Кондитерлік шығаратын “Бон-Бон” кәсіпорнының бизнес- жоспары


Мазмұны
- Бизнес-жоспардың мәні
- Резюме
- Кәсіпорынның сипаттамасы
- Маркетингтік жоспар
- Жобаның негізгі идеясы (өнімнің сипаты)
- Тұтынушыларды талдау нарықты сегменттеу
- Бәсекелестерді талдау және бәсекелестік саясатты анықтау
- “Өнім-нарық” байланысын таңдау
- Маркетингтік кешенді анықтау
- Өндірістік жоспарӨндірістік бюджетОрналасқан жерді талдауҰйымдастыру құрылымы және кәсіпорынды басқаруЕңбек ресурстарын жоспарлау
- Қаржылық жоспар
- Сыртқы ортаны қорғау
- Тәуекелді бағалау және сақтандыру
- Жобаның тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
Қорытынды әдебиеттер
- Түйіні.
Мен кондитерлік шығаратын “Бон-Бон” кәсіпорнының бизнес- жоспарын жасадым.
Кәсіпорын мынадай кондитерлік өнімдерді шығарады: карамель, глазированный және глазированный емес конфет, драже, печенье, вафли өнімдері. Кәсіпорында соңғы жылдары үлкен өзгерістер болды. Олар жаңа нарықытық қатынастарға өтумен, жалпы жаһандану және әлемдік бірлестікке интеграциялаумен байланысты.
Бәсекелестіктің өсуі жағдайында кәсіпорын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, өнімнің сыртқы көрінісін жақсарту, өнімнің жаңа түрлерін ашумен айналысады. Осы мақсатта шетелдік фирмалар мен бірлесіп жұмыс істейді. Чехиядан заманауи жабдықтарды алады, Италиядан конфет пен карамельге орама алады, Полдьшадан көркемдік қораптар алып келеді. Ресей мен тығыз қатынаста жұмыс істейді ( экспорт-импорт) . Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр, жағымдысы, бұл кондитерлі өнімді бүкіл әлем біледі. Кәсіпорынның өкілдері Италия, Франция, Германиядағы халықаралық жәрмеңкелерге қатысқан. Ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметін басқаруды жетілдіру және ақпаратты компьютерлік техниканы қолдана отырып, автоматтандырылған жүйесі енгізілді. “ Вафельдік өндірістің суытылғантехнология” деген инновациялық жобаның арқасында барлық кондитерлік өнімдерді интенсификациялау арқылы электроэнергияны үнемдейді.
2. Резюме
АО”Бон-Бон” өндіру-сату қызметімен айналысады, тамақ өндірісі саласына жатады. Кәсіпорын кондитерлік өнім өндіреді және дәстүрлі тұтыну тауары болып табылады. Осы өнімді өндіретін өндірушілер арасында белді орын алады.
Кәсіпорын халықтың ең бірінші қажетті тауарын: Конфет, карамель, вафли, печенье өндіреді. Өнімдерді көркем боямен безендірілген қораптарға салады. Облыс бойынша өнімнің сату көлемі 45 пайызға жетеді. Бұдан кәсіпорын көлемді салық төлеуші болып табылады. Қазақстан шеңберінде сату көлемі жалпы көлемнің 50 пайызын құрайды. Ірі концерн жақтарынан өсіп жатқан бәсекелестерге байланысты қиындықтарға қарамастан, кәсіпорынның ұжымы өндірістің көлемін өсіру, өнімнің бәсекеқабілеттілігі есебінен өткізу нарығын кеңейту.
Кәсіпорында өнімнің өндіру көлемі 3000 т. 2008 жылы барлық өнімді сатудан алған табыс 9114 мың тг құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 104, 4 пайызға өсті (2007 жылы сатудан алған табыс 8733мың тг ) . 2009 жылы өнімнің өсуін 5, 6 пайызға өсуін, өнім көлемін 3300т дейін жеткізу және таза табысты 400 мың тг өсіруді жоспарлайды. Өндірісті өсіру үшін: шикізатты сатып алу, өнімнің ассортиментін жаңарту және оның сапасы мен бәсекеқабілеттілігін көтеру үшін қосымша қаражат қажет
3. Кәсіпорынның сипаттамасы
АО “Бон-Бон”
Кәсіпорынның заңды мекен-жайы- Жамбыл облысы, Жамбыл қаласы, Жібек-Жолы көшесі-41 А
Меншік нысаны-акционерлік қоғам
Жарғылық капитал-460, 2 мың тг
Қызметтің негізгі түрлері-өндірістік, сауда-саттық
Жеке код-003822925261
Кәсіпорын 1993 жылы құрылған. Жылдармен кәсіпорын құрылды, кеңейтілді, сапасын жақсарту мақсатында қайта құрылды.
Кәсіпорын 2300метр шаршы ауданды құрайды, онда мыналар орналасқан:
- карамель цехы
- конфет цехы
- бисквит цехы
- механикалық жөндеу
- әкімшілік помещение
- қойма (шикізат және дайын өнім)
- котельная
- тәтті және газдалған су өндіру цехы
- минералды су өндіру цехы
Кәсіпорын мынадай кондитерлік өнімдерді шығарады: карамель, глазированный және глазированный емес конфет, драже, печенье, вафли өнімдері. Кәсіпорында соңғы жылдары үлкен өзгерістер болды. Олар жаңа нарықытық қатынастарға өтумен, жалпы жаһандану және әлемдік бірлестікке интеграциялаумен байланысты.
Бәсекелестіктің өсуі жағдайында кәсіпорын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, өнімнің сыртқы көрінісін жақсарту, өнімнің жаңа түрлерін ашумен айналысады. Осы мақсатта шетелдік фирмалар мен бірлесіп жұмыс істейді. Чехиядан заманауи жабдықтарды алады, Италиядан конфет пен карамельге орама алады, Полдьшадан көркемдік қораптар алып келеді. Ресей мен тығыз қатынаста жұмыс істейді ( экспорт-импорт) . Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр, жағымдысы, бұл кондитерлі өнімді бүкіл әлем біледі. Кәсіпорынның өкілдері Италия, Франция, Германиядағы халықаралық жәрмеңкелерге қатысқан. Ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметін басқаруды жетілдіру және ақпаратты компьютерлік техниканы қолдана отырып, автоматтандырылған жүйесі енгізілді. “ Вафельдік өндірістің суытылғантехнология” деген инновациялық жобаның арқасында барлық кондитерлік өнімдерді интенсификациялау арқылы электроэнергияны үнемдейді.
Кәсіпоырынның негізгі мәселелеріне сатып алушылар жағынан төлемдердің болмауы ( дебиторлық берешектер өседі), негізгі шикізат және көмекші материалдарды сатып алу бағасының өсуі, нарықта шетелдік және отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдерінің көп болуы. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары өнімді нарыққа жарнама арқылы өткізу таңдалу керек және тұрақты сатып алушылар мен жетілдірілген формада жұмыс істеуі керек, ал әлеуетті тұтынушылармен тікелей байланыс орнату керек
Кәсіпорынның өндіріп жатқан өнімінің даму қарқыны:
- Карамельге жеміс қоспалардың жаңа түрын қолдану арқылы дайын өнімнің ассортиментін кеңейту;
- Бұйымның жаңа түрін өңдеу;
- Қызмет етіп тұрған өндірісті технологияландыру;
- Жетілдірілген техникалқы жабдықтар арқылы өнімнің сапасын жақсарту;
- Термобасылатын қабық немесе заманауи материал мен инерттік газ ортасы арқылы дайын өнімді сақтау мерзімін ұзарту;
- Төмен шығыстар мен бағалар арқылы бәсекеқаблеттілік өнімін өндіру;
- Икемді бағалар саясаты мен табысты максималды көтеру;
4. Маркетингтік жоспар
Кәспорынды кешенді ұйымдастыру жүйесі мен өнімді өткізу, нарықты талдау маркетингтік жоспарға кіреді. Кәсіпорынның әртүрлі қызметтерінің байланысына: жоспарлау, бағаны қалыптастыру, сату-сатып алу, шикізатты жеткізу, қызметтер көрсету жатады.
Маркетигтің негізгі мақсаты- сату-сатып алу процесінде максималды табыс көлеміне жетуді қамтамасыз ету. Сұранысты қанағаттандыру мақсатқа жетудің, нарықта өз орнын сақтау және позицияны нығайтудың негізгі факторы болып табылады. Кәсіпорында басқару әкімшілігінің бөлімше құрылымы болып табылатын маркетингтік қызмет бар жән ол өндірістік-өткізу қызметімен айналысады. Алына қойылған міндеттерді орындау үшін маркетинг бөлімшесі басқа құрылымдық бөлімшелермен бірігіп қызмет етеді.
4. 1 Жобаның негізгі идеясы ( өнімнің сипаты)
АО “ Бон-Бон” Жамбыл облысындағы кондитерлік өнімді өндіретін ірі кәсіпорын болып табылады. Жобаның негізгі идеясы - өндірісті кеңейту мүмкіндігін қарастыру, өнімнің ассортиментін жаңарту, табысты көтеру үшін сапасы мен бәсекеқабілеттілікті көтеру. Біздің кәсіпорынымыздың кондитерлік өнімдерінде зиян химиялық қоспалар жоқ, және ол біз үшін басқа кәсіпорындар мен салыстырғанда жетістік болып табылады. Ресеймен бекітілген шектеулерге қарамастан өз өнімдерін Ресейге экспорттауға бағытталған. Бұл мақсатпен шығарылған өнімдерді ассортиментін жаңарту жұмысын істеп жатыр, жеке айтқанда:
- Құрамында шоколад бар карамельдің жаңа түрлерін;
- Құрамында какао бар вафельдік конфеттер. Өнімнің 70 пайызы жаңартылды.
4. 2 Тұтынушыларды талдау және нарықты сегменттеу.
Кәсіпорынның өнімі бәсекеқабілетті және Қазақстан территориясында үлкен сұранысқа ие. Қазақстан бойынша кондитерлік өнімді қолданатын негізгі тұтынушылар ( облыс бойынша) : Алматы облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы. Қазақстан бойынша сату көлемі 53 пайызды құрайды, қалған өнімін шетелге шығарады. Өнімнің 10 пайызы делдалдық ұйымдар арқылы, 70 сатып алушылармен тікелей байланыс арқылы сатылады, ал қалған 20 пайызы бөлшек құрылым бөлімшелеріне сатылады.
Айналысты тездету ұшін өнімді интенсивті сату қолданып жатыр, бірақ бұл тиімді емес, себебі ұсақ сауда фирмалары төлем қабілетті емес болғандықтан қарызға алады. Ал бұл фактор кәсіпкерліктің этикалқы нормасына теріс әсер етеді. Жыл мезгілдеріне қарамастан өнім бірдей көлемдермен сатылады, бірақ жаңа жыл алдында сұраныс көтеріліп кетеді.
Бұл жобада тұтынушыларды табыстылық деңгейі бойынша сегменттейді. Нәтижесінде нарық былай сегменттеледі:
Кесте 1. -Кондитерлік өнімдерінің тұтынушылар нарыығының сегменті.
4. 3 Бәсекелестікті талдау және бәсекелестік саясатты анықтау
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері:
- “Рахат” кондитер фабрикасы.
- Қарағанды кондитер фабрикасы.
- “ Баян-Сұлу” кондитер фабрикасы.
- “ Тәтті” концерні.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік мүмкіндіктерін жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу, орама арқылы сыртқы бейнесін жақсарту, өнімнің жаңа түрлерін өңдеу арқылы көтереді. Сату көлемін анықтау кезінде бағаны белгілеу мәнді орын алады. Бағалар сатып алушылар кәсіпорын арасында келісу арқылы анықталады. Бағаны төмендету шығарылған өнімнің көлемін көбейту және өндірістік шығындарды азайту арқылы жасалады. Кәсіпорын шығындарды төмендету бойынша бәсекелестік саясатты таңдайды. Стратегияның басты мақсаты- шығындарды ең төменгі деңгейде ұстап тұру, бәсекелестерге қарағанда. Сол арқылы сатып алушыларға өнімді төмен бағамен ұсынады. Шығындар бойынша лидерлік стратегия үшін алғышарттар:
- капиталға мүмкіндік;
- өндірістік процессті жаңарту және жетілдіру;
- жұмысшы күшін бақылау;
- өнімді қарапайым өндіру;
- шығынды көп қажет етпей өнімді өткізу. 4. 4 “Өнім-нарық” байланысын таңдау
“ Өнім-нарық” байланысы маркетингтік концепцияның стратегиялық шекараларын анықтайды. Нарықты дамыту стртегиясы жаңа географиялық аймақтарды, тұтынушылардың жаңа сегментін зерттеу, жаңа өткізу арналары көмегімен өткізудің көлемін көбейтуге бағытталған.
Кесте 2- Кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен оларға жету стратегиясы.
4. 5 Маркетингтік кешенді анықтау
Маркетингтік кешеннің компонеттері: өнім, баға, жылжыту және өткізу.
Өнім және өнім саясаты .
Шығарылып жатқан өнім табиғи қоспалар қосылып жасалатындықтан басқа фирмалардың өнімдерінен ерекшелініп тұрады. Бағаны мүмкіндігінше төмен қойып тұтынушыларды өзіне қаратып отыр, ал бұл өнімнің фундаменті болып табылады. Біздің жобада тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнім ол кондитерлік өнімдер.
Баға және баға саясаты.
Бәсекелестікке қарсы шара ретінде кәсіпорын икемді баға механизмін таңдайды. Бағалар сатушы мен сатып алушы арасында экономикалық мүдделерді ескере отырып келісіп қояды. Шығарылатын өнімді көбейте отырып, солар арқылы шығындарды азайтып, бағаны төмендете алады.
Өнімнің нарықта жылжуы
Жарнама маркетингтің ажырамас бөлігі болып табылады. Сұранысты ынталандыру мен шығарылатын өнімнің көлемін көбейту кәсіпорынның жарнамалық бөлімшесінің негізгі мақсаты болып табылады. Жарнама бөлімшесінің негізгі бағыттары:
- Халықаралық, аймақтық, мемлекеттік жәрмеңкелерге қатысу;
- Кітапшалар, жарнамалық өнімнің техникалық сипаттама, сауалнамаларды тарату;
- Өкілдік базаларда өнімді презентациялау;
- Жүйелі түрде теледидарда жарнамалау;
- Көліктерде жарнамалық қағаздарды іліп тастау;
- Көтерме сатып алушыларға икемді жеңілдік пен несие жүйесін қалыптастыру.
Өткізу арналарын талдау .
Тауарды өткізу арналары келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Кесте 3- Тауарды жылжыту арналары.
2008ж.
тг.
салмақ,
%
2009ж.
тг.
салмақ,
%
Кесте 4- Бәсекелес кәсіпорындардың салыстырмалы көрсеткіштері.
Бәсекелес фирамалардың өнімдерімен салыстыру бағасы
(«+» - жақсырақ, «0» - бірдей, «-» - нашар)
5. Өндірістік жоспар
Өндірістік жоспарды құрастырғанда өндірістік қуаттылыққа мән бермей, нарықтық сұраныс деңгейіне көңіл бөледі. Осыдан кәсіпорынның негізгі құжаты сату бюджеті жасалады.
5. 1 Өндірістік бюджет
Сатуды болжаудың нәтижесінде сату бюджеті құрастырылады.
Кесте 5- Болжанатын сату бюджеті.
Материалдарды сатып алу бюджеті- осы кезеңде қажетті материалдардың көмегімен есептелінеді, және ол жоспарлы құжат болып табылады. Материалды сатып алуының көлемін келесі формуламен есептелінеді:
Материалды сатып алу көлемі=материалдың өндірістік қажеттілігі+кезең соңына керек материалдық қор-алғашқы материалдық қор.
Яғни, материалды сатып ал көлемі (2009) =4140, 00+849, 00-832, 00=4157, 00 мың тг. Материалдардың өндірістік қажеттілігі материалдық бюджеттің қолданылуымен анықталады.
Кесте 6- Материалдарды сатып алу бюджеті.
Өндірістік бюджет өнімнің осы кезеңдегі жоспарланған және нақты өнім көлемін анықтайды. Өндірістік бюджет формуласы:
өндірістің көлемі=сату көлемі+кезең соңына қажет дайын өнім қоры-кезең басындағы дайын өнім қоры.
Кесте 7-Өндірістік бюджет.
Кесте 8-Өндірістік бюджет өнімінің номеклатурасы.
Өнімді өндіруге қажет материалдардың құны, өнімнің шығару көлемі, өнімнің бір бірлігіне кететін шығындар нормасы мен материалдық қорларды бағалау әдісімен анықталады.
Мынаны ескеру керек, соңғы жылдары өндірістік қажетті шикізат техникалық- материалдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін қиындықтар туып тұр, ол дегеніміз шикізатты біз тікелей өндірушілерден емес делдалдар арқылы аламыз, ал делдалдар бағаны көтеріп жібереді. Ал бұл біздің соңғы нәтижеміздегі өнімнің бағасына, өтімділігіне және қаржылық нәтижелерге әсерін тигізеді. Сол үшін кәсіпорын шикізатты тікелей өндірушілерден сатып алуды көздейді. Орама материалдарды Таяу және алыс шетелдерден алғандықтан валюталық ресурстар қажет. Өнім Гостстандарттың талаптарына сай ГОСТ 4570-73, 6477-88, 7060-79, 14031-68 рецептураларымен және санитарлық ережелерге сәйкес, бекітілген тәртіппен өндіріледі. Шиізатты өңдеу мен дайын өнімді өндіру күн сайын лабораториялық және техникалық қызметкерлермен бақыланады.
Кесте 9-Өндірістік ғимараттың сипаттамасы.
5. 2 Орналасқан жерді талдау
АО”Бон-Бон” Тараз қаласы. Жібек-Жолы 41-А көшесінде орналасқан. Кәсіпорынның орналасқан жері өнімді өткізу нарығына жақын және жеткізушілер мен тұтынушыларға жайлы. Қалада жұмысшы күшінің резерві үлкен көлемде, отын, энергияны жағымды бағалармн аламыз.
5. 3 Ұйымдастыру құрылымы мен кәсіпорынды басқару
АО « Бон-бон» кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген:
5. 4 Еңбек ресурстарын жоспарлау
Еңбекті ұйымдастыру мен кәсіпорынның ұжымын басқару - көп жоспарлы процесс болып табылады. Ол мынадай элементтерден тұрады: жұмысшыларды жалдау, олар арасында міндеттерді бөлу, кадрларды дайындау және қайтадайындау, еңбекке ынталандыру, кәсіптілігін жетілдіру.
... жалғасыКесте 10- Қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақы шығындары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz