Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен құрылымы6

1. 1 БҰҰ-ның Жарғысы. . 10

1. 2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы. …. 10

1. 3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы . . . 12

1. 4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…. . 12

1. 5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы. 13

ІІ. Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері

2. 1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН) ………. 14

2. 2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) . 15

2. 3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН) . 16

2. 4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ) . . 17

2. 5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН) . . 18

2. 6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) 19

ІІI. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Біріккен Ұлттар Ұйымы

3. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі20

3. 2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері26

Қорытынды. . 35

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . 37

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ - мен бірлесіп әрекет етуі - еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады сондықтанда өзімнің таңдаған жұмыстың тақырыбы өзекті әр маңызы зор деп санаймын.

АҚШ президенті Франклин Рузвельт ұсынған «Біріккен Ұлттар» атауы, алғаш рет бірінші қаңтар 1942 жылы «Біріккен Ұлттар Декларациясында» қолданылды, бұл кезде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы жиырма алты мемлекеттің өкілдері, өз мемлекеттерінің атынан соғысқа қарсы бірігіп күрес жүргізетіндерін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен «халықаралық ұйымды құру» жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы - халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы -халықаралық құқықтың жалпы мақсаттары мен қағидаларын анықтайтын, әскери, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қатынастардағы мемлкеттің жүріс-тұрысының кодексі болатын, барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құжат.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде 1945 жылдың 24 қазанынан бері қызмет жасайды. Оны құрып, негізін салушылар деп АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы мемлекеттері аталды. Жыл сайын жиырма төртінші қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп тойланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары төмендегідей:

- Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- Халықтар теңдігі қағидасы негізінде ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту;

- Экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге көмектесу;

- Осы аталған мақсаттарға жетудегі ұлттардың іс-әрекеттерін біріктіретін орталық болу.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мынадай қағидаларға сай қызмет жасайды:

- Оның барлық мүшелері тәуелсіз теңдікке ие.

- Мүшелердің барлығы Жарғыдағы міндеттемелерін толық әрі дұрыс орындаулары тиіс.

-Олар өздерінің халықаралық дауларын бейбітшілік құралдарымен шешулері тиіс.

- Басқа мемлекетке қарсы қару қолдану ойынан аулақ болулары тиіс.

Бейбітшілікті қолдайтын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының міндеттемесін толық әрі бұлжытпай орындауға дайын кез келген мемлекет ұйымның мүшесі болып қабылдана алады. 14 қыркүйек 1999 жылғы есеп бойынша БҰҰ-ң мүшелігіне дүние жүзіндегі 188 мемлекет енген. 1 Қазақстан Республикасы БҰҰ-на екінші наурыз 1992 жылы мүше болды.

2006 жылғы 2 наурызда Қазақстанның бүгінгі таңда 190 мүше-мемлекеттерді біріктіретін Біріккен Ұлттар Ұйымына қабыданғанына 14 жыл толды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46 сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға қабылдау жөніндегі Қарары бірауыздан мақұлданды. Біздің көпұлтты халқымыз үшін бұл оқиғаның орасан зор тарихи маңызы болды. Ол халықаралық коғамдастықтың Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танығанын көрсетіп берді. 2

Жұмысымның мақсаты таңдаған тақырыптың - БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметін ашу, еліміздің БҰҰ даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы ролі, белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді толық қамтып оларға тоқталып кету:

Осы мақсатқа жүту барысында жұмыстың негізгі міндеттері анықталды олар төмендегідей:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына ұйытқы болған тарихқа тоқталу;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамын ашып көрсету; оның қызметіне тоқталу;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысының қабылдануы, бас ассамблеясының өкілеттігін көрсету, бас хатшысының қызмет бабына тағайыналуын қарастыру;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелерінің еліміздегі атқарып жатқан қызметі, олардың бағдарламалары назар аудару;

- Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі жайлы тарихи маңызды аспектілеріне тоқталып оларға сипаттама беру.

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметі туралы мәселені қозғаған, арнаулы ғылым еңбектер елімізде аса көпте емес Біріккен Ұлттар Ұйымы жайлы төмендегідей ғалымдардың еңбектерінде жалпылама жарияланды. Біздің еліміздің дипломаты саяси қайраткері Қ. Тоқаевтың жазған еңбектері аса маңызды және халықаралық ынтымақтастықта атқарған қызметтері де елеулі болып келеді. Бұл проблемалар Құлжабаева Ж. О. тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді.

Өткен 14 жыл аса ірі оқиғаларға толы болды. БҰҰ бірнеше мәрте сынға алынды, оның әлеуеті жайлы әр қилы пікірлер де айтылды. Алайда БҰҰ әлі де бүкіл адамзаттың бейбіт дамуға және халықаралық ынтымақтастыққа деген асыл армандары мен үміттерін айғақтап келеді. Ұйымға және оның Әкімшілік басшысы К. Аннанға Нобель Бейбітшілік сыйлығын берілуі - БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісіне қосқан үлесін мойындаудың нақты көрінісі.

2000 жылы Нью-Йоркте болып өткен Мыңжылдық Саммиті БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптерінің өзектілігін қуаттап берді. Қорытынды декларацияда принциптік маңызды ережелер мәлімденген, оған сәйкес ХХІ ғасырда БҰҰ халықаралық қатынастарда көпжақты реттеудің маңызды тетігі ретінде рөлін жалғастыруы тиіс. Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру БҰҰ Жарғысының принциптері мен халықаралық құқық нормаларына негізделуі тиіс. Белгілі дәрежеде Мыңжылдық Саммитінің декларациясы - ол Ұйымның концептуалды жаңаруына негіз қалайтын БҰҰ-ның болашаққа деген іс-қимыл жоспары.

Ұйымның ХХІ ғасырдағы міндеттеріне арналған баяндамасында БҰҰ Бас Хатшысы К. Аннан, үш ірі міндетті атады, олардың шешілуі әлемді болашақта жарқын өзгерістерге жетелейді: мұқтаждықтан құтылу, қорқыныш сезімдерден арылу және адамды қоршаған табиғатты аман сақтап қалу. Бұл принциптерді іске асыру бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Қазақстан, Мыңжылдық декларациясын қолдайтынын білдірді, сондай-ақ оның бейбітшілікке, ынтымақтастық пен дамуға қатысты ережелерін жүзеге асыруға шын ниетін растады. Мыңжылдық Саммитіндегі өзінің сөзінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев жаһандану процесі дүниежүзілік қоғамдастық алдында жаңа міндеттер қойып отырғанын атап өтті. 3 Жаңа қыр көрсетулер мен кауіптердің туындауы жағдайында ұлттар қоғамдастығының лайықты жауап тауып отыруы ерекше маңызды рөл атқарады. БҰҰ-ның басты міндеті жаһандану процесінің оңтайлы сипатын қамтамасыз ету. Жаһандану кең мүмкіндіктерге жол ашқанымен, сонымен бірге үлкен шығындар әкелетіне де анық. Бұл процестің пайдасы мен шығындарын біркелкі екшеп отырмау, дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдерге кері ықпал етеді. Осы елдердің қажеттіліктеріне жауап беретін кең ауқымды және қажырлы күш-жігер жұмсау және де олардың қатысуымен әзірленіп, жүзеге асырылатын тиімді шаралар қажет.

БҰҰ қатарында Қазақстан өзінің егемендігі мен халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. 1992 жылы БҰҰ мінберінен Қазақстан Президентінің алғашқы рет Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру бастамасын көтерген болатын. Бұл бастама беделді ұйымның рухына және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған оның іс-қимылына сай келеді.

Еліміздің осындай деңгейге жетуі - елбасымыз бен отандық дипломатияның ілгерішілді жүргізілген сыртқы саясатының нәтижесі.

І. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен құрылымы

«Біріккен ұлттар ұйымы» - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дербес мемлекеттердің ерікті түрде бірігуі арқасында құрылған халықаралық ұйым. БҰҰ ұлы мемлекеттер - КСРО, АҚШ, және Ұлыбритания инициати васымен 1945 жылы, маусымда Сан - Франциско конференциясында құрылды. 4 Конференцияға КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай мемлекеттерінің шақыруымен фашистік Германия мен ипериалистік Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер қатысты. Конференцияда БҰҰ-ның жарғысы қабылданды, мақсаттары мен міндеттері белгіленді. БҰҰ құрылмастан бұрын, 1942 жылы 1 қаңтарда Вашингтонда 26 мемлекеттің өкілдері жиналып декларация қабылдады. 1943 жылы Москвада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай сыртқы істер министрлерінің жалпы кеңесі қауіпсіздік туралы декларация қабылдады. Мұнда бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдап отыру үшін халықаралық ұйым құру қажеттілігі көрсетілді. Бұл қарар ұлы үш держава (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания) басшыларының Тегеран конференциясында (1943 ж. 28 қараша) мақұлданды.

БҰҰ-ның штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Оның европадағы бөлімінің тұратын орны - Женева. БҰҰ-ға алғаш 51 мемлекет кірді, 1970 жылы мүшелер саны 126-ға жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары болып Бас Ассамблея Қауіпсіздік Советі, Экономикалық және Әлеуметтік Совет, Бақылау Советі, Халықаралық сот және Секретариат сайланды. Олардың міндеттері мен мақсаттары Жарғыда белгіленген.

БҰҰ-да талқыланған мәселелер жөніндегі шешімдер Қауіпсіздік Советінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық қабылданады. Шешімнің тек бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір мемлекеттің БҰҰ-ға билік жасауына мүмкіндік бермейді. БҰҰ-ның қызметі сан түрлі, олардың ішіндегі негізгілері дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау проблемалары, қарусыздандыру, отаршылдықты жою мәселелері, әлеуметтік-экономикалық міндеттер алады.

БҰҰ жұмысында кемшіліктер де жоқ емес. Батыс капиталистік елдерінің, әсіресе АҚШ-тың қарсы тұруына байланысты қазіргі дәуіріміздің көптеген көкей тесті проблемалары, оның ішіндегі қарусыздандыру мәселесі шешілмей келеді. Кейде БҰҰ-ны империалистік мемлекеттер социялистік елдерге бостандық үшін күресуші елдерге қарсы басқыншылық саясатын жүргізу мақсатына пайдаланғысы келеді. 1950 жылы Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы соғыс БҰҰ-ның астында жүргізілуі. БҰҰ-ны империалистік мемлекеттер Конгоға да қарсы пайдаланды. БҰҰ секретариатында көпшілік орынды империалистік басқыншылық топтарға кіретін батыс елдері алады. Дегенмен соңғы жылдары империалистік-отаршылдық жүйенің күйреуі нәтижесінде бостандық алған көптеген жас, дербес мемлекеттердің БҰҰ-ға кіруіне байланысты бейбітшілік БҰҰ-ны халықтар тілегіне сай, ынтымақ пен бірлестікті күшейту мақсатында жұмыс істеткізуге ұмтылып келеді.

БҰҰ құрылғаннан бастап Россия Федерациясы бейбітшілік сүйгіш елдерге бас бола отырып, демократиялық принциптерді, бейбітшілікті сақтау және нығайту саясатын, мемлекеттердің бейбіт-қатар өмір сүруі, арандатушылыққа жол бермеу, талас мәселелерді келіс сөз жүргізу арқылы шешу саясатын табандылықпен жүргізіп келеді. Мемлекеттер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып дамытуда, халықаралық ынтымақ, бірлік қатынасты дамытуда БҰҰ-ның қосқан үлесі өте зор.

Ұйымның құрылымы

Ұйымның құрылымына келер болсақ, ол басты алты органнан тұрады: Бас Ассамблея; Қауіпсіздік Кеңесі; Экономикалық және Әлеуметтік кеңес; Қамқорлық жөніндегі кеңес; Халықаралық сот; Секретариат.

Бас Ассамблея негізгі кеңесуші орган болып табылады. Ол барлық мүше мемлекеттерден құралады, яғни пленарлық орган. Әр мемлекет ассамблеяда бір дауысқа ие. Ассамблеяның сессиясы жылына бір рет, қыркүйек айының үшінші сейсенбісінде басталады.

Бас Ассамблея БҰҰ-ң құзыретіне кіретін барлық мәселелерді қарастырып, мүше мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар білдіре алады. Бас Ассамблеяның шаралар қолдану туралы шешім қабылдауға құқығы жоқ. Яғни, оның актілері мемлекеттерге ұсыныс түрінде ғана болады.

Бас Ассамблеяның кезекті сессиясынан басқа, арнайы және төтенше сессиялары болады.

Арнайы сессия кез келген мәселе бойынша Қауіпсіздік кеңесінің немесе мүше мемлекеттердің көпшілігінің талабымен, бұл туралы Бас хатшы хабардар болғаннан кейін, он бес күн ішінде шақырылады.

Төтенше сессия әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төнген жағдайда көпшілік мемлекеттің немесе қауіпсіздік кеңесінің талабымен, бұл туралы Бас хатшы хабардар болғаннан кейін, жиырма төрт сағат ішінде шақырылады.

Бас Ассамблеяның функциялары мен құзыреттері:

1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы қатынастардың басты қағидаларын қарастыру.

2. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтарды реттеу, олар бойынша өз ұсыныстарын әзірлеу. Қауіпсіздік кеңесі қарастырып жатқан мәселелер бойынша, егер Қауіпсіздік кеңесі өзі ұсыныс білдірмесе, араласа алмайды.

3. Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген органдарының құзыреттері мен функциялары бойынша сұрақтарды шешу.

4. Қауіпсіздік кеңесінің баяндамаларын алып, тыңдау.

5. БҰҰ-ң бюджетін бекіту.

6. БҰҰ-ң Бас хатшысын бес жылға сайлайды. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерін, экономикалық және әлеуметтік кеңестің мүщелерін, Қауіпсіздік кеңесімен біріге отырып, халықаралық соттың судьяларын сайлайды.

Қауіпсіздік кеңесі жарғыға сай, халықаралық бейбітшілк пен қауіпсіздікті қолдауда басты жауапкершілікті мойнына алған орган.

Кеңес он бес мүшеден тұрады: бесеуі тұрақты мүше - Кытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары; ал қалған оны - Бас Ассамблеямен екі жылға сайланып отырады.

Кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Белгілі бір сұрақ бойынша шешім қабылданды деп есептелінеді, егер он бес мүшенің тоғызы шешімге өз дауыстарын берсе.

Жарғыға сәйкес БҰҰ-ң барлық мүшелері Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған шешіммен келісіп, оны орындауға тиіс. БҰҰ басқа органдары мемлекеттерге тек ұсыныстар берумен шектеледі, ал Қауіпсіздік Кеңесі, керісінше шешім қабылдап, ол шешім барлық мүше-мемлекеттер үшін міндетті болып табылады.

Қауіпсіздік кеңесінің функциясы мен құзыреті:

1. БҰҰ қағидалары мен мақсаттарына ай халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау.

2. Белгілі бір жағдайды әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке қарсы дау деп есептесе, бұл дауды шешуге міндетті.

3. Мұндай дауларды шешудің құралдарын ұсыну.

4. Бейбітшілікке қауіп төндіретін агресия актілерін аладын-ала анықтап, олардың алдын алу.

5. Агрессияны тоқтату немесе алдын алу мақсатында, жаза ретінде күш колдануды емес, экономикалық санкция қолдануға шақыру.

6. Агрессияны ұйымдастырушыға қарсы әскери күш қолдану.

7. Жаңа мүшелер қабылдауға ұсыныстар беру.

Кеңес тек қана БҰҰ-ң штаб-пәтерінде ғана шақырылмайды; 1972 жылы өз отырысын ол Аддис-Абебеде (Эфиопия) өткізді, ал 1973 жылы Панама мемлекетінің астанасында өткізді.

Қауіпсіздік Кеңесі дауласушы тараптардан дауды бейбіт түрде шешу жөніндегі міндеттемені орындауды талап етуге құқылы және бұл дауды реттеудің тәсілдері мен тәртіптерін ұсына алады.

Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес . Бұл орган экономикалық және әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты жүзеге асырады. Құрамы 54 мүшеден тұрады, үш жылға сайланады. Шешім шығару кезінде әрбір мүше-мемлекет бір дауысқа ие. Штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан.

Сессия жылдың басында Нью-Йоркта ұйымдастырылады, ал маусым айларында не Нью-Йоркта, не Женевада негізгі сессия өтеді.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1. Халықаралық экономикалық және әлеуметтік проблемаларды қарастыратын орталық форум ролінде болады.

2. Халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени сұрақтар бойынша баяндамалар құру, зерттеулер жүргізу, мемлекеттерге ұсыныстар беру.

3. Бас Ассамблеяға жіберу үшін халықаралық конференцияларды шақыру мен конвенция жобаларын әзірлеу.

4. БҰҰ осы саладағы қызметі мен саясатының басты бағыттарын анықтау.

БҰҰ Жарғысы бойынша экономикалық және әлеуметтік кеңестің қызметі халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік дамуға, экономикалық-әлеуметтік, мәдени саладағы халықаралық проблемаларды шешуге, адам құқықтарының сақталуын көмектесуге бағытталған.

Қамқорлық жөніндегі кеңес қамқорлық жүйесіне кірген аумақтарды қарап, бақылау үшін құрылған. Басында бұл аумақтардың саны он бір болды. Қамқорлық кеңесі олардың экономикалық жағдайын жақсартуға, оларға бейбіт жолмен тәуелсіздік әперуге қол ұшын беретін. Қамқорлық жөніндегі кеңес Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінен тұрады - Қытай, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы.

Қазіргі уақытта бұл аумақтар түгелдей өзін-өзі басқаратын немесе тәуелсіз мемлекеттер деп аталынды. 1994 жылы Қауіпсіздік кеңесіне қамқорлыққа кірген Тынық мұхиттағы аралдар аумағы Палау бойынша келісімді тоқтатты. Ол қазірде АҚШ қамқорлығына жатады. Қамқорлық кеңесі ендігі жерде тек қажетті жағдайларда ғана шақырылады.

Гаага қаласында (Нидерланды) орналасқан халықаралық сот Біріккен Ұлттар ұйымының ең негізгі сот органы болып табылады. Қатысушы мемлекеттер арасындағы заңи дауларды шешеді. 5

Сотқа статут қатысушылары болып табылатын мемлекеттер, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері келе алады. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылмайтын мемлекеттер, статутқа қатысушы болу арқылы, келе алады. Сотқа жеке тұлғалар өтініш білдіре алмайды.

Сот құзыретіне мемлекеттермен берілетін барлық істер, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында көзделген барлық сұрақтар жатады. Статутқа сәйкес, сот дауларды төмендегі құжаттарды пайдалану арқылы шеше алады:

1. Дауласушы мемлекеттер мойындаған ережелер көрсетілген халықаралық конвенция.

2. Құқықтық норма деп танылған халықаралық әдет-ғұрып.

3. Ұлттармен мойындалған құқықтың жалпы қағидалары.

4. Сот шешімдері мен доктриналары.

Халықаралық сот он бес тәуелсіз судьядан тұрады. Оларды Бас Ассамблея Қауіпсіздік кеңесімен бірлесе отырып, тоғыз жылға сайлайды. Бұлардың бесеуі әрбір үш жыл сайын жаңарып отырады. Халықаралық соттың судьясы болып, өз мемлекетінде жоғары соттың лауазымды тұлғаларына қойылатын талаптарына сай келетін, халықаралық құқық саласында беделге ие тұлғалар сайлана алады. 6

Секретариат - ұйымның күнделікті жұмысын атқаратын, әлем бойынша барлық ұйымдарда қызмет жасайтын халықаралық персонал. Ол БҰҰ басқа органдары қабылдаған бағдарламаларды жүзеге аырады. Секретариатты Бас Хатшы басқарады. Ол Қауіпіздік кеңесімен бірлесе отырып Бас Ассамблеямен бес жылға сайланады. Қазіргі уақытта секретариаттың бас хатшысы Кофи Аннан.

Секретариат халықаралық конференцияларды шақырады, онда қабылданған барлық құжаттарды тіркеп, жүзеге асырады. Олардың орындалуын қадағалайды.

Қазіргі уақытта Секретариаттың 170 мемлекеттен келген 8600-дей ер мен әйелден тұратын персоналы бар. Халықаралық ааматтық қызметкер болғандықтан барлық іс-әрекеттері үшін олар Біріккен Ұлттар Ұйымының алдында ғана жауап береді.

1. 1 БҰҰ-ның Жарғысы

БҰҰ-ның негізгі документі ол - оның Жарғысы. Оның жобасы 1944 жылы тамыз-қазан айларында Думбартон-Оксте(Вашингтон) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай өкілдері қатысқан конференцияда жасалды. Жарғы Сан-Франциско конференциясында дайындалып, 1945 жылы 26 Маусымда оған 51 мемлекеттің өкілдері қол қойды. Жарғы 1945 жылы 24 қазанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Сан-Франциско конференциясында қатысқан мемлекеттердің көпшілігі ратификациялауы-на байланысты күшіне енді. БҰҰ-ның Жарғысы кіріспеден және 19 тараудан тұрады. Жарғы бойынша БҰҰ өз міндетін орындауы үшін оның мүше-лері мына принциптерді басшылыққа алуы қажет: барлық барлық мүшелердің дербестік теңдігі; ұлы державалардың бірауыздылығы; барлық мүшелердің халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіс сөз арқылы шешу; ұйым мүшелерінің халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатынан және қандай елдің болмасын территориялық тәуелсіздігіне немесе саяси бостандығына қарсы күш қолдану саясаттан бас тартуы; барлық мушелерді БҰҰ-ның Жарғысы бойынша жүргізген іс-әрекетін, бейбітшілікке қауіп төнген, не ол бұзылған жағдайда төтенше жүргізген шараларды қолдауы; басқа елдің ішкі ісіне БҰҰ-ның қол сұқпауы. Жарғы бойынша БҰҰ мүшелігіне тек бейбітшілік сүйгіш дербес мемлекеттер кіре алады. БҰҰ мүшелерінің Ұйымнан шығуына хақысы бар.

1. 2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
Туризм – құқықтық реттелу объектісі ретінде
Кедейшілікпен күрес. Қауіпсіздік мәселесі
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Біріккен ұлттар ұйымы әмбебап ұйым ретінде
Халықаралық құқықтың қағидалары
Туризм – құқықтық реттелу объектісі
Халықаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz