Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк


МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 5

1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШIЛIКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 8

  1. Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктің түсiнiгi . . . 8
  2. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi қолдану шарттары . . . 17
  3. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің нысандары

және тұрлері . . . 30

2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТЫ ЖАУАПКЕРШIЛIК: ҰҒЫМЫ, ЖҮКТЕЛУ НЕГІЗДЕМЕСІ . . . 36

2. 1 Азаматтық құқықтық шартты жауапкершiлiктiң белгiлері, қағидалары, қызметтері . . . 36

2. 2 Азаматтық-құқықтық шартты жауапкершілік пен деликтілік жауапкершіліктің ара-қатынасы . . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектелігі. Қазақстан Республикасы Конституциясы [1] негізінде мемлекетімізде нарықтық қатынастардың дамуына орай заңдардың қолданылу аясы кеңiдi. Сонымен қатар азаматтық қатынасқа қатысушы субьектiлердің құрамы күннен күнге өсуде, өзара есеп айырысу, зейнетақы, еңбекақы төлеу сияқты және өтпелi кезеңге тән басқа да мәселелер туындайды. Өз ерекшелiгi бар нарықты қатынас азаматтық құқыққа әcepiн тигiзбей қоймайды. Соған байланысты азаматтық және шаруашылық icтep бойынша дау-дамай көбейдi. Заңдарда ақаулар да жоқ емес. Ел басының «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына үндеуінде бұл мәселе ерекше аталған: «Біздің заңдардың тұрақсыздығы мен толық еместігіне баса назар аудару керек. Тек фундментті жасау аздық етеді, қабаттар мен шатыр да қажет» [2] .

Осыған байланысты, соңғы он жылда мүліктік қатынастарды реттеуде өзгерістер болғанын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (кейін ҚР АК) қабылдау қажетті және дер кезіндегі оқиға болды [3] .

Азаматтық құқықтық қатынасының субьектiлерi болып табылатын тараптар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүлiктiк шығынға және жеке тұлғалар мен бүкiл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын бiлуi тиiс, әpi өзiнiң мiндетiн бұзбауға күш салуы керек. Жауапкершiлiкке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормалардағы санкцияны жүзеге acыpуға тұрткi болды. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкте мемлекеттiк және шарттық тәртiптi нығайту да, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелiк маңызы айрықша. Тәрбиелiк жағын былай қойғанда, егер, құқық бұзушылыққа жол берiлетiн болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк оны қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi. Сондықтан да борышқор өзi icтeyгe мiндеттi нәрсенi орындамағанда ғана емес, оны орындаудан бас тартқан кезде де оған жауапкершiлiк бәрiбiр мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлiктi өндiртiп алу тәрiздi өзiне тән жауапкершiлiк қасиетi болмаса, несие берушi мiндеттемесiн орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның ic-әрекетiн өз дәрежесiнде реттеп отыруы қиындай түседi. Жауапкершiлiк - барлық құқықтық қатынастарына тән нәрсе

Зерттеу объектісі. Бұл диплом жұмысы заңды жауапкершiлiктiктiң бiр түpi болып табылатын азаматтық-құқықтық шартты жауапкершiлiк мәселесiне арналған. Азаматтық-құқықтық шартты жауапкершiлiк мәселелерi ұзақ уақыт бойы құқық теориясы саласында да, салалық ғылымдарда да ғалымдардың зерттейтiн пәнi болып келедi. Жауапкершiлiктiң құқықтық табиғаты туралы талқылаулар осы күнге дейiн жүргiзiлуде, бiрақ осы кезге дейiн құқықтық жауапкершiлiктiң түсiнiгiнде ортақ пiкiр қалыптасқан жоқ.

Осы еңбектiң мақсаты азаматтық-құқықтық шартты жауапкершiлiк ұғымының мазмұнын анықтау, азаматтық-құқықтық шартты жауапкершiлiктiң қағидаларын, сонымен бiрге шартты мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiкт жүктелу шарттары, жауапкершiлiк нысандары мен тұрлерін анықтау болып табылады.

Сондықтан, бұл жұмыста келесі міндеттер қойылған: бiрiншiден, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк мәселесiн қарастыру (осы тақырыпқа байланысты заңи әдебиеттер мен қазақстан заңдарына анализ жасау негiзiнде), азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi жүктеу үшiн қандай негiздер жиынтығы барын анықтау, сонымен қатар азаматтық құқық бұзушылықтың ұғымы мен құрамын қарастыру. Екiншiден, азаматтық-құқықтық шартты жауапкершiлiктiң сұрақтары зерттеледі, шартты мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауаптылықтың нысандарына, деликтілік жауапкершілік пен арақатынасына зерттеу жасау; азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк нормаларын бiр жүйеге келтiру және оны Азаматтық Кодекстiң жалпы бөлiмiнiң жеке институты ретiнде көрсету үшiн «азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк», «азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң туындауының негiздерi», «азаматтық құқықтық шартты жауапкершіліктің ұғымы мен құрамы» және т. б. терминдерiнiң анықтамаларына қатысты сұрақтарын туғызуына байланысты зерттеулер мен тұжырымдар жүргiзу.

Теориялық маңыздылығы. Қазақ тілінде азаматтық-құқықтық шартты жауапкершілік институтының теориялық және тәжірибелік мәселелерді кешенді зерттеу қазақ тілінде өткізіледі.

Тәжірибиелік маңызы . Тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты ғалым-цивилистердің азаматтық-құқық жауапкершілік, атап айтқанда, шартты шауапкершілік институтының нормаларын зерттеуге қызығушылық танытуымен байланысты. Осыған орай зерттеуде заңдарға еңгізуге болатын ұсыныстар жасалған.

Зерттеу әдістері. Диалектикалық, жалпы және арнайы құқықтық, нормативтік-логикалық, және басқа әдістер.

Диплом жұмысын жазудың теориялық негізі ғалым-цивилистердің еңбектеріндегі ой-тұжырымдар болды. Бұл жұмыста Қазақстандық, coвeттiк және алыс-жақын шетел елдерi авторларының монографияларын, статьялар жинақтарын, оқулықтарды қолдандым. Жұмыс үшін ерекше маңызы болғаны ол меншік саласындағы, мұрагерлік құқыққатынасы саласындағы мамандардың зерттеулері. Атап айтқанда Толстой Ю. К., Братусь С. И., Иоффе О. С., Новицкий И. Б., Басин Ю. Г., Сулейменов М. К., Амирханова И. В. және т. б. мамандардың жұмыстары негізге алынған.

Диплом жұмысына жұмысты жазу барысындағы әрекет ету күшi бар нормативтік құқықтык актілер басшылыққа алынған.

Жұмыс жаңалығы. Жұмыста Қазақстан Республикасынның заңдарын өзгертуге және толықтыру мәселесі бойынша ұсыныстар берілген. Нақты айтқанда:

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіндегі азаматтық құқықтық жауапкершілік институтының жалпы ережелері мен жалпы қағидаларының болмауы заңшығарушының ұқсас сұрақтарды шешуде әр түрлі актілерді қолдануы бір мәселені әр тұрғыдан қарауына себеп болады. Осыған орай Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде «Азаматтық-құқықтық жауапкершілік» атты тарау еңгізуді ұсынамыз.

Жұмыс құрамы : кiрicпеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады.

Диплом жұмысының көлемі - . . . бет.

1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШIЛIКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктің түсiнiгi

Жауапкершiлiк барлық құқық қатынастарына тән. Жалпы алғанда, жауапкершiлiк дегенiмiз заңмен немесе шартпен қарастырылған өзiне жүктелген мiндеттi бұзатын азаматтық құқықтық қатынастың субьектiсiне қолданылатын мүлiктi өндiртiп алу немесе мүлiктiк салмақ салу болып табылады. Oған бұзылған құқыққа орай уәкiлеттi тұлғаның мүлiктiк шығынының орнын толтыру жатады.

Қазіргі нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мүліктік жауапкершілігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жауапкершілік барлық құқық салаларына тән нәрсе. Алайда, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады.

Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіріп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға тұрткі болады.

Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс, әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Егер құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік мойындалады. Азаматтық құқықтың мүлікті өндіріп алу тәрізді өзіне тән қосымша жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтық - құқықтық жауапкершiлiк заңи жауапкершiлiктiң бiр түрі.

Қазақстан заңдарында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң анық тұрғыдағы анықтамасы жоқ. Бiрақ әдебиеттерде келесiдей анықтама берiлген: өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған азаматтық қатынастың субьектiсiне қолданылатын тұлғаға бұзумен келтiрiлген мүлiктiк залалдың орнын толықтыратын заңмен немесе келiсiм-шaртпен кезделген мүлiктiк өтемақы немесе маңызды ауыртпалықты жауапкершiлiк ретiнде түсiнемiз. Жауапкершiлiкке тарту азаматтық құқық бұзу жағдайларына арнап бекiтiлген құқықтық норма санкияларының жүзеге асырылуы болып саналады [4] . Қазiргi азаматтық заң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк нормаларын бiрiктiруге тырысқан. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң жалпы бөлiмiнде «Мiндеттеменiң бұзылғаны үшiн жауаптылық» деген 20-тарау көрiнiс тапқан [5] . Бұлардың мазмұны тек шарттық мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы екенiн куәландырады. АК-ң 353-бабы басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк бiр жақты әрекеттердiң (негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны) нәтижесiнде туындауы мүмкiн.

Азаматтық құқықтық қатынастардың негiзгi бөлiгiн мiндеттеме кұрайтын болғандықтан жауапкершiлiк жөнiндегi мәселе мiндеттемелiк құқықтың жалпы ережелерiнде қаралады. Бiрақ та бұл арада айтылған мәселе мiндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Мiндеттемелiк құқық туралы жалпы ережелердi оқи отырып, мiндеттеменiң пайда болу негiздерiн бiз шарттан пайда болатын және шарттан тыс пайда болатын мiндеттеме деп бөлемiз.

Сонымен бiрге Азаматтық кодекстiң 47, 48 арнайы тараулары енгiзiлген. Онда шарттан тыс жауапкершiлiктiң негiздерi, көлемi мен басқа да жағдайлары көрсетiлген.

Жалпы азаматтық заңды алғашында түсiну қиынға соғады. өйткеңi зиян келтiру туралы ережелердi жалпы ережелермен бiрге карастыру қажеттiгi турады. Сондықтан жиырмасыншы тарауда нақты қандай мiндеттемелер туралы сөз болып отырғандарын көрсету керек едi.

Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiн жалпы мағынасын ашуға үлес қосқандардың бiрi - О. С. Иоффе. Ол азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi құқық бұзушы үшiн сұбьективтiк азаматтық құқықтардан айыру немесе жаңа не қосымша азаматтық құқықтық мiндеттердi жүктеу түрінде көpiнic табатын тepic, жағымсыз салдар туғызатын санкция деп түсiндiредi [6] .

Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк табиғатының сипаттамасы, сәйкесiнше түсiнiгi заң ғылымында даулы мәселе. Жалпы құқықтық жауапкершiлiкке мынадай арнайы белгiлер тән: нормативтiлiк; мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен камтамасыз етiлуi; жеке, мүлiктiк және ұйымдастырушылық сипатындағы шектеулерден тұруы.

Құкық теориясы туралы әдебиеттерде заңды жауапкершiлiк деп құқық нормаларының санкциясында көрсетiлген кiнәлi тұлғаны мүлiктiк және ұйымдастырушылық сипатындағы шектеулер мен ажыратудан туратын, мемлекеттiк соттау түрінде көрiнic табатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасын айтады [7] .

С. С. Алексеев заңды жауапкершiлiктiң үш белгiciн көрсеткен: 1) заңды жауапкершiлiк өзiнiң мазмұны бойынша - бұл жеке тұлғаға мемлекеттiк мәжбүрлiк әсер ету шараларын қолдану көбiнесе айыппұл сипатындағы санкциялар;

2) заңды жауапкершiлiк өзiнiң тiкелей айтылуы бойынша - бұл жеке басымен көтеру мiндетi;

3. ) өзiнiң негiзi бойынша заңды жауапкершiлiк - бұл құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданылатын шара [8] .

Бұл жерде заңды жауапкершiлiктiң пайда болуының негiзi мемлекеттiң кepi реакциясы деп айту күмән туғызады. өйткеңi, бiздiң көзқарасымыз бойынша ол нәтиже, салдар болып табылады да, ал жауапкершiлiк негiзi болып құқық бұзушылық жасау танылады. Мәжбүрлеу сипатындағы шаралар, құқық бұзушы тұлғаның жеке басымен көтеру мiндетi, құқық бұзушылыққа кepi реакция сияқты аталған белгiлер заңды жауапкершiлiктiң толықтай мәнiн ашып көрсетедi.

Көбiнесе ғалымдар заңды жауапкершiлiктiң мынадай ерекше белгiсiн құқық бұзушының кiнәлi құқыққа қарсы әрекетiн қоғамдық мiнеушiлiк деп көрсетедi. Жалпы қоғамдық мiнеушiлiк барлық әлеуметтiк жауапкершiлiктiң тұрлерiне, атап айтқанда моральдық саяси және т. б. тән. Сондықтан бұл белгiнi тек заңды жауапкершiлiкке тән деп айтуға болмайды.

Құқық теориясында заңды жауапкершiлiктiң бiрнеше тұжырымдамалары бар, соның iшiнде төрт негiзгiлерiн бөлiп көрсетуге болады:

1. Жауапкершiлiк - бұл мiндеттi орындау болып табылады.

2. Жауапкершiлiк - бұл мемлекеттiк мәжбүрлеудi қолданумен байланысты құқық бұзушының жағымсыз жеке және мүлiктiк шектеулердi жеке басымен көтеру мiндетiнiң ерекше түpi.

3. Жауапкершiлiк - ол құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану.

4. Жауапкершiлiктi қарастырамыз.

А. М. Белякова заматтық-құқықтық жауапкершiлiк заңи жауапкершiлiктiң мемлекеттiк мәжбүрлеу сипаты тән түpi ретiнде түсiндiредi. Сонымен қатар азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкке кез-келген мемлекеттiк мәжбүрлеу тән емес екеңдiгiн, ол шарт ойынша мiндеттерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау, зиян келтiру және басқа да негiздерге байланысты туындаған жағымсыз мүлiктiк салдарды жоюға байланысты мәжбүрлеу орын алатынын көрсетедi [9] . Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк мақсаты тұлғаның бұзылған мүлiктiк жай-күйiн құқық бұзушының немесе құқық қорғау қатынасы ретiнде басқаның құқық бұзушылығы үшiн жауапты тұлғаның мүлкiнiң есебiнен қалпына келтiру болып табылады.

70-шi жылдардың басында заң ғылымында «позитивтi», яғни оң мағынадағы жауапкершiлiктiң түсiнiгi енгiзiлдi. «Позитивтi» жауапкершiлiк болып жеке тұлғаның қоғам алдында өзiнiң мiндеттерiн саналы түрде түсiнуi, оны орындауы түріндегi болашақта болатын нәтиже үшiн жауапкершiлiгi танылды. Мұндай жауапкершiлiктiң әдебиеттерде әртұрлi атауларын кездестiруге болады, оны перспективтi, активтi және проспективтi жауапкершiлiк деп атайды [10] . Жауапкершiлiктiң позитивтi тұжырымдамасын жақтаушылар заңды жауапкершiлiктi өзiнiң әрекеттерiнде есеп беру қажеттiлiгi деп қарастырады.

Бұл тұжырымдама ғылыми әдебиеттерде үлкең cынға түстi. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк түсiнiгiнiң оның, мазмұнына «позитивтi» жауапкершiлiктi енгiзумен кеңеюi - көпшiлiк ғалымдардың пiкiрi бойынша ақталмады және ол заңи жауапкершiлiктiң мәнiн айқындау мәселелерiн қиындатады және үлкең шиеленiске әкеп соғады делiнген.

Мұндай жауапкершiлiк жөнiндегi көзқарас мiндеттеме жұйесiндегi жауапкершiлiкке, яғни мiндеттеменiң тиiсiнше орындатуына сай келедi. Сонымен бiрге мiндеттеменi тиiсiнше орындатуда азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк әрқилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың, белгiлi бiр әpeкетiнiң аясына сыйдыруға болмайды.

Заң жұзiндегi жауапкершiлiк әрқашанда мiнез-құлыққа нақтылы баға бередi, яғни сол құқық бұзушының мiнез-құлықының салдарына мән бередi. Сондықтан да оны ретроспективтiк жауапкершiлiк деп атайды.

Бiз ғалымдардың заңды жауапкершiлiк сөзсiз ретроспективтi, яғни тек жасаған құқық бұзушылығы үшiн туындауы мүмкiн деген пiкiрiне қосыламыз. Заңды жауапкершiлiктi қолданұ құқық бұзушылықтың салдары ретiнде қарастырылуы тиiс, сонда барып ол адамның санасына жетедi, басқа тұлғаалардың мүдделерiн бұзудың мақсатқа сай еместiгiне көзiн жеткiзедi. Тек осындай жағдайда ретроспективьi аспектiде түсiнiлiген жауапкершiлiк азаматтардың құқыққа сай жүрiс-тұрысын қамтамасыз ету құралы қызметiн атқарады. Әдебиеттерде позитивтi жауапкершiлiктiң туындау негiзiнiң жоқтығына көңiл аударған болатын. Ал сол кезде ретроспективтi өзiнiң пайда болу негiзi құқық бұзушылық болғанын айтып кеткеңмiз жөн.

Кең таралған жауапкершiлiктiң екiншi тұжырымдамасы болып құқық бұзушының құқық бұзушылығы үшiн мемлекеттiң мажбұрлеудi қолданумен байланысты мемлекет алдында жауап берұ мiндетi табылады.

Бұл теорияны жақтаушы ғалымдар арасында кейбiреуi жауапкершiлiк анықтамасында құқық бұзушының мiндеттерiне айрықша мән бередi. Солардың iшiнде, С. С. Алексеев былай жазады: заңи жауапкершiлiк - бұл жасаған құқық бұзушылығы үшiн мемлекеттiк мәжбүрлiк әсер ету шараларын тұлғаның жеке басымен көтеру мiндетi [11] .

Ендi басқа бiреулерi - заңи жауапкершiлiктегi мемлекеттiк мәжбүрлеуге көп мән бередi. Заңи жауапкершiлiктi құқық бұзушыға құқық бұзғаны үшiн ерекше мәжбүр ету шараларын, яғни жазалар, мәжбүр етулер немесе мүлiктiк жауапкершiлiк шараларын қолданумен сипатталатын мемлекеттiң айыптайтын кepi реакциясы ретiнде деп танитын пiкiрдi жақтаушылардың бiрi Н. А. Ребане [12] .

Мемлекеттiк мәжбүрлеу заңды жауапкершiлiк сипаттамасында мiндеттi деп танылған, бiрақ екiншi тұжырымдама - мәжбүрлi тәртiпте қолданатын шараларды құқық бұзушының epiктi түрде орындаы жауапкершiлiк болып табылады ма деген сұраққа тiкелей жауап бермейдi.

Сөз жоқ заңды жауапкершiлiк мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлген. «Заңды» деген сөздiң өзi мұндай қатынастарда мемлекеттiң қатысуын бiлдiредi. Бiрақ құқықтарды мемлекеттiк мәжбүрлеу барлық уақытта қолданыла бермейдi. Мемлекеттiк мәжбүрлеу шығынның орнын epiктi түрде толтыру, айыппұлды epiктi түрде төлеу жағдайларында қолданылмайды, бiрақ ол потенциалды барлық уақытта бар, сондықтан жауапкершiлiктi мемлекеттiк мәжбүрлеумен теңдестiру күмән туғызады.

Заңды жауапкершiлiктiң бiршама басқаша анықтамасын берген С. Н. Братусь болатын. С. Н. Братусь мүлiктiк қатынастардағы мiндеттердiң мазмұнын талдай отырып мынадай қорытындыға келедi: заңды жауапкершiлiк бұл мiндеттiң өзi емес, осы мiндеттi тiкелей мемлекеттiк мәжбүрлеумен орындату болып табылады [13] . Сондықтан ол заңды жауапкершiлiктi саналы және epiктi түрде орындалатын мiндетпен бiрдей eтетiн теорияны жоққа шығарады.

Бiздiң пiкiрiмiзше, С. Н. Братусьпен ұсынылған жауапкершiлiк анықтамасы мазмұнына нысанынының басым келуiн сипаттайды. Осылайша мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын жауапкершiлiк шаралары мен қорғау шараларына бөлудi жоққа шығарады. Демек кез-келген мiндеттердi мәжбүрлi орындату жауапкершiлiк болып танылады. Егер құқық бұзушы орындауы тиic нәрсенi жай орындайтын болса, бiрақ мәжбүрлi түрде орындағанның өзiнде ешнәрсе жоғалтпайтын болса жазаның мәнi неде? Сондықтан заңи жауапкершiлiктiң бұл тұжырымдамасы абсолюттi шындыққа жақын деп айтуға келмейдi [13] .

Ендi заңды жауапкершiлiктiң үшiншi тұжырымдамасын қарастырайық. Оның мәнi - құқықтық қатынас субьектiсiнiң жүрiс-тұрысының 6елгiлi үлгiсiн қамтыған кез-келген құқықтық норма, сонымен біpгe өзiне санкцияны енгiзедi. Осыдан шығатыны, заңды жауапкершiлiк деп құқықтық нормалардың санкцияларын құқық бұзушыға қолдануын айтамыз, бұл жерде санкция ол жауапкершiлiк шарасы.

Ғылыми әдебиеттерде «санкция» категориясы және оның жауапкершiлiк шараларымен арақатынасы кең талқыланған.

«Санкция» деген сөздiң өзiнiң бiрнеше мағыналары бар:

  • кең мағынада ол құқық нормаларын орындатудың мемлекеттiк мәжбүр ету шарасы;
  • санкция - құқықтық нормалардың бiр бөлiгi;
  • санкция ол құқықтық күшi бар қандай да бiр aктiнi жоғарғы инстанцияның бекiтуi. Қарастырып отырған сұрақ шегiнде санкция бiрiншi мағынаға ие. «Жауапкершiлiк» және «санкция» ұғымдарын бiрiншi болып Д. С. Жицинский ажыратты. Ол жауапкершiлiк пен құқық нормаларының санкциялары түсiнiгiнiң арақатынасын анықтады. Ол санкцияны заңмен 6екiтiлген нысан, ал мiндеттi тұлғаның жауапкершiлiк шарасы ретiнде түсiндiредi [14] .

Құқық теориясында С. С. Алексеев мәжбүрлеу шаралары ретiнде санкцияның классификациясын береді. Ол мәжбүрлеу шаралары қатарына жауапкершiлiк шараларын, сонымен біpгe ескерту және қамтамасыз ету шаралары, қорғау шараларын, бұлтартпау шараларын кiргiзедi. Осы шаралардың бәpi «санкция» түсiнiгiне бiрiгедi. С. С. Алексеев негiздер мен функциялар бойынша жауапкершiлiк пен қорғау шараларын ажыратады [15] . Заңи жауапкершiлiктiң пайда болуының негiзi құқық бұзушылық болып табылады, ал қорғау шараларын қолдану үшiн обьективтiк құқыққа қарсы әрекеттiң (құқықтық аномалия) болуы жеткiлiктi. Заңи жауапкершiлiк шаралары, ең алдымен, жазалаушы функциясын атқарады, яғни ең алдымен жәбірленушiнiң мүлiктiк жағдайын қалпына келтiруге бағытталады.

Мартемьянов қорғау шараларының iшiнде: 1. санкцияларды; 2. жауапкершiлiк шараларын ажыратұды ұсынады. Санкциялар нормаларды бұзудың қандай да болмасын салдарлары, ал жауапкершiлiк шаралары - келiсiм - шартты бұзушының мүлiктiк жазалануымен байланысты.

Жоғарыда айтылғандардан өзгеше пiкiрдi Ю. Г. Басин айтады. Ол жауапкершiлiк шаралары мен басқа да шараларды қорғау шараларының бiртұтас жүйесiне бірiктiредi. Жауапкершiлiк шаралары жазалау мақсатымен бiрге жәбіленушiнiң бұзылған мұдделерiн қалпына келтiру мақсатын да алға қояды [16] . Сондықтан «жауапкершiлiк барлық уақытта субъективтi азаматтық құқықтарды қорғау шарасы болып табылады». яғни «қорғау шарасы» ұғымы кең ауқымды мағынада түсiндiрiледi. Мұндай жағдайда, біздiң көзқарасымыз бойынша «санкция» және «қорғау шарасы» түсiнiктерi бiр-бiрiне сай келедi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Ю. Г. Басиннiң көзқарасын бейнелейдi. Азаматтық құқықтарды қорғауға АК-тiң нормалары арналған. Бұл азаматтық құқықты қорғау нысандарын мемлекеттiк немесе өзiн-өзi қорғау, құқықты қорғау тәсiлдерiн, азаматтық құқықтар мен мүдделердi қорғауға бағытталған қорғауға бағытталған мәжбүр ету шараларының тiзiмiн, зиянның түсiнiгi туралы ережесiн көрсетедi [16] .

Азаматтық құқықтарды қорғау - заңмен бекiтiлген құқықтың жұзеге асырылуын, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етуге, бұзылған жағдайда қалпына келтiруге және бұзудың салдарын жоюға бағытталған шаралар жұйесiн түсiндiредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсінік
Азаматтық құқықтық
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
«Азаматтық – құқықтық жауапкершілік: түсінігі, тарту негіздері және түрлері»
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, түсінігін, түрлерін анықтау
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері
Азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz