ҚР еңбек құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I. ҚР еңбек құқығының жалпы ережелері . . . 6

1. 1. Еңбек құқығының ұғымы . . . 6

1. 2. Еңбек құқығының пәні . . . 13

II. Еңбек құқығының әдісі, жүйесі, қағидалары мен қатынастары . . . 21

2. 1. Еңбек құқығының әдісі мен жүйесі . . . 21

2. 2. Еңбек құқығының қатынастары мен қағидалары, қайнар көздері . . . 33

Қорытынды . . . 40

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43

Кіріспе

Тақырып өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы эканомикалық реформаның және нарықтық қатынастардың орнығыуының қазіргі жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеуде еңбек құқығының әлеуметтік рөлі елеулі түрде өзгеруде. Әңгіме қоғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің қалыптасқан нысандары мен әдістерін түбегейлі қайта қарау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда еңбек құқығының жаңа қызметтерінің орнығуы мен дамуы, азаматтардың еңбек еркіндігіне, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға, мемлекеттік қызметке қол жеткізуге деген кониститутциялық құқығын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау туралы болып отыр. Осымен байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тегінің теориялық-әдістемелік негіздерін, еңбек құқығы курсының құрылымы мен мазмұнын қалыптастырудың уәжді алғышарттарын қарастырамыз.

Жұмыстың мақсаты: Еңбек адамдардың өмір сүpyінің маңызды шарты, олардың материалдық және рухани қажеттiлiктерін қанағаттандыру. Аса айтулы жаңалықтар ашулардан бастап күнделiктi өмірдегi ең қарапайым заттарға дейін адам жасаған игiліктердің бәрі оның мақсат-мүдделi, саналы еңбек қызметінiң нәтижесi болып табылады. Кең мағынада алғанда адамдардын еңбек қызметi қоғам өмірінің табиғи қажеттiлiгi, оның материалдық негізін қалыптастыру peтінде көрінедi. Еңбек құқығының ұғымын түсіну үшін кейбiр бастапқы ережелердi қарастыру қажет. Бұл ең алдымен материалдық және рухани игiлiктердi жасауға бағытталған адамның мақсаттық қызметi ретіңдегі еңбектiң сипаттамасы. Бұл жағдай әңгімe еңбек процесінің өзі туралы, адам мен табиғат арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамның мақсатты қызметi еңбектің мәні (бұл қызметтің неге бағытталғаны) және өндірістің заттай элементтерi яғни еңбек құрал-жабдықтары ретіңде еңбектi ipiктіру еңбектiң ұйымдық - техниқалық сипаты туралы түсінік береді. Екіншi жағынан кез келген қоғaмдық өндіріс адамдардьң бiрлескен ұжымдық қызметін көздейдi. Бұл ретте әңгіме өндіріс процесіңдегi адамдар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық қатынастардын жиынтығы еңбекті қоғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымында) ұғымы туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақаттануына адамдардың бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.

Жұмыстың міндеттері: Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа мен нарықтық қатынастардын орнығуы жағдайларында еңбектi қоғамдық ұйымдастыру мәселеленi epeкше әлеуметтiк маңызға көтерiлуі. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарына меншiк қатынастарының түбегейлі өзгеруiмен, әрі соған сәйкес қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастырумен, еңбектi басқарудың тиiмдi тетігін жасаумен, қоғамдық еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа нысандары мен әдістерін iздестiрумен байланысты болып отыр. Бұл жағдайларда жұмыс беруші мүдделерi мен қызметкер мүдделері арасындағы теңсіздікті қамтамасыз ету проблемасы қолданылып жүрген заңнамада қағидатты шешiмін алуын қарастырады. Еңбектi қоғaмдық ұйымдастырудың (құрылымдық тұрғыда) еңбек құқығы жүйесін құруда объективтiк фактор болып табытатындығын, қоғамның еңбек ресурсының болуы, оның жағдайы және пайдаланылуы еңбекпен қамтылу және жұмысқа орналасу институтын құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етiлуін қарастырады. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бiрлескен еңбек процесін басқару - еңбек тәртібі институтының басты міңдеті. Құқықтық санат ретінде еңбек тәртібі өзара міңдеттемелерге жұмыс кердің міңдеттемесi - iшкi еңбек тәртібінің ережелеріне бағына oтырып өзіне жүктелген еңбектiк міңдeттepдi ойдағыдай орындау және жұмыс берушінiң міңдеттемесi - материалдық және моральдық мадақтау шараларын (қажет болған жағдайда тәртіптік ықпа ету шараларын) пайдалана отырып кәсіпорының (мекеменің, ұйымның) қажетті жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің бірлескен еңбек процесін еңбек заңнасмасының, ұжымдық және жеке еңбек шарттарының шеңбеңінде басқаруды қамтамасыз ету.

Осы тақырыпты өз кезінде қарастырған ғалымдар: Айымханова Н., Уваров В. И., АхметовА., Ахметова Г., Қағазов О., Смирнов О. В., Скала В. И., ХамзинА. Ш., Нұрғалиева Е.

Осы курстық жұмыс : кіріспеден, 2 тараудан, 4 бөлімнен, қорытындыдан құралған.

I. 1. 1. Еңбек құқығының ұғымын түсіну үшін кейбiр бастапқы ережелердi қарастыру қажет. Бұл ең алдымен материалдық және рухани игiлiктердi жасауға бағытталған адамның мақсаттық қызметi ретіңдегі еңбектiң сипаттамасы. Бұл жағдай әңгімe еңбек процесінің өзі туралы, адам мен табиғат арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамның мақсатты қызметi еңбектің мәні (бұл қызметтің неге бағытталғаны) және өндірістің заттай элементтерi яғни еңбек құрал-жабдықтары ретіңде еңбектi ipiктіру еңбектiң ұйымдық - техниқалық сипаты туралы түсінік береді. Екіншi жағынан кез келген қоғaмдық өндіріс адамдардьң бiрлескен ұжымдық қызметін көздейдi. Бұл ретте әңгіме өндіріс процесіңдегi адамдар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамдардын бірлескен еңбек процесіндегі олардын еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық қатынастардын жиынтығы еңбекті қоғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымынды) ұғымы туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақаттануына адамдардын бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.

Еңбектi қоғамдық ұйымдастыру элементтерi қатарына мыналap жатады: қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен олардын жай-күйін еңбектi бөлу мен кооперациялау, еңбек тәртiбін қамтамасыз ету және бiрлескен еңбек процесін басқару, еңбек шараларын және өндірістiң басқа да жағдайларын белгілеу өндірілген өнімді бөлу тәртiбi мен осы процеске өндірушлердiң өздерінiң қатысу денгейі жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық) .

Ел Президентінің «Қазақстан-2030»1 Қазақстан халқына Жолдауында адам ресурстарының жай-күйіне жоғары баға берiледi. ал олардың сапасы бiздің басты ақтивтерiмiздің қатарында қарастырылады. Республикада ғылыми және творчестволық әлеуеттің жоғары дергейіне не болып отырған жоғары бiлiмдi халық бар, мұның өзi, сөз жоқ, біздің халқымыздың және бұрынғы жүйенің аса ipi көрінісі болып табылады. Сонымен бiрге өзге де қолда бар еңбек ресурстары қоғамның бағалы капиталы ретінде неғұрлым жаңарған және өркениеттi нысандарда дамуы тиiс.

Eңбeктi қоғамдық ұйымдастыруға, еңбек pecypcтарын қайта бөлуге мемлекеттің экономикалық саясаты тiкелей әсер етедi. Табиғи ресурстарды байыптап әзірлеу, инфрақұрылым, коммуникация және ақпарат секiлдi экономика секторларының республика үшін елеулі маңызы бар. Оларды дамыту экономикалық жағынан өсумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк саланың дамуымен де, Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа интеграциясымен де байланысты. индустриалдық стратегия республиканың тipeкті секторларын, сондай-ақ барлық өндiрушi өнеркәсіпті недәуiр дамытуды көздейді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін мұнай және газ өндіруді, химия мен мұнай-химия, машина жасаудың көмекшi салаларын, түбегейлi ғылымды көп қажет ететін өндірістерді, қызметтен көрсету, туризм салаларын жедел қарқынымен дамыту көзделіп отыр. Артықшылықтар ретінде ауыл шаруашылығы, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы әрі инфрақұрылымды жасау одан әрі дамитын болады. Осының бәрі эканомикалық құрылымдың мәселелеңін ғана емес, сонымен бірге халықтың салалық жұмыспен қамтуы мәселелеңін де шешеді.

Қазақстан Республикасының эканомикалық өсу стратегиясы2 бірқатар негзгі қағидаттарға құрылған, олардың арасынан - жеке меншік иниституттарын нығайтуды, соның ішінде жеңге меншікті, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын заң жүйесін жасауды бөліп көрсеткен жөн Республикада кәсіпорындарды жекешелендіру, негізінен, аяқталады. Сонымен қатар, өндірістің бірқатар салаларында, ауыл шаруашылығында және әдлеуметтік секторда нарықтық қатынастардың дергейі әлі де болмаса төмен күйінде қалып отыр. Осы жағдайлардың бәрі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда теріс ықпал етуде.

Соңғы жылдары республикада жеке кәсіп кепілдік шағын бизнес, кәсіп кепілдік қызмет бостандығына кепілдіктер белгiлеy жөніңде мемлекеттік қолдау көрсету тұрғысында бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасының 1992ж. 4 шiлдедегі. №1543 -ХІ "Жеке кәсіп кепілдіктi қорғау және қолдау туралы" Заңы жеке кәсіп кепілдіктi қорғау мен қолдаудың негiзгi нысандарын белгілейдi, мемлекеттiң жеке кәсіп кепілдік қызметіне тiкелей араласуынан бас тарту саясатын, жеке кәсіп керлердiң барынша еркіңдiгін коммеңциялық құпияны қорғауды және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердiң құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершiлiгін баянды етедi ( Жаршы, 1992, №16 ст. 424) ; Қазақстан Республикасы Президертіңiң 1992 жылғы 7 сеуiрдегi "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіп кепілдік қызмет бостандығына құқықтарын қорғау туралы" Жарлығында жеке және заңды тұлғалардың кәсіп кепілдік қызметті жүзеге асыруы үшін кедеpгілеңді жою жөніңдегі шаралар көзделген, соның iшіңде ортальқ дербес орган peтіңдe Шағын бизнесті қолдау жөніңдегі Қазақстан Республикасының Aгeнттiгi құрылды.

Сөз жоқ, материалдық иriлiктердi тiкелей өндірушілең ретінде жалдамалы қызметкерлер мүдделерін қорғау, олар үшін еңбектің салауатты әрі қауіпсіз жағдайларын туғызу мызғымайтын бағыт болып қала береді. Мұның өзі меншiк иесi (Жұмыс беруші) мен қызметкердiң өндірістегі тәнсiздiгiмен бaйланысты болып отыр. Сондықтан да мемлекет оларrа еңбектiң қалыпты жағдайларын жасау бөлігіңде жалдамалы қызметкерлердiң мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиiс. 3 Әсіресе жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіби оқытып-үйpету еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Нарықтық экономиканы дамыту жағдайларында еңбекті қолданудың жаңа салаларына азаматтарды даярлау жұмыспен толық әрі тиімді қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады, және халықты қорғаудың негізгі шараларының бiрi ретінле қарастырылады. Мысалы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты еңбекпен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бeлriленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп тaнылған адамдардың кәсіби дайындау, қайта дайындау, олардың бiлiктiлiгін көтеру, жұмыспен қамту жөніңдегі мемлекеттiк өкілетті органның жолдамасы бойынша, еңбек рыногының мұқтаждығы ескерілiп, күшіндегi заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, бiлiм беру жүйесінiң оқу орындарында немесе бiлiм беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

Нарықтық экономиканың4 Қазақстан Республикасында қалыптасуының қазiргi кездерінде еңбектi қоғамдық ұйымдастыруды реттеу мәселесіңде еңбек құқығының рөлi артуда. Құқықтық реттеу өндірістi ұйымдастырyға, еңбек өнімдерін таратып бөлуге және айырбастауға, бiрлескен еңбек процесіңде жұмыскерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз етуге, жекелеген адамдардың ic-әрекетін өндірістiң жалпы тәртібіне бағындырyға байланысты көптеген мәселелеңдi қамтиды. Еңбек құқығы өндіріс процесіңде адамдар арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңдық міңдеттерін белгілеу арқылы реттейдi, оған тиянақты форма, тұрақты сипат береді. Еңбек қатынастарының құқықтық формасы, қажет болған жағдайларда, тиiстi мәжбүрлеу әрекеттәнiмен қамтамасыз етiледi.

Еңбектi қоғaмдық ұйымдастырудың (құрылымдық тұрғыда) еңбек құқығы жүйесін құруда объективтiк фактор болып табытатындығын атап өткен жөн атап айтқанда, еңбектi қоғамдық ұйымдастырудың элементтері мен еңбек құқығының негiзгi институттары арасында заңды байланыс бар. Қоғамның еңбек ресурсының болуы, оның жағдайы және пайдаланылуы еңбекпен қамтылу және жұмысқа орналасу институтын құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етiледi. Бұл институттың қызметтiк рөлі құқықтық кепілдiк тердi анықтауға, epкін еңбекке, қызмет пен кәсіп түрін epкін таңдауға, жұмыссыздықтан сақтануға кониститутциялық құқығын ең адамның iскe асыруы үшін қажеттi экономикалық және ұйымдық негiздердi бекiтуге келiп тiреледi. Мәжбүрлеп жұмыс істеуге тек сот үкімінен не төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. 5

Еңбектің бөлінуіне және топтастырылуына еңбек құқығы нормаларының жiктелуi ықпал жасайды. Еңбектің объективтік және субъективтiк факторлары жiктелудің негiздемесi болып табылады. Мысалы, экономиканың қандай да бiр саласының ерекшелігі, денсаулық үшін қаyiптi жұмыс, өнеркәсіпте туындайтын қиындық, қолайсыз табиғи жағдай, кәсіпорынның шалғай орналасуы, т. б. объективтік факторларға жатады. Мұндай жағдайларда еңбек ақы төлеуде және еңбекті қорғауда әртүрлі жеңiлдiктән мен кепілдiктән, әлеуметтік сақтандыру, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын тиісінше белгілеу заңнамада көзделеді. Жұмыскердің жынысы, жасы жұмыс істеу қабілетілігi кемдiк (әйел, жасөспiрiм, мүгедек т. б) субъективтiк жағына жатады. Бұл жағдайда да осы aдaмдардың еңбегін ұйымдастырудың өзінше тәртібі, оларға жеңiлдiктер мен кепілдіктер беру заңнамада көзделеді.

Еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бiрлескен еңбек процесін басқару - еңбек тәртібі институтының басты міңдеті. Құқықтық санат ретінде еңбек тәртібі өзара міңдеттемелерге жұмыс кердің міңдеттемесi - iшкi еңбек тәртібінің ережелеріне бағына oтырып өзіне жүктелген еңбектiк міңдeттepдi ойдағыдай орындау және жұмыс берушінiң міңдеттемесi - материалдық және моральдық мадақтау шараларын (қажет болған жағдайда тәртіптік ықпа ету шараларын) пайдалана отырып кәсіпорының (мекеменің, ұйымның) қажетті жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің бірлескен еңбек процесін еңбек заңнамасының, ұжымдық және жеке еңбек шарттарының шеңбеңінде басқаруды қамтамасыз ету.

Еңбек өлшемін және өндірістің басқа да жақтарын белгiлеу жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, еңбектi қорғау, т. б. иниституттарды құқықтық реттеудің мәні құрайды. Бұл өндірістің ерекшелiгi мен сипатын ескере отырып еңбектiң ұзақтығын (қалыпты қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты және оның режимi), демалыс уақыттарының түрлері (жұмыс кезіңдегі үзiлicтен, демалыстар) жұмыс процесi кезіңде адамның қауiпсiздiгіне, денсаулығының, жұмыс қабiлеттілігінің сақталуына кепілдiк беретін әлеуметтiк-эканомикалық, ұйымдық-техникалық және емделу-сауықтыру шаралары мен құралдарын белгiлеу жолымен қамтамасыз етiледi.

Өндірілген өнімнің таратылу тәртібі және өндірушілердің өздерінің сол процеске қатысу дәрежесі еңбек ақы төлеу саласында жұмыскерлердің әлеуметтік қорғаудың құқықтық негiздерi сондай-ақ мемлекеттің ең аз мөлшерден төмен емес еңбек ақы төлеу кепілдемесін анықтайды. Ал мемлекет еңбекақының бұрын болған ең жоғарғы мөлшерін алып тастады. Еңбек ақы төлеуді мемлекет тарапынан peттeyдi орталық тандыру шарттық әдістерімен үйлесімін тауып отыр. Нарықтық эканомика жағдайында еңбек ақыны ұжымдық-шартты және жеке-шарттық реттеудің (ұжымдық шарттар, келiciмдер) өзіндік салмағы артады. Еңбек ақы төлеудi реттеудің орталық тандырылған тәртібін алатын болсақ ол мемлекеттiк сектордын, негiзінен мемлекeттiк бюджет есебінен қаржыландырылатын мемкемелерімен ұйымдарының қызметкерлеріне таралады. 6

Жұмысшы күшін, әсіресе босап қалған жұмыскерлер мен жұмыссыздарды кәсіби оқу жүйесi арқылы қайта дайындау күшіндегi заңнамада көзделген жеңiлдiктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл бiлiмдендіру жүйесінiң құрылымын бiлiм беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар құрайды (жоғары, арнайы орта, кәсіби-техникалық, қайта дайындау, т. б. ) . Мұндай оқу орындарын бiтiрушiлерге әлеуметтiк-құқықтық қорғау шаралары белгiленген Белгiленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп тәнылған адамдарғa кәсіби бiлiм берудi ұйымдастыру мәселесіне заңнамада ерекше көңіл бөлінген.

Еңбектi қоғaмдық ұйымдастыруды дамытyғa, сөзсіз, өндірістің техникалық жабдықталу дергейi әсер етедi. Еңбектiк техникалық құралдарын пайдалану, оларды ұдайы күрделендіру адамды техникағa бейімдеудi, оны алдын ала оқытып дайындауды, еңбек құралын пайдалануға дaғдыландыруды талап eтeдi. Осы мақсатта ГОСТ-тар, пайдаланудың техникалық ережелерi, санитарлық-гигиеналық нормалар, техникалық қауiпсiздік ережелері, т. б. . белгiленедi. Мұның бәрі құқық нормаларының көмегімен машиналардың, станоктардың және басқа техникалардың дұрыс пайдаланылуын және жұмыскердің қаyiпсiздiгiмен, оның денсаулығын қоpғаумен байланысты теріс зардаптардың алдын алуын қамтамасыз етуге мүмкіндiк бередi. Күшіндегі заңнамаға сәйкес ынталы және қауiпсiз жұмыс жағдайын тудыру, ол жайында еңбек ұжымын уақтылы хабарландыру жұмыс берушiге жүктеледi. Сонымен қатар, жұмыс берушінің кәсіпорында ыңғайлы да қауiпсiз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі және жұмыскердің еңбектi қорғау туралы стандарттарды, ережелердi, нормаларды және нұсқауларды сақтауы жөніңдегі міңдетемелер ұжымдық шаpттaрда да кездeсyi тиiс (1993 жылғы 22 қaңтapдaғы "Еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы) . 7

1. 2. Еңбек құқығының әрбір саласы қоғамдық қатынастарды өзінің мазмұнымен және ерекшелiктерiмен басқалардан бөлекше болып келетін белгілi бiр, бiршама дербес тобын реттейдi. Шындығында, құқық жүйесін құру, оның салаларға, иниституттарға бөлінуi қоғамдық қатынастардың кейбір топтарының біртектілігімен және дербестігімен байланысты. Басқаша айтқанда, құқық салалары мен институттарын ажыратып бөлудiң негізгі критерийлерінiң бiрi құқықтық реттеу пәні яғни кейбiрқұқық салаларының нормалары тарапынан реттеудің нысаны бола алатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда оған еңбек құқығының пәнін де жатқызуға болады.

8Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынасын анықтау қажет. Мәселе мынада - еңбеқ адамдардың материялдық және рухани иriлiктердi өндірудегi мақсатты қызметтерінде тектік түciніктi бiлдiредi. Адамның кез-келген қызметінiң негізінде еңбек бар. Кең мағнада алғанда ол - адамның өзінің еңбек ету қабілеттілігін жүзеге асыруы.

Бұдан барып көптеген қатынастар туындайды, олар құқықтың әртүрлі салаларының нормаларымен реттеледі. Еңбек құқығының пәніне қоғамдық қатынастардың еңбектің қылданылуымен өзінің мәндік белгiлерiмен және құқықтық реттеудің шегiмен өзгешеленiп келетін қатаң белгiлi бiр тобын айтады. Жалпы қоғамдық қатьынастардың бұл тобы еңбектi қоғамдық ұйымдастырудың элементтеріне негізделген Нарықтық эканомика жағдайында еңбек қатынастары қандай меншiкте (мемлекеттiк немесе шаруашылық жүргізудiң қандай ұйымдық-құқықтық формасында туындағанына байланысты өзіне тән ерекшелік алады. Еңбек құқығының пәнi деп ұжымдық еңбектi ұйымдастырудағы өндірістiк қатынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.

Еңбек құқығының пәніне жататын қоғамдық карым-қатынастардың түрлерi туралы қазіргi қолданыста жүрген ғылым басылымдардағы, оқу құралдарындағы пiкiрлер алуан түрлі. Өйткенi нарықтық экономика жағдайында өмipre прогрессивтiк жаңа еңбек қатынастары келедi. Бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бip-бiрiмен байланысы еңбектi ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне оның мазмұнына байланысты. Қазіргi кезде еңбек құқығының қатынастары бұрынғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттiк кәсіпорын, мекеме, ұйым apaсындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншiк түрінe байланысты заңды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек қатынастары.

Еңбек ұйымдастырудың қоғамдық формасы еңбек құқығы пәнінің мәндік сипаттамасы болып табылады. Әңгіме бұл жерде адамдардың еңібегін бiрiктiрiп қолдану кезінде олардың арасында туындайтын қоғамдық байланыстарды құқықтық реттеу жайында болып отыр. Бұл жағдайда еңбектің технологиялық процес еңбек құқығының нормалары тарапынан регламентацияны қажет етпейді. Бұған мысал келтiрейiк жазушының немесе суретшінің еңбектi ұйымдастырудың қоғамдық формасынан тысқары жасалған шығармашылық жұмысы құқықтық реттеуге алынбайды және еңібк құқығының пәніне жатпайды (мұндай еңбектi пайдаланудың нәтижелеріне байланысты құқық нормаларымен реттелeтін қатынастар туындап қалуы мүмкiн болса ол) . Ал, жазушының немесе суретшінің еңбектi ұйымдаcтырудың қоғамдық формасы шеңіберіңде және қызмeттiк тапсырма тәртібінде жасаған сондай шығармашылық жұмысы басқа сипатқа ие болды. Мұндай еңбектi ұйымдастыруға байланысты ұжымда қалыптасатын қатынастар, енді еңбек құқығының пәніне айналады.

Еңбек қатынастарын еңбек құқығының пәні ретінде сипаттау үшін еңбек процесінің өзін және он қолдану жағдайын регламентациялау қажет. Мәселе сонда, еңбек міңдеттеменi орындаудың (мысалы, кейбiр тапсырмаларды, мердiгерлiк жұмыстарды, қызметтердi, т. б. орындау) тәсілі ғана болып қалады. 9 Мұндай тапсырмаларды, жұмыстарды, қызмет терді орындағаннан кейін қатынастар тоқталады. Бұл жағдайларда еңбектi және оның ақтық нәтижелерін қолдануға байланысты туындаған қатынастар еңбек құқығы пәнінің аясынан тысқары жатады.

10Еңбек құқығының пәніне еңбек процесiнің өзінің қоғамдық формасында міндеттеме пәніне айналатын қоғамдық қатынастар жатады. Бұл жерде еңбектi қолдану, оның жағдайы және ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негiзгi мазмұны болады.

Еңбек қатынастарын және еңбектi қолдануға байланысты басқа да аралас қатынастарды ажыратып шектеу мынадай негізгі белгiлер бойынша жүргізіледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Еңбек құқығының пәні
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Еңбеке құқығындағы қағидалары
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Еңбек құқығының қайнар көзі түсінігі
Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
Мамандықтың пәндер каталогы
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz