Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы



Кіріспе
1. Банктің ақша айналымын ұйымдастырудағы маңызы
1.1 Ақша айналымы және оның құрылымы
1.2 Банктің мәні және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.
2. Мемлекеттің ақша.несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
2.2 Ақша . несие саясатының құралдары.
3. Ақша айналысын басқару және тұрақтандыру жолдары
3.1 Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері.
Қорытынды
Қазіргі рыноктық экономикалық жағдайда «Банктер және ақша айналысы» мәселесі өте өзекті болып табылады. Өйткені, банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қолсыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: «Банктер мен ақша айналысын ұйымдастыру» тақырыбын зерттеп, оны толықтай ашу.
Ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді .
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмаслуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін. Ақша айналысы мен банк түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір – бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде зерттеу теория жүзінде жүреді, яғни ақша айналымы мен оны реттеудегі банктердің рөлі қарастырылған.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы

Орындаған:
Тексерген:

Кіріспе
Қазіргі рыноктық экономикалық жағдайда Банктер және ақша
айналысы мәселесі өте өзекті болып табылады. Өйткені, банктің өзіндік
ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың
негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы
және қолма-қолсыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын
кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Банктер мен ақша
айналысын ұйымдастыру тақырыбын зерттеп, оны толықтай ашу.
Ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі
процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан
кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді
.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды
өтеуге жұмаслуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар
тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін. Ақша айналысы мен банк түсінігі бір-
бірімен тығыз байланысты.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан
бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке
де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып
табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және
т. б. бір – бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні
өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер
біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде зерттеу теория жүзінде жүреді, яғни ақша айналымы
мен оны реттеудегі банктердің рөлі қарастырылған.
Екінші бөлімде, тақылып практика жүзінде, яғни ҚР-дағы ақша
айналысын басқару және мемлекеттің ақша-несие саясатын талдауы.
Ал үшінші бөлімде ақша айналысын басқару және тұрақтандыру жолдары
мен перспективалары қарастырылған.

1. Банктің ақша айналымын ұйымдастырудағы маңызы
1.1 Ақша айналымы және оның құрылымы
Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы”
ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп – қолма –қол
ақшаның қозғалысы танылады. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына
бергендіктен ол қолма-қол және қолма- қолсыз айналым мағынасын
сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша ақша қозғалысы тұрғындардың
ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс
қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма –қол
рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе,
қолма-қолсыз теңге – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен
қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында. Олар мен халықтың арасында,
жекелеген азаматтардың арасында тауарар мен қызметтерді өткізу себебі
бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін
құрайды.
Ақша айналысының объективті негізі –тауар өндірісі мен тауар
айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың
ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның
әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндк жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі
процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан
кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді
.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды
өтеуге жұмаслуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар
тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Ақша айналысының мынадай принциптері негізінде ұйымдастырылады:
• Барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын
банктерде сақтау керек;
• Шаруашылық органдар арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдәтте,
қолма –қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру
құжаттары тек банктер мен өзара талаптарды шегеру жолымен
жүзеге асырылады;
• Есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс огандары
арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың
несие құралы бола алмайды;
• Төлемдер тек төлеушінің келісімімен ған жүзеге асырылады. Бұл
келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды
ұйымдастыуда маңызды роль атқарады.
Ақша айналысының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын
пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы,
мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге
асырады.
Ақша айналысының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру
және оларды орналастыру ( инвестицияны несиелеу ) жатса, тағы бір бөлігіне
сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдмақы, шәкіртақы және т.б.
төлемдер жатады.
Ақша айналысының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық
қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және
кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі,т көлік және бақа да осындай қызмет
түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымы қома-қол ақша айналымына және қолма-
қол ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ , ол төменде келтірілген ретінде
бөлінеді:
• Тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін
бейнелейтін ақша айналымы;
• Еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық
қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және
т.б. төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы
ақша айналымы.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, степендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттары үшін
қолданылады.

1.2 Банктің мәні және оның нарықтық экономикадағы рөлі
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері она ұйым, үшінші біреулер оны
экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық
ұйым ретінде қарайды және т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен
ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау
секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін
терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына
қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді,
әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
• банк мәнін макродеңгейде оның қызметін байланыстыра отырып талдау;
• оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде қарастыру;
• банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
• банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша
қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы
бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк
деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100 – 120 қызмет
түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін
талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл
мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк
қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүкін. Оның мәнін
тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана мақсатқа
лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын мекемені
емес, керісінше, белгілі бір қызметсы бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай
болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де,
эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады.
Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір –
бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз
қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде
банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа
экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды
қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген
қаржылық, кеңес беру және т. б. қызмет түрлерін (200 – ден астам) басқа
экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне
көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа
институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен
тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерді бөліп көрсету керек.

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма – қол ақшаны шығару – бұл банк монополиясы, оны тек банк шығарады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну
заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі – беріден соң несие қандай да бір
соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал
ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары
ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік
ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға
ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға
шығады.
Несие ісі – банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әріберіден
соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем
айналымын қолма – қол ақша формасында және қолма – қол ақшасыз формада
реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі
бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны
оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт
міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі
дамымайды:
• банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік
ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай – ақ қарыз формасында
артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
• өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен
айрықшаланатын банк қызметі;
• банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен
айналысатын адамдардың айрықша тобы;
• банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын,
құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың
белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма – қол ақша формасындағы жеке
қолма – қол ақша формасындағы және қолма – қол ақшасыз формадағы төлем
айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша – несие институты
ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
• оған біртұтас органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша
әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы
керек;
• бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі
қажет;
• өзін - өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес
институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе
кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік
тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы – бұл
басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән
қызмет.
О. И. Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның
біріншісі – ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға
құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі
болып табылады. Мәселенің мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процессі тек банктерге ғана тән
емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар
ерекшеліктері болады:
• шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне
емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
• шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі –
бастапқы несие беруші (банк клиенті);
• қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге
асырыладыәрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет – ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп
айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады.
Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем
құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет – делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін
тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. Оған тереңірек үңілуі қажет.
Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне,
экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге
асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни
оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен
аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы
бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір – бірімен сәйкес
келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың
мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай
түрлендіру (өзгерту) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет – бұл
тәуекелдікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы
қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.

1.3 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.
Ақша айналысы ҚР Ұлттық банк туралы ҚР заңына сәйкес реттеледі.
Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін
анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың
тәртібін және қолма – қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші
деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен
енгізген жаңалығына байланысты қолма – қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі
кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық
банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма – қол
ақшамен нығайтылып отырады, онда операциялық кассадағы қолма – қол ақша
қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің
корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін
реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының
ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына
өз әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің
нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының
көзіретінде, сондай – ақ айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағынан
пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма – қол
ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс
жылдамдығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары
болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық
банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер
номасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық
нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті
қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету) секілді ақша – несие саясатының
аспаптарын пайдаланады.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің
міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі
өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана
бермейді.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік
белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана
алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстағы ақша массасы
кемиді.
Қазақстанда 1993 жылдың қаңтарынан 1994 жылдың мамыр айына
дейін міндетті резерв номасы 18 – 20% - дарға белгіленеді, 1994 жылдың
мамыранан бастап ол теңгедегі және шетелдік валютадағы банктің депозиттік
міндеттемелері бойынша 30%- ға дейін көтеріледі. Міндетті резерв
номаларының арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61 – ден 3,1-ге дейін
күрт өсуіне себепші болды.
Банк резервтерінің (Ұлттық банктің корреспонденттік
шоттарындағы қаражат) артығымен өсуіне байланысты резервтеудің баламалы
тәртібіне көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ – экономикалық
нормативтерді орындайтын банктер коррепонденттік шоттағы қаражаттың
шамасын, әдетте резервтік талаптардан кем ұстамауға тиісті болады. Ал,
резервтік талаптардың нормативі 1995 жылы 20% - ға дейін кемісе, 1996
жылдан бастап 15% - ға дейін төмен түсіп кетті.
Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта
қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат
арқылы коммерциялық банктерге несие береді.
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік
мөшерлеме дегеніміз – артық резервтердің шығыны болып табылады. Сол себепті
де оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық банктердің қарыз
алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктерге
берілетін несие ақшаның ұсынылуын арттырады.
Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз
алуын тежейді, бұл несие ресуртарының және банктерге берілетін несиенің
мөлшерін азайтады, өз кезегінде айналымдағы ақшаның ұсынылуын арттырады.
Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін 1994 жылдың қаңтар – ақпан айларында 270% деңгейіндегі, осы
жылдың наурыз – тамыз айларында 300% деңгейінде белгіленеді. Инфляцияның
кемуі мен айырбас бағамының тұрақтануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді:
1994 жылдың соңында 230%, 1995 ж. – 52,5%, 1996 жылдың қыркүйек айында –
30%, 1997 ж. – 24%. Көріп отырғанымыздай, пайыздық саясат инфляцияны жылдам
тежеудің әрі ақша айналысын реттеуді тиімді аспабы болып табылады екен.
Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер
экономикада ақша массасының өсуін ынталандыру мақсатында падаланылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда инфляцияның деңгейі 6-4-7% жағдайында қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7% - ке белгіленген.
Ашық нарықтағы операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу
процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды
Орталық банктің сатуын және сатып алуын ұйғарса, екінші жағынан, құнды
қағаздарды коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын
және сатып алуын ұйғарады.
Орталық банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді
банк жүйесіне таратады немесе оларды бұл жүйеден алып тастайды, осылай ету
арқылы айналымдағы ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда
мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік қазынашылық облигациялар жатады. Оны
үкімет бюджет тапшылығын және ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы
шығарады. Ұлттық банк осы құнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің ең аз шамадағы резервтердің шамасы артып, клиентурамен жасасатын
активтік қарыз операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы артады.
Ұлттық банк коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан жағдайда,
керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал банктерде несие
ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары ҚР Ұлттық банкі
белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша
нарағындағы валюталық интервенция жатады.
Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты
Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен
ноның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк
соңғы жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге
жиі күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық
алтын резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд доллардан асты.
Ұлттық банк сондай – ақ, 5,0 млрд АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай
сақтандыру қорын құрды.
Экономиканың тым қызып кетуі теңгенің шектен тыс нығайтылуы және
инфляцияның тежеу мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер
осылайша шешілетін болды.
Ұлттық банкпен Қазақстан үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару
мен реттеуде ақша – несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен
пайдаланып жүр.

2. Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен
операциялары
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға
сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
• айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді,
Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды
айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
• кепіл беруші Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының
ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
• Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат
береді;
• Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк
филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк
операцияларын жүргізуге лицензия береді;
• банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне
дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сарапталуын жүргізеді;
• ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы
ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы
сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын
жүргізеді;
• банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
• Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы
банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
• Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша – несие
реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк
банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және
пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
• Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, Қазақстандық теңгемен банкаралық есеп
айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз
ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
• Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық
бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық
түрін жүргізуге құқылы;
• банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу
бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жіне айырбастау
операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың
клиенттеріне орындауға міндетті номативтік актілер шығарады,
сонымен қатар, олардың орындаоуы бақылайды;
• бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін
банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен
айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа
есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
• егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа
шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу,
ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу
кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
• Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға
көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға
құқылы;
• Қолма – қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, тасу және
икассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды
тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге
қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік
қорларын құрады;
• Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және
тұрақты түрде жариялайды;
• Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
• Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан
жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған
жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша
қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
• Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды
дайындауға қатысады.
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да
қызметтер атқарады. Ақша айналысын басқару. Ұлттық банк – заңды түрде
құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз
мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және
банктерге сатып, қолма – қолсыз балама алу формасында болады. Қазақстан
Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жрю және қолма – қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламетінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін
белгілейді.
Қолма – қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және
коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін
енгізумен байланысты, қолма – қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі
кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік
шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма – қол ақша түрінде қолдау
алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма – қол ақша қалдығына шек
қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуды сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссияланудың негізгі
себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма – қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма – қол ақшаларды
эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердін эмиссиясы депозиттік қарыздық операцияладың
процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы
келесідей: 100 ақша бірлігіндей депозит үшін міндетті резерв 15 ақша
бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі болады.
Бұл – сома ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
Банктік өнімдер мен қызметтер, олардың есебін ұйымдастыру
Банк менеджменті
Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
Банк қызметіндегі тәуекелділік туралы
Банк жүйесі және банк операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі
Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
Тәуекелдің деңгейі
Пәндер