жиналыстың үкіметті өкілі.
Табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы (таулы және шөлді аудандардан басқа) . Ауданы 9573980 км 2 . Табиғи ресурстары орасан мол (тас көмір, темір және марганец рудалары, бокситтер мен мырыш, Қалайы, вольфрам, сүрме, молибден т. б. ) .
Гидроэнергия қорлары мол, алуан түрлі топырағы кұнарлы болып келеді. Агроклиматтық ресурстарға бай.
Халқының саны 1, 2 млрд адам. 50 жылдардың ортасында Қытайда тууды барынша шектеуге бағыт алынды. Ондағы жүргізілген белсенді демографиялық саясаттың ең басты ұранында «бір отбасына бір баладан» делінеді. Шығыста, ¥лы Қытай жазығының оңтүстігінде халық өте тығыз қоныстанған (1 км 2 -ге 600 адамнан) . Урбандалуы елдің әрбір үшінші адамы ғана қала тұрғыны, алайда ешбір мемлекетте мұнша «миллионер қалалар» жоқ.
Шанхай агломерациясы қалыптасқан. Ұлттық кұрамы әр түрлі (қытайлар [90%], чжуандар, монғоддар, ұйғырлар т. б)
Басым діндер - конфуцианство және даосизм, басқа, ұлттар арасында ислам мен буддизм таралған.
Экономикасының негізі - өнеркәсіп. Қытайдың отын-энергетика кешенінің негізін көмір өнеркәсібі құрайды. Қытай көмір өндіруден алдыңғы орында. Қытай дүние жүзінде қара металлургияны дамыту бағытында жақсы шикізат базасы болып саналады. Елде 1 мыңнан астам металлургия кәсіпорны бар (Анынань, Бэньси, Баотау, Пекин, Ухань) .
Түсті металлургияның негізгі өнеркәсіптері (мыс, алюминий, қорғасын және мырыш қорыту) Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қытайда орналасқан.
Қытайда машина жасау саласы жақсы дамып келеді. Машина жасаудың басты орталықтары: Шанхай, Шэньян, Тяньцзинь, Харбин, Пекин, Лоян, Чан-Чунь т. б.
Химия өнеркәсібі дамып келеді. Онда өндірістің 3 тобы сараланған:
- минералды тыңайтқыштар;
- байланыстырғыш материалдар;
- тұрмыстық химия өнеркәсібі.
Жеңіл өнеркәсіп салаларынан тоқыма мата шығару дамыған.
Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік. Дәнді дақылдар (күріш, бидай, картоп, батат, мақта) үлесі 80%-ға дейін жетеді.
. Көлік жүйесі шығыста жақсы дамыған. Жүк айналымы мен жолаушы тасымалының шамамен жартысы теміржол көлігіне келеді. Сонымен бірге теңіз, автомобиль, кұбыр, авиация көлігінің үлесі артуда.
Үндістан
Мемлекеттік құрылысы жөнінен Үндістан - 25 штат пен одақтас территориядан тұратын федерациялы республика. Әрбір штатының заң шығаратын жиналысы мен үкіметі бар, бірақ күшті орталық үкімет сақталады.
Табиғат жағдайы экономиканың дамуына қолайлы: бай минералдық ресурстары, су қоры және агроклиматтық қорлары бұл бағытта өз ықпалын тигізуде.
Халқы 937 млн адам. Халқы әркелкі орналасқан: Гималайда 1 км 2 -ге 2 адамнан, Үнді-Ганг жазығында 1 км 2 -ге 1000 адамнан келеді. Табиғи өсуі жоғары, урбандалу деңгейі төмен (27%) . Бомбей, Калькутта, Дели, Мадрас агломерациялары қалыптасқан. Үндістанда 500-ден астам халық тұрады.
Басым діні - индуизм (80%) . Мұсылмандар, сикхтар мен буддистер көп кездеседі. Халыктың этникалық және діни кұрамы кейде ұлтаралық және касталық қайшылықтар шиеленісуін тудырады.
Өнеркәсібі. Қара металлургия мен машина жасау Домодар өзені ауданы), химия (Бомбей), мақта мата, джут, тігін өнеркәсіптері экспортқа жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылыеының негізгі саласы - өсімдік шаруашылығы (күріш, бидай, шай, жер жаңғағы, қант құрағы, Джут, мақта) .
Құрғақшылық аудандарда мал шаруашылығы өріс алуда. Діни сенімге байланысты ірі қара мал (200 млн шаруашылыққа пайдаланылмайды.
Шетелдік Азияның а у м а ғ ы солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 мың км-ге дерлік, ал батыстан шығысқа қарай 10 мың км-ден астам ұзындыққа созылып жатыр. Қытай мен Үндістан алып елдердің, ал қалғандары-ның көпшілігі де едәуір ірі елдердің қатарына жатады . Осы елдермен қатар Азияда шағындау елдер мен шағындау мемлекеттер де кездеседі . Көптеген елдердің шекаралары жақсы байқалатын табиғи белгілер арқылы өтеді. Мысалы, Гималайдағы бірқатар орындар экономикалық және басқа да байланыстар үшін едәуір қиындықтар келтіріп отыр.
Елдің ЭГЖ-ы үш басты белгі арқылы сипатталады.
Біріншісі - бұл көп ретте әрқайсысы Азияның төрт ірі аймағын біріктіретін көршілестік жағдай.
Екіншісі - бұл теңізге қатыстылық жағдайы. Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары бұл елдердің көпшілігін аса маңызды дүниежүзілік сауда жолдарына алып шығады.
Мысал. Вьетнамның аумағы Оңтүстік-Қытай теңізін бойлай жіңішке жолақ түрінде 1700 км-ге созылып жатыр. Бұл елді географтар бейнелі түрде «Тыных мұхиттағы Үндіқытайдың терезесі» деп тегіннен-тегін айтааған. Вьетнамның бас-қа елдермен орнайтын негізгі байланыстары теңіз жолдары арқылы жасалады.
Азия еліне жалпы сипаттама.
Үшіншісі - бұл кейбір елдердің түкпірде қалу жағдайы. Тұтастай ал-ғанда, бұл жағдай осы елдерге едәуір тиімсіз болып отыр.
Мысал. Қазақстан - материктің орта шеніңде орналасқан, Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алмайтын елдер ішіндегі аумағы жөнінен ең ірі мемлекет.
Оның басқа мемлекетгермен байланысы Орталық Азия елдерін есептемегенде, Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Грузия және Иранның көлік жүйесі аркьшы жүзеге асады.
Азия елдерінің саяси карт а с ы соңғы уақытта үлкен өзгерістерге ұшырады. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында оның халқының 90%-ы отар мен жартылай отарда өмір сүрді. Қазір аймақтағы барлық елдер - шын мәніндегі саяси тәуелсіз мемлекеттер. Осыған қарамастан, Шетеддік Азия уақыт өткен сайын аймақтық және локальдық қақтығыстардың өршуіне алып келе жатқан, кейбіреуінде қарулы қақтығыстар, ұзаққа созылған соғыстар жүріп жатқан кәптеген жер аумақтық талас-тартыстардың майданы куйінде қалып келеді. Азияда, шетелдік Еуропадағы сияқты, көптеген елдер республи-ка деп аталғанымен, монархиялық басқару түрін сақтап келеді .
2. Азияның географиялық табиғат зоналары.
Табитат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық су қоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған.
Мысал. Мұнай мен табиғи газ қорының көбі Оңтүстік-Батыс Азия елдерінде деп есептелгенімен, оның негізгі өндірілетін орындары Сауд Арабия-сында, Кувейтте, Иракта, Иранда, БАӘ-де орналасқан. Мұнда мұнайдың үлкен қоры болуынан басқа тау-кен өнімін шығару жағдайы аса пайдалы-лығымен ерекшеленеді .
Мұнай мен табиғи газ іздестіру жұмысы дүние жүзіндегі аса ірі әрі өте аз зерттелген аймағы - Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы теңіз жиектеріндегі су астында қарқынды жүргізіліп жатыр .
Бұл аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған табиғи қор-лардың жағдайы (алғы-шарттары) да өте әр түрлі. Осы қиыншылық жағдайды былай қойғанда, мұндағы елдің басында негізінен екі үлкен про-блема бар.
Біріншісі - жер қорларының жетіспеу проблемасы. Тау сілемдерінің, шөл және шөлейт жерлердің көп болуы жер қорының құрылымына қатты әсер етеді, яғни ондағы ауыл шаруашылығының, әсіресе, егістік жердің үлесін қатты шектеп тастайды. Адам санына шаққанда халықтың егістік жермен қамтамасыз етілуі аймақтағы елдердің көпшілігінде 0, 1-0, 2 га-ны құрайды, ал бұл халық санының өсуіне қарай одан әрі азая береді.
Екіншісі - агроклиматтық ресурстарды тиімді пайдалану проблемасы. Аумақтың басым бөлігінде жылу қоры өсімдікті ауылшаруашылық маусымы
ішінде немесе тіпті жыл бойы қамтамасы ете алады. Ал, егістікті қамтамасыз ету қорлары әр түрлі болып келеді. Егер муссондық климаттағы аудандарда суару тек қыс ғана қолданылса, қүрғақ тро және субтропиктік Оңтүстік-Азияда ол бүкіл жыл бойы қолданылуы керек. Тұтастай алғандағы жинақталған су жер суару пайдаланылады. Дүние жузіндегі сус жердің 3/4 бөлігі осы аймақта. Мұндай жердің жалпы көлемі жағынан жүзінде Қытай - бірінші, Үн, екінші орын алады. Аймақ аумағының едәуір бөлігінің табиғат жағдайы (шөлдер, биік таулы жерлер) ауыл шаруашылығымен және орман шаруашылығымен айналысуға мүлде мүмкіндік бермейді . Табиғат зоналары картасын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жер шарының басқа материктеріне қарағанда Азияның табиғат зоналары анағұрлым алуан түрлі; материктің солтүстігінде табиғат зоналары тұтас алап болып созылып жатыр, тайганың оңтүстік тұсына қарай олар тек солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай ауыса береді.
Азияның арктикалық шөлдер, тундралар мен орманды тундралар Солтүстік Америкадағыдай, оңтүстікке қарай көп ішкерілеп енбеген. Екі материктің де осы зоналарының табиғатында ұқсастықтар бар. Бұл кездейсоқ емес, өйткені зоналар материктердің солтүстік шетіне қарай орналасқан, мұнда төменгі температура ұзақ сақталады, көп-жылдық тоң, ұлан-байтақ батпақтар кездеседі. Оның үстіне өткен заманда бұл материктер біртұтас болған .
Орманды зоналар. Азияда олар кең-байтақ территорияны алып жатыр. Көлемі жағынан бң үлкені - тайға. Қоңыржай климат белдеуінде жаз тундра мен орманды тундраға қарағанда едәуір жылы әрі ұзақ, осының арқасында ағаш тектес өсімдіктер пайда болады.
Тайга зонасының топырағы күлгін. Мұнда суыңқа төзімді қылқан жапырақты ағаштар - қарағай мен шырша, ал Урал тауларынан шығысңа ңарай - майқарағай, сібір қарағайы, оны самырсын деп те атайды, сондай-ақ өзінің қылқанын қыста тастайтын бірден-бір қылқан жапырақты ағаш - балқарағай өседі.
Аралас және жалпақ жапырақты ормандар материктің батысы мен шығысында ғана орналасқан . Жалпақ жапырақты ағаштар жылу сүй-еді, сондықтан олар тайгада болмайды. Күлгін топыраққа қарағанда, мұнда топыраң анағұрлым құнарлы.
Азиялық жалпақ жапырақты ормандарға шамшат пен емен тән. ПІамшат орманы ылғалды әрі жылы климатта өседі. Шығыс Европа жазығында жауын-шашын азая береді,
Арктикалық шөлдер мен тундралар табиғаты әзірге адамның шаруашылың әрекеті арқылы әлі де аз өзгерген. Алайда кейбір аңдардың, мысалы, ақ аюдың саны едәуір кеміді. Оны атуға тыйым салу, осы ғажайып аңның сақталуына мүмкіндік туғызып отыр.
Азия халықтарының этникалық құрамы өте күрделі: этнограф-ғалымдар мұнда түрлі тілдік топтарға бөлінетін 1мыңнан астам әр түрлі халық тұрады деп есептейді . Олардың ішінде аса ірі халықтар да, тау сілемдеріне шашылып кеткен өте ұсақтары да бар. Елдерінің көпшілігі көп ұлттыға жатады. Мысал. Үндістан мен Индонезияның әрқайсысында - 150-ден, Филлиппин аралдарындағы елдерде - 100-ге тарта, Қытай мен Вьетнамда - 50-ден ас-там, Иранда, Ауғаныстанда, Мьянмада, Таиландта 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Азия елдері - барлық әлемдік діндердің отаны. Олар көптеген ғасырлар, тіпті мындаған жылдар бойы сондағы елдердің саясатына, экономикасына, рухани мәдениетіне, халықтың өсіп-өнуіне, әдет-ғұрпына үлкен әсер етіп келді. Дін материалдық мәдениет саласында да - мұсылман мешіттерінде, үнділік храмдарда, будда храмдары мен монастырларда кеңінен қолданылды. Оның ел өмірінің барлық жақтарына тигізетін ықпалы қазіргі кезде де өте үлкен қалпында қалып отыр.
Азия елдерінің бірқатарындағы этникалық және діни құрамның күрделілігі көптеген этникалық және діни топтардың арасында дау туып кетуіне альш келеді. Бұл, әсіресе Үндістанда, Пакистанда, Ауғаныстанда, Филиппин аралда-рында қатты байқалады. Мұндай даулардың көпшілігінің тамыры отаршылдық және жартылай отаршылдық заманға алып барады, ал олар әдетте се-паратизм ұранына ілесіп шығады. Мысал. Курдтер - саны 20 млн-дай халық. Алайда, олар тарихи тұрғыдан Түркия, Иран, Ирак және Сирия елдерінің қүрамына бөлініп еніп кеткен. Енді, міне, курдтердің ұлттық қозғалысының көсемдері тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құруға, оның ішінде қарудың күшімен орнатуға жандарын салып келеді.
Аймақтағы халықтың орналасуына халықаралық миграция белгілі мөлшерде әсер етеді. Бұл жағдай көбіне-көп өздерің білетін, еңбек қорларын өзіне тартуы жағынан ең басты дүние жүзілік орталықтардың біріне айналған Парсы шығанағындағы елдерге қатысты. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Африка елдерінен келген иммигранттардың мұндағы жалпы саны - 8 млн адам. Осылардың тең жартысы осындағы елдердің ең үлкені - Сауд Арабиясында жұмыс табады, 1 млн-нан астамы Кувейтте еңбек етеді . Мигранттардың жұмыс істейтін негізгі салалары - мұнай өнеркәсібі, құрылыс, көлік жүргізу, қызмет көрсету және т. б. Сауд Арабиясында олар барлық еңбек адамдарының 70%-ын, Кувейт-те 80%-ын, ал БАӘ-нде 90%-ын құрайды .
Ал, халықтың орналасуына ең бастысы «қалаға ағылу» формасындағы урбанизация принципі әсер етеді. Қала халқының үлес салмағы бойынша ай-мақтағы елдердің басым көпшілігі орташа дәрежеде урбанизацияланған ка-тегорияға жататынына қарамастан, халық санының өте көп мөлшерде болу-ының абсолютті көрсеткіші аса жоғары.
Дүние жүзіндегі барлық 2, 9 млрд қала тұрғындарының 1, 4 млрд дерлігі шетелдік Азияда тұрады. Қытай мен Үндістан қалалықтардың саны бойынша дүние жүзінде бірінші және екінші орындарды иеленеді. Дүние жүзіндегі «шектен асқан» 20 қаланың 12-сі шетелдік Азияда орналасқан.
Тарихи-мәдени және табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін Азия қалалары - дүние жүзіндегі аса көне қалалар, сондай-ақ олардың бір-бірінен айырмашылығы өте көп. Қытай, Жапон қалаларының өзіндік бет-бейнесі Оңтүстік-Батыс Азиядағы араб, Үнді қалаларынан өзгеше. Солай бола тұрса да, географиялық әдебиетте олардың жиынтық бейнесі шығыстық (азиялық) қалалар деген атпен белгілі болып қалды.
Аймақтың ауылдық жерлерде орналасуына көбінесе деревнялық сипат тән болып келеді. Көшпелі өмір салты әлі де сақталған моңғолдарда, ауғандарда, бедуин-арабтарда («бә-ду» сөзінен - шөл) және басқа халықтарда негізгі түрғын үй киіз үй немесе шатыр болып табылады.
Азияның болашақ әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы көбінесе урбанизацияның болашағы мен оның қалаларының өсуіне байланысты .
3. Азия елдерінің экономикалық жағдайы.
Соңғы 10 жылдың ішінде Азияны елдері дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықта өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызметеді.
Егер дүниежүзілік шаруашылық негізінен он орталыққа сүйенеді десек, оның бесеуі шетелдік Азия жерінде екенін білесіңдер. Солардың ішінде жеке үш ел - Қытай, Жапония, Үндістан және елдердің екі тобы - жаңа индустриялы және мүнай экспорттайтын елдер бар.
... жалғасыҚ ы т а й 1949 жылы Халықтық Республика болып қайта құрылғаннан кейін өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында бірде-бір рет шарықтап та, құлдырап та кеткен жоқ. Бірақ 70-жылдардың аяғында елде, алдымен деревняда, сонан соң қалада жоспарлы және рыноктық шаруашылықтардың өзара сәйкестігіне негізделген батыл экономикалық реформаны («Гайгэ») жүзеге асыру басталды. Бұл оның экономикасын қатты көтергені сонша, 1990 жылы ЖІӨ-нің көлемі бойынша Қытай дүние жүзінде АҚШ пен Жапониадан кейінгі үшінші орынға, ал енді бірнеше жылдан кейін Жапонияны басып озып, әлемдік экономикалық рей-тингте екінші орынға шықты. Және барлық өндірістік өнімдерінің көрсеткіші де осылай болды.
Қытай әлі дамудың индустриялық деңгейінде тұрғанымен және жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштері Солтүстік елдерінен ғана емес, Оңтүстіктің көптеген елдерінен артта қалып қойғанымен, оның таңдандырарлық әлеуметтік-экономикалық жетістіктері букіл Азия-Тынық мухшп ауданының өркендеуін айқындап беріп отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz