Ауылшаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3-4

1 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың жалпы

сипаттамасы. 5-7

2 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі

мен түрлері 8

  1. Ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы 8-27
  2. Ауылшаруашылық серіктестіктермен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайы 28-37
  3. Су пайдаланушылардың ауыл тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы 38-51

3 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес

ұйымдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары 52-55

Қорытынды 56-58

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 59-61

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «2030 - Стратегиялық бағдарламасының» бастапқы негізгі жүзеге асырылуының себебі ауыл шаруашылық ресурстарын пайдалану арқылы Республиканың жалпы экономикасын дамыту болып табылады.

Шаруашылықтар арасындағы кооперация мен ауыл шаруашылық өнеркәсібінің кірігуі үдерісі ХХ ғ. 70-80 жылдарында ерекше белсенділікпен өтті. Бір кәсіпорында ауыл шаруашылығының және оның өнімдерін қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен, заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді орындаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктірудің ең қарапайым және сонымен бірге ең тараған түрі шаруашылық аралық кәсіпорындар, өндірістік және тұтыну кооперативтері болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2005 ж. қаңтардағы АӨК мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте мынаны атап көрсетті: Жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын өндірушілердің меншік құрылымында түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп, оның мемлекеттік емес түрлері басымдыққа ие болды. Оның үлесі 1991 жылғы 40 пайыздан 2004 жылғы 99 пайызға дейін артты. Мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру мен ұжымшарларды қайта құру жеке меншік шаруашылық жасаушы субъектілердің 11 есеге көбеюіне алып келді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен қайта өңдеу саласында кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылады.

Ұсынылып отырған жұмыстың жазылу мақсаты болып, қазіргі кезде қалыптасқан осы ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен пайда болған құқықтық қатынастар және олардың Қазакстан Республикасының заңдары бойынша реттелу мәселелері табылады. Сонымен қатар, осы мәселелерді ҚР заңдарына сәйкес ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың даму жолдарын анықтау.

Осы жұмысты жазар алдында мынадай аграрлық құқықты зерттейтін цивилист - заңгерлердің ғылыми еңбектері зерттелінді: Амирханова И. В., Архипов И. Г., Басин Ю. Г., Бектұрғанов А. Е., Еркінбаева Л. К., Стамқұлов Ә. С., Шайбеков К. А., Хаджиев А. Х., Күлтелеев С. Т. және басқалар.

1 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың жалпы сипаттамасы.

Ауыл шаруашылығының өнеркәсібі мен онымен тығыз байланысқан экономика саласының ұйымдарын жетілдіру әрқашанда мемлекет пен оның органдарының назарында болып келді. Шаруашылықтар арасындағы кооперация мен ауыл шаруашылық өнеркәсібінің кірігуі үдерісі ХХ ғ. 70-80 жылдарында ерекше белсенділікпен өтті. Бір кәсіпорында ауыл шаруашылығының және оның өнімдерін қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен, заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді орындаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктірудің ең қарапайым және сонымен бірге ең тараған түрі шаруашылық аралық кәсіпорындар, өндірістік және тұтыну кооперативтері болып табылды. Көптеген кооперативтердің қалыптасу мен дамуы және ұжымдық шаруашылықтар мен совхоздардың қызметін реттеу Ұжымдық шаруашылықтың Үлгілік Жарғысына (1969), Совхоздар тресті туралы ережеге (1975), Ауыл шаруашылығындағы шаруашылық аралық кәсіпорындар (ұйымдар) туралы ережеге (1977), Ауыл шаруашылығындағы өндірістік бірлестіктер туралы ережеге (1978), Ауыл шаруашылығындағы бүкілодақтық және республикалық бірлестіктер туралы ережеге (1980), Аудандық ауыл шаруашылық өндірісінің бірлестіктері туралы үлгілік ережеге (1982), Облыстық, аймақтық, республикалық ауыл шаруашылық өндірісінің бірлестіктері туралы үлгілік ережеге (1983), КСРО-ның «КСРО-дағы кооперациялар туралы» Заңына (1988) және басқа да актілерге сәйкес өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2005 ж. қаңтардағы АӨК мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте мынаны атап көрсетті: Жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын өндірушілердің меншік құрылымында түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп, оның мемлекеттік емес түрлері басымдыққа ие болды. Оның үлесі 1991 жылғы 40 пайыздан 2004 жылғы 99 пайызға дейін артты. Мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру мен ұжымшарларды қайта құру жеке меншік шаруашылық жасаушы субъектілердің 11 есеге көбеюіне алып келді. 1

Ауыл шаруашылығындағы жүргізілген аграрлық реформалар ХХ ғасырдың 90-шы жылдары мен ХХІ ғасырдың басында-ақ осы салада бұрын болмаған жаңа, нарықтық қатынастарға сәйкес келетін шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерін тудырды.

Кәсіпорындардың жаңа түрлері: шаруашылық серіктестіктері, шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, олардың қауымдастықтары мен одақтары, акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтері, тұтынушылық кооперативтері, ауыл шаруашылығындағы суды пайдаланушылардың кооперативтері, шаруа қожалықтары (фермерлік шаруашылықтар) пайда болды, олардың бірқатары коммерциялық, басқалары коммерциялық емес болып табылады.

Жоғарыда аталған субъектілердің көпшілігі « Шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде мемлекеттік қолдауын пайдаланады. Оларға Қазақстан Республикасының 1997 ж. 19 маусымдағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдау туралы»Заңы таралады, бұған сай шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асырады. Олардың кәсіпкерлік қызметіне кәсіпкерлердің құқығын қорғаумен кепілдік беріледі.

Заңды тұлғаны құрмаған жеке кәсіпкерлер, сонымен бірге келесі ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріндегі заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алады: толық серіктестік ; коммандиттік серіктестік ; жауапкершілігі шектеулі серіктестік ; қосымша жауапкершілікті серіктестік ; өндірістік кооператив . Оларға несиелік-қаржылық, салықтық, мүліктік қолдау жөніндегі шаралар мен шағын кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да мәселелер таралады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен қайта өңдеу саласында кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылады. 2

Соңғы жылдары әлемде кластерге деген қызығушылық күрт артты. Дамыған елдерде - Германияда, АҚШ-та, Жапонияда және Латын Америкасының, Азияның, Африканың дамушы елдерінде кластердің табысты дамуының көптеген мысалдары бар.

Ауыл шаруашылығының ұйымдары өздерінің қызметінің мақсаттарына сәйкес келетін жалпы азаматтық құқықтық қабілеттілікке ие. Барлық басқа заңды тұлғалар сияқты олар да өздерінің құрылтайшылық құжаттарына енгізілген және тікелей аталмаған, заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық құқықтарға және азаматтық міндеттерді атқару құқығына ие бола алады. Заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттары нелерді білдіреді?

ҚР АК 41 бабына сәйкес Заңды тұлға өзінің қызметін жарғының

немесе құрылтайшылық келісім-шарттың негізінде, немесе, егер заңды

тұлға бір адаммен құрылған болса, жарғының және заңды тұлғаны құру туралы жалғыз құрылтайшының жазбаша түрде ресімделген шешімінің негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен қарастырылған жағдайларда коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға осындай түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереженің негізінде әрекет ете алады.

Заңды тұлға мемлекеттік әділет органдарында тіркелуі тиіс.

Мемлекеттік тіркеудің деректері, сонымен бірге коммерциялық ұйымдардың деректері де, фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. Заңды тұлға өзін мемлекеттік тіркеген сәтінен бастап құрылған болып саналады (АК 42 б. ) Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыруы мүмкін, оның мазмұны Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.

Заңды тұлғаның құрылтайшылық келісім-шартты барлық құрылтайшылармен жасалады, ал жарғы құрылтайшылардың жиналысында бекітіледі. Егер коммерциялық ұйым бір адаммен құрылатын болса құрылтайшылық келісім-шарт жасалмайды.

Шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның және өндірістік кооперативтің құрылтайшылық құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары қарастырлуы мүмкін. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы ұйымдарының өзіндік ерекшелігі (құқықтық мәртебесінің ерекшелігі, жерді негізгі өндіріс құралы ретінде пайдалануы, шаруа қожалықтары үшін жер және жеке меншіктің құқығы объектісі, анықталған жеңілдіктер және т. б. ) құрылтайшылық құжаттарында, және тіпті атауының өзінде олардың қызметінің ауыл шаруашылықты сипатын көрсетуді талап етеді. Бірақ бұл осы ұйым құрылыс салумен, саудамен және т. б. айналыса алмайды дегенді білдірмейді. Тек, егер оның, бухгалтерлік және басқа да құжаттамалары арқылы белгіленетін, өндіретін ауыл шаруашылығының өнімі сәйкесінше нормативтік актілерде қарастырылғаннан төмен болса, бұл ұйымға ауыл шаруашылығының ұйымдары мен шаруа қожалықтары үшін белгіленген салықтар, сақтандыру, қаржыландыру, банкрот болу және т. б. жөніндегі белгіленген нормаларды қолдануға келмейді.

Сонымен бірге құрылтайшылық құжаттары түріне қарамастан бірқатар міндетті мәліметтерді мазмұндауы керек, атап айтқанда оларға жататындар: ұйымның атауы, оның орналасқан жері, оның органдарының қалыптасу тәртібі мен құзіреті, қайта құру және оның қызметін тоқтатудың шарттары.

2 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі мен түрлері. тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы.

2. 1. Ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы.

ҚР Азаматтық Кодексінің 108 бабында көрсетілген барлық коммерциялық емес ауылшаруашылық ұйымдарының ішінде ауылшаруашылықта кең ауқымда таратылған ауылшаруашылық тұтыну кооперативі мен олардың ассоциялары (одақтары) болып табылады.

Ауыл тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы 1999 жылғы 21 шілдедегі “ҚР Ауыл тұтыну кооперациялары туралы” Заңында реттелген.

Ауыл тұтыну кооперативтеріне олардың ассоциациялары (одақтары) мынадай қағидалардың негізінде қызмет атқарады:

  • мүлікке өз еркімен кіруі мен шығуы;
  • мүліктік (үлестік) және мүшелік жарнасын төлеу міндеттілігі;
  • басқарудың демократиялылығы;
  • ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау және өзара көмектесу;
  • кооперативтің ассоциациясының (одақтың) барлық мүшелеріне оның қызметі туралы мәліметтердің ашық болуы.

Ауыл тұтыну кооперативі дегеніміз - өздерінің материалдық және басқа да мұқтаждықтардың қанағаттандыру үшін мүшелік негізде мүліктік (үлестік) жарналарды біріктіру арқылы азаматтардың өз еріктерімен біріккен бірлестігі.

Ауыл тұтыну кооперативтерінің мүшесі ретінде заңды тұлғалар да бола алады.

Ауыл тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйым болып табылғандықтан, тек өз жарғылық мақсатына сәйкес мөлшерде ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

Ауыл тұтыну кооперативтері сауда-саттық, дайындау, табу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау және басқа да заңмен тыйым салынбаған қызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.

Ауыл тұтыну кооперативтері тек мүшелерінің ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын басқа да азаматтарды материалдық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін де құрылады. Ауыл тұтыну кооперативтері, құрылтай құжаттарында белгілі бір мерзімге немесе нақты мақсатқа жету үшін құрылады деп көрсетілмесе, онда тұрақты мерзімге құрылды деп есептелінеді.

Ауыл тұтыну кооперативінің атауы кооператив атауымен сонымен қатар, “Ауыл тұтыну кооперативі” деген қосымша сөздерден тұруы қажет. Осы атаумен кооператив мемлекеттік тіркеуге жатады. Сонымен қатар кооператив қысқартылған атау нысанын қолдануға да құқылы.

Ауыл тұтыну кооперативі заңды тұлға болып табылады және мынадай құқықтарға иелене алады:

  • үлес иелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысуға;
  • белгілі бір мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін;
  • ҚР заңдарымен және кооператив жарғысымен бекітілген тәртіп бойынша өзінің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға;
  • үлес иелерінен қосымша үлес және басқа да азаматтар мен заңды тұлғалардан қаражаттар жинауға;
  • ҚР заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
  • тұтыну кооперативінің құқықтарына нұқсан келтіретін лауазымды тұлғалардың әрекеттерімен мемлекеттік органдардың актілеріне сот тәртібі негізінде шағымдануға;
  • ауыл тұтыну кооперативі жарғысында көрсетілген мақсаттарына жету үшін заңды тұлғаның басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқылы;

Заңды актілермен бекітілген басқа да жекеленген қызмет түрлерімен ауыл тұтыну кооперативі тек лицензия арқылы айналыса алады.

ҚР заңдарына сәйкес ауыл тұтыну кооперативтері өзінің тұрған жерінен басқа жерлерде филиалдар мен өкілдіктерін аша алады.

Кооператив өзінің мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыратын органға филиалдар мен өкілдіктерінің құрылғаны және олардың тұрған жері туралы хабарлауға міндеті.

Ауыл тұтыну копперативінің филиалдарының құрылуы мен өкілдіктерінің ашылуы туралы шешім кооперативтің атқарушы органымен қабылданады, егер де кооператив жарғысында мұндай шешім жалпы жиналыста қабылданады деп қаралмаса.

ҚР заңдарында көрсетілген жағдайлардан басқа кездерде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кооперативтің шаруашалық, қаржылық және басқа да қызметтеріне араласуға құқылы емес. Ауыл тұтыну кооперативтері және олардың ассоциациялары (одақтары) өз бетінше өздерінің экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын өңдейді.

ҚР заңдарында бекітілген тәртіпке сәйкес, ауыл тұтыну кооперативі мен олардың ассоциациялары (одақтары) құқықтарын бұзатын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері жарамсыз болып табылады.

Ауыл тұтыну кооперативтері мен олардың ассоциацияларына (одақтары) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген шығындар ҚР заңдарына сәйкес өтеледі.

Ауыл тұтыну кооперативтерін құру тәртібі.

Ауыл тұтыну кооперативтерін құру құрылтай жиналысын өткізуден басталып, өзін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден аяқталады.

Азаматтар ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысын өткізуге және онда қарастырылатын құжаттардың жобасын дайындау үшін ынталы топтар құра алады.

Ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысы мынадай сұрақтарды шешеді:

  • ауыл тұтыну кооперативін құру, оның фирмалық атауы мен тұрғылықты жері туралы шешім қабылдайды;
  • үлес қосушылардың өтініші бойынша тізімін бекітіледі, өтініште олардың тегі, аты, әкесінің аты, жеке басты куәландырылатын құжыт бойынша мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғаның тұратын жері көрсетілуі тиіс.
  • кооператив қызметінің пәні мен мақсатын анықтайды;
  • мүліктік (үлестік) жарналардың құрамын, мөлшерін және енгізу мерзімін белгілейді;
  • ауыл тұтыну кооперативінің жарғысын бекітеді;
  • атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарын сайлайды.
  • ауыл тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібі, мерзілік және оған жауапты тұлғаларды белгілейді;
  • ауыл тұтыну кооперативін құруға байланысты басқа да сұрақтарды шешеді.

Ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысының шешімі хаттамасымен рәсімделеді. Құрылтай жиналысының хаттамасына тарағанның және хатшыны, қолдары қойылған.

Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысы мынадан тұрады:

  • кооперативтің атауы мен орналасқан жері;
  • кооператив қызметінің пәні мен мақсаты;
  • кооператив мүшелерінің кіру және шығу тәртібі, олардың кооператив мүлігінен өз үлесін алу тәртібі;
  • мүліктік (үлестік) жарналардың құрамы, мөлшері және енгізу тәртібі, жарналарды төлеуге байланысты міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылық;
  • ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарын құру, сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттілігін бекіту, олармен қабылданатын шешімдердің тәртібі;
  • кооперативке келтірілген шығындардың мүшелерімен өтелу тәртібі;
  • ауыл тұтыну кооперативінің қызметін тоқтату және қайта құру шарттары;
  • филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер.

Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысына қосымша үлес қосушылардың аты-жөндері, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжат бойынша құжат мәліметтері бекітіледі.

Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысында ҚР Заңдарына қайшы келмейтін өзге де ережелер бекітілуі мүмкін.

Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысына өзгертулер жалпы жиналыстың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Кооператив жарғысына өзгертулер мен толықтырулар тиісті мемлекеттік органда тіркеледі.

Ауыл тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша әділет органдарында жүзеге асырылады.

Ауыл тұтыну кооперативіндегі мүшелік.

Ауыл тұтыну кооперативіне мүше (үлес қосушы) ретінде 18 жасқа толған азаматтар және заңды тұлғалар бола алады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар бірнеше ауыл тұтыну кооперативтерінің мүшесі бола алады.

Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесінің саны- екеуден кем блмауы керек, ал мүшелерінің саны шектелмейді.

Ауыл тұтыну кооперативіне жаңа мүшелерді қабылдау заңда көзделген тәртіп негізінде және ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысы негізінде кооперативтің атқарушы органнның шешімімен рәсімделеді;

Ауыл тұтыну кооперативіне мүше болуға ниет білдірген азаматтар мен заңды тұлғалар кооперативінің атқарушы органына мүшелікке қабылдау туралы жазбаша түрде өтініш береді. өтініште азаматтың аты-жөні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері көрсетілуі тиіс.

Кооператив мүшелікке қабылдау туралы өтініш ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы органымен 10 күн ішінде қаралуы керек.

Кооператив құрылғаннан кейін оның мүлігіне үлестік құқығы бар үшінші жақтар кооператив мүшелікке қабылдануға бірінші кезекте құқылы болып табылады.

Егер де кооператив мүшесі қайтыс болса, онда оның мұрагерлері мүшелікке бірінші кезекте қабылдануға құқылы.

Ауыл тұтыну кооперативі мүшелерінің мынадай құқықтары бар:

  • кооператив мүшелігіне ерікті түрде кіріп, одан шыға алады;
  • кооператив қызметіне қатысуға, кооперативтің органдарына сайлануға және сайлауға, кооператив қызметінің жақсаруына ұсыныстар жасауға, кемшіліктерін жоюға қатысуға;
  • басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға қарағанда ауыл тұтыну кооперативі тауарларын алуға артықшылық құқыққа иеленуге;
  • ауыл тұтыну кооперативі жалпы жиналысы мен үлес қосушыларға берілген жеңілдіктерді пайдалануға;
  • ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарынан олардың қызметі туралы мәліметтер алуға;
  • кооперативтің атқарушы, бақылаумен және басқа да органдарының заңға қайшы әрекеттері болса жалпы жиналысқа шағымдануға;
  • кооперативтің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдардың өздерінің мүдделеріне қатысты шешімдеріне сот арқылы шағымдануға;
  • кооператив өз жұмысын тоқтатқан кезде өз қосқан үлесіне тең көлемде мүлігін қайтарып алуға тиіс.

Ауыл тұтыну кооператив Жарғысында ҚР заңдарына қайшы келмейттін мүшелердің басқа да құқықтары көрсетілуі мүмкін.

Ауыл тұтыну кооперативі мүшелерінің міндеттері:

  • ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысын сақтау;
  • кооператив жалпы жиналысының, атқарушыбақылаушы және де органдардың шешімін орындау;
  • кооператив Жарғысы бойынша өзіне бекітілген міндеттемелерін орындау;
  • кооперативтің Жарғысымен бекітілген мүліктік (үлестік) жарнасын уақытында, өз мөлшерінде, тәртіп бойынша төлеу.

Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысында ҚР заңдарында қайшы келмейтін мүшелерінің басқа да міндеттері бекітілуі мүмкін.

Ауыл тұтыну кооперативіндегі мүшеліктің тоқтатылу негіздері:

  • үлес қасушының өз еркімен шығуы;
  • кооперативпен шығарылған кезде;
  • кооператив мүлігіндегі үлесіне өз құқығын жоғалтқанда;
  • үлес қосушының қайтыс болуы;
  • кооператив жойылуы.

Ауыл тұтыну кооперативінде мүшелігінің аяқталуы туралы кооперативтің атқарушы органы хабарлауы тиіс.

Заңға сәйкес өз еркімен кооперативтен шыққан мүшесі өзінің қосқан үлесіне тең мүлігін қайтарып алады.

Кооперативпен өз еркімен шығуы туралы өтініш кооперативтің атқарушы органмен 10 күн ішінде қаралуға жатады.

Ауыл тұтыну кооперативі мүшелігінен шығу жерғыға сәйкес жүзеге асырылады.

Кооперативтің қызметіне нұқсат келтірсе, өз әрекеттерімен шығып келтірсе, өз міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін мүшеліктен шығару үшін жалпы жиналыстың шешімі болуы керек. Ол туралы жазбаша түрде 10 күн бұрын хабарлауы керек.

Кооператив мүшелігінен шығарылған үлес қосушыға өз үлесіне тең мүлігі қайтарылып беріледі.

Кооператив мүшелігінен шығару туралы жалпы жиналыстың шешімін сот тәртібімен шағындалуға жатады.

Ауыл тұтыну кооперативінде мүліктік үлесіне құқығын жоғалтқан үлес қосушы өз мүшелігін тоқтатады.

Үлес қосушының өз үлесін жоғалтуы мынадай жағдайда болады:

  • сату арқылы;
  • сыйға тарту;
  • өсиет қалдыру;
  • кепілге бергенде;
  • басқа жағдайда билік еткенде;
  • сот шешімін шығарғанда.

Үлес қосушы өз үлесіне құқығын жоғалтқан кезінде кооперативтің атқарушы органына хабарлайды.

Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесі болып табылатын үлес қосушы қайтыс болған кезде оның мүшелігі тоқтатылады.

Кооперативтің атқарушы органы қайтыс болған мүшесінің үлесін өз қосқан үлесіне тең көлемде оның мұрагерлеріне тапсырады.

Ауыл тұтыну кооперативінің жатылуы барлық үлес қосушылардың мүшелігі тоқтатуға әкеп соғады, бірақ, бұл кезде де олар өз үлестерін қайтаруға құқылы.

Ауыл тұтыну кооперативін басқару.

Ауыл тұтыну кооперативінің органдары:

  • жоғарғы орган-жалпы жиналыс;
  • атқарушы орган-басқарма;
  • бақылаушы орган-тексеру коммисиясы (тексеруші) ;

Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысында басқа да органдардың құрылуы туралы көрсетілуі мүмкін.

Жалпы жиналыс - кезекті немесе кезектен тыс шақырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
ҚЫТАЙ БАНК ЖҮЙЕСІ
Коммерциялық банктердің тарихы
Ұзақ мерзімді несие
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Банк пен филиалдардың несиелік қызметінің мониторингі
Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылым
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz