Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Мемлекет және құқық теориясы - іргелі ғылым
1. 2 Мемлекет және құқық теориясының функциялары
1. 3 Мемлекет және құқық теориясының әдістері, оларды жүйелеу негіздері
2 ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНДЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
2. 1 Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы пәнінің рөлі мен орны
2. 2 Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдары жүйесінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқық теориясы - нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.
Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.
Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге болады.
1 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. 1 Мемлекет және құқық теориясы - іргелі ғылым
Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. І
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т. б.
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т. б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т. б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т. б. ) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.
Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т. б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік) ;
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т. б. ) ;
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т. б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады) ;
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т. б.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.
Мемлекеттің белгілері мынандай:
- мемлекеттік өкіметті іске асырушы органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы;
- мемлекетте белгіленген белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын құқықтың болуы;
- сол мемлекет заңдарының күші жүретін тұтас территорияның болуы.
Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және тұтастай өндіріс тәсіліне байланысты. Мемлекет - базистің қондырмасы. Осы сияқты диалектикалық байланысын, өзара тәуелсіздігін айқындамайынша, мемлекеттің шыққан тегін (генезисін), оның бір тарихи тұрғыдан екінші бір тарихи тұрғыға өту заңдылығын түсіну мүмкін емес. Тарихтың барысында мемлекет бірте-бірте базистен біршама дербестік алды. Оның қоғам өмірінің негізгі салаларына ықпалы өте қомақты және ол қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ете алады немесе бөгет болуы да мүмкін. Қоғамның ұйымдастырылуы күрделенген сайын мемлекеттің оған ықпал жасау рөлі арта түседі.
Міне мемлекеттің пайда болуы соған байланысты, атының, терминінің шығуы, оның мәні мен белгілері туралы қысқаша түсінік осындай. Енді мемлекет туралы ілімнің қалыптасуына біраз зейін аударайық.
Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі. Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонның ілімдерін басшылыққа ала отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), политияға (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдік) бөлді. Оның ойынша, мемлекеттің бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса, олар заңды болып табылады.
Қайта өрлеу заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөлу қалып, ол енді монархия және республика деп екі түрге бөлінетін болды. Ал бұл күнде демократияны оған қарама-қарсы автократиядан айырып алуға тура келеді. Бұл жерде демократияның конституциялық мемлекет түрінде кездесетінін ескерсек, парламенттік үкімет пен президенттік басқару жүйесін ажырату да қажет. Қазіргі дүниеде тағы бір ескеретін жай конституциялық мемлекеттер түріне жатпайтын, бір мемлекеттік жүйеге біріктіруге болмайтын толып жатқан плюралистік тұрғыдағы мемлекеттер бар. Мәселен, бұрынғы КСРО-ның пролетариат диктатурасы мемлекеті дегеніміз шын мәнінде коммунистік партия басшылығының олигархиясы болды. Ал үшінші әлемнің көптеген мемлекеттері өздеріне не батыстық, не шығыстық мемлекеттік үлгіні алса да оларда бұрынғы ескі басқарушылық түрі араласып отырды.
Мемлекеттердің түрлеріне келсек, қазір абсолюттік және конституциялық монархия, әскери диктатура, автократия, хунталар, әлеуметтік тап, тайпа басшылығы, отбасылық қауым дегендерді білеміз. Діннен ажыратылған (советтік) мемлекеттер типіне қарсы діни мемлекеттер типі бар. Міне осының бәрі әлі күнге дейін қазіргі мемлекеттерді дұрыстап жүйеге бөлудің жоқ екендігін көрсетеді. Конституциялық мемлекеттің бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір адамның, не бірнеше адамның үстемдік етуі түрінде көрінеді. Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі - ол авторитарлық пен тоталитарлық түрлер қосылған тоталитарлық мемлекет. Мұның үлгілерін Ленин, Сталин, Гитлер нақты жасап берді. Ол адамды өзінің идеологиясын сөзсіз орындауға пайдаланумен, қоғамдық және жеке адам өмірін саясаттандырумен сипатталады. Сонымен мемлекеттік құрылыстың сан алуандығына байланысты да олардың түрлері де әр түрлі болып келеді.
Мемлекеттің типі оның мәнінен, міндеттерінен туындайды. Яғни мемлекет белгілі бір таптың, не қоғамдық күштің үстемдік ету құралы (механизмінің) әлеуметтік бағыты болып та табылады. Мемлекеттің түрі үстем өндірістік қатынастардың түрімен айқындалады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі түрі де болады. Осындай күйді қазір Қазақстан басынан кешуде. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру міндетін шешу - мемлекетіміздің ұлттық-демократиялық типін жасауға бағыт алуда. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған еліміздің Ата заңы - Конституцияда: «Қазақстан Республикасы - демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет», - деп жария етіліп, тәуелсіз мемлекет заңды түрде жарияланды.
Мемлекеттер басқарушылық формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әр түрлі болады. Ал басқарушылық формасы дегеніміз өзінің заңдандырылған тәртібімен сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып саналады.
Басқарушылықтың монархиялық формасы - мемлекеттік өкімет билігін жүргізетін бір адам - монарх. Ал мемлекеттің республикалық формасында - заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені онда өкімет билігінің көзі халықтан шығады. Басқарушылықтың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршілдік, т. б.
Мемлекет құрылысы бойынша, унитарлық біртұтас мемлекет және федеративтік заң бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы - республикалар, штаттар, контондар, т. б. конфедеративтік мемлекеттік-құқықтық бірлестіктер болып бөлінеді. Әр түрлі мемлекеттердің маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы дегеніміз - бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқығы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, өкіметтің өз қызметінің құқықтық негіздеріне қатысты, ресми конституциялық және құқықтық нормалардың нақты саяси өмірге сәйкестігі. Осы кездегі адамзат қоғамында демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, фашистік, т. б. саяси құрылыстар бар. Саяси даму құрылысынан қарағанда агрессивтік, бейбітшіл, бейтарап, консервативтік, либералдық және т. б. мемлекеттерді ажыратуға болады.
Мемлекеттердің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функциялары мыналар: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық қызметін көрсету, тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдени тәртіп және идеологиялық қызмет. Ал сыртқы функцияларына: халықаралық қатынас жасағанда өзінің (осы мемлекеттің) мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз ету, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынастарды дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады.
Құқықты мемлекет. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниенің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар құқықты мемлекеттер қалыптаса бастады. Мемлекет атауында «құқық» деген сөздің бірінші болып тұруының үлкен мәні бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру керек деген сөз. Ол әрбір елдің Конституциясында - негізгі заңында бекітіліп, ал басқа заңдары мен жарлықтарында нұсқа болуы тиіс. Мәселен, Қазақстанның Конституциясында Республика өзін демократиялық, құқықты мемлекет деп жариялады. Конституцияның жиырма бабында адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтарын қорғау жан-жақты қамтылған. Адамдардың құқығының өрескел бұзылуы бұрынғы КСРО мемлекетінде кең өріс алды. КГБ, оның жергілікті органдары адамдардың ізін бағып, олардың телефонмен сөйлесулеріне дейін құпия тыңдап, адамдардың жеке өмірлерін де бақылап отырды. Мұны сезген жұрт қорқынышта өмір сүрді.
Құқықты мемлекет адамдардың бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеті деп жариялайды.
Жалпы мемлекет - мемлекеттік құрылыстың мыңжылдық жемісі. Біз оның алғашқы идеялары мен жобаларын көне Грекияның, Қытайдың, ортағасырлық ұлы ойшылдардың мұраларынан кездестіреміз. Платон, Аристотель, Цицерон, Мао-цзы тұжырымдарына зер салсақ, заңның беделі болмаған жерде мемлекет те жойылады. Заң үстемдігі - қоғамдағы әділеттік пен тұрақтылықтың тірегі. Ал И. Кант: «Мемлекет дегеніміз - заңдарға бағынған жеке адамдардың бірлестігі, жиынтығы», - дейді.
Құқықты мемлекеттің нышандарын қазақ хандықтарының елді басқару тәсілдерінен де байқаймыз. Айталық, «Кодекс куманикус», «Тас жазу», «Жеті Жарғы», «Қасым мен Есім хандардың жарлықтары», «Абылайдың ақ жолы», т. б.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында әлемнің көптеген елдерінде ерекше белгілері бар құқықтық мемлекеттер қалыптасты. Оның негізінде АҚШ-тың Конституциясы, Ұлы Француз революциясының жеке адам мен азаматтар құқықтары декларациясы, БҰҰ-ның 1948 жылғы 12 желтоқсанда қабылдаған жеке адам құқықтары декларациясы, адамзат қоғамында ежелден қалыптасып келе жатқан адамзаттық, тарихи, саяси-әлеуметтік дәстүрлер мен салт-саналар алынды.
Құқықты мемлекеттің негізгі белгілері мыналар: құқықтың үстемдігі, біртұтастығы мен бөлінбейтіндігі, құқықтың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын сот, прокуратура, конституциялық бақылау органдарының біртұтас жүйесінің болуы, биліктің үш тармағының дербестігі (заңдық, атқарушы, сот билігі), мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі, атқару билігі мен жарлық шығару, оның орындалуын ұйымдастыру мен бақылауда президенттік басшылықтың күшеюі, Президент - мемлекеттің басшысы, әрі сол елдің Ата Заңының бұлжымай жүзеге асуымен орындалуының кепілі.
Осы тұста ХХ ғасырдың ең әйгілі мемлекет қайраткері, тамаша ғалым, зерттеуші, публицист, әдебиетші, ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың рөлі туралы айтпасқа болмайды.
Мемлекет қалпы, жергілікті бостандық негізі, құқық, дін ісі, билік пен сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі деген он түрлі қоғамдық мәселе туралы нақты шартты мақсат - болашақты, нақты тұжырым-тұғырнаманы демократиялық, еуропалық үлгіде көрсетіп берген, әсіресе қазақ жерінің автономиясын жариялаған, елді президенттің билеуін мойындаған, жердің сатылмайтынын әйгілеген «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жасаушылардың кеуде тұсында Әлихан Бөкейханов тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz