Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және

фашизмнің басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

2. Фашистік өкіметтің алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10

3. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим ... ... . 13

4. Италия фашизмінің өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

Қосымша (Фотосурет)

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Фашизм – ( латынша –шоғыр, байлам, бірлестік) –барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру, басқыншылық тән.1
Фашизм-саяси әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар мен мемлекеттік режимдер.Дәлірек айтқанда фашизм жиырмасыншы ғасырдың 20-40 жылдарындағы Италия мен Германияның саяси өмірінің көрінісі. Фашизм өзінің қай түрінде болмасын демократияның институттары мен құндылықтарына оны орнықтырудың шектен тыс қатаң құралдарын қарсы қояды. Фашизм тек тотаритарлы саяси партияға ( билікке келісімен ол мемлекеттік- монополиялы ұйымға айналады) және «көсемнің», «фюрердің» шексіз беделіне сүйенеді. Идеологиялық жаппай террор шовинизм, «бөтен» ұлттық және әлеуметтік топтарға деген геноцид , даму құндылықтарына деген өшпенділік – фашизм идеологиясы мен саясатының міндетті элементтері. Фашисттік режим және фашисттік үлгідегі қозғалыстар демогогияны, популизмді, империя құдыретін, соғыстың қажеттілігін кеңінен насихаттап қолданады. Көбнесе фашизмге жалпы ұлттық тоқырау және модернизация катаклизмі жағдайында тығырыққа тірелген әлеуметтік топтар амалсыз қолдау көрсетеді. Фашизмнің көптеген белгілері оңшылдар мен солшылдардың түрлі әлеуметтік және ұлттық қозғалыстарына тән. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда (м/ы «класс» немесе «ұлт»), қоғамның саяси жұмылдырылуы әдістеріне, терорлық үстемдік пен насихаттау тәсілдеріне қарап оны большевиктердің тоталитарлық қозғалысымен тәртібіне, сталинизмге, «қызыл кхмерлерге» ұқсастыруға болады. Демократиялық иниституттардың әлсіздік танытқан жағдайында фашисттік үлгідегі қозғалысының даму және фашизмнің шын қауіпке айналу мүмкіндігі сақталады.

Дерек көздері:
Зерттеу жұмысы барысында сол Фашистік диктатура кезінде өмір сүрген ағылшын қайраткері А. Иденнің естеліктері пайдаланылды.Онда Муссолинидің жеке басы туралы, оның билік басына келуі туралы жазған.
Фашизмге қарсы қозғалыстар туралы мәлімет беретін құжаттар: сол кездегі комунисттік партия мүшесі Бахман террорлық режимнің еркіндікті, адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдік және т.б. адам құқықтарын шектегені туралы жазған.
Комунисттік және социалисттік партиялар қозғалысындағы «Жаңа хартия».Мұнда 1937 жылы 26-маусымдағы партиялардыңфашистік диктатураға қарсы бірігу шараларын жасағаны туралы, демократиялық республика орнату үшін және бостандық үші жургізген іс шаралары жазылған.
Сол кездегі қоғам қайраткері Д.Джерманеттоның Италиядағы жұмысшы қозғалысынан естеліктері. Онда 1920 жылы болған қозғалыс туралы, завод фабрикаларды басып алғаны туралы жазылған. Және фашизмге қарсы қозғалыс жетекшілерінің бірі Г.Димитровтың Коммунисттік интерноцианалдың VII-конгресінде оқыған докладынан фашизмге берген түсінігі, фашизм туралы түсініктері алынған.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Фашизм. w.w.w. book. Sgg. Ru
2. Новейшая история стран Запада. М, 1959,
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. 1917-1945 гг. М, 1989,
4. Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М, Наука, 1977,
5. История фашизма в западней Европе. М, Наука, 1978,
6. История ХХ века: люди, события, факты. Аквариум, 1999,
7. Хрестоматия по новейшей истории(1945-61) Под ред. Б.Гафурова.
М., Соцекгиз. 1961
8. Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М., Соцэкгиз. 1960
9. Бланк Александр С. Старый и новый фашизм. Полит- социал очерк .
М., Политздат. 1982
10. Белоусов Л.С. Муссолини: диктатура и демагогия. М., 1993
11. Лопухов Б.Р. История фашистского режима в италии. М, 1977.
12. Ревуненков В.Г. Новейшая история стран запада. М. 1958.
13. Алатри П Происхождение фашизма.. М, 1961,
14.Крах италянского фашизма. М, Наука, 1973,
15. История Италии. М, 1971,
16. Галкин А.А Германскии фашизм .М. Наука, 1967
17. Фашизм в Италий w.w.w. Rambler.
18. Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.
19. Б. Муссолини. w.w.w. peoples. Ru
20. Фашизм и антидемократические режимы в Европе (Начало 20–х годов––1945г.) Наука Москва 1981ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––
––––––––––––– 3

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және

фашизмнің басталуы
––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––– 5

2. Фашистік өкіметтің алғашқы кезеңі
––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––– 10

3. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим ––––––––– 13

4. Италия фашизмінің өзіндік ерекшеліктері
––––––––––––––––––––––––––––––––––– – 21

Қорытынды
––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––
–––––– 25

Қосымша (Фотосурет)

Сілтемелер тізімі
––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––
26

Пайдаланылған әдебиеттер
––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––– 27

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Фашизм – ( латынша –шоғыр, байлам, бірлестік) –барлық демократиялық
бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған
ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару,
нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің
жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық
бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру,
басқыншылық тән.(1(
Фашизм-саяси әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар мен
мемлекеттік режимдер.Дәлірек айтқанда фашизм жиырмасыншы ғасырдың 20-40
жылдарындағы Италия мен Германияның саяси өмірінің көрінісі. Фашизм өзінің
қай түрінде болмасын демократияның институттары мен құндылықтарына оны
орнықтырудың шектен тыс қатаң құралдарын қарсы қояды. Фашизм тек
тотаритарлы саяси партияға ( билікке келісімен ол мемлекеттік- монополиялы
ұйымға айналады) және көсемнің, фюрердің шексіз беделіне сүйенеді.
Идеологиялық жаппай террор шовинизм, бөтен ұлттық және әлеуметтік
топтарға деген геноцид , даму құндылықтарына деген өшпенділік – фашизм
идеологиясы мен саясатының міндетті элементтері. Фашисттік режим және
фашисттік үлгідегі қозғалыстар демогогияны, популизмді, империя құдыретін,
соғыстың қажеттілігін кеңінен насихаттап қолданады. Көбнесе фашизмге жалпы
ұлттық тоқырау және модернизация катаклизмі жағдайында тығырыққа тірелген
әлеуметтік топтар амалсыз қолдау көрсетеді. Фашизмнің көптеген белгілері
оңшылдар мен солшылдардың түрлі әлеуметтік және ұлттық қозғалыстарына тән.
Идеологиялық тұрғыдан қарағанда (мы класс немесе ұлт), қоғамның саяси
жұмылдырылуы әдістеріне, терорлық үстемдік пен насихаттау тәсілдеріне қарап
оны большевиктердің тоталитарлық қозғалысымен тәртібіне, сталинизмге,
қызыл кхмерлерге ұқсастыруға болады. Демократиялық иниституттардың
әлсіздік танытқан жағдайында фашисттік үлгідегі қозғалысының даму және
фашизмнің шын қауіпке айналу мүмкіндігі сақталады.

Дерек көздері:
Зерттеу жұмысы барысында сол Фашистік диктатура кезінде өмір сүрген ағылшын
қайраткері А. Иденнің естеліктері пайдаланылды.Онда Муссолинидің жеке басы
туралы, оның билік басына келуі туралы жазған.
Фашизмге қарсы қозғалыстар туралы мәлімет беретін құжаттар: сол кездегі
комунисттік партия мүшесі Бахман террорлық режимнің еркіндікті,
адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдік және т.б. адам құқықтарын
шектегені туралы жазған.
Комунисттік және социалисттік партиялар қозғалысындағы Жаңа хартия.Мұнда
1937 жылы 26-маусымдағы партиялардыңфашистік диктатураға қарсы бірігу
шараларын жасағаны туралы, демократиялық республика орнату үшін және
бостандық үші жургізген іс шаралары жазылған.
Сол кездегі қоғам қайраткері Д.Джерманеттоның Италиядағы жұмысшы
қозғалысынан естеліктері. Онда 1920 жылы болған қозғалыс туралы, завод
фабрикаларды басып алғаны туралы жазылған. Және фашизмге қарсы қозғалыс
жетекшілерінің бірі Г.Димитровтың Коммунисттік интерноцианалдың VII-
конгресінде оқыған докладынан фашизмге берген түсінігі, фашизм туралы
түсініктері алынған.

Тарихнамасы:
Фашизмнің табиғаты, оның пайда болу себептері оның Италия қоғамы мен
мемлекетінің бұрынғы дамуымен қатынасы – барлық осы сұрақтар белсенді түрде
20-30 жылдардың өзінде талқыланды. Сол кездерде фашисттік режимге қатысты
белгілі бір саяси көз қарастармен тығыз байланысты фашизмнің әр түрлі
тұжырымдамалары қалыптасты. Олардың кейбіреулері соғыстан кейінгі жазылған
фашизм тарихнамасының өзінде аңғарылады. Алғашында фашизмді зерттеу
негізінен оның генезисін анықтауға жұмылдырылды. Осыған байланысты заңды
түрде фашизмнің билікке келуіне тарихи жауапкершілік кімге жүктелу керек
деген үлкен саяси астары бар сұрақ туындады. Дәл сол кезде енді ғана
тоталитарлық режимнен босатылған Италия фашизмге дейінгі либералды
институтты қайта жаңғырту мен жаңаша демократиялы ел болу екеуінің біреуін
таңдау қажет болды. Осы жауапкершілік жүгі фашистік төңкеріске дейін елді
басқарған либералды ортаның көшбасшысы Крочеге жүктелді. Ол өзінің 1943-
1947жылдардағы саяси баяндамаларында фашизм либералдар кезеңінде еш тамыр
жаймаған еді деп көрсетеді. Кроченің бұл ойы 1871-1915жылдар аралығындағы
Италия тарихы атты кітабында толық көрініс тапты. Ол фашизмге дейінгі
Италияны әлемнің ең демократиялы елінің бірі деп, ал фашизмді ешқандай
кластың мүдделерімен байланысты емес құбылыс Италия қоғамының бірінші
дүние жүзілік соғыстан кейінгі көрген қиыншылықтан туындаған моральды ауруы
деп санады. Кейінірек фашизмді зерттеуде либералды көзқарас либералға
қарсылығы көбірек айтылып, әлеуметтік бағыты ескерілмеді. Оған мысал
ретінде Л. Сальваторели мен Дж. Мирдің Фашизм кезіндегі Италияның тарихы
атты 1956 жылы жарық көрген еңбегін айтсақ болады. Фашисттердің өздері
болса белсенді түрде фашизмді большевизмнен Италияны құтқарушы ретінде
көрсетуге тырысты. Осы болжамды жоққа шығаруға бір қатар құжаттар қорына
сүйене отырып А.Тасканың 30-жылдары эмиграцияда жүріп Фашизмнің пайда
болуы және билікке келуі атты кітабының елеулі еңбегі сіңді. Бұл кітап
Италияда алғаш рет 1950жылы ресми түрде жарық көрді. Таска Италия
комунистік партиясының ірге тасын қалаушы, кейіннен одан шығып
социалисттерге қосылды.Ол өз еңбегінде фашизмнің билікке тек Италиядағы
революциялық көтеріліс аяқталып жұмысшы табы жеңіліске ұшырағаннан кейін
кеменді ашық жазды.Бірақ фашизмнің жеңуіне мүмкіндік туғызған социалисттік
жұмысшылар қозғалысы деп көрсетті. Италияның социалисттік партиясының қайта
құру қанаты –фашизмге тойтарыс беру үшін үкімет қатарына енбегеніне,
коммунисттер 1921жылы Италия социалисттік партиясының ыдырауына кінәлі.(2(
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің
басталуы.

1918 жылдың қарашасында Вилла Джусти Австрия-Венгрияның толық жеңіліске
ұшырағаны туралы құжатқа қол қойды. Италия соғысындағы ұрыстар, одан
бірнеше күн өткеннен кейін дүниежүзілік соғыстың басқа да аймақтарында
кескілескен ұрыстар доғарылды. Өзінің басқа да одақтастарымен бірге Италия
да жеңісін тойлады. Солтүстіктен келетін жолдармен соғыстан қайтқан
солдаттар легі келіп жатты. Темір жол көліктері ұлттық жалаулармен
әшекейленді. Кішігірім станциялар мен үлкен қалаларда бүкіл халық Витторио
Венето батырларын қарсы алды. Мыңдаған жеңіліске ұшыраған әскери
тұтқындарды айдағандар өтіп жатты. Барлық орындарда жеңісті атап өтуге
арналған үлкен жиындар ұйымдастырылып өткізілді. Ұлтшылдар ұран тастай сөз
сөйлеп, Италияның кеше ғана басынан өткізген сұрапыл соғысы мен жарқын
болашағы туралы баяндамалар жасады. Ұлт сенімін қыздыру үшін Мадзини және
Гарибальди дәстүрлерін мақтан тұтып айтты. Сонымен қатар өткен соғыс
кезінде италия халқы қандай шығынға ұшырағанын да естен шығармады. Оларды
айту себебі олардың қайтарымына жаңа территориялар, жаңа колонияларға қол
жеткізіп иемденуіміз қажет деп санады.
1915 жылдың 26-сәуірінде өткен Париждегі бейбіт конференция столына
Италияның премьері Орландо және оның шетел істері бойынша министрі Соннино
құпия лондондық келісім-шартына қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес Италияға
Австро-Венгрияның италяндықтар тығыз тұратын аймағы өту қажет болды.
Оңтүстік Тироль, Додеканеза аралдары, словения облыстары т.б. Дегенмен
Италияның мұндай үлкен территорияны сұрауына оның Антанта бойынша
одақтастарының наразылығын тудырды. Ең алдымен өзінің келіспейтінін
білдірген президент Вильсон болды. Ол өте аңдап сөйлеп, Италияның
болашақтағы шекарасы жайында былай деген болатын: Италияның шекарасын
жөнге келтіру анық көрінетін ұлттық шекара негізінде жүзеге асырылуы
керек.(3(
Сонымен қатар Лондон келісім-шартындағы Италияның аумақтарға деген
құмарлығы Сербия тарапынан да қарсылыққа кездесті. Сербия Австро-Венгрия
күйрегеннен кейін Балкан-Югославиядағы жаңа мемлекет негізін қалаған ел
болатын. Осындай қарсылықты Франция мемлекеті де қолдады.
Осы бейбіт конференцияда Фиум жайында күрделі сұрақ туындады. Себебі 1915
жылғы одақаралық келісім-шартқа сәйкес Адриатия теңізіндегі бұл маңызды
порт сербтерге тиесілі деп уәде берілген болатын. Соған қарамастан италия
делегаттары оны Италияға берілуін талап етті. Өз талаптарын олар жергілікті
тұрғындардың этникалық құрамымен байланыстырды. Ол жерде тұратын жиырма бес
мың италяндыққа барлығы он бес мың славян және алты мың венгр халқы
келетін. Ал одақтастар болса сербтерге берілген уәдеден бөлек жаңа
қалыптасқан Югославия мемлекетіне теңізге шығатын бірден бір осы жол қажет
екендігін көлденең тартты.[4]
1919 жылдың 23-сәуірінде Вильсон италия өкілдерін айналып өтіп, италия
халқына одақтастарды қолдауды ұсынып хат жазды. Италия делегаттары бұған
қарсылық ретінде Париж конференциясын тастап кетіп қалды. Орландо италия
парламентінде қызу сөз сөйлеп, бұрынғы одақтастарын ауыр кінәлады. Осы
кезден бастап өз одақтастарына деген италия халқының өшпенділігі оянып,
Италия бойынша жиналыстар мен митингілер кең тарап жайылып кетті. Бірақ
италия делегациясы конференция столына қайта оралып, өздерінің жаңа талап
еткен аумақтарына байланысты кейбір өзгертулер енгізуге мәжбүр болды.
1919 жылдың қыркүйегіндегі Сен-Жерменск келісім-шартына сәйкес Италия өз
аумағына Оңтүстік Тирольды, Герцті, Градискіні, Керсо аралымен бірге
Истраны, Каринтии мен Кирайнаның аз ғана бөлшегін, Зару қаласын қосып алды.

1920 жылдың қарашасында қол қойылған Югославиямен жасалған Раппальск
келісім-шартына сәйкес екі державияға Дальмация бөлініп берілді және
Италияның Зару қаласына құқығы бекітілді. Фиум болса өздігімен басқарылатын
аймақ болып жарияланды. Басқа да халықаралық келісімдерге байланысты Италия
өзінің Африкадағы құлдық колонияларын кеңейтті. Осы көрсетілген мәліметтер
Италияның көптеген аймақтарға ие болып шыға келгенінің куәсі. Бірақ Италия
мемлекетінің басшылары және олардың арқасында тұрған буржуазияның
империалистік ортасының бұдан да көп мөлшердегі аумақтардан дәмелі еді. Дәл
осы орта сол кезде Италия жеңіп тұрса да қолынан келіп тұрған көп нәрседен
айрылып қалды деген қауесет тарата бастады. Осы ой мемлекет ішінде іріткі
салып, онсыз да соғыстан кейін жолдан тайыңқырап қалған халықты, соның
ішінде Италиядағы ұсақ және орта буржуазия өкілдерін қозғалтты. Осы және
басқа да жайттарға байланысты 1919 жылдың маусымында Орландо өкіметі тақтан
кетіп, орнына сыртқы қобалжуды бәсеңдетіп, ел ішінде қайта құруды жүзеге
асырған Нитти келді.
Осы кезеңде Италияда ең алғашқы мәселе экономикалық сипаттағы қиындықтар
болды. Соғыстың нәтижесінде мемлекетте экономикалық қирау орын алған
болатын. Таптық қарама қайшылықтар мен әлеуметтік топтар арасында күрес
мүлдем шиеленісіп кетті. Ел ішінде еңбекшілердің жойқын революциялық
қозғалысы дайындала бастады.
Италия халқы үшін соғыстың нәтижесі мынадай болды: Жеті жүз мың адам
өліп, бір жарым миллионнан астамы жараланған, он мыңнан астам жетімдер мен
асыраушысы жоқ кемпір-шалдар қалды. Өнімі жоғары және бай бес аралдар басып
кірудің нәтижесінде талқандалған болатын. Әскери шығындар он екі миллиард
лирді құрады. Соғыс кезінде Италияның онсыз да әлсіз экономикасына теріс
әсерін тигізді. Мемлекеттік қарыз төрт жарым еседен асты. Салықтардың
көлемі ұлғайды. Осының барлығының тікелей нәтижесінде ақша құнсызданып,
бағалар өсті. Айналымдағы қағаз ақшалардың саны соғыс жылдары кезінде сегіз
есе артты, ал бағалар болса үш жарым еседен көп өсті.[5]
Сонымен қатар соғыс капиталды жинақтастырып, мемлекет ішіндегі ірі
өндірісті кең нарықты құра отырып, Италияны аграрлы мемлекеттен аграрлы-
индустриялы мемлекетке айналдырды. Кейбір ірі монополиялық бірлестіктер
ауыр өндірістерде өз капиталдарын соғыстың кезеңінде бірнеше мәртеге
көбейтті. Мысалы,
Адриатика ди элиттричита – 1913 жылғы жиырма миллион лирден 1917 жылы алты
жүз миллион лирге дейін;
Монтекатини – 1913 жылғы он бес миллион лирден 1918 жылы жетпіс бес миллион
лирге дейін;
Пирелли – 1913 жылғы он жеті жарым миллион лирден 1918 жылы қырық миллион
лирге дейін;
ФИАТ – 1912 жылғы он жеті миллион лирден 1919 жылы екі жүз миллион лирге
дейін;
Фальк – 1912 жылғы сегіз миллион лирден 1918 жылғы жиырма миллион лирге
дейін.
Соғысқа қажетті тапсырыстардың арқасында орасан пайдаға кенелген ауыр
өндіріс кәсіпорындары, әсіресе метал өңдеуші зауыттар, машина құрастыру
және әскери өндірістегі фирмалар Ильва, Ансальдо, ФИАТ және Бреда өздерімен
бәсекелес кәсіпорындарды жұтып қойып, алып өндіріс орындарына айналды. Банк
капиталының өндіріспен байланысы тез күшейе түсті. Ауыр өндіріс орындарын
қаржыландыратын төрт ірі банк – Банко коммерчиале, Кредито итальяно,
Банко ди сконто, Банко ди Рома осыған көп мөлшерде қаржы бөлді. Соның
нәтижесінде Банко коммерчиале – Ильва, Кредито итальяно – ФИАТ, Банко
ди сконто – Ансальдо, Банко ди Рома – Бреда сияқты монополиялық топтар
пайда болды.(6(
Осының бәрі әрине италия еңбекшілері мен ірі буржуазияның арасын
алшақтата бастады. Италия қатысқан соғыс кезінде құрбандықтар мен
зардаптардың арқасында байып шыға келгендер мен қиналып отырған қарапайым
халық арасында таптық қайшылықтар пайда болған заңдылық.
Соғыстан кейінгі алғашқы мәжілістің өзінде Италия социалистік
партиясының басшылары 1918 жылдың желтоқсанында ең негізгі міндет Италияда
социалистік республика және пролетариат үстемдігін диктатурасын құру деген
болатын.
Соғыс кезінде де социалистік партия ішінде түрлі фракциялар мен
топтардың көтеріліске шығуы орыс тәжірибесіне қатысты болатын. Социалистік
партия ішінде осы қағиданы ұстанатындар партияның барлық саясатын анықтап,
нәтижесінде Серрати және Ладзари басқарған фракция мүшелерін максималистер
деп атап кетті. Олай дейтін себебі Италиядағы орыс большевиктерін
максималист, демек максимум-бағдарламасының жақтаушылары, пролетариат
үстемдігін құруды жақтаушылар деп атайтын.
Партия басшылығына мығым орналасқан максималистерге Турати, Тревес,
Модильяни секілді қайта құрушылар қарсы тұрды. Олардың саны социалистік
парламенттік топтарда, социалистік муниципалитеттерде және еңбектің жалпы
конфедерациясының басшылығында көп болатын. 1918 жылдың желтоқсанының
соңында өткізілген барлық осы ұйымдардың және топтардың өкілдерінің
бірлескен конференциясында Турати ұсынған резолюция мақұлданды. Онда
күрестің тек ғана тікелей жалпыдемократиялық мақсаттарын ғана қолдау қажет
екендігі көрсетілді. Ал пролетариат диктатурасына келетін болсақ бол
лозунг жалпыдемократиялық мақсаттарымызға жетуге кедергісін тигізеді деп
шешті конференцияға қатысқандардың көпшілігі Пролетариат диктатурасына
қарағанда қайта құру үшін күрес жүргізу бағдарламасын жүзеге асыру тиімді
деп ұсынылды: сайлаудың демократияландыру, бюрократияны жою, сегіз сағаттық
жұмыс күніне көшу, еңбек ақыны төмендету, кәсіпорындарды басқаруды
еңбекшілердің өздері бақылауға алуы, қоныс аударушыларды қорғау т.б.
Олардың айтуынша осы реформа арқылы өзіміздің бостандығымызға шын мәнінде
ешқандай адаспастан қол жеткізуге болады, таптар мен таптардың үстемдігін
жоюға, әділдікті орнатып нағыз социалистік теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік
туады.
Қайта құрушылар Ресейдегі пролетариат диктатурасы бізге лайық емес, ол
тек ғана өздеріне тән орыс жағдайында ғана жүзеге асырылатын құбылыс деп
көрсетті. Соғыстан кейінгі парламенттегі алғашқы сөзінде Турати
большевиктер революциясы тек қана Ресейде ғана орын алуы мүмкін, себебі ол
жерде ең қорқынышты деспотизм орныққан деген болатын.
Осындай тапаралық шиеленіс кезінде италияндық пролетариаттың басым
көпшілігі қайта құрушыларды жақтамай, керісінше пролетариат диктатурасы
үшін күресуге бел байлап максималистердің соңынан ерді. Революцияға бел
байлаған халықтың көңіл-күйін білдіргісі келген Италия социалистік
партиясының жетекшілері 1919 жылдың наурызында жер бетінде пролетариат
диктатурасын құру үшін құрылған жаңа халықаралық революциялық ұйымға -
Коммунистік Интернационалға бірігуді ұсынды. Италия еңбекшілерінің
социалистік партиясының басшылары Ресейден үлгі алайық деп үндеу тастай
бастады.
Осылайша, сол кезеңде социалистік қозғалыста социализм үшін күресудің
басты екі бағыты анықталды: біреуі – пролетариат диктатурасы үшін күрес
болса, екіншісі – қайта құру үшін күрес. Дегенмен екеуінің де түпкі мақсаты
социализм құру болып табылатын және католикалық қозғалыстан айырмашылығы да
осында болатын.
Осы кезде католикалық қозғалыс қоғамдағы өздерінің ықпалын күшейту
бағытында алға үлкен қадам жасады. Олар діни сипаттағы кәсіподақтық және
кооперативтік ұйымдардың көмегімен шіркеуде тұрғындардың көпшілігін,
әсіресе крестьяндарды ұстап тұрған болатын. Бірақ олардың жетекшілері
бұндай жолмен ұзақ уақыт халықты ұстап тұру мүмкін емес екендігін түсінді.
Әлеуметтік мәселелер мен қайшылықтар терең тамыр жайып кеткендіктен оларды
тек ғана конфессиялық ұйымдар шегінде шешуге ниеттену мүмкін емес еді.
1918 жылдың соңында Италия еңбекшілерінің конфедерациясы – ақтардың
бірлестігі, ол дегеніміз католик кәсіподақтары құрылды. Бұл конфедерация
еңбекшілердің экономикалық мүдделерін және талаптарын қорғаумен айналысуға
міндетті болды. Негізінен таптық күрес қағидасын ұстанды. Жалпы саяси
бағдарламасы қандай болды деген сұраққа келетін болсақ, онда негізгі рөлді
католикалық Халық партиясы ойнауға тиісті болды. Италияда оны Пополяри
партиясы деп атайтын.
Халық партиясы Ватиканның көмегімен құрылды. Бірақ діни сипатта
болмады, шіркеудегі кеңесшілері жоқ, епископқа тәуелді болмады, ең
негізгісі өзінің әрекеттері үшін жауапкершілікті Ватиканға жүктемеді.
Басқа сөзбен айтатын болсақ, Халық партиясы католик қозғалысына тән
либерализмге, сондай-ақ социализмге қарсы күресті жалғастырушы болып
құрылды. Пролетариат диктатурасы үшін күрес атты лозунгымен
жалпыдемократиялық талаптар үшін күресу бағдарламасын қолдады (ол дегеніміз
еңбек етуге деген құқық кепілдігі, еңбек қабілеттігін жоғалтқанда немесе
жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдем беру, шағын жер меншігін марапаттау
және қорғау, прогрессивті салық т.б.) (7(.
Бірақ еңбекшілерді олардың жағдайының кейбір тұстарын ғана жақсарту
жолымен ұстап тұру мүмкін емес еді. Италиядағы таптық қатынас
пролетариаттың пайдасына ауа бастады. Осы басымдық арқасында еңбек
заңнамаларындағы жаңа құқықтық нормалардың анықталуына әкеліп соқты. Соның
арқасында 1919 жылдың 20-ақпанында металлистер Федерациясының өкілдіктері
арасында және өндірісшілер жұмысшы-металлистер үшін сегіз сағаттық жұмыс
күні туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бес жүз мың жұмысшы-
металлистер үшін үлкен жетістік еді. Көп ұзамай 1919 жылдың 4-наурызында
еңбекшілер кәсіподақтарының және өндіріс пен еңбек министрлігі
ұйымдастырған кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өткізіліп, барлық
жұмысшылар үшін сегіз сағаттық жұмыс күні бекітілді.[8] Сол кездерде
өндіріс орындарының көптеген жұмысшылары жұмысқа қатысты проблемаларды
көтеріліс арқылы шешіп келгенімен, Италияда еңбек қатынасы саласында үлкен
оң қадам жасалғанына елдің барлығы қуанды. Таптық күрес Италияда кең етек
жайды. Көтерілістен соң көтеріліс ұйымдастырылып жатты. Экономикалық
көтерілістер көбінесе саяси көтерілістерге ұласып кетіп жатты. 1919 жылдың
ақпан-наурызында Генуедегі Ансальдо кәсіпорнының металлистері және кейбір
көрші аудандардағылар көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс таптық ынтымақтастық
жолында өтті, себебі бірнеше мыңдаған жұмысшылар жұмыстан заңсыз босатылған
жолдастарын жақтап көтерілді.
Сол жылы сәуір айында Римде өте үлкен көтеріліс болып, жиырма бес
сағаттай уақыт италия астанасында өмір тоқтап қалғандай болды. Олай
дейтініміз барлық кәсіпорындар мен көліктер тоқтап, дүкендер мен кафелер
жабылып қалды. Электр қуаты берілу доғарылған соң қаланы қара түнек басты.
Дәл осы кезде Миланда халық көтеріліп, еңбекшілердің бейбіт митингісін
полиция қуып таратып, бір жұмысшы нәтижесінде өлген болатын. Осы
көтерлістерді қолдап басқа да ірі қалаларда халық наразылығын білдіріп
көтеріліске шығып жатты.
Көтеріліс толқыны, еңбекшілердің шеруі мен митингілері бүкіл Италияны
1919 жылдың 1-мамырында басып кетті. Бірнеше күнге дейін қала сыртына
қатынайтын поездардың барлығы тоқтап қалды. Поезд жүргізушілері сегіз
сағаттық жұмыс күні сақталсын және жалақыны көбейтіңдер деген талап
қойды.(9( Темір жолшыларды осы кезде су көлігіндегілер де қоштап, олар
талаптарын орындатты. Бірнеше мәрте көтерілісшілер мен әскердің, полицияның
қақтығысуымен аяқталды.

Фашистік биліктің алғашқы кезеңі
Осындай қиын-қыстау кезінде халықтың көңіл-күйін аңғарған Муссолини
саясат сахнасына қайта шықты. Ол 1914 жылы социалистік партия қатарынан
шығып қалған болатын. Соңында Муссолини көптеген бұрынғы
интервенционистерді, футуристерді және синдикалистердің басын қосып өз
ұйымын құрып алды. 1919 жылдың 23-наурызында Миланда Сан-Сеполькро
алаңындағы ғимаратта осы Фашо ди комбаттименто атты жаңа ұйымның
құрылтайшы жиналысы өтті. Жиналыс бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен
ынтымақтастық аясында өткенімен негізгі назар сыртқы саясат мәселесіне
бөлінді. Соңында қабылданған шешім Фиум мен Далмацияны мәжбүрлеп қосып
алу еді. Бірақ 1919 жылдың сәуірінде Италияның Фиумға қатысты бұл ойын
одақтастар қарсы болып жақтамағаннан кейін Бенито Муссолини бұл қаланы
қалай да күшпен тартып алу қажет деп қорытты. Фашистердің Пополо дИталиа
газеті үкімет әлсіздік танытып отыр деп мақалалар жариялап, социалистік
партияға жұдырығын түйе бастады. Осылайша фашистер милитаризмге қарсы
шыққан социалистік партияның идеологиясынан патриотизмге жат күшті
аңғарғандай болды. Социалистер ұйымдастырған пролетариат көтерілістері
әлемдік аренада ұлт беделін түсіреді деп шешті. 1919 жылдың 15-сәуірінде
фашистер бұрынғы соғысқа қатысқан жауынгерлермен бірге Миландағы Аванти
социалистік газетінің редакциясын өртеп жіберді. Артынша фашистер
революциялық жұмысшылар демонстрациясына шабуыл жасап, социалистік
партияның және кәсіподақ белсенділерін ұрып-соға бастады.
1919 жылдың маусымында қымбатшылыққа қарсы жаппай көтерілістер басталды.
Бұл көбінесе күтпеген жерлерде және уақыттарда орын алып жүрді. Аяқ астынан
жиналған адамдар дүкендерді тонап, сауда жасаушылармен өздері сот
ұйымдастыра бастады. Осы кездің өзінде социалистер мүмкіндігінше қызыл
гвардия отрядтарын және реквизиция бойынша тиісті комитеттер құрып
күнделікті тұтыну тауарларының бағасын мәжбүрлеп төмендете бастады.[10]
Сыртқы саясаттағы бірнеше сәтсіздіктерден кейін (мысалы, Италияға Фиумды
қосып алуға одақтастардың қарсы болуы т.б.) Орландо үкіметі құлады. 1919
жылдың 23-маусымында Нитти басқарған жаңа үкімет басшылыққа келіп ішкі
саясат мәселелерін шешуге басты назар аударды. Қымбатшылыққа қарсы
көтеріліс кең етек жайып бара жатқандықтан ең алдымен нанның бағасын
төмендету туралы үкім шығарды.
Қазан айында Неаполдегі Сан-Карло театрында фашистердің съезі
өткізіліп, оған делегат ретінде елдің түкпір-түкпірінен қырық мың фашист
қатысты. Съезді Муссолини ашты. Түстен кейін осы қырық мың фашист мінбеде
тұрған Муссолинидің алдынан өткенде Муссолини : Мен сіздерге хабарлаймын,
қазіргі кезде талап мынадай: бізге билік береді немесе біз оны Римге барып
өзіміз аламыз дегенде фашистер Римге, Римге ! деп бірауыздан
айқайлаған. Осыдан кейін Муссолини Везучий атты мейманханаға барып өз
әріптестерімен фашистік шабуылдың нақты шешімін қабылдайды.(11( Фашистерді
ел бойынша жинақтау қазанның жиырма жетісіне, ал негізгі орталықтарға
шабуыл жасау – қазанның жиырма сегізіне деп шешілді.
Неаполдан Муссолини шұғыл түрде Миланға аттанып, ал Римге шабуыл
ұйымдастыру бойынша фашистердің штабы Перуджеде орналасты. Король
Муссолиниді Римге келіссөзге шақырғанда маған жаңа үкімет құрамын құруға
тапсыратын болса ғана барамын деді.
29 қазанда түске жақын корольдың адъютанты генерал Читтадини
Муссолиниге телефон арқылы корольдың осы ұсынысты айтқанын жеткізді.
Отызыншы қазан күні он сағат қырық екі минутта Муссолини Римдегі вокзалда
поездан түскен. Бұл кезде Рим қаласына жан-жақтан фашистердің жасақтары
жаппай жақындап шабуылға дайын келе жатты. Фашистер қалаға келіп жеткенде
ешқандай қарсылықты кездестірмесе де өздерін тура соғыста жүргендей ұстады.
Муссолини да корольға бармас бұрын әскери фашист киімін киді. Корольмен бір
сағаттай сұхбаттасқан Муссолини король екеуі балконға шыққанда қара көйлек
киген фашистер легі саппен өтіп жатты.
Келесі күні 31-қазанда Муссолини басқаратын жаңа үкімет құрылды. Бұл үкімет
бір партиялы фашистік үкімет болды. Муссолини өзі премьер және шетел істері
бойынша министр болса, он үш министрдің үшеуі фашист болды.
Фашизм өз қатарларын күшейте бастады. 1923 жылы сәуірде үкіметтен
Халық партиясының өкілдерін шығарып тастады. 1923 жылдың қарашасында жаңа
сайлау заңы Ачербо сенаттан қолдау тауып, оған король қол қойды.
Парламентке сайлау 1924 жылдың 6-сәуірінде өтіп фашистер жеңіске жетті. Осы
сайлау кезінде алаяқтық жасады деп парламентте сөз сөйлеген депутат
социалист Маттеоттиді фашистер өлтірген. 1924 жылдың 10-маусымында
Маттеотти із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал кейіннен оны Думини басшылық
жасаған фашистер тобының өлтіргені егжей-тегжейлі әшкереленді. Алғашқы
кезден бастап-ақ елдің бұл іске фашистердің тікелей қатысты екендігіне
ешқандай күмәні болмаған. Осы кезден бастап елде фашистердің жағдайы
күрделене бастады.
1925 жылдың 5-қарашасында фашистер Біртұтас социалистік партияның
қызметіне тиым салды. Осы кезде коммунистер белсенді қимылға көшті. 1925
жылдың 16-қарашасында ішкі істер министріне фашистік федерация ауданының
хатшысы Лациале Сабина былай деп мәлімдеген болатын: 5-қарашада қалаға
түгел коммунистердің үнпарақтары желімделіп таратылған. Тергеу барысында
қалада үлкен астыртын коммунистердің ұйымы бар екендігін
анықтадық ... .(12(
Осындай келеңсіздіктер орын алып жатқан жағдайда Кеңестік Ресейді қорғау
үшін күшті қозғалыс жүре бастады. Италиядағы социалистік партияның ұсынысы
бойынша 1919 жылдың 20-21 шілдесіне Кеңестік Ресей мен Венгрияны жақтап
халықаралық көтеріліс тағайындалған болатын. Осы көтеріліске Англияның,
Францияның және Италияның еңбекшілері қатысуы керек болатын. Көтерілістің
басты мақсаты Ресейдегі революцияға қарсы күштерге қару-жарақ жөнелтпеу
және жабдықтамау болатын. Грузияға жөнелтеміз деген әскери Италия күштері
Нитти үкіметі билікке келген соң тиым салынды.
1919 жылдың қыркүйегінде жазушы ДАннунцио өзі басқарған легионерлер
отрядымен бірге Фиумды басып алды. Бірақ ол бұл әрекетін үкіметтің
келісімінсіз жүзеге асырды. Оның осы әрекеті парламентаризм негіздеріне
кері әсерін және Италияға конституциялық мемлекет ретінде беделіне нұқсан
келтірді.
Осы кезде күзгі егін егу басталарда шаруалар өз бетінше әлі өңделмеген
мемлекет жерін басып алып иемдене бастады. Партиялар парламент сайлауларына
қатысатын кез келді. 1919 жылдың қарашасында сайлау науқаны өтіп, ресми
деректерге сәйкес парламенттегі 499 орыннан социалистік партия 154,
Халықтық партия – 99, либералдардың әртүрлі топтары – 181, басқалары - 65
орын алса, фашистер бірде бір орын алмады.(13(

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим

Сол кезеңдегі Маттеотти ісіне және фашизмнің екінші толқынына
тоқталатын болсақ, Думини бастаған фашистер 1924 жылы 10 маусымда
парламентте фашистердің сайлау барысында іс-әрекетін әшкерелеп сөз сөйлеген
депутат-социалист Маттеоттиді өлтірді. Парламентте фашизмге оппозициялық
топтар өкілдері Маттеотти өлімі туралы өзара кеңесуге жиналды. Оған үш
жұмысшы партиясының парламенттік УСП, ИСП, КПИ сияқты топтары, Халықтық
партия, Республикандық партия, Конституциялық оппозия және Әлеуметтік
демократия топ мүшелері қатысты. Олар 14 маусымда өздерінің Маттеотти ісі
анықталғанша палата жұмысына, парламент ісіне араласпайтындығын көрсеткен
резолюция қабылдады. Бұл Авентин оппозициясының бастамасын салды. Фашистік
емес топтардың парламенттен кетуі Муссолиниді парламент сесиясы жұмысын
тоқтатуға мәжбүр етті. Елде абыржу туды. Өйткені фашистер жөнінде шындықты
айтқан парламент депутаты өлтірілді. Қала көшелері мен алаңдарында
митингілер өтіп жатты, көптеген кәсіпорындарда стихиялы ереуілдер бұрқ ете
түсті. Үкімет не істерін білмеді. Муссолини төңкерістің алдын алып,
жағдайды қалпына келтіруге тырысты. 16 маусымда ішкі істер министрі етіп,
әділеттілігімен әйгілі Федерцониді тағайындады.
Осы кезеңде буржуазиялық оппозициялық топ өкілдері үкімет саясатының
бағытында халықтың араласуынсыз түбірлі бетбұрыс жасауға ұмтылды.
Либералдар революциялық партиялардың үгіт-насихатына берілмеуге, тыныштық
сақтауға шақырды. Ал коммунистер үш жұмысшы партиясын біріктіріп,
жалпыхалықтық ереуілге үгіттеді. Коммунистерді жұмысшы партиялары қолдаған
жоқ. Оның өкілдері 18 маусымда Муссолини үкіметінің кетуін, оппозициялық
депутаттардың Құрылтай жиналысын шақыруын талап етті, жаңа үкімет кұру
талаптарын көрсеткен резолюция қабылдаған жүмысшы партияларының мәжілісіне
қатыспады. [14]
Авентин оппозициясында КПИ орнын ИСП басты. ИСП мақсаты: Муссолини
үкіметін құлату; басқа оппозициялық партиялармен бірге болу; кейбір
мәселелерде компромиске келу. Осылайша олар КПИ жариялаған 24 сағаттық
ұлттық ереуілге қатысудан бас тартып, ВКТ 27 маусым күні таңертеңгісін
жұмысты 5 минутке тоқтату жөніндегі ұсынысына келісті. Сол 27 маусымда
парламент үнінде Авентин ассамблеясы деп аталған оппозициялық
партиялардың ассамблеясы өтті. Оның декларациясы: фашистік милиция мен
заңдылық қалпына келтірілгенше барлық оппозициялык партиялар парламент
жұмысына қатысудан бас тартады деп көрсетілген. Олар корольдің, Ватиканның
көмегімен Муссолини үкіметін отставкаға жібере аламыз деп ойлап, калың
көпшіліктің қозғалысын ұйымдастыруға ұмтылмады. Бұл Муссолиниге маневр
жасауға мүмкіндік берді.
3 қаңтар 1925 жылы Муссолини парламентте сөйлеген сөзінде үкімет
пен оппозиция арасындағы күрес күш арқылы шешіледі деп көрсетті. Сөз іске
көшті. Фашизмнің екінші толқыны басталды. Демократиялық ұйымдар және
оппозициялық газеттер талқандалды. Үкімет таза фашистік сипатқа ие болды.
5- қараша 1925 жылы фашистер реформистік Унитарлық социалистік партия
қызметіне тыйым салды. Бұл Дзанибони партиясы мүшелерінің Муссолиниге
жасаған қастандығына жауап еді. 24 желтоқсан 1925 жьлы мемлекеттік
аппаратты ұлттық мүдде туралы ойламайтын элементерден тазарту жөнінде заң
қабылданды. 1926 жылы 31 желтоқсанда саяси мигранттардың италъян
азаматтығын жою жөнінде процедура қабылданды. Дәл сол күні атқарушы
үкіметке заң нормаларын шығару құқын беру жөнінде заң қабылданды. 4 ақпан
1926 жылғы заң бойынша сайланатын муниципалитеттер орнына король декретімен
5 жылға тағайындалатын подеста (старшин) институты енгізілді. 6 сәуір
1926 жылғы заңмен провинциядағы префектілердің билігі кеңейді және күшейді.
3 сәуір 1926 жылы ұжымдық еңбек қатынасын ұйымдастыру құқы жөнінде заң
қабылданды. [15]
1926 жылы ақпанда Муссолиниге төртінші рет қастандық
ұйымдастырылды, алайда сәтсіз аяқталды. Ол жаппай репрессия күшейтуге себеп
болды. 6 қарашада Муссолини ішкі істер министрі Федерцониді отставкаға
жіберіп, өзі осы орынды басты. Осының артынша демократиялық бағыттағы
партиялар мен ұйымдардың қалдықтары түгел талқандалды. Парламентте
авентиндіктердің депутаттық мандаттарын жою жөнінде шешім қабылданды.
Антифашистік баспаға тыйым салынды. Антифашистерді эмиграциялау тоқтатылды,
барлық шекара өткелдеріне шекаралық милиция орнатылды. Король, королева
немесе үкімет басшысына қастандық жасағаны үшін өлім жазасы енгізілді.
Мемлекетті қорғау бойынша ерекше трибунал кұрылды. 1926 жылы қарашада
фашистік үкімет алғашқыда 5 жылға арналған, кейін ұзартылып отырылған,
күшін фашистік режим соңына дейін жоймаған ерекше заңдар қабылдады.
Ерекше заңдардың енгізілуімен Италияда фашизмге қарсы күрестің жаңа
кезеңі басталды.
Антифашистерді жаппай тұтқындау толқыны басталды. Алғашқы
тұтқындалғандардың ішінде компартия басшысы Антонино Грамши да бар.
Көптеген антифашистер төтенше заңдар шығара салысымен шетелге, әсіресе
Францияға кетті. Францияда Италия социалистік партиясы және Социалистік
итальян еңбекшілері партиясының басқарушы органдары орналасты. 4 қаңтар
1927 жылы ВКТ атқарушы комитеті өзін-өзі жою жөнінде қаулы қабылдады. 1927
жылы наурыздың соңында иммигрантық ВКТ, ИСП, ПСЛИ, республикандық партия
және имигрант-масонлармен бірге жаңа блок кұрды. Ол Антифашистік әрекеттер
концентрациясы деп аталды. Олар басты мақсат фашизмге қарсы күрес жүргізу
деп мәлімдеді. Шетелде итальян антифашистері арасында фашизмге қарсы күрес
принциптері туралы талас жүріп жатқан кезеңде, Италияда Муссолини өз
қағидаларын орнықтырған болатын. Үлкен фашистік кеңес 21 сәуір 1927 жылы
Еңбек хартиясы деп аталатын құжат жариялады. Жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
Фашистік Италияның сыртқы саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Германия революция қарсаңында
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Германия коммунистік партиясы
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Пәндер