Алыс шет елдердегі қазақтар



Қытайдағы қазақтар.
Түркиядағы қазақтар.
Ирандағы қазақтар.
Қытайдағы қазақтар. Қытайдағы қазақтар алыс шет елдердегі қазақ диаспорасының арасындағы ең көп сандыларының бірі. 1949 ж. Қытай Халық Республикасы (ҚХР) құрылған кезде онда 420 мыңнан астам қазақтар болса, олардың 418 мыңы Шыңжаң хал¬қының 9%-ын құрайтын. 3 мыңдай қазақтар Шыңжаңмен шекаралас Ганьсу және Синхай провинцияларында өмір сүріп жатты. Ал 1999 жылғы ресми қытай деректері бойынша, қазақ диаспорасы 1,3 млн адамға жетіп, жалпы халық санының 7,4%-ын құраған. Қытайдағы қазақтар негізінен найман, албан, уақ, керей руларына жатады. Қазақтардың басым көпшілігі (82,6%) егін, мал, балық аулау, орман шаруашылықтарында еңбек етеді. Кәсіби мамандықтарына орай, тағы мынадай сипаттарды бөліп көрсетуге болады (90-жылдардың соңындағы деректер бойынша): әр түрлі мекемелердегі техникалық қызметкерлер — 13%, көлікте — 2,5%, мемлекеттік органдар, партиялық және қоғамдық ұйымдар қызметкерлері — 2%. Қазақтардың кәсіби бөлінісі олардың жалпы білім деңгейінің нашар екендігін айғақтайды. Дегенмен Шыңжаңда, көп ұлтты аймақ ретінде қазақ, ұйғыр, дүнген, т.б. ұлт¬тық мектептері жұмыс істейді. Кеңес өкіметі кезінде Шыңжаңдағы аз ұлттар өкілдері балаларын оқыту үшін КСРО-дан оқулықтар беріліп тұрған. 1952 ж. бастап мұнда ұйғыр, қазақ, монғол тіліндегі оқулықтар шығарыла бастады. 70—80 жж. ресми Қытай үкіметі азшылық ұлт өкілдері арасынан жоғары білімді мамандарды көптеп даярлау мүддесін көтермелеген ниет танытты. Мысалы, университетке қабылдаған кезде оларға қытайлық¬тардан төмен балл белгіленді. Алайда Қытайдағы ауыл қазақтарының білім деңгейінің төмендігі, мектептер мен мұғалім-қазақтардың азшылығы жағдайында жоғары білім қол жетпейтін дәреже болып қала берді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) 1986 ж. ҚХР-да қазақ тілінде 20-дан астам журнал мен 10 газет жарық көріп тұрды. Жергілікті теле¬көрсетілім қазақша бағдарламалар беріп тұрады, жергілікті радиостанциялар қазақша хабар таратады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АЛЫС ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚТАР

Қытайдағы қазақтар. Қытайдағы қазақтар алыс шет елдердегі қазақ
диаспорасының арасындағы ең көп сандыларының бірі. 1949 ж. Қытай Халық
Республикасы (ҚХР) құрылған кезде онда 420 мыңнан астам қазақтар болса,
олардың 418 мыңы Шыңжаң халқының 9%-ын құрайтын. 3 мыңдай қазақтар
Шыңжаңмен шекаралас Ганьсу және Синхай провинцияларында өмір сүріп жатты.
Ал 1999 жылғы ресми қытай деректері бойынша, қазақ диаспорасы 1,3 млн
адамға жетіп, жалпы халық санының 7,4%-ын құраған. Қытайдағы қазақтар
негізінен найман, албан, уақ, керей руларына жатады. Қазақтардың басым
көпшілігі (82,6%) егін, мал, балық аулау, орман шаруашылықтарында еңбек
етеді. Кәсіби мамандықтарына орай, тағы мынадай сипаттарды бөліп көрсетуге
болады (90-жылдардың соңындағы деректер бойынша): әр түрлі мекемелердегі
техникалық қызметкерлер — 13%, көлікте — 2,5%, мемлекеттік органдар,
партиялық және қоғамдық ұйымдар қызметкерлері — 2%. Қазақтардың кәсіби
бөлінісі олардың жалпы білім деңгейінің нашар екендігін айғақтайды.
Дегенмен Шыңжаңда, көп ұлтты аймақ ретінде қазақ, ұйғыр, дүнген, т.б.
ұлттық мектептері жұмыс істейді. Кеңес өкіметі кезінде Шыңжаңдағы аз ұлттар
өкілдері балаларын оқыту үшін КСРО-дан оқулықтар беріліп тұрған. 1952 ж.
бастап мұнда ұйғыр, қазақ, монғол тіліндегі оқулықтар шығарыла бастады.
70—80 жж. ресми Қытай үкіметі азшылық ұлт өкілдері арасынан жоғары білімді
мамандарды көптеп даярлау мүддесін көтермелеген ниет танытты. Мысалы,
университетке қабылдаған кезде оларға қытайлықтардан төмен балл белгіленді.
Алайда Қытайдағы ауыл қазақтарының білім деңгейінің төмендігі, мектептер
мен мұғалім-қазақтардың азшылығы жағдайында жоғары білім қол жетпейтін
дәреже болып қала берді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) 1986 ж. ҚХР-
да қазақ тілінде 20-дан астам журнал мен 10 газет жарық көріп тұрды.
Жергілікті телекөрсетілім қазақша бағдарламалар беріп тұрады, жергілікті
радиостанциялар қазақша хабар таратады. Сөйтіп, қазақ диаспорасының өмір
жағдайында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Тек жергілікті қазақтардың
көпшілігі кейбір ескі әдет-ғұрыптан арыла алмай отыр. Мысалы, тұңғыш баланы
атасы мен әжесі әке-шешесінің бауырынан ажыратып алуы, тіпті қалың малға
сатып алу салттары да кездесіп қалады. Қытайдың аз ұлттарға ұстанып отырған
мына саясаты да қазақ үшін қауіпті:
1) 25 жасқа толмай үйленуге рұқсат етілмейді, тыңдамағандарға айып
салынады;
2) Үйленгеннен кейін 5 жылдан соң ғана балалы болуға құқылы. Екінші
балалы болғысы келсе, тағы 5 жыл күтуге тиіс.
Түркиядағы қазақтар. ҚР Сыртқы істер министрлігі елшілік қызмет
департаменті басқармасының деректері бойынша, 2000 ж. басында Түркияда 20
мыңдай қазақтар тұрған. 1952—58-жылдары келген алғашқы қазақтар тобы
Стамбұл түбіне шоғырландырылып, азаматтық берілгеннен кейін ғана Батыс
Анадолы аумағына орналастырылды. 1960 жылдары ауылдық жерлерден қалаға
қоныс аудару жаппай сипат алған кезде, қазақтар да Ізмір, Анкара қалаларына
көше бастайды. Қазақтардың еңбегіне орай осы жылдары түрік экономикасында
тері бұйымдары саласы өркендей бастады, өйткені көшпелі өмір салты және мал
шаруашылығымен айналысудан қазақтар тері өңдеу дәстүрін мықтап игерген
болатын. Біртіндеп қазақтар өзге де өндіріс түрлері және сауда бизнесімен
айналыса бастады. Бірқатары егін шаруашылығында қала берді.
Түркиядағы қазақтардың әлеуметтік өмірінде де олардың белгілі бір руға
жататындығы басты рөл атқарады. Түркияға көшіп келген соң қазақ отбасылары
1934 ж. есім реформасына байланысты түрік фамилияларын қабылдауға тиіс
болады. Алайда мұнда фамилия әкімшілік мақсатта бірыңғайлау үшін
пайдаланылады да, қазақтардың өздерін руына қарай анықтайды. Қалың мал беру
салты кездеседі, қалың малдың мөлшері әр түрлі, әлеуметтік жағдайына қарай
өзгеріп тұрады. Аға ұрпақтың алдынан кесіп өтпеу, келіндік міндетті мінсіз
атқару, “кіндік шеше”, “өкіл әке”, туыстарына бала беру сияқты қазақтың
салт-дәстүр әдебіне баса мән беріледі. Дегенмен, түркиялық қазақтардың өмір
салтында бірқатар өзгешеліктер де бар. Күнделікті өмірде қазақ тілі мен
түрік тілі аралас қолданылады. Жастар барған сайын салт-дәстүрді сақтаудан
бас тартуда, мысалы болашақ жар таңдауды өз еркімен шешуге тырысады. Үйлену
тойында қазіргі түрік және қазақ дәстүрлерінің элементтері аралас жүреді.
Ортақ түркілік тегі және мұсылман діні қазақтардың түрік қоғамына тез
бейімделіп кетуіне мүмкіндік берген.
Халифа Алтай, Қожан Абдулла Даваш, Дәлелхан Жаналтай, Құранбай Нәдір,
Тоқтаубай Топлы, Елей Иүксел сынды ақсақалдар бүкіл дүние жүзіндегі
қазақтарға танымал есімдерге жатады.
1986 ж. “Қазақ” атты қоғам құрылып, Тоқтаубай Топлы оның төрағалығына
сайланды. 6 жылдан кейін ол қоғамның төрағалығы Омардың қолына өтеді. Бұл
қоғамды құрудағы мақсат — ұлттық салт- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Халық пен демографиялық үрдістер туралы мәліметтер әлеуметтік талдау көзі
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Қытайдағы қазақ диаспорасының әлеуметтік жағдайы
Пәндер