Бизнес жоспар. Жоспар кәсіпорынның тиімді қызметінің негізі ретінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 БИЗНЕС . ЖОСПАР МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Бизнес . жоспар мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бизнес . жоспарды жасау процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..10

2 БИЗНЕС . ЖОСПАР КӘСІПОРЫННЫҢ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ(ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.1«Сатт.Санду» өндірістік кооперативінің бизнес.жоспары талдау ... ... 15
2.2 Қазақстан Республикасында бизнес . жоспарды пайдаланудың болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қазақстан Республикасының әміршілдік - әкімшілдік кезеңнен нарықтық кезеңге өту жағдайында, мемлекет нарықтық бағыттарды ұстануда мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру шаралары басты мәселелер болып табылды. Және де кезек күттірмейтін шаралар қатарына кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселері тұрды.
Экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтандырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып тадылды. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз болғанына да 17 жыл болды.Бұл жылдарда елімізде әлеуметтік- экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні»- деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында көрсетті.Осының бәрі кәсіпорындардың тиімді жоспарланған жоспарына байланысты.
Сол бір өтпелі кезеңде мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы даму әдістерін табуы тиіс еді. Сол кездегі кәсіпкерлік қызметті дамытудың және дұрыс жоспар қабылдаудың басты бір құралы бизнес-жоспар болды. Кәсіпкерлік қызметтің жемісті болуы оның басшылығында, басқару стратегиясында және бизнес- жоспардың дұрыс құрылуында. Бизнес-жоспар бұл кәсіпорынның болашақтағы жемісті істері./18/ Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған басты құжат, сондықтан кәсіпорын экономикасы пәнінен таңдаған «Бизнес- жоспар кәсіпорынның тиімді қызметінің негізі ретінде» аталатын бұл курстық жұмыстың осы тақырытың өзектілігін көрсетеді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты бизнес –жоспардың мазмұнын ашу және оны Қазақстандық кәсіпорындарда пайдаланудың болашағын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- тақырыптың өзектілігін ашу.
- «Сатт- Санду» кооперативінің бизнес –жоспарын талдау.
- Қазақстан Республикасында бизнес-жоспарды тиімді пайдану болашағының өзектілігін көрсету.
Бұл курстық жұмыстың құрылымы-кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмысты орындауда ресей және қазақстандық авторлардың еңбегі қолданылды.Олар:Миронов.А.Д, Манилов.Р.Г, Уткин.Э.А және т.б.
«Қазақстан дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр.Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандық азаматтық қоғамның босағасын бекіті беруіміз керек» деген болатын елбасы./1/ Міне,қазіргі таңда бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты шағын, орта бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт өз кезегінде оң нәтиже берді.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік- экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше.Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз құқығын игеруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында нақты қызметтер атқаруда.
1 .Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть), принят Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1995 г.
2.Налоговый кодекс Республики Казахстан, принят 1 января 2003 год
3.Авдеев А.М., Павловец В.И. Экономические показатели инвестиционных проектов в условиях инфляции. Экономика и коммерция. №3, 1996.
4Т.Белокионов Б.М «Организация бухгалтерского учета на промышленных предприятиях в условиях рыночной экономики» Алматы:2003.
5.Бердалиев К.Б. Основы менеджмента. - Алматы, КазГАУ, 2001.
6.Бизнес-план инвестиционного проекта. Практ. пособие. - М.: Эксперт. бюро,2003.
7.Бизнес-план. Методические материалы - 3-е изд., доп. /Под ред. Н.А.Колесниковой, А.Д. Миронова. -М.: «Финансы и статистика», 2000.
8 .Бизнес-план. Методические материалы. Под ред. Р.Г. Маниловского. - М.: «Финансы и статистика», 1999.
9.Бизнес-план. Методические материалы. под ред. проф. Р.Г.Маниловского.-М.;"ФиС", 1999г.
10.Бланк И.А. Основы финансового менеджмента. Т.2. К: Ника-Центр. 2004.
11.Богдановская А.А и др. «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности» Учебник. Минск «Высшая школа» 1997г.
12.Букаяков М.И. Внутрифирменное планирование. Учебник - М.: Инфра-М, 2000.
13.Вольнина М. Внутренний анализ внешних инвестиций. Деловой экспресс, 26.03.1998.
14.Коган М.Л. Предприятие и банк. М.. ПТФ, "Аркаюр", 2004.
15.Уткин Э.А. Бизнес-план. Организация и планирование предпринимательской деятельности.-М.;"Тандем", 1997г.
16.Липсиц И.В. Экономика. Учебник - М.: Омега-Л,2007
17 Комерциялық кәсіпкерлік негіздері.Алматы:Қазақ университеті,2004
18 Бастауыш кәсіпкерге көмек үшін. Алматы,2003
19 Экономика предприятия.В.Я.горфинкель,Е.М.Купряков
Москва. «Банки и биржи»,1996

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 БИЗНЕС - ЖОСПАР МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Бизнес - жоспар мақсаты мен міндеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Бизнес - жоспарды жасау процесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2 БИЗНЕС - ЖОСПАР КӘСІПОРЫННЫҢ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ(ЖАЛПЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.1Сатт-Санду өндірістік кооперативінің бизнес-жоспары талдау
... ... 15
2.2 Қазақстан Республикасында бизнес - жоспарды пайдаланудың болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының әміршілдік - әкімшілдік кезеңнен нарықтық
кезеңге өту жағдайында, мемлекет нарықтық бағыттарды ұстануда мемлекеттік
меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын
құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру шаралары басты мәселелер
болып табылды. Және де кезек күттірмейтін шаралар қатарына кәсіпкерлік
қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселері тұрды.
Экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы
сауықтандырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы
қадам болып тадылды. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз болғанына да 17 жыл
болды.Бұл жылдарда елімізде әлеуметтік- экономикалық мәні аса жоғары қыруар
игі өзгерістерге қол жеткізді. Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты
түйіні- деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында
көрсетті.Осының бәрі кәсіпорындардың тиімді жоспарланған жоспарына
байланысты.
Сол бір өтпелі кезеңде мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы даму әдістерін табуы
тиіс еді. Сол кездегі кәсіпкерлік қызметті дамытудың және дұрыс жоспар
қабылдаудың басты бір құралы бизнес-жоспар болды. Кәсіпкерлік қызметтің
жемісті болуы оның басшылығында, басқару стратегиясында және бизнес-
жоспардың дұрыс құрылуында. Бизнес-жоспар бұл кәсіпорынның болашақтағы
жемісті істері.18 Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі
мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған басты құжат, сондықтан
кәсіпорын экономикасы пәнінен таңдаған Бизнес- жоспар кәсіпорынның тиімді
қызметінің негізі ретінде аталатын бұл курстық жұмыстың осы тақырытың
өзектілігін көрсетеді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты бизнес –жоспардың мазмұнын ашу және оны
Қазақстандық кәсіпорындарда пайдаланудың болашағын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- тақырыптың өзектілігін ашу.
- Сатт- Санду кооперативінің бизнес –жоспарын талдау.
- Қазақстан Республикасында бизнес-жоспарды тиімді пайдану болашағының
өзектілігін көрсету.
Бұл курстық жұмыстың құрылымы-кіріспеден, екі негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмысты орындауда ресей және қазақстандық авторлардың еңбегі
қолданылды.Олар:Миронов.А.Д, Манилов.Р.Г, Уткин.Э.А және т.б.
Қазақстан дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр.Біздің әлі де
есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандық азаматтық қоғамның
босағасын бекіті беруіміз керек деген болатын елбасы.1 Міне,қазіргі
таңда бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары ашылып, жұмыс істеуде.
Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да
дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық
серіктестіктер, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып,
әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты шағын, орта бизнесті дамыту
қолға алынды. Бұл бағыт өз кезегінде оң нәтиже берді.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік- экономикалық
әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға
кәсіпкерлердің алатын орны ерекше.Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде
тұрғындардың сұранысы мен өз құқығын игеруді қанағаттандырып қана қоймай,
мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында нақты қызметтер атқаруда.

1БИЗНЕС - ЖОСПАР МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1.1 Бизнес жоспар мақсаты мен міндеті

Бүгінгі Қазақстанның тәжірибесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр
бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық
экономика қатарына еніп, іске кедергі келтіруде, Техникалық -экономикалық
дәлелдеме дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда, оны көп жағдайда
инвестициялық жобаға немесе бизнес -жоспарға теңестіруде.Бұның неге әкеліп
соғатыны шетелдік инвесторлармен байланысқа түскен кезде белгілі
болады.Несиені алуға кедергі келтіретін бөгеттердің бірі кәсіпорындардың
көп бөлігі ТЭД-ді, біріншіден, жобалардың экономикалық тиімділігінің,
өтелімділігінің есептеулері жоқ сызбалардың жиынтығы деп түсінеді.Жоба
халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. Инвестициялық жоба және бизнес -
жоспар түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың
арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар.
Әрине, көп жағдайда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап
табатын бизнес идеялардан (ойлардан) басталады, дегенмен бизнес идеядан
бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық
жағдайда көптеген кедергілерден өту қаажет. Оларды қалай жеңуге болады? Бұл
жерде тиянақты дайындалған бизнес - жоспар көмектеседі.16
Бизнес - жоспар термині біздің тәжірибеде тоқсаныншы жылдардың
басында қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу
дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды
басқару қағидаларын өзгертуді талап етті.Жекелей алсақ, материалдық өндіріс
салаларына капитал салымдарын дәстүрлі бюджет құралдары есебінен
қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылды және кәсіпорындардың көп бөлігінің
алдында инвестицияға жету қиындығы тұрды да, оның қайтарылуы талап
етілді.Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес
-жоспар маңызды элементтің бірі болып табылады.Бұл ағылшын тілінен сөзбе-
сөз аударғанда кәсіпкерлік іскерліктің жоспары дегенді білдіреді және осы
құжаттың мәнінің жоғары болғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің
басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар
бизнес жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар-бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық
шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды
және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды
объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды
анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін
бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оған ақша
салушылардан бастап, одан жақса нәтижелерді күтуге құқылы қоғамға дейін)
дәлелдей алатын құжат.9
Бизнес - жоспар мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік
ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатысушылары мен
көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға,
эксперттерге.
Бизнес- жоспарды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттардың
құпиялығын білдіреді, әрине, бұл туралы арнайы жазбалар болуы керек.
Бизнес - жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл
онда сақталған ақпараттардың толық екендігін (маркетингтік, қаржылық,
құқықтық, экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді.
Жоспарлау үшін қажетті ақпарат – егер ақпарат жеткіліксіз болса,
біздің мамандар сыртқы ортаны зерттеу арқылы, сондай-ақ ішкі аудит
негізінде жинауға көмек бере алады.11
Бизнес-жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін
дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден-
бір құралы болып табылады. Бизнес-жоспар – бұл инвестициялық жобаның
мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның
техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі көрсеткіштері
көрсетілген жан-жақты құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның
дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің
ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген
нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты
анықталады. Мамандар кез-келген бизнес-жоспардың түрін – ішкі жоспарлау
үшін де (кәсіпорынның стратегиялы даму жоспары), әлеуетті инвесторлар мен
несиелеушілерден қаржыландыру көздерін тарту үшін де дайындай алады.
Тапсырыс беру арқылы белгілі бір инвесторлар үшін сапалы бизнес-жоспарға
қол жеткуге болады.
Табысқа жеткізер бизнес-жоспарлау үшін (техниалы-экономикалық
негіздеме) өте көп уақыт жұмсау, ақпараттың көп көлемін жинап, оны талдау,
сондай-ақ қаржы менеджерлерінің, талдаушылардың, бухгалтерлердің
біліктілігі қажет.Әр жобаны оның ерекшеліктерін ескере отырып, инвесторлар
мен несиелеушілердің, тапсырыс берушілердің нықты талаптарына сай етіп
жасалу керек, ал ондай талаптардың болмаған жағдайда Еуропа Даму және Қайта
құру Банкісінің, UNIDO сияқты мекемелердің ұсыныстарын ескеріледі. Бизнес-
жоспардың қаржылық бөлімі (техниалы-экономикалық негіздеме) қаржылық және
есеп берудің қазақстандық және халықаралық үлгіге негізделіп есептеледі.

Бизнес жоспар дайындаудағы қызметтер:

бизнес-жоспарға қойылатын талаптарды анықтау, жасау, талдау және
келістіру

кәсіпорның қаржылық жағдайын жедел-талдауын жүргізу.

есептік құжаттардың негізінде болашақ кезеңге ақшалай ағымдардың
қозғалысын жасау.

жобаның қаржыландыру стратегиясын анықтау.

ммаркетинг концепциясын және нарықтық талдау жасау

инвесторлар, несиелеушілер және тапсырыс берушілердің талаптарын
ескеретін бизнес-жоспар жасау.

жобаның (техникалық тапсырысқа сай) өзектілігін алты ай бойы сақтап
тұру.

UNIDO-ның стандарттарына сәйкес Бизнес-жоспардың жалпы құрылымы
келесідей болуы керек:

1 Резюме (Компания мен оның негізгі иелері жөніндегі ақпарат);

2 Мақсаттар мен міндеттер (жобының негізгі қағидалары , жұмыстарының
жоспары);

3 Өнім және қызмет (өндірістің технологиясы, ерекшеліктері,
сипаттамасы, өнімнің бәсекелестігін бағалау, оның сапалығын қамтамасыз
етудің әдістері және т.б);

Нарықты талдау (саладағы жағдай, негізгі қажеткерлер, нарық
сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының
мүмкіндіктері және т.б);

Маркетинг жоспары (бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың ең
оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар және т.б.);

Өндірістің жоспары (қажетті материалдар, жабдықтар мен өндіріс
қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс
технологиясы, өнімнің түрлері және т.б.);

Мамандар мен басшылар (қызметкерлер мен басшылардың ара-қатынасының
сызбасы, кадрлік құрылым, еңбекті төлеу түрлері, мамандардың
біліктілігі және т.б.);

Қажетті қаржының көлемі мен көздері (Қажетті қаржының көздері мен
көлемі, оның қайтарылым шартттары, бос қаржының болуы және т.б.);

Қаржылық жоспардың негіздері мен тәуекелдерді бағалау (сату
көлемдерінің және пайда, шығындардың көлемін болжау, мүмкін болатын
барлық қатерлер, түсімдер мен шығыстардың толық жоспары, елдегі және
белгілі-бір аймақтағы жалпы әлеуметті-саяси жағдай, онымен байланысты
тәуекелдер, дебиттік және кредитттік қарыздарды қамтамасыз ету
сызбалары және т.б.);

Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар, бюджет (тоқсандық ақшалай ағымдарды
талдау, өнімнің өзіндік құнын анықтау, пайда мен шығындардың тоқсандық
бағасы, қаржылық ағымдарды анықтау және т.б.);

Жобаның бизнес-жоспарлауының құны мен дайындау мерзімі келесідей
бірнеше факторларға байланысты:

- жоспарлау үшін қажетті ақпарат – егер ақпарат жеткіліксіз болса,
біздің мамандар сыртқы ортаны зерттеу арқылы, сондай-ақ ішкі аудит
негізінде жинауға көмек бере алады.

- бизнес-жоспарлаудың алушысы – бизнес-жоспар кім үшін жасалуда:
өзіңіз үшін, несиелеуші үшін, инвесторлар немесе басқа мақсаттар үшін;

- Жобаның қиындығы және оны нақтылау қажеттілігі;

- Тәуекелдер - тәуекелдер (қаржылық, абыройлық және т.б.), неғұрлым
көп болған жағдайда Жобаны соғұрлым байсалдылықпен жасау керек.

Кез- келген бизнес жоспар кәсіпкердің алғашқы ойлаған ісінің
қорытындысы ретінде адам басына ұялап дайын болған ой нұр шашылғандай
мезетте басталады.Ақыр аяғында, кәсіпкердің қызметі халық қажетін
қанағаттндыру үшін жаңа жақсы тауарлар мен қызмет көрсетулерді жасау
бойынша шығармашылық ізденіске бағытталған.Бұл қажеттілікткр өркениеттің
дамуымен одан әрі өсуде халықтың өмір деңгейінің өсуіне қарай әр түрлі
болуда.
Бизнес жоспарды жазудың және жасаудың әртүрлі жолдары бар.Көбісі ақша
төлеп, дайын бизнес жоспарды алу дұрыс деп санайды.Кәсіпкер негізін талдай
келе ,кәсіпкер бизнес жоспарды өзі жасаушы болғаны дұрыс, бірақ бұл
жұмысқа мамандарды тартқаны да дұрысырақ болады.
Өте ізденушіні де, талапкерді де таң қалдыратын бизнес жоспарды жасау
үшін келесі параметрлерді ескере отырып, үлкен көлемдегі мәліметтерді
міндетті турде жинап, жақсылап жазып, талдау керек.Ол ушін жасаушы
барлығынан хабардар болуы керек.
-ісіңіз бойынша( не істеп жатырсыз,қалай істемексіз, басқалар не істеп
жатыр)
- нарық бойынша (тұтынушыларыңыз,клиенттеріңіз кім,олар нені қалайды,
қазір бәсекелестеріңіз кім және алдағы уақытта кім болуы мүмкін)
- қаржы бойынша (қажетті қорларыңыз бар ма және табыс табу үшін
жеткіліксіз қорды жинай аласыз ба)
Кәсіпкер үшін ақпараттар ешқашан көптік жасамайды.Сонда да, бизнес
жоспарды құру бойынша кәсіпкердің жұмысы субъективті ойлар, ұсыныстар,
армандар болмау үшін кейбір сыналған бұқаралық мәліметтерді қажетті турде
қайта қарап, тек фактілермен негізделуі керек.
Бар кеңістіктен қажетті қажетті көлемдегі мәліметті сығып алу процесі
фокустау (жинақтау) деп аталады және негізгісін айыруды талап етеді.Мұнда
белгілі қақпан бар сияқты.Негізінің орнына болмашы нәрсе қолдануы
мүмкін,бизнес жоспар құру бойынша барлық жұмыс істелініп жатқанда, кәсіпкер
төзінің негізгі идеясынан ауытқуы мүмкін.
Мәлімет өңделіп,тәртіпке келген соң, оны шоғырландырып,жинақталған
күйінде ұсынуға болады.Бизнес жоспар бірінші кезекте кәсіпкердің өзіне
жолды анық көрсету керек, қажетті күштер, қорлар, уақыт және соңғы нақты
мақсат.
Кәсіпкерлік мақсат анық қойылып, бизнес жоспарда мағыналы, түсінікті
белгіленуі керек.
Мақсат қоюда төмендегілер талап етіледі:
- нақты болуы керек;
- мақсатына қолы жетерліктей болуы керек;
- өлшенерлік болуы керек;
- уақыты өлшеуші болуы керек;
- орналасқан жері нақты болуы керек;
Не себепті дәл осы іспен айналысқыңыз келеді деген сұраққа сол
мезетте қысқа, мәні бойынша түсінікті жауап беру керек.Осы дәлелдер бизнес
жоспар да анық көрінуі тиіс.
Өз ісін, бизнесін құру мақсаттары әр кімде әртүрлі болғанымен ол
бизнесін құру кезінде оның көлемі мен масштабына қарамай көңіл аударуға
тура келетін жалпы көп проблемалар бар.Дайындау кездегі ол заңды және салық
мәселесі болсын,ол ұйымдастыру және басқару, т.б. болсын әрбір кезеңнің
қажетті жоспарлауды тәжірибе көрсетіп отыр және дәлелдеп отыр.Бизнес
жоспарды құру кезінде ұқыпсыздық кәсіпкерге қымбат түседі,көп уақыт,адамның
жүйкесі, күш қуат, ақша жоғалады.Бизнес жоспарды немқұрайлы құрған кәсіпкер
табысжолындағы шарасыз жағдайларға дайын болмай қалады,тосынан
сасқалақтап,банкроттық жағдайға душар болады.

1.2 Бизнес - жоспарды жасау процесі

Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселлелерінің бірі бизнес
жоспарды дайындау болып табылады .
Жоспарлау - мененджмент міндеттерінің бірі жэне болжамдауда, яғни
келесі мәселелерді шешуді білдіреді : фирма қандай бағытта дамиды ; қандай
қарқынмен ; қойылған мақсатқа қалай жетуге болады ; тұрақсыздық және
тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек .
Бизнес - жоспарды дайындауға әсер ететін факторлар :
- Бизнестің күрделігі . Шағын шаруа қожайынның бизнес - жоспары
үлкен көлемде өнім шығаратын , күрделі қүрал - жабдықтары және
қаржы есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай
айрықшаланады .
- Бәсекелестік деңгейі . Егер кәсіпорын күшті
бәсекелестік күрес
жағдайында жүмыс істейтін болса , онда ол бәсекелестер тарапынан
күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес -
жоспарды
дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек .
Кәсіпорынның жоспарлау процесінде кездесуі мүмкін бірқатар проблемалар
бар. Технологиясы тез өзгеретін салаларда жаңа бәсекелестердің пайда
болуына және нарықтық ортаның өзгеруіне байланысты бизнес -жоспар басылымға
шықпай-ақ ескіруі мүмкін жағдайларда болады . Сондықтан ортаның
өзгермелілігі, тиімді бизнес жоспар жасау жолында көңіл бөлуді жаман ететін
фактор болуы мүмкін . Елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдай екінші
себеп болуы мүмкін , дағдарыс жэне қоғамдағы басқа да жағдайлар жүзеге
асыруға кері әсерін тигізетіні даусыз .
Бизнес - жоспарды әзірлеу тәртібінің негізгі үлгісі:
1) Резюме .
2) Кәсіпорын сипаттамасы .
3) Тауар сипаттамасы .
4) Нарықты талдау , маркетинг пен сатылым .
5) Өндіріс жоспары .
6) Үйымдастыру жоспары .
7) Орта туралы ақпараттар .
8) Қаржылық жоспар .
9) Жоба тэуекелдігі және аз шығындылық .
10) Күнтізбелік жоспар .12
Бизнес - жоспардың негізгі бөлімдері төмендегідей :
Кез-келген бизнес-жоспардың бірінші бөлімі бұл өнімді
(қызметті) бейнелеуден түрады , яғни кәсіпкер қандай өнім өндіреді немесе
үсынады . Бүл өнімдер қарапайым және анық түрде өнімнің мінездемесі мен
тартымды жақтары көрсетіледі, атап айтқанда :
1) Тауарлар мен қызметтердің сипаты . Егер өнім туралы айтылатын
болса, онда оның физикалық мінездемесін сипаттау қажет. Сондай - ақ,
өнімнің фотосуретін, салынған суретін немесе жарнамалық проспектілерін
ұсынған пайдалы. Қызметтерді ең жақсысы диаграммалардың
көмегімен көрсеткен дұрыс .
2)Тауарлардың қолданбалығы мен тартымдылығы . Бүл жерде келесі
мәселелерге тоқталу қажет:
2.1) Тауарлардың бірегей болуы , оның әлеуеті;
2.2) Тартымдық (кейде сезгіштік,функционалдық артықшылықтардың
арқасында болады, мысалы өнімнің кейбір түрлері белгілі бір операцияны
бәсекелес заттарға қарағанда жылдамырақ және тиімдірек орындауға
мүмкіндік береді. Кейде тартымдылық және тиімділік орындауға
мүмкіндік береді.Кейде тартымдылық аз сезілетін факторларға тәуелді болуы
мүмкін сыртқы көрінісі,маркетингпен стратегиялық қаншалықты белсенді
жүргізіледі).
3) Егер өнім дайындалу кезеңінде болатын болса , онда талдау жүргізу
және дайындау кезеңінен бастап, нарыққа шығумен аяқталатын өнімнің
дайындалуы мен дамытылуы .
Инвесторларды қандай да бір тауар немесе қызметтің артықшылығы туралы
сендіру үшін сарапшылар мен сол тауар немесе қызмет жөнінде оң көзқараста
болатын тұтынушылардың тізімін келтіру ұсынылады.
Маркетинг жоспары
Бұл бөлімнің мақсаты - болжамды бизнестің тауардың өнімділігін
қамтамасыз ету үшін нарыққа қолайлықпен ететінін түсіндіру . Көптеген
инвесторлар жаңа компанияның табысы тауарға немесе қызмет көрсетуге
сұранысты анықтайтын факторға байланысты деп дұрыс айтады . Егер тауарға
немесе қызмет көрсетуге деген нақты қажеттілік анықталмаса , онда аталмыш
салада ешқандай шеберлік немесе капитал табысқа жетуге көмектесе алмайды .
Себебі , барлық бизнес оның өмір сүруін қамтамасыз ететін сату деңгейінің
көлемін қолдау талап етіледі . Бүл бөлімде келесі проблемалар қарастырылады
.
1) Сұранысты және нарық мүмкіндігін анықтау .
Мұнда белгілі бір өнімін және қызмет көрсетуге сұранысты , сонымен
бірге нарық және оның мүмкіндігін анықтау қажет . Басқаша айтқанда , сөз
жалпы нарықты, оның бірінші жэне екінші сигментін және де осы сигменттердің
мәні мен сипаттамасын сипаттауда болып отыр.Өйткені нарықтың әр
обьектісінің салыстырмалы тартымдылығына баға қажет :
- Қандай нарықтар бірінші дәрежелі және неге;
- Уақыт өте бұл қатынастағы мән өзгере ме ;
Нарықты сипаттауда барлық мәліметтер нақтыланған болуы қажет . Бизнес -
жоспарды жасау кезіндегі кеңінен тараған қателіктер - ол абстрактілі
сипатқа ие мәліметтердің қосылуы .
2) Бәсекелестің және ықпал етудің басқа да факторлары :
2.1) Бұл тармақта бүгінгі бәсекелес және де оның кәсіпорынға ықпал ету
мүмкіндігіне талдау жасалды .Бүл жерде өнімі жэне қызметі жағынан бәсекелес
болалатын фирмаларды нақты анықтап алу керек .
3) Маркетинг стратегиясы бизнестің өткізу, жарнама жэне тауарды
жеткізу, баға қою, сатуды ынталандыру және сауда кәсіпорнының орналасуын
таңдау сияқты маркетинг қүралдарын басқаратындығын білдіреді. Маркетингтің
әрбір құралын толығырақ қарастырайық.
3.1) Өткізу және тарату стратегиясы.
Бұл жерде бизнестің тауарды тұтынушыларға дейін жеткізу үшін қолданатын
деп жатқан әдісі көрсетілуі қажет. Сонымен қатар тауарды таратудың келесі
варианттары болуы мүмкін: жеке өткізу қызметі, диллерлер, дистрибютерлер
және делдалдар жүйесі. Егер жеке өткізу қызметі пайдаланылса, келесідей
сауалдарға жауап беру қажет:
- Тауарды жеткізумен кім нақты айналысады;
- Қандай қағида бойынша қызметкерлер жинақталған;
- Ынталандырудың қандай жүйесі қолданылады;
- Өткізу бөлімі қызметкерлерінің саны қанша;
- Олар қандай қағида бойынша бөлінген-тауар немесе
географиялық аймақтар бойынша ма;
- Қандай сату жолдарын таңдау керек - салқын телефон соғу немесе
жалаң тұсаукесер түрінде ме;
3.2) Баға құру. Бағаның жалпы қүрылымын дайындауды,
жеңілдік саясатын және бағаның өзгеруін, баға стратегиясының
жалпы пайдаға ықпалын ұйғарады. Нақтылы бағалар белгілеп, оны қосымшада
көрсетуге болады .
3.3) Жарнама жұртшылық пен байланыс және тауарды алға жылжыту .
Жарнамалық қызмет теледидар , радио , электрондық - ақпараттық қүралдар ,
баспасөз , байланыс үйі арқылы тікелей жіберу , кәсіби жарнама агентерінің
қызметі жэне т. б . құралдарды анықтаудан түрады .
3.4) Компанияның орналасқан жеріне талдау жасау . Орналасу жері
маңызды рөл ойнайды , әсіресе бизнес егер бөлшек саудаға қатысты болса .
Орналасуды сипаттайтын негізгі факторлар : жергілікті
тұрғындардың демографиялық ерекшеліктері , жердің жүруге
қолайшылық жағдайы , жергілікті жердің ашықтығы және оған
кірудің қүны . Қабылдауға көмектесетін эскиз , участок жоспары
немесе картасы , егер олар таңдалып қойылса , қосымшада нақты сипаттама
беруге болады .
3.5) Бюджеттік мәліметтер. Бүл жерде диаграмма , график және кесте
түрінде маркетинг тұтастай қалай үйымдастырылатынын және оның әр түрлі
элементтері арасында ресурстардың қалай бөлінетінін көрсету қажет.
4) Нарықты зертеу инвестордың алдында өзінің нарықтағы орнын негіздеу
үшін жасалады . Ол жеке бөлім ретінде немесе маркетинг жоспардың құрамында
көрсетілуі мүмкін . Ондай зертеудің мақсаты :
4.1) кәсіпкерге және әлеуетті несие берушіге нарықты жақсы түсіну
үшін көмектесу , оның жоспарларға деген сенімін нығайту ;
4.2) маркетингтің стратегиясын тұжырымдау ;
4.3) өткізіуді қамтамасыз ету үшін алғашқы қадам жасау , себебі өнімді
ең қабылдаған ресионденттермен байланыс жеңілдейді .
5) Сату көлемін болжамдау .
Жан - жақты қаржылық есептер бизнес - жоспардың қаржылық бөліміне
көрсетіледі . Маркетинг бөлімінде сату көлеміне болжам жасалады , соның
ішінде мерзім , тауар түрі немесе қызмет көрсетулер және тұтынушулар
бойынша қол жеткізілетін жобаланған нарықтағы ойлаған сауда көлемінің
өсуі.
Өндірістік жоспар .
Өндірістік жоспар басты проблемаларға жауап береді: бизнес өз
өнімдерімен қызметтерін қалай жаратады деген , сондықтан бұл жерде мынадай
сұрақтарға жауап беруі тиіс :
- Жалпы өндіріс тәсілдері қандай болу қажет;
- Қандай шикізат көздерін пайдалану ұйғарылуда;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны
Фирманы басқару жүйесіндегі бизнес – жоспардың мақсаты
Фирма ішіне жоспарлаудың теориялық негізі
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Кәсіпорынның басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері жайлы
Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес – жоспар
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Кәсіпорында бизнес - жоспарды іске асыру
Бизнес-жоспар құру туралы ақпарат
Кәсіпорынның қызметінің мазмұны және жылдық жоспардың көрсеткіші жүзеге асыру
Пәндер