Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы, Филипс қисығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ, ФИЛИПС ҚИСЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Инфляция табиғаты және оған әсер етушi факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жұмыссыздық, оның инфляциямен байланысын талдау ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Филипс қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ІІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 ҚР.да жұмыссыздық пен инфляцияның болу себептері, проблемалары ... ..17
2.2 ҚР.да жұмыссыздық пен инфляцияның соңғы жылдардағы көрсеткіштер динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 ҚР.да жұмыссыздық пен инфляция, олармен күресу және шешу жолдары 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Еңбек рыногында тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына байланысты болады.
Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының, қаржы рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, инфляцияның деңгейіне, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны, халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн айтуға болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi.
1. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
2. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
3. Рынок труда. Учебник / под. ред. проф. В.С. Буланова и проф. Н.А. Волгина. – М.: МГУ, 1996 г.
4. Берешев С. Регулирование заработной платы в республике Казахстан. – Алматы: ТОО “Баспа”, 2004 г.
5. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
6. Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике. – Алматы: Ғылым, 2003 г.
7. “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
8. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
9. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2005 г. 2-4 стр.
10. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.
11. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, 12, - 2006 г. 2-3 стр.
12. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.
13. Д.А.Федотов “Причины инфляции и пути борьбы с ней” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №1, - 2004 г.
14. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
15. «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2007 г. 2-7 стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ, ФИЛИПС ҚИСЫҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Инфляция табиғаты және оған әсер етушi факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Жұмыссыздық, оның инфляциямен байланысын талдау
... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Филипс қисығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14

ІІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 ҚР-да жұмыссыздық пен инфляцияның болу себептері, проблемалары ... ..17
2.2 ҚР-да жұмыссыздық пен инфляцияның соңғы жылдардағы көрсеткіштер
динамикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 ҚР-да жұмыссыздық пен инфляция, олармен күресу және шешу жолдары 24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..33

КIРIСПЕ

Еңбек рыногында тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына
тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада
жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi
уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел
экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi,
жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына,
жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына байланысты болады.
Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру
үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек рыногының, қаржы рыногының қатынастары күрделене
түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек
рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, инфляцияның деңгейіне, елдегi
экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк
жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi
экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы,
кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны,
халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және
экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей
байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның
даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн
айтуға болады.

Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге
болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы
және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның
өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде
қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның
шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын “Жұмыссыздық пен инфляцияның
байланысы. Филипс қисығы” деп алдым.
Тақырыптың өзектiлiгi инфляцияны және жұмыссыздықты макроэкономикалық
тұрақсыздық экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып, ұлттық
экономикада инфляция мен жұмыссыздықтың экономикалық тиімді дамуға тигізер
салдарларын, олардың пайда болу себептерін қарастырып, елiмiздiң
экономикасының тұрақты және отандық өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн
жұмыссыздық және инфляциялық процессетрдiң алдын алу және оны реттеу
саясаттарын қарастыру болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында келесiдей мiндеттер
қарастырылады:
• Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды
қарастыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып
көрсету;
• Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-
жақты талдау;
• Филипс қисық сызығын талдау және жұмыссыздық пен инфляцияның өзар
байланысын қарастыру;
• Жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi ұсынысы және
сұранысымен байланысын анықтау;
• Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi инфляциялық жағдайын, олардың
пайда болу себептерiн және олардың зардаптарын шешу жолдарын
қарастыру;
• Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың өзiндiк
ерекшелiгiн қарастыру болып табылады.

І ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ, ФИЛИПС ҚИСЫҒЫ

1.1 Инфляция табиғаты және оған әсер етушi факторлар

Инфляцияның дәстүрлi ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.
Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi.
Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз
байланысты деп саналады.

Инфляция терминi ( латынның. Inflatio сөзiнен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “iсiну”) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда
болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк
экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бұл
бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығының және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып
алу қабiлетiнiң төмендеуi. 1, 85 б
Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны
жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы
несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша
айналысы деп аталады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар
– ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар
айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден,
бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша
айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына
формуламен өрнектеледi:
M = P * Y V
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының
дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
себепшi болады:
• айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
• қолайсыз төлем балансы;
• үкiметке сенiмнiң жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп
келдi. Әлi де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуiнде көрiнгенмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға
болмайды. Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң
сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi
дамуының ең өткiр мәселелерiнiң бiрi болып есептеледi.
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей:
• тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес
өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабiлетiнiң
төмендеуiне алып келедi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының
төмендеуi; 1, 86 б
• ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып алу қабiлетiнiң
құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу
сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама-
қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi – ұлттық
шаруашылықтың түрлi салаларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар екенi белгiлi.
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi кездегi экономикалық қатынастардың күрделенген кезiндегi
инфляция келесiдей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының
артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өдiрiстегi теңсiздiкке,
шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық
саясатына, оның iшiнде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. 2, 117 б
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын айыра бiлу қажет. Iшкi
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды
бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессiздiгiнiң
бұзылуы, экономиканың циклдiк дамуы, өндiрiстiң монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, әлеуметтiк-саяси сипаттағы ерекше
жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының
дағдырысы бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы,
сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы
нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Ал дүниежiзiлiк құрылымдық дағдарыстар (шикiзат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көпфакторлы процесс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы
алшақтықтың көрiнiсi.
Жоғарыдағы инфляция факторларының ерекшелiгiне байланысты инфляцияның
екi түрi болады: сұраныс және шығын ( ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшiн артық
болып қалады;
• мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни
мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен
бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
• несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiнiң коммерциялық
банктер мен үкiмет несие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын
сипаттайды;
• ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында
тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы.
Шығын ( ұсыныс ) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн
мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн азайту және өндiрiстiң құлдырауы;
• көрсетiлетiн қызметiнің маңызының артуы;
• бiр өнiм бiрлiгiне жұмсалатын шығынның өсуiнiң жеделдетiлуi, әсiресе
жалақының өсуi;
• энергетикалық дағдарыс. 2, 119 б

1.2 Жұмыссыздық, оның инфляциямен байланысын талдау

Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам – ол қазiргi жалақы мен
еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп
жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсендi халықтың бiр
бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық
еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ,
жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген
адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы
белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi.
u = U L = U U+E
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс
және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп
есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын
алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы
қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес
экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай
дегендi бiлдiредi. 3, 120 б
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген
сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк
көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы
жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты
мәселелер асқынады және т.б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн
кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың
кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға
жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да
болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi
қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына
кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер
ететiн факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр.
Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық
дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам
қылықтарына өзгешелiктер ендi.
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып
отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi
орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе
(жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада
тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге
болады. Сурет-1. 5, 64 б

Жұмыссыздық NS
W1 A B

E
WE

Nd

Na NE Nb N

Сурет-1 – Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы
қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы
тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты
жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер
жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк
нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi,
осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы
күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше
категорияға бөлiнедi.
Еңбекке қабiлеттi адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек
етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi
олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс
iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет
ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т.б.
институттар кiредi.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық
емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне
жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып
табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн
адамдарға жатады. 5, 69 б
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы
сипатталады:
• Институционалдық емес адамдар;
• Жұмыс iстеушiлердiң саны;
• Жұмыссыздар саны;
• Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.
Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:
• Жұмысшы күшiнiң саны ЧРС = ЧЗ+ЧБ;
• Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi ЧЗ = ЧЗЧИН;
• Халықтың жұмыссыздық дәрежесi УБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ);
• Жұмыссыздықтың нормасы NБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ) * 100%;
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы
бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық,
этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын
көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен
мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы
күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық
мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын
сипаттайды.
Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi
бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж.Кейнс амалсыз
жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз
екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу
тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының
өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек
таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нөлге тең.
Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң
көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы
айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына
байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты
қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы
санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi.
Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады.
Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс
iстейтiн адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы
жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi. Егерде азамат жаңа жұмысқа кiрудi күтiп
жұмыс iстемесе және жұмыстан уақытша босатылса немесе жұмыс iздеп жүрсе
онда ол жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екi санатқа жатпайтын адамдар
(студенттер және үй шаруашылығындағы әйелдер) жұмыс күшi құрамына кiрмейдi,
iздемейдi және жаңа жұмысқа кiрудi күтпейдi. 6, 97 б
Жұмыс күшi – жұмыссыздар мен жұмыс iстейтiндердiң жиынтығы, ал
жұмыссыздық деңгейi – бұл жұмыс күшiнiң жалпы санындағы жұмыссыздардың
пайыз түрiнде анықталуы.
Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активтi халық
деген негiзi ұғым қолданылады. Ол дегенiмiз еңбек рыногында еңбек жасына
келген және еңбекке қабiлеттi, жұмыс iстегiсi келетiн адамдар саны.
Батыс экономистерi әдетте табиғи жұмыссыздықты және толық жұмыспен
қамту болғандағы жұмыссыздықты еңбек рыногындағы объективтiк
диспропорияларды көрсететiн құрылымдық жұмыссыздық деп қарайды. Ал табиғи
жұмыссыздыққа уақытша (фрикциондық) және маусымдық жұмыссыздықты жатқызады.
Шынында да жұмыссыздық дәрежесiнiң оның табиғи нормасынан артып кетуi
экономикадағы құрылымдық өзгерiстермен байланысты, оның циклмен даму
ерекшелiктерi салалардағы өндiрiстiң құлдырауымен байланысты болады.

1.3 Филипс қисығы

XX ғаысрдың 50-60 жылдардағы дамыған елдердiң статистикалық
көрсеткiштерiн зерттеудiң қорытындысы Филипс қисық сызығын толық растады.
Сол жылдары көптеген елдердiң экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге
асырылды. Өндiрiстi одан әрi өсiруге және жұмыссыздықты қысқартуға
мақсатталған шаралардың орындалуы бағаның өсуiн шапшандатты және керiсiнше
– инфляцияның қарқыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түстi.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керiсiнше байланыс неше түрлi
сипатта дәлелденуде. Жартылай бұл жағдай еңбек рыногының бейiмдiлiгiмен
дәлелденедi. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, квалификациялары,
орналасқан орны т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген жекелеген
рынок болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледi: еңбек рыногының кейбiр
сегментiнде экономика бiрте-бiрте жұмыспен толық қамтуға жылжығанда,
жұмыссыздық практика жүзiнде сақталады, ал сонымен қатар, еңбек рыногының
басқа сегменттерiнде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда
шығындардың көбеюiне және бағаның өсуiне әкелетiн жалақының өсуi жалғаса
бередi. Осы процестiң макроэкономикалық нәтижесi – инфляцияның қарқынының
өсуiмен сипатталады. 5, 76 б
Филипс қисық сызығының басқа да дәлелi бойынша, өндiрушiлер мен
еңбекшiлерге экономиканың өсу кезеңiнде баға мен жалақының өсуiн талап ету
жеңiл түседi. Жоғары дәрежедегi жұмыссыздық жалданып жұмыс iстеушiлердi
төмен жалақыға келiсуге мәжбүр етедi. Бұл инфляцияның “жалақы-баға”
шеңберiн бұзады. Бұдан басқа экономикалық тиiмсiз конъюктура өндiрушiлердiң
бағаны көтеруiне кедергi келтiредi. Керiсiнше жағдайда, жұмыспен толық
қамтуға жақындаған сайын өндiрiстiң қосымша факторларына сұраныс өсе
түседi. Осының нәтижесiнде жалақы өседi және оның өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң
өсу қарқынынан артық болып отырады.

Инфляция өз кезегiнде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әср етедi.
1958 жылы ағылшын экономисi А.Филлипс оның ықпалын көрсететiн “сұраныс
инфляция” деген үлгiнi ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының
арасында тәуелдiлiк бар екенiне назар аударған. Оның қорытындысы бойынша,
жұмыссыздықтың кейбiр дәрежесiне (6-7%) жалақының дәрежесi тұрақты және
оның өсiмi нөлге тең болады. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса,
онда жалақының өсiмi шапшаңдайды және керiсiнше. Соңынан жалақы мен бағаның
өсуiнiң өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық
жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта
өзгертiлдi. Филипстiң қисық сызығын келесi суреттен көре аламыз: 5, 78 б

W, P

W2

W1

U1 U2 U

Сурет-2 – Филипс қисық сызығы

Мұндағы,
W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
Р – инфляция дәрежесi;
U – жұмыссыздық дәрежесi, %;
Суреттен көрiп отырғанымыздай филипс қисық сызығы жұмыссыздық пен
инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керiсiнше байланыс бар
екенiн көрсетедi. Осыны кейнсшiлердiң инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы
ғана дәрежесiнде жоғары болуы мүмкiн және керiсiнше деген де дәлелдейдi.
Экономикада практика жүзiнде бағаларды өсiрмейтiн жұмыспен қамту дәрежесi
болады.
Филипс қисық сызығына көзқарастың екi бағыты қалыптасқан. Бiрiншi
бағытта бұл сызық экономикалық заң деп қаралады. Бұл күштi инфляция мен
жоғары жұмыссыздық бiр мерзiмде болмайды дегендi айтады. Мемлекеттiң
реттеуiнiң құралдарының әр түрлi қолданудың көмегiмен, қисық сызықтың әр
қилы нүктелерiне сай келетiн, инфляция мен жұмыссыздықтың ұштасуының
қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтiп, қисық сызықтың бойымен жоғары
және төмен жылжуға болады.

Екiншi бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының
тұрақтылығын және үзiлмейтiндiгiн жоққа шығарады. Экономикада орынды
қарқыны берiлген инфляция жағдайында, жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейiне
жетуге болады.

Экономикада дағдарыстар кезiнде баға және жұмыссыздық бiрдей
қосарласып өседi. Осындай экономикалық қолайсыз жағдай стагфляция
(инфляциямен бiр мезгiлде келетiн экономикалық тоқырау) деп аталады. Осы
кездегi инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екi
қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi: Филипстiң қисық сызығы оңға қарай
жоғары жылжиды да, ол инфляция дәрежесiнiң әрқайсысына жұмыссыздықтың өскен
дәрежесi сәйкес келедi немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.

ІІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2.1 ҚР-да жұмыссыздық пен инфляцияның болу себептері, проблемалары

Қазақстан Республикасы егемендiгiн алған жылдардан бастап өзiнiң
банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады.
Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы,
кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны,
халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және
экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей
байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның
даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн
айтуға болады.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу туралы”
Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап
ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1
доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп
кеттi. Соған сәйкес бағамен жалақы да өстi. 1, 27 б
Алайда теңгенiң енгiзiлiнiң өзiнде де инфляция өсуi белең алып
отырды. Оның бiрден бiр себебi елiмiздегi өндiрiстiң құлдырауы, мемлекеттiк
бюджеттiң тапшылығы экономикадағы жаппай теңсiздiктiң орын алуы. Елiмiздегi
инфляцияның пайда болуының және қарқынды өсуiнiң себебiне сұраныс және
шығындық инфляциялар бiрдей әсер еттi.
Қазақстанда ақша масасының өсуiне үш түрлi себептi атап өтсек болады:
• бiрiншiден, бюджеттiк тапшылықты қаржыландыру үшiн орталық банктерден
келген несиелер;
• Екiншiден, Ұлттық банктiң коммерциялық банктерге несиесi – қайта
қаржыландыру үшiн несиелер;
• Үшiншiден, ТМД мемлекеттерiне несие – олардың Қазақстанмен саудадағы
тапшылығымен байланысты.
Аталған несиелердiң көздерi, негiзiнде ақша массасы өскен және
инфляция жаңдана түскен ақшалай түрдегi базаны кеңейткен болатын. Осы
мәселе туралы ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты
ақша-несиелiк және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде
экономикада 1995 жылдан бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз
кезегiнде экономикалық өсуге жол ашты.
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады.
Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтанған
экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып,
экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа
ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар
тауарына инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Өндiрiс пен инфлияцияның
дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың
ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жұмыссыздық мәселесi
орны алды, елдiң өнеркәсiбiне инвестиция құйылуы кемiдi, жалпы елде
кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында
инфляция деңгейi 40%-дан төмендей бастайды. Ал Қазақстанда 1992-1994
жылдары гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады.
Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы
жүйемiз ақша-несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экономикалық циклдер: инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Сұраныс инфлияциясының өсуі
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Инфляция мен жұмыссыздық мәні, себептері мен әлеуметтік салдары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Инфляция
Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы
Пәндер