Басқарушы және басқару жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Менеджменттің сыртқы ортасы. Және жүйенің типтері
1.1 Ашық және жабық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Менеджменттің сыртқы ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ Басқарушы және басқау жүйесі, және өндірісті басқарудың буыны мен құрлымы және оларға қойылатын талаптар.

2.1 Басқарушы және басқау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2.2 Өндірісті басқарудың буыны мен құрлымы және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІІ Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы.

3.1 Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ..15

3.2 Басшы іс.әрекетінің психологиясы және жұмысын жоспарлау ... ... ... ..17

3.3 Келушілерді қабылдау және әңгімелесу, және іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.
Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама береді: «Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттелін орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фокс» фирмасы жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: «...белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың реттелген және көлемді фактілердің принциптердің, т.б. жиынтығы».
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады. Дегенімен, алуан түрлі бола тұрса да бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады: техникалық, биологиялық және әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Жүйедегі объектілерді соның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін де жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтығын жүйе тармақтары деп атайды.
1. Оксфордский учебнык словарь англиского языка (А.С. Хориби-Оксфорд: Изд-во Оссфордского ун-та, 1974-англ. яз.).

2. Гвишини Д:М: Организация и управления М:Наука, 1972-535 с.

3. Волфанг Хайер Как делать бизнес в европе. М.Прогресс – 1990-252 с.

4. Маркс К.Капитал. Критика политической экономии соч. – 2-е изд. т.23-904 с.

5. Якокка Ли. Карьера менеджера. – М: Прогресс, 1990-380с.

6. Дэвид Мерсер. ИБМ управление в самой преуспевающей корпорации мира. – М.Прогресс 1991-451 с.

7. Вудкок М., Фрэнсис Д. Раскреповщенный менеджер для руководителя практика – М.Дело, 1991-313 с.

8. Японкий менеджмент. Конспект лекций по теории управления. М. 1991-203 с.

9. Акио Марито Сделано в Японии – М. 1990.

10. Абчук В. Директорский хлеб. Лениздат. 1991-206 с.

11. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента М. Дело, 1992-701 с.

12. Грейсон Дж. О Дело К. Американский менеджмент на пороге ХХІ века. М. Экономика, 1991-319 с.

13. Мацасугу. Общество современных самураев.

14. Бобрышев Д.Н. Основные категории теории управления. М. 1988-189 с.

15. Зигерт В., Ланг Л. Руководитель без конфликтов. М. Экономика, 1990-335 с.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Менеджменттің сыртқы ортасы. Және жүйенің типтері
1.1 Ашық және жабық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Менеджменттің сыртқы ортасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ Басқарушы және басқау жүйесі, және өндірісті басқарудың буыны мен
құрлымы және оларға қойылатын талаптар.

2.1 Басқарушы және басқау жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2.2 Өндірісті басқарудың буыны мен құрлымы және оларға қойылатын талаптар

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІІ Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы.

3.1 Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ..15

3.2 Басшы іс-әрекетінің психологиясы және жұмысын жоспарлау
... ... ... ..17

3.3 Келушілерді қабылдау және әңгімелесу, және іскерлік мәжілісті
ұйымдастыру және өткізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.27

Кіріспе.

Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым.
Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру
жүйелері дегендер болады.
Жүйелердін біреуі физикалық, технологиялық мәндердегі концепциялардың
өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке
адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір
міндеттерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі
жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам
әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс
істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды
деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық
түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық
элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын
құруға бағытталады. Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде жүйеге былайша
анықтама береді: Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен
байланысты немесе өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе
комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттелін орналасқан
бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық. Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке Рэндом-
фокс фирмасы жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: ...белгілі бір
саладағы білімнің немесе ойдың реттелген және көлемді фактілердің
принциптердің, т.б. жиынтығы.
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын
өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады.
Дегенімен, алуан түрлі бола тұрса да бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге
бөлуге болады: техникалық, биологиялық және әлеуметтік, соның ішінде
әлеуметтік-экономикалық.
Жүйедегі объектілерді соның элементтері деп атайды. Белгілі бір
шамада дербес жұмыс істейтін де жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін
бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтығын жүйе
тармақтары деп атайды.
Әлеумкттік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы дамитын әрі
өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе
секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйе негізгі қасиеттері мен белгілері
тән, ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы
үшін айрықша маңызы бар. Олар қандай?
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі
белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесу жүйедегі
элементтер арасындағы байланыс арқылы көрініп, ал бұлардын өзі
заттық (физикалық) немесе ақпараттық (информациялық) болуы мүмкін.
Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекеленген элементтердің
ұйымдасқан бірлестігі, ал оның ерекше бірлескен бөлігі – жаңа сапаға
ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Кәсіпорынның бірде бір
бөлімшесі тығыз, әрі өзара келісілген байланыссыз (қолда бар
ресурстарды техниканы, жұмыс күшін т.б. пайдалана отырып) ақырғы
өнімді өңдіре алмайды, яғни тұтастай кәсіпорын алға қойған міндетті
орындай алмайды.
Жүйе дегеніміз ондағы элементтер қасиетінің қарапайым жиынтығы
емес. Әрбір элемент өзіне тән қызметтік мәнді орындайды, демек
қасиеттерінің тәуекелділігі мен жүйелерге қатынасы да осыған
байланысты. Жекелген элементтерді өзгерткенде, басқа элементермен және
тұтастай жүйемен бірге өтетін сол өзгерістердің --------- алдын ала
болжап, ескере біоу қажет.
Жүйенін жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну
тәртібі, яғни неғүрлым күрделі құрлымға еңгенде оның элементіне
айналуы және керсінше жүйе элементі дербестік ала отырып, өзі де
жүйеге айналады. Мәселен, алдағы уақытта күрделі жүйе болып
саналатын кәсіпорын салаға енгеннен кейін, саланың жүйе тармағына
айналады т.б.
Әр денгейдегі жүйе, өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен
өзгешеленеді. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және
жүйенің жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты
жекелеген өндіоістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер
жүйедегі жалпы түпкі саясатқа жетуге бағытталған.
Егер кез келген бөлімшенің басқару буынының мақсатты жұмысы
жүйедегі жалпы түпкі нәтижеге жетуге бағытталса, бірақ тұтастан
жүйе жұмысына сәйкес келмесе, онда жоғары деңгедегі жүйе тарапынан
белгілі бір шектеу енгізуді қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық
жүйенің маңызды қасиеті, оның дербестігі, өзін-өзі басқаруы.
Әлуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті олардың
автономдығы белгілі (дербестігі) өзін-өзі басқаратындығы. Бұл
жүйелердін белгілі бір заңдарға негізделген өзіндік басқару органы,
өз бетінше өңдіру әдістері мен өздігінен дамитын қаділеті бар.
Жүйенің бейімделгіштігі, динамизмы, яғни орта жағдайының өзгеруіне
ең қолайлы әдіспен жауап қайтаруы, сөйтіп қойылған мақсатқа жетуді
қамуді қамтамасыз етуі тікелей осыған байланысты.
Сондықтанда, жүйе ортаға неғұрлым бейімделгіш келсе, оның
ресурстары да соғұрлым толық, тиімдірек пайдаланылады.
Кәсіпорын ықтималы жүйе болып саналады. Ауыл шаруашылығы
өндірісінінде мұның өзі тек адам факторының болуына ғана емес,
сондай-ақ климат жағдайының кенеттен, ойда жоқта өзгеруіне, мал
арасында індеттін етек алуына т.б. тәуекелді. Сол себептерден ауыл
шаруашылығы кәсіпорны жүйе ретінде бейімделгіштігі, оның
шаруашылығының дербестігі өнеркәсіптен неғұрлым жоғары болуы тиіс.

1. Ашық және жабық жұйелер.

Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық. Жабық
жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған
орта жүйесіне біршама тәуекелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат – жабық
жүйе. Оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз, әрі дәл жүретін болады.
Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі қоршаған
ортаға тәуекелсіз.
Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында.
Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы
ортамен енетін объектілер. Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете
алмайды, оның өмір сүруі сырттан келетін энергияға, мәліметтерге
және материалдарға тәуелді. Сонымен қоса, ашық жүйенің сыртқы
ортасының өзгерістеріне бейімделгіші қабілеті бар және де мұның өзі
жүйесінің одан әрі жұмыс істеу үшін қажет.
Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді, өйткені барлық
ұйымдар ашық жүйеге жатады. Адамдардың ұйымының өмір сүру сыртқы
әлемге тәуекелді. Төменде ұйымың жүйе ретіндегі бейнесі
келтірілген.
Төменде Ұйым-ашық жүйе
Ену Түрлену Шығу
Мәліметтер, материал- Енген объектіні өндеу Өнім немесе қызмет.
дар, капитал еңбек және түрлендіру (тиімді Пайда (банкте)
ресурстары басқаруға тәуекелді) Әлеуметтік жауапкер-
шілік нарықтығы (базар)
үлесі
Өсім
Қызметкерлердің
қанағаттануы

Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен
материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру
процесінде ұйым осы енетін компоненттерді өңдеп, оларды өнымге
немесе қызмет көрсету үшін түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер
ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып саналады.
Егер ұйым тиімді жұмыс істесе, онда түрлену процесінде енетін
компоненттердің қосымша құны пайда болады. Соның нәтижесінде пайда,
нарық үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбеюі (бизнесте),
әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру, ұйымның өсуі секілді қосымша
шығу компоненттері пайда болады.
2. Менеджменттің сыртқы ортасы.

Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына
тура келеді. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның
тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен тілегін, сондай-ақ
шикізатпен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға
байланысты басқа да сұраныстарын ескереді.
Барлық басқарушылар қандай жұмыста болмасын сыртқы элементтерге
мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс.
Г.Куиңнен С.О. Доннел Басқару: басқару жұмысындағы жүйелік ықпал
және жағдайды талдау деген кітабінда былай деп жазады:
Кәсіпорыннын барлық түріне сыртқы орта секторлары экономикалық
технологиялық әлеуметтік, саяси және этикалық тұрғыда ықпал етеді.
Іс жүзіне келгенде сыртқы ортаның барлық жағдайлары бірін-бірі
толықтыруы, әрі өзара әрекеттесуі мүмкін. Кез келген ұйымдасқан
кәсіпорын жүйе ретінде алуан түрлі заттарды сыртқы экономикалық
ортаға шығаруы және одан кез келген өнімді немесе қызметті алуы.
Сөйтіп, сыртқы экономикалық ортамен белсенді қатынас орнатуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта
элементтеріне жағатыны:
• Капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе
жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;
• Жұмысшы күші. Қойылған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге
асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен
қамтамасыз ету. Адамдарсыз күрделі технологияны, капиталды
және технология материалдарын тиімді пайдалану мүмкін
емес;
• Баға деңгейі. Мәселең инфляция (ақшаның құнсыздануы)
коммерциялық кәсіпорындардың калыпты қызметін бұзып қана
қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді. АҚШ-та барлық ұйым
түрлеріне ықпал етудің басты факторы – еңбек өнімділігі
болды. Олар көптеген жылдар бойы еңбек өнімділігін
арттыру арқылы дүние жүзілік нарық бәсекелесіне ойдағыдай
қатысып келеді. әсіресе, мұның өзі ауыл шаруашылығында
өте жоғары деңгейде;
• Жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте
жоғары бағаланады. Фирма ішінде жоғары білікті
менеджерлерді тарту және қабілетті басшыларды баулу өте
маңызды проблема.
Үкіметтің қаржы және салық саясаты сыртқы экономикалық ортаның
маңызды элементі. Үкіметтің қолда бар кредитті қаржы саясаты
арқылы жүзеге асыруы іскер едәуір дәрижеде ықпал етеді, сонымен
қоса оның ықпалы көпшілік іскерлік операцияларға да әсер етеді.
Үкіметтің салық саясаты қоғамның барлық тұстарын қамтиды,
сондықтанда мұны барлық ұйым басшылары ескеруіне тура келеді. Салық
салу деңгейі үкімет шығындарына тікелей байланысты. Салық салу
деңгейі үкімет шығындарына тікелей байланысты.
- сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта білу үшін кәсіпорын
адамдар нені қалайтынын және алғысы келетіндігін біліп отыруы тиіс.
Бизнес мақсаты - сатып алушыларды қызықтара білу. Ұйымның өмір
сүруі де, олардың жұмысының нәтижелі, табысты болуы да,
тұтынушыларды таба білуіне, солардың сұранысын қанағаттандыруына
байланысты.
Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік белсенділік иен технология
арасында тығыз байланыс бар. Аумалы-төкпелі дүниеде кез келген
коммерциялық кәсіпорын өмір сүруі үшін технологияның соң
жетістіктерінен хабардар болуы тиіс, өйткені оның өзі де тауар
немесе қызмет көрсет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде де,
сондай-ақ жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Басқару практикасына технология айтарлықтай ықпал етеді.
өйткені, оның өзі сапалы өнім өндіру мен қызмет көрсетуді
жобалаған кезде, жоспарлаудың сондай-ақ оны жетілдірудің өндірудің
және оған басшылық етудің маңызды элементі болып саналады.
Технологияның өзгеруіне қарай басшы кадрлармен қамтамасыз ету
тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп отырады.
Сыртқы әлеуметтік орта. Әлеуметтік орта сол топтағы адамдардын
көзқарасына, тілек, ықыласына, интеллигенттілігі мен біліміне,
сенімі ме дәстүріне қарай қалыптасады. Бірде бір басқарушы жабық
жүйеде жұмыс істей алмайды. Қандай адам болмасын белгілі бір
әлеуметтік құрылыстын компоненті болып саналады. Готмалк былай деп
жазды: Кез келген адамзат өмірі белгілі бір әлеуметтік ортада
жарық дүниеге келеді. Бұл құрылыс отбасынан немесе ата-ана мен
балаларының қарым-қатынасынан басталады, бірақ іс жүзіне келгенде
мұның өзі адамзат ұрпағының қалыптасу жолы болып саналады. Көптеген
ішкі құрылымдардан тұратын бұл күрделі құрлыс адамдар ортасын
қалыптастырады, әрі олардың өмір сүруінің басты жағдайына айналады.
Нелер бір қиялшылардар бұдан қашып құтылғысы келеді. Алайда, жер
бетінде немесе басқа бір әлемде қоғамға тәуелсіз өмір сүретін
ешқандай орын жақ, оның үстіне мұндай ортада адам баласының өмір
сүруі мүмкін емес.
Басқарушы үшін өте маңызды орта болады. Бұл әлеуметтік
көзқарас, сенімділік пен құнділіқ.
Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік
сенім қалыптады. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмайды.
Бұлардың ең бастылары мыналар:
1. Сенімділіктін болатын себебі сол жұмыс істегісі келетін
адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, осы
мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
2. Бизнеске сену және кәсіпорынның қожасы мен басшысын
құрметтеу.
3. Тұрмыстың барлық саласында, әсіресе іскерлік қызметте
бәсекелестіктің және бәсекелестіктің және бәсекелесу
қабілетінің қажеттілігіне сену.
4. Жеке адамдардың нәсіліне, діни сенім мен нанымына
қарамастан құрметтеу.
5. Өз меншігіне иелік ететін билеушіні, оның кәсіптік
білімі мен саяси орнын құрметтеу.
6. Білімге сену және оны құрметтеу.
7. Қисынды (логикалы) процестерге, ғылым мен техникаға сену.
8. Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын және қажеттілііне
сену.
Сыртқы саясы орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы
әлеуметтік ортамен тығыз байланысты болады. Әдетте заң әлеуметтік
қысымның және әлеуметтік проблеманың нәтижесінде қабылданады.
Саяси орта, әдістте, саяси және үкімет басшылары мен заң
шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның
өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсеңдеуі мен көтерілуіне қарай
өзгеріп тұрады.
Басқарушылардың көзқарасы тұрғысынан қарағанда ең дұрысы саяси
беретін кез келген саяси ортада өмір сүре алады. Алайда, егер
олар үнемі өзгеріп тұратын, әрі тұрақсыз жағдайда өмір сүретін
болса, онда мұның өзі аумалы-төкпелі жағдайға ұшырасады.
Әрбір ұйымдағы әрбір басшыны түрліше заңдар, қаулылар, әр
алуан комиссиялар, ресми жарлықтар мен сот шешімдері шырмап алады.
Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың және жақын
мандағы елді мекендердегі тұрғандардың мүлдесін қорғауға арналған.
Басқа құжаттардың міндеті – шарттардың міндетті түрде орындалуын және
жеке меншік правосын қорғауды қамтамасыз ету. Көотеген құжаттар
басқарушының және оның қарамағындағылардың кәсіпорындағы алуан түрлі
іс-әрекеттерін реттеу мақсатында қабылданған. Кез келген ұйымдағы
басқадағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез келген заңға немесе
қаулыға қатысты, әрі олар көбінесе тікелей бақылап отырады.
Барлық ұйымдағы, әсіресе, іскер және үкімет ұйымдарындағы басшылар
әдетте шешім қабылдар алдына заң кеңесшілерімен ақылдасаы.
Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортанын құрамдас
элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып
жүрген жеке бастың жүрісі-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады.
Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Алайда
этикалық нормалардың барлығы заңдарда толық қарастырылмайды,
қарастырылуы да мүмкін емес. Сонымен қоса, көптеген салаларда
этикалық талаптардың да оның ғылыми негіздерінің де тұрақсыздығы,
әрі жетілмегендігі соншалық, оны заң жүзінде негіздеу мүмкін емес.
Қазіргі кезде жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке
бастың жүріс-тұрыс нормаларының қажеттілігі ерекше сезіледі. Мемлекет
басшыларының саяси қайраткерлердің, соттардың, профессорлардың, дін
қызметкерлерің, заңгерлердің, бухгалтерлердің, тіпті қарапайым
жұмысшылардың жүріс-тұрысы туралы әңгіме болғанда мұның өзі ерекше
қажетті.

1. Басқарушы және басқару жүйесі.

Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ
өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару
объектісі) жән басқарушы (басқарушы субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын
жүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге
мүмкіндік беретін даму нышанын айтады. Оның өзі өндірістің алуан
саласындағы процесті жүзеге асырады.
Басқарушы жүйе – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай
ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмысшылар жиынтығы.
Басқарушы жүйе - бұл нені немесе кімді басқарады, ал
басқарылатыны – не немесе кім басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар
басқару субъектісі мен басқару объектісі.
Басқарылатын және басқарушы жүйелер субъектісімен объектіге
енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар
көмегімен тығыз байланысты болып, олар үнемі әрекеттесуін, жұмыс
істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қоса басқарылатын жүйе едәуір дәрежеде оған ықпал
ететін заң негізінде дамиды. Кері байланыс туралы заңға сәйкес
басқарудың мазмұнына, нышанына тәсіліне ықпал етеді. Міне,
сондықтан да бір жүйелер арасындағы өзара байланысты ретке
келтіруге, олардың әрқайсысының ішкі заңдылыққа орай құрылуына және
жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Басқару объектісінің басқару
жүйелеріне сәйкес келу дәрижесі неғұрлым жоғары болса, жүйенің
тұтастай жүйесінің тиімділігі де соғұрлым жоғары келеді.
Кәсіпорын өте күрделі, үлкен әрі біркелкі дамитын жүйе. Мұның
өзі жекелеген бөлімдерден (цехтардан және қызмет салаларынан)
кездейсоқ ұйымдасқан бірлестік емес. Кәсіпорын дегеніміз тұтастай
құрылған, оның бөлімдерінің ерекше бірлестігі.
Тек қана осындай бірлестік мақсатқа жетуге қажетті жаңа сапаға
ие болады, сол үшін кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.
Кәсіпорын және оның жиынтық элементтері туралы сөз болғанда
кәсіпорында немесе оның ірі бөлімдерінде (басқаратын және
басқарылатын жүйелеріне), ерекше техникалық технологиялық, ұйымдық,
экономикалық және әлеуметтік жүйелер құратын элементтер мен
микроэлементтердің біркелкі топтары құрылатындығы байқалады.
Осы жүйелердің әрқайсысы өз міндеттерін шешеді. Мұнда мынаны
ескеру қажет: кез келген машина, ол қаншалықты жетілдірілген болса
да, техникалық жүйе болып саналады. Ол жабықтардың өзара байланысты
кешені болуы тиіс. Техникалардың жекешеленген түрлері бір ретпен
орналасу, қуаты бойынша бірімен бірі үйлесуі тиіс. Жабдықтардың
толып жатқан жекеленген түрлерінің кейбір техникалық түрлерінің
осында пропорционалды үйлесімі техникалық жүйе құрады. Басқарылатын
жүйеде ол сол кәсіпорынның өндірістері қуатын көрсетеді де, сол
арқылы өндіріс процесінде белгілі бір мөлшердегі және тиісті
саладағы өнімдерді өндіріс алады.
Техникалық жүйе қозғалмалы, сыртқы ортаға тез бейімделетіндей
болуы тиіс. Ғылыми-техникалық процесс дәл осы жүйеге едәуір ықпал
ете алады. Қозғалмалылық-жабдықтардың қажалып тозып, сол себепті
жаңасымен ауыстырылуы, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогресс барысында
ескіруі бойынша анықталады.
Кәсіпорында технологиялық жүйе айрықша орын алады. Технологиялық
жүйе өндіріс процесін сатыларға және процестерге бөлуге
негізделген. Технологиялық жүйенің элементтеріне еңбек құралдары,
жекеленген операциялар мен процестер жатады.
Технология - бұл жалпы білім жиынтығын білдіретін біртұтас
термин. Бұған өнер табысы да, тәсілдер де, аэродинамикадан бастап
зоологияға дейінгі ғимарат білім қазынасы да енеді.
Технологиялық жүйе дегеніміз өндіпріс процесінде операциялардың
бірізділігін айқындайтын ережелер, нормалар жиынтығы. Технологиялық
жүйелілердің мәні жасалатын өнімдердің тиісті сапалық қасиеттерінің
қамтамасыз етілуіне қарай анықталады. Технологиялық жүйе әсер етуге
икемді, әрі төзімді. Ол өндіріске енгізілген техникалық прогреске
тез икемделеді, жабдықтарды, еңбек құралдарын, адамдар ақпаратын
тұтастай және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, неғұрлым
прогрессивті амалдар мен тәсілдердің көмегімен өндіріс процестерін
жүзеге асыруға жағдай жасалады.
Басқарылатын жүйенің басты элементі – адамдар. Олар бүкіл
жүйенің қозғаушы күші, шешім қабылдаушысы т.б. Бұлар тұтастай
басқару аппаратын құрайды. Бұл жүйені ұйымдық-экономикалық деп
атайды, ал олардың элементтері – ұйымдастыру нышандары мен ықпал ету
тәсілдері болып саналады.
Өндіріс жұмысын қарайтын адамдар, бірлескен еңбек процесінде
белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жақтарын сипаттайды.
Барлық жүйелер: техникалық, технологиялық, ұйымдық-эконимкалық
және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап
көрсетілгендей, бұлар біртұтас болған ғана кәсіпорын жүйе ретінде
құрылады.
Сонымен, кәсіпорын немесе өндірістік бірлестік өндірістің
өндістік процесі өтетін басқарылатын жүйелерден және басқару
процесі өтетін басқарушы жүйелерден тұрады. Олар бір-біріне
байланысты және тәуекелді. Бұл байланыстардың сандық сипаты болады.
Басқарылатын жүйе неғұрлым көп болсы, басқарушы жүйе де соғұрлым
көп келеді. Алайда, бұл тура попорционалды тәуекелділік емес,
өйткені басқаруға механикаландыру және ондағы жүйелердің ұйымдастыру
дәрежесі ықпал етеді: басқарылатын жүйелердің әрбір бөлігінін
ұйымдастыру деңгейі неғұрлым жоғары болса, басқарушы жүйе де
соғұрлым аз болып, басқару жүйесі барынша жақыс ұйымдастырылады,
оның аумағы да соғұрлым аз болады.

2. Өндірістік басқарудың буыны мен құрлымы және оларға
қойылатын талаптар.

Жүйе құрлымы оның элементте құрамымен, олардың қасиеттерімен,
сондай-ақ олардың арасындағы байланыспен және қарым-қатынаспен
сипатталады.
Басқару және өндіріс жүйелерінің әрбір элиментін жеке дара
қарастыратын болсақ, онда олардың өзіндік құрылымы болады
(басқарудың техниекалық құралдар құрылымы, ақпарат құрылымы,
өндірістік қорлар құрылымы т.б.) кәсіпорын құрылымы өндіріс және
басқару құрлымыдарының синтезі болып саналады.
Басқару құрлымы дегеніміз басқармадағы буындар мен жекеленген
жұмыскерлер жиынтығы және олардың бағыныштылығы, тікелей және көлбеу
байланыстары.
Басқару құрылымының нақты көрінісі басқару схемасында:
құрлымына, өзара байланысында және бағынуында (бөлімдер, секторлар,
қызметтер), штат кестесінде, буындар (звеналар) мен жұмыскерлер
қызметіндегі шектеулерде басқару міндетінде (жұмысында); жекеленген
секторлардағы басқару қызметкерлерінің құрамында, звенолар, лауазымдық
нұсқаулар туралы ережелерде байқалады. Осылардың өзара байланысы
ұжымдағы адамдардың қызметін айқындайды (мұны олар жекеленген жұмыс
түрлері мен басқару қызметін өзара әрекеттестіру процесінде
басшылыққа алады).
Тікелей басшылық ету құрылымы сатыларға, ал көлбеу басшылық –
звеноларға жүктеледі.
Звено белгілі бір немесе бірнеше басқару қызметін (бөлім, қызмет
т.б.) басқаратын дербес құрлымдық бөлімше.
Басқару органдары бір-бірімен салыстарғанда үш типке бөлінеді:
жоғарыдағы, төмендегі және қатардағы. Осының негізінде ұйымдық-
құрылымдық басқару пайда болады.
Басқару сатысы дегеніміз басқарудың белгілі бір деңгейде
болатын звенолар жиынтығы, бұлар төменнен жоғары қарай бағынады.
Басқару звенолары арасында әр түрлі сипаттағы байланыстар пайда
болады. Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып
бөлінеді. Құрылым типтеріне сәйкес линиялық және функционалдық
байланыстар деп жіктеледі.

3.1 Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері.

Басқару еңбегі өнндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті,
соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару
еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы
анықталады.
Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш
жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер
жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және
түрлендіреді.
Еңбек заты – бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі
ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және
басқару.
Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу
басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды.
Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше
түрі, мәліметтерді алудың және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушы есептін негізгі элементтері
Басқарушы есептің ролі
Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
Пневматикалық тежегіш жүйе
Қаржы. Дәрістер кешені
Автоматика элементтерінің әрекет ету принциптері
Жылжымайтын мүлікті басқару
Басқару есебінің мақсаты
Басқару іс-әрекетінің теориялық негізі
Пәндер