Дәрістер жинағы туралы


№ 1 Дәріс
Тақырып: ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIМЕН ЖҮК ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГIЗДЕРI (1сағ. )
Дәрістің максаты: Телiм арқылы қажеттi пойыздар мөлшерiн өткiзу және олардың жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ вагондарды тiркеп-ағыту үшiн темiржол желiлерi аралықтарға - бiр-бiрiнен бөлiм бекеттерi мен ажыратылатын жол телiмдерiне бөлiнедi.
Глосарий: Жұк және тақ бағытты жүрiс; Тартым иiнi; Жүк тиелген және жүксiз бос бағыттар; Басым және керi бағыттар; Маневрлер; Пойыздардың жүрiс графигi; Пойыздарды құрастыру жоспары; Теміржол желiсінiң өткiзу қабiлетi; Темiржол желiсiнiң тасымалдау қабiлетi; Вагондардың жұмыс паркi; Бөлiм бекеттерi; Темiржол желiсiнiң пайдалану ұзындығы; Темір жолдың жазылма ұзындығы.
- Темiр жол көлiгiмен жұк тасымалдау технологиясы.
Темiржол көлiгi өндiрiстiк қызметiнiң сипаты, ұйымдастырылуы және басқарылуы жөнiнен басқа салаларға ұқсамайтын бiрқатар өзiндiк ерекшелiктерi бар үлкен әрi күрделi шаруашылық болып саналады. Мұндай ерекшелiктерге мыналар жатады:
1. Темiржол көлiгi бөлiмшелерiнiң көптiгi және олардың аумақтарға шашыраңқы орналасуы.
2. Темiржол көлiгi бөлiмшелерi жұмысының өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тәуелдiлiгi. Бұл тасымалдау процесiне қатысатын барлық бөлімшелер жұмысының технологиялық үйлесiмдiлiгiн талап етедi.
3. Темiр жол жұмысының толассыздығы мен ырғақтылығы. Бұл, станциялардың, деполар мен телiмдердiң барлық элементтерiнiң барынша өткiзу және өңдеу қабiлетiн жүзеге асыру үшiн көлiк техникалық құралдарын толығымен пайдалану үшiн қажет болады.
Темiржол көлiгiнiң аталған ерекшелiктерi темiр жол жұмысын ұйымдастыруға және пойыздар жүрiсiн басқаруға мынадай айрықша талаптар қояды:
- төменгi бөлiмшелерге алда тұрған мiндеттердi орындауда барынша мол дербестiк бере отырып, пайдалану жұмысына басшылық етудi орталықтандыру және пойыздар жүрiсiне жоғарыдан төменге дейiн басшылық жасаудың бiртұтастығы принципiн қатаң сақтау;
- тасымалдау процесiн қамтамасыз етуде технологиялық жағынан байланысқан барлық қызметкерлердiң қатаң тәртiп сақтауы мен жұмыстағы дәлдiгi.
Тасымалдауды ұйымдастыру және техникалық құралдар мен жылжымалы құрамды күтiп-баптау жөнiндегi бiрыңғай талаптарды мыналар реттейдi:
1. Темiр жолды техникалық пайдалану ережелерi (ТПЕ) ;
2. Темiр жолдағы пойыздар жүрiсi мен маневр жұмысы жөнiндегi нұсқама (ПЖН) ;
3. Темiржолдағы сигнализация жөнiндегi нұсқама (СН) .
Тасымалдау технологиясында мынадай негiзгi ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1. Жұк және тақ бағытты жүрiс. Бұлар координаталық осьтер жүйесiнде белгiлердi өзгерту принципi бойынша барлық темiр жол бағыттарына арналады: Солтүстiктен - Оңтүстiкке және Шығыстан - Батысқа тақ бағытты, ал Оңтүстiктен - Солтүстiкке және Батыстан-Шығысқа - жұп бағытты көрсетедi.
2. Тартым иiнi - локомотивтердiң айналу телiмi.
3. Жүк тиелген және жүксiз бос бағыттар. Жүк тиелген бағыттар - жүк тиелген пойыздардың саны басым бағыттар, жүксiз бағыттар - жүк тиелмеген бос пойыздардың саны басым бағыттар.
4. Басым және керi бағыттар. Басым бағыт - жүк пойыздарының саны көп бағыт (жолаушылар жүрiс саны - жұп) .
5. Маневрлер. Пойыздарды, жүктердi, тиеу-түсiру орындарын және т. с. с. өңдеу мақсатында вагондар мен локомотивтердiң станция жолдарымен әрi-берi жүруi.
6. Пойыздардың жүрiс графигi. Пойыздардың бөлiм бекеттерi (станциялар) арасында жүруiнiң графиктiк бейнеленуi.
7. Пойыздарды құрастыру жоспары. Бұл вагон ағындарынан пойыз құрастыру жоспары: пойыздар қай станцияда құрастырылады, қандай станцияларға барады, қай станцияларда таратылады және осы пойыздарға баратын станцияларына қарай қандай вагондар қосылады.
8. Теміржол желiсінiң өткiзу қабiлетi. Бұл тұрақты құрылғылардың бар-жоқтығына, локомотивтердiң, вагондардың түрлерiне және пойыздар жүрісін ұйымдастырудың қабылданған технологиясына қарай тәулiктiк (сағат) iшiнде игеруге болатын пойыздардағы ең үлкен өлшем.
9. Темiржол желiсiнiң тасымалдау қабiлетi. Бұл қабылданған тасымалдау технологиясы бойынша желi арқылы жылына тасып өткiзуге болатын жүк мөлшерi, млн. т.
10. Вагондардың жұмыс паркi. Бұл тасымалдау үшiн пайдаланылатын вагондар саны. Қосалқы парк - жөндеуде, резервте тұрған вагондар. Жалпы парк - бұл қолда бар (инвентарлық) парк. Бұл ұғымдардың локомотивтерге де қатысы бар.
11. Бөлiм бекеттерi. Бұлар даражолды желiлерде - айырықтар, қос жолды желiлерде - озба бекеттері және кез келген желiлерде - станциялар. Станциялар сұрыптау, телiмдiк, жүк, жолаушылар және аралық станциялар болып бөлiнедi.
12. Темiржол желiсiнiң пайдалану ұзындығы . Бұл бүкiл желiнiң километрмен алынған «бiр желiлi» ұзақтығы.
13. Темір жолдың жазылма ұзындығы - желінің пайдалану ұзындығы мен станция жолдарының ұзындығының қосындысы.
Темiржол желiсi жолдарға (3-10 мың км) және жол бөлiмшелерiне бөлiнедi; жол бөлiмшелерiне желiлiк кәсiпорындар (станциялар, деполар, дистанциялар және т. с. с. ) кiредi.
Диспетчерлiк аппараттар барлық деңгейде пойыздар жүрiсiн жедел бақылап, басқарып отырады. Бөлiмшедегi пойыз диспетчерi (ДНЦ) кезекшiлiк кезiнде пойыз жүрiсiнiң жеке-дара басшысы болады, оған телiмдегi (диспетчер теліміндегі) пойыздар жүрiсiн ұйымдастыруға жауапты барлық буындар-дың қызметкерлерi бағынады.
2. Темiржол станцияларының жұмыс технологиясы.
Телiм арқылы қажеттi пойыздар мөлшерiн өткiзу және олардың жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ вагондарды тiркеп-ағыту үшiн темiржол желiлерi аралықтарға - бiр-бiрiнен бөлiм бекеттерi мен ажыратылатын жол телiмдерiне бөлiнедi.
Бөлiм бекеттерi тарам жолсыз және тарам жолды бөлiм бекеттерi болып бөлiнедi. Мұның алғашқысына автоблоктаудағы жол қосындары мен өтпелi бағдаршамдарды, ал екiншiсiне - айырықтарды, басып озба бекеттері мен станцияларды жатқызады. Тарам жолды бөлiм бекеттерi темiржол желiсiн аралықтарға бөледi. Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi аралықтарды осы телiмдердегi жүрiстерге рұқсат беретiн немесе тыйым салатын бағдаршамдармен шектелетiн телiмдерге бөлiнедi.
Жартылай автоматты блоктауда мұндай телiмдердi қосынаралық телiмдер деп, ал автоблоктауда - блок-аралықтар деп атайды.
1. 1-сурет. Даражолды және қосжолды желiлерде орналасқан тарам жолсыз бөлiм бекеттерiнiң сызбалары:
а, б - блок-қосындар; в, г - өтпелі бағдаршамдар (1, 2, 3, 4, 5, 6 - олардың нөмiрлерi) .
А және б станцияларының арасындағы жартылай автоматты блокировкамен жабдықталған даражолды аралықта блок-қосын кездесетiн жағдайда бiр бағытта жүретiн (әрбiр қосын аралығында бір-бiрден) екi пойыз болуы мүмкiн (2, а-сурет) . Егер аралық қосжолды болса, онда әрбiр қосын аралығында әр бағытта жүретiн екi пойыз (2, б-сурет) болуы мүмкiн. Егер аралық үш мәндi сигнал беруі бар автоблоктаумен жабдықталса (2, в, г-сурет), онда даражолды аралықта немесе қосжолды аралықтың әрбiр жолында бiр бағытта жүретiн пойыздардың саны қалыпты жағдайда, яғни жасыл жарыққа жүргенде қозғалатын пойыздардың саны қалыпты жағдайда, яғни жасыл жарыққа жүргенде үшке бөлiнген блок-аралықтардың санына тең болуы мүмкін (пойыздар арасында кемінде бос екi блок-аралық болуы тиiс) .
Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi, сондай-ақ айырықтар мен озба бекеттері желi арқылы әрбiр бағытта өтуге тиiстi пойыздар санын жөнелтiп отыруға арналған. Негiзiнен, қарсы келе жатқан пойыздар айырықтарда айырылысады, ал озба бекеттерде - бiрiн-бiрi басып озады. Айырылым бекеттерi - бұлар даражолды, ал озба бекеттері - қосжолды телiмдерде орналасады.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде - пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз - темiр жолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Станция жолдарының жалпы ұзындығы темiржол желiлерiнiң жазылма ұзындығының шамамен 60 пайызын құрайды. Өнеркәсiп орындарының көптеген кiрме жолдары, тас жолдар, су қатынасы жолдары станцияларға келiп тiреледi. Станцияларда техникалық операциялар, жүк және коммерциялық жұмыстар орындалады, жолаушылар тасымалына қатысты операциялар атқарылады. Пойыздарды қабылдау, жөнелту және кiдiрiссiз өткiзу, вагондарды техникалық күту және жөндеу, оларды жүк тиеуге дайындау; локомотивтердi немесе локомотив бригадаларын ауыстыру; вагондар құрамымен және тобымен маневр жұмыстарын жүргiзу техникалық операцияларға жатады. Жүкжөнелтушiлерден жүктердi қабылдау, тасымал төлемiн ресiмдеу, жүктердi тиеп-түсiру, сақтау және тапсыру, қайта тиеу, сұрыптау және т. с. с. жүк және коммерциялық операцияларға жатады. Жолаушыларды отырғызу және түсiру, жол билеттерiн сату, теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау, беру және т. с. с. жолаушылар тасымалына байланысты операциялар жолаушылар операцияларына жатады. Станцияларда жоғарыда аталған операциялардың барлығы немесе бiр бөлiгi атқарылуы мүмкiн.
Жұмыстың көлемi мен сипатына қарай станцияларда мыналар болады:
- пойыздарды қабылдап жөнелтуге, маневр жұмыстарын, жүк операцияларын атқаруға арналған тарам жолдар;
- сұрыптағыш құрылғылар (сұрыптағыш дөңестер, шағын дөңестер, тартым жолдары) ; станция жолдары және вагондар мен локомотивтердi тексеруге, жарақтандыруға, жөндеуге арналған құрылғылар;
- СОБ және байланыс құрылғылары;
- қызметтік-техникалық ғимараттар мен үй-жайлары, жолаушылар ғимараттары мен платформалар, билет және қол жүгi кассалары; теңдеме жүк пен қол жүктерiн қабылдау, сақтау, беру орындары;
- жүк сақтау орындары (жабық қоймалар, ашық алаңдар, платформалар, вагон таразылары, контейнер алаңдары) ;
- жарық беру, өрт қауiпсiздiгi және сумен қамтамасыз ету құрылғылары.
Аталған құрылғылар белгiленген пойыздар санын өңдеу және өткiзу мүмкiндiгiн, пойыздар құрамын, вагондарды, локомотивтердi өңдеу, жүктердi тиеп-түсiру, жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi түрлi операцияларға жұмсалатын есептелген уақыт нормаларының орындалуын қамтамасыз етуi тиiс. Станцияларда әр түрлi құрылғыларды жол бойына орналастыру, сондай-ақ атқару қызметі әр түрлi жол осьтерiнiң арақашықтығы құрылыстар мен жылжымалы құрамның жақындау габариттерiмен анықталады.
Темiржол табаны басты, станциялық және арнайы қызметтік жолдарға бөлiнедi.
Аралық жолдың бөлiм бекетi шегiндегi жалғасы басты жол деп аталады.
Қабылдау-жөнелту, сұрыптау, тартым, тиеу-түсiру жолдары, локомотив пен вагон шаруашылығының жолдары, локомотивтердің деподан станцияға кiретiн жүрiс жолдары және қызметі өздерiнiң атқаратын операцияларына қарай анықталатын басқа да жолдар станциялық жолдарға жатады.
Арнайы жолдар - кәсiпорындарға, қоймалар мен карьерлерге баратын кiрме жолдар мен түрлі жол тарамдары; жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн салынатын (сақтандырғыш және тұтқыш) тұйықтар. Сақтандырғыш тұйық - жылжымалы құрамды пойыздардың жүру бағытына шығып кетуден сақтандыратын тұйық жолдар. Тұтқыр тұйық - басқарудан айырылған кезде тiк еңiстiктен түсіп келе жатқан пойызды немесе оның бiр бөлiгiн тоқтатуға арналған тұйық.
1. 2-сурет. Станцияның бағыттамалар алқымының сызбасы
Пойыздармен белгiлi бiр операцияларды атқаруға арналған жолдарды: қабылдау және жөнелту, сұрыптау, транзиттiк, бiрiккен қабылдау-жөнелту және т. с. с. парктерге бiрiктiредi. Бiрiнен соң бiрi тармақталатын қатар жолдарға бағыттайтын бағыттамалы бұрмалар орнатылған жол бағыттамалар көшелері деп аталады. Қосылған бағыттамалар орнатылған жол бағыттамалар көшелері деп аталады. Қосылған жолдар шоғырланған жердi станция алқымы деп атайды.
Станция алқымының құрылысы оның қажеттi өткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл үшiн оны жобалауда алқым арқылы пойыздар мен маневрлiк локомотивтердiң бiр мезгiлде өту мүмкiндiгiн көздейдi. 1. 2-суретте бағыттама алқымының сызбасы келтiрiлген, ол бiр мезгiлде I басты жол (1-бағыт) арқылы пойыздарды қабылдауға, II басты жол (2-бағыт) арқылы пойыздарды жөнелтуге және осымен қатар бір мезгілде 4-, 6-, 8- және 9- жолдарда - маневрлер жасауға (3-бағыт) мүмкiндiк бередi. Бағыттамалардың сандары олардың нөмiрлерiн бiлдiредi.
Жолдың толық және пайдалы ұзындығын ажыратады. Өтпелі жолға кіргізетін бағыттамалы бұрмалар үшкiрлерiнің арақашықтығын оның толық ұзындығы, ал тұйық жолдың толық ұзындығына бағыттама үшкiрiнен оның тiреуіне дейiнгi қашықтықты есептейдi. Жолдың пайдалы ұзындығы дегенiмiз - бұл жылжымалы құрам көршi қатар жолдағы жүрiс қауiпсiздiгiн бұзбастан орналаса алатын жолдың толық ұзындығының бiр бөлiгi. Жолдың пайдалы ұзындығын шектегiш қада мен шығар сигнал шектеп тұрады. Шектегiш қаданы бағыттамалы бұрмадан кейiн, айырыласатын жолдар осьтерiнiң арақашықтығы кемiнде 4, 1 м болатын тұстағы жол аралығының ортасына орнатады. Жолдың стандартты пайдалы ұзындығы 1250, 1050 және 850 м болып қабылданған. Тіркес және ұзартылған пойыздар пайдаланылатын бағыттарда жолдың ұзындығын техникалық-экономикалық есептеулер арқылы белгiлейдi.
Шығар сигналын оның қатысы бар жолдың оң жағына орналастыралады. Кiрер сигналды жүрiс бағытымен бiрiншi қарсы бағыттамалы бұрманың үшкiрiнен немесе бiрiншi бағыттамалы бұрма бағыттас болса, шектегiш қададан тепловоз тартымында кемiнде 50 м, электр тартымында - 300 м қашықтыққа орнатады. Кiрер сигналдары даражолды желiлерде станцияның шекарасын бiлдiредi. Қосжолды желiде станцияның шекарасын әрбiр басты жол үшiн жеке белгiлейдi.
1. 3-сурет. Жолдың толық және пайдалы ұзындығының мысалдары:
lтұ
- жолдың толық ұзындығы (1 және 4) ;
lпұ
- жолдың пайдалы ұзындығы (1, 2, 3, 4, 5)
Әрбiр жолға және бағыттамалы бұрмаға белгілі нөмiр берiледi. Басты жолдар рим цифрларымен, қалған жолдар - келесi араб цифрларымен нөмiрленедi. Бағыттамалы бұрмалар тақ пойыздар келетiн жақтан тақ цифрлармен, жұп пойыздар келетiн жақтан - тиiсiнше жұп цифрлармен нөмiрленедi (1. 3- сурет) . Жолаушылар ғимаратының немесе жол паркiнің немесе станцияның жол бағытына перпендикуляр осi бағыттамалардың жұп және тақ нөмiрлерi арсындағы шекара болып табылады. Жолдың пайдалы
lпұ
және толық ұзындығы
lтұ
1. 3-суретте көрсетiлген, мұнда сондай-ақ бағыттамалардың нөмiрлерi мен сигналдардың белгiлерi - жұп және тақ бұрмалар өз нөмiрлерiмен келтiрiлген.
3. Бөлiм бекеттерiнiң қызметі және жiктелуi.
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүргiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырылады, қаламаңдық пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады. Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе телiмдiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады. Олардың телiмдерде орналасуы елдi мекендерге жүк және жолаушылар тасымалы жөнiнен қызмет көрсетуге байланысты, орта есеппен алғанда олар 15-25 км қашықтықта орналасқан.
Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады. Мұндай станциялардағы сұрыптау жұмыстарының көлемi аса үлкен емес - олар негiзiнен телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды сұрыптау және құрастырумен айналысады. Телiмдiк станциялар, әдетте, жүк пойыздарының локомотивтерi айналатын телiмдердiң шекараларын қамтиды. Олардың арақашықтығы локомотивтер (тартым иiндерi) айналатын телiмдердiң ұзындығына, сондай-ақ жүк вагондарының техникалық күтудi қажет етпей өтетін қашықтығына байланысты.
Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарына кiреберiсте) орналасқан.
Телiмдік және сұрыптау станцияларында, негiзiнен алғанда, техникалық операциялар атқарылатындықтан, бұлар техникалық станциялар деп аталады.
Жүк станцияларында мынадай операциялар атқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады. Жүк операциялары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады.
Жолаушылар және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетумен айналысатын станциялар жолаушылар станцияларына жатады. Оларда жолаушылар пойыздарының құрамдарымен iстелетiн операциялар (қарауға берілетін құрамдарды техникалық тексеру және жарақтандыру, ақырғы бекетке келген құрамдарды құрастыру және рейске дайындау) ; жолаушыларды отырғызу және түсiру; теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау және беру; жол жүру билеттерiн сату; пошта операциялары атқарылады.
Жолаушылар пойыздарын сұрыптап-құрастыратын және оларды жарақтайтын жолаушылар станциялары техникалық-жолаушылар станциялары (жүк пойыздары жүрісінің техникалық станцияларынан айрықшылығы) деп аталады.
Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I - V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА) ;
Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
4. Айырықтар мен озба бекеттерінiң жұмыс технологиясы.
Негiзiнен қарама-қарсы бағытта жүретiн пойыздарды айрылыстырып жіберу және бiр бағытта әр түрлi жылдамдықпен жүретiн пойыздардың бірін-бірі басып озу үшiн даражолды желiлерде айырықтар (разъездер) салады. Кейбiр айырықтарда шағын көлемдегi жүк операциялары атқарылады. Ол үшiн, басты жолдан басқа, тағы бiр-екi жол салынады. Айырықтарда қызметтік-техникалық (кейде жолаушылар) ғимаратын (ЖҒ), жолаушылар платформасын салады, СОБ және байланыс, электрмен қамтамасыз ету және т. с. с құрылғыларды құрастырады.
Жүрiс мөлшері мен жергiлiктi жағдайға қарай айырықтарды қабылдау-жөнелту жолдары ығыспа (1. 4, а-сурет), жартылай ығыспа (1. 4, б-сурет) және қатарлас (параллель) (1. 4, в-сурет) түрде орналастырып жобалайды. Бұл сызбалардың әрқайсысының өзiндiк артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Қатарлас түрдегі сызбамен салыстырғанда ығыспа түрдегі сызбаның негiзгi артықшылығы - мұнда телiмнiң өткiзу мүмкiндiгi едәуiр жоғары болады. Қарама-қарсы бағыттардағы пойыздарды бiр мезетте жақсы қабылдау жағдайы, ал ұзындығы жеткiлiктi болатын телiмдерде - оларды кiдiрiссiз өткiзуi; қабылдау және жөнелту маршруттарындағы бағыттамалар санының аздығынан дайындауға уақыттың аз жұмсалуы; екi бағыттағы пойыздардың локомотивтерi жолаушылар ғимаратына жақын келiп тоқтайтындықтан, станция кезекшiсiнiң бригадалармен байланысының жеңiлдеуi телiмнiң өткiзу мүмкiндiгiн жақсартады. Ығыспа түрдегі сызбаның кемшiлiктерi - станция алаңының ұзын болуында, демек, құрылыс шығындарының да артуында.
1. 4-сурет. Айырықтар сызбалары:
а - ығыспа жолды; б - жартылай ығыспа жолды; в - қатарлас жолды
Айырықтардың жартылый ығыспа сызбасының ығыспа сызбасынан айырмашылығы - бұларда жолдар толық ығыспайды, олардан сәл кем түседi, бiрақ қатарлас жолды сызбамен салыстырғанда өткiзу мүмкiндiгi айтарлықтай жоғары болады.
Жүк және жолаушылар жүрiсiнiң көлемi аса үлкен болмайтын желiде жолдары қатарлас орналасқан сызба пайдаланылады.
Қосжолды желiлерде негiзiнен пойыздардың бірін бірі басып озуы үшiн, ал кейбiр жағдайда - шағын көлемдi жүк операцияларын атқару үшiн озба бекеттері салынады.
1. 5-сурет. Озба бекеттер сызбалары:
а - қатарлас жолды, б - жартылай ығыспа және в - бiр озба жолды
Пойыздардың бірін бірі басып озуы үшiн әрбiр жүрiс бағытына бiр-бiрден - озба жол (басты жолдан басқа) салады. Озба жолдары қатарлас орналасқан сызба (1. 5, а-сурет) - негiзгi сызба, барынша шағын жазықтықты қажет етедi.
Жергiлiктi жағдайға қарай жолдары ығыса орналасқан озба бекеті (1. 5, б-сурет) қолданылады. Жолаушылардың отыруы мен түсуi үшiн және тиеу-түсiру алаңдарын жолдың екi жағынан орналастыру үшiн бұл қолайлы сызба болады. Күрделi топографиялық жағдайда жолаушылар жүрiсiнiң көлемi шағын желiде бiр озба жолды озба бекеттері салынуы мүмкiн (1. 5, в-суреттегі 3-жол) .
Пойызды бейiмделген (дұрыс) жолдан бейiмделмеген (теріс) жолға ауыстыру үшiн озба бекетінiң екi алқымына диспетчерлiк ауысу бағыттамаларын салады. Бұлардың диспетчерлiк деп аталатын себебi - пойыздарды бейiмделмеген жолмен жөнелту, демек, осы өтпедегі стрелкаларды бұру, мысалы, тақ пойызды 3-жолдан II басты жолмен жөнелту пойыз диспетчерiнің келісімімен жасалады (1. 5, а-сурет) .
5. Аралық станциялардың жұмыс технологиясы.
Темiржол желiлерiндегi станциялардың басым бөлiгiн аралық станциялар құрайды. Оларда мынадай операциялар атқарылады:
- жолаушылар мен жүк пойыздарын қабылдау, жөнелту және тоқтаусыз өткiзу; пойыздарды айрылыстыру және басып озу; құрама пойыздарды күту (вагондарды тiркеу және ағыту) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz