Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I.тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына физикалық
географиялық сипаттама
I.1 Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I.2 Азияның топырақ жамылғысына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... .6

II.тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама
2.1 Азияның жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Азияның геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары ... ... ... .14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Кіріспе
Евразияның Голарктика және Палеотропика флоралық әлемі ауқымындағы жағдайы материктің солтүстік және оңтустік бөліктері флораларының қалыптасуы тарихындағы айырмашылықтарды, бір жағынан флораның бүкіл кайнозой бойы үздіксіз дамуын және материктің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аралдарындағы тропиктік сипатын, ал екінші жағынан климат жағдайларынын, күрт өзгерістеріне байланысты солтүстік бөліктің флорасының біршама жастығын және оның күрделі генезисін көрсетеді.
Евразияның голарктикалық флорасынын құрамында осы территорияда мұз жамылғысының пайда болуына әкеліп соққан жаппай суық түскенге дейін, кайнозойдын алғашқы жартысында қалыптасқан ежелгі жылу сүйгіш орман флораларының элементтері бар. Бұл флоралардың элементтері негізінен екі мұхит — Атлант және Тынық мұхиттары жағалауларындағы секторларда сақталған: Материктің ішкі аудандарының флорасы мен жер бетін топырақ, өсімдік жамылғысының қалыптасуы үшін материктің оңтүстігіндегі тау жүйелерінің неотектоникалық көтерілуіне байланысты күн суытуының және одан соңғы климат құрғауының үлкен мәні болды.
Ішкі аудандар релъефі мен климатының шұғыл өзгерістеріне байланысты флора қалыптасуының мұхит маңайындағы орталықтары бір-бірінен орасан зор құрғақ кеністіктермен бөлініп қалып, каинозойдың екінші жартысында бір-біріне байланыссыз дамыды. Евразия мен Африканың тропиктік аудандарымен алмасуды материктің батыс секторында теңіздер, ал оның ішкі бөліктерінде ау-мақты шөлді кеңістіктер қиындатып жіберді. Шығыс мұхит пен шектес секторда Голарктика мен Палеотропик арасында флоралық элементтер алмасуы жүріп жатты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Абдеев В.Д. Что такое степь?- Ботанический журнал.- 1964.- № 1 с.75-83.
2. Алехин В.Б. География растений.- Учпедгиз.- 1950.
3. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана.- Алматы.- 1994. 166 с.
4. Ахмедсафин У.М. Новые данные о связи растительности с грун товыми водами.- Вестник АН КазССР.- 1947.
5. Бабаев А. Пустыня как она есть.- М.- 1980. с 207 с.
6. Байтуллин И.О. Строение и работы корневой системы растений.- Алма-Ата.- 1987.
7. Байтуллин И.О. Биологическая продуктивность растительности Казахстана.- Алма-Ата.- 1987. 289 с.
8. Берг Л.С. Географические зоны Советского Союза.- География.- 1947.
9. Бобринский H.A. Зоогеография и эволюция.- М-Л.- 1927.
10. Бобринский H.A. Животный мир и природа СССР.- М., 1960.
11. Бунге В. Теоретическая география- M.- 1967.
12. Вавилов Н.И. Ботаника-географические основы селекции.- М-Л.- 1935.
13. Вальтер Г. Алехин В. Основы ботанической географии.- М.-1936.
14. Вегенер А. Происхождение материков и океанов.- М-Л.- 1967.
15. Власлова Т.В. Материктер мен мұхиттар географиясы.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -
---------------------3
I-тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына физикалық
географиялық сипаттама
1. Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама-------------------------- -----
---4
2. Азияның топырақ жамылғысына сипаттама-------------------------- -----
--6
II-тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама
1. Азияның жер бедері----------------------------- ---------------------
-----------10
2. Азияның геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары-------------14

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -
--------------20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- -----------
-------22

Кіріспе
Евразияның Голарктика және Палеотропика флоралық әлемі ауқымындағы
жағдайы материктің солтүстік және оңтустік бөліктері флораларының
қалыптасуы тарихындағы айырмашылықтарды, бір жағынан флораның бүкіл
кайнозой бойы үздіксіз дамуын және материктің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс
аралдарындағы тропиктік сипатын, ал екінші жағынан климат жағдайларынын,
күрт өзгерістеріне байланысты солтүстік бөліктің флорасының біршама
жастығын және оның күрделі генезисін көрсетеді.
Евразияның голарктикалық флорасынын құрамында осы территорияда мұз
жамылғысының пайда болуына әкеліп соққан жаппай суық түскенге дейін,
кайнозойдын алғашқы жартысында қалыптасқан ежелгі жылу сүйгіш орман
флораларының элементтері бар. Бұл флоралардың элементтері негізінен екі
мұхит — Атлант және Тынық мұхиттары жағалауларындағы секторларда
сақталған: Материктің ішкі аудандарының флорасы мен жер бетін топырақ,
өсімдік жамылғысының қалыптасуы үшін материктің оңтүстігіндегі тау
жүйелерінің неотектоникалық көтерілуіне байланысты күн суытуының және одан
соңғы климат құрғауының үлкен мәні болды.
Ішкі аудандар релъефі мен климатының шұғыл өзгерістеріне байланысты
флора қалыптасуының мұхит маңайындағы орталықтары бір-бірінен орасан зор
құрғақ кеністіктермен бөлініп қалып, каинозойдың екінші жартысында бір-
біріне байланыссыз дамыды. Евразия мен Африканың тропиктік аудандарымен
алмасуды материктің батыс секторында теңіздер, ал оның ішкі бөліктерінде
ау-мақты шөлді кеңістіктер қиындатып жіберді. Шығыс мұхит пен шектес
секторда Голарктика мен Палеотропик арасында флоралық элементтер алмасуы
жүріп жатты.

I-тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына физикалық
географиялық сипаттама
1.1 Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Қазіргі топырактық-өсімдіктік жағдайларды сипаттағанда, сондай-ақ,
адамзат қоғамының көп ғасырлар бойғы іс-әрекетінің әсерімен болып жатқан
өзгерістерді де ескермесе болмайды. Биосфера компоненттері географиялық
қабықтың басқа компоненттеріне қарағанда адам әсерінен көбірек өзгереді,
әсіресе адамзат қоғамынын іс-әрекетінің жағымсыз жақтарынан көп
зақымданады. Орман ағаштарын қосу мен жерді жырту, ағаштарды қолдан
отырғызу, батпақтарды құрғату және топырақтың ирригация әсерімен сор-
таидануы, өсімдіктерді жердің басқа аудандарынан әкеліп өсіру мен тарату
тағы сол сияқтылардың бәрі Евразияның, әсіресе оның халық бұрыннап
қоныстанып тығыздала түскен бөліктері жері бетінін бастапқы топырақ
өсімдік жамылуының елеулі өзгерістерге ұшырауына әкеліп соқты. Мысалы,
Евразияның кейбір елдерінде жер бетінің топырақ және өсімдік пен табиғи
жабылуы өзінің бастапқы сипаты мен құрамын 90%-ке жуық өзгертті: Ұлы Қытай
жазығында, Хуанхэ бассейнінде, топырақ өсімдік жамылғысын бастапқы қалпына
келтіру мүмкін болмай отыр, өйткені халық өте тығыз орналасқан бұл жерде
мыңдаған жылдар бойғы егіншілік мәдениетінің әсерінен ол толық жойылып
кеткен.
Сондықтан, қазіргі кезде жер бетін топырақ, өсімдік жауып жатуын
сипаттағанда оның пайда болуының ерекшеліктерін, қазіргі табиғи
жағдайларын және антропогендік фактордың ықпал ету дәрежесін ескеру керек.
Евразия көлемінің байтақтығын және оның әр түрлі бөліктеріндегі
топырақтар мен өсімдіктердің үлкен айырмашылықтарын ескере отырып,
топырақтар және өсімдіктер типтерінің алмасу ерекшеліктерің оның мұхит
жағалауларындағы әрбір секторлары және құрлықтың ішкі бөліктері үшін бөлек-
бөлек алып қарастырған дұрыс.

Евразияның шеткері шығыс аудандарындағы жалпақ жапырақты ормандар
орнын орманды далалар және далалар алып жатыр. Континенттік климат пен
ылғалдың жеткіліксіз жағдайында Евразияның ішкі аудандарында далалар
кеңінен етек алған. Шетелдік Европада байырғы далалар мен орманды далалар
ортаңғы және төменгі Дунайдың қоңыржай континенттік климатты және қалыпты
ылғалды аллювиальды жазықтарында ғана болған. Топырақтары — әр түрлі типті
қара топырақ. Құрамында 6%-тен астам гумусы бар құнарлырақ нағыз қара
топырақ Румыния ауқымындағы Төменгі Дунай жазығына тән. Оңтүстікке қарай,
Солтүстік Болгарияда, олардың орнын гумусы аз оңтүстіктің қара топырақтары
басады. Орта Дунай ойпатында құрамында 3—6% гумус бар және едәуір сортаң
сілтісізденген қара топырақ орын алған. Осы аудандардың бәрінде бұрын кей
жерлерінде жалпақ жапырақты ормандар ұшырасатын шалғынды далалар болған.
Топырақтың құнарлылығы мен ауа райының қолайлылығы егіншіліктің, бақ және
жүзім шаруашылығының дамуына ықпал еткен. Қазіргі кезде Дунай жазығында
өнделген жерлер мен қолдан отырғызылған емен, терек, ақ қараған (Robinia
pseudacacaia) ормандар көп.
Қысы жылы, ылғалды, ал жазы құрғақ болатын Жерорта теңізінің
жағалауларындағы субтропиктік белдеудің батыс, Атлантика жағалауы
секторына топырақтар мен өсімдіктердің ерекше типтері тән. Сондай-ақ
Жерорта теңіз алқабының флоралық құрамы қазіргі жағдайларға байланыссыз
флораның өте кенелілігімен және мәңгі жасыл өсімдіктердің де, жапырағы
түсетін ағаштардың да ежелгі тропиктік элементтерінің болуымен
ерекшеленеді. Негізінен Жерорта теңізі флорасы неоген дәуірінде
қалыптасқан, бірак плейстоцен дәуірінің барысында климаттың өзгеруінің
әсерімен ол біраз өзгерістерге ұшыраған. Осыған байланысты Жерорта
теңізінің флорасы түр құрамының аса күрделілігімен сипатталады.

1.2 Азияның топырақ жамылғысына сипаттама
Жазықтарда топырақ пен өсімдік жамылғысы ендік аймақтар құрайды.
Ендік топырақ аймақтары Солтүстік Азияда айқын көрінеді. Солтүстік Мұзды
мұхит жағалауын түгел бойлай, тундра топырақ аймағы жатыр. Ол оңтүстігінде
бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстың көп жерін алып жатқан күлгін топырақ
аймағына өтеді. Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Қазақстан мен Орта Азияда
солтүстіктен оңтүстіке қарай топырақ өзгеріп отырады (қара топырақ, қоңыр
топырақ, шөлейттің сұр топырағы және бозғылт топырақ). Батыс Сібір мен
Қазақстанның қара топырақты далалары СССР-дің негізгі астықты аудандары
қатарына жатады. СССР-де тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты
егіншілік қоңыр топырақ аймағында да өркендеді. Қиыр Шығыстың
оңтүстігіндегі (Тынық мұхит жағалауы) жалпақ жапырақты ағаш өсетін және
аралас орманды жерлер қоңыр топырақты келеді. Оңтүстік Сібір тауларында
биіктік аймақтарға сәйкес таудың қара топырағы, тау орманның күлгін
топырағы, тау шалғынның топырағы, тау тундрасының топырағы кездеседі. Орта
Азия тауларының топырақ жамылғысы мұнан ерекше. Климаттың құрғақ,
континентті болуынан далалық жердің топырағы (таудың қара топырағы мен
қоңыр топырағы) кең тараған. Көп жағдайда вертикаль белдеуліктерде тау
орманның топырақ аймағы болмайды, тау даласының топырағы бірден тау
шалғынның топырағына ауысады. Климаты құрғақ Батыс және Орталық Азия мен
ылғалды әрі ыстық Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азияда топырақ
жамылғысының бір-бірінен айырмасы үлкен. Батыс және Орталық Азияда сұр,
құба топырақ басым. Орталық Азияның солтүстігіндегі енсіз өңірде қоңыр,
Тибетке биік тау шөлдерінің шала түзілген топырағы, тау жоталары
беткейлеріне тау шалғынның топырағы тән. Сұр, құба және қоңыр топырақтың
аралықтарында сор мен сортаңдар жиі кездеседі. Азияның көп жерін сусымалы
құм, сазды және тастақты шөлдер алып жатыр. Батыс Азиядағы климаты жерорта
теңіздік аудандардың топырағы қошқыл. Оңтүстік және Оңтүстік-

Шығыс Азияның жері негізінен тропиктік және субтропиктік қызыл топырақты
келеді. Үндістан тропиктік қара топырақты (регур), Солтүстік Үндіқытай мен
Оңтүстік Қытай таулары, Гималайдың оңтүстік беткейлері орманға тән сұр
топырақты, тропиктік және субтропиктік саванналар қызыл-қоңыр топырақты
болады. Азияның ежелгі егіншілік аудандарында топырақ құралу процесіне
адам әрекетінің үлкен әсері тиген. Орта Азия оазистерінде жүздеген,
мыңдаған жылдар бойы жер суарудың нәтижесінде тұнбалардың жиналуынан
ерекше бапталған суармалы мәдени топырақ қалыптасқан (топырақ горизонтының
қалыңдығы 1-2 м, онан да артық).
Алайда егіншілігі, мал шаруашылығы және теңізде жүзу ici жоғары
дамыған Евразиядағы ежелгі адамзат мәдениетінің бесігі болған Жерорта
теңізінін. жағалаулары өзінің табиғи өсімдіктерінен біздін дәуірімізге
дейін-ақ едәуір шамада жұтап қалған.
Тіпті Орта Европаны түгел дерліктей орман басып жатқан кезде-ақ
Жерорта теңізі алқабында орманы мүлде жойылып кеткен тау баурайлары мен
ішінара өңделген, ішінара құнарсыз қу далаға айналған теңіз жағалауындық
жазықтар болған. Ағаш кесу, мал таптау және өрт Оңтүстік Европа мен Батыс
Азияның, бастапқы өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуінің негізгі
себептері. Бұрынғы мәнгі жасыл ормандардың орнында кейіннен, аласа ағашты
ормандар мен бұта қаулары пайда болған, олар осы күнге дейін көп ауқымды
алқаптарды алып жатыр. Жауын-шашынның мөлшеріне, түбінде өсетін шөптер
құрамы мен топырақтардыц типтеріне байланысты бұл өсімдіктердің түрі мен
флоралық құ-рамы әр түрлі. Түр құрамы жағыиан жауын-шашыны мол және
топырақтары жақсы жетілген Жерорта теціз алқабы аудандарының бәріне
тараған маквис немесе маккия деп аталатын тоғайлар әсіресе бай. Маквистің
ерекше қалың қау-лары Қорсикада, Пиренеи түбегінін. оңтүстігінде және
Грецияда сақталған. Олар аласа ағаштардан немссс 3- 5метрге жететін биік
бұталардан тұрады. Түр құрамы үшін аймақтық айырмашылықтар тәп, алайда
барлық жерде дерлік мәңгі

жасыл емендер, бүлдірген ағашы. (Areutus unedo, A. andrachne). Жабаны
пісте (PistaceaBentiscus), розмарин (Posmapurus officinalis), арша
(Zuniperus macrocarpa), ағаш тектес арша гүл (Егісаогвегеа) жабайы зәйтүн
(Оіеа) көбірек болады. Маквистің. көптеген өсімдіктері хош иісті, кейбірі
ірі ашық түсті гүл ашады.
Құрғақ, әкті әр жерін топырақ басып жататын беткейлер үшін сирек
аласа бұталар мен бұршақ тектес, ладан тектес т. б. өсімдіктерден тұратын
ксерофиттік бұталар әлдеқайда тән болып келеді. Батыста (Испания мен
Францияда) мұндай тоғайлар гаррга, Балкан түбегі мен Кіші Азияда фригана
деп аталады. Олардың түр-тұқымдық құрамы біршама өзгешелеу.
Жерорта теңіз алқабының шығыс бөлігінде тек мәңгі жасыл
өсімдіктерден ғана емес, сондай-ақ карамала (Paliurus acnlcatus), бояулы
ағаш (Rhus coriaria), сирень (Syringavulgaris) сияқты жапырақ тастайтын
өсімдік түрлерінен де тұратын бұта каулары өседі. Кейде едәуір биіктікте
кездесетін бұл тоғайлар шибляк деп талады.
Өсімдіктерді қалпына келтіруге қолайсыздау жерлерде ормандар
жойылған сайын тау беткейлері тез жаланаштанып, шайыла түседі, жыралар
үлкейіп, сусымалы болып тұрады. Әк тасты жерлерде қарсталық процестер
жедел дамиды. Сондықтан Жерорта теніз алқабында топырағы мен өсімдігінен
айрылған құнарсыз жерлер өте көп. Алайда, мұнымен қатар жағалаудағы
ойпаттар мен террасаларда тау беткейлерінде мұқият өнделген жерлерде
зәйтүн ағаштар тоғайлары, жүзімдіктер, бидай мен жүгері егістігі кеңінен
шалқып жатады. Оңтүстік аудандарда жыл бойы гүлдеп, жемісі пісіп тұратын
апельсин, лимон, померанец сияқты цитрус өсімдіктері көп өседі. Елді
мекендер маңайында пальма, бугенвиль, райхан т. с. с. жергілікті және
тропиктік флораның сәндік өсімдіктерінің қолдан отырғызылған бақтары кең
тараған.
Евразияның Атлантика жағалауы секторының жер бетін жауып жататын
топырақ, өсімдік жамылғысы типтерін зерттеуді қорытындылап отырып,

материктің бұл бөлігінде коныржай белдеу, субтропиктік белдеу де шегінде
табиғи жағдайдағы орман топырақтары мен мұз басу дәуіріне дейінгі флораның
көптеген элементтері бар өсімдіктердің болуы тән екендігін атап өту қажет.
Қиыр шығысы мен оңтүстік шығысын қоспағанда Азияның негізгі бөлігі
енетін Евразияның ішкі материктік секторы флорасының түр құрамы мен жер
бетін жауып жаткан топырақ өсімдіктердің аймақтық типтерін белу түрғысынан
қарағанда бұдан елеулі айырмашылықтары бар. Материктің бұл бөлігінің жер
бетін жабатын топырақтар мен өсімдіктері бұған дейін айтылғандай, неоген-
антропоген дәуіріндегі климат пен рельефтің қатты өзгеруінің әсерімен
геологиялық тұрғыдан біршама бертін келе түпкілікті қалыптасқан.
Қазіргі климаттық жағдайларына қоңыржай белдеуден тропиктік белдеуге
дейін байқалатын және орография ерекшеліктерімен күшейе түсетін
континенттік және аридтік тән. Сондықтан Атлант жағалаулық бөлігі
материктің ішкі аудандарына қарама-қарсы, мұнда топырақ пен өсімдіктердің
ормандық типтері аздау, далалар, шөлейттер мен шөлдер көп болуы тән.
Азияиың Совет Одағының шегіндегі солтүстік бөлігіне тундра мен
орманды тундраныц кецеюі, тайганың етек жаюы Уралдан аспайтын аралас және
салпақ жапырақты ормандардың болмайтыны тән сипат. Орманды далалар
енсізденіп барып далаға айналады, ол Азияда қылқан жапырақты ормандар
жапқан таулармен кезектесіп жататындықтан тұтас алқап бола алмайды. СССР
шегіндегі Азияның жерін жауып жатқан топырақ, өсімдіктер курста егжей-
тегжейлі қарастырылады. Мұнда біз шетелдік Азия жер бетін жауып жатқан
топырақ пен өсімдіктсрді қарастырамыз.
Моңғолияның солтүстігіндегі Селенга өзенінің бассейнінде жазық
далалы учаскелер қылқан жапырақты ормандар немесе тау дала өсімдігі жапқан
тау жоталарымен алмасып отырады. Шетелдік Азияның қоңыржай белдеуі
далаларында сарғыш топырақты құрғақ дәнді және бұталық-дәндік өсімдіктер
өсетін дала түрлері басымдау болады.

II-тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама
2.1 Азияның жер бедері
Шетелдік Азияның жер бедері түзілгенде үш ірі морфоқұрылымның типті
ажыратуға болады. 1 – платформалық жазықтар, 2 – эпиплатформалық таулар, 3
– эпиорогендік зоналық таулар.
Платформаның жазықтық жер бедерінің негізгі типтері акумлятифтік
денудациялық жазықтар және денудациялық үстірттер. Фунданың шығып тұрған
жерлерде денудациялық таулы үстірттер және жазықтар пайда болады. Шеткі
және ішкі иімдерде месопатамия және акумлятифтік Үндіганга жазықта
қалыптасқан.
Платформаның таулы облыстар платформаның шеттерін алып жатыр. Ливан,
Антиливан, Хиджан, Иемен, Батыс және Шығыс Гхат ол Декан үстірт бұлардың
биіктігі 2000 – 3000 метр аралығында. Эпиорогендік таулар күрделі
түзіліске ие. Азия териториясының үсті мен Альпі Гималай белдеуі созылып
жатыр.
Шетелдік Азияның қоңыржай белдеуінің шөлдері жазы ыстық, қысы суық,
жылдық мөлшері 200 мм-ден аспайтын, көбінесе 100 мм-ден кем болатын,
ылғал түсуі жыл бойына біркелкі бөлініп топырақтың 0,5 метр тереңдікте
ылғалдануын қамтамасыз ететін өзгермелі континенталды климат жағдайында
қалыптасады. Шөл далалардың өсімдіктері мен топырағы айрықша әркелкі болып
келеді, өйткені жер қыртысы жағдайларындағы, рельефтегі немесе
ылғалдану мөлшеріндегі болмашы ғана өзгерістер топырақ пен
өсімдіктердің өзгеруіне әкеліп соғады. Әсіресе ежелгі мен жерлерде
пайда болған мол карбонатты сұр-қоңыр топырақтардағы формациялар көп
тараған.

Плиоцен дәуірінен қалыптасқан аридтік жағдайлар сондай-ақ Евразияның
субтропиктік белдеуінін, ішкі бөлігіне тән, оның үстіне Жерорта теңізіндік
климат алдыңғы Азия таулы қыратты аймағының ішкі бөліктерінің,
континенттік климатына біртіндеп ауысады. Аридтік Анатолий тау
үстіртінде-ақ байқалып, шығысқа қарай Иран таулы қыратына және
Месопотамияға тарайды. Бірақ осы аудандардын барлығында жауын-шашынның
көктемгі-қысқы максимумы сақталады, бұл, өсімдіктер мен топырактардың
калыптасуы-на елеулі әсер етеді. Жылдық ылғалдануы 300 мм-ден асатын
аудандарға сұр қышқыл топырақпен құрғақ далалардың ұсақ бұталы өсімдіктері
тән. Ылғал мөлшері 300 мм және одан да аз болатын қатты булануға,
температуранын күрт өзгеруіне және кыстың біршама темен температурасына
бейімделген жерлерге субтропиктік шөлейттердің сұр топырағы мен
астрагалдар, трагаканттылар тұ-қымдас тікенекті жатаған бұталар және аласа
бойлы ксерофиттер сәйкес келеді. Бұл формация таулы қыраттық ксерофиттер
деген атпен белгілі. Сұр қышқыл топырақпен сұр топырақта қошқыл қоңыр
топыраққа қарағанда гумус аздау, бірақ шөлді жерлердін сұр қоныр
топырақтарындағылардан көбірек (шамамен 2—4%), сонымен бірге бойында
өсімдікке қажетті қордың химиялық элементтердің барлығы дерлік бар.
Оларды ауыл шаруашылығына тиімді пайда-лану үшін қолдан суландыру қажет,
бұл Түркия мен Иранның құрғақшылық аудандарында дәнді дақылдар, жеміс
ағаштары, мақта өсіруге жағдай жасайды. Иран таулы қыраттарының таумен
мейлінше қоршалған учаскелерінде жауын-шашын мөлшері 100 мм-ге дейін және
одан да төмендейді. Онда өсімдігі жоқ дерліктей тастақты және сортанданған
құмды шөлдер етек алған.
Субтропиктік белдеудің шығысырақ аудандарында дүние жүзінің ең, биік
таулы қыраттары (Тибет т. б.) бой көтереді. Оларға құрамында қатты дәнді
тұқымдастар мен жатаған бұтақтар басым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы
Ақ түлкінің жүн жамылғысына сипаттама
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары
Жүгері дақылының өнімділігі
Өсімдік қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасын анықтап, өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру
Өсімдіктер биохимиясы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Пәндер