«Бабыр – наме» прозалық шығармасы.



Жоспар

1. «Бабыр . наменің» зерттелуі.
2. «Бабыр . наменің» көркемдік ерекшелігі
3. «Бабыр . наменің» ғылыми құндылығы
Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһүр еткен шығармасы «Бабыр – наме» болып табылады.
Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде- шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде – ХV ғ соңы мен ХVІ ғ бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде «Қабул-ұжаяты» деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды «Бабырнаманың» екінші бөлімінен оқып білуге болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – Солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын, халқын, әдет ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркемдеп бейнелеуге тырысқан.
Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек. Алайда соның өзінде Бабыр билеуші тап өкілдерінің тақ мен тәжге таласып, үздіксіз жүргізген сағыстарын, мағынасыз қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған қалалар мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өкілдерді, алым-салықтың шамадан тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т.б. бүкпесіз, ашықтан-ашық әңгімелейді.
Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: «мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадй шар қойдым. әрбір оқиға қалай болған – дәл солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық. Сондықтан өзімнің туған –туысқандарымның жақсы жақтарын да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім».
Бабырдың бүкіл ғұмырын жан-жақты қамтып көрсететін бұл автобиографиялық сипаттағы туынды әр жылда болып өткен елеулі тарихи оқиғаларды құрғақ фактілермен жіпке тізгендей етіп баяндайтын жылнама түріндегі шежіре кітап емес. «Бабыр – наме» құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, дарынды сөз зергерінің қолынан шыққан нағыз көркем шығарма екені даусыз. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат суреттері, сан қилы теңеулер, т.б. көріктеу құралдары толық дәлел.
Сонымен, кезінде күллі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылған «Бабыр – наме» қазіргі қай халықтың ескерткіш мұрасы саналады.
«Бабыр – наменің» қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани өмірінің басқа да салаларына қатысы қандай дәрежеде болды.
Кезінде қазақтың оқыған зиялылары «Бабыр – намені» қазақ халқының өз тарихы жазылған шығарма деп таныды. Мұнысы орынды да еді. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде кейінірек қазақ, өзбек, түрікмен, тағы басқа түркі тектес халықтардың экономикалық құрамына енген ру-тайпалардың тарихы баяндалады. Бірқатар қазақ хандары, батырлары, қоғам қайраткерлері, ақындары туралы аса құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі өзендер, көлдер, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әңгіме болды.
«Бабыр – намеде» қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық атты әскері болған қазақ ханы Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарихшы-ғалым Мұхаммед-Хайдар Дулати, Жалайыр руынан шыққан ақын Хасен, Әли т.б. жөніндегі нақты тарихи директер берілген. Қазақ елінің Қыпшақ, Дулат, Жалайыр, Арғын руынан шығып, кезінде қолбасы, есік ағасы, ұлы бек сияқты жоғары лауазымды қызмет атқарған жиырма шақты қоғам қайраткеріне Жабыр өзінше мінездеме береді. Бабыр өз шығармасында Жүніс ханның сұлу қызы Сұлтан Нигар ханым туралы айта келіп, оны Әдік Сұлтан өлген соң «Қазақ ұлысының ханы» Қасым хан алды... Қазақ хандары мен сұлтандарының бірде-біреуі бұл ұлысты Қасым хандай нығайтқан емес. Оның жерінде үш жүз мыңға жуық адам болды» дейді.
Сондай-ақ Бабыр өзінің туған бөлесі, Қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да пікір айтады: «Хайдардың әкесін өзбектер өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап Қащқарға, ханға кетті...
Пайдаланылған әдебиет:

1. Алма Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет»
2. Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті»

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Бабыр – наме прозалық шығармасы.

Жоспар

1. Бабыр – наменің зерттелуі.
2. Бабыр – наменің көркемдік ерекшелігі
3. Бабыр – наменің ғылыми құндылығы

Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге,
дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһүр еткен
шығармасы Бабыр – наме болып табылады.
Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби
тілде- шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде – ХV ғ соңы мен ХVІ ғ бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі
саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде Қабул-ұжаяты деп
аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи
оқиғаларды Бабырнаманың екінші бөлімінен оқып білуге болады. Ал, Бабыр
патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – Солтүстік
Индиядағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын,
халқын, әдет ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркемдеп бейнелеуге тырысқан.
Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың
мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек. Алайда соның өзінде Бабыр
билеуші тап өкілдерінің тақ мен тәжге таласып, үздіксіз жүргізген
сағыстарын, мағынасыз қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған
қалалар мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өкілдерді, алым-салықтың
шамадан тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т.б. бүкпесіз,
ашықтан-ашық әңгімелейді.
Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: мұнда жазылғанның бәрі
ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадй шар қойдым. әрбір оқиға қалай болған – дәл
солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық. Сондықтан өзімнің туған
–туысқандарымның жақсы жақтарын да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі
қасиеттерін баян еттім.
Бабырдың бүкіл ғұмырын жан-жақты қамтып көрсететін бұл
автобиографиялық сипаттағы туынды әр жылда болып өткен елеулі тарихи
оқиғаларды құрғақ фактілермен жіпке тізгендей етіп баяндайтын жылнама
түріндегі шежіре кітап емес. Бабыр – наме құнарлы, бейнелі тілмен
жазылған, дарынды сөз зергерінің қолынан шыққан нағыз көркем шығарма екені
даусыз. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат
суреттері, сан қилы теңеулер, т.б. көріктеу құралдары толық дәлел.
Сонымен, кезінде күллі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей
түсінікті болған шағатай тілінде жазылған Бабыр – наме қазіргі қай
халықтың ескерткіш мұрасы саналады.
Бабыр – наменің қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани
өмірінің басқа да салаларына қатысы қандай дәрежеде болды.
Кезінде қазақтың оқыған зиялылары Бабыр – намені қазақ халқының өз
тарихы жазылған шығарма деп таныды. Мұнысы орынды да еді. Себебі Бабырдың
бұл еңбегінде кейінірек қазақ, өзбек, түрікмен, тағы басқа түркі тектес
халықтардың экономикалық құрамына енген ру-тайпалардың тарихы баяндалады.
Бірқатар қазақ хандары, батырлары, қоғам қайраткерлері, ақындары туралы аса
құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі өзендер, көлдер, сондай-ақ
өсімдіктер мен жануарлар әңгіме болды.
Бабыр – намеде қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық
атты әскері болған қазақ ханы Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы дулат тайпасынан
шыққан тарихшы-ғалым Мұхаммед-Хайдар Дулати, Жалайыр руынан шыққан ақын
Хасен, Әли т.б. жөніндегі нақты тарихи директер берілген. Қазақ елінің
Қыпшақ, Дулат, Жалайыр, Арғын руынан шығып, кезінде қолбасы, есік ағасы,
ұлы бек сияқты жоғары лауазымды қызмет атқарған жиырма шақты қоғам
қайраткеріне Жабыр өзінше мінездеме береді. Бабыр өз шығармасында Жүніс
ханның сұлу қызы Сұлтан Нигар ханым туралы айта келіп, оны Әдік Сұлтан
өлген соң Қазақ ұлысының ханы Қасым хан алды... Қазақ хандары мен
сұлтандарының бірде-біреуі бұл ұлысты Қасым хандай нығайтқан емес. Оның
жерінде үш жүз мыңға жуық адам болды дейді.
Сондай-ақ Бабыр өзінің туған бөлесі, Қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да пікір айтады: Хайдардың әкесін өзбектер
өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат
сұрап Қащқарға, ханға кетті...
Жұрттың айтуы бойынша, ол енді бұрынғыдан байсалды болып, дұрыс жолға
түсіпті. Қолы әрбір іске епшіл-ақ, жауға да, сызуға да, сурет салуға да
ұста. Өлең сөзге де дарыны бар. Маған жазған өтініші келген еді сөз
саптауы жаман емес.
Ал, кезінде қасида-өлең (мақтау өлең) жазуда алдына жан салмаған
дарынды Хасен Әли туралы Бабыр – намеде мынадай жақсы деректер бар: Хасен
Әли – Жалайыр еді. Шын аты Құсайын Жалайыр. Бірақ ол Хасен Әли деген атпен
көбірек мәлім боды. Әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза құрмет көрсетіп, оны
бек етті. Соңыра Жәдігер Мұхаммед Герадты алған, Әли Жалайрдан мәртебесі
биік кісі болған емес. Хасен Әли Жалайыр -Сұлтан Құсайын мырзаның құсбегі
болды. Ол ақын еді, туфейли деген бүргеншік атты пайдаланды. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шежіресі әдеби туынды
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Бабыр және Ұлы Моғол империясы
Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Пәндер