Жиырмасыншы жылдардағы саяси – әлеуметтік жағдай және қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
І тарау жиырмасыншы жылдардағы саяси . әлеуметтік жағдай және қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
«Ақ жол» газеті жайлы факті мен дерек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.1 «Ақ жол» газетінің оқырмандар ортасын ұйыстыруы ... ... ... ... ... ... 22
ІІ тарау «Ақ жол» газетінің ақпараттық кеңістіктегі орны ... ... ... ... ... ... 22
2.1 «Ақ жол» газетінің дүниеге келуінің алғышарттары ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Басылымның «Қазақ» газетімен рухани сабақтастығы ... ... ... ... ... ...22
ІІІ тарау «Ақ жол» басылымының өнегелі сабақтары ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1 «Ақ жол» газетінің шығарушылары мен авторлық құрамы ... ... ... ... 22
3.2 Газет көтерген мәселелер, авторлық пікір және жанрлық ерекшеліктер
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланған деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қазақ елінің сан ғасырлық тарихи даму биігінен көз тастасақ анық аңғаратынымыз қаншама қиын-қыстау кезеңдер мен тар жол тайғақ кешулердің болғанына қарамастан бөрілі байрақты ұран еткен қазақ ұлтының ерлігі мен елдігі ешқашан жоғалмапты. Қауып пен қатер қатар төніп, қос өкпеден қысқанда алауыздықты сырып тастап, бас біріктіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың тамаша үлгісін де жасай білген екен. Бұл бүгінгі күні өз алдымызға жеке ел болып, тізгін-шылбырымызды қолымызға алғаннан кейін тіпті де анық айқындала түсті.
Өткенінен өнеге алмаған жұрт болашағын болжай алмайды деген қазақта аталы сөз бар. Осынау бабалар ізін салған өткен тарихқа қайталай көз тастағанымызда өткен ғасыр биігінен елі үшін тер төгіп, ұлтын ұлы мұратқа қарай жетектеген зиялыларымыздың газет бетіндегі көкейкесті көсемсөздері менмұндалап шығады. Отаршыл патша тұсында қара шекпенділерге кетіп жатқан жерлер, күн сайын тарылып бара жатқан өрісті ойлап өзге жұрттармен терезені теңестіру жолындағы күресте «Серке», «Қазақстан», «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы» сынды басылымдар өмірге келсе, Кеңес билігі орнағаннан кейін Түркістан Республикасында ұлттық рухқа жебеген «Ақ жол» басылымы болды. Бұл жұмыс міне осы Түркістан Республикасында жарық көрген «Ақ жол» басылымын өзек етіп алмақ.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында кеңестік билік тұсындағы Түркістан автономиясы топырағында туған, 1920 жылдың 7 желтоқсанынан 1926 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта басылым көрген партия мен Орталық Атқару Комитетінің органы саналатын «Ақ жол» газетінің ұстанған позициясына жан-жақты аналитикалық талдау жасалады. Тоталитарлық жүйе жағдайында жарық көрген «Ақ жолдың» кеңестік жүйемен қарым-қатынасы, материалдарының мазмұндық және сыни ерекшеліктері, бағыты т.б. барлық ішкі-сыртқы белгілеріне терең тоқтала отырып, «Ақ жол» газетінің ақпараттық кеңістіктегі алар орнына баға беріледі.

1. Шоқай М. Таңдамалы.¬¬ – Алматы: Қайнар. –Т. 1. – 1998. –512 бет. –22 б.
2. Әуезов М. // Ақ жол.– 4 феврал.– 1923.
3. Сейіт Қасқабасов. “Ақ жол ” туралы үш құжат // Ақиқат. – 1993.– № 1.– 89-92 бб.
4. Қожакеев Т. Таңдамалы шығармалар. Көптомдық. 5-том. – Алматы: Қазақпарат, 2007. – 358 бет.207-215 бб.
5. Д. Махат. “Ақ жол” газеті неге жабылды? // Алаш. – №6 (9). – 2006. –116-120 бб.
6. Тұрсын ХАЗІРЕТӘЛІ. “Ақ жол” газетін жапқан кім, жапқызған кім? // Жас Қазақ. – №47 (203). – 28 қараша. – 2008.
7. С. С. Жандыбаева. “ Ақ жол” газетінің маңызы мен ерекшелігі // Қаз-ҰУ хабаршысы (тарих сериясы). – №1 (24). – 2002.
8. Жомарт СІМТІКОВ. Ұлттық басылымдар тарихи дерек ретінде. // Қазақ тарихы. – №5(қыркүйек- қазан). – 1996.
9. Сейіт Қасқабасов. “Ақ жол ” туралы үш құжат // Ақиқат. – 1993.– №1.– 89-92бб. – 91 б.
10. Д. Махат. “Ақ жол” газеті неге жабылды? // Алаш. – №6 (9). – 2006. –116-120 бб. – 117 б.
11. Сейіт Қасқабасов. “Ақ жол ” туралы үш құжат // Ақиқат. – 1993.– №1.– 89-92бб. – 92 б.
12. Дархан Қыдыралиев. Мұстафа Шоқай.– Астана: Фолиант, 2007.– 320 бет.– 179 б.
13. Шоқай М. Таңдамалы.¬¬ – Алматы: Қайнар. –Т. 1. – 1998. –512 бет. –22 б.
14. Тұрсын ХАЗІРЕТӘЛІ. “Ақ жол” газетін жапқан кім, жапқызған кім? // Жас Қазақ. – №47 (203). – 28 қараша. – 2008.
15. Дархан Қыдыралиев. Мұстафа Шоқай.– Астана: Фолиант, 2007.– 320 бет.– 179 б.
16. Шоқай М. Таңдамалы.¬¬ – Алматы: Қайнар. –Т. 1. – 1998. –512 бет. –25 б.
17. Тұрсын ХАЗІРЕТӘЛІ. “Ақ жол” газетін жапқан кім, жапқызған кім? // Жас Қазақ. – №47 (203). – 28 қараша. – 2008.
18. Ордалы Қоңыратбаев. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі. – Алматы: Қазақстан, 1994.– 448 бет. – 387 б.
19. Шоқай М. Таңдамалы.¬¬ – Алматы: Қайнар. –Т. 1. – 1998. –512 бет. –25 б.
20. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар:¬Үш томдық. 3-Т.– Алматы: Қайнар, 2007. –384 бет. – 349 б.
21. Гүлнар Дулатова. Шындық шырайы // Қазақ.– №16 – 17 (425 - 426).– 17 – 24 сәуір.– 2009.– 5 б.
22. Гүлнар Дулатова. Шындық шырайы // Қазақ.– №16 – 17 (425 - 426).– 17 – 24 сәуір.– 2009.– 5 б.
23. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар:¬Үш томдық. 3-Т.– Алматы: Қайнар, 2007. –384 бет. – 356 б.
24. Дархан Қыдыралиев. Мұстафа Шоқай.– Астана: Фолиант, 2007.– 320 бет.– 184 б.
25. С. С. Жандыбаева. “ Ақ жол” газетінің маңызы мен ерекшелігі // Қаз-ҰУ хабаршысы (тарих сериясы). – №1 (24). – 2002.– 103-105 бб. – 104 б.
26. Тұрсын ХАЗІРЕТӘЛІ. “Ақ жол” газетін жапқан кім, жапқызған кім? // Жас Қазақ. – №47 (203). – 28 қараша. – 2008.
27. Сейіт Қасқабасов. “Ақ жол ” туралы үш құжат // Ақиқат. – 1993.– №1.– 89-92бб. – 92 б.
28. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан Мұхтарияты. –Алматы: Нұрлы әлем, 2006. –126 б.
29. Мұстафа Шоқай қайраткерлігінің түркістандық кезеңі // Халықаралық Түркология конгресінің жинағы. -Түркістан. 9-12 қазан, 2002. -381-383 –бб
30. Т. Рысқұлов және ұлттық элита мәселелері // Т. Рысқұловтың 110 жылдығына арналған конференцияның материалдары. –Түркістан, –2005. -175-182 -бб.
31. Н. Төреқұлов еңбектеріндегі деректану мәселелері // Методологические и конкретно-исторические проблемы изучения Отечественной истории. Материалы международной научно-практической конференции «Касымбаевские чтения». -Алматы, 2005. -191-193 -бб.
32. Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты және Түркістан мәселелері // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Хабаршысы. Тарих сериясы, 2005. -№27. -80-83 –бб.
33. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы ислам факторының ерекшеліктері // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Хабаршысы. Халықаралық қатынастар сериясы, 2006. -№2. -43-46 -бб.
34. Тұтас Түркістан идеясының жаңғырығы: бірлік пен қарама-қарсылық // Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ. -25-26.04.2006. ІІ Түркістан форумының материалдары. -І том. -406-408 бб.
-бб.
35. Түрккомиссия және элитааралық күрес // Отан тарихы, 2006. - №2. -100-105 –бб.
36. Түркістанда қазақ этноэлитасының қалыптасу ерекшеліктері// Қазақстанның ғылым әлемі, 2007. -№1. -63-70 -бб.
37. Түркістанда мемлекеттік биліктің қалыптасуындағы таптық және ұлттық мүдделердің арақатынасы // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Хабаршысы. Тарих сериясы, 2006. -№3. -40-43 -бб.
38. Түркістанда партиялық-мемлекеттік номенклатураның ұлттық мәселелерді шешудегі қызметі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Хабаршысы. Шығыстану сериясы, 2006. -№3. -58-64 -бб.
39. Міржақып Дулатовтың Түркістандағы саяси қызметі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Хабаршысы. Шығыстану сериясы, 2006. -№4. -52-54-бб.
40. Махат Д.А. Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін саясаты. – Астана: Елорда, 2006. – 208б.
41. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты Алматы: - «Қазақ университеті», 1992. – 272 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
І тарау жиырмасыншы жылдардағы саяси – әлеуметтік жағдай және қазақ
ақпараттық кеңістігінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Ақ жол газеті жайлы факті мен
дерек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1. Ақ жол газетінің оқырмандар ортасын ұйыстыруы ... ... ... ... ... ...
22
ІІ тарау Ақ жол газетінің ақпараттық кеңістіктегі
орны ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Ақ жол газетінің дүниеге келуінің
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Басылымның Қазақ газетімен рухани
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... 22
ІІІ тарау Ақ жол басылымының өнегелі
сабақтары ... ... ... ... ... ... .. ... .. 22
3.1 Ақ жол газетінің шығарушылары мен авторлық құрамы ... ... ... ... 22
3.2 Газет көтерген мәселелер, авторлық пікір және жанрлық ерекшеліктер
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланған деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .22
КІРІСПЕ
Қазақ елінің сан ғасырлық тарихи даму биігінен көз тастасақ анық
аңғаратынымыз қаншама қиын-қыстау кезеңдер мен тар жол тайғақ кешулердің
болғанына қарамастан бөрілі байрақты ұран еткен қазақ ұлтының ерлігі мен
елдігі ешқашан жоғалмапты. Қауып пен қатер қатар төніп, қос өкпеден
қысқанда алауыздықты сырып тастап, бас біріктіріп, бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарудың тамаша үлгісін де жасай білген екен. Бұл бүгінгі күні
өз алдымызға жеке ел болып, тізгін-шылбырымызды қолымызға алғаннан кейін
тіпті де анық айқындала түсті.
Өткенінен өнеге алмаған жұрт болашағын болжай алмайды деген қазақта
аталы сөз бар. Осынау бабалар ізін салған өткен тарихқа қайталай көз
тастағанымызда өткен ғасыр биігінен елі үшін тер төгіп, ұлтын ұлы мұратқа
қарай жетектеген зиялыларымыздың газет бетіндегі көкейкесті көсемсөздері
менмұндалап шығады. Отаршыл патша тұсында қара шекпенділерге кетіп жатқан
жерлер, күн сайын тарылып бара жатқан өрісті ойлап өзге жұрттармен терезені
теңестіру жолындағы күресте Серке, Қазақстан, Айқап, Қазақ,
Сарыарқа, Ұран, Бірлік туы сынды басылымдар өмірге келсе, Кеңес
билігі орнағаннан кейін Түркістан Республикасында ұлттық рухқа жебеген Ақ
жол басылымы болды. Бұл жұмыс міне осы Түркістан Республикасында жарық
көрген Ақ жол басылымын өзек етіп алмақ.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында кеңестік билік
тұсындағы Түркістан автономиясы топырағында туған, 1920 жылдың 7
желтоқсанынан 1926 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта басылым көрген партия
мен Орталық Атқару Комитетінің органы саналатын Ақ жол газетінің ұстанған
позициясына жан-жақты аналитикалық талдау жасалады. Тоталитарлық жүйе
жағдайында жарық көрген Ақ жолдың кеңестік жүйемен қарым-қатынасы,
материалдарының мазмұндық және сыни ерекшеліктері, бағыты т.б. барлық ішкі-
сыртқы белгілеріне терең тоқтала отырып, Ақ жол газетінің ақпараттық
кеңістіктегі алар орнына баға беріледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Түркістандағы ұлттық элитаның
бастамашылығымен 1920-25 жж. ТКП ОК және Түркаткомның баспасөз органы
ретінде жарық көрген Ақ жол газетіне С. Қожанов, С. Оспанов, Н.
Төреқұлов, С. Асфендияров, М. Дулатов, И. Тоқтыбаев, Қ. Күлетов, М.
Қайыпназарұлы, С. Сәдуақасов, Ж. Арыстанов, сияқты азаматтар бірі басшы,
бірі қосшы болып, басшылық жасады. Бұл аталған азаматтардың бәрі дерлік
алаштық идеяның туын көтерген ұлттық элитаның көрнекті өкілдері болатын.
Олар өздерінің ұлттық тұтастықты ұлықтағын саяси көзқарастары, дәстүрлы
мәдени-рухани құндылықтардан бастау алған қазіргі заманғы ілгершіл
дүниетанымы бойынша кеңестік билік жасақтаған партиялық-мемлекеттік
номенклатураның өлшеміне сыймайтын еді. Олардың қазақы рухты бойына
сіңіріп, жаңа қоғамда ұлттық құндылықтарды таптық құндылықтардан жоғарғы
қойған бағыт-бағдары газеттің саяси-идеялық мазмұнын айқындады. Ал, газетте
жауапты қызмет істеген М. Дулатовпен бірге Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытов, М.
Әуезов, Қ. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Әмин Жүсіпов сияқты көптеген ұлтжанды
қаламгерлердің тұрақты автор болып қатысуы да газеттің ұлттық өзегін
нығайта түскені белгілі. Газет шын мәнінде Түркістандағы алаштық үлгідегі
ұлттық элитаны топтастырушы идеялық орталыққа айналды. Осы газет арқылы
көрнекті қайраткерлердің көтерген ұлттық идеялары Түркістандағы қалың қазақ
бұқарасына жол тартып, қолдау тауып жатты. Түркістандағы ұлттық элитаның

Қайыпназарұлы, С. Сәдуақасов, Ж. Арыстанов, Ө. Тұрманжанов сияқты азаматтар
бірі басшы, бірі қосшы болып, басшылық жасады. Бұл аталған азаматтардың
бәрі дерлік алаштық идеяның туын көтерген ұлттық элитаның көрнекті өкілдері
болатын. Олар өздерінің ұлттық тұтастықты ұлықтағын саяси көзқарастары,
дәстүрлы мәдени-рухани құндылықтардан бастау алған қазіргі заманғы
ілгерішіл дүниетанымы бойынша кеңестік билік жасақтаған партиялық-
мемлекеттік номенклатураның өлшеміне сыймайтын еді. Олардың қазақы рухты
бойына сіңіріп, жаңа қоғамда ұлттық құндылықтарды таптық құндылықтардан
жоғарғы қойған бағыт-бағдары газеттің саяси-идеялық мазмұнын айқындады. Ал,
газетте жауапты қызмет істеген М. Дулатовпен бірге Қ. Кемеңгерұлы, Ж.
Аймауытов, М. Әуезов, Қ. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Әмин Жүсіпов сияқты
көптеген ұлтжанды қаламгерлердің тұрақты автор болып қатысуы да газеттің
ұлттық өзегін нығайта түскені белгілі. Газет шын мәнінде Түркістандағы
алаштық үлгідегі ұлттық элитаны топтастырушы идеялық орталыққа айналды. Осы
газет арқылы көрнекті қайраткерлердің көтерген ұлттық идеялары
Түркістандағы қалың қазақ бұқарасына жол тартып, қолдау тауып жатты.
Түркістанда Ақ жол газетінің халыққа кеңінен танымал болуы оның
Қазақ газетінің ұлттық бағыттағы идеялық дәстүрін жалғастыруына
байланысты деп білеміз. М. Әуезов 1923 жылы 4 ақпанда Ақ жол газетінде
Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім
ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей
ширықтырған, етек жеңін жиғызған Қазақ газеті болатын деп берген бағасын
осы ізгі дәстүрлерді кеңестік билік жағдайында жалғастырған Ақ жол
газетіне де қатысты айтуға болар еді. Төрт жылдан астам шығып тұрған газет
таралымының жоғары болуы оның тілінің жатықтығымен ғана емес, газет бетінде
көтерген мәселелерінің ұлттық мүддені ұлықтаған өткірлігінен, халықтың
көңіліндегіні айтуынан еді.
Осылайша Алаш қозғалысының кеңестік тарихнамасында Ақ жол газеті
кеңестік билікке тартылған ұлт зиялыларын алаштық қайраткерлермен
байланыстыра отырып, ұлтшылдыққа айыптаудың басты дәлелдерінің біріне
айналды. И. Сталиннің Ақ жол газеті туралы хаты алашордашылардың
қызметіне баға беруде тоталитарлық биліктің саяси ұстанымдарын орнықтырды.
Хатта негізделген ұстанымдар Алаш қозғалысы тарихнамасының теориялық-
әдістемелік негізін салып берді.
Осыған байланысты 1937-1938 жж. үлкен террорға дейінгі кезеңдегі Алаш
қозғалысы тарихнамасында ұлт зиялылары М. Атаниязов, Ә. Байділдин, О.
Исаев, І. Қабылов, Ғ. Тоғжанов, Ш. Тоқжігітов, Ә. Жанкелдин, С. Сейфуллин,
Т. Рысқұлов, Х. Габилуллин, А. Кенжин және т.б. еңбектері мен мерзімдік
басылымдарда жарияланған мақалаларының бәрі бірдей сталиндік тәртіптің
саяси қысымынан яки арнайы тапсырыспен жазылды деп үзілді-кесілді тұжырым
жасау асығыстық болар еді. Аталған авторлардың көпшілігі қазақ қоғамының
болашағын коммунистік мұраттармен байланыстырған, таптық-партиялық
сенімдегі зиялылардың өкілдері еді. Олардың арасында таптық көзқараспен
жазылған, теориялық дайындығы жоғары еңбектермен бірге, осы күресті желеу
етіп мансапқұмарлық мақсатпен немесе жеке азаматтық қатынастары бойынша есе
қайтаруды көздеген еңбектер де бар екендігі белгілі. Демек, тарихнамалық,
деректанулық талдауды қажет ететін бұл деректер Алаш қозғалысының шынайы
болмысын қалпына келтіруге септігі тиеді. Ал И. Голощекин бастаған А.К.
Богачев, С. Брайнин, О. Исаев, И. Тимофеев, С. Мещеряков, Ғ. Тоғжанов және
т.б. партиялық коменклатура өкілдерінің мақалалары мен еңбектері тарихи
танымда И. Сталин хатынан кейінгі Алаш қозғалысы туралы ұстанымды
орнықтыруға және онан әрі насихаттауға қызмет еткені белгілі.
Бұл себептерге қосымша айтармыз, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде
Түркістанның қоғамдық-саяси тарихын ғылыми ойдың тезінен өткізіп,
тәуелсіздік идеологиясы талаптарына сай қайта қарау отандық тарихнамадағы
олқылықтардың орнын толтырады деп есептейміз.
Зерттеу жұмысының деректік қоры. Ақ жол басылымының дүниеге келуінің
алғышарттары мен кеңестік жүйеден тыс қалу себертерін, басылымдағы
жарияланымдардың факті мен деректік негізін айқындау, газеттегі көтерілген
мәселенің қоғамдық-саяси және әлеуметтік астарына үңіліп, жан-жақтылы
талдау қажеттілігіне байланысты жинақталған дерек көздерін мағынасына қарай
төрт топқа жіктеп қарастыруымызға болады.
Зерттеу жұмысының дерек көздерінің бірінші тобын тоталитарлық жүйе
кезінде Кеңестер Одағының қоғамдық-саяси өмірінде негізгі роль атқарған
кеңестік большевиктік партияның құжаттары құрайды.
Деректердің екінші тобын партия жетекшілерінің, сондай-ақ сол кезеңде
мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған идеологтардың, мемлекет басшыларының
сөйлеген сөздері мен еңбектері құрайды.
Деректердің үшінші тобын Кеңестер Одағындағы бірнеше пленумдардарда,
коммунистік интернационалдың конгресінде талқылаған мәселелері, жасаған
баяндамалары, яғни коминтерн құжаттары құрайды.
Деректердің төртінші тобын қоғам қайраткелері мен зиялы қауым
өкілдерінің түрлі баспасөздерде жариялаған еңбектері мен мақалалары
құрайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Көпұлтты Түркістан жағдайында қалыпты көрінген топшылдық күрес
Қазақстандағы Голощекин-Қожанов тартысында ашық саяси айыптау нысанына
айналды. С. Қожанов 1927 ж. Өлкелік Комитетке Ежов пен Ненайшвилидің
басшылық ықпалы негізінен топаралық қатынастарды есепке алу, топтардың
арасалмағын теңестіріп отыру саясатына құрылды. Ал мен топтарға заңды сипат
беруге қарсы тұрдым деп жазды. Топшылдық тартысқа партия органдарының
қоғамдық-саяси сипат беруі мемлекеттік билік тізгінін ұлт өкілдерінің
қолына ұстатпауға қызмет жасады. Осы мәселенің ушығып кеткендігі соншалықты
С. Қожанов 1924 ж. қазанында Сталинге ...Қырғызстандағы партия-совет
кадрларының одан әрі ыдырауын тоқтату және тоқырау ахуалынан суықтыру үшін
ең алдымен РК(б)П Орталық Комитетінің өзінің тікелей басшылық жасауымен
табанды партиялық режим орнату керек деп жазуға мәжбүр болды. Ұлттық
элитаның саяси-идеялық тұтастығына Түркістан қоғамында қағылған сына
біртұтас қазақ мемлекеттілігі жағдайында ресми биліктің қолдауымен қауіпті
саяси алауыздыққа ұласты.
Әлихан Бөкейхановтың саяси элитаны ұлттық идея төңірегіне топтастырудағы
қызметі ерекше. Ақпан буржуазиялық төңкерісін Минск қаласында қарсы алған
Ә. Бөкейханов бастаған бір топ ұлт зиялылары қазақ даласына жолдаған
жеделхаттың ұлт-азаттық қозғалысқа бағыт сілтеген маңызы үлкен болды:
біріншіден, жеделхат жолданған тұлғалар мен жеделхатты жолдағандардың
тізімі сол кездегі жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық элита өкілдерінің
жеке құрамын нақтылауға көмектеседі; екіншіден, жеделхат мазмұнында
көтерілген идеялар ұлт-азаттық қозғалысының саяси тұғырнамасын айқындап,
ұлттық элита қызметінде басшылыққа алынды.
Ә. Бөкейхановтың мүдделестер тобын құрып, қатардағы көп міндеттерден ең
бастысын ажыратып алатын көсемге тән саяси көрегендігіне сай Әлихан – Нәзір
қатынасына ерекше назар аударуға болады. Олардың Минск қаласында түйіскен
тағдыры саяси ынтымақтастыққа ұласты. Кеңестік биліктің жоғары
лауазымдарында болған Н. Төреқұлов Шығыс халықтарының Орталық баспасында өз
ұстазын материалдық тұрғыда қолдап, саяси қамқорлыққа алған.
Жеделхатқа қол қоюшылар Мырзағазы Есболов, Міржақып Дулатовтардың саяси
және шығармашылық қызметі Түркістанмен тығыз байланыста дамыды. М.
Дулатовтың Ақ жол газетіндегі Қазақ зиялылары мақаласы ұлтшылдық
ұғымына дұрыс түсіндірме жасап, оны саяси айыптаудан аршалауға қызмет етті.
Біздің қазір ортақшыл болып отырғандар кімдер? Мұнан кейін де болса бола
алатындар кімдер? ...бізден қазір шын коммунист болдым деп отырғандар (өтірік
коммунистерді айтпаймын) – кешегі ұлтшылдар. Мұнан кейін де шын коммунист
болуға жарайтындар – тағы да сол бұрынғы ұлтшылдар. Үшіншісі – қазіргі жаңа
талап жас буын деген М. Дулатов элитаға қойылатын ең басты талап ретінде
ұлтжандылықты атайды. Т. Рысқұлов Дулатов партияға бұрынғы идеялық қырғыз
ұлтшылдарымен (яғни өзі сияқтылармен) ынтымақтасуды, ал бұрын идеялық
тұрғыда ұлтшыл болмаған қырғыз коммунистерін авантюристер ретінде партия
қатарынан тазартуды ұсынады деген айып тағады. Ұлт элитасының өз арасында
ұлтшылдыққа қатысты осындай көзқарас алшақтығы орын алды.
Ұлттық мүддені ұлықтаған Ақ жолдықтар мен И. Сталинге жүгінген
большевик- биұлтшылдар түрінде ұлттық элитаның арасына түскен терең саяси,
рухани жік қоғам дамуымен бірге алшақтай түсті. Кеңестік тоталитарлық жүйе
осы теке-тіресте ұлтшылдарды большевик-биұлтшылдарға жеңіп бергендей
болғанымен 30 жылдардың соңында олардың өзі де сталиндік қанды қасаптың
құрбаны болды. Осыған байланысты Ұтқан кім, ұтылған кім? деген сұрақ
туындайды. Біздің пікіріміз, саяси жүйенің ойынына айналған бұл пайдасыз,
берекесіз тартыста ұтқан ешкім жоқ. Бәрі де ұтылушылар болды. Ең басты
ұтылушы - қазақ ұлты еді, өйткені оның тәуелсіздігі көп жылға кейінге
шегерілді.
Түркістан ұлттық элитасының жеке құрамындағы М. Жұмабаевтың шығармалары
түркі халықтарын саяси бірлікке үндеген өршіл рухымен, ұлт зиялыларының
көкейіндегі арман-мұратты дөп басуымен құнды еді. С. Қожанов, Х.
Досмұхамедовтердің риясыз қамқорлығына бөленген М. Жұмабаев өз шығармалары
арқылы олардың өзіне артқан сенімін ақтай алды.
Түркістандағы шығармашалық элитаның өкілдері Ғазымбек Бірімжанов, Қошке
Кемеңгерұлы ұлт мүддесіне қызмет жасауды басты парыз санаған. Ұлттық
шығармашылық элитаның ең жас буын өкілдері Бейсенбай Кенжебаев, Өтебай
Тұрманжанов, Әуелбек Қоңыратбаевтардың М. Дулатов, М. Жұмабаев, Қ.
Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтермен қызметтес, пікірлес болуы ұлтқа
қызмет жасаудың өнегесіне айналған азаматтық және шығармашылық тұлғаларының
қалыптасуына шешуші ықпал жасады. 1922 ж. соңында Ташкент қаласында қазақ
ғалымдары мен қаламгерлерінің бастамашылығымен құрылған Талап
қауымдастығы ұлттық мәдени, рухани дамудың бағыттарын айқындауда орасан зор
қызмет атқарды. 1916 ж. 26 қарашасынан 1917 ж. мамырына дейінгі аралықта
Ташкентте К. Төгісовтің құрылтайшылығымен жарық көрген Алаш газеті
демократиялық бағыттағы басылымдардың алғашқысы болды. М. Шоқайдың
басшылығымен 1917 ж. тамызынан бастап жарық көрген Бірлік туы газеті
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының жаршысына айналды. М. Шоқай, Қ.
Болғанбаев, С. Қожанов редакторлық жасаған газет Шурои Исламияның ұлт-
азаттық күресте ұстанған бағыттарын халыққа жеткізіп, большевиктік билікті
әшкерелейтін өткір саяси мақалаларымен халықтың көңілінен шықты.
Түркістандық қазақ элитасының ұлттық ұйытқысы болған “Ақ жол” газеті
1920-25 жж. ТКП ОК және Түркаткомның баспасөз органы ретінде жарық көрді.
С. Қожанов, М. Дулатов, Ғ. Бірімжанов және т.б. көрнекті ұлт зиялылары
редакторлық жасаған газет арқылы халықтың ортасынан шыққан көрнекті
қайраткерлердің көтерген идеялары қазақ бұқарасына жол тауып жатты.
Ұлттық элитаның саяси көзқарасында түркістандық бірлік пен ұлттық
дербестену идеясы жолайрық мәселеге айналды. Түркістандық атауымен саяси
және этникалық бірлікке топтасу орыс басқыншылығынан ұлттың аман қалуының
бірден бір жолы деп қабылданды. Содан да төңкеріске дейінгі ұлттық элитаның
көрнекті өкілдері М. Бехбуди, М. Шоқай, А. Фитрат, кейін большевиктік
идеяларға берілген Т. Рысқұлов пен Ф. Хожаевтар да өздерінің саяси
қызметтерінде түркістандық бірлікті басты мақсат етті. Оның үстіне ХХ ғ.
алғашқы ширегінде Ресей империализмі мен большевиктік доктринаның қоғамдық
өмірді модернизациялау және басқа да өктем саясаты қалыптастырған ахуал
Орталық Азия мұсылмандарының біртұтас ұлт болып ұйысуына біршама қолайлы
жағдай туғызғандай еді. Дегенмен Ә. Бөкейханов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов,
М. Дулатов түркілік бірлік идеясының негізділігіне күмән білдіреді. Жаңа
жағдайда түркістандық саяси элитаның этникалық дербестікке ұмтылуы, сонымен
бірге этногенез үдерісінің шарттары модернизация жетістіктеріне ұласып,
өлкедегі ұлттық даралануды жеделдете түсті.
Түркістандық деген жалпы атаумен біріккен түркі халықтарының ұлттық
даралану үдерісін кеңес өкіметінің межелеу саясаты аяқтады. Жасанды жолмен
біріктірілген түркістандықтардың жеке ұлттарға бөлінуі болмай қоймайтын
тарихи ақиқат болатын. Т. Рысқұловтың Түрік Кеңестік Социалистік
Республикасын құру жөніндегі идеялары мен практикалық іс-әрекеттері белгілі
бір мақсаттарда өзін ақтағанымен саяси конъюнктурадан өзге үлкен тарихи жүк
көтере алмады. Өйткені түркілік бірлікті саяси-экономикалық тұрғыда
кеңестік мемлекеттік жүйе құрылымына кіріктіретін оңтайлы практикалық тетік
жасалмады. С. Қожановтың бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі байланыстарды дамыта
отырып, ұлттық-территориялық тұрғыда межелей отырып, Орта Азия
мемлекеттерінің саяси федерациясын құру жөніндегі ұсынысы нақты өмір
шындығын танытқанымен кеңестік билік мәселені өз мүддесіне сай шешті.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысы бойынша жасалған негізгі ой-пікірлер мен
қорытындылар және ұсыныстар тұжырымдалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының алдына Ақ
жол басылымы мен өзгеде большевиктік биліктік газеттерді салыстырмалы
талдау жасай отырып, тоталитарлық қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыру,
Ақ жолдың ұлттық бағытты ұстанғанын айғақтау мақсаты қойылды. Осыған
орай бірнеше міндеттер туындайды:
– Жиырмасыншы жылдардағы Түркістандағы саяси – әлеуметтік жағдай және
қазақ ақпараттық кеңістігінің қалыптасуына жан-жақты аналитикалық талдау
жасау;
– Кеңестік жүйедегі қазақ баспасөз құралдарының көтерген тақырыптары мен
қолдаған бағыт-бағдарларына, негізгі міндет нысандарына ғылыми сараптама
жасау;
-Кеңестер Одағында қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік аппараттың
қалыптасуына өзіндік баға беру;
- Ақ жол басылмын басқа басылымдармен салыстыру, обективті шындықты
ашып көрсету;
- Жалпы Ақ жол басылымы жарияланымдарына, мазмұндық, көзқарастық
ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасау арқылы газеттің кеңестік жүйеден тыс
қалу себептерін белгілеу;
- Сталиндік тоталитарлық мемлекеттердің саясаты және оның іске асыру
тактикалары мен тәжірибелеріне ғылыми талдау жасау;
Зерттеу жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері. Зерттеу
жұмысының нысаны Түркістан автономиясы аумағында жарық көрген Ақ жол
басылымы болғандықтан зерттеу жұмысының территориялық шеңбері осы
Түркістан автономиясын қамтыса, хронологиялық шеңбері аталмыш автономиядағы
кеңестік жүйе орнаған алғашқы кезеңді, яғни ХХ ғасырдың 20-26 жылдар
аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ топырағында кеңестік жүйенің орнап,
кеңестік идеологияның насихатталуы мен халық арасына тамыр жайған алаштық
идеологияның теке-тіресі, Ақ жол басылымының осы иедеологиялық қарама-
қайшылықтағы қуаттаған көзқарасына баға беру, оны бүгінгі күн талабына сай
қайта қарау.
Зерттеу жұмысының пәні. Патшалық билік тақтан тайып, Уақытша үкімет
пен Түркістан автономиясын құлатқан кеңестік биліктің өз саясатын
жергілікті жерлерде жүргізудегі ұстанатын ерекшеліктері, бұл
ерекшеліктердің баспасөзде көрініс табуы, партияның орган газеті саналатын
Ақ жол басылымыгның ұстанған бағыт-бағдары, оның тағдырын, басылымда
жарық көрген материалдарды нақты қоғамдық шындық зерттеу жұмысы барысында
ашып жазу.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Зерттеу
жұмысының теориялық-методологиялық негізін қалыптастыруда журналистика,
тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдары саласындағы жетекші
ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің саясат, оның принциптері
мен теориясы, тарихы туралы жазған еңбектері қолданыс тапты. Тарихи
оқиғалар мен құбылыстарды диалектикалық материалистік тұрғыдан қарастыруда
тарихи қағидалар мен объективті көзқарастар пайдаланылды. Іргелі еңбектер
мен зерттеулерді, деректерді ғылыми тұрғыда сараптауда нақты – тарихи-
салыстырмалы, сыннан өткізу, талдау, жинақтау және қорыту әдістері
қолданылды. Мұның өзі алынған ақпараттардың толықтығы мен шынайылық
деңгейін анықтауға көмектеседі.
Зерттеудің методологиялық негізін объективтілік, тарихилық, жүйелілік
сынды ғылыми танымның маңызды принциптері құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Магистрлік зерттеу жұмысы барысында
кеңес одағының шылауындағы Түркістан автономиясының орталығы Ташкент
қалсында жарық көрген партиялық орган Ақ жол басылымының жарық көру
алғышарттары мен қалыптасу барысына кешенді түрде салыстырмалы ғылыми
талдау жасалынды. Екіншіден, осы Ақ жол газетінің қоғамдық өмірдегі алар
орны мен маңызына, оның қайшылықты даму сипатына арнайы тоқталып, жан-
жақты аналитикалық сараптама жасалынды. Үшіншіден, Ақ жол басылымы арқылы
кеңестер Одағында қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік аппараттың жүйесіне
өзіндік сыни баға берілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми және теориялық-қолданбалық маңыздылығы.
Магистрлік диссертациялық жұмыстағы негізгі тұжырымдар мен ғылыми
зерттеулер тоталитарлық қоғамның негізгі белгілері мен даму жағдайларындағы
Ақ жол басылымына байланысты жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Зерттеу жұмысында талқыланған кеңестік әміршілдік-әкімшілдік
жүйенің саяси-идеологиялық өктемдігі қоғамның ілгері жылжуына, мемлекеттің
дамуына қаншалықты зардабын тигізгенін есесіне бұған қарсы негізде адами
құндылықтар мен ұлттық өркендеу бағытын ұстанған Ақ жол газетінің
прогрестік сипатын дәйектеп көрсеткен тағылымды тұстар, тың тұжырымдар
демократиялық қоғамға өтпелі кезеңде мемлекеттің ішкі саясатын, қоғамдық
идеологиялық ұстанымдарды анықтауда айтарлықтай қажет және маңызды.
Зерттеу жұмысында ұсынылған библиографиялық көрсеткіштерді ғылыми-
зерттеу мақалалары мен еңбектерін жазуда, Ақ жол басылымына қатысты
библиографиялық көрсеткіштер әзірлеуде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Магистрлік зерттеу жұмысы әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің мерзімді
баспасөз кафедрасының отырысында талқылаудан өтті. Зерттеу жұмысының
нәтижелері үш ғылыми мақалада жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, үш
бөлімнен, алты тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер
тізімінен тұрады.
І тарау жиырмасыншы жылдардағы саяси-әлеуметтік жағдай және қазақ
ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы
1. Ақ жол газеті жайлы факті мен дерек
Түркістан Республиксының кіндік басқарма комитеті (Түркатком) һәм
Түркістан Ортақшылар партиясының Кіндік Комитетінің (ТКП ОК) баспасөз
органы ретінде 1920 жылдың 7 желтоқсанынан 1926 жылдың сәуіріне дейін
жарық көрген Ақ жол газетінің бүгінгі тәуелсіздік тұғырында өткенге қайта
оралып, кемімізді толтырып, кетігімізді бүтіндеп отырған біздерге ұсынар
қазынасы көп-ақ. Барлық мәселеде көзжұмбайлықпен партияның ұр да жық
принципіне сүйеніп, қандай да бір құблысты тар өрістегі таптық тұрғыдан
талдауға тырысқан басқа большевиктік басылымдарға қарағанда Ақ жол
газетінің ерекшелігі партиялық орган болғандығына қарамастан, әр нәрсенің
екі жағы – күнгейі мен көлеңкесін тең таразылап, салмақпен ой айтып,
салиқалы пікір білдіре алғандығында болса керек. Басылымның мұндай жоғары
деңгейде көріне білуін әрине әр мезгілдерде газет басшылығында болған С.
Қожанов, С. Оспанов, Қ.Күлетов, Н. Төреқұлов, С. Асфендияров, И.Тоқтыбаев,
М.Дулатов, М.Қайыпназар, Ж.Арыстанов сияқты ұлтшыл азаматтармен бірге
белсенді автор ретінде газетке үзбей материалдар жазып отырған Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров сынды тағы басқа да
алаш зиялыларының қатысуынан деп қарасақ әсте қателеспейміз. “Ақ жолдың”
осы биіктен бой көрсете білгендігін тілге тиек еткенде Профессор М.
Қойгелдиев пен Шоқайтанушы Айтан Нүсіпхан мырза: Қазақстанда болып жатқан
әлеуметтік өзгерістерді сыни тұрғыдан талдап отыруды өз міндеті деп
түсінген бұл басылым сол тұстағы түркістандық кеңістіктегі жалғыз
оппозициялық мазмұндағы басылым еді. 1925 жылға дейінгі аралықта бұл
газеттің төңірегіне алаштық, ұлт-азаттық рухтағы интеллигенцияның
шоғырлануы оның сыни бағытын күшейте түскен болатын, –дейді[1]. Осы
айтқандай, қазақ халқының бағына туған ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың Ахмет
Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойына байланысты Қазықтың еңкейген кәрі,
еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз
денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек –
жеңін жиғызған Қазақ газеті болатын деген пікірінің де басқа емес, дәл
осы Ақ жол басылымының бетінде тасқа басылып шығуы тегіннен - тегін
болмаса керек [2]. Сондықтан да газеттің мейлі тарихи тұрғыдағы деректік
маңызын атайық немесе алаш арыстарының публициятикасы мен әдеби мұрасын
түгендеудегі айрықша рөлін баса көрсетейік, қалай болғанда да
ақтаңдақтарымызды анықтайтын ақиқатының мол екені рас. Басылымның тікелей
Сталин бұйрығымен жабылуы оның зерттелік
Ақ жол басылымының қазақ баспасөзінің 130 жылдық тарихындағы алар
орнының сөз жоқ заңғарда, биікте екені анық. Өз сыры мен шындығын 70 жыл
бойы ішіне бүгіп, жасырып келген кеңес шындығы күн өткен сайын аныққа шығып
келеді. Сонымен бірге кеңес шындығы ашылған сайын томаға тұйық тартып,
тарих беттерінде бимағлұм болып келегн зиялыларымыздың ұлт жолындағы
ұлылығы да анықталып, асқақтап келеді. Бұл сөз Ақ жол беттерінде
көсемсөздік шеберліктерін танытқан тұлғаларға да байланысты. Алайда Ақ
жол газеті әліге дерлік ғылыми айналымға түсіп үлгерген жоқ. Біз күткен
шындық та су бетіне толығымен қалқып шықпады. Мұндағы себеп баспасөз
беттерінде жарық көрген бірді-екілі мақала болмаса, арнайы зерттеп, жан-
жақтылы талдаған диссертациялар, монографиялық еңбектер әзірге жоқтың қасы.
Андыздап шыққан көк шөптей әр жерден басы бір қылтиятын сол
жарияланымдардан академик Сейіт Қасқабастың [3], Темірбек Қожакеевтің [4]
Данагүл Махаттың [5], Тұрсын Хазіретәлінің [6], С.С.Жандыбаеваның [7],
сондай-ақ Жомарт Сімтіковтың [8] туындыларын атаған болар едік. Әсіресе,
академик Сейіт Қасқабастың Ақ жол туралы үш құжат атты алғысөзін жазып,
баспаға әзірлеген материалында келтірілген бұрынғы Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің саяси зерттеулер иниституының партиялық архивінен
алынған құжаттар Ақ жол тарихын анықтауда зерттеушілерге өте құнды дерек
ретінде өз пайдасын беріп келе жатыр. Осы аталмыш бірқанша материалдарда
Ақ жол басылымы туралы азды-көпті фактілік дйектер көрсетіледі. Әр автор
әр түрлі қырынан әр басқа ой айтқанына қарамастан, бір ескерерлігі, Ақ
жолды зерттеушілер газеттің жабылу себебін саралағанда жүгінетін ортақ
пікірі ол – И.Сталинның 1925 жылы 29 мамырда Қазақстанның партия
басшылығына жолдаған Ақ жол туралы хаты. Қырөлкеком бюросының барлық
мүшелеріне деп жолданған И.Сталин хатының мына бөлігіне назар аударып
көрсек: Жуырда менің Ақ жол журналымен танысуға мүмкіндігім болды. Мен
осыған байланысты белгісіз емес Шоқаевтың ақгвардияшыл баспасөздегі кейбір
мақалаларын еске түсірдім және өзімді шошытқан осы мақалалар мен Ақ жол
журналының рухани ынтымағы деуге болатын кейбір жаңалықты аштым. Ақылға
симаса да бұл факт... [8].
Сталин хатында Жуырда менің Ақ жол журналымен танысуға мүмкіндігім
болды деп көрсетеді. Іс жүзінде тарихи шындық айғақтағанындай басылым
Түркістан коммунистік партиясы Орталық Комитеті және Түркаткомның органы
болған Ташкент кезеңінде де немесе Сырдария губерниялық комитетінің органы
болған Шымкент кезеңінде де газет қалпынан журнал болып өзгерген емес. Тек
1925 жылғы сәуір айында газет тілшілерінің 1-ші конференциясының
материалдары жинақ түрінде құрастырылып, мұқабасына журнал деп жазылған. Ал
Сталинның газетті журнал деп шатастыруындағы себеп не? Осы жаңылысуды қалай
қабылдауға болар немесе Сталинның газетті көрген-көрмегендігі жөнінде
нендей тұжырым жасаймыз? Ақ жолдың ақиқатын тануға талпынған алғашқы
қадамымызда бізді көлденеңдеп осындай сұрақтар қарсы алды. Ал бұл
түйткілдерге зерттеуші Данагүл Махат Ақ жол газеті неге жабылды? деген
мақаласында төмендегіше пайым жасайды: Біріншіден, Сталинның Ақ жол
басылымы газет пе, әлде журнал ма анық білмеуі де мүмкін. Себебі, Сталин
қазақ тілінде шығатын басылымды түпнұсқадан оқып түсінді деуге негіз жоқ.
Ақ жол газеті материалдарымен өзінің қасындағы арнайы адамдар дайындап,
аударған үзінділер арқылы таныс. Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай
И.Сталин Ақ жол журналымен танысқаннан кейін, Ақ жол газеті сәуір
айынан журнал болып шыға бастаған деп түсініп, осыған орай Қырғыз (Қазақ)
Өлкелік Комитеті бюросының барлық мүшелеріне ұлттық бағытқа баса назар
аударған басылым туралы: Ақ жол журналын түбірінен жедел түрде қайта
ұйымдастыруды, одан партияда жоқ интеллигенттерді қуып және оны коммунистік
насихаттың органы етуге байланысты шаралар қолдануды сұрауы әбден мүмкін
[9]. Әрине, Сталинның газеттің өзін түпнұсқадан көрген-көрмегендігіне
болжам айтуға болғанымен, басылым материалдарының қай сандарындағы қандай
материалдармен танысқандығы бойынша нақтылы бір тоқтамға келу қиын. Басты
қолбайлау, қолымызда әліге жетерлік фактілік айғақтардың аздығы. Сол үшін
де зерттеушілер Сталинның Ақ жолды журнал деу мәселесінде сөйлемді
нүктемен емес, көп нүктемен немесе сұрақ белгісімен аяқтауға мәжбүр. Міне
осындай жағдайларға байланысты И.Сталинның нұсқауы бар осы құжатқа жазған
қосымша түсініктемесінде ғалым Сейіт Қасқабас мырза: Сталин журнал деп Ақ
жол газетін айтып отыр. Ақ жол 1920-25 жылдары Шымкентте БКбП Сырдария
губерниялық комитетінің органы ретінде жарық көрді. Аптасына екі рет қазақ
тілінде шықты. И.Сталинның оған орыс тілінде арнайы аударылып берілген осы
газеттің мақалаларымен танысқаны байқалады [10],– деп қана қысқа қайырса,
Ақ жолдың журнал емес газет екенін ескерте айтқан Дархан Қыдырәлиев:
Осының өзі-ақ аталмыш газетті Сталинның көрмегенін, сондықтан бұл
материалды оған Қазақстаннан, яки орталықта Қазақстанмен айналысатын
әлдекімдердің дайындап бергенін көрсетеді [11] ,– деген ойын ортаға
салады. Жоғарыдағы келтірілген уәждердің барлығында Сталинның газетті
журнал атауы есебінен, оның басылымды көрмегені хақындағы пікірдің туы биік
желбіреп тұр. Сөйтсе де түрліше тұжырымдардан Данагүл Махаттың жасаған
жорамалы құптарлық. Өйткені И.Сталин Ақ жол газетінің мәлім бір
материалдарымен немесе толық емес үзінділерімен аудармашылары арқылы ғана
таныс болған. Яки ол газет тілшілері 1-ші конференциясының жинақ түрінде
шыққан материалдарын көрген. Сондықтан да ол оны журнал деп шатастырып
отыр. Тіптен, Сталин Ақ жолдың газет екенін білді, бірақ нұсқау хатында
жаңылысып журнал деп жазды деген күннің өзінде бұл пікір еш нәтиже
бермейді. Себебі, И.Сталин аталмыш хатында Ақ жолға байланысты журнал
сөзін үш жерде қолданған. Ал саналы адамның бір хатта үш рет байқамай бір
сөзден жаңылысуы мүлде ақылға симайтын жайт. Демек, И.Сталин Ақ жол
журналымен (газет тілшілері 1-ші конференциясының материалдар жинағы –
Ұ.С.) танысқаннан кейін, Ақ жол газеті сәуір айынан бастап журнал болып
шыға бастаған деген пікірдің таразы басы басым түседі.
Ақ жолға байланысты екінші бір маңызды мәселе ол И.Сталинның хатында
атап көрсеткеніндей газеттің европадағы Мұстафа Шоқаймен рухани байланысы.
...Мен осыған байланысты белгісіз емес Шоқаевтың ақгвардияшыл баспасөздегі
кейбір мақалаларын еске түсірдім және өзімді шошытқан осы мақалалар мен Ақ
жол журналының рухани ынтымағы деуге болатын кейбір жаңалықты аштым.
Ақылға симаса да бұл факт... деген Сталинның қан жұтқыш жауыз машинаның
тетігін ұстап тұрғанына қарамастан Ақ жолға осыншама маңыз беріп, шошына
айтуында қаншалықты негіз бар? Ақ жол газеті мен Мұстафа Шоқай арасындағы
байланысты қай деңгейде елестетуге болады? Енді осы сұрақтарға жауап іздеп
көрсек.
Мұстафа мен Ақ жолдың байланысы туралы тарихшы Мәмбет Қойгелдиев пен
Шоқайтанушы Айтан Нүсіпхан Мұстафа Шоқайдың таңдамалы жинағының алғы
сөзінде былай деп жазады: Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы оның
аргументтілігінде, пайдаланған фактілердің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол
фактілерді М. Шоқай негізінен түркістандық орыс және қазақ тіліндегі
басылымдардан алып отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1925
жылдары шығып тұрған ресми басылым Ақ жол газеті болатын [12]. Бұл
пікірдің дұрыстығын одан әрі Тұрсын Хазіретәлі Т. Рысқұлов хаттарын
негізне ала отырып: М.Шоқай, Қ.Болғанбаев, С.Қожанов редакторы болған
газеттің (Бірлік туы басылымын меңзеп отыр – Ұ.С.) төңірегіне топтасқан
ұлтшылдар кеңестік билік басына келіп, енді Ақ жол газетін шығарып отыр.
Олар өздерінің ұлтшылдық бағытын одан әрі жалғастырып, шет елде кеңес
өкіметіне қарсы иделогиялық майдан ашқан алашордашыл М. Шоқаймен байланысын
үзбей отыр деген тұжырымды алға тартады. деген қисындар тізбегімен қазықты
нықтап қаға түседі [13]. Бұдан басқа біз Мұстафа мен Ақ жол газеті
арасындағы қатынасты Дархан Қыдырәлиевтің еңбегінен де көре аламыз. Онда
ол: Мұстафа Шоқайдың Кеңестер Одағын сынға алған еңбектерінде жиі сілтеме
жасап, пайдаланған басылымдардың басында Ташкентте шығатын ресми Ақ жол
газеті келетін еді. Алаштың қайраткер ұлы Міржақып Дулатұлының
редакторлығымен жарық көрген бұл газет кеңестік жүйенің жағымсыз істерін
сынға алатын жалғыз ресми басылым еді. Алаш рухын асқақтатып ұстаған
газеттің бағыты әрине әлдекімдерге ұнай қойған жоқ,– дейді [14]. Мұстафа
Шоқай мен Ақ жол газеті арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екендігін
жоғарыдағы аталмыш пікірлерден ұғына келе, Кеңестік идеологиялық
ақпараттың М. Шоқайұлы сынына ызалана қарауы әбден негізді болатын. Өйткені
жоғарыда келтірілген И. Сталин хатында дәл айтылғандай, Ақ жол газетінде
жарияланған материалдар мен М. Шоқай сынының арасында тікелей байланыстың
бар екені даусыз деген тұжырыммен күдіксіз келісуге болады [15]. Сол
кездегі қалыптасқан күрделі де қиын жағдайда алаш зиялылары ұлы мақсатқа
тек ортақ іс-қимылмен жетуге болатынын өте жақсы білген. Сондықтан да жер
шарының екі үйегінде жүрсе де ашық - әшкере хабар - ошар алыспағанымен
сенімді, қауіпсіз жолдар арқылы өзара білісіп, іштей қолдау көрсетісіп,
күрестерін жалғастыруы ұлтын сүйетін ұлдардың, елін сүйетін ерлердің күн
сайын жаншып-жаныштап бара жатқан большевиктерге қарсы табиғи қимыл-
қозғалысы болатын. Бұл рухани қолдап, қуаттаудың анық мысалын қазақ
өнерінің ерен саңлағы, жезтаңдай әнші Әміре Қашаубай париж барғанында
Мұстафа Шоқайдың Әмірені Дория қонақ үйінен іздеп тауып, ел мен жердің
жағдайын сұрауынан, Үкімет басында кімдер тұр? Қазақтар бар ма? деуі,
сондай-ақ алаштың айтулы да айбынды арыстары Ахаң – Ахмет Байтұрсынов пен
Жақаң – Міржақып Дулатовтың хал-жағдайларын және немен айналысып
жүргендерін сұрап, құпия хат жолдауынан да айқын аңғара аламыз. Әміре
оралғаннан кейін елдегі алаш зиялылары да Мұстафаның шет елдегі қимыл –
харекетінен хабар тапқан-ды. Қырағы көз тыңшылар осы үшін кейін Әміреге де
алаш арыстарына да қорлық пен зорлықты жеріне жете көрсетті, тіптен өлімге
душар етті де. Міне осы теңдікке талпыныс пен елдікке ұмтылыс жолындағы
алаш зиялыларының мұраттарының үндестігі, идеяларының тұтастығы ғасырлық
уақыттан кейін бүгінгі ұрпақтары біздерге өз қадірі мен қымбатын әйгілеп
жатыр. Ұлтты сүйудің, ұлы мақсатқа ортақ жұмылудың осыдан артық үлгісі де
болмаса керек.
Ақ жол мен эмиграциядағы Мұстафа Шоқай арасындағы өзара байланыс
анықталғаннан кейін көкейімізді лезде бұл қарым-қатынаста дәнекерлік рөлді
кім атқарды? Ортақ мақсаттағы алаш ісіне, дәлірек айтсақ, қазақ тағдыры
үшін болған саяси күресте екі құрылықтағы тұлғалардың бір-бірінің іс-
әрекеттерінен хабардар болып тұруына қандай кейіпкер қол ұшын бере алды
деген сұрақтар тепкілейді. Бұл сұрақтарға жауап табу жеке Ақ жол басылымы
үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қазақ тарихының бимағлұм беттеріне де
қан жүгіртер сүйініш болар еді. Қазір бізді ойға шомдырып, жауап табуға
құлшындырып отырған бұл сұрақтар шынтуайтында осыдан ғасырға таяу уақыт
бұрын кеңес үкіметін де беймаза күйге түсірген. Әсіресе, басылым мен
Мұстафа арасындағы рухани байланыс қоғам және мемлекет қайраткері Т.
Рысқұловты да аз ойлантпаған сияқты. Бәлкім, Қожанов және тағы басқалар
Шоқаевпен осы Бірімжанов арқылы байланыспады ма екен? Солай деп ойлаймын.
Шоқаевтың өз мақалаларында Кеңес өкіметін өсекке таңғанда, әр кез Ақ
жолды және одан алған үзінділерді куәлікке тартуы тегін емес (Қараңыз:
Оның Дни газетіндегі мақалалары) [16] деген Тұрар Рысқұлов күмәнін 1922-
1924 жж. Германияда оқуда болған Ғазымбек Бірімжановқа сайлайды. Ал шын
мәнінде ол жылдары Германиядан қазақ жастарының біразы тәлім алған болатын.
Айталық, Бірімжановтан басқа Ә. Мұңайтпасов, Қазыбеков және Битілеуовтар.
Мұнан өзге өз қаражатымен Сабыр Таначаев та барған. Тұрар Рысқұловтың өзі
де Германиядағы түркістандық студенттердің жағдайымен танысып қайту
мақсатымен (Германияда бұл кезде 11 түркістандық (7 – өзбек, 4 – қазақ ),
47 бұқаралық (35 – өзбек, 8 – татар, 5 – түрікмен, 1 – еврей) барлығы 58
студент оқитын еді) 1923 жылы тамыз айының соңында Түркістан
Республикасының үкімет делегациясы ұйымдастырып, оны өзі бастап барады
[17]. Бұл күдік осы сапарынан туса керек. Кейінгі тарихи дамуда белгілі
болғандай эмиграциядағы Шоқай сынынан сескенген, шындыққа жуықтатып айтсақ,
өздерінің жауыздықтары мен баспасөзіндегі көпірме өтіріктерінің су бетіне
қалқып шығуынан шошынған кеңес үкіметі Ақ жол сынды турашыл, шыншыл
газетті жауып, ел ішінде Шоқайшылдықты әшкерелеуді жүргізеді. Бұл
әшкерелеудің қанды шеңгеліне әрине ең бірінші болып Бірімжанов іліккен еді.
Сатқын, тыңшы сынды жаптым жала, жақтым күйемен қара жапсыруға тырысқан
кеңестік биліктің қанқұйлы тергеуінде жауапкер ретінде Ғазымбек аз
қорлықты көрмегені белгілі. Сөйте тұра ол Мұстафа Шоқай туралы еш жаман
пкірге барған емес. Куә болып көрсек: В Берлин приезжал Чокаев. Я его
распрашивал о его жизни, раньше я его видел, но знаком не был. На мой
взгляд – это типичный эмигрант, вероятно, имеюший связь с белогвардейцами.
Он говорил, что работает в газета, жаловался на плохое житье, распрашивал о
положении в СССР, ругал Советскую власть [18]. Мұнда Бірімжановтың тергеу
кезінде сан түрлі қыспақтарға алынып, қинаудың алуан түрін басынан
өткергенін ескеру мәселені обьективті түрде түсінуге кең жол аша түседі.
Соған қарамастан Бірімжанов басқа алаш жолындағы азаматтар сиқты
Мұстафаның шет елде мұһажырлықта жүріп, ел үшін төккен тер, атқарған
еңбектерін бағалаған және оның азаттық күрестегі алар орнын да өте жақсы
түсінген. Демек Тұрардың Ғазымбектен күдіктенуі негізсіз де емес болатын.
Бұл айтқанымызды жалғасты дәлелдей түссек. Мұхаметжан Тынышбаев 1930 жыл 1
қазандағы қосымша жауап алу хаттамасына берген жауабында былай дейді: 1922
жылдың жазында Дулатов пен Әділов келіп, Берлинге оқуға бара жатқан Г.
Бірімжановқа қазақ халқының жағдайын шет елдік эмиграцияда жүрген Мұстафа
Шоқайға мәлімдеуді тапсыру қажет деді. Мен бұл ұсынысқа қосылдым. Әңгіме
үстінде осындай тапсырманы өзбектер кетіп бара жатқан өз студенттеріне
беріп - ті. Арада екі жыл өткен соң қайтып оралған Г. Бірімжановтан
Парижде тұратын М. Шоқай Берлинге келіп студент – жастармен кездесіп және
оның шет елде бірсыпыра жұмыстар атқарып жүргенін білдік... [19]. Ашық
ойлы, анық масатты көкірек көзі ояу Ғазымбек айтып – айтпай бұл
байланыстағы өз рөлінің маңыздылығын түсінген. Сондықтан да өзіне жүктелген
міндеттердің немесе басқаша айтсақ артылған сенімдердің үддесінен шыға
білген. Сол үшін де Бірімжанов Ғазымбекті алаш ісінде антына адал болған
азамат деп айтуға толық хақылымыз. Хақылымыз деп айтуға итермелей түсетін
тағы бір дәлел ол қазақ көсемсөзінің хас шебері Міржақып Дулатовтан қалған
асылдың тұяғы Гүлнар Міржақыпқызының Сталиндік репрессияға ұшырап, қуғын –
сүргін көрген қазақ зиялыларының жұбайлары туралы жазған естелігі. Аталмыш
Шындық шырайы атты естелігінде Гүлнар Міржақыпқызы көзі көріп, жадында
жаттаған біраз тұлғалар және олардың жанұялары жайлы баян етеді. Сондай
айдауда болып, азап көрген абзал жандардың бірі Сұлтанбек Қожановтың зайыбы
Күляндам Мұңайтпасқызы туралы да сыр толғайды. Күляндамның шыққан отбасын,
Сұлтанбекпен қосылғанын айта келіп: Сұлтанбек Қожанұлы (1904 - 1937) мен
жақсы білетін аға, қоңыр өңді, қысық көзді, ашаң денелі, сөйлегенде ыстық
қанды, өз айтқанынан қайтпайтын қайсар, өткір кісі еді, жұртты күлдіріп,
көңілді жүретін. 1920-1921 жылдары Ташкентте шығатын Ақ жол газетінің
редакторы М. Дулатов, Г. Бірімжановтармен бірге қызметтес болды деген біз
үшін маңызы жоғары жолдарды да қағазға түсіріпті [20]. Ғазымбектің Ақ
жолда қызмет жасауы бұл біз көтеріп отырған Ақ жол мен Мұстафа
байланысын тағы бір тың белеске көтерер таған. Тек дәйекті ғылыми тұрғыдан
жалғасты пісіріп, қорыта түсу қажет. Тағы да Гүлнар Міржақыпқызының
естелігіне зейін аударсақ: Садық Өтегенов Ташкенттегі мұғалімдер
семинриясын бітірген алғашқы ағартушылардың қатарындағы кісі. Түркістан
қаласында меншікті 13 бөлмелі үйлерінде өңшең оқымысты ғалымдар, жазушылар
– М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Ғ. Бірімжанов, М. Шоқай, С. Қожановтармен
дәмдес, пікірлес кісі болып араласып тұрған [21]. Бұл дәйектер арқылы да
Ғазымбек Бірімжановтың алаш зиялыларымен етене байланыста болғандығын
аңғара аламыз. Алайда Ғазымбек Бірімжанов елдегі ұлтшыл тұлғалар мен
европадағы Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстың негізгі бір көзі ғана.
Мұстафаның туған өлкенің тіршілік – тынысымен танысып, баспасөзіне қол
жеткізіп отыруында тағы басқа да жолдардың болғаны анық. Сол себепті де
бұл тақырып ішкерлей енуді, ұсақ детальдардың өзін жіңішкелікпен талдауды
қажетсінеді. Ал Мұстафамен жасырын байланысып, кеңес үкіметін құлатпақ
болдың деген жала қатарында негізгі айыптаушының бірі болған Мұстафаның
інісі Нұртаза (кей әдебиеттерде Мұртаза) тергеу кезінде қайырған жауабында
былай дейді:
Сұрақ: – Сіз шет елде тұратын ағаңыз Мұстафа Шоқаевпен қалай байланысып
тұрдыңыз?
Жауап: – Мен өзімнің туған ағам Мұстафа Шоқаевпен 1934 жылға дейін
хат арқылы байланысып тұрдым.
Сұрақ: – Кім арқылы және қалай байланыстыңыз?
Жауап: – Мен Мұстафа Шоқаевпен 1922 жылы Қожанов Сұлтанбек арқылы
байланыстым.
Сұрақ: – Қандай жағдайда Қожанов сізді шет елде тұрған ағаңыз Мұстафа
Шоқаевпен байланыстырды?
Жауап: – 1922 жылы Қыркүйек айының бірінде 14-ші ауылға шабарман
келіп, құпия түрде Сұлтанбек шақырып жатыр деді. Келген кісінің аты – жөні
Юсупназаров Абдулла екен. Ол Мұстафадан менің атыма хат келгенін хабарлап,
оны Қожановтан алуға болатынын айтты. Мен кешікпей Ташкентке жүріп кеттім.
Сондағы Қожанов Сұлтанбектің үйін тауып, онымен жолықтым. Ол маған Дулатов
арқылы келіп түскен Мүстафаның хатын берді. Содан батап мен онымен хат
арқылы тұрақты байланысып тұрдым [22]. Нұртазаның тергеушіге берген
жауабына сүйенсек Нұртаза хатты Сұлтанбек Қожановтан алған. Ал ол хат
Міржақып Дулатовқа келіп түскен. Сондай-ақ Нұртазаның көрсетуінше ол 1922
жылы Қыркүйек. 1922 жыл Ақ жол газетінің көп таралыммен шығып тұрған
кезі. Аты аталған Міржақып Дулатов та, Сұлтанбек Қожанов та Ақ жолдың
басшылары және негізгі жазарлары. Олай болса жырақтағы Мұстафаның Сұлтанбек
пен Міржақып арқылы Ақ жолды алып тұру ықтималдығы аса күшті. Бұл біз
айтып отырған Мұстафа мен Ақ жол басылымы арасындағы өзара байланыстың
бар екенін де шегелей түспек. Нұртазаның ағасы Мұстафамен хат - хабар
алысуы жайлы Қыдырәлиев Дархан да Мұстафа Шоқай атты еңбегінде: Қоқанда
құрылған Түркістан автономиясында тізе қосып қызмет атқарып, Бірлік туы
газетін бірге шығарысқан Сұлтанбек Қожанұлы Мұстафамен байланысын үзбей,
жалғастырып келе жатыр еді. Тіпті, Мұстафаның інісі Нұртаза да ағасымен
Сұлтанбек Қожанұлы арқылы хабарласып тұратын еді. Ағасының хабарын айтып,
мекен жайын берген Сұлтанбек сонда Нұртазаға Мұстафаның жолының дұрыс
екенін айтып, жігерлендірген еді, – деп айтады [23]. Бұл да жоғарыдағы
айтылымдарды ақиқатқа жетелейді.
Осынау алаштық идеологияны насихаттап, күйзелген халықтың күйін көтеріп,
езілген халықтың еңсесін тіктеу жолында өзіне ауыр міндеттерді жүктеп, әрі
еш тайсалып, қаймықпастан оны басылым бетінде жария ете білген Ақ жолдың
жазармандарын толық танумен бірге газеттің өзінің де тарихын ашалап анықтау
алдымызда тұрған келелі мәселенің бірі. Газеттің жабылу тарихы көп
зерттеушілер тарапынан қызығушылық тудырды. И. Сталин хатымен
байланыстырылып, не үшін жабылды деген сұраққа тұщымды жауап ізделінді де.
Дегенмен осы тұста басын ашып айтуға тиістісі ол – газеттің қашан, қалай
жарық көргені әліге зерделенбей, зейін аударылмай келеді. Бұл ретте
газеттің шығуы хақында даулы түйіндердің болмағанына қарамастан, белгісіз
түйткілдер де жоқ емес. С.С.Жандыбаева Ақ жол газетінің деректік маңызы
мен ерекшелігі мақаласында А. Хасеновтың История развития Казахской
Советской печати Южного Казахстана (1917-1925жж.) атты афторефератына
сілтеме жасап: 1918 жылдың июнь айында Түркістан АССР-інің құрамында
Түркістан компартиясының құрылуы туралы мәлімдеді. ТКП-ның 1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz