Қазақ музыка өнері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Қазақ музыка өнері - баға жетпес ұлт құндылығы.
1. 1 Қазақ музыка өнерінің тарихи өрістеуі 5
1. 2 Қазақ музыка өнеріндегі саз аспаптардың рөлі 9
1. 3 Қазақ музыка өнерін жаңғыртушы тарихи тұлғалар 20
2 Дәстүрлі күй өнері - қазақ музыкасының қайнар көзі
2. 1 Көшпелілер күй өнерінің мәдени архетиптері 25
2. 2 Қазақ күй өнерінің қалыптасуы 30
2. 3 Қазақтың аспапты музыкасының мәдени ерекшеліктері 51
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
Кіріспе
Қазіргі XXI ғасыр жоғары индустралды ақпараттық қоғам. Ол даму жолында жаңару, өзгеру, бейімделуге негізделеді. Ақпараттық қоғамның технологиялық мәдениетімен жаһандану үрдісі Қазақстанның саясатында жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді. Бұл мәжбүрлік әлемдік саяси үрдістен туындайды. Әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан саясатының бағыт-бағдары туралы мәселелер Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде қарастырылған. Онда бұл мәселе жөнінде былай деп жазылған: «Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына біздің терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру-міне, табыстың кілті, міне, Қазақстанның тұрақты да гүлденіп көркейетін жолы » [1] . Жаһандану үрдісінде ұлттық мәдени құндылықтардың атқаратын маңызды рөлі туралы мәселелер Р. А. Нұртазинаның «Образовательная политика Республики Казахстан в условиях глобализаций» [2] атты ғылыми еңбегінде сонымен бірге С. З. Баймаганбетовтың «Современная социально-культурная политика» деген еңбектерінде талданып сипатталған [3] . Ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдау бізге мына төмендегідей көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.
1. Білім беру жүйесінің гуманитарлық моделі ең алдымен ұлттық мәдени құндылықтарына, оның бойындағы жинақталған тәлім-тәрбиелік тағлымдарға негізделеді, яғни ең басты екпінді ұлттық мәдениетке ден қояды.
2. Білім берудің ізгілікті принциптері ең алдымен гуманитарлық пәндерді басшылыққа алады.
3. Жаһандану үрдісінің қарыштап дамуы мен оның қатаң жағдайында ұлттық дәстүрлерімізді жойып алмай керісінше оның дамытудың жаңа үлгісін жетілдіру қажет. Демек, Қазақстан жаңару үрдісінде негізгі екпінді терең тамырлы ұлттық мәдениетке ден қояды. Сонымен бұл мәселеде яғни, жаңару үрдісі ұлттық мәдени құндылықтарды жинақтап, зерделеудің, оның негізіндегі мәдени танымдық білім ұғымдарын жинақтаудың, танудың, қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан да, ұлттық мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыда дамыту, тану біз қарастырып отырған тақырыптың маңыздылығын дәлелдейді.
Этникалық рухани мәдениеттің маңызды бөлігін қоршаған дүниені эстетикалық меңгеруімен байланысты болатын қазақтардың дәстүрлі күй өнері құрайды. Мұның өзі қазақ этносының өзіндік көркем көрінісінің бір үлгісін танытады, оның өзіндік ұлттық ерекшелігінің маңызын терең әрі орнықты ретте бейнелейді, мәдени-өркениеттің ұқсастығын білдіре түседі. Осы өнер қазақтардың эстетикалық, философиялық түсініктерін қалыптастыруда, әдептік мәдениетін дамытуда маңызды бір форма жасаушы рөл ойнайды.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына байланысты туған күй өнері ұлттық дүниетаныммен, көшпелі өмір салтымен байланысты. Қазақ дүниетанымындағы ырғақ пен әуенге байланысты түсініктері әу баста халқымыздың мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байланысты туған. Әсіресе, жыл мерзімдерін белгілеу мен ауа райының болашағын болжау өнер тынысына тікелей қатысты болды.
Өнердің неғұрлым көне түрі ретінде халықтық күй өнері шығармашылығы әрбір халықтың рухани мәдениеті тарихында, оның адамгершілік және эстетикалық тәрбиесінде айрықша орын алады. Ежелгі мифтерден бастап эпостық жырларға дейін, наным-сенім өлеңдерінен қазіргі әңгімеге дейін халықтың уақыт пен кеңістік туралы түсініктері сан-тарау кезеңдерді бастан кешірді. Көркемдік ойлаудың тарихын уақыт пен кеңістік туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп алуға болмайды.
Көркем-мәдени музыка формасына талдау жасау, оның тек қана бір халықтың немесе туысқан халықтардың шеңберінде ғана дамитын құбылыс ретінде емес, аймақтық құбылыс ретінде қараудың қажеттігі айқын болып отыр.
Дәлелденудің тағы бір көрінісі ол нормативтік құқықтық құжаттар. Осыған орай ҚР Үкіметі өміршең Қаулылар қабылдады. Ондай Қаулыларға: «2009-2011ж. арналған «Мәдени - мұра» мемлекеттік бағдарламасы», «ҚРББ дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «ҚР ЖООБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары», кіреді. Жоғарыда аталған стандарттарға жасалған талдау бізге мемлекет тарапынан ұлттық мәдени құндылықтарға, олардың дамуына, зерттелуіне, жас ұрпақты тәрбиелеуге тағылымдарына және де оны оқытудың мәселелеріне айрықша көңіл аударғанын көруге болады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ музыка өнерін ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның теориялық негіздерін ашу.
Жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде ұлттық мәдени құндылықтарымызды жаңғырту болды, соның ішінде «дәстүрлі музыка мәдениетін» зерделеу бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі болып келеді. Осы орайда қазақ музыка өнерін ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның теориялық негіздерін ашу қажеттіліктері туып отыр. Қазіргі ақпаратты заманда және постиндустриалды қоғамда қандай мемлекет болмасын өзінің түп тамырына бойлап өзіндік ұлттық идеясын қалаптастырып, заманға сай құндылықтарын жаңғыртары анық.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың теориялық мазмұны тарихи-мәдениеттанулық зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.
Көтерілген мәселелердің ұлттық ойлау жүйесінің, дүниетанымдық қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтаумен оларды түсіндіруде қосар өзіндік үлесі айтарлықтай.
1 Қазақ музыка өнері - баға жетпес ұлт құндылығы.
1. 1 Қазақ музыка өнерінің тарихи өрістеуі
Адамзат баласы өзін қоршаған ортаға қатынасын, дүниеге көзқарасын әр алуан түрлі мәдениеттер системасында ғылыми негіздейді . Мәдениеттер системасында адам баласы табиғатқа қатынасын, яғни табиғатты зерттеу мақсатында жаратылыстану ғылым жүйесін дамытты . Бұл ғылыми жүйеде философия ғылымы басты рөлді атқарады. Адамзаттың тағы да бір ғылым саласындағы жаналығы адамның рухани өміріне қатысты мәдениеттер системасын құруы. Бұл системаға барлық қоғамдық ғылымдар топтамасы кіреді. Адамның рухани өміріндегі рухани мәдениеттерді туғызатын психикалық құбылыс - эстетикалық сана болып табылады.
Қазақ мәдениеттер жүйесін негіздеуде бір қатар ғалымдар зор еңбек сіңіруде. Оларға: С. Мұқанов, А. Сейдімбеков, Х. Маданов, В. И. Тимошинов, Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариеваның қазақ мәдениетінің теориясына арналған ғылыми еңбектерін атауға болады. Бұдан басқа мәдениеттер жүйесі социология ғылымы аясында және философия ғылымы аясында қарастырылған. Оларға А. Х. Тұрғынбаев, В. П. Рожин, В. П. Тугариновтың ғылымы еңбектерін жатқызуға болады. Жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектерінде «мәдениет» ұғымына төмендегідей анықтамалар берілген. Белгілі ғалым А. Х. Тұрғынбаев өзінің «Социология » атты еңбегінде «мәдениет» атауы латын тілінде алғашында -« топырақ өңдеу » дегенді білдіреді. Сөйтіп, табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше адам әрекетінен табиғат аймағында болатын барлық өзгерістер -«мәдениет » деп түсінілді. Кейінен « мәдениет » сөзі: адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды [4] . Дәл осыған ұқсас пікірді В. И. Тимошинов өзінің «Мәдениеттану » еңбегінде қарастырады [5] .
Сонымен, «мәдениет» дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік рухани құндылықтарының жиынтығы [6] .
Мәдениеттанушы ғалымдардың: А. Құлсариев, Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов еңбегінде «мәдениет» деген ұғымға мынадай анықтама берілген: мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістігінің қызметі мен өзіндік ерекшеліктері [7] .
Ғалымдардың еңбектерінде мәдениет жүйесі адам баласына қызмет жасауы екі үлкен саладан өрбиді. Оның бір материалдық мәдениет, яғни материалдық қызметтің барлық саласын қамтиды және оның нәтижелері (еңбек құралдары тұрғын үй, көлік құралдары, тұрмыста қолданылатын заттар) адам идеяларының материалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып табылады. Екіншісі: рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формалары мен деңгейлерін, білім мен тәрбие жүйелерін мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі де көп жақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, фольклордың, этнографиялық, өнердің, философияның, діннің, ғылымның адамгершіліктің барлық формалары мен түрлері осыған жатады [8] .
Материалдық және рухани мәдениеттер адамзаттың тіршілігі мен рухани өміріне бірнеше атқарушы функциялар арқылы қызмет атқарады. Мәдениет қызметтері: Ақпараттық (информациялық), реттеу, бағалау, әлеуметтендіру, коммуникативтік, адамгершілік нормалар, сонымен бірге мұрагерлік болып жіктеледі. Мәдениет қызметтері ішінде адамның эстетикалық қабылдауын негіздейтін қызмет түрі - мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшелігіне қатысты. Ақпараттық беріліс әлеуметтік жйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптар, рәсім-рәміз, дін мен тіл, дін мен өнер білімі және т. б. руханилықтың белгісі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады [9] .
Мәдениеттік мұрагерлік қызметі эстетикалық мұраттар мен сезімдерді қалыптастыруда басты рөлді атқарады. Эстетикалық қабылдаудың бір көрінісі музыка өнері болып табылады. Музыка өнерінде эстетикалық қабылдау музыка орындаушы адамның өнер материалдарын бейнелеп тыңдаушыға сол оқиғалар мен көріністердің өзіндей әсер етеді. Демек, музыка өнері айналадағы өмірді көрсетеді [10] .
Қазақ халқының музыка мәдениеті халық аңыздары, эпикалық дастандар мен батырлар жырларында айтылғандай сондай-ақ соңғы кездері археологиялық қазбалар мен зерттеу экспедициялары тауып толықтыра түскен мәліметтері дәлелдеп отығандай өзінің тамырын тереңнен, қазақ халқының қалыптасу дәуірінен алады.
Археология мен тарих ғылымдары жасаған ғылыми теория, археологиялық заттық ескерткіштер саз аспаптарының пайда болу тарихын кейінгі палеолит дәуірінде басталатынын дәлелдейді.
Тарихшы ғалым К. М. Байпақовтың тарихи еңбегінде кейінгі палеолит дәуірінде (б. з. б. 40-12 мың жылдықтар арасы) өнер мен діннің дамуына байланысты мәліметтер берілген, онда К. М. Байпақов былай деп жазады: «Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар өзінен бұрынғылардан рухани жағынан анағұрлым жоғары тұрды, Мұны табиғи бояулар мен үңгір қабырғаларына салынған ежелгі суреттерден көруге болады. Үңгірлердің қабырғалары мен төбесінде жылқылар, бизондар, аң аулау сәттері және дәстүрлі би қимылдары бейнеленген » [11] .
Ежелгі палеолит дәуіріндегі алғашқы қауымдық құрылыстың өмір сүру тәсілдері жөнінде археологиялық ғалымдар К. А. Ақышев, Х. А. Алпысбаев өздернің тарихи еңбектерінде: «Алғашқы адамдардың өмір сүру формалары тасқа салынған әр түрлі сурет бейнелерінен көрініс алады », - деп дәлелдейді . Олардың пікірінше: үңгір қабырғаларына салынған ежелгі сол кезде пайда болған алғашқы жарқын өнер формасы болды деп топшылайды [12] .
Ғаламдардың еңбектерін саралай отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- Алғашқы қауымдық құрылыста адам баласы өз алдымен тамақ табуды, киім киюді ойлады. Соған байланысты өндіріс тәсілдерін, еңбек құралдарын қалыптастырды.
- Өндіріс тәсілінің негізі-аңшылық кәсібі болды. Осы аңшылық кәсіпке байланысты еңбек құралдарын жетілдірді.
Біздің топшылауымызша: алғашқы музыкалық аспаптар еңбек құралдары негізінен туындаған, өйткені, алғашқы адамдар аң аулау кәсіпшілігінде аңдарды бір жерге шоғырландыру үшін, дыбыс шығаратын еңбек құралдарын ойлап шығарған.
Аңшылық кәсіптен олжалы қайтқан адамдар өздерінің табыстарына қуанышты сезімерін білдіру үшін дене қимылдарын жасаған. Демек, би қимылдарынан би өнері көрініс тапқан, ал би қимылдары белгілі бір дыбыс ырғағымен бірге жүретіні айқын. Сондықтан да, біздер аспаптардың пайда болуын аңшылық кәсіппен байланыстырамыз. Оның бір дәйекті дәлелі, археолог ғалымдардың тапқан тарихи ескерткіштері. Өйткені, археологиялық ескерткіштерде аң аулау сәттері мен би қимылдары бірге бейнеленген.
Бұл біздің бірінші түйген түйініміз. Біздің бұл пікірімізді тарихшы ғалым К. М. Байпақов өзінің тарихи фактілерімен растай түседі. Бұл фактілерге орай былай деп жазады : «Кейінгі палеолит адамдарына саз әуені де жат болмаған. Олар ұрып ойналатын музыкалық аспаптар ырғағын сезіне білген. Қазба жұмыстары кезінде табылған жануарлардың бас сүйектерінің кей жерлерінің ойылып-ойылып қалғанына қарағанда, бұны барабан есебінде қолданып, ортан жіліктерімен ұрғылап әуен шығарғанға ұқсайды» [13] .
Тарихи деректерді негізге ала отырып, алғашқы аспаптар шамамен 13 мың жылдай бұрын пайда болған деп топшылауға болады. Жоғарыда жазылғандарды қорыта келе, саз аспаптарының тарихи өрістеуі соңғы палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың өндіріс тәсіліне орай басталды. Алғашқы аспаптар еңбек құралдары негізінде және дыбыс шығарғыш құралы негізінде туындаған. Демек, алғашқы рет соқпалы дыбыс шығаратын музыкалық аспаптар шыққан деп анықтаймыз.
Сонымен, ежелгі соқпалы аспаптар бүгінгі таңдағы дабылдың, дауылпаздың, даңғыраның эволюциясы болып табылады. Бұдан түйетін түйін саз аспаптарының пайда болуына алғашқы ықпал етуші фактор : өндіріс тәсілі болса , екінші фактор : адамдардың эстетикалық санасының өсуі. Қоғамдық сананың ерекше формасы өнер болып табылады [14] .
Тағы да тарихи деректерге сүйенсек, саз аспаптарының шығу эволюциясы қола дәуірінде өмір сүрген андроновтық адамдардың діни наным-сенімдеріне байланысты туындаған. Өйткені, қола дәуірінде өмір сүрген адамдар ең алдымен өз күшін «киелі рух» деп білді. Қола дәуірінде күнге, отқа, жұлдыздарға арнап құрбан шалған. Сөйтіп, қола дәуірінде құрбан шалу ғұрпы шықты. Міне, осы құрбандық шалу рәсімінде дәстүрлі би билеу қимылдары орындалған. Демек, би билеу қимылдары ұрмалы аспаптармен жүруі мүмкін деген жорамал жасаймыз.
Осындай құбылыстьың бірін К. М. Байпақов былай деп жазады: «Біраз суреттерде күн сәулелі басы бар Митраға табыну сеттері бейнеленген. Таңбалы таста күн сәулелі басты құдай, оның айналасында қол ұстасып билеп жүрген кішкене адамдар, сондай-ақ жеке және жұпты бишілер қашалып салынған. Олардың барлығы дәстүрлі би билеуде. Қол ұстасып би билеу-күнді бейнелесе, ал адамдардың қимылы-аспан әлемінің айналу қозғалысын көрсетеді» [15] . (төмендегі суретке сәйкес) Сонымен, саз аспаптарының шығуына үшінші ықпал етуші фактор: ол ежелгі қола дәуіріндегі шамамен б. з. б. 3 мың жылдықтарда өмір сүрген андроновтық адамдардың діни наным-сенімдері . Бұндай наным сенімдермен ұрмалы аспаптар шықты.
Бұқаға мінген күн басты құдай Күн басты құдай
Тарихшы К. М. Байпақов қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың арасында соғыс қақтығастары болғандығын археологиялық ескерткіштер негізінде дәлелдейді. Андронов мәдениетіне тән тастағы суреттерде ұрыс алаңдары шоқпармен, балтамен, садақпен қаруланған жаяу әскерлердің шайқасын бейнелегенін атап көрсеткен.
Ғалымның теориялық негіздерінен шығаратын қорытынды мынадай: соғыс өнерінде әскерлерге әмір беру мақсатында соқпалы-ұрмалы аспаптарды пайдалануы мүмкін деген тұжырым жасаймыз. Демек, төртінші ықпал етуші фактор: ол қола дәуіріндегі тайпалардың арасындағы өзара ұрыс қимылдары. Тарихи деректерде қола дәуірінде егіншілік шаруашылықтың дамуымен байланысты «соқа салу » мейрамы аталып өткен [16] . Демек, «соқа салу» мейрамы да белгілі бір дыбыс шығаратын аспаптардың сүйемелдеуімен өткізілуі ықтимал. Сонда біздің зерттеуімізше тағы бір ықпал етуші фактор: дәстүрлі мереке-думандар болып табылады. Осындай тарихи фактілер бізге саз аспаптарының б. з. б. 40-12 мың жылдықтарда пайда болғандығын дәделдейді.
Саз аспаптарының тарихи өрістеуі б. з. б. 1 мың жылдықта өмір сүрген: сақ, ғұн, тайпалары арасында, сонымен қатар біздің заманымыздың 1 мың жылдықтың басында және орта тұсында өмір сүрген: қыпшақтар мен түрік тайпаларының фольклорлық ауыз әдебиеті үлгілерінде бейнеленеді. Оның бір мысалы: филолог ғалым Б. Әбілқасымның еңбегінде көрініс алады. Біздің пайымдауымызша: әуелгі темір дәуірінде шамамен бұдан 2 мың жыл бұрын өмір сүрген тайпалардың төтемдік сенімдеріне байланысты шамандық атрибут пайда болды [17] .
Шамандық атрибут- бақсы сарыны. Бұл сарын-бақсының ойын үстінде орындалатын іс қимылы, белгілі бір ғұрыпты атқару кезінде бақсы ойынды ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен орындайтын болған. Демек, саз аспаптарының өрістеуіне ежелгі халық фольклорының пайда болуы үлкен ықпал еткен деген пікірге келеміз. Фольклорлық жанрларды ән сазымен, яғни әуенмен айту үшін саз аспаптарын пайдалану дамыды.
Ең алғаш рет саз аспаптары тұрмыс-салт жырларын, аңыз-күйлерін (тұрмыс-салт көріністерін, жаугершілік заман хикаялары, хайуанаттар өмірін, халық сарыны болған кең қоныс, жер-су жайын баяндайтын) музыкалық тұрғыдан бейнелеу тәсілдеріне қолданылды. Тұрмыс салт жырлары: аңшылық өлеңдер, мұң-шер өлеңдері мен үйлену, саят жырлары, халықтың күнделікті күн-көріс тіршілігімен туған өлеңдер, қуанышы мен күйінішін білдіретін лирикалық ән өлеңдер [18] .
Қорыта айқанда саз аспаптарының мәдени тарихы екі салада өрбиді. Бірі- инструментарий, яғни саз аспаптарының алғашқы эволюциясы. Сол жылдардағы ежелгі аспаптар жинағына: ұрмалы үрмелі аспаптар жататын. Олар адам баласының эстетикалық және рухани дамуымен байланысты болды. Оның негізінде халық фольклоры жатар. Бұл кезеңде адамдар дыбысқа әуен сазын қосуды шығырды. Ал, ол әуен белгілі бір саз аспаптарымен сүйемелденді (Қосымша А, Б) .
1. 2 Қазақ музыка өнеріндегі саз аспаптардың рөлі
Қазақ халқының музыка мәдениетіндегі құндылықтардың бірі ол- саз аспаптар әлемі . Қазақтың дәстүрлі саз аспаптар мәдениеті халық қазынасы болса, онда оларды жас ұрпаққа жеткізу, олардың тарихи тәжірибедегі мәдени негіздерін зерделеу, жинақтау, сақтау, жаңғырту басты мұраттардың бірі болып табылады. Қазақ халқының музыкалық аспаптану тарихы тым ертеден бастау алады. Байырғы бабаларымыз арғымақтың жалынына жармасып ән салып, нар қомына қонжиып күй шертіп, күліктің құлағына би билеп, жүйріктің жотасында жыр айтып өткен (Қосымша В) .
Халқымыздың сөз бастаған шешендері, ел бастаған көсемдері мен қол бастаған батырлары ықылым замандардан бері көп болғандығын біздер тарихтан білеміз. Сол сияқты аса кемеңгер ойшыл ұлдары: Қорқыт ата, Әбу-Насыр әл-Фараби, Құл-Қожа -Ахмет Яссауи, Махмұд Қашғари, Ахмет Йүгінеки, Сайф Саран, Жалайри, Дулати, Ысты Бөлтірік шешен, Қазыбек Тауасарұлы, Абай, Жамбыл, Шоқан, Ыбырай. Әрине бұл тізімді әлі толассыз жалғастыра беруге болады.
Қазақтың Мәдениет және Өнертану ғылыми зерттеу институтының лаборатория меңгерушісі, өнертану ғылымының кандидаты Жұмагелді Нәжімеденов «Қазақ әдебиетінің» 18. 03. 2005 жылғы санында « Бізге жеткен бабалардың қолтаңбасы » деген мақаласында қызғылықты деректер келтіреді [19] .
Қазақ музыкасының ежелгі дәуірін, түп төркінін ғылыми негізде танып білу үшін алдымен халқымыздың бұрын соңғы тарихына толық хабардар болуымыз керек.
Біздің зерделеуімізше, арнаулы әдебиеттерде осы уақытқа шейін жазылып, қабылданғандай екі ішекпен тартылатын лютня тектес аспаптар Орта Азия аймақтарында біздің жыл санауымыздың бас кезінде пайдананыла бастаған деп саналып келді. Тарихшы - аспапшылардың бұл тұжырымы деректі түрде негізделген деп қаралды. Ал Арал маңындағы Қойқырылған қаласында қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған, қолында қос ішекті домбырасы бар ер адамның күйдірген саз балшықтан жасалған мүсіні б. з. д. III-IV ғасырдан қалған екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz