1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары



КІРІСПЕ
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
1917.1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық.демократиялық жастар қозғалысының пайда болуының тарихи алғышарттары
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ қоғамындағы демократиялық жаңғырулар барысында жаңаша ой-пікірлер мен көзқарастарды қалыптастыру мақсатында өткен кезеңдегі қазақ халқының азаттық жолындағы күресі мен оның рухани түлеуін зерттеуде отандық тарих ғылымының алдында күрделі міндеттердің орын алып отырғандығы белгілі жайт. Осы орайда республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болған жағдайында оның өткен дәуірдегі тарихын сол кезеңнің шындығына сай, идеология мен саяси қалыптардан ада, тарих ғылымында бұрын сыңаржақ баға беріліп келген мәселелерді мейлінше ашып көрсете отырып, ақиқат, шындық, ғылыми және қоғамдық-саяси тұрғыдан саралаудың маңызы зор. Демек отандық тарих ғылымының алдында әлі де толық зерттелмеген, күрмеуі шешілмеген өзекті мәселелер аз емес. Олардың санатына кезінде жалпы халықтық Алаш қозғалысының құрамдас бөлігі болып саналған қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдарын ғылыми негізде саралауды, зерделеуді, жаңаша ой елегінен өткізуді жатқызуға болады. Міне, бұл жағдай біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі мен таңдалған тақырыбымыздың шынайылығын айқындай түсуге мүмкіндік береді.

Шын мәнісінде ХХ ғасырдың басы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің шарықтау кезеңі болып табылады. Қазақ өлкесінің XIX ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Ресей империясының саяси және экономикалық жағынан толық дәрежелі отар еліне айналуына, саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени тұрғыда отаршылдық езгінің күшеюіне қарсы бағытталған наразылықтардың, 1905-1907 жылдардағы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы барысында дүниеге келген қазақ даласындағы ұлттық-демократиялық жаңғырулардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісімен, 1917 жылғы қос революция және азамат соғысы жылдарындағы қазақ халқының азаттық жолындағы күрестерімен ұласып, тереңдей түскені мәлім. Бұл тұрғыда зерттеу жұмысының нысанына айналып отырған ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы мәселесін қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде арнайы қарастырып зерттеуге негіз бар деп санауға болады. Яғни, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихын қазақ жастарының мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси салаларда жүргізген қызметтерінсіз, Ақпан революциясынан кейінгі елдегі демократиялық үрдістердің жандануына байланысты жаппай құрылған жастар ұйымдарының жұмыстарынсыз толыққанды зерттеу мүмкін емес. Демек, бұл кезеңдегі қазақ жастарының туған халқының өркениетті халықтармен тең дәрежеде болуы мақсатында жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары, қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолындағы қызметтері, осы бағытта жастар ұйымдарының бірігіп атқарған сан-саналы ұйымдастырушылық іс-әрекеттері, саяси күрес жүргізуде қолданған әдіс-тәсілдері, ұстанған бағыт-бағдарлары т.б. мәселелердің жиынтығы дербес зерттеу жұмысының өзегі бола алады.

Сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының Кеңестік дәуірдегі демократияшыл бағыттағы жастар ұйымдарының қызметтерімен және қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы демократиялық үрдістердің жандануымен, жастар қозғалыстарымен өзара үндестіктерін, тарихи сабақтастықтарын зерделеу, олардың тағылымдарын күні бүгінгі жастар ісі тәрбиесінде тиімді пайдалану, басшылыққа алу осы зерттеу тақырыбының өзектілігі мен мақсат-міндеттерін тереңдей ашуға негізделген маңызды, еш күмән туғызбайтын мәселелердің бірі іспеттес.
1 Бейсембиев К. Прогрессивно-демократическая и марксистская мысль в Казахстане начала XX века. – Алма-Ата: Наука, 1965. – 304 с.

2 Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли в Казахстане (конец XIX – начало XX века). – Алма-Ата: Казахстан, 1978. – 192 с.

3 Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана второй половины XIX – начала XX века. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 161 с.

4 Бурабаев М., Сегизбаев О. Идейные связи общественно-философской мысли Казахстана и России (вторая половина XYIII – начало XX века). – Алма-Ата: Наука, 1986. – 232 с; Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 256 с.

5 Асылбеков М.Х. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1965. – 182 с.

6 Пахмурный П.М., Григорьев В.К. Большевики Казахстана в революции 1905-1907 годов. – Алма-Ата: Казахстан, 1976. – 232 с.

7 Сулейменов Б.С. Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 годах. – Алма-Ата: Наука, 1977. – 256 с.

8 Турсунбаев А.Б. Казахстан в революции 1905-1907 годов. – Алма-Ата: Мектеп, 1987. – 84 с.

9 Асфендияров С. Восстание 1916 года в Казахстане. – Алма-Ата, 1936.

10 Рыскулов Т.Р. Избранные труды. – Алма-Ата: Казахстан, 1984. – 259 с.

11 Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). – Алма-Ата, Наука: 1977. – 165 с.

12 Турсунов Х. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. – Москва: Знание, 1966. – 48 с.

13 Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап.-Алматы:Қазақстан,1994.- 192б.

14 Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи оқиғаға жаңа көзқарас: көтерілістің 90 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Алматы, 2006. – 148 б.

15 Байтұрсынов А. Революция и киргизы // Жизнь национальностей. – 1919. – №27 (39). – 3 августа.

16 Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен ) – Алматы: Санат, 1998. – 304 с.

17 Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. – Алматы: Өлке, 2002. – 240 б.

18 Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. Тарихи-мемуарлық роман. – Алматы: Жазушы, 1977. – 392 б.

19 Сәдуақасов С. Жастарға жаңа жол.Таңдамалы. – Алматы: 2003. – 2 том. – 360 б.

20 Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. – Алма-Ата: Изд.АН КазССР, 1961. – 527 с.

21 Карагусов Ж. Казахская советская интеллигенция, рожденная Октябрем. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1960. – 142 с.

22 Нурпейісов К. Советы Казахстана в борьбе за упрочение власти рабочих и крестьян. – Алма-Ата: Наука, 1968. – 172 с.

23 Кенжебаев С. Советы в борьбе за построение социализма (История Советского строительства в Казахстане 1917-1937гг). – Алма-Ата: Казахстан, 1969. – 359 с.

24 Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1966. – 308 с.

25 Қазақстан азамат соғысының от жалынында // Ұлы Октябрь революциясына және Қазақстанда азамат соғысына қатысқандардың естеліктері (орысша ред. Басқарғандар: Бейсембиев С., Пахмурный П.) – Алматы Қаз.Мемл.баспасы, 1960. – 411 с; Установление Советской власти в областях Казахстана (1917-1918гг) // Сборник статьей (ред.кол Елеуов Т.Е., Покровский С.Н., Русаков И.В.). – Алма-Ата: Каз.гос.изд-во, 1957. – 237 с.; Великая Октябрская социалистическая революция в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1967. – 455 с.

26 Зиманов С.З. В.И.Ленин и Советская национальная государственность в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 303 с.

27 Нұрпейісов К.Н. Қазақстанның шаруалар Советтері (1917-1929 жж). – Алматы: Ғылым, 1972. – 346 б.

28 Маликов Ф. Февральская буржуазно-демократическая революция в Казахстане. – Алма-Ата, Наука: 1972. – 239 с.

29 Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников в Казахстане (1917-1970 гг). – Алма-Ата: Наука, 1973. – 327 с.

30 Тастанов Ш.Ю. Советский опыт формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов (на примере Казахстана). – Алма-Ата: Наука, 1975. – 186 с.

31 Алдамжаров З.А. Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Казахстане (Историография проблемы). – Алма-Ата: Казахстан, 1983. – 252 с.

32 Пахмурный П., Григорьев В. Октябрь в Казахстане. – Алма-Ата: Казахстан, 1978. – 223 с.

33 Григорьев В. Противостояние (большевики и непролетарские партии в Казахстане). – Алма-Ата: Казахстан, 1989. – 252 с.

34 Дахшлейгер Г.Ф. Маршрутом социального прогресса. – Алма-Ата: Наука, 1982.

35 Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг). – Алма-Ата, Наука. 1984. – 272 с.

36 Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер түзелсе // Жұлдыз. – 1988. – № 11. – 140-158 бб.

37 Алаштың ақиқатын кім айтады? Григорьев В. Кадеттер жолын ұстанған партия; Нұрпейісов К. Саяси партия болып санала ма?; Кәкішев Т. Шындықты бұрмаламай, жұлмаламай айтайықшы // Қазақстан коммунисі. – 1990. – №5. – 62-82 бб.

38 Сармурзин А. Крушение Алаш-Орды // Опрошлом для будущего. – Алма-Ата: Казахстан, 1990. – 254 с.

39 Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, Қазақ университеті, 1992. – 231 б.

40 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.

41 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: «Санат», 1995. – 368 б.

42 Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – Москва: Издательский центр Россия молодая, 1994. – 216 с.

43 Ахмедов Г. Алаш Алаш болғанда. – Алматы: «Жалын», 1996. – 224 б.

44 Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. – Алматы, 1992. – 126 б; Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих пен тағдыр. Мақалалар. – Алматы: «Кітап баспасы», 2003. – 296 б.; Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. – Алматы, 2004. – 344 б.

45 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993. – 208 б; Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б; Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: «Өнер», 2003. – 552 б.

46 Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы.-Алматы: Қазақстан, 1996.-256 б; Қамзабекұлы Д. Руханият. – Алматы: Білім, 1997. – 272 б.

47 Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. – Алматы: «Жеті жарғы», 1998. – 192 б.

48 Рысбеков Т.З. Советы Казахстана (1938-1986). – Алма-Ата: Наука, 1988. – 151 с.; Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. – Орал, 1997. – 180 б.; Рысбеков Т.З. Этюды истории родного края. – Уральск, 2002. – 190 с; Рысбеков Т.З. Жаһанша жөнінде қосымша деректер // Ақиқат. – 1995. – №2; Рысбеков Т.З., Рысбекова С.Т. Батыс Қазақстандағы алаш зиялылары // Ақиқат. – 1998. – №6; Рысбеков Т.З. Батыс Алаш төрағасы жайында // Орал өңірі. – 1995. – 20 сәуір.

49 Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. XVIII-XIX ғғ. – Орал: БҚМУ, 2002. – 155 б; Бірімжаров Б.Қ. Қазақ халқының жоқшысы // Ұлт тағылымы. – 2000. – №4-5; Бірімжаров Б.Қ., Хайдаров Е.Е. 1917-1920 жылдардағы Қазақстандағы жастар ұйымдарының тарихынан // Отан тарихы. – 2006. – №4; Бірімжаров Б.Қ. Ғұмар Қараш – қоғам қайраткері, педагог // Ғ.Қараштың 130 жылдығына арналған «Тылсымында тіршіліктің талай сыр бар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Орал, 2006; Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және зиялы қауым өкілдері // 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс көтерілістің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Орал, 2006. – 148 б.; Бірімжаров Б.Қ. Бөкейлік тарихи тұлғалардың түркі өркениетіне қосқан үлесі (Ғ.Мұсағалиевтің қоғамдық-тарихи қызметі мысалында) // Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. I-бөлім. – Орал, 2007. – 170 б.

50 Кенжалиев И. Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1916-1920 жж). Тарихи очерк. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2000. –144 б; Кенжалиев И. Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1917-1920 жж). II-бөлім. Бөкей облысы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2001. – 169 б; Кенжалиев И. Ғұмар Қараш. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2004. – 136 б.

51 Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Казахстана в первые годы Советской власти (1917-1923 гг) // Диссертация... к.и.н. – Алматы, 1993.– 206 с.; Исмагулов У.Ш. Земельный вопрос в Западном Казахстане в начале XX века (1900-1917 гг.) // Диссертация... к.и.н. – Алматы, 1995. – 142 с.; Смағұлова С.Ә. Ұлттық интеллигенция және XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 1999. – 144 б.; Шаяхметов Н.У. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағындағы қазақ зиялыларының қос төңкеріс пен азаматтық қарсы тұру жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі (Ақмола және Семей облысының материалдары бойынша. 1917-1919 жж) // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 2000. – 146 б; Сайлаубай Е.Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі //Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 2001. – 157 б; Сулейменова Д.Д. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2004. – 30 б.; Қуаныш С.О. Каспий маңы аймағындағы Бөкей Ордасы, Гурьев және Маңғыстау уездері 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында (салыстырмалы талдау) // Т.ғ.к... авторефераты. - Орал, 2007. – 26 б.

52 Елмурзаева Р.С. Жизнь и деятельность С.Садвакасова // Диссертация... к.и.н. – Алматы, 1997. – 215 с.; Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1916-1924 жж. Түркістан кезеңі) // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 1997. – 222 б.; Қаленова Т.С. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі // Т.ғ.к... диссертация. – Алматы, 2001. – 167 б.; Уәлиханова Ж.М. Сұлтанбек Қожановтың мәдени-ағартушылық және мемлекеттік-саяси қызметі // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2002. – 30 б.; Кәрібжанов Г.А. Н.С.Құлжанованың өмірі мен қоғамдық-ағартушылық қызметі (1887-1934) // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2003. – 32 б; Мажитов Р.С. Обшественно-политическая деятельность Жаһанши Досмухамедова // Диссертация... к.и.н. – Уральск, 2005. - 174 с.; Қабдошев Б.Ж. Нығмет Нұрмақовтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1895-1937жж) // Т.ғ.к... авторефераты. – Алматы, 2005. – 26 б.; Идресова Ү.Х. Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі (1860-1934 жж.) // Т.ғ.к... авторефераты. – Орал, 2007. – 28 б.

53 Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: «Санат», 1999. – 195 б.

54 Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов. - Алматы: «Жеті жарғы», 1996. -112 б.

55 Мәрсекұлы Р. Қазақ қайда бара жатыр? – Алматы: «Арыс», 2001. - 171б.

56 История СССР. Ч. 2. 1861-1917. Под ред. проф. П.И.Кабанова и проф. Н.Д.Кузнецова. Изд. 4-е, испр. и доп. – Москва: «Просвещение», 1978. – 527 с.

57 ҚР ПМ. 811-қор, 7-тізбе, 81-іс.

58 РФ ОрОММ. 10-қор, 1-тізбе, 248-іс.

59 РФ ОмОММ. 270-қор, 1-тізбе, 59-іс.

60 РФ ОмОММ. 270-қор, 1-тізбе, 627-іс.

61 Қазақ. – 1913. – №4. – 1 наурыз; Қазақ. – 1913. – №37. – 8 қараша; Қазақ. – 1914. – № 55. – 23 наурыз; Қазақ. – 1915. – № 113. – 19 наурыз; Қазақ. – 1915. – № 114. – 28 наурыз.

62 ҚР ПМ. 719-қор, 1-тізбе, 66-іс.

63 Спиридонов И.А. К истории возникновения и развития комсомола Казахстана. – Алма-Ата, 1947. – 127 с.

64 Костры – Приложение к газете Туркправда. Ташкент, 1923. – №3-4.

65 ҚР ПМ 719-қор, 1-тізбе, 67-іс.

66 Сарыарқа. – 1917. – №2. – 19 маусым.

67 РФ ОмОМ. 643-қор, 1-тізбе, 29-іс.

68 ҚР ПМ. 141-қор, 1-тізбе, 5790-іс.

69 Абай. – 1918. – №6. – 19 маусым.

70 Абай. – 1918. – №3. – 20 наурыз.

71 История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. в пяти томах.– Алма-Ата, «Наука», 1977. - том IV.- 635 с.

72 Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 168 б.

73 ҚР ПМ. 719-қор, 1-тізбе, 1051-іс.

74 Шахин А. Сол бір сүргін. – Орал: Дастан, 2002. – 106 б.

75 Кыдыралина Ж.У. Национальные движения в Казахстане в 50-70-х гг. XX в. // Вестник ЗКГУ, 2007. – №2.

76 ҚР ОММ. 1368-қор, 3-тізбе, 104-іс.

77 Желтоқсан-86 / құрастырғандар: Б.Әбдіғалиев, Б.Көрпебайұлы. Редакторы Н.Әбубәкір. 5-кітап. Елдікті сақтаған ерлік. – Алматы, Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры, 2006. – 264 б.

78 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы // Егемен Қазақстан. – 2004. – №176. – 14 шілде.

79 Указ Президента Республики Казахстан. О государственной программе патриотического воспитания граждан Республики Казахстан на 2006-2008 годы. // Казахстанская правда. -2006.-№228.- 12 октября.






Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі:

1. XX ғасырдың басындағы жастар ұйымдары // Қазақ тарихы. -2004.- №6.- 63-66 бб.

2. 1917-1920 жылдардағы жастар қозғалысы // Отан тарихы.- 2006.- №4.- 119-128 бб.

3. Бөкей Ордасындағы XX ғасыр басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы // БҚМУ хабаршысы. - Орал.- №1.- 2007.- 193-201 бб.

4. XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының пайда болуының алғышарттары // БҚМУ хабаршысы. – Орал. - №2. – 2007. - 188-197 бб.

5. Алғашқы қазақ жастар ұйымдары мен қазіргі демократиялық үрдіс арасындағы тарихи сабақтастық // Халықаралық Шалқар этносаяси форумы: атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал, 2004.- 110-113 бб.

6. Ресейдегі 1917 жылғы революциялық жағдай және Қазақстандағы жастар қозғалысы тарихынан // «XYIII-XX ғ. басындағы Қазақстанның шектес елдермен қарым-қатынасы: проблеманың қазіргі күйі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе, 2004. - 124-126 бб.

7. Алашшыл жастар арманы // «Мемлекеттік тіл: білім және саясат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары, I бөлім, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, Орал, 2006.- 107-110 бб.

8.1905-1917 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақ жастарының қоғамдық-саяси белсенділігі // «Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар: теория, тарих, тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал, 2006. - 134-140 бб.

9. XX ғасырдың басындағы Алашшыл жастар мен 1986 жылғы желтоқсаншылардың көзқарастарындағы идеялық үндестік // Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының 170 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы, Орал, 2006. - 66-69 бб.

10. Қазақ жастарының ұлттық-демократиялық «Бірлік» ұйымының қызметі // «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және жоғарғы мектеп міндеттері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті , Орал, 2007. - 189-192 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ қоғамындағы демократиялық
жаңғырулар барысында жаңаша ой-пікірлер мен көзқарастарды қалыптастыру
мақсатында өткен кезеңдегі қазақ халқының азаттық жолындағы күресі мен оның
рухани түлеуін зерттеуде отандық тарих ғылымының алдында күрделі
міндеттердің орын алып отырғандығы белгілі жайт. Осы орайда республиканың
тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болған жағдайында оның өткен
дәуірдегі тарихын сол кезеңнің шындығына сай, идеология мен саяси
қалыптардан ада, тарих ғылымында бұрын сыңаржақ баға беріліп келген
мәселелерді мейлінше ашып көрсете отырып, ақиқат, шындық, ғылыми және
қоғамдық-саяси тұрғыдан саралаудың маңызы зор. Демек отандық тарих
ғылымының алдында әлі де толық зерттелмеген, күрмеуі шешілмеген өзекті
мәселелер аз емес. Олардың санатына кезінде жалпы халықтық Алаш
қозғалысының құрамдас бөлігі болып саналған қазақ ұлттық-демократиялық
жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдарын ғылыми негізде саралауды,
зерделеуді, жаңаша ой елегінен өткізуді жатқызуға болады. Міне, бұл жағдай
біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі мен таңдалған тақырыбымыздың
шынайылығын айқындай түсуге мүмкіндік береді.

Шын мәнісінде ХХ ғасырдың басы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы
күресінің шарықтау кезеңі болып табылады. Қазақ өлкесінің XIX ғасырдың аяғы
ХХ ғасырдың басында Ресей империясының саяси және экономикалық жағынан
толық дәрежелі отар еліне айналуына, саяси-құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, рухани-мәдени тұрғыда отаршылдық езгінің күшеюіне қарсы
бағытталған наразылықтардың, 1905-1907 жылдардағы орыс буржуазиялық-
демократиялық революциясы барысында дүниеге келген қазақ даласындағы ұлттық-
демократиялық жаңғырулардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісімен, 1917
жылғы қос революция және азамат соғысы жылдарындағы қазақ халқының азаттық
жолындағы күрестерімен ұласып, тереңдей түскені мәлім. Бұл тұрғыда зерттеу
жұмысының нысанына айналып отырған ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-
демократиялық жастар қозғалысы мәселесін қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысы тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде арнайы қарастырып зерттеуге
негіз бар деп санауға болады. Яғни, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының
ұлт-азаттық қозғалысы тарихын қазақ жастарының мәдени-ағартушылық, қоғамдық-
саяси салаларда жүргізген қызметтерінсіз, Ақпан революциясынан кейінгі
елдегі демократиялық үрдістердің жандануына байланысты жаппай құрылған
жастар ұйымдарының жұмыстарынсыз толыққанды зерттеу мүмкін емес. Демек,
бұл кезеңдегі қазақ жастарының туған халқының өркениетті халықтармен тең
дәрежеде болуы мақсатында жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстары, қазақ
мемлекеттілігін қалыптастыру жолындағы қызметтері, осы бағытта жастар
ұйымдарының бірігіп атқарған сан-саналы ұйымдастырушылық іс-әрекеттері,
саяси күрес жүргізуде қолданған әдіс-тәсілдері, ұстанған бағыт-бағдарлары
т.б. мәселелердің жиынтығы дербес зерттеу жұмысының өзегі бола алады.

Сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар
қозғалысының Кеңестік дәуірдегі демократияшыл бағыттағы жастар ұйымдарының
қызметтерімен және қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы демократиялық
үрдістердің жандануымен, жастар қозғалыстарымен өзара үндестіктерін, тарихи
сабақтастықтарын зерделеу, олардың тағылымдарын күні бүгінгі жастар ісі
тәрбиесінде тиімді пайдалану, басшылыққа алу осы зерттеу тақырыбының
өзектілігі мен мақсат-міндеттерін тереңдей ашуға негізделген маңызды, еш
күмән туғызбайтын мәселелердің бірі іспеттес.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-
демократиялық жастар қозғалысының қалыптасуының тарихи алғышарттарын
айқындау барысында XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы
қоғамдық ой-пікірлердің қалыптасу ерекшеліктеріне, даму бағыттарына, қазақ
жастарының қоғамдық-саяси көзқарастарына арналған К.Бисембиевтің [1],
Д.Қабдиевтың [2], А.Атишевтың [3], М.Бурабаев пен О.Сегізбаевтардың [4]
еңбектерін тікелей пайдаланып, ғылыми басшылыққа алу орынды болып саналады.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының
пайда болуының алғышарттарына Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы бірінші
буржуазиялық революция барысында қазақ жерінде дүниеге келген демократиялық
жаңғырулардың тигізген ықпалы зор. Бұл тарихи үрдіске арналып жазылған
тарихшы-ғалымдар М.Х.Асылбековтың [5], П.М.Пахмурный мен В.К.Григорьевтің
[6], Б.С.Сүлейменовтың [7], А.Б.Турсунбаевтардың [8] еңбектеріндегі
келтірілген деректер ХХ ғасырдың басындағы қазақ жастарының әлеуметтік
белсендіктерін, қоғамдық-саяси көзқарастарын жан-жақты айқындауға мүмкіндік
береді.

Қазақ жастарының 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі
кезеңінде әлеуметтік-саяси күшке айналуы және қатынасуы жөнінде
С.Асфендияровтың [9], Т.Рысқұловтың [10], Б.С.Сүлейменов пен В.Я.Басиннің
[11], Х.Турсуновтың [12], М.Қозыбаевтардың [13] еңбектеріндегі мәліметтерге
арқа сүйеп, нақты тарихи талдау жасауға болады. Бұл тарихи оқиғаға
қатынасқан қазақ жастарының тағдырлары туралы құнды деректерді жинақтауда
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 90 жылдығына орай оздырылған
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары маңызды болып
есептеледі [14].

Зерттеу жұмысының барысында XX ғасырдың басындағы қазақ елінде
қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайдың, соның ішінде Алаш қозғалысының қазақ
ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының жандануына ықпал еткендігі белгілі
болды. Осы орайда А.Байтұрсынов өзінің Революция и киргизы атты
мақаласында 1917 жылғы Ақпан және Қазан революцияларына тарихи баға бере
отырып, қазақ халқының бұл өзгерістерге қатысты көзқарастарына, қазақ
зиялыларының және жастарының азаматтық ұстанымдарына, азамат соғысы
кезіндегі Алашорданың автономияны баянды ету мақсатында жүргізген саясатына
жан-жақты талдау жасаған [15].

Сол сияқты Т.Рысқұловтың еңбегіндегі 1917 жылғы елдегі демократиялық
жаңғыруларға байланысты құрылған Қырғыз жастарының революциялық одағы
ұйымының әлеуметтік құрамы, бағдарламасы, революцияшыл жастардың қоғамдық-
саяси қызметтері жөніндегі мәліметтер [10], тарихшы-ғалым С.Асфендияровтың
еңбегіндегі ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі социалистік революцияның қазақ
өңіріне, оның зиялы қауым өкілдеріне, сонымен қатар қазақ жастарының
көзқарастарына тигізген ықпалы туралы фактілік материалдар, әрі сол
кезеңдегі пайымдаулар біздің зерттеу жұмысымыздың тарихнамалық, әрі
деректік көздеріне толық негіз бола алады [16].

XX ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күресіне
қатысты еңбектерді талдай отырып, қазақ ұлттық-демократиялық жастар
қозғалысының тарихын зерттеу және қазақ қоғамындағы жастардың рөлін көрсету
мақсатында сол кезеңдегі оқиғалардың куәгерлері болған қазақ жастарының
еңбектеріне сүйенген орынды. Қазақ халқының өткен тарихына шолу жасаған
Қ.Кемеңгерұлының Қазақ тарихынан атты еңбегінде 1905 жылдан кейін қазақ
өлкесінде ұлттық сананың оянуы, оқыған азаматтардың ұлт мүддесі үшін
топтасуын мәселесі қарастырылып, отарлық саясаттың ықпалымен 1914 жылы
Омбыда қазақ жастарының жасырын Бірлік ұйымын құрғандығы жөнінде деректер
келтірілген [17].

Өзінің ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметін Омбыдағы Бірлік ұйымынан
бастаған С.Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу атты тарихи-мемуарлық
еңбегінде 1917 жылғы қос революция және азаматтық қарсыласу кезеңіндегі
қазақ зиялыларының, жастардың қоғамдық-саяси қызметтері айқындалып, елдегі
саяси ахуалды сипаттап көрсетуде нақты деректер келтірілген[18].

Жастар қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде танылған С.Сәдуақасовтың
1921 жылы жарық көрген Жастарға – жаңа жол деген еңбегінде 1917 жылғы қос
революция және азаматтық қарсыласу кезеңіндегі қазақ ұлттық-демократиялық
жастар ұйымдарының бағыт-бағдарлары, атқарған қызметтері және алашшыл
жастардың ұлтшылдық жолына түсуі табиғи заңдылық ретінде жан-жақты талданып
көрсетілген [19].

1950-1960 жылдары жарық көрген Т.Елеуовтың [20], Ж.Карагусовтың [21],
К.Нұрпейісовтың [22], С.Кенжебаевтың [23], А.Елагиннің [24] зерттеу
еңбектері мен Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарындағы Кеңестер
билігін орнату жолындағы күрес тарихына арналған бірқатар құжаттар
жинақтарында [25] XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар
қозғалысының дамуына ықпал еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық
жағдайлар сипатталып, 1917 жылғы қос революция және азаматтық қарсыласу
кезеңіндегі елдегі саяси күштердің арасындағы күрес барысындағы қазақ
зиялыларының, революцияшыл жастардың қоғамдық-саяси қызметтері, ұстанған
бағыт-бағдарлары айқындалып көрсетілген.

1970-1980 жылдардың тарихнамасындағы С.Зимановтың [26], К.Нұрпейісовтың
[27], Ф.Маликовтың [28], М.Асылбековтің [29], Ш.Тастановтың [30],
З.Алдамжаровтың [31], П.Пахмурныйдың [32], В.Григорьевтің [33],
Г.Дахшлейгердің [34] Д.Дулатованың [35] еңбектері XX ғасырдың басындағы
Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерделеп,
қазақ зиялыларының, жастарының қоғамдық-саяси, әлеуметтік, құқықтық және
ағартушылық көзқарастарын айқындауда құнды дерек көзі болып табылды.

1980 жылдардың аяғында елдегі демократиялық жаңғыруларға орай XX
ғасырдың басындағы Алаш қозғалысы тарихына қатысты пікір-таластар
өткізіліп, онда ғалымдар Т.Кәкішевтің [36], В.Григорьев пен К.Нұрпейісовтің
[37], А.Сармурзин [38] мен М.Қозыбаевтардың [39] Алаш партиясының ұстанған
бағдарына, Алашорда үкіметінің саяси құрылымына, ұлт зиялыларының қазақ
халқының азаттығы үшін жүргізген күресіне, жастар қозғалысына қатысты
айтылған ой-тұжырымдары ғылыми айналымға еніп, кейін жеке-дара ғылыми
ізденістер ретінде жарық көрді.

Осы тұрғыда 1990 жылдардың ортасында XX ғасырдың басындағы қазақ
қоғамындағы демократиялық жаңғырулар барысында қазақ зиялыларының,
жастарының мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси салаларда атқарған
қызметтеріне, Алаш партиясының бағыт-бағдарына және Алашорда үкіметінің
құрылымына қатысты К.Нұрпейісовтың [40], М.Қойгелдиевтің [41],
Д.Аманжоловалардың [42] еңбектерін осы зерттеу жұмысын жазу барысында
теориялық, әрі әдіснамалық негіз ретінде санауға болады.

Сонымен бірге Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жарық көрген Ғ.Ахмедовтың
[43], Х.Әбжанов, Ә.Әлпейісов, Г.Назарбаевалардың [44], М.Қойгелдиев пен
Т.Омарбековтің [45], Д.Қамзабекұлының [46], С.Өзбекұлының [47], ғылыми
еңбектеріндегі XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің
қалыптасуы мен дамуы жолдарына, әсіресе, Алашшыл қазақ жастар қозғалысының
тарихына байланысты келтірілген мәліметтер құнды болып саналып,
диссертацияның тарихнамалық, әрі деректік көздерін ашуда толық ғылыми
айналымға енгізілді.

1917 жылғы қос революция және азамат соғысы жылдарына қатысты жазылған
тарихшылардың, өлкетанушы-ғалымдардың ғылыми еңбектерінің алатын орны
ерекше. Бұл тұрғыда тарихшы-ғалымдар Т.З.Рысбековтың [48],
Б.Қ.Бірімжаровтың [49], И.Кенжалиевтың [50] ғылыми ізденіс жұмыстарындағы
Батыс Қазақстан өңіріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихына, Батыс
Алашорда үкіметінің құрылуына, қазақ зиялыларының және жастарының қоғамдық-
саяси қызметтеріне қатысты зерттеулерінің, ой-тұжырымдарының,
қорытындыларының осы диссертациялық жұмыстың тарихнамалық, әрі дерекнамалық
көздеріне негіз боларлығы сөзсіз.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы оң өзгерістерге сәйкес
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға, Алаш
қозғалысының даму ерекшеліктеріне, қазақ зиялылары мен жастарының азаттық
жолындағы саяси күресіне арналған А.М.Ауанасованың, Ұ.Ш.Исмағұловтың,
С.Ә.Смағұлованың, Н.У.Шаяхметовтың, Е.Е.Сайлаубайдың, Д.Д.Сүлейменованың,
С.О.Қуаныштың ғылыми диссертациялары жарық көрді [51]. Сондай-ақ XX
ғасырдың басындағы қазақ халқының азаттық жолындағы күресінде белсенді рөл
атқарған жеке тарихи тұлғалар жөнінде жазылған ғылыми диссертацияларды
сараптау, олардың негізгі қағидаларын басшылыққа алу бұл ғылыми ізденіс
жұмысының басты мақсат-міндеттерінің бірі болып саналады. Олардың қатарына
Р.С.Елмурзаеваның, О.М.Қоңыратбаевтың, Т.С.Қаленованың, Ж.М.Уәлиханованың,
Г.А.Кәрібжановтың, Р.С.Мажитовтың, Б.Ж.Қабдошевтің, Ү.Х.Идресованың ғылыми
диссертацияларын жатқызуға болады [52].

Міне, XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы
мәселесінің бүгінгі таңға дейін арнайы, жеке дара зерттелмей келуі
қарастырылып отырған тақырыптың мейлінше өзектілігін айқындай түседі. Бұл
мәселені толыққанды зерттеуде тың дерек көздері мен мұрағат қорлары
құжаттарының алатын орны ерекше. Осындай жағдайда XX ғасырдың басында
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде дүниеге келген қазақ ұлттық-
демократиялық жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдарын ғылыми тұрғыда
жан-жақты зерттеудің қажеттілігінің еш күмән туғызбайтындығы даусыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты ХХ
ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы тарихына
ғылыми тұрғыдан баға беріп, қазақ жастарының қоғамдық-саяси, әлеуметтік,
құқықтық көзқарастарының пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдеріне талдау
жасау, алғашқы қазақ жастар ұйымдарының құрылу тарихын айқындау, 1917-1920
жылдардағы қазақ жастар ұйымдарының қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық
қызметтерін, ұстанған бағыт-бағдарларын, бағдарламаларын саралау, сонымен
бірге олардың Кеңес өкіметі жылдарындағы жастар қозғалысымен өзара тарихи
сабақтастықтары мен үндестіктерін кешенді түрде зерттеу болып табылады. Бұл
мәселелерді шешу барысында ғылыми зерттеу жұмысының алдына төмендегідей
міндеттер қойылды:
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде отарлық жүйенің
негізінде қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың
қазақ жастарының ағартушылық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, құқықтық ой-
пікірлерінің қалыптасуына тигізген ықпалын жаңаша көзқарас тұрғысынан
айқындау;
1905-1907 жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция
барысында қазақ өлкесінде дүниеге келген демократиялық жаңғырулардың қазақ
жастарының ұлттық сана-сезімінің оянуына, ұлт зиялылары мен қазақ
жастарының бірлесіп атқарған қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық
қызметтеріне тигізген әсерлерін ғылыми негізде тұжырымдау;
Омбыда құрылған алғашқы қазақ жастарының Бірлік ұйымының, одан кейінгі
Түркістан өңірінде жасырын жұмыс жасаған Кеңес ұйымының жас мүшелерінің
қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық қызметтерін саралау;
Қазақ зиялы қауым өкілдерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі
ұстанған саясаттарын, ұлт зиялыларының тікелей басшылығымен білімді қазақ
жастарының тылдағы және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жігіттерінің
арасында жүргізген ұйымдастырушылық, тәрбиелік жұмыстарының негізгі
бағыттарын нақтылау;
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі демократиялық үрдістердің одан әрі
өрістеуін жаппай құрылған қазақ ұлттық-демократиялық жастар ұйымдарының
мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметтерінің нәтижесі ретінде тану;
1917 жылғы Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарындағы қазақ жастар
ұйымдарының қоғамдық-саяси қызметтеріне, бағыт-бағдарларына,
бағдарламаларына талдау жасап, қазақ жастар қозғалысы ішіндегі жікшілдікті
айқындау және бірыңғай Кеңестік биліктің орнығуына сәйкес олардың өз
қызметтерін тоқтатуларына байланысты іс-тәжірибелеріне жаңаша баға беру
арқылы зерделеу;
Кеңестік әкімшіл-әміршіл билік тұсындағы тоталитарлық жүйеге қарсы қазақ
жастарының бой көтерулеріне талдау жасап, қазақ жерінің азаттығы, елінің
егемендігі турасындағы жастардың идеяларының өз күшін жоймай Тәуелсіз
Қазақстанның мақсат-мұраттарымен астасып жатқандығын тарихи сабақтастық,
ұрпақтар жалғастығы ретінде бағалау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғасырдың басындағы қазақ
ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының маңызды кезеңі ретінде 1900-1920
жылдар аралығы алынды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі объективтік, тарихилық,
жүйелік, салыстырмалық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным
принциптеріне сүйеніп құрылған. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-
демократиялық жастар қозғалысы мәселесін жан-жақты ашу үшін XX ғасырдың
басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы қозғалысына арналған
еңбектердегі соңғы кезеңде қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдер, қағидалар, ой-
тұжырымдары назарға алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-
демократиялық жастар қозғалысының тарихы алғаш рет кешенді түрде, ғылыми
тұрғыдан зерттелініп отыр. ХХ ғасырдың басындағы қазақ жастарының қоғамдық-
саяси, әлеуметтік, құқықтық, ағартушылық көзқарастарына талдау жасалып,
1917 жылғы қос революция және азаматтық қарсыласу жылдарындағы қазақ жастар
ұйымдарының бағыт-бағдарлары, әлеуметтік құрамы, жетекшілері айқындалып,
мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси қызметтері сараланып, жастардың
қазақ халқының азаттығы, ата-баба жерінің тәуелсіздігі, елінің егемендігі
жолындағы күресіне ғылыми баға беріледі. Зерттеу жұмысының барысында
мұрағат қорларындағы құжаттар мен ХХ ғасырдың басындағы мерзімдік баспасөз
материалдары сыни көзқарас тұрғысынан бір жүйеге келтіріліп, ғылыми
айналымға жаңадан енгізіліп отыр.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Патшалық Ресейдің отарлық саясатының нәтижесінде XIX ғасырдың аяғы XX
ғасырдың басында қазақ өлкесінде қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық ахуалдың қазақ жастарының қоғамдық-саяси көзқарастарының
қалыптасуына ықпал еткендігі айқын.

2. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық революциясының
барысында қазақ өлкесінде пайда болған демократиялық үрдістердің ықпалымен
қазақ жастарының қоғамдық-саяси белсенділігі артып, олар қазақ халқының
арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізуге тырысқан.

3. 1914 жылы Омбыда құрылған Бірлік, 1915 жылы Түркістан өңірінде
астыртын жұмыс жасаған Кеңес сияқты ұйымдардың қызметтеріне, 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілісі тұсындағы қазақ зиялыларының ұйымдастырушылық
жұмыстарына жастардың белсене араласулары олардың қоғамдық-саяси
көзқарастарының, азаматтық ұстанымдарының дамуында үлкен орын алады.

4. 1917 жылғы Ақпан революциясының жеңісінің нәтижесінде қазақ ұлттық-
демократиялық жастар қозғалысы жаңа даму сатысына көтерілді. Бұл кезеңде
қазақ жастарының ұлт мүддесі үшін идеялық бірігуінің, қоғамдық-саяси
істерге белсене араласуының жоғарғы деңгейге жеткендігін байқаймыз.

5. 1917 жылғы қос революция және азаматтық қарсыласу кезеңінде қазақ
жастарының қоғамдық-саяси көзқарастарының әралуандығынан, олардың
арасындағы жікшілдіктің салдарынан Алаштық идеяларды қолдаған ұлттық-
демократиялық жастар ұйымдары және большевиктік бағытты жақтаған
революцияшыл, социал-демократиялық жастар ұйымдары өз қызметтерін
жүргізген.

6. Қазақстанның барлық аймақтарында бірыңғай Кеңестік биліктің орнауына
және комсомол ұйымдарының құрылуына байланысты қазақ ұлттық-демократиялық
жастар қозғалысы дағдарысқа ұшырап, жастар ұйымдары өз қызметтерін
тоқтатуға мәжбүр болған.

7. ХХ ғасырдың басындағы қазақ жастарының халқының теңдігі, жерінің
тәуелсіздігі, елінің азаттығы турасындағы идеялары Кеңестік өкімет
кезеңінде де өз күшін жоймай, Қазақстанның Тәуелсіздігінің рухани бастауына
айналғандығы ақиқат.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың дерек көзі
ретінде Алматы, Орынбор, Омбы, Астрахань, Орал қалаларындағы мұрағат
қорларында жинақталған құжаттар, кітапханалардың сирек кездесетін кітаптар
қорларындағы ХХ ғасырдың басындағы мерзімдік баспасөз материалдары,
құжаттар жинақтары, замана куәгерлерінің естеліктері алынды.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының
тарихын зерттеуде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатының
(ҚРОММ) 64-қорында (Далалық генерал-губернатордың 1909-1914 жылдардағы
саяси шолуы ), 78-қорында (Ішкі Қырғыз (Қазақ) Ордасын басқару жөніндегі
Уақытша Кеңес), 427- қорында (ҚазКСР-нің Орталық Мемлекеттік тарих
мұрағатының материалдарынан көшірілген құжаттар), 544-қорында (Қазан
революциясы қарсаңындағы Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар жинағы
(1917), 1453-қорында (Бөкей облыстық жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар
депутаттары Кеңесінің Атқару Комитеті); Қазақстан Республикасы Президенті
мұрағатының (ҚРПМ) 141-қорында (Қазақ өлкелік РКП (б) комитеті), 719-
қорында (Бүкілодақтық коммунистік партияның қазақ өлкелік бақылау
комиссиясы), 811-қорында (Қазақстан коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің саяси зерттеулер институты); Ресей Федерациясының Орынбор
облысының мемлекеттік мұрағатының (РФОрОММ) 10-қорында (Орынбор
губернаторының канцеляриясы), РФ Орынбор облысының қазіргі заман тарихын
құжаттау орталығының (РФОрОҚТҚО) 6002-қорында (Орынбор өңірінде комсомол
ұйымдарының құрылуы жөнінде алғашқы комсомол жастардың естеліктері); РФ
Омбы облысының мемлекеттік мұрағатының (РФОмОММ) 115-қорында (Омбы
оқытушылар семинариясы), 151-қорында (Центросибирь Батыс Сібір
кооперативтер бірлестігі), 197-қорында, 270-қорында (Омбы жандарм
басқармасы), 643-қорында (Көлбай Төгісовтың қылмыстық ісі); РФ Астрахань
облысының мемлекеттік мұрағатының (РФАОММ) 286-қорында (Астрахань
губерниялық жандарм басқармасы), 1094-қорында, РФ Астрахань облысының
қазіргі заман құжаттары мемлекеттік мұрағатының (РФАОҚҚММ) 1-қорында
(Бөкейлік қазақ жастарының Жігер ұйымының жиналысының хаттамасы), 296-
қорында (Астрахань өңірінде комсомол ұйымдарының құрылуы жөнінде); Батыс
Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының (БҚОММ) 17-қорында, 20-қорында
(Коммунистік партияның облыстық Атқару Комитетінің құжаттары) жинақталған
материалдар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы және сыннан өтуі. ХХ ғасырдың
басындағы қазақ жастарының қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық бағытында
жүргізген қызметтеріне, идеялық ой-пікірлеріне жасалған негізгі
тұжырымдарды, толықтыруларды, ой-қорытындылары мен ізденіс нәтижелерін ұлт-
азаттық қозғалыс мәселесіне, қазақ зиялыларының және жастарының қоғамдық-
саяси қызметтеріне арналған монографиялар мен оқулықтарда, жоғарғы оқу
орындарында дәрістер, семинарлар мен арнаулы курстар үшін пайдалануға
болады.

Диссертация М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында талқыланып, қорғауға
ұсынылды. Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары М.Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Батыс Қазақстан гуманитарлық
академиясының профессорлары мен оқытушыларының дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік
конференцияларында баяндалды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті тізіміндегі
журналдарда 4 ғылыми мақала жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі
сипатталды. Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері, деректік негізі,
хронологиялық шеңбері, методологиясы, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын
тұжырымдар мен тәжірибелік маңызы айқындалды.

XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының
пайда болуының тарихи алғышарттары деп аталатын бірінші тарауда XIX
ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың қоғамдық ой-пікірлердің
дамуына тигізген ықпалы, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық
революция барысындағы қазақ жастарының ұлттық санасының оянуы, олардың
қоғамдық-саяси белсенділіктерінің артуы, 1914-1916 жылдардағы алғашқы
құрылған қазақ жастар ұйымдарының қызметтері ғылыми тұрғыдан жан-жақты
зерттелінеді.

Қазақ өлкесінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында Ресей
империясы тарапынан саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани
жағынан отарлануы оның метрополияға толықтай тәуелділікке түсуін одан әрі
жеделдетті. Бұл өз деңгейінде отар елдің метрополияға қарсы наразылығын
күшейтіп, қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында саяси және
әлеуметтік белсенділігінің артуына, ұлттық сана-сезімінің оянуына,
тәуелсіздік пен азаттық күрес жолындағы жаңаша қоғамдық ой-пиғылдардың
пайда болуына жол ашты.

Қазақ халқының арасында әлеуметтік белсенділіктің артуына, саяси-идеялық
ахуалдың жақсаруына жағдайдың туғандығы жөнінде академик С.З.Зиманов былай
дейді: Сыртқы жағдайлар тұрғысынан XX ғасырдың басында Ресейдің артта
қалған аймақтарының өзінде, соның ішінде сол кездегі Қазақстанда ұлттық
сананың оянуына және ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына ең оңтайлы сәт туды...
гуманизмның және бостандықтың, тиранияға және қысымшылыққа қарсы күрестің,
халықтар теңдігі мен таптар бірлігінің идеалдары өздерінің жақтаушылары мен
жалғастырушыларын тауып, Ресейдің ең шеткері өңірлеріне таралып жатты [26,
с. 26].

ХХ ғасырдың басында қалыптасқан ұлттық-демократиялық жаңашыл идеяның
пайда болуының өзіне тән алғышарттарының болғандығы тарихи фактор ретінде
сипатталады. Оның бастау көзіне ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары Ресейдің ірі
қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында білім алған қазақ жастарының
әлеуметтік белсенділігі мен саяси-қоғамдық көзқарастарын жатқызуға болады.
Мәселен, XIX ғасырдың соңына қарай Еуропа мәдениеті мен зиялылық ойлардың
орталығы болған Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургке қазақ
халқының да өкілдері білім қуып келе бастады. Олардың қатарында Ж.Ақпаев,
Б.Құлманов, А.Тұрлыбаев, А.Теміров, Б.Ниязов, Р.Мәрсеков, Б.Қаратаев,
Б.Сыртанов т.б. атауға болады [53, 58-59 бб.].

Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін, оның келешегін ойлаған
қазақ жастары студенттік кездерінен бастап қоғамдық-саяси
белсенділіктерімен танылып, жастардың мақсат-мүдделерін біріктіретін
қоғамдық ұйымдар құруға да талпыныс жасаған. Қазақ жастарының саяси сана-
сезімінің өсіп-жетілуіне ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары Санкт-Петербургте
болған саяси оқиғалар орасан зор ықпалын тигізген еді. Барлыбек Сыртанов,
Мәмбетәлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев, Абдолла Теміров және шығыстану
факультетінде бұлардан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақтыгерей Құлманов
сияқты жігіттер Жерлестер үйірмесін құрады. Бұл қазақ жастары үйірмеге
мүше болған студенттерге қаражатпен көмектесу, ауырған жағдайда дәрі-
дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен
қатар, оның жиылыстарында астыртын революциялық мазмұндағы прокламацияларды
оқып талқылау, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күрес, қазақ даласында
мәдени-ағартушылық іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара ой
бөліскен [54, 25-26 бб.].

Осы кезеңде Петербург қаласында білім алып жүрген Райымжан Мәрсеков те
қоғамдық жұмыстарға белсене кірісіп, өзі сияқты білім іздеп келген қазақ
жастарымен қоян-қолтық араласады. Жақып Ақбаевпен бірге студенттік
жерлестер ұйымын құрып, елде болып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды
қадағалап, мәжілістерінде талқылап отырады. Сонымен қатар бұл ұйым мүшелері
жағдайлары нашар қазақ студенттеріне қаражатпен қамтамасыз ету үшін барынша
көмек ұйымдастырады [55, 152 б.]. Бұл қазақ жастары тарапынан істелінген
нақты іс-шаралар олардың азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына, ұлттық-
рухани сана-сезімдерінің оянуына, қоғамдық-саяси көзқарастарының жетілуіне
ықпал еткендігі тарихи шындық.

XX ғасырдың басындағы жастар қозғалысының дамуына Ресей империясындағы
отаршылдық езгінің күшеюі, бұратана халықтардың ұлттық езгіге қарсы азаттық
күресінің өрістеуі, ұлыдержавалық орыс ұлтшылдығының үстемдігі тікелей
ықпал етіп, өз кезегінде Ресей империясы құрамына енген Кавказ, Польша,
Финляндия, Орталық Азия халықтарының заңды наразылықтарын туғызып, патша
өкіметі тарапынан олардың жанышталуына әкеліп соқтырды. Осы кезеңде
аймақтардағы ұлттық буржуазия ұлт-азаттық қозғалыстың барысын өздерінің
ықпалдарында ұстауға тырысып, ұлттық ұйымдарын құруға бағыт ұстады.
Мәселен, Украинада 1902 жылы Украинская народная партия, Белоруссияда
1903 жылы Белорусская социалистическая громада, Арменияда Дашнакцутюн
(Союз федерации), Грузияда Сакартвело, Азербайжанда Муссабатистер,
Татарстанда Бірік, Финляндияда Активистер, Польшада Народные
демократы партиясы, еврейлерде Бунд ұйымдарының құрылуы осының айқын
дәлелі бола алды [56, с. 246]. Осы үрдіс сөз жоқ патшалық Ресейдің құрамына
енген бағынышты халықтардың, оның ішінде қазақ халқының да ұлттық сана-
сезімдерінің оянуына, отаршылдық езгіге қарсы күрес жолында қоғамдық
ұйымдарға бірігуіне жол ашты.

Бұл қазақ даласындағы халықтың ой-санасының оянуын Қошке Кемеңгерұлының
төмендегі ой-тұжырымдары дәлелдей түседі: Қалың қазақ арасына ояну сәулесі
түсуі, оқыған азаматтардың топталуы да 1905 жылғы 17 октябрь манифестімен
басталды. 1905 жылға кіргенде қазақ алдында: 1) дін жоғалу, 2) жерден
айрылу деген екі жұмбақ көлденең тартылып еді. Сондықтан патшаға, Думаға
жіберілген тілектерде дінге еркіндік, жерге еркіндік бірінші планға
қойылды [17, 44 б.].

Қазақ жастарының саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси
қызметке араласуына бірінші орыс революциясының белгілі дәрежеде ықпал
еткендігі, олардың осы тарихи кезеңдегі әр түрлі саяси оқиғаларға
қатынасып, қазақ халқының арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгендігі
және алғаш рет қоғамдық ұйымдарға топтаса бастағандығы ақиқат. Осы жылдары
Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Меңдешев сынды оқыған қазақ
жастары елдегі демократиялық өзгерістерге байланысты өздерінің қоғамдық-
саяси белсенділіктерімен таныла бастады. Мәселен, Бөкей Ордасындағы
оқыған қазақ жастарының XX ғасыр басындағы ұлттық-демократиялық
жаңғырулардың әсерімен қоғамдық-саяси өмірге араласып, алғашқы мәдени-
ағартушылық бағыттағы жасырын ұйым құрғандығы жөнінде сол оқиғалардың
куәгері Сейітқали Меңдешев өз естеліктерінде жазып көрсеткен. Бұл
деректер бойынша 1906-1908 жылдары С.Меңдешевтің Бөкей Ордасында кәсіби
және саяси мақсаттарды көздеген интеллигенцияның жасырын одағының
ұйымдастырушысы, қазынашысы және кітапханашысы болғандығы, бұл одаққа
мұғалімдер, фельдшерлердің біріккендігі, алайда 1908 жылға қарай Бөкей
Ордасындағы қазақ жастарының кәсіби одағының патша шенеуніктерінің
көзіне түсіп жабылғандығы туралы нақты мәліметтер мұрағат қорларында
сақталынған [57, 22-23 пп.].

Алайда патша өкіметі бұратана халықтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына,
қоғамдық ұйымдарға бірігуіне жол бермеу мақсатында бақылауды күшейтіп, 1906
жылы 4 наурызда қауымдастықтар мен қоғамдарды Юстиция Министрлігінде тіркеу
жөнінде уақытша ереже қабылдап, әрбір қоғамдық ұйымдардың губерниялық
әкімшіліктің қатаң қадағалауында болуына қол жеткізеді [58, 61-63 пп.].

Осыған сәйкес патша үкіметі өзінің құзырлы органдары арқылы қазақ
өлкесіндегі қоғамдық-саяси ахуалды қатаң бақылауында ұстағандығы байқалады.
Мәселен, далалық өлкенің 1909-1914 жылдар аралығындағы саяси өміріне шолу
жасаған Омбы губерниялық жандармериясының есебі бойынша бұратана
халықтардың арасындағы мұсылман қозғалысы бақылауға алынған. Көшпелі
тұрғындар көшіп қонатын жердің тарлығына байланысты оңтүстікке қарай
ығысқандығы, көпшіліктің арасында ұлттық сана-сезімнің өсіп келе жатқандығы
көрсетілген [59, 8 п.].

Мұрағат қорында сақталған Петропавл уездік басшысының Ақмола облысының
губернаторының атына жіберген мұсылман халқының, соның ішінде қазақтардың
арасындағы қалыптасқан қоғамдық жағдай жөніндегі мәлімдемесінде
қазақтардың арасында ұлттық қозғалыс тамыр жая бастағандығы, халықтың
рухани оянуында үлкендердің сеніміне ие болған оқыған қазақ жастарының рөлі
артып келе жатқандығы айтылған [60, 15 п.].

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ өлкесіндегі демократиялық жаңғыруларға,
ұлттық сананың оянуына ұлт зиялыларының баспасөз ісін қолға алып, халық
арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын кеңінен жүргізулері өз ықпалын
тигізген еді. Бұл тұрғыда баспасөз беттерінде қазақ халқының арасында
мәдени-ағартушылық ісін жолға қою мақсатында оқуға қолдары жетпей жүрген
мұқтаж оқушыларға жәрдем көрсету үшін қазақ жастарының, барша зиялы
қауымның бірігуі жөнінде идеялар кеңінен қамтылған [61].

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымының қалыптасуында Омбы қаласының
рөлі ерекше болды. Бұл қаланың есімімен талантты, жігерлі жастардың басын
қосқан тұңғыш қазақ жастарының Бірлік ұйымының құрылуы тікелей
байланысты. Омбыдағы қазақ жастарының топтасуы уақыт талабы екендігін және
олардың қандай қиын жағдайларда бас қосқандарын, алдарына қойған мақсат-
мұраттарын мына деректен айқын көруге болады: Алаштың саналы азаматтары
қасіретте еді. Қарағым, қазағым оян деп қақсап, арыстаным алаш тұр деп
зарлап, ұлтын оятуға кірісті. Жүрегі жаралы, көзі жасты еді. Алаш деп
зарлаған сол азаматтардың бірі Омбы жастары болды. Қазақты қалың тұманнан
құтқаратын өнер, білім деп ой келтіргендіктен, елге бұл өнер, білімді
тарату үшін ұлт қамын ойлаған жас болып бірігу керек деп тапты. Осы ізгі
ойменен Омбыда оқып жүрген үркердей қазақ жастары 1914 жылы 18 сәуірде
Бірлік деп ат қойып қауым ашты.

Қауымның мақсаты кең еді, тілегі зор еді. Ұйқыда жатқан алашын оятпақ
еді. Жұртты жегідей жеп бара жатқан алалықты тоқтату еді. Мал орнына
сатылып бара жатқан апа, қарындастарымызды күңдіктен құтқару еді. Алдағы
күнде жарық шығар жұлдыздарымыз, кейінгі жастарды оқуға тарту еді.
Әдебиетті өсіріп, кең асыл тілімізді көркейту еді. Бұл тілекті іске асыру
үшін қазақ жастарының ойын, ұстаған жолын бір ізге салу. Әр жерде осындай
жастар қауымдарын ашпақ еді [62, 41 п.]. Міне, бұл құжат Бірлік ұйымының
төңірегіне біріккен қазақ жастарының мақсаты ұлт мүддесіне қызмет ету
екендігін көрсетіп, олардың өздерінің алдына қараңғылықтағы қазақ халқының
рухани жағынан жетілуін, қазақ әйелдерінің теңдігін, ұлтының азаттығын
ойлағандығын одан әрі аша түседі. Мұның өзі қазақ жастарының қоғамдық ой-
санасының өскендігінің, азаматтық ұстанымдарының қалыптаса бастағандығының
айқын дәлелі болып саналады.

Бірлік ұйымымен қатар қазақ жастарының тағы қандай ұйымы болған десек,
бұл туралы И.А. Спиридонов К истории возникновения и развития комсомола
Казахстана атты еңбегінде алғашқы қазақ ұлттық-буржуазиялық жастар
ұйымдары бірінші дүние жүзілік импералистік соғыстың бастапқы кезінде-ақ
пайда болғандығын және солардың бірі Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың
басшылығымен құрылғандығын атап көрсеткен [63, с. 38].

Сонымен қатар Туркестанская правда газетінің қосымшасы Костры
журналында Ташкенттегі мұғалімдер семинариясында оқитын Сырдария қазағы
С.Қожановтың 1915 жылы көңілі ояу, көкірегі отты жастардың Кеңес атты
жасырын ұйымын құрғандығы жазылған [64, с. 31]. Ал Қазақстан Республикасы
Президентінің мұрағатынан алынған құжаттық деректер жас семинарист
С.Қожановтың Кеңес ұйымының небәрі белсенді мүшесі болғандығын, ал оның
жетекшілері ауқатты, текті әулиеттен шыққан адамдардан құралғандығын
дәлелдей түседі [65, 62-67 пп.]. Түркістан өлкесінің зиялы азаматтарын
біріктірген Кеңес ұйымы 1917 жылдың ақпан және қазан революциялары
аралығына дейін қызмет атқарған. Сұлтанбек Қожанов, Санжар Асфеньдияров
сынды талапты жастардың Сыр бойы ағартушылық ұйымының көрнекті өкілдерімен
тығыз байланыста болып, қоғамдық өмірге ерте араласулары олардың оң-солын
танып, ой-саналарының одан әрі толығуына үлкен әсерін тигізгені сөзсіз.

XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тұсында үлкен қарқынға ие болған еді. Осы
кезеңдегі жастар қозғалысының басында М.Есболов, А.Қисықов, Ш.Бекмұхамедов,
М.Шотаев, Н.Төреқұлов, М.Сейдалин, Х.Бекентаев, Ш.Қапсаламов, А.Кенжин,
Б.Сүлеев, Ф.Ғалымжанов, Е.Омаров, Ә.Бірімжанов, Р.Мақатов, Х.Болғанбаев,
Т.Шахулеев, С.Жиенбаев, Б.Жанқадамов, Сәндібеков, Боранқұлов және басқа да
азаматтар тұрған еді. Қазақ жастары ұлт-зиялыларының басшылығымен
майдандағы жұмысшы жігіттердің қамы үшін барлық ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізе білді. Олардың өзге ортада тез бейімделулеріне, мемлекет тарапынан
қорғалуларына, қоғамдық ұйымдардың қамқорлығында болуларына қазақ жастары
өз мүдделіліктерін танытты. Майдандағы жұмысқа алынған қазақ жігіттерінің
де саяси сауаттары ашылып, қазақ халқының қамы үшін бар күшін сарп етіп
жүрген ұлт жастарының ұлы істеріне түсіністікпен қарай бастады [41, 194-212
бб.]. Міне, бұл кезеңде қазақ жастары ұлт мүддесі үшін қызмет етіп, жұмысшы
қазақ жігіттерін қамқорлыққа алуда ұйымшылдықтың, азаматтық
жауапкершіліктің ерекше үлгісін көрсетіп, өздеріне үміт артқан аға буын ұлт
зиялыларының сенімдерінен шыға білгендігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы
Еліміздегі алғашқы баспалардың пайда болуы
А. Кенжин
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Онлайн қазақ басылымдары
Уақыт және тарих
ХХ ғасырдағы Қазақстанның либерал-демократиялық зиялыларының өкілдері. О.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)
Пәндер