Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
1. Кәсіпкерліктің мәні, оның сипатты белгілері.
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы.
3. Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері.

ІІІ Қорытынды.
Кәсіпкерлік бұл табыс алуға бағытталған және тәуекемен байланысты шаруашылықтық қызмет. Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді. Р.Кантильон кәсіпкер терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р.кантильонның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект болды.
Адам Смит кәсіпкер ретінде, кәсіпорынның меншік иесін, кәсіпкерлік қызметтің мақсатын кәсіпкерлік табыс алу деп түсінді. Ж.Б.Сэйдің А. Смиттен айырмашылығы кәсіпкердің негізгі қызметін пайда түсіру емес, күнделікті шаруашылық қызметі аясында ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқару деп түсіндірді.
Кәсіпкерліктің жаңартпашыл түсінігін Й. Шумпетер берді. Онымен жаңартпашылдық өндірісте пайдаланылатын, өндіріске енгізілетін жаңа технология мен жаңа шикізатты өнімдерді, жаңа көздер мен жеткізілім нысандарын, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудағы жаңа нысандарды игеру жаңа техникалық жаңалықтың ашылуы ретінде түсіндіріледі. Й.Шумпетер кәсіпкерлікті жаңартпалықпен теңестіреді. Кәсіпкердің меншік иесі болуы міндетті емес, мұндай санатта менеджерде жұмыс ісией алады.
А.Тюнен кәсіпкерді жоспарланбаған табыстан үмітті, ерекше қабілеттердің иесі деп сипаттайды.
Кәсіпкерліктің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық көрініс алды. Акционерлік кооперативтік экономика жағдайында меншік заңды факт ретінде өзінің бөлу қызметінен айырылады. Өндірістегі өкімет меншіктен ұйымдастыруға ауысады, сөйтіп меншік пассивті рөл атқаратын болады. Дәстүрлі меншік түсінігімен қатынасты нақты физикалық заттар орнына, акционер қағаз бумасымен, меншіктің титулымен шектеледі. Акция иесі кәсіпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады.
1. «Экономикалық теория негіздері» Я.Әубәкіров, М.Есқалиев, Алматы «Эверо», 2005
2. «Экономикалық теория» А.Б.Темірбекова, Алматы «Экономика баспасы» 2008
3. Кәсіпорынның франчайзингтік механизмі/ КазЭУ хабаршысы, 2007 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ
Экономикалық теория кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы.

Орындаған: Басқару факултеті,

әлеуметтік жұмыс,102топ

студенті Жайлыбаева А.А.

Тексерген: Э.ғ.д., профессор

Темірбекова А.Б.

Алматы 2009 ж.

Жұмыс жоспары:

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
1. Кәсіпкерліктің мәні, оның сипатты белгілері.
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы.
3. Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері.

ІІІ Қорытынды.

Кәсіпкерлік бұл табыс алуға бағытталған және тәуекемен байланысты
шаруашылықтық қызмет. Кәсіпкерлік французша делдал дегенді білдіреді.
Р.Кантильон кәсіпкер терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті
бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р.кантильонның түсінігінде
кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын,
қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект
болды.
Адам Смит кәсіпкер ретінде, кәсіпорынның меншік иесін, кәсіпкерлік
қызметтің мақсатын кәсіпкерлік табыс алу деп түсінді. Ж.Б.Сэйдің А.
Смиттен айырмашылығы кәсіпкердің негізгі қызметін пайда түсіру емес,
күнделікті шаруашылық қызметі аясында ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен
басқару деп түсіндірді.
Кәсіпкерліктің жаңартпашыл түсінігін Й. Шумпетер берді. Онымен
жаңартпашылдық өндірісте пайдаланылатын, өндіріске енгізілетін жаңа
технология мен жаңа шикізатты өнімдерді, жаңа көздер мен жеткізілім
нысандарын, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудағы жаңа нысандарды игеру жаңа
техникалық жаңалықтың ашылуы ретінде түсіндіріледі. Й.Шумпетер
кәсіпкерлікті жаңартпалықпен теңестіреді. Кәсіпкердің меншік иесі болуы
міндетті емес, мұндай санатта менеджерде жұмыс ісией алады.
А.Тюнен кәсіпкерді жоспарланбаған табыстан үмітті, ерекше
қабілеттердің иесі деп сипаттайды.
Кәсіпкерліктің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық
көрініс алды. Акционерлік кооперативтік экономика жағдайында меншік заңды
факт ретінде өзінің бөлу қызметінен айырылады. Өндірістегі өкімет меншіктен
ұйымдастыруға ауысады, сөйтіп меншік пассивті рөл атқаратын болады.
Дәстүрлі меншік түсінігімен қатынасты нақты физикалық заттар орнына,
акционер қағаз бумасымен, меншіктің титулымен шектеледі. Акция иесі
кәсіпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады.
Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып
табылатындар:
• өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік, сондай ақ
экономикалық игіліктерге меншікті беру және алу құқығы;
• келісімшартпен, бірігуімен, кәсіптік және тұтынушылық таңдаумен
еркін шаруашылық қызметін жүргізуді болжамдайтын, шаруашылық
субъектісінің жеке автономиясы;
• айырбас нысанының дамуы, яғни, тауарлық ақшалай қатынастардың
болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және сатудың болуы.
Кәсіпкерліктің сипатты белгілері:
1. Субъектіде шаруашылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік
бағдарламаны қалыптастыру, қаржыландыру көзін таңдау бойынша
және ресурстарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға
қою, табысқа ие болу бойынша белгілі бір еркіндік пен
құқықтың болуы.
2. Кәсіпкерлік қабылданған шешімдерге, оның нәтижелеріне, оған
байланысты тәуекелге жауаптылықты қарастырады.
3. Табыс алу мен коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдар.
4. Меншіктің, яғни кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері
және нысандарының көптүрлілігі.
Кәсіпкерлік қызметті бағыттары бойынша келесі түрлерге бөледі:
• Өндірістік;
• Коммерциялық;
• Қаржылық;
• Кеңестік.
Өндірістік кәсіпкерлік бұл кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді,
тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын
қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі
болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының
жалпы бейнесі келесі жағдайда кқрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің
түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып
алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік
сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші
кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде
заңды рәсімдеме алуы мүмкін. Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс
факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды
пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін
ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға
мәжбүр.
Өндірістік кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың
белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу
болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікте тауарлық ақшалық, сауда айырбас
операциялары анықтаушы рөл атқарады. Бұл сатып алу сату бойынша мәмілелер.
Коммерциялық мәміледе рынок талдауы болуы қажет, нәтижесінде сатып алу
көлемі, тауар сату, сатып алу бағасы және тауарды өткізу бағасы
болжамданады.
Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады:
• транспортпен жеткізу, сатып алу, тауар сату, жарнама жұмыстарын
жүргізу және т.б. операциялары үшін жұмысшыларды жалдау;
• келесі жағдайда сату үшін тауарларды сатып алу;
• тауарларды өткізу және сақтау үшін сауда нүктелерін, қоймаларды,
ғимараттарды жалға алу;
• мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын адамның
немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;
• мәмілені қаржыландыру үшін кредитке ақша қорын тарту және келесіде
кредитті пайызымен қайтару;
• тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;
• мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.
Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі арнаулы
тауарлар ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Коммерциялық
қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылы кредиттік мәміледе іздеумен,
анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы
қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын ала болуы қажет.
Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны
бойынша ірі және шағын бизнес деп бөлінеді.
Ірі кәсіпкерліктің басымдылығы:
• ғылыми техникалық үдерісті тездетеді;
• жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында шығынды
үнемдеуге мүмкіндік береді;
• мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;
• қуатты құрал жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады;
• шаруашылық тәуекелін азайтады.
Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді
болады, кейде өндіріс шектен тыс ұлкен, ыңғайсыз, қиын басқарылатын және
экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені фирманың орташа шығындары көбейе
бастайды.
Шағын бизнестің басымдылығы:
• өндірістің жоғары деңгейде мамандануы және фирма арасында тиімді
кооперациялану;
• икемділігі үлкен және рыноктағы өзгерістерге тез ыңғайлануы;
• өнімдердің әртүрлілігінің көптігі және жеке тапсырыс бойынша
жұмыстардың мүмкіндігі;
• жаңа ғылыми техникалық идеяларға үлкен алғырлығы;
• алдын ала ұйымдастырудың болмауы, жұмыстың шектен тыс реттелуі;
• жеке ұсыныстың іске асуына үлкен мүмкіндіктер мен саналы тәуекелдер;
• қолайлы психологиялық климат және еңбек ұжымындағы үлкен демократия.
Фирма бизнес қызметтің негізгі қызмет бірлігі болып табылады. Фирма
дайындау арқылы өз мүддесін жүзеге асыратын шаруашылық тізбегін көрсетеді.
Барлық фирмаларды екі негізгі критерий бойынша жіктеуге ьолады: капиталға
меншік нысаны бойынша және капиталды шоғырландыру дәрежесі бойынша. Капитал
меншігінің нысаны бойынша мемлекеттік және жеке фирмаларды бөліп алады.
Соңғысы өз кезегінде тек жеке тұлғалық фирмаларға серіктестік және АҚ
болып бөлінеді.Өндірісті шоғырландыру дәрежесі бойынша ұсақ, орта және ірі
фирмалар деп бөледі.
Өмір сүре алуы үшін фирма сату көлемін көбейтіп, өсуі қажет. Ол үшін
оған өндірістік қуатын көбейтіп, инвестицияны жүзеге асыруы керек. Фирманың
өсуінің екі жолын бөліп көрсетеді. Өсудің бірінші жолына фирманың ішкі
өсуін, капитал мен өндірісін шоғырландыруды сипаттауға болады. Фирманың
ішкі өсуіне қызмет ететіндер:
• фирманың өз ресурстары, бірінші кезекте табыстың бөлінбеген бөлшегі
және кейбір жағдайда өтелетін қор;
• банктерден және басқа да кредиттік қаржылық институттардан алынған
қарыздық қаржы;
• бағалы қағаздарды қосымша көптеп шығарудан алынған қаржы.
Фирманың өсуінің екінші тәсілі өндіріс пен капиталдың қосылуы мен
жұтылуының нәтижесінде орталықтандырылуына байланысты. Екі компанияның
бірігуі туралы басшылықтың екі жақты келісімшарты қосылғанын білдіреді.
Қосылудың әдеттегі тетіктері біріккен корпорациялардың акцияларын жаңа
акциялардың бір үлгісіне айырбастау болып табылады. Ал, жұтып қою бір фирма
екіншісінен сатып алғанда болады.
Қосылудың, яғни жұтылудың бірнеше түрлері болады:
• жиектік бірігу бір текті өнімдер шығаратын және кейбір технологиялық
үдерістің біртекті сатысын жүзеге асыратын, фирмалардың қосылуы
кезінде байқалады;
• тік бірігу кейбір технологиялық үдерістерді бір кезеңде жүзеге
асыратын фирмалардың қосылуы кезінде өтеді;
• фирмалардың бірігуі нәтижесінде конгломерат пайда болады.
ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның
экономикасын реформалау мүмкін емес. Өтпелі кезеңде ҚР Президентінің
Шаруашылық қызметінің еркіндігімен кәсіпкерлікті дамытудың еркіндігі
туралы, Жеке кәсіпкерлік туралы, Акционерлік қоғамдар туралы,
Шаруашылық серіктестері туралы және т.б. жарлығы және ел басшылығымен
бірнеше заңдар қабылданған еді. Бұл заңдар азаматтардың және заңды
тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің
еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік
жағдай мен кепілдікті анықтайды.
Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы
кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі рыноктық экономикасы тәрізді
эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы
экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР дағы
кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық
жүйенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы жайлы
Мемлекеттік кәсіпкерлік секторының функцияларының механизмі
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Пәндер