Жүрек өткізгіштігінің жіті бұзылыстары


Жүрек өткізгіштігінің жіті бұзылыстары
Жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылыстары бірнеше аурулардың негізгі симптомдарының бірі болып табылып, ол жедел емшараларын қажет етеді. Жүрек ырғағы бузылыстарының түрлерін зерттеулер арқылы дәл анықтауға болады. Көптеген жүрек ырғағы бұзылыстарының ішінде жиірек шұғыл емді қажет ететіндер мыналар: пароксизмалды тахикардия ұстамасы, жүрекшенің жыпылықтауы мен дірілі, Адамс-Стокс-Морганьи ұстамасы және қарыншалық экстрасистолиялардың кейбір түрлері мен синусты түйіннің әлсіздік синдромы.
Қарыншашілік блокада және оның жіктелуі:
І. Орналасуы бойынша:
1. Гис будасы бір тармағының блокадасы (біртармақтық блокадалар) :
а) Гис будасы оң аяқшасының блокадасы: толық және толық емес;
ә) Гис будасы сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы (сол жақтық алдыңғы гемиблокада) ;
б) Гис будасы сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы (сол жақтық артқы гемиблокада;
2. Гис будасы екі тармағының блокадасы (қостармақтық блокадалар) .
А. Біржақты: Гис будасы сол аяқшасының блокадасы (алдыңғы және артқы тармақтарының қосарланған блокадасы) ;
Ә. Екіжақты:
а) Гис будасы оң аяқшасының + сол жақ алдыңғы тармағының блокадасы;
б) Гис будасы оң аяқшасының + сол жақ артқы тармағының блокадасы;
3. Үштармақтақтық блокадалар - Гис. будасы үш тармағының қосарланған блокадасы.
4. Ошақты қарыншашілік блокада - Пуркинье талшықтар жүйесінің белгілі бір ошағында өткізудің бұзылысы.
ІІ. Дәрежесі бойынша: толық және толық емес.
ІІІ. Тұрақтылығына қарай: өтпелі, алма-кезек, тұрақты.
Пароксизмалды тахикардия
Бұл жүректің жиырылуының кенеттен жиіленіп, минутына 140-220 ретке дейін жетуі. Осындай ұстама кезінде науқас жүректің қатты соғуына, кейде әлсіздікке, кеуде артындағы ауру сезіміне немесе қысылуына, ентігу және қорқыныш сезімдеріне шағымданады. Терісінің бозаруы, еріндерінің көгеруі, мойын көк-тамырларының соғуы артериялық қан қысымының төмендеуі және полиуриялар байқалады. Пароксизмалды тахикардияның негізгі 2 түрі бар:
- қарыншаүстілік (жүрекшелік) ;
- қарыншалық;
Қарыншаүстілік пароксизмалды тахикардия. Мұны ЭКГ көріністері арқылы анықтаймыз. Онда көбінесе QRS комплексі өзгермейді, Р тісшесі осы копмлекске қосарланады және R-R ара қашықтығы бірдей болады. Бірақ кейде оның абберрантты түрлері кездесуін ескеру қажет. Онда қарынша ішіндегі өткізгіштіктің бұзылысы немесе импульсті өткізу жолындағы ақауларға байланысты QRS комплесінің деформациясы мен кеңеюі болады. Сондықтан осы тахикардияны қарыншалық түрімен салыстырып анықтаған жөн. Қарыншаүстілік пароксизмалды тахикардияда Р тісшесі QRS комплексімен байланысты, ал қарыншалық тахикардияларда ондай байланыс болмайды.
Жедел жәрдем.
- вагустық жүйкеге рефлекторлы әсер ету арқылы бастау керек. Мұндай тәсілдердің әсерлі түріне науқастың терең дем алу кезінде күшенуі және синокаротидті аймақтарға массаж жасау жатады. Бірақ бұл тәсілдер анамнезінде ми қан тамырларының аурулары бар 70 жастан асқан науқастарға көрсетілмеген.
Механикалық тәсілдердің әсері болмаған жағдайда, дәрілер қолданылады. Ең әсерлі дәрілердің бірі - 0, 25% 2-4 мл верапамил (изоптин, финоптин) көктамырға баяу енгізіледі. Сондай әсерлі дәрілердің бірі 1%1-2 мл АТФ (аденозин трифосфат) ерітіндісі және 10% 10 мл новокаинамид, Егер жоғарыда айтылған дәрілерге қарсы көрсеткіштер болса, кордарон 5 мг/кг, немесе аймалин 50-100 мг, не ритмиленді көктамырға енгізуге болады.
- ал жоғарыдағы дәрілерден әсер болмаса- электрлік импульсті терапия (ЭИТ) жүргізіледі немесе науқасты ауруханаға жатқызған дұрыс. Жәй дәрігерлік бригадалар көмек бере алмаған жағдайда, өздеріне арнайы мамандандырылған бригадаларды шақыртуы қажет.
Қарыншалық пароксизмалды тахикардия.
Бұл ЭКГ-дағы QRS комплексінің едәуір (0, 14с жоғары) кеңеюі мен бұзылуымен сипатталатын жүрек ырғағының бұзылысы. Аталған тахикардия көбінесе дигиталистермен уланғанда кездеседі.
Жедел жәрдем.
- пароксизмалды қарыншалық тахикардияны басуды 2% 6-8 мл (120-180 мг) лидокаин ерітіндісін көктамырға енгізуден бастайды.
Сонымен қатар, 2, 5% 4 мл этмозин (100 мг), ритмонорм 70мг, кордарон 5% 6-9 мл сияқты ерітінділерді де салуға болады. Ал егер жоғарыда аталған 2-3 аритмияға қарсы қолданылған дәрілердің әсері болмаса немесе аурудың жағдайы нашарлай түссе, онда ЭИТ жасалынады.
QТ аралығының ұзаруымен болатын қарыншалық полиморфты тахикардияларды басу үшін көктамырға 25% 8 мл магний сульфаты енгізіледі, қажет болған жағдайда қайталанады. Тахикардия басылғаннан кейін магний сульфатты тамшылатып енгізуге көшкен жөн.
Пароксизмалды жыпылықтау аритмиясы. Жыпылықтау аритмиясының ұстамасы бар науқастар жүректің қатты соғуына, ентігуге, жүрек тұсындағы ауыру сезімдеріне шағымданады. Қарап-тексергенде терісінің бозаруы, еріндерінің көгеруі байқалады. Аталған көріністер жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түріне тән. Жүрекшенің жыбыр пароксизмінде жүрек ырғағы дұрыс болмайды, пульс пен жүрек соғысының сәйкессіздігі болады. Жыпылықтау аритмиясы 2 түрге бөлінеді: - жүрекшенің жыпылықтауы мен дірілі.
Жүрекшенің жыбыры (фибрилляция) . Мұнда ЭКГ-да Р тісшесінің болмауы және майда не ірі толқынды F толқындар болады. Сонымен бірге R-R аралығы әр-түрлі болып, ырғақтын бұзылыстары байқалады.
Жедел жәрдем. Жүрекшенің тахикардиялық жыбырының ұстамасы гемодинамикалық бұзылыстармен қатар жүргенде мынадай дәрілер қолданылады; аймалин (гилуритмал) к/т 100мг, ритмилем 100-150 мг к/т, верапамил. Гемодинамиканың айқын бұзылыстарында және өкпенің ісінуі дамып, артериялық қан қысымы кенеттен төмендесе, аталған дәрілерді енгізу қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан осы жағдайларда ЭИТ қолданып, дигоксин 0, 5 мг енгізген дұрыс. Егер ұстама бірнеше күнге созылса, оны ауруханаға жатқызған дұрыс.
Жүрекшенің дірілі. Бұл аритмия жүрекшенің жиі және ретті ( минутына 250-ден жоғары) ырғағымен сипатталады. ЭКГ-да ұзақтығы 0, 1с созылатын, ара тәрізді F толқындар айқындалады. Жүрекше дірілінің ырғақтың реттілігіне қарай дұрыс және дұрыс емес түрі болады.
Жедел жәрдем. Егер жүрекше дірілі айқын гемодинамикалық бұзылыстармен қатар жүрсе, ЭИТ жүргізіледі. Ал басқа жағдайларда дәрілер қолданылады. Қан айналым жеткіліксіздігінен болған ырғақ бұзылыстарында жүрек гликозидтері мен калий препараттарын енгізген дұрыс. 0, 025% 1 мл дигоксин ерітіндісі мен 0, 6% 150мл калий ерітіндісін к/т тамшылатып енгізу қажет, Ал алкогольмен улану әсерінен болған ырғақ бұзылыстарында калий және магний препараттарын енгізген жөн. Сонымен қатар, новокаинамид, ритмонорм (Імг/кг дене салмағына қарай) сияқты аритмияға қарсы дәрілер енгізіледі.
WPW синдромымен қатар жүрген жүрекше дірілінде ең қолайлы дәрі аймалин болып табылады. Сонымен қатар новокаинамид, ритмонорм, кордаронды енгізуге болады. Ал АВ дәнекері арқылы өткізгіштікті бәсеңдететін - жүрек гликозиді, кальций антогонистері, В-адреноблокаторлар сияқты дәрілерді мүлдем қолдануға болмайды.
Жүрекше дірілі алғаш рет анықталған және ол айқын гемодинамикалық бұзылыстармен айқындалса, ондай науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет.
Экстрасистояиялар. Ол жүректің кезектен тыс импульсінің әсерінен, ерте уақытынан бұрын қозуы. Мұндай аурулары бар науқастар ешқандай шағым айтпауы мүмкін, бірақ кейбір науқастар жүректің тоқтаған тәрізді сезім және басқа қолайсыз жағдайларды сезінуі мүмкін. Аускультацияда жүректің уақытынан бұрын жиырылуын анықтауға болады.
Эктопиялық ошақтың орналасуына қарай қарыншаүстілік және қарыншалық экстрасистолалар болып бөлінеді. ЭКГ көріністерінде уақытынан бұрын пайда болатын кеңейген және түрі өзгерген QRS комплексі және оның алдында Р тісшесі болмайды. Жедел коронарлық жеткіліксіздік пен миокард инфаркті бар науқастарда кездесетін жиі, политопты, топты және ертелік қарыншалық экстрасистолияларда шұғыл ем көрсетуді талап етеді.
Жедел жәрдем - ең тез және әсерлі дәрі ретінде 2% 4-6 мл (80-120мг) лидокаин ерітіндісін көктамырға енгізуден бастап, ары қарай тамшылатып енгізу түріне көшеді.
- әсері болмаған жағдайда, көк тамырға этмозин 100мг, новокаинамид 750мг, кордарон 250 мг, аймалин 50мг.
- қосымша см ретінде полярлық қоспа (калий-инсулин-гиюкоза) енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz