Бухгалтерлік есеп және аудит туралы ақпарат


«Бухгалтерлік есеп және аудит»
Жоспар:
- Аудит туралы:Аудит пәнінің түсінігі; Сыртқы және ішкі аудит;
- Аудит және бухгалтерлік есеп;
- Бухгалтерлік баланс:
- Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны;
- Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері. Аудит туралы
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылым мен білім практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді, бұл- аудит. Аудиттің мазмұның терең анықтаудан бұрын, бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның «аудио» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» дегенг мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысындка тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап басқарушы, тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор»- «тыңдаушы» дегенді білдірген, яғни қандай да бір нәрсенітыңдайтын адам.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есепті жүргізуде, шаруашылық бақылау жасауда, оған бірден бір негіз болатын бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да шет елдерде ерте кезден бастап арнайы ьухгалтерлік сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс болып табылады.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды, мысалы: АҚШ-та қоғам бухгалтері, Англияда- ревизор, Францияда- бухгалтерлік сарапшы, Германияда- шаруашылық сарапшысы және тағы басқа.
Аудит пәнінің түсінігі
«Аудит» деген түсінікке әртүрлі мағына берген:
- Аудит дегеніміз- кәсіптің табыстық есебін тексеріп, онда көрген шаруашылықтың табыстылық көрсеткішінің дұрыстығын анықтап, сонымен бухгалтерлік есеп қаржысын, салық заңдарын, банк және әлеуметтік есеп процессін келісім шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп, арнайы төлем арқылы қызмет көрсету. (Ситкасымов Г. С. )
- Аудит дегеніміз- табыстылық есебін немесе соған қатысты объектілер туралы мәліметтер арнайы қорытынды жасау үшін дербес текесеру жүргізу. (Андреев В. Д. )
- Аудит дегеніміз- шаруашылық табыстылық операциясының заңдарын тексеріп, әртүрлі меншіктегі кәсіптің бухгалтерлік есеп дұрыстығын анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау, тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету. (Ержанов М. С. )
- Аудит дегеніміз- ол кәсіпорындардағы, мекемелердегі бухгалтерлік есеп дұрыстығын анықтау мақсатымен жүргізілетін тексеру. (Угольников К. А. )
Аудиттің мазмұның қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айтылу керек. Олар мыналар:
- Шаруашылықты субъект;
- Мәлімет;
- Аудитор мамандығы;
- Фактілерді жинау және бақылау;
- Аудитор стандарты;
- Аудитор ақпараты, есебі.
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі:
- Ғылыми негізділігі;
- Объективтілігі;
- Дербестілік;
- Кәсіби біліктілік;
- Сенімділік;
- Тез жеделдік принципі.
Сыртқы және ішкі аудит
Аудиттің түрлерін зерттеуінің зор әдістемелік маңызы
бар. Аудиттің түрлері субъекті ретінде ішкі және сыртқы болып бөлінеді заңдылық тұрғыда ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындауы тұрғысынан қол жұмысы түріне және компьюторды пайдалану болып бөлінеді.
Сыртқы аудит
Сыртқы аудитор өз жұмысын сол елдегі заңды түрде қабылдап, аудит стандартына, бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес жүргізіледі. Фирмалардағы кәсіпорынның бөлімі басылымға тек қана аудитор өз қорытындысын бергеннен кейін және балансқа мөрін басқаннан кейін шығады. Әрине аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана қорытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процесстердің басылымға шығуы үлкен мағынасы бар.
Ішкі аудит
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын арқылы тәуелсіз қызмет көрсету ішкі аудиттің тәуелділігі арқылы сыртқы аудит тәуелділігі арқылы сыртқы аудит тәуелділігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі.
Сыртқы аудитке қарағанда ішкі аудиттің тәуелділік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды. Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит үлкен және орталау шаруашылық субъектілеріне құралады. Оның ұйымдастыру ерекшелігі:
- Шаруашылық субъекті басшылары, әкімдері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне ішкі тобын құруға шешім қабылдап аудитор куәлігі бар маман іздейді;
- Аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім шарт жасасып:Аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды; Жұмыс атқару тәртібі, тапсырушының міндеті нақты көрсетедіАудитор тобының шоты анықталады.
2. Аудит және бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп үшін ең маңызды мәлімет көзі, екіден зерттеу іздеу объектісі. Бухгалтерлік есеп нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштердің үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпорын шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталады, бухгалтерлік есепке алынады. Бухгалтерлік есептің соңғы сапасы, қорытындысы, ол кәсіпорынның қаржылық ақпараты. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық) . Сол ақпарат көрсеткіш аудитор көрсетіп, тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудит фирмасы немесе жеке аудитор жүргізеді. Аудитті тексеру аудит фирмасы немесе жеке аудит жүргізеді. Аудитті тексеру заң- талабына сәйкес нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есеп үшін «алғашқы есеп есеп құжаттарын тексереді. Одан кейін ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Қорыта келгенде, аудитор бухгалтерлік есепті жақсы білетін есеп заңын және нормативтін құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білітін білімді маман болуы керек.
3. Бухгалтерлік баланс
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 3. 03. 94 жылы №10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталмаған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік баланс жасайды.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде осы мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни балансактиві көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетітіндігімен түсіндіріледі.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын балансактиві пассивінің көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:
- Активтік баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдалануы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
- Активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорындардың қарыздарын көрсетеді.
Баланс- барутто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс- неттоға сәйкес келеді.
Баланс- брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс- неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім болады.
АКТИВ:
- Ұзақ мерзімді активтер.
- Ағымды актитер.
Меншікті капитал мен міндеттемелер:
- Меншікті капитал (акционерлі капитал) .
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
- Ағымды міндеттемелер.
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.
Баланс- неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мыссалы, «материалдық емес активтер», «негізгі құралдар» баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.
Баланс- неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.
Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны
Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар топтарға, ал топтар бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің міктемесіне сәйкес келеді.
- бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:
Материалдық емес активтер- бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай- ақ есепті кезеңдегі: гудвилл- патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Негізгі құралдар- бұл материалдық салада, сондай- ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.
Мұнда мынадай баптар ашылуға тиіс:
- жер;
- үйлер мен ғимараттар;
- машиналар мен жабдықтар;
- жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа түрлері;
- жинақталған тозу;
- аяқталмаған күрделі құрылыс.
Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.
Инвестициялар- кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорындарға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.
Мұнда мынадай баптар ашылады:
- еншілес серіктестіктерге берілген инвесциялар;
- тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;
- ағымды құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнынан ерекшеленеді.
2-бөлім. Ағымды активтер:
Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы- материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер) .
Алдағы кезең шығындары- есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептеп шығарылуы мүмкін.
Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымды активтерге қосылады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары- мерзімі бір жылға дейін.
Дебиторлық берешек- есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.
Мұнда мынадай бптар ашылуы тиіс:
- авнстық төлемдер;
- алуға арналған шоттар мен вексельдер;
- еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;
- лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;
- өзге де дебиторлық берешектер.
Сомасы бір жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.
3-бөлім. Меншікті капитал мен резервтер:
Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі.
Жарғылық капитал - кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушылырының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.
Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуі тиіс:
а) мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген (мәлімделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;
ә) төленбеген капитал;
б) акцияның номиналдық және ағымдағы құны;
в) оларға ие адамдардың құқы, дивидендтерді бөлу мен мүлік бөлігін төлеудің шарттары;
г) ерекшеленген акциялар бойынша төленбеген дивиденттер;
д) өтемі төленіп алынған меншікті акциялар(алынып қойылған капитал) ;
е) болашақта шығаруға мәлімделген акциялар.
Өзге меншікті капитал:
а) номинал құнынан артық төленген капитал;
ә) негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.
Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.
Бөлінбеген кіріс(жабылмаған зиян) .
4- бөлім. Шығарылған капитал.
5- бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер .
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:
а) қамтамасыз етілген несиелер;
ә) қамтамасыз етілмеген несиелер;
б) еншілес серістестіктер ұсынған несиелер;
в) төлемі кейінге қалдырылған салықтар.
Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.
6- бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиіс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz