Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы



1.Гүлдіөсімдіктілер және жабықтұқымдылар.
2. Гүлді өсімдіктердің шығу тегі.
3. Гүлді өсімдіктердің қосарлану ұрықтануы.
4. Жеміс және оның мәні.
5. Гүлді өсімдіктердің басты жүйеленуі.
6. Гүлді өсімдіктердің жүйеленуі.
Тұқым (semen) - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше. Ол гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбуршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан, (қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және, (немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады). Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе түқымжарнагы), бүршігі болады.[1]
Гүлдi өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi таң қаларлықтай. Осы көп түрлiлiктi бiр жүйеге келтiру мақсатында ботаниктер өсiмдiктердiң барлық түрлерiн топтарга бiрiктiрдi.
Өсiмдiктердi топтарга бiрiктiргенде олардың бiр-бiрiне ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын көрсететiн белгiлер пайдаланылады. Солар арқылы өсiмдiктердiң бiр-бiрiне туыстық жақындықтарының деңгейi анықталады.
Құрылысы, тiршiлiк етуi бiрдей және өздерiнiң арғы тегiне ұқсас өсiмдiктердi бiр түрге жатқызады. Олар жемiс беретiн ұрпақ түзуге қабiлеттi келедi. Мысалы, қара сексеуiлдiң тұқымдарынан дәл сондай қара сексеуiл (саксауыл безлистый – Haloxylon aphyllum) өсiп шығады.
Жер бетiнде шамамен 250 мыңдай гүлдi өсiмдiктердiң түрлерi белгiлi. Сонымен бiрге ботаниктер — ғылымға бұрын белгiсiз болып келген өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа бiрiктiрiледi. Мысалы, ермен жусан мен дәрмене жусан бiр туыстың — жусанның түрлерi. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тiлде бiр өсiмдiктiң өзiн әр түрлi атайды. Соған байланысты ғалымдар өсiмдiктердiң латын тiлiндегi ғылыми аттарын енгiздi. Өсiмдiктердiң латын тiлiндегi аттары дүниежүзi ботаниктерiне түсiнiктi. Мысалы, латын тiлiнде ермен жусанын Artemisia vulgaris, ал дәрмене жусанын Artemisia cina деп атайды.
Жақын туыстар бiр тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бiр үлкен астық тұқымдасын түзедi.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс құрылымы

Тақырыбы: Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің
негізгі систематикасы.

Мақсаты: Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама.

Дәріс жоспары:
1.Гүлдіөсімдіктілер және жабықтұқымдылар.
2. Гүлді өсімдіктердің шығу тегі.
3. Гүлді өсімдіктердің қосарлану ұрықтануы.
4. Жеміс және оның мәні.
5. Гүлді өсімдіктердің басты жүйеленуі.
6. Гүлді өсімдіктердің жүйеленуі.

Дәріс тезистері

Тұқым.
Тұқым (semen) - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.
Ол гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың
мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбуршігінен)
дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2
интегументтен түзілген жабыннан, (қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және,
(немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі,
полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде,
лалагүлділерде жиі болады). Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны,
тұқымжарнақтары, (немесе түқымжарнагы), бүршігі болады.[1]
Гүлдi өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi таң қаларлықтай. Осы көп
түрлiлiктi бiр жүйеге келтiру мақсатында ботаниктер өсiмдiктердiң барлық
түрлерiн топтарга бiрiктiрдi.
Өсiмдiктердi топтарга бiрiктiргенде олардың бiр-бiрiне ұқсастықтарын
немесе айырмашылықтарын көрсететiн белгiлер пайдаланылады. Солар арқылы
өсiмдiктердiң бiр-бiрiне туыстық жақындықтарының деңгейi анықталады.
Құрылысы, тiршiлiк етуi бiрдей және өздерiнiң арғы тегiне ұқсас
өсiмдiктердi бiр түрге жатқызады. Олар жемiс беретiн ұрпақ түзуге қабiлеттi
келедi. Мысалы, қара сексеуiлдiң тұқымдарынан дәл сондай қара сексеуiл
(саксауыл безлистый – Haloxylon aphyllum) өсiп шығады.
Жер бетiнде шамамен 250 мыңдай гүлдi өсiмдiктердiң түрлерi белгiлi.
Сонымен бiрге ботаниктер — ғылымға бұрын белгiсiз болып келген
өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа бiрiктiрiледi. Мысалы, ермен
жусан мен дәрмене жусан бiр туыстың — жусанның түрлерi. Бұл туысқа тағы да
көптеген басқа түрлер жатады. Әр тiлде бiр өсiмдiктiң өзiн әр түрлi атайды.
Соған байланысты ғалымдар өсiмдiктердiң латын тiлiндегi ғылыми аттарын
енгiздi. Өсiмдiктердiң латын тiлiндегi аттары дүниежүзi ботаниктерiне
түсiнiктi. Мысалы, латын тiлiнде ермен жусанын Artemisia vulgaris, ал
дәрмене жусанын Artemisia cina деп атайды.
Жақын туыстар бiр тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы,
қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бiр үлкен
астық тұқымдасын түзедi.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бiр класқа жатқызады. Гүлдi
өсiмдiктердi қос жарнақтылар(двудольные -Dicotyledoneae) класы және дара
жарнақтылар(однодольные — Monocotyledoneae) класы деп екiге бөледi.
Өсiмдiктiң қай класқа жататындығын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына
қарай анықтайды. Бiрқатар өсiмдiктердiң жапырақтарының жүйкеленуi мен
формасы, тамыр жүйесiнiң типтерiде негiзгi белгiлерге жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығында екi тұқым жарнағы болса, онда оны қос
жарнақтылар класына жатқызады. Мысалы, үрмебұршақтың (фасоль — Phaseolus)
ұрығының екi тұқым жарнағы болады; жапырағы торлы жүйкеленедi, тамыр жүйесi
— кiндiк тамырлы. Қос жарнақтылар класына жалпақ жапырақты ағаштар мен
бұталардың, көкөнiстiк дақылдардың бәрi жатады. Сонымен бiрге бұл класқа
көптеген шөптесiн өсiмдiктер де жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығының тұқым жарнағы бiреу болса, онда ол дара
жарнақтылар класына жатады.Сонымен бiрге бұл кластың өкiлдерiнiң жапырағы
параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы болады. Дара
жарнақтылар класына астық тұқымдасының, қияқ өлеңдердiң, лалагүлдiлердiң,
т.б. тұкымдастардың өкiлдерi жатады.
Бiрақ өсiмдiктердi олардың тек бiр ғана белгiсiне қарап, қай класқа
жататындығын анықтау, көп ретте мүмкiн бола бермейдi. Орманда өсетiн
шөптесiн өсiмдiк кәдiмгi қарғакөздiң (вороный глаз обыкновенный – Paris
quadrifolia) жапырағы торлы жүйкеленедi, бiрак, ұрығының тұқым жарнағы
жалғыз болады (22-сурет). Қарғакөз — дара жарнақты өсiмдiк. Бақажапырақтың
(подорожник — Plantago) жапырағы доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы,
бiрақ оны қос жарнақтылар класына жатқызады. Себебi ұрығының екi тұқым
жарнағы болады.
Бұдан әрi бiз қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар кластарына жататын
бiрнеше тұқымдастардың өкiлдерiмен танысамыз. Қос жарнақтылар класынан
көкнәрлер орамжапырақтылар, раушангулдiлер, бұршақтар, алқалар,
құлқайырлар, алаботалар, асқабақтар және күрделiгүлдiлер тұқымдастарына, ал
дара жарнақтылар класынан құртқашаштар, лалагүлдiлер, жуалар,
меруертгүлдiлер және астық тұқымдастарына тоқталамыз.

Өсімдіктердің ұрықтану ерекшеліктері.

Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктерде 2 жұп гаметалар бір мезгілде
қосылады. Гүлді есіущіктердың: кебею мүшелері: гүланалық (аналық мүше) және
аталық (аталық мүше). Гаметалар осы мүшелерде пісіп жетіледі. Пісіп
жетілген тозаң дәні қауызбен капталған және екі гаплоидты: жынысты және
өсімді жасушасы болады. Жалпы алғанда тозаң ұрықтану үдерісіне жақсы
бейімделген. Егер өсімдік желмен тозаңданатын болса, онда өсімдік тасымалды
жеңілдету және ұрықтану мумкіндігін арттыру үшін құрғақ, жеңіл тозаңды көп
өндіреді. Егер бунақденелілер тозандандыратын өсімдік болса, онда
тасымалдаушылардың (көбелек, түкті ара, шыбын, т.б.) денесіне жабысу үшін
әдетте тозаң кедір-бұдырлы болып келеді. Тозаңның қауызы да гүлдің
гүланалық аузына тұтылатындай болып құрылады. Әр алуан түрге жататын
өсімдіктер гүланалық аузымен химиялық және механикалық үйлесімсіздіктерден
будандаса алмайды.
Ұрықтану соңынан тозаң тұтікшесінде өну үдерісі басталады. Мұны өсімді
жасуша іске асырады. Жынысты жасуша бір рет митоз жолымен бөлінеді. Соның
нәтижесінде ұрықтануға қатысатын екі гаплоидты аталық жасуша (спермий)
пайда болады. Аналық жыныс жасушасы аналық аузындағы жатын ішінде болады,
бұлар ұрық қапшығы деп аталады. Дұрысырақ айтқанда ұрық қапшығынын,
ішінде сегіз гаплоидты ядро қалыптасатын өте үлкейіп өскен бір жасуша деуге
болады. Сегіз ядроның біреуі жұмыртқажасуша болып шығады, екі ядросы
қосылып, косарланған орталық жасуша түзеді, ал қалған ядролардан қосалкы
жасушалар калыптасады, олар үрықтануға қатыспай, тіршілігін жояды.
Сонымен, гүлді өсімдіктердің ұрық қапшығында гаплоидты (жалғыз-
жалғыздан) жұмыртқажасуша, диплоидты (қосарланған) орталық жасуша және тағы
бес гаплоидты ядро немесе жасушалар қамтылады, соңғыларды ескермесе де
болады. Ұрықтану мезетінде аталық жасушаның біреуі жұмыртқажасушаға,
екіншісі диплоидты орталық жасушаға қосылады. Қосылу нәтижесінде
жұмыртқажасуша және аталық жасушадан - қосарланған зигота, ал орталық
жасуша және екінші аталық жасушадан үшплоидты эндосперм (тұқымның қоректік
заттар қоры) түзіледі. Қосарлы ұрықтану ретіндегі мұндай күрделі үрдіс
өсімдіктерге икемді материалды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұрықтың түзілуі
сенімсіз болса, гүлді өсімдіктер қоректік заттарды биосинтездеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Жалпы өсімдік тұқымына жалпы сипаттама беру, олардың дамуына талдау жасау
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Өсімдіктің және оның жеке органдарының өсуі
Гүлді өсімдіктер
Пәндер