Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Валюта жүйесі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Валюталық нарықтың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.2. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.3. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі ... ... ... ... ... ..22
1.4. Теңге: тарихы мен келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ІІ бөлім. Дүниежүзілік валюталық жүйенің даму кезеңдері ... ... ... ...28
2.1. Генуя валюта жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.2. Ямайка валюталық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3. Европа валюталық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Курстық жұмыс тақырыбы “ Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері ”.
ХХ ғасырдың отра шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономикака құруыға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық аиырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударудын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір – бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда – санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
1–ші бөлімнің тақырыбы – валюта жүйесі және оның түрлері. Мұнда валюталық жүйелер, қатынастар, валюталық нанырқтар, валюталық қатынастарды реттеу, валюталық саясат, ҚР валюта жүйесі, «теңге» еліміздің валюта жүйесі, халықаралық валюталық реттеу, валюталыөқ саясат туралы қарастырылады.

1. Баринов В.Т. Справочная книга инспектора валютных операций коммерческих банков. Москва, Менатеп-Информ. 1995 ж.
2. Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право. Москва Форум- Инфра-М 1998 ж.
3. Артемов Н.М. Финансово-правовое регулирование внешторговой деятельности. Москва, ООО МЦУПЛ , 1999 ж.
4. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. Москва, Юнити, 2000 ж.
5. Красавина Л.Н. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Москва, Финансы и статистика. 2000
6. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. Москва, Перспектива.1995 .
7. Мишель Пебро. Международная валютная жизнь и франк. Москва. Прогресс Универс, 2003 .
8. Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы. Алматы, Демеу, 1998 жыл.
9. Сенчагов В.К. Финансы, денежное обращение и кредит. Москва, Проспект,2000 ж.
10. Тосунян Г.А., Викулин А.Ю. Деньги и власть. Москва, Дело, 2002 ж.
11. Толковый словарь рыночной экономики. Москва, Глория, 1993
12. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, ТОО Баспа, 2001.
13. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы, Жетi жарғы, 1995 .

Тақырып: Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері. Курстық жұмыс
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Валюта жүйесі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. Валюталық нарықтың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
3. Қазақстан Республикасының валюталық
жүйесі ... ... ... ... ... ..22
4. Теңге: тарихы мен
келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5
ІІ бөлім. Дүниежүзілік валюталық жүйенің даму кезеңдері ... ... ... ...28
1. Генуя валюта
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...34
2. Ямайка валюталық

.37
3. Европа валюталық

..38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..43
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбы “ Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері ”.
ХХ ғасырдың отра шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы қаражат
және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық
экономикака құруыға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын
жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын
құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар
қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді,
ғылыми-техникалық аиырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша
аударудын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады.
Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі
дегеніз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын
ұйымдастыру нысаны (формасы).
Қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір –
бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір
шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда
– санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша
қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар
арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз
етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
1–ші бөлімнің тақырыбы – валюта жүйесі және оның түрлері. Мұнда
валюталық жүйелер, қатынастар, валюталық нанырқтар, валюталық қатынастарды
реттеу, валюталық саясат, ҚР валюта жүйесі, теңге еліміздің валюта
жүйесі, халықаралық валюталық реттеу, валюталыөқ саясат туралы
қарастырылады.
2–ші бөлімнің тақырыбы – дүниежүзілік валюталық жүйенің даму кезеңдері,
Ямаика валюталық жүйесінің қалыптасуы және дамуы, Европ валюталық жүйесінің
қалыптасуы және дамуы. Бұл бөлімде дүниежүзілік валюта жүйесі қалыптасуы
және дамуы кезеңдері талқыланады.
І бөлім. Валюта жүйесі және оның түрлері
Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің
нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
“вексель жәрмеңкелері” мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай –
ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық
қатынастарға делдал болды.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық – экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық – заңдық тұрғысынан
қарағанда – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формация шегіндегі
валюталық қатынастардың ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық,
дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық
жүйе пайда болды. Ұйымдық – заңдық тұрғысынан қарағанда – бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және
халықарлық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген,
елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық
формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,
өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валютаның ерекшелігі
ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен
анықталды.
1) Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негіжінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім – шарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы оладың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың
міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын
және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі ар түрлі болып келеді.
Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
2) Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру
формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.
Ұлттық және дүнижүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады. (1 − кесте).
Ұлтық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта 1.Халықаралық есептесу бірлігі,
резевтік валюталар
2.Ұлттық валютаның айналым 2.Валюталардың өзара
дәрежесі айналымдылығының шарты
3.Ұлттық валютаның паритеті 3.Валюталық паритеттердің біртұтас
режимі
4.Ұлттық валюта бағамының 4.Валюталық бағамдардың
режимдерінің регламентациясы
тәртібі 5.Халықаралық валюталық өтімділікті
5.Халықаралы валюталық өтімділік мемлекетаралық реттеу
6.Валюталық шектеуді мемлекетаралық
6.Валюталық шектеудің болуы реттеу
немесе болмауы 7.Халықаралық несиелік айналыс
7.Халықарлық несиелік айналыс құралдарының пайдаланудың біртұтас
құралдары, оларды пайдалану ережесі
ережелерінің регламентациясы 8.Халықаралық есеп айырысулардың
8.Елдің халықаралық есеп айырысу негізгі формаларының біртұтастығы
регламентациясы 9.Дүниежүзілік валюталық нарықтар
және алтын нарықтарының режимі
9.Ұлттық валюталық нарық пен алтын10. Мемлаетаралық валюталық
нарығының режимі реттеуді жүзеге асырушы халықралық
10.Елдің валюталық қатынастарын ұйымдар
реттеуші және қызмет көрсетуші
ұлттық органдар
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететін, валюталық бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
• дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында
елдердің билік ету позициясы;
• жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің
дамыған торабы;
• басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің
болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резевтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшінқажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма –
қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарында жазбаша
жолымен: СДР – Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты
құны валюталық “қоржынға” кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және
бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталық “қоржын” 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам
режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы – несиелік
ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және
валюталық компонеттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты
белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ
долларына қатысты нарықтық құнының сомасына есептеледі. СДР халықаралық
есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық “қоржын” бес валютадан
тұрады(1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы -
21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг - 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын
валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін
сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша
бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
• “еркін пайдаланылатын валюта”, яғни халықаралық есеп айырысуларда
және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен
қолданылатын;
• валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланғанелдердің
валюталары;
• валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын
валюталары.
Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және
заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемелекетаралық реттеу
объектісі болып саналатын валютамен валютамен жасалатын операцияларға шек
қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемелекеттік реттеумен
байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем
қабілетін сипаттайтын – халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі
болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы,
алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ –
дағы шоттар кіреді.
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі
және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева
вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылды.
Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық
деңгейлерде реттеледі.
3) Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне,
жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына
қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын
азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше
елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру
формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен
қалыптасатын қоғамдық қатынастардыңжиынтығы болып табылады (Еуропалық
валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып,
дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден – бір қатысушысы болып саналады.
1.1. Валюталық нарықтың мәні
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып,
ішкі және халаықарлық төлем айналымынна қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралықтөлемдер
бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір
валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден;
сондай – ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы,
брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру
қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, зайымды, несиені және оған
есептелгенпайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке
тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда – саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарастыруға болады:
• шарушылшық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
• байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
• әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды
жасау; банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын
біртұтастандыру;
• коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық
және арбитраждық валюталық мәмілемелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франфурт-на-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио,Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылды.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертилетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд
риялы, кувейт динары және т.б, бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес халықарлық операцияларды
жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін
сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының
жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға
жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар
арасындағы операцияларды, сондай – ақ валюта биржасында жүргізілетін
операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж.
операциялар көлемі USD – 112435 мың, DEM – 11165мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық “қара нарықпен” толықтырылуы мүмкін.
“Қара нарықтың” болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып,
“көше” нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және срның нәтижесінде “қара
нарықтың” әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын
ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың
қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің
95%-ға дейін банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай
сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік
береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе
девиздік бактер деп аталады.
Девиздік бвнктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айрысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі.
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде(Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін
валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінщі топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін
олар базқа банктерге өтініш жасайды (маркет - юзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет - мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық жерлеріне 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн.
АҚШ долларындағы (мәміленің стандарты соммасы – 5 немесе 10 млн.) ірі
сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халықарлық валюталық нарықта жұмыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық рольді
жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен
кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франфурт – на – Майнеде,
Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта
операциялар жүргізетін валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық
департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі – Дойче Банкті алуға
болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар
бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің “Сименс” каналы арқылы
берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі – үш валюталармен
опернациялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды.
Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін
пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және
сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында –
валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ретінде де
жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссялық
ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар
үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы
мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей
брокрге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк – клиенттеріне
толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудіңайтарлықтай артықшылығы мыналар:
котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген
бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз
бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік
ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана
мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де,
сондай – ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер
түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында –
шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта
түрінде болады.
Аударым – бұл басқа елдегі банк – корреспондентіне өзінің клиентінің
өтініші бойынша және оның есебінен телергафтық немесе пошталық аударым
(бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға)
төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір
уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады
және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау
барысында есеп айырысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы
қорғауға кепіл береді.
Банктік чек - шетелдік банк – корреспонтентіне чекті ұстаушының ағымдық
шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы.
Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк – корреспондентке
берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл
вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие
берушілеріне)жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы
елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің
корреспондінің шотын ққажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып
табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай – ақ
сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте
сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел
валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік
қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік
шоттарды жүргізу тәжірибесінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде
операцияларды қолма – қолсыз түрде жүргізуге, есеп айрысуларды жеделдетуге
және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
1.2. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу.
Валюталық саясат
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық
валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
• Нарықтық реттеу;
• Мемлекет тарапынан реттеу:
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай – ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында
жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар,
көрсетілген қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік
щаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін
қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам
динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып
алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады.
Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар
көздері болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген,
бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы
маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы ХХ ғ.
алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш
ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ
асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға
теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік – экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін – бірі толықтырады.
біріншісі, бәсекеге негізделіп, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал,
екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды
жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы
тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың
арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы
басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттуедің маңыздылығын
артады. Сондай – ақ валюталық – экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын
алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа
келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стартегиялық мақсаттарына
сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында
жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экномикалық саясаттың ең басты бағыттары мен формалары
елдердің валюталық – экономикалық жағдайында, әлемдік шаруашылықтың
эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты
анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және
иысқары жерлердегі валюталық бағаларымен байланысты операциялардың жасалу
тәртібін реттейтін құқықтыңнормалар жиынтығымен, сондай – ақ екі жақты көп
жақты валюталық проблемелер бойынша мемлекеттер арасындағы жасалатын
келісімшарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып
табылады.
Тікелей валюталық реттеу – заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет
ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу – нарықтың экномикалық,
валюталық және несиелік әдістерді пайдаланану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Ваоюталық қор болып
табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге
бөлінеді.
1. құрылымдық валюталық саясат;
2. ағымдық валюталық саясат.
Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдыұ
өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ағымдық валюталық саясат – валюталық бағамды, валюталық операцияларды,
валюталық нарық пен алтын нарығынығ қызметтерін күнделікті оперативті түрде
реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
1. Дисконттық валюталық саясат;
2. Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары
болады:
валюталық интервенция;
валюталық резервтерді диферсификациялау;
валюталық шектеу;
валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
валюталық бағам режимі;
девалъвация;
ревалъвация.
Дисконттық саясаты – бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын
реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны,
жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін
өзгертуі.
Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық бантің шетел
валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету
әдісі.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервнция формасында жүзеге асырылады.
Валюталық интервенция ХІХ ғасырдан бастап қолданыла баста.ан. Алтын
монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен
қанат жайды.
Валюталық резервтерді диферсификациялау – бұл халықаралық есеп
айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық
шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық
резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің
саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және қалықаралық
есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге
асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық
реттеу объектісі болып табылады.
Девлъвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне
жатады.
Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы
бойынша төмендету.
Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша
жоғарлату.
Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:
Бе – Бж
Д = Х 100,
Бе
Мұндағы
Бе – ескі бағам;
Бж – жаңа бағам.
Ревальвация пайызын есептеу формуласы:
Бж – Бе
Р = Х 100
Бе
Вадюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттрдің валюталар және басқа
валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе
әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:
• төлем балансын теңстіру;
• валюталық бағамды қолдау;
• ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің
бағалықтарының шоғырлануы.
Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:
• валюталық операциялардың орталық және өкілетті банктерде
орталықтандырылуы;
• валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының берілуі;
• валюатлық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
• валюталардың қайтарымдылығын шектеу.
1.3. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің
тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның
алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық
шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстерінде түсіру мәселелерін бірге
шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап
өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары
мен қордың Жарғысына сәкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру
үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң
қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке
валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің
ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін
құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына
жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта
қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда
Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы жаңадан заң қабылданды”.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастардың негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, “Қазақстан Республикасының
ақша жүйесі туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі туралы” 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; “Асыл
тастар мен қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік
реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; “Банк және банк қызметі
туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің
Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік
актілері .
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды,
аффинирлинген алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып
кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық
қатынастардың субъектілері болып резиденттер және резидент еместер
саналады. Резиденттерге жататындар:
• Қазақстан Республикасыда тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде
уақытша шетелдерге мемлекеттік қызметте жүргендер;
• Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар,
сондай – ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және
одан тыс жерлердегі өкілдіктері;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және
басқа ресми өкілдіктер, сондай – ақ шаруашылық немесе коммерциялық
іспен шұғылданбайтын өкілдіктер;
Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге жоғарыда республика
резиденттері түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу – сату мәмілелері
Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті
коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық
банк саналады. Ол:
• Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар
айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында
операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді
сыйақы көлеміне де енгізеді;
• Резиденттердің шетел банктеріне шот ашу шарттарын анықтайды; беру,
тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге
лицензиялар береді;
• Ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын,
оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық
төлемдері үшін, сондай – ақ шетел валюталарымен және бағалы
металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне
нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын
белгілеу жолымен реттейді,
• Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
• Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы –
валюталық және несие – есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
• Қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйыдармен шетел валюталарын тартады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың
агенттері жүргізеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz