Ғали Орманов туралы
Кіріспе бөлім.
Ғали Орманов шығармашылығы .
Негізгі бөлім.
А) Ақынның табиғат лирикасы .
Ә) Жамбыл және Ғали .
Б) Ақынның ана бейнесін сомдаған
туындылары.
С) Ақынның поэмалары .
Шәуілдір поэмасы .
Қорытынды бөлім .
Ғали Орманов шығармашылығы .
Негізгі бөлім.
А) Ақынның табиғат лирикасы .
Ә) Жамбыл және Ғали .
Б) Ақынның ана бейнесін сомдаған
туындылары.
С) Ақынның поэмалары .
Шәуілдір поэмасы .
Қорытынды бөлім .
Суреткердің екі өмірі бар.Бірі -өзінің ,екіншісі творчествосының өмірі. Шығармасының шоқтығы неғұрлым биік ,тынысы неғұрлым кең болған сайын оның өз өмірі де соғұрлым ұзая бермек .Ақын Ғали елуге толды,жас ортасы деңгейінен асты. Ал оның поэзиясы әлі де жанарынан жалын атқан жігерлі жігіт шағында.Бұл оның өлеңдерінің балаңдығын емес,кемелдігін көрсетеді.
Ғали Ормановтың творчестволық өмірбаянында әдеттегіден тыс, айрықша жәйттар жоқ десе де болғандай.Оның өмірі өзі тұстас ақындардың тағдыры мен талайына туыстас ,солармен сбақтас.Октябрьдің құдіретті дауылы бүкіл Россиямен бірге ұлан – байтақ қазақ сахарасынан да дүр сілкіндірген шақта Ғали он жасар бала ғана болатын.Әке –шешесінен айрылып ,жетім қалған балаға жаңа дүние өзінің мейірбан құшағын ашады .Ол білім бұлағына бас қоюды аңсайды .
1928 жылы жазған «Алғашқы адым « атты өлеңінде өз өмірінің осы бір күйлерін еске ала келіп, ақын былай деп шертеді :
Аттанып ауыл -анадан ,
Оқуға кеттім қалаға .
Жабыла маған қараған
Жалтаңдай кеттім далаға,
Жарбиған жаман тон,тұмақ
Жабысып кетті үстімде,
Жанайын деген бір шырақ
Жалтылдап кетті ішімде.
Мұнда тек Ғалидің өз басының ғана емес ,сонымен бірге талай қазақ жасының өмір өткелінің сыры мен шыны бар .Жылдар өтті ...
Жетімек бала үстіндегі жарбиған тон ,тұмағын сыпырып тастады.Ішінде жанғалы тұрған жалт-жұлт еткен шырақ лаулаған жалынға ,ақындық алауға айналды.
Ғали Ормановтың әдебиетке алғаш араласуы да өзі буындас ақындардың творчестволық сапарының бұлақ бастауын еске түсірерліктей.Сахара тіршілігінде туындап жатқан ғажайып жаңалықтар басқа талапкерлер сияқты Ғалидің де жан срайында ақындық жаңғырық
Туғызды.Сөйтіп,алғашқы тебіреністер мен талаптар есейе де молая келіп
Оның «Шеңбер» атты тұңғыш өлеңдер жинағына тоғысады.
Ақынның алғашқы кітабына енген « Қора»,»Диханбай»,» Мойын серік», «Екі дай», «Абысындар аңызы», «Қоңсы мен қожайын», «Бетпе-бет» және басқа да өлеңдерінде сана -сезімі оянған жарлы жақыбайлардың күштілерден кек қайтаруы ,байлардың тап ретінде талқандалуы , ауыл өміріндегі жаңлық нышандары , қалың көпшіліктің өнер-білімге ден қоюы жайында баяндалады .Кезінде өздерінің өлең-жырлары арқылы бұл тақырыпты қозғамаған қазақ ақыны кемде-кем.

1. Орманов Ғ . Шығармалары төрт томдық . А.,1984
2. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия . А.,1960
3. Нұрқатов А. Идея және оброз . А.,1962
4. Кенжебаев Б. Жылдар желгісі . А., 1984
5. М.Ж.Көпеев Қ.П Қазақ лирикасындағы стиль
және бейнелілік . Павлодар , 1999

Ғали Орманов.
Суреткердің екі өмірі бар.Бірі -өзінің ,екіншісі творчествосының
өмірі. Шығармасының шоқтығы неғұрлым биік ,тынысы неғұрлым кең
болған сайын оның өз өмірі де соғұрлым ұзая бермек .Ақын Ғали
елуге толды,жас ортасы деңгейінен асты. Ал оның поэзиясы әлі де
жанарынан жалын атқан жігерлі жігіт шағында.Бұл оның өлеңдерінің
балаңдығын емес,кемелдігін көрсетеді.
Ғали Ормановтың творчестволық өмірбаянында әдеттегіден тыс,
айрықша жәйттар жоқ десе де болғандай.Оның өмірі өзі тұстас
ақындардың тағдыры мен талайына туыстас ,солармен сбақтас.Октябрьдің
құдіретті дауылы бүкіл Россиямен бірге ұлан – байтақ қазақ
сахарасынан да дүр сілкіндірген шақта Ғали он жасар бала ғана
болатын.Әке –шешесінен айрылып ,жетім қалған балаға жаңа дүние өзінің
мейірбан құшағын ашады .Ол білім бұлағына бас қоюды аңсайды .
1928 жылы жазған Алғашқы адым атты өлеңінде өз өмірінің осы
бір күйлерін еске ала келіп, ақын былай деп шертеді :
Аттанып ауыл -анадан ,
Оқуға кеттім қалаға .
Жабыла маған қараған
Жалтаңдай кеттім далаға,
Жарбиған жаман тон,тұмақ
Жабысып кетті үстімде,
Жанайын деген бір шырақ
Жалтылдап кетті ішімде.
Мұнда тек Ғалидің өз басының ғана емес ,сонымен бірге
талай қазақ жасының өмір өткелінің сыры мен шыны бар .Жылдар өтті
...
Жетімек бала үстіндегі жарбиған тон ,тұмағын сыпырып
тастады.Ішінде жанғалы тұрған жалт-жұлт еткен шырақ лаулаған
жалынға ,ақындық алауға айналды.
Ғали Ормановтың әдебиетке алғаш араласуы да өзі буындас
ақындардың творчестволық сапарының бұлақ бастауын еске
түсірерліктей.Сахара тіршілігінде туындап жатқан ғажайып жаңалықтар
басқа талапкерлер сияқты Ғалидің де жан срайында ақындық жаңғырық
Туғызды.Сөйтіп,алғашқы тебіреністер мен талаптар есейе де молая келіп
Оның Шеңбер атты тұңғыш өлеңдер жинағына тоғысады.
Ақынның алғашқы кітабына енген Қора,Диханбай, Мойын
серік, Екі дай, Абысындар аңызы, Қоңсы мен қожайын, Бетпе-бет
және басқа да өлеңдерінде сана -сезімі оянған жарлы жақыбайлардың
күштілерден кек қайтаруы ,байлардың тап ретінде талқандалуы , ауыл
өміріндегі жаңлық нышандары , қалың көпшіліктің өнер-білімге ден
қоюы жайында баяндалады .Кезінде өздерінің өлең-жырлары арқылы бұл
тақырыпты қозғамаған қазақ ақыны кемде-кем.
Ал Ғали осы тақырыптарды өзіне тән шеберлікпен ,ерекше көркемдік
ажар бояу ,үн-сарынмен бейнелеуге ұмтылды .Алғашқы өлеңдерінің
таңдаулыларының өзінен-ақ Ғалидің тілі оралымды , лебі майда , жылы
юморы бар ақын болғалы тұрғаны анық байқалады .Мысалы ,оның
1928 жылы жазған Қоңсы мен қожайынатты өлеңінің сюжеті бар ,
диалогқа құрылған. Мал-мүлкім конфискеге ілігеді деп үрейленген бай
жалгы қоңсысын арбайды. Біраз қойды уақытша өз үйіңе жазып
қой?
дейді. Сонда :
Қуанғаннан қоңсы қарт
Күліп те бір жіберді :
-Балалардың өздері-ақ
Аламыз деп жүр еді...
Үрейі ұшып қатты құты қашқан байдың қулық-сұмдығы да, есеге қолы
жеткелі тұрғанына нық сенген жалшының оптимистік ой-сезімі де
осы
өлеңде реалистік түрде ,шеберлікпен ашылған .Дөп тиетін авторлық юмор
да өлеңге айрықша шырай беріп тұр .
Ақын әлеуметтік мәні зор , келелі тақырыпты осындай
шағын штрих ,тапқыр тәсіл арқылы шешеді .Бірақ бұдан оның
шығармаларының идеялық қуаты кемескі тартпайды. Бұл оның ақындық
әдісі , творчестволық тәсілі .Рас ,ақын алғашқы кезеңдегі өлеңдерінде
оның көркемдік нысанадан жаза басып ,реалистік мәнерден , лирикалық
саз бен сыршылдықтан айрылып қалған мезеттер де болған .Тіпті оның
Шеңберден кейін шыққан Шәуілдір (1934) және Алынған қамал
(1935) атты поэмаларында да көркемдік кемшіліктер мол ұшырасады .Бұл
Бір жағынан, ақынның эпикалық шығарма жазуға төселмегендігіне ,оның
Жанрлық ерекшеліктерін емін-еркін баурамағандығына да байланысты
болса керек .Шәуілдірдің өткені мен бүгінгі бейнесін салыстыра
суреттеуге арналған алғашқы поэмада ешқандай көркем образ
жоқ.Керісінше ,онда натуралистік көріністер мол.Ал атақты
челюскиншілердің Солтүстік мұзды мұхитқа жасаған жорығын
баяндайтын Алынған қамал поэмасы көркемдік қасиеті жағынан бұдан
Бір саты жоғары .Бірақ шын мәнісіндегі сюжетті шығармаға бұл
поэма да сайма-сай болып шықпады .
Ғ.Ормановтың 1936 жылы шыққан Абысын сыры атты
жинағына енген ақын творчествосының тақырыптық қамтуы кеңейе
түскенін, оның шарқ ұрып іздену жолында екенін танытты .Бұл
ізденудің жемісін ақынның жылдардағы яғни Ұлы Отан соғысы
кезіндегі лирикалық өлеңдерінен көреміз .Бұл тұста Ғали таланты
қауырт өсті ,шырқау биікке шарықтай көтерілді .Оның ақындық өмір
жолын шолғанда бұл кезең асқар таудай анық сезіледі .
Қазақ кеңес ақындарының ішінде фашизмге қарсы күрес тақырыбына
мол жазғандардың бірі-Ғали Орманов .Оның Халық- қаһарман атты
көлемді дастаны да осы тақырыпқа арналған .(лы Отан со5ысы
басталған шақта жазған бұл поэмасында ақын Қарпат тауын
мекендеген халықтардың фашизмге қарсы кекті күресін баяндайды.
Ақынның табиғат лирикасы .
Ғали маған бисмеллә -деп тартқан бірінші жолыннан
бастап ,
тәтем деп тоқтаған ең соңғы жолына дейін оқушының ойында
қалған ақын сияқты елестейді . Әрине , ешбір ақынды ешбір
адам түгел жаттаған да емес ,түгел оқи алмаған да емес .Сонда
да оқығаныңның қалған әсер тұтастығы болатыны да даусыз .Ол
ақынның теңеулері мен бейнелеулеріндегі үнемі тереңдей түсіп
отыратын сыр тұтастығы , бояу тұтастығы , ой тұтастығы .Ғали ақын
қайталанбайды , қайталамайды тереңдеп отырады .Ғали бұлбұлы
сайрағанда бұтақтан бұтаққа ұшып – қонып жүріп сайрамайды ,өзіне
ұнаған бір биігінен аумай сайрайды .
Ғали ақынның есте қалар бір еғрекше қасиеті – ол
әртүрлі сәтті кезеңді тосып , дәл кезін құр өткізбей үн
қосып қалмайды ,ойы-қыры , қысы-жазы ,қуанышы-мұңы бар үлкен өмірде
солардың бірі мен бірінің байланысы-шиеленісі барын білетін ,
алманың өзімен бірге ағашын да , ағашымен бірге тамырын да
тамырымен бірге суаруын да ойлана жүретін ақын еді .
Ғали ақынның тағы бір ерекшелігі – ол айтайын дегенін
құлағыңа емес , жүрегіңе айтатын еді , сөзбен емес бейнелеу ,
суреттеумен айтатын .Ғалидың ең берісі осы жақтарын жете
тексере алсақ, Ғали көтерілген биіктің аласа еместігін де
көрер едік .
Ғали елден оқуға келе жатқанда-ақ қойнында бір
құшақ өлең келе жатыр :
Сағыныштай сарғайып ,
Сары белден таң атты.
Сахарада шалқайып
Сарғая бір жол жатты.
Көкжиекке қосылған
Қара жолдың ұшына ,
Қарай-қарай асығам ,
Қанатым жоқ ұшуға .
Ауылдан Алматыға , болмыстан арманға асығып келе
жатқан ақынжанды адамның халін суреттейтін осы бір өлең жас
қаламнан туғанымен , кәнігі шебердің аяқ тастасындай .Иә ,Ғали
Ормановтың сонау жиырмасыншы жылдары жазған өлеңдерінің өзі –ақ
терең тамыры Абай ,Сәкен ,Ілияс , Бейімбеттерге кеткен қазақ кеңес
лирикасының гүл атып бусанып , көктеп тұрған бір бұтағы
сияқты. Бұл ақын алғашқы адымын олақтықтың оппа сораптарынан
бастап , шеберлік жолына бірте-бірте көтерілгендерден емес .Тырнақ
алдысының өзі – тарланбоздың жорғасындай су төгілмей тұрады.
Ақындық сөздің атқан оқтай жылдамдығы , алапат қуаты ,кісен үзер
күші дегендерді Ғалиға теліп терлемей – ақ қояйық .Задында
ондай ерекшелік Ғали Орманов талантына туажат . Ал , ақындық
сөздің сәулесі , нәзік сыршыл бояуы , мәні , дәмі дегендерге келер
болсақ, мұның бәрін жіті меңгеру - Ғали поэзиясының бірінші
белгісі .
Ақын Ормановтың алғашқы алған сабағы ауыз
әдебиетіндегі жыр үлгісі болғанымен, алар нәрі алуан түрде
жаңарып тұрды . Абайдан соңғы ақынымыз Ілиястің ізін баса үйрену ,
орыстың арғы – бергі аса күшті ақындарын аудару Ғали өлеңдеріне
сұлулық , образдылық сіңірсе , Толстойдан алып прозашыны аударудың
өзі де оның ойын тереңдетті, өресін кеңейтті .Шығыс поэзиясын
,әсіресе ,көне жырдың көрнекті туларын көтерген тәжіктерді
тәржімелеу ақындық бояуларын байытты .Міне , осындай үздіксіз
ізденіс ,оның үстіне ел ішімен үзіліссіз байланыс, ауылда жиі-жиі
болып , қалып тіршілігінен ,
Туған табиғаттан сусындау оның лирикасын оқушының жан жүрегіне
дәл тигізіп отырады .
Ғали Орманов Ұлы Октябрьден бұрын туғанымен оның
қаламын кеңестік дәуір ұштап берді,бағып-қақты,оқытты,қалыптасты рды
.Бұл жайлар ақынның өлеңдегі өмірбаянында сайрап жатыр .Алғашқы
өлеңдерінен бастап табытына қолындағы қаламымен түскенге дейінгі
аралықта алыс сапар , адам тірлігі , қоғам өмірі , өзгеру , соғысу ,
жеңу , сену ,кенелу кезеңдері кемел қамтылған .Аздап мысал теріп-
тізуге болады.
Алысқа тігіп көзімді ,
Аянбай жеттім бір шаққа ,
Қиынға жұмсап өзімді ,
Қарайын талмай кіткапқа .
(Өрде , 1940)
Қару бер , ана, қолыма ,
Жауыңа жайдай тиейін .
Өзімді тосып жолыңа ,
Үстіме жалын киейін .
(Отан алдында 1941 ж)
Даланы дария дәулетке
Толтырып кімдер қойды екен
Байытып қилы сәулетке ,
Бедерін кімдер ойды екен
(Жер шеңбері ,1959 ж)
Танытты.Ленин жұрттың өзіне-өзін
Жеткізді күресте оған әркім көзін
Халайық көкейіне құя берді ,
Тіршілік тынысындай Ленин сөзін .
Алпыс жыл уақыт өтті одан бері ,
Қарыштап кетті қайта ел ілгері .
Жарылқап жылда жұртты жатыр түгел
Мәңгіге алып берген Ленин жері!
(Ленин берген бақыт )
Бұл шөкім – шөкім жырлардан , үзік- үзік сырлардан Ғали
поэзиясының жалпы панорамасы елес бере алады .Социалистік қазақ
елінің басынан кешкен нұрлы тарих , ақынның творчествосын тұтастай
сәулелендіріп , жасыл өріске айналдырып жіберген .
Әдебиет тарихында өзінен бұрынғылардан ұстаз таңдамаған ,
азды – көпті тағлым алмаған ақынды кездестіру мүмкін емес .Ал ,
Қасымның атақты Ғалиға хатына жазған жауабында Орманов өз
творчествосының ерекше бір қырын отты , өткір Қасымның дәл
өзінше ширыға көрсеткені есімізде .Қысқасы , Ғалидың
творчестврсында қалыптасқан классикадан келген тарихи әсер де
айнала қаламдасқан сіңген көріну әсер де көп болдмағанмен
кездесіп отырады .Бұл – ақынның міні емес , толыға тұлғалануы.
Стильдік беті Ормановтан мүлдем бөлек Хамит Ерғалиевтің өзі де
Ғалиға арналған өлеңінде
Ақша қар жерге шашыңнан
Қылаулап жауып жатса да ,
Жырыңдай жазған жасыңнан
Жарқырай берші , жақсы аға ,-
деп ерекше жұмсара , екпіндей тоқтайды .
Ерекше жұмсару мен екпіндемеуді бекер қолданып
отырған жоқпын . Бұлар – Ғали лирикасын барлық басқа ақындардан
бөлекше көрсететін , тайға басқан таңбалар . Боран мен бұршақ,
дауыл мен нөсер табиғаттың сирек құбылыстары ғана .Негізінен , туған
табиғатымыз да ойлы , момақан , салмақты - сабырлы пішінде болса ,
Ғали өлеңдері де табиғаттың сол мінезіненөлшеп пішкендей сыңайда
туып жатады .
Ғали лирикасына тән , көп жағдайда оның творчествосын
тұздықтап отыратын тағы бір ерекшелік – жеңіл юмор .Өмірде де аса
биязы ақынның өлеңдеріне халықтық нышандар , қалжың – соқпақ
бояулары дарып отырады .Курортқа кеткен жұбайына әзіл- хаты қандай
жылы .
Отыр ма екен бір қу мұрт
Өле жаздап қасында ,-
деген жолдар ауыз – екі орамдылығымен ойға орнығып қалады .
Туысқан партиямыздың әртүрлі кезеңдердегі қаулы-
қарарларына үн қосу, оны халыққа үгіттеу – қалам ұстаушылардың
қадірлі борышы .
Ғали осындай биік борыштарға да соншалықты саналы
түрде қарайтын еді .Біздің кейбір ақындарымыз қаулыдан қаулыны
ғана, шешімнен шешімді ғана көріп , отликтер беріп жатқанда ,
Орманов ол шешімдердің адам жанына әсер етер нұрлы тасқынына
жаңа өлеңдерін шомылдырып шығаратын . Содан соң , Ғалидің
жекелеген биік беделдерге арналған өлеңдерінен де жақын жолдасына ,
бауыр – досына бағышталған жүрек сөздерінің жылуы шалқып тұрушы
еді. Даурықпа айқай , әсірелей көтермелеу дегендерден Орманов өз
қаламын алыс ұстаған адам .
Ғали – жақсы жыр жазуды өмір бойы армандап өткен
және де сол арманына жетіп кеткен ақын .
Жақсы жыр жазу мұраты оның жетпіс өмірінің аяғына дейін
түгесілген жоқ .Аурумен арпалысып жатқанда да қолындағы жалғыз
қаруы – қаламы ғана болатын .
Ауруым жатты мені алты ай аңдып
Асауға арыстанша аузын қан ғып .
Алдырмас аужайымды таныған соң ,
Ақырын бет алдына кетті қаңғып .
Дәрімнің ең күштісі - өлең менің ,
Денемнің сездірмейді ол көрінгенін .
Жақсы жыр , жалынды жыр жаза қалсам ,
Тынысым кеңейеді дереу менің .
Тумақ болғанда , - өлмек те- өзекті жанның құтылмас қарызы . Осы
қарыздың төлем тұсы таянғанын аңдағанда да Ғали ақын күйректікке
түсіп , морт кетпейді , тереңге шымырлап батқан асыл тастай,әсем
иірім қалдырады :
Болар бәлкім бұл менің соңғы өлеңім ,
Сөзім қалса соңғыға – сол көмегім .
Жылы тисе жырларым , сезер әркім
Жер бетіне шырағым сөнбегенін .
Қалса өлеңім көңілге жаққан шамдай ,
Ойлар мені ел – жұртым еске салмай .
Көкейінде көп жылдар сақталармын .
Жолаушылап бір жаққа кеткен жандай .
Ғали Халық – қаһарман поэмасын толық аяқтаған жоқ .
Бірақ шығарманың негізі өзекті идеясы яғни халықтың қаһармандығы
туралы, оның фашистік жыртқыштарды тас – талқан еткендігі туралы
идея ақынның соғыс жылдарындағы шырайлы да лепті лирикалық
өлеңдерінде , күйлі де сырлы балладаларында мол қамтылып жырланды .
Ақынның соғыс жылдарындағы жырлары сан -
салалы .
Солардың ең өзектілерінің бірі – Отан туралы тақырыпқа
арналғандары . Осы тақырыптас өлеңдерінің бір
сыпырасында Отанға ант , Туған жер , Отан ақын
өзінің туған елге , аяулы Отанға деген қастерлі
ойларын өзінің көңіл - күйлері , сезім толғаныстары
арғылы білдіреді :
Отаным еркелегем өзге кімге ?
Өзіңмен нені болса көргем бірге...
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде !
Көзімде кешегі бір кескінің тұр-
Толықсып түрлі мәуе , енген гүлге .
Ұялап толып тұрған секілді еді
Махаббат бақыт , қызық жер көгінде .
Ал енді бір сала өлеңдерінде Қарағай , Емен ,
Гүл ақын Отан туралы патриоттық сырларын астармен ,
поэтикалық символ – образ арқылы танытады . Бұл өлеңдерінің
әрқайсысы да алапатты жаумен астан – кестен арпалыста
ауыр жараланған , бірақ сұрапыл дүрбелеңге қарсы өр
кеудесін тосып , қасқайып тұра алған алып Отанымыздың жанды
бейнесін сездіреді .Өшпес өмірдің тыныс - лебі Гүлден ,
әсіресе , бұрқап есетіндец :
Жау жіберген өлімдей
Жалын бәрін жалмапты .
Жаңғыратын өмірдей
Гүл тамыры жанбапты .
Ғалидың соғыс жылдарында жазған өлеңдерінде
майдан көріністері , сұрапыл ұрыс елестері жиі
ұшыраса бермейді . Ақын соғыстың адам айтқысыз ауыр
тауқыметі мен қайғы – қасіретін де , халықтың үміті мен
арманын да , жеңіс қуанышын да көбінесе өзінің лирикалық
героиының сыр – сезімі , жан толқындары арқылы береді .
Жалпы алғанда , ақынның майдан тақырыбына арналған
өлеңдері шыншылдығы мен , адам жанын бірде мұңға
батыратын , біресе ширықтырып сергітетін әсерлігімен құнды
.Оларды қазіргі күннің талабымен табыстыратын да – осы
қасиеті .
Ақын өзінің уақыт үніне құлақ асқыш
сезімтал суреткер екендігін соғыстан кейінгі
творчествосынан да анық байқатты . Ғалидың бұл кезеңдегі
шығармаларының негізгі тақырыптары – кеңес адамдарының
жасампаздық еңбегі мен баянды бейбітшілік жолындағы
күресі , халықтар достығы. Бұлардың ішінен Днепр оттары ,
Бетпақ дала дастаны , Егін – толқын , Достық жыры ,
Асқанға – тосқан және басқа да көптеген өлеңдерді атау
қажет .
Ғали Орманов соңғы кездегі өлеңдерінде
кейіпкерлерін жан жақты суреттеуге , әр алуан
сипаттар жасауға баса назар аударып жүр .Оны асы
жайлауын аралап қайтқан сапарында алған әсері мен
көргендері жайында жазған өлеңде
осы қасиет , әсітесе , мол . Мұнда Асыны жайлаған
жандардың тіршілік тұрмысының шынайы көріністері де ,
көздің жауын алып , телмірте қызықтыратын тамаша
табиғат суреттері де , ақынның жылы юморы мен шынайы
ықласына бөленіп берілген адамның әр алуан мінез –
құлықтары мен көңіл аңсарлары да – бәрі де бар . Бұл
өлеңдерді қайта – қайта оқығың келеді .Өйткені , лирик
ақын бұл жырларында бұрынғы қалам сілтесінен
танбаған , қайта ол өз талантының соны бір қырларын
ашқан .
Біз әдетте лирика жайында сөз болса Ғали
Ормановтың аты аталмай кетпейді . Бұл заңды да .
Өйткені қазақ кеңес поэзиясының лирика жанрын
дамытуду , оны өзгеше бояу – реңтермен молықтыруда Ғалидың
еңбегі ерекше . Қазақтың қалың оқушылар жұртшылығы
оны күйлі де сырлы нәзік лириканың майталман
шебері деп таниды . Ғалидың ақындық қуаты оның
шығармаларының сыршылдығында , әсерлігінде ғана емес . Ол
саф мөлдір тұнық ойларын тас бұлақтың суындай
келісті де көркем өлең жолдарына құя біледі . Оның
тілі мейлінше бай , әрі ойлы да оброзды . Ол не
туралы жырласа да қысылып – қымтырылмай еркін жазады .
Ғалидың майда қоңыр шешн де шебер тілін
академик М. Әуезов аса жоғары бағалап , Мәлік
Ғабдуллинге жауап хат деген мақаласында : Тіл жөнінде
бұрынғының қорынан қарбытып алып отыратын , анық асыл
тіл байлығы бар екі ақынды бөліп атар едік
.Олар Асқар мен Ғали, - деп жазды.
Қазақ кеңес поэзиясы өкілдерінің ішінде
кемеңгер Абайдан көп үйренген , оның дәстүрлерін
бекем ұстаңан ақындардың бірі – Ғали . Абайдан
творчестволық үйренуі оның өзіне тән ақындық
стиль табуына ерекше ықпал етті . Бір ғана мысал
келтірейік
Алтын өмір - жас қызық
Балы тмаған тал шыбық
Алдында ойнап бұралсын
Саясы жез шынарсын .
(Сәуле)
Мұнда Абай поэзиясының лебі есіп , мен
мұңдалайды . Сөйте тұра Ғали өзінің ақындық даусын
жоғалтпайды . Ғали Орманов соңғы кезде көркем аудармамен
де беріліп шұғылданып жүр . Шығыс поэзиясынан және
орыстың классикалық әдебиетінен ол жасаған тамаша
аудармлар ұлттық бағал үлес болып қосылды .
Жамбыл және Ғали .
Ілуде біреу болмаса жүз жыл жасаған
Жамбыл қарттың тұстас , бастас құрбылары кездесе
бермейтін . Жүзге жете беру оңай болы па, бірақ
ардақты ақынның ой , сезім жағынан көңілдестері аз
емес – ті . Заманы бір , өнері бір қазақ ақындарының
бірсыпырасы – ақ ұлы қарияның жас құрбы , жас
достарындай еді . Біз Жамбылдан үйренсек , Жамбыл
бізден үйренетін .Жыр ұясындай , тіл қазынасындай ақын
аузын ашса сөз алтыны төгілетін . Өзі ағытып
айтатын , нөсерлете , құйылып айтылатын толғау , термелерден
басқа жатқа білетін дастандары қанша еді . Талай
ырғақтар , талай ұйқастар отты өрелі сөздер оның
аузын ұшып , біздің кеудемізге , зердемізге қонатын .
Ол айтатын шешен әңгімелер , хикаялар , ертектер , мақал,
мәтелдер де таусылмастай кен еді . Сүйсіне тыңдап , сүйе
жаттайтынбыз бәрін де . Ал сол сияқты мол ақын ,
кең кітап , газетті жазатын ақындардың өлең жырларын
Горький , Маяковский сияқты туысқан елдердің дана
ақын жазушыларының шығармаларын да біз арқылы қанығатын
. Өзге ел өнеошілерінің қазақша аудармаларын Жамбылға
оқып бермеген бүгінгі қазақ жазушыларынан кем – де
кем . Сөйтіп біз қарттың көзі де , құлағы да
болғанбыз . Сол көмекшілердің ішінде Жамбыл қарттың
ең жақыны бүгін жасы елуге толып , өзі де
еңкек тарта бастаған Ғали Орманов жолдас болатын .
Ғали әзиз атаның басшылық - қосшылық
қызметін қоса атқарады . Көп жыл бірге жасасып
бастасына да , тұстасына да айналған жас досын Жәкең
баласындай көріп кеткен . Ол қуанышын да Ғалиға
айтатын , ауырып сыздаса мұң – сырын да Ғалиға
айтатын .
Әрі сақ , әрі жас ұстана білген атаның
сенімін алмай , көңілін таппай , оны қажетті кезінде
отандық мәні бар үлкен тақырыптарға жырлата беру
де оңай емес – ті . Көрінген кісінің көлденеңінен
кірісіп: Жәке , жырлаңызшы дегеніне ол жырлай салмайтын
. Домбырадай бұрап күйіне келтірмей , үлкен кеудесіне
толғақ түсірмей , жүрегін еліктірмей Жәкең жағын ашпайтын
, есітпеген , ұқпаған аңқау болып қоя салатын . Ал Ғали
өзі дарынды ақын болғандықтан қарт ақынның жүрек қылын
шерте білді . Оған қозғау салү үшін ең алдымен ғ
еріксіз тебіренуге ақылды әңгіме айтатын , содан соң
бірте – біртелеп жыр жолына жетектеп түсіретін . Міне сол
кезде кәрі тарлан домбырасына жабысатын да , қос ішектен
үн табатын да қосылатын . Ал Ғали дүниеге жаңа
туған ғажайып жырларды қағазға түсіретін . Қазіргі бүкіл
кеңес халқы сүйетін Жамбыл өлеңдерінің көбін Ғали
осылай жазып алған .
Бізге мәлім , әлденеше рет еселеп басылған Жамбыл
жырларының белгілері ғана . Ал әлі басылып болмағаны ,
Ғали ақынның күнделікті дәптерлерінде жатқандары қаншама .
Олары електен өтпеген , ретке салынбаған , күнделік тіршіліктің
қат – қабат кезеңдеріне , тіпті ұсақ түйектеріне
байланысты шыққан қысқа өлеңдер , өткір мысқылдар , әйтпесе
ақыл нақыл сөздері . Ғали ақын Жәкеңнің соларын да қалың
жұртшылыққа ұзамй ұсынуға тиі . Ұлы халық жыраудың
өмірін , мінезін , әдет - әдебін жұртшылыққа молырақ көрсететін .
Оның ақындық сырларын аша түсетін фактілер де, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz