Салықтық қылмыстар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 ТАРАУ САЛЫҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТАМАСЫ 6
1. 1 Салықтық қылмыстардың түсінігі 6
1. 1 Азаматтың салық төлеуден жалтаруы 17
1. 2. Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару 26
2 ТАРАУ САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАҒЫ БАСҚА ДА ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ 40
2. 1 Салық салу аясындағы қылмыстармен тығыз байланысты басқа да қылмыстарды қылмыстық құқықтық талдау 40
2. 2 Салықтық қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау мәселелері 43
Қорытынды 51
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативті актілер 52
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыстың арқауына қылмыстық құқықтағы күрделі тақырыптардың бірі салықтық қылмыстармен күресу өзек етілген. Дипломдық жұмыста салықтық қылмыстардың түсінігі және салық салу аясындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы қарастырылады. Сондай-ақ салық салу аясындағы нақты құрамдар, азаматтың салық төлеуден жалтаруы, ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару құрамдары сипатталып кеткен.
Дипломдық жұмыста салық салу аясындағы қылмыстармен тығыз байланысты басқа да қылмыстарды қылмыстық құқықтық талдау да қарастырылып кеткен.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясының 1 бабында бекітілгендей демократиялық, зайырлы, құқықтық, тәуелсіз мемлекетті орнату[1], саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттердің кешенін жүзеге асыруды талап етеді.
Бұл мақсаттардың және міндеттердің тізімі Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында белгіленіп кеткен[2] . Республиканың экономикасының дамуы меншіктің негізгі нысандарын үйлестіру және өзара әрекет етуге негізделіп, олардың әрқайсысы мемлекет экономикасының жүйесінде өз функцияларын орындап, нағыз нарықтық механизмдерді қалыптастыруда көмектеседі. Нарықтық қатынастарға өткен кезде экономикалық және әлеуметтік процесстерді мемлекеттік басқару, әдетте, салық салу жүйесі арқылы жүргізіледі. Мемлекет және салық төлеуші арасында пайда болатын құқықтық қатынастар, салық міндеттемелерін орындаумен байланысты және салықтық заңдармен реттеледі[3] .
Салық заңдарының талаптары және қаржы-экономикалық, салықтық бақылаудың нәтижелілігі, салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді дұрыс және толық есептеу салық органдарымен жүзеге асырылады. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткеніндей салық инспекцияларының бақылау тиімділігі өте төмен, соған байланысты салық салудан жалтарудың көп оқиғалары байқалып, жасалынатын салық қылмыстарының саны өсіп жатыр.
Салық қылмыстарының көбеюі осы әлеуметтік зияндылықпен күресті күшейту керектігі туралы айтады. Нарықтық экономика жағдайында салықтар мемлекеттің өз қаржылық қызметін жүзеге асыруға және қоғамдық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Салықтарды белгілеу және алу арқылы мемлекет, біріншіден өзінің функцияларын жүзеге асырудың қаржылық базасын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етсе; екіншіден салықтар мемлекеттің мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес бағытта дамуға бағдарланған экономикалық процестерге ықпал ететін қуатты құрал ретінде көрініс табады.
Салықтар есебінен бюджеттің кіріс базасы қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар оның есебінен мемлекеттік аппаратты ұстауға, мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды қамтамасыз етуге қажетті қаржылар жұмсалады.
Салықты жаппай төлеуден жалтарған жағдайда көптеген жағымсыз зардаптар байқалады. Қазынаға орасан қаржылар түспейді, мемлекеттің бюджетінің тапшылығы байқалады. Мемлекеттің көптеген бағдарламалары қаржының жоқтығынан орындалмайды, әлеуметтік әділеттілік қағидасы бұзылады, өйткені салық төлеушілер салық ауыртпалығын салықтарды, уақытында, дұрыс төлейтіндерге түсіреді[4] .
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Салықтық қылмыстарға байланысты отандық авторлар А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Ғ. Ы. Баймурзин, Е. І. Қайыржанов, И. Р. Нұртаев, Б. Ж. Жунусов, Ә. А. Темербеков, С. С. Молдабаев және т. б. ғалымдардың ғылыми мақалаларында зерттелген. Соған қарамастан аталған тақырып ары қарата зерттеуді талап етеді.
Дипломдық жұмыс зерттеуінің нысаны. Зерттеу нысаны - салықтық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты және жаза тағайындауды көздейтін қылмыстық заң нормаларының аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнін - салықтық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты және жазаға тартуды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нақты нормалары, әр түрлі теориялық көзқарастар құрайды.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - салықтық қылмыстардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін кешенді түрде зерттеу, салықтық қылмыстардың қылмыстық құқықтық белгілерін қарастыру және жалпылау, заңнаманы жетілдіру үшін қолайлы ұсыныстар жасау.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- салықтық қылмысқа байланысты ұғымдар мен анықтамалардың даму заңдылықтарын анықтап, оларға жаңаша көзқараста анықтамалар беру;
- салық салу аясындағы қылмыстық іс-әрекетке байланысты қылмыстық заңнаманы жетілдіру үшін нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу;
- салықтық қылмыстарға жаза тағайындауға байланысты санкция шараларын қатаңдату;
- салық салу аясындағы қылмыстармен тығыз байланысты басқа да қылмыс құрамдарынан ажырату;
Дипломдық зерттеу жұмысының жаңалығы. Салықтық қылмыстарды жетілдіруге байланысты келесідей нақты кешенді ұсыныстар жасалды.
Дипломдық жұмыста салықтық қылмыстарға байланысты негізгі ұғымдар жаңа көзқарас тұрғысында заңдылық анықтамалар берілген.
Қылмыстық заңнамада салық салу аясындағы қылмыстардың жаза шарасының мөлшерін арттыру үшін ұсыныстар жасалып отыр.
Салық салу аясындағы басқа да ұқсас қылмыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын саралауда тәжірибелік ұсыныстар жасалды.
Дипломды қорғау үшін ұсынылатын тұжырымдар:
- Қазіргі кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасындағы салықтық қылмыстар жөніндегі қылмыстық заңнамаларды жетілдіру үшін жаңа анықтамалар беру қажет.
- Салықтық қылмыстарды саралауда салық салу аясындағы басқа да қылмыстардан ажыратуда сот тергеу тәжірибесінде туындайтын проблемаларды анықтау.
- Салықтық қылмыстарға жазалау шараларын тағайындау барысында айыппұл жазасын сот тергеу тәжірибесінде кеңінен қолдану.
- Қазіргі кезде қолданылып жүрген қылмыстық заңнамадағы салықтық қылмыстардың санкциясындағы кейбір жаза түрлерін қатаңдату қажет.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Дипломдық жұмыс екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ САЛЫҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Салықтық қылмыстардың түсінігі
Қандай да болмасын мемлекттің қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әртүрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міндеттерін шешуге, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар өте маңызды орын алады.
Салықтар мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әрқашанда мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған. Алғашқы кезде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай түрінде алынған болса, кейіннен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге- салықтарға айналған.
Мемлекеттегі барлық міндетті төлемдер олардың қалыптастырылу және алыну тәртібіне байланысты негізгі үш топқа бөлінеді. Олар салықтар, алымдар және баждар деп аталады.
Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттік жоғарғы өкілді орган қабылдаған нормативті акті - заңның негізінде, сондай-ақ заңда заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай міндетті төлемдер.
Гуреев В. И. салықтарды «міндетті жарна» деп атайды және мынадай түсінік береді: «міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белгіленген тәсілмен ақшалай түрде алу» [5, 28 б] .
Белгілі ғалым Пепелеев С. Г. салыққа мынадай анықтама береді «салық - мемлекеттің өкімет билігі субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес - ақысыз түрінде заңды және жеке тұлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері [6, 24 б] .
Қазақстандық белгілі экономист ғалым Қарағұсова Г. Ж. «салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады. [7, 15 б] .
Худяков А. И. өз еңбегінде салықтардың түсінгін беріп қана қоймай, оларды басқа төлем түрлерінен ажыратуға қажетті ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Бұл ерекшеліктер салықтардың өз құқылық және экономикалық табиғатына тән белгілер болып табылады:
- Салық - әрқашанда мемлекет тарапынан енгізіледі және алынады. Бұл жерде мемлекет саяси билік субъектісі ретінде көрінеді.
- Салық - мемлекеттің біржақты түрде белгілейтін төлемі. Бұл жерде мемлекет салық төлеушілердің келісімін қажет етпейді.
- Салық - әрқашанда ақшалай түрдегі төлем. Осы белгісі бойынша салықтар әртүрлі мүліктік міндеттемелерден- тәркілеу, реквизициялау және т. б. ерекшеленіп тұрады.
- Салық - әрқашанда ақшаларды еріксіз алу. Бұл жерде салық төлеушілерге оның ақшаларын еріксіз алу механизмі құрылады.
- Салық - заң жүзінде белгіленген ақшаларды алу. Мемлекет салықтарды ашықтан ашық, заңда көзделген күйінде алады. Яғни жеке меншіктегі ақшалар мемлекет меншігіне ауысады.
- Салық- міндетті төлем. Салық төлеушінің салық төлеу жөніндегі міндеті салық комитеті органдарының төленген салықты қабылдау жөніндегі міндетімен ұштасады.
- Салық - тек құқылық нысанда кездесетін төлем. Салықтар нормативтік сипаттағы заң актілерімен белгіленеді.
- Салық - тек мемлекеттік кіріске түсетін төлем.
- Салық- тұрақты ақша міндеттемелерін туғызатын төлем.
- Салық - баламасыз төлем. Яғни, салық қандай да болмасын көрсетілген қызмет немесе сатып алған тауарларға төлейтін төлем емес, ол тек ақысыз төлем.
А. И. Худяков сипаттап өткен ерекшеліктерді өте дәл, дұрыс деп қосыла отырып, салықтың тек өзіне белгілерін С. М. Найманбаев ұсынады:
Оның пікірі бойынша салықты басқа міндетті төлемдерден ажырататын белгілер мыналар:
- Салық тек мемлекеттік өктем түрде белгіленетін төлем. Салықты белгілеу және алу кезінде мемлекет салық төлеушілердің ерік білдіруін қажет етпейді.
- Салық еріксіз түрдегі төлем. Салық төлеушілер мемлекеттің біржақты өктем ерік білдіруінің нәтижесінде салықты еріксіз түрде төлеуге мәжбүр болады.
- Салық міндетті төлем. Салық заңда белгіленген тәртіп бойынша, қатаң мерзімде және міндетті түрде бюджетке аударылады.
- Салық меншік нысаны ауысатын төлем. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың меншігіндегі ақшалар мемлекет меншігіне айналады.
- Салық заңды төлем. Мемлекеттің жоғары өкілді органы шығарған заңның негізінде белгіленген төлем.
- Салық нақты заңды және жеке тұлғалардан алынатын төлем. Салық заңды және жеке тұлғалардың барлығынан бірдей, жаппай алынбай, тек нормативті актілерде белгіленіп, көрсетілген табыстары, мүліктері және т. б. болған жағдайда ғана төленеді.
- Салық тұрақты және жүйелі төлем. Салық заңда тұрақты бекітілген түрде және белгіленген тәртіппен алынады.
- Салық тек мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан алынатын төлем
- Салықтар, әрқашанда мемлекет пен халықтың жан жақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz