Коммерциялық банктердің несие портфелі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . 3

1 Коммерциялық банктердің несие портфелінің мәні мен негізі

1. 1 Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда болу негізі. . . . 5

1. 2 Несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау. … . . . 6

1. 3 Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының рөлі. . . . 9

2 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

2. 1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының несие саясаты . . .

2. 2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының несие

қоржынын талдау. . . . 33

2. 3 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның қаржы нарығындағы рейтингі мен өтімділігі . . . 43

3 Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың жетілдіру

жолдары

3. 1 Проблемалық несиені басқаруды жетілдіру жолдары. . . . 50

3. 2 Тәуекелді төмендету әдістерін пайдаланудағы жолдарын

жетілдіру. . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . 59

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - коммерциялық банктердегі несиелік портфель банктің табыс көздерінің бірі болып табылғандықтан, оны дұрыс сапалы түрде бағалай білу, сол сияқты басқару бұл - банк қызметінің ажырамас бөлігі, және басты мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан экономикалық өзгерістердің негізгі бағыттарының бірі - халық шаруашылығы механизмінде қаржы сферасының алатын орнының өзгеруімен байланысты болып табылады. Жоспарлы экономика тұсында ақша - несие ағымдары шаруашылық айналымда айтарлықтай рөл атқарған жоқ,, ол тек өндіріс сферасының жоспарланған мақсаттарын орындауға қажетті құрал ретінде ғана қарастырылды. Бірақ нарықтық экономикаға өту жағдайында қаржы ағымдарының мәні күрт өзгерді. Нарықты экономика тұсында шаруашылық жүргізу субьектілерінде қаржы ресурстарының қажетті мөлшері қолда болуы немесе болмауы шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуының негізін қалаушы фактор болып табылады.

Бүгінгі таңда нарықтық экономикада несие - банктік жүйеде ерекше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ақшалай төлемдері мен есеп айырысуларының аса зор көлемі халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып, оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Сонымен бірге, бұл жүйе көптеген қызметтерді несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық қызметтерін көрсетеді.

Қазақстанның нарыққа өтуі көбінесе несиелік қатынастар потенциалының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгінгі таңда біздің елімізде несиелік қатынастар бірқатар өзгерістерге ұшырап отыр, Сонымен бірге жалпы несиелердің ішінде өтімділігі жоғары қысқа мерзімді несие ерекше көзге түседі. Кәсіпкерлер арасында қысқа мерзімді несие қызығушылық туғызып отыр.

Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып реттеледі: ''Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” және ''Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы'' заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекітілген ''Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелері''. Бұл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы банктермен қолдануға тиесілі.

Диплом жұмысының мақсаты - коммерциялық банктердің несиелік портфелін және оның сапасын бағалаудың теориялық негізін ашу, сондай-ақ «Банк Центр Кредит» АҚ-ы мысалға ала отырып, оның несиелік портфелін басқару саясатының ерекшелігін қарастыру болып табылады.

Сол себептен диплом жұмысында келесі міндеттер қарастырылады:

- несиелік портфель туралы түсінік беру;

- коммерциялық банктердің несиелік портфелінің сапасына ықпал ететін факторларды талдау және несиелік портфельді басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

- коммерциялық банктердің пайдасын құруда несиелік саясаттын алатын орнын анықтау;

- «Банк Центр Кредит» АҚ несиелік портфелінің сапасына талдау жасап, оны басқару саясаттарының мақсаттарын анықтау;

- несиелік портфельдің сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;

- коммерциялық банктерде несиелік саясаттының даму барысы, мәселелері мен жетілдіру жолдарына тоқталу болып табылады.

Диплом жұмысымда жүргізілген зерттеу коммерциялық банктерде несиелік портфельдің қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге жүргізілетін несиелік операциялардың көлемін келешекте кеңейту үшін алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшін маңыздылығы мен салдарын анықтауға, несиелеу процесінде туындайтын тәуекелділік деңгейін төмендету жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.

Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың объектісі болып «Банк Центр Кредит» Акционерлік Қоғамы болып табылады.

1. Коммерциялық банктердің несие портфелінің мәні мен негізі

1. 1 Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда

болу негізі

Біздің елде банктердің несие қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша Жарлықтары мен Заңдық актілерінің негізінде шығарылып, орындалатын Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік - құқықтық актілерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасындағы несие қызметін реттейтін ең басты Заңдық акт 1995 жылдың 31 тамызында шыққан № 2444 Заң күші бар

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (25. 04. 01 №179 - II Қазақстан Республикасының Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен қоса) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болып табылады.

« Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы » Заңның 34 бабында қарыз операциясының анықтамасы берілген. Мұнда, жеке банк операцияларын жүзеге асыратын банк немесе ұйым қаржыны басқа тұлғаларға мерзімділік, қайтарымдылық және төлемділік талабына сай береді.

Банктік қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету Заңын 35 бабымен реттеледі. Заң бойынша несие қайтарымдылығы (Заңға немесе шартқа сәйкес) тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепіл, кепілгерлік және т. б. тәсілдермен қамтамасыз етіле алады. Банк клиентінің несиені өтеу қабілеті мен сенімділігі жоғары болған жағдайда қарызды беру жөніндегі шешімді қамтамасыз етілмеген етіп қабылдауға құқылы (бланкілік несие) .

Заңның 36 бабында банк қарыз алушының төлеу қабілетсіздігіне қатысты шара қолдана алатыны қарастырылады. Бұл банкпен жаңа қарыздардың берілмеуі, қарыз алушының кез - келген шотындағы оның келісімінсіз қаражатын өндіріп алу немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігін мойындау жөнінде сотқа беру. / 1. 18-19б. /

Несиелеу саясатындағы екінші деңгейлі банктер қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1996 жылдың 16 тамызында шыққан № 276 «Екінші деңгейлі банктермен несиелеу бойынша құжаттакмаларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қаулысын бекітті. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен, банк жүйесіндегі несие тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру және банктердің қызметін инспектірлеу бойынша функцияларды орындау үшін талаптарды белгілейді. Айтылған Ережеде несиелеу тәжірибесінде қолданылатын дефинициялар берілген. Олар:

а) «негізгі қарыз» - банкпен қарызға берілген ақша сомасы;

ә) «банк қарызы бойынша сыйақы» - банкіге қатысты жылдық қаражат мөлшері есебінен негізгі қарызға ( қарыз сомасына ) қатысты пайызға шағылуында анықталатын берілген қарыз үшін төлем;

б) «қарыз шарты» - сыйақы мөлшері жөніндегі шартты, қарыз алушымен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, сонымен қатар жеке банктік қарыз бойынша тәуелділікті төмендетуге бағытталған ерекше талаптарды қосқандағы берілген банктік қарызға қатысты шарт түрі. /10. 7б. /

Ережеде кез келген банктік қарызды беру кезіндегі қажетті құжаттамалар тізімі анықталған және банктік қарыз шартының міндетті талаптары ескертілген.

Қазақстан Республикасының банк жүйесін нығайту мақсатында және несие берушілердің мүддесін қорғауда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер үшін провизияларды ынталандарудың міндетті түрде болуын белгілейді. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері № 218 1997 жылдың 23 мамырынан шыққан «Банк активтерінің классификациясы мен шартты міндеттемелері бойынша провизияны есептеу туралы» Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктермен берілген қарыздарды классификациялайды. банк активтерінің классификация критерийлері болып мыналар табылады:

а) ағымдық қаржылық ақпарат негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайын, активтер сапасын, олардың айналыс жылдамдығын, өтімділік көрсеткіштерін, жеке капиталы мен қарызға алынған қаражат арасындағы қатынасты, жалпы пайда мен таза табыстың пайыздық өсуін талдау;

ә) қарыз алушы мен банк арасындағы қарым - қатынас. Клиенттер банк қарызын алудың шартын түсінуі тиіс және оны міндетті түрде орындауы қажет;

б) банкіге берілген кепілдік және банк қарызын кепілдік есебінен өтеу жағдайында оның құны ( оның өтімділігі ) ;

в) негізгі қарыз сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу. /18. 1-2б. /

Банктер шаруашылық қатынастар қатысушыларының қаржы делдалы болып, республика экономикасында үлкен рольді атқаратындықтан, нарықтық қатынастың дамуы банк заңдылықтарының жаңартылуына әкеліп соқты.

Осының нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы банк қарызы айқын түрде қайта құрылды және нысаны мен мазмұны бойынша өркениетті болды деуге болады.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан монетарлық саяса, нисие қызметі аумағындағы банктер жұмысының стилі мен әдісін халықаралық стандарт талаптары мен нормаларына қарай өзгертуді мәжбүр етуге жағдай туғызды.

Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының құқықтық негізін анықтаудан кейін, несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролін анықтау қажет.

1. 2 Несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау

Несие қоржыны банк табысының және активтерді орналастыру кезіндегі тәуекелдің басты көзі қызметін атқарады. Банк қоржынының құрылымы мен сапасының жақсы болуы, банктің орнықтылығы, оның репутациясы мен қаржылық сәттілігіне әсерін тигізеді. Сондықтан, банктердің барлығында қоржында бар қарыздардың сапасына бақылау, қабылданған стандарттар мен банктің несие саясатының мақсатынан ауытқу жағдайларын анықтау және тәуелсіз экспертиза жүргізіледі. Несие қызметкерлері мен жоғарғы қызметкерлер нақты салалар мен жеке қарыз алушылардағы капиталдың шамадан тыс шоғырлануын анықтау мақсатында несие портфелінің құрамын, сонымен қатар банк жағынан араласуды қажет ететін проблемалық қарыздарды талдайды. /12. 111б. /

Несие қоржынын қалыптастыру кезінде, банк барлық инвесторларға қатысты жалпы принципті ұстануға тиіс. Ол жоғарғы табысты және аса тәуекелді салымдарды несиелеудің төмен тәуекелді бағыттарымен байланыстыру.

Несие тәуекелі - бұл қарыз алушының негізгі қарыз бен пайызды төлемеу тәуекелі немесе несие мәмілесі контрагентінің өзіне қатысты алынған міндеттемелер бойынша әрекет ете алмауы.

Пайызды төлемеу кезінде, банк өзінің табысын жоғалтады, негізгі қарыздың қайтарылмауы кезінде, банк сенімсіз несиені шығынға жатқызады да, осы несие мәмілесі бойынша залал шегеді.

Несие тәуекелін минимизациялаудың мынадай жолдары бар:

1) несие қоржынын диверсификациялау;

2) қарыз алушының несиені өтеу қабілеті мен төлем қабілеттілігіне

алдын ала талдау жүргізу

3) несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістерін қолдану (кепілдік,

кепілгерлік, кепіл, цессия, сақтандыру) ;

4) қарыз бойынша мүмкін болатын жоғалтуларға резервтерді

қалыптастыру.

Несие қоржынын диверсификациялау - бұл бірнеше бағыт бойынша несие тәуекелін сейілту, бөлу. Банктер бір ғана қарыз алушыны немесе бірнеше ірі қарыз алушыларды несиелендіруді немесе бір - бірімен байланысты қарыз алушыларды тобына ірі несиені беруді шектеу керек.

Несие қоржынын диверсификациялау ережесі: несиені түрлі экономика салаларынан әр түрлі кәсіпорындарға аз сомада қысқа мерзімге және қарыз алушылардың көп бөлігіне беру. Тәукелді төмендетудің қосымша шарты ретінде қарыз қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері негізінде несие қайтарымдылығын қамтамасыз етуді диверсификациялауды қолдану қажет, яғни кепілдік, кепіл, кепілгерлік, сақтандыру. Осы ережені сақтау несие мәлімесі мүмкін болатын жоғалтуларды басқа несие мәлімесінен түскен пайда арқылы өтеуге мүмкіншілік береді. /22. 119-120б. /

Несие қоржынының жағдайына бақылауды жүргізеді:

  • несие бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері;
  • несие бөлімшелерінің жетекшілері және филиалдың директорлары;
  • Басқарма төрағасының орынбасары;
  • банктің Несие Комитеті;
  • банк Басқармасы.

Несие қоржынының жағдайы туралы есеп Несие Комитеті мен банк Басқармасына тұрақты түрде ұсынылады.

Несие қоржынын бақылау бағдарламасы банк түріне, оның мамандандырылуына, несиені өтеу қабілетін бағалау әдісіне байланысты.

Қарызды тексеру қаржылық есепті қайта талдауда, қарыз алушы кәсіпорынның келуінде, құжаттарды тексеру, қамтамасыз етуде болуы мүмкін және т. с. с. Бақылау тексерісі кезінде банктің несие саясатының мақсаттары мен нұсқауларына қатысты қарыздың сай болуы туралы сұрақтар қайта қарастырылады, клиенттің несиені өтеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына, операциялардың табыстылығына талдау жүргізіледі және т. с. с.

Банктердің көбі кезекті бақылау тексеріс барысында параметрлер қатары бойынша несиені қорытынды бағалауды көрсететін қарыздарға рейтинг белгілейді. Кейбір әдістемелерде қарыздарға категориялардың біріне сай номер белгілейді (1, 2, 3 . . . ) . Олар «Ең жоғарғы сапа», «Қанағат», « Маржиналды қарыз», «Сыни қарыз», «Есептен шығаруға жататын залалды қарыз».

Рейтинг бойынша қарыздың жіктелуі банкке несие қоржынының құрамын бақылауға мүмкіншілік береді. Мысалға, «Сыни қарыз» бұрын қоржынның 1, 5 пайызынан кемін құраса, соңғы төңкерістің нәтижесі бойынша 5 пайызын құрады. Қоржынның нашарлау себептерін шешу және жағдайды жөндеуге қатысты шаралар қолдану қажет. Егер сыни қарыздың өсуі нақты шаруашылық саласындағы қарыз алушыға немесе нақты несие түріне байланысты болса, онда осы қарызды беруді қысқарту керек. Тексеріс негізінде жеке несие инспекторларының және банк бөлімшелерінің жұмысын бағалауға болады.

Несиенің жіктелуі несиені басқарудың басты инструменті болып табылады. Себебі, банк тәуекелді жіктейді және несиені жоғалту мүмкіншілігін, сонымен қатар оларды тиімді басқару жолдарын анықтайды.

Клиенттің қаржылық - экономикалық жағдай, оған несиенің негізгі сомасы мен пайызын төлеуге мүмкіншілік бермесе, ал кепілдік құны бұл соманы жабу үшін жетіспеу кезінде, банктің тұрақты жағдайын сақтап қалу үшін резервтерді құру бойынша банкте орынды саясаттың болуы қажет. Банктің несие қызметінен болатын залалды жабуда провизияларды құру керек. Провизиларды құру кезінде мыналар қолданылады:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие қоржынын жіктеу әдістемесі;

коммерциялық банктердің несие қоржынын жіктеудің ішкі әдістемесі.

Несиені жіктеудің критерийлері болып мыналар табылады:

  • ағымдағы қаржылық ақпараттың, активтер сомасының, олардың айналыс жылдамдығының, өтімділік көрсеткіштерінің, жеке капитал мен қарызға алынған қаражат арасындағы қатынас, жалпы пайда мен таза пайданың пайыздық өсуінің негізінде қаржылық жағдайды талдау;
  • банк пен қарыз алушы арасындағы қарым - қатынас, клиенттер несие алудың, оны бекіту кезіндегі айтылатын шартты түсінуі және оны қатал түрде орындауы тиіс;
  • банкке берілген кепілдік және несиені кепілдік есебінен өтеу жағдайында оның құны ( оның өтімділігі ) ;
  • несиенің негізгі сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу.

Келтірілген критерилер несиенің қандай класқа жататынын анықтауға көмектеседі. Несие класын анықтау кезінде олардың барлығы ескерілуі тиіс. Несиенің жіктелуі туралы соңғы шешім несиенің өтелуін нақты болжайды.

Несие қоржынынң жіктелуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1997 жылдың 23 мамырынан № 218 Қаулысымен бекітілген « Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне қатысты банк активтерінің жіктелуі мен шартты міндеттемелері және олар бойынша провизияны есептеу туралы » Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Несие қоржыны екінші деңгейлі банктермен берілетін барлық несиелер бойынша жіктеледі, яғни қарыз, лизинг, сонымен қатар овердрафт, факторинг, форфейтинг түрінде, вексель немесе басқа да қарыз міндеттемелері жолымен берілген несие аккредитивті ұсыну және жіктеуді жүргізу мезетіне қарай өтелмеген берешек бойынша басқа да несиелеу түрлері.

Егер айтылған критерилер бойынша жіктелетін несие бөлінетін екі несие тобы ( түрлері ) арасында аралық орын алса, онда банк тәуекелін төмендету үшін бұл несиені ең төмен сапалы топқа ( түрге ) жатқызу керек.

Қарыз алушы стандартқа қатысты ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары ) несие бойынша мерзімді ұзартудың орынды болуын растайтын құжаттарды өткізу кезінде банк мұндай несиені стандартты несие деп жіктеуге құқылы.

Егер санация тәртібіндегі қарыз алушыға берілген несие сенімді және өтімділікті қамтамасыз етілсе, онда мұндай несиені субстандартты несие деп жіктеуге болады.

Өзінің міндеттемелері бойынша сенімді төлеуші репутациясына ие қаржылай тұрақты қарыз алушыларға берілген банк несиені субстандартты болып жіктеледі.

Несиенің алғашқы жіктелімі несиені беру мезетіне қарай тәуекел деңгейін бағалау негізінде жүргізіледі. Несиенің келесі жіктелімі мен несие қоржынын талдау несие алушылардың қаржылық жағдайы туралы және несиеленетін жобаларды іскем асыру туралы келетін ақпаратты талдау мен қорытуға байланысты ай сайын жүргізіледі. Талдау нәтижесі бойынша қарыз жіктелімі өзгертілуі мүмкін, несие қоржынының сапасын жақсарту бойынша шаралар қолдану мүмкін /14. 111-116б. /.

Енді құқықтық базаны, банктің несие саясатының ролін анықтап, несие қоржынының жағдайын бақылаудың жоспарын әзірлеуден кейін, «Банк Центр Кредит» Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдауға тоқталып, оны екінші тарауда қарастырайық.

1. 3 Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролі

Несиелік саясаты жетпісінші жылдардың ортасында Ю. П. Авдиянцтың, Д. А. Аллахвердиянның, Н. Д. Барковскийдің, . С. Панековскийдің белсеңді түрдегі оқып үйрену затына айналғанды. Авторлар несиелік механизмднің сипаты туралы тікелей сұрақ қоймайды, дегенмен де, олардың қорытындылауынан көрінетіндей, олар көбіне бұл механизмдегі объективтік және субъективтік негіздердің араласуы туралы бірдей көзқараста болады. Бірақ та, бұл экономистердің позицияларының балығы мен бірдей келісе беруге де болмайды. Себебі, олардың көпшілігі несиелік саясатты ақшалай, есеп-айырысу және қаржы механизмдерімен біртұтас алып зерттейді. [2, 95 б]

Қазіргі несиелік саясатынын қазіргі тұжырымын теориялық тұрғыдан қарастырудан бұрын, жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен несиелік саясатының нарықтық экономикаға қызмет ету байланыстарын ескеру қажет. Келтірілген пікірлерді негізге ала отырып, қазіргі несиелеу талаптарына сай келетін, нарықтық тұжырымын жасауға болады.

Біздің ойымызша: "қазіргі несиелік саясат-нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық саясатынын бір бөлігі болып табыладың

Кез-келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай- ақ қазіргі несиелік саясатынын басқа да экономикалық негіздер сияқты, өзіне тән ішкі құрылымдық элементтері болады. Несиелік саясатынын бірінші элементіне несиенің нақты түрлері жатады.

Қазіргі банктік тәжірибеде несиенің келесідей түрі болады: екінші денгейлі, банктік, тұтыну, мемлекеттік, халықаралық және ипотекалық. Несиелік саясатынын екінші элементіне несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиенің қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін несиелеу принциптері жатады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері келесідей екі топқа бөлінеді: жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер (несиенің мақсаттылығы мен дифференциялдығы) ; несиенің мәнін бейнелейтін принциптер (несиенің мезімділігі, қайтарымдылығы, ақылылығы және қамтамасыз етілуі) .

Несиелік саясатынын үшінші элементіне несиелеу шарты жатады. Несиелеу шарты деп - несиелеудің базалық элементтері, несиелеу субъектілері мен объектілері және несиенің қамтамасыз етілуге қойылатын талаптарын түсінуге болады.

Несиелік саясатынын төртінші элементіне несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру тәсілдері жатады. Бұл элементтің көмегімен несиені беру әдістері немесе айналым қаражаттар шеңберіндегі несиенің қатынасу тәсілдері, сондай-ақ несиені бару және банкке қайтару жолдары анықталады.

Несиелік саясатының бесінші элементіне-несиелік тәуекелді басқаруды жатқызуға болады.

Несиелік саясатының алтыншы элементіне банктің несиелік саясатын жатқызуға болады. Себебі, несиелік саясаттың көмегімен несиелік саясат жүргізіледі.

Несиелік саясатының соңғы элементіне несиелік қатынастың бір жағы және несиелеу процессін ұйымдастырушы ретінде-банктерді жатқызуға болады. Қайта құру кезеңіне дейінгі сияқты несиелік саясатынын кейбір элементтерінің жинағы бұрынғысынша қалғанына қарамай-ақ шаруашылықтың нарықтық жағдайына өтуіне байланысты аталған элементтерінің әр қайсысының мазмұны түбірімен өзгерген десе болады.

Қазіргі несиелік саясатынын қызмет етуінің мынадай `өзіндік ерекшеліктері бар: [2, 98 б]

Жұмыс жасап отырған несиелік механизм екінші денгейлі сипатқа ие.

Қазіргі несиелік саясатынын маңызды бір белгісі оның келісім

шартқа негізделуі болып табылады.

Қазіргі несиелік механизмдегі басты ерекшелігі несиенің жаңа

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
Банктің несие саясаты
Активтің жіктеу санаты
Қазақстан банк жүйесінің ағымдағы жағдайы
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
Банктік тәуекелдің деңгейі
Коммерциялық банктер операциялары
Банктік несиелік портфелін басқару мәселері мен оны шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz