Бекіре балықтары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 5

1. 1 Бекіре балықтарына жалпы сипаттама, биологиясы және таралу ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Лена бекіресінің балық шаруашылығындағы маңыз . . . 7

1. 3 Бекірелерге су температурасының әсері. . 10

2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ . . . 12

3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР . . . 14

3. 1 Лена бекіре шабақтаының ұзындық бойынша өсу ерекшеліктері . . . 17

3. 2 Лена бекіре шабақтарының салмақ бойынша өсу ерекшеліктері……. . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 20

Кіріспе

Бекіре балықтары балық шаруашылық өндірісінің маңызды обьектілерінің бірі болып табылады. Соңғы жүз жылдықта бекіре балықтарының саны күрт төмендеп кетті. ХXII ғасырдың ортасында-ақ олардың санының азайып бара жатқандығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп кеткен. ( Бэр. 1851) . Бекіре балықтары қорының күрт төмендеуі нәтижесінде оларды жойылып бара жатқан жануарлар қатарына жатқызуға тура келеді. ( Киселевич 1926. )

Қазіргі кезде суқоймалардың гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайының жақсаратынына үміттену мүмкін емес, сондай ақ бекіре балықтарының браканиерлік аулануы, мұнай және мұнай өнімдерімен судың ластануы, металургия, химия өндірісінің дамуы бұлардың барлығы бекіре балықтарына төніп тұрған қатер. Егер жедел шаралар қабылданбаса олардың жойылып кету қаупі бар.

Милион жылдар бойы тіршілік еткен, суқоймалардың өзгерістеріне шыдаған өміршең балықтар тобы бекірелер адамдар тіршілігі нәтижесінен туған зиянды әсеріне төзе алмады.

Бекіре балықтары қоршаған орта факторларының өзгеруіне шыдамды. Бейімделушіліктің үлкен амплитудасы ежелгі бекірелерге ғана тән емес, қазіргілеріне де тән, олардың өміршеңдігі туралы мәліметтерді көптеген әдебиеттерде көрсетілген.

Жас организмнің сыртқы орта әсеріне бейімделгіш екені белгілі, сондықтан бекіре балықтарын алқашқы сатыдан бастап бассейнде өсіру олардың қажетті ортаға бейімделушілігін арттыруға болады. Сондықтан тауарлық бекіре өсірудің экономикалық және экологиялық маңызы зор.

Курстық жұмыстың мақсаты лена бекіресінің жаңа жағдайда су температурасына байланысты өсу темпін анықтау және оның осы индустриальды аквакультураның обьектісі ретіндегі перспективтілігіне сипаттама беру .

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Бекіре балықтарының сипаттамасы, биологиясы және таралу ерекшеліктері

Систематикасы

Патшалық: Жануарлар - Zoo

Тип: Хордалылар - Сhordata

Тип тармағы: Омыртқалылар - Vertebrata

Класс үсті: Сәуле қанатты балықтар - Crossopterugii

Отряд: Бекіре тәрізділер - Acipenseriformes

Тұқымдас: Бекірелер - Acipenseridae

Туыс: Бекіре - Acipenser

Түр: Сібір бекіресі - Acipenser baeri Brandt

Түр асты: Лена бекіресі - Acipenser baeril

Бекірелер өте ежелгі балықтар тұқымдасы, 200-400 милион жылдар бұрын пайда болған. Осы уақыт аралығында олар көптеген күрделі өзгерістерді басынан өткеріп, қоршаған орта өзгерістеріне және су химизмінің өзгеруіне бейімделіп отырды. Солтүстік жартышардың үш континенттінің суқоймаларына кеңінен таралды. Тіршіліктің әр түрлі жағдайларына бйімделіп (өзен, көл, теңіз) және әртүрлі климаттық, гидрологиялық, гидрохимиялық жағдайларда тіршілік ету үшін бейімделушілік биологиялық қасиеттерге ие бола отырып, олар басқа түрлермен бәсекелестік танытып, ауруларға төзімділігімен ерекшеленген бекіре балықтары өздерінің өміршеңдігін танытты. (Державин 1947; Гербильсий 1962; )

Бекірелер отряды жоғары спецификалық балықтар тобы. Олар өздерінің ерекше морфологиялық белгілерімен әлем ихтиофаунасының өкілдерінен ерекшеленеді. . Бекіретәрізділер денесі ұзынша келген веретентәрізді болады, денесінде бес қатар: бір арқа, екі екіден бүйірінің екі жағында және құрсағының екі жағында сүйекті өсінділер жапқан. Тікен тәрізді өсінділер арасында сүйекті пластинкалар кездеседі. Ауызының алдында төрт мұртшасы болады. Ауыз типі төменгі. Тістері болмайды, тек шабақ сатысында әлсіз тістері болады. Торсылдағы жақсы жетілген, қарынмен немесе ас қорыту жүйесімен байланысқан. Ішкі қаңқасы шеміршекті, хордасы сақталған омыртқасы жоқ. Құйрық қанатының жоғарғы сағағы төменгісіне қарағанда біршама ұзын. Қабыршағы ганоидты, роб пластинкалар тәріздес, үсті эмаль тәрізді затпен қапталған. Құйрық қанатының арқа жағында ганоидтты қабыршақтың фулькра сызығы болады.

Бекірелер көктемдік және күздік өрістеуші балықтар қатарына жатады( Никольский, 1971) .

Атлантика мұхтымен, Жерорта және Қара теңіздерімен байланысқан Еуропаның барлық өзендерінде балтық және атлант бекіресі тіршілік етеді. Франция мен Голландия өзендерінде үшкіртұмсық бекірені, ал Италия, Югаславия, Албания елдерінде адриятикалық бекірені кездестіруге болады. Азияда бекірелер түрі өте көп таралған. Қытай өзенінің оңтүстік - шығыс жағалауында Корей жене қытай бекірелері өрістеуге шығатын. Янцзы суларында 7метрге жететін алып псефура бекіресі тіршілік ететін. Сондай ақ Жапония және Қиыр Шығыс өзендерінде жапон және сахалинск бекіресі кең таралған болатын. Сібірдің барлық териториясындағы өзендердің барлығында: Об, Енисей, Лена, Ян, Индигйрка, Калымда және осы өзендермен жалғасатын Солтүстік Мұзды мұхитында, Байкал теңізінде және басқа да суқоймаларда сідір бекіресінің өткінші формаларының ппопуляциясы кең таралған. Бекірелер саны және түрі жағынан Азов, Қара және Каспий теңіздерінің бассейндерінде басым келеді. Бұл суқоймаларда орыс, парсы бекірелері, белуга, севрюга, шип, стерлядь балықтарының кең қоры болатын. Мұнан басқа, қазіргі уақытқа дейін Қара теңізде атлант бекіресінің кең популяциясы болатын ( Никольский, 1971) .

Профессор Гербильскийдің (1962) құрастырған биологиялық прогресс теориясы бойынша бекірелердің таралу ареалының кеңдігі және түрінің әртүлілігі онтогенездің әртүрлі сатысында пайда болатын популяциялық, организмдік және клеткалық деңгейде жүретін бейімделушілік немесе адаптация нәтижесі деп көрсетті.

Бекіретәрізділер отряды екі тұқымдастан тұрады: бекірелер және веслоносы. Бекірелер тұқымдасы төрт туыстан: белуга, бекіре, лопатонос, лжелопатонос болып бөлінеді. Жалпы 25 түрі бар. Солардың ішінде тауарлық балық өсіру саласының маңызды объектілерінің бірі Сібір бекіресі.

Сібір бекіресі (Acipenser baeril ) бекірелер тұқымдасына жататын балық жартылай өткінші және тұщы сулық формалары бар . Сібір өзендерінің Обадан, Колыма және Индигиркаға дейін таралған. Ертісте, Зайсан көлінен, Об өзенінен Телецк өзендеріне дейін таралған. Байқалда және Зайсанда өзендік өткінші формалары бар . Әдебиеттерде көрсетілгендей сібір бекіресінің Печора өзенінде бар екендігі қазіргі уақытта расталмай отыр, бірақ 1956 жылы осы өзенге 18 экземплярлы жалпы салмағы 0, 4 кг болатын және 155 экземпляр жалпы салмағы 13, 4 кг болатын өндірушілер жіберілген . 1957 жылы бекірелерді Печора өзенінің сағасында байқаған. Об және Енисейде бекірелер стерлядьпен бірге мекендейді, ал Лена өзенінде сібір бекіресінің тек бір түрі - лена бекіресі тіршілік етеді .

Сібір бекіресі баяу өседі . Әдетте аталығы 9-14 жасында аналығы 11-20 жасында жыныстық жетіледі. Өрістеуі әрбір 3-4 жылда болады. 60 жылға дейін өмір сүреді. Сібір бекіресі шаянтәрізділермен (амфиподалармен) , насикомдар личинкасымен (хирономиттер, біркүндіктермен ) , моллюскалармен, балықтармен қоректенеді. Бұл түр акклимтизацияның және тауарлық балық шаруашылығының перспективті объектісі болып табылады. Сібір бекіресі өте сақ балық, көбіне су түбінде жүреді.

1. 2 Лена бекіресінің шаруашылық маңызы

Сібір бекіресін тауарлық өсірудегі экспериментальдық жұмыстар 1973 жылы басталды, алғашқы шабақтар мен личинкаларды табиғи популяциядан алыныды және тауарлық массаға дейін бссейндерде өсірілді. Аналық үйір құру жұмыстары да қатар жүргізілді. 1981 жылы алғашқы ұрпақ алынды. Сібір бекіресі пластикалық және меристикалық белгілерінің ауытқу диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді. (Рубан 1999) .

Сібір бекіресінің бір формасы лена бекіресі. Лена өзенінің төменгі сағасында ұзақ миграция жасамайтын салыстырмалы популяция саны көп сібір бекіресінің түрі - лена бекіресі тіршілік етеді. Ол өсу жылдамдығымен және жыныснық жетілу жылдамдығымен ерекшеленеді. Ересек аналықтарының минимальды жасы 11 жыл, ал аталығының минималдық ересек жасы 9 жыл, аталық салмағы 1-12 кг, аналығы 13-15кг болғанда жыныстық жетіледі. (Рубан 1999) Сібір бекіресінің қоректену ерекшелігі және өрістеу инстинктінің жоқтығы оны бекіре шаруашылығының перспективті объектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. ( Никетинко 1981) . Сібір бекіресін тауарлық бекіре өсіру шарушылығына енгізгенде, әсіресе жылы сулы шаруашылықтарда жоғары өнімділік алынған. Су температурасы қыс айларында 10-11 градусқа дейін төмендейтін Конаковск және Волгореченск шаруашылықтарында 4-6кг салмақта аналықтардың жетілу жылдамдығы 7жас.

Лена бекіресінің өсу және жыныстық жетілу жылдамдығы сырт орта әсерінен әр түрлі болып тұрады. Ең жылдам жыныстық жетілу жылы сулық шаруашылықта аталықтары екі жылда, аналығы бес жасында жетілуі тіркелген. Тез жынстық жетілетін аталық өсіру технологиясы: аталықты біржарым жыл бойы әрқашан жоғары температуралық режимде қыстаусыз өсіріп, кейіннен су температурасын төмендетіп отыруға негізделген. Төмен температура спермотогенездің аяқталуын тездетеді. Балық шаруашылығында лена бекіресінің өсі шектеулі. Аналықтардың максимальді массасы 20 кг, әдетте мұндай мөлшерге жетпейді.

Индустриялды балық шаруашылығында жоғары колориялы комбинирленген қорекпен қоректендірілген лена бекіресінің гонадаларында көп мөлшерде май жиналады. Мұндай особьтарды жыныстық жетілген уылдырығы бар особьтармен шатастырып алу мүмкін. Себебі, олардың құрсағы өте үлкен болады. Мұндай өкілдерден жақсы өндірушілер алу мүмкін емес.

Жыныстық жетілген лена бекіресі өрістеу кезіндегі некелік белгісі айқын болады, аталығы және аналығында ақ түсті дақтар пайда болады. Аталықтары жыл сайын жетіледі, ал аналықтардың жыныстық жетілуі әртүрлі, мысалы, Ресейдің Ставропольск аймағында табиғи температуралық режимді ашық суқоймаларлы шаруашылықтардағы аналықтар жылына кейбіреуі ғана жетіліп отырады. Ал жылытылған су қолданатын шаруашылықтарда аналық жыл сайын жетіліп отырады.

Лена бекіресі табиғи ортада 15-20 жасында жыныстық жетіледі, ал жылы сулы шаруашылықтарда 7-8 жасында жетіледі. 65кг ға дейін өседі, тіпті 180кг дық экземплярлары да кездеседі. Тауарлық салмағы 2кг, тауарлық салмаққа 2-3 жасында жетеді. Тұқымдылығы 170-400мың уылдырық.

Бекіре балықтарының қара уылдырығы гурмандардың сүйікті асы, бұл деликатес қана емес олардың ароматтық, дәмді етіде үлкен назар аудартады. Бекіре тәрізділер отрядының он бес түрі бар. Олар тек солтүстік жарты шарда ғана, оңтүстік Еуропада, сондай ақ Каспий және Арал теңіздерінде таралған. Олар өте ежелгі жануарлар түріне жатады.

Лена бекіресі табиғи ортада 15-20 жасында жыныстық жетіледі, ал жылы сулы шаруашылықтарда 7-8 жасында жетіледі. 65кг ға дейін өседі, тіпті 180кг дық экземплярлары да кездеседі. Тауарлық салмағы 2кг, тауарлық салмаққа 2-3 жасында жетеді. Тұқымдылығы 170-400мың уылдырық.

Каспий бассейнінде ауланатын балықтың тек 3% ғана құрайды, ал олардан түсетін өнімнің пайдасы осы суқоймадағы жалпы өндіріс пайдасының 40-45% құрайды. Олар сырт ортажағдайларына жақсы бейімделушілік тән, олардың шабақтарының тірі қалуы басқа балықтармен салыстырғанда жоғары ол денесіндегі пассивті қорғаныштық органдарының ( тікен тәрізді өсінділер) бар болуымен түсіндіріледі. Бекіре тәрізділер тез өседі және ұзақ тіршілік етеді. Олар тез өсу, ауруға төзімділігі, индивидуальді өмірінің ұзақтығы және тағы басқа жақсы қасиеттерімен ерекшеленеді.

Кейінгі жылдары тауарлық бекіре өсіру қарқынды дамып келеді. Біріншіден бұл осы өнімге деген қажеттілікті қанағаттандыраса, екіншіден бекіре балықтарының табиғи қорларын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Германия, Италия, Франция, Дания, АҚШ, Жапония елдерінде тұйық жүйелі суалмасатын құрылғыларда бекіре балықтарын интенсивті өсіру технологиясы бойынша: өсіп жетілуге оптимальді жағдайлар жасап, жоғары сапалық құрамажеммен қоректендіре отырып жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы Неміс докторы Штелер(1999) осы технологямен жыныстық жетілген белуганы 4 жылда өсірді, ал табиғатта ол 16-17 жылда ғана жыныстық жетіледі. Ресейде де бекіре шаруашылығына үлкен көңіл бәлінген, ғылыми зерттеу институттары осы тақырыпта зор еңбектер атқарып отыр. Қазіргі уақытта Рессейде сібір бекіресінің, стерлядьтің, бестер және тағы басқа бекірелердің аналық үйірі бар (Васильева, 2000) .

Бекірелердің заводтық өсірудің негізгі мақсаты табиғи популяциялар санын толықтыру, тауарлық өсіру және олардың әртүрлі түрлердің генетикалық структурасын сақтап қалу болып табылады. ВНИИПРХтың бекіре өсіру және оны акклиматизациялау лабораториясында бекіре өсіру шаруашылығының жаңа концептуальді әдістер құрастырылды. Жаңа концепция бойынша қадағаланып отырылатын жағдайларда өсірілген өндірушілерді қолдану, уылдырықты тірі балықтан алу және өндірушілерді бірнеше рет қолдануға негізделген. Бекіре балықтарының жыныстық жетілуі ұзаққа созылатындықтан аналық үйір құру мен оларды қолдану жұмыстарын жылы сулы шаруашылықтарда жүргізген дұрыс, өз ретінде бұл көздеген мақсатқа тез жетуге мүмкіндік береді.

Бекіре балықтарын өсіруге бассейндік базасы бар және қажетті талаптарға( температура, оттектік режим, су алмасу) сай барлық суқоймалар жарай береді. Шабақтарын өсіруге бассейндердің барлық типтері жарайды.

Аналық үйірге негізінен алғашқы жыныстық жетілген өндірушілерді жетілу белгілерінің сатысына қарай таңдалынады, жұмыс барысында оларды өнімділік сипатына қарай және ұрпағының сапасына қарй түзетулер жүргізіледі. Жасанды өсіру кезінде генетикалық әртүрліліктің оптимальді деңгейін сақтап қалу үшін: өндірушілердің санын тұрақтылығын қадағалау қажет (минимум 50, оптимум 200) ; Әрбір ұрпақ алу барысында өрістеуші үйірдің структурасына әр жыныс өкілдерінің тең қатынасын алу қажет, бұл әр особьтың келесі ұрпаққа берілетін генетикалық үлесін теңестіруге мүмкіндік береді; Үйірлік материалдың эколого генетикалық мониторингін құру және қажет болса табиғи популяция балықтарының интродукциясын жүргізу.

Бекіре өсірудің тағы бір перспективті әдісі ол тоған шаруашылығы біздің елімізде ішкі суларда өзен, көлдер, суқоймаларды осы мақсатта қолдануға кең мүмкіндік бар. Мысал ретінде Қытай елін қарастырсақ, әлемдік осы саланың 60% астам көлемін солар шығарады( Василева, 2000)

Тауарлық бекіре өсіру саласының маңызды бөлігі репрадуктивтік үйір құру. Қазіргі уақытта балық шаруашылық мекемелері өндірушілердің дефицитін көріп отыр. Себебі табиғи суқоймадан алынатын өндірушілердің сапасының төмендігі, оның нәтижесінде уылдырықтар сапасы және дамуы нашарлап кетеді. Бұл мәселенің шешімі шаруашылықтардың өзіндік өндірушілер үйірін құру. Бекіре балықтарының аналық үйірін құру және оны толық зерттеу мерзімі қысқа уақытта өтті. 1970 жыл мен 1980 жылдар аралығында бекіре балықтарының қоры табиғи суқоймаларда жеткілікті болтын. Сондықтан мамандар жасанды ортада аналық үйір құру қажеттілігі жоқ деп ойлады. Сонымен қатар әдебиеттерде бекірелерді тоған шаруашылығында өсіргенде жыныс бездерінің дамуы бұзылады деген жалған мәлімет болды. Стерлядь тоғанда жыныстық жетілуі мүмкін емес деген қауасет болды. (Счастнев, 1941) .

Қырқыншы жылдары Строганов. Н. С. бұл мәліметті жоққа шығарып, оны дәлелдесе де, өткінші бекірелер тұщы суда жетілмейді және олар жасанды қорек жемейді деген ой қалыптасты. Осыған байланысты мұндай кемшілік тері жоқ бекірелер гибридін алу көзделді. Белуга мен стерледьтің алғашқы үйірін Николюкин. Н. И және Тимофеева. Н. А 1952 жылы алынды. Гибридтерді Саратов облысындағы Тепловск балық питомнигінде тоғанда өсірді, ал 1963 жылдан бастап Ростов облысында Ақсай рыбхозында өсіру басталды. Бестердің аталықтары 3-4 жылда, ал аналықтар 5-7 жылда жыныстық жетілді (Бурцев, 1969) .

90 жылдарда Канаковск балық өсіру заводында әлем бойынша алғашқы рет сібір бекіресінен ұрпақ алынды, олар индустрияльді жағдайда уылдырық сатысынан жыныстық жетілуіне дейін толық өсірілді. (Смолянов, 1981) .

Бекіре балықтарын индустриалдық жағдайда өсіруге болатындығы және олардың табиғи ортамен салыстырғанда тез өсетіндігі, жасанды қорек беруге болатындығы анықталды.

Сібір бекіресімен жүргізілген жұмыстардың жақсы нәтиже беруі басқа да бекірелерді индустриалды әдіспен өсіруге мүмкіндік берді. Сібір бекіресі бассейндерде өсірілгенде олардың комбинерленген қорекпен қоректену рефлексі оңай пайда болады. Олар бассейндердің түбінде және қабырғаларынан қоректенеді. Сібір бекіресі құрғақ гранулденген қоректен көрі ылғалды қоректі жақсы жейді.

Жиырмасыншы ғасыр ортасында амур бекіресінің шабағын өсір жұмыстары жүргізілді. 90 жылдарда бұл зерттеулерді ТИНРО орталығында Проморск ГРЕС жылы сулы индустриалды шаруашылық базасында жалғастырылды. Зерттеулер нәтижесі бойынша амур бекіресі мен калуганы комбинирленген әдіспен өсіру технологиясы құрастырылды.

1. 3 Бекіре балықтарына су темперасының әсері

Жасанды ортадағы сулар табиғи ортадағы су жағдайларынан ерекшеленеді. Өз ретінде ол өсірілетін балықтарға әсері де зор. Сондықтан балық шаруашылық маманы судың гидрохимиялық режимін зерттеп қана қоймай, оны бақылап, керек болса өзгертіп отыруы қажет. Барлық абиотикалық факторлар ішінде температура маңызды орын алады. Ол жыл мезгілдеріне, тәулік бойы өзгеріп отырады. Температураның кенеттен өзгеруі балық жағдайына нашар әсер етіп, тіпті өлімге әкеледі. (Строганов, 1956; 1962) .

Бекіре балықтарының температуралық оптимумы 19-24 градус. Ал лена бекіресі үшін оптимум 18 0 С-20 0 С (Богданова және басқалары, 1984) .

Балықтарға су температурасынан әсері зор, зат алмасу, өсу темпі, қоректену ерекшелігі және организмнің таралуына әсерін тигізеді.

Индустриалдық жағдайларда балықтардың белгілі бір температуралық режимге бейімделуіне байланысты су температурасының ауытқу амплитудасын қадағалап отыру қажет. Су температурасының өзгеруіне байланысты қоректің қорытылуы да өзгереді.

Тіршілік етудің оптимальды температуралық диапазон ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бірақ оның арақашықтығында зат алмасу жоғары не төмен болады. Бұл температура жоғарылаған сайын тканьдерде тотықсыздану процесстер жоғарылайды және осыған байланысты организмнің оттегіге қажеттілігі жоғарылайды. Сондықтан су температурасы өзгерген сайын организмде газ алмасу процестері де өзгереді.

Су температурасы ауытқуына балықтар қайтаратын реакциясы балықтың жасына да байланысты.

Су температурасының 29-30 градусқа көтерілуі сібір бекіресінің өліміне әкеледі. Сондай ақ олардың оттегіне қажеттілігі жоғары. Оттегі құрамы жоғары болған жағдайда сібір бекіресі төменгі температурада тіршілік ете алады.

Өсу- бұл организмнің активті бөліктерінің үлкеюі, соның өзінде организмде бос энергия көбейіп отырады. Өсу күрделі организмде клеткалар және клетка аралық заттардың көбеюі арқылы жүреді. Сондықтан организмнің барлық үлкейюін өсу деп қарастыруға болмайды. Жыныс өнімдерінің жиналуы, су сіңуі (ісіну) және сол сияқты процестер өнімдерін балықтың өсуіне жатпайды. Тек шабақтарда май жиналуын өсуге жатқызуға болады, себебі ол организм өсуі үшін энергия көзі болып табылады. Балықтың алғашқы жылдары өсуі кейінгі дамуына үлкен әсер етеді.

Балық өмірінің соңына дейін өседі. Өсу жыл мезгілдеріне және жастық периодтарына байланысты әртүрлі өтеді. Шабақтардың ересектеріне қарағанда өсу темпі жоғары болады. Балықтың өсу жылдамдығына сыртқы орта жағдайы және организмнің физиолгиялық жағдайы әсер етеді. Мысалы балық жыныстық жетілген соң өсу жылдамдығы күрт төмендейді.

Әдебиеттерде көрсетілген су температурасынан әлде қайда төмен, мысал ретінде Кановск тірібалық заводында су температурасы жаз айларында 22-26 градус, ал қыста 11-12 градус . Осы жағдайда олардың жоғары темппен өсетіндігі көрсетілген (Индустрияльная аквакультура Понамарев. С. В. 2006) . Негізінен бекіре балықтары жылы су сүйгіш балықтарға жатады, ал лена бекіресі Сібір өзендерінде өсетіндіктен төменгі су температурасына бейімделген.

Шабақтың өсу темпін негізінен ұрпақтан ұрпаққа берілетін генге және қоршаған орта жағдайына байланысты ( су температурасы, қоректену, оттектік режим ) .

Су температурасы балық шаруашылығында маңызды абиотикалық факторлардың бірі, оның күрт өзгеруі балықтар өліміне әкеледі ( Строганов 1956 ) . Бекіре балықтарының су температурасына сезімталдық диапазоны онтогенездің бастапқы сатысында әсіресе активті қоректенуге көшкенде шабақтардың термотұрақтылығы артады. (Кокоза. 1983)

Әр түрлі бекіре шабақтарына ең қолайлы температураны анықтау үшін көптеген зерттеулер жүргіілген. Зерттеу нәтижесі бойынша шабақтар температураның 10 градусқа дейін біртіндеп (4-7күн аралығында) өсуі немесе біртіндеп төмендеуіне шыдамды келетіндігі анықталды. Бекіренің, белуганың және гибридттік формаларының личинкалары мен шабақтарына қолайлы температура 16-20 градус екендігі анықталды.

2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕР

Курстық жұмысқа материал Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында орналасқан лена бекіресін өсірумен айналысатын жеке шаруашылық қожалығында 2009-2010 мерім аралығында жиналды.

Эксперименттің негізгі материалы ретінде аталған шаруашылыққа Армениядан лена бекіресінің көзше сатысында әкелінген уылдырықтан алынған шабағы болды.

Бассейндік типті шаруашылық су алмасу тікелей жүреді. Су көзі ретінде жер асты суын пайдаланады.

Бекіре балықтарының шабақтарын өсіру размері- 6\1, 5\1, 2 м, бетондық бассейндерде жүргізілді. Алғашқы сатыда шабақтардың отырғызылу жиілігі -1\м квадрат, ал кейіннен 5\м квадрат болды. Алғашқы сатыда (10-15 күн аралығы) балықтарды тек тірі қорекпен қоректендірді, кейін біртіндеп гранулденген жасанды қорекке үйрету басталды. Қоректендіру әрбір үш сағат сайын жүргізілді, кейін ол уақытты ұзатып отырды.

Зерттеулер жүргізілген сайын су температурасы өлшеніп отырды, жалпы осы мерзім аралығында тұрақты 13-14 0 С болды.



Биоанализ методикасы келесі ретпен орындалды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бекіре балықтарын тоғандарда өсіру
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Каспий теңізінің пайда болуы. Каспий теңізінің ихтиофаунасы
Бассейіндік балық өсіру технологиясы
Қазақстанда ауланатын балықтар
Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары
Бекіре тұқымдастардың жалпы сипаттамасы
Балық және балық өнімдерін мұздату
Бекіре балықтарын өсіру технологиясы
Балықты зертханалық зерттеу туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz