Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары



Кіріспе
Алғаш нәр алған бастау бұлақтар

Негізгі бөлім

а) Табиғат лирикалары
ә) Еңбекке, ғылым, өнер үйретуге, адамгаршілікке тәрбиелеу
б) Абайдың қара сөздері
в) Абай поэмалары
г) “Ескілік киімі” өлеңі
ғ) Аңшылық кәсібі туралы
д) “Қыз сыны мен жігіт сұлтаны қандай болу керек?”

Қорытынды
Келешек қоғамның тірегі оқу.ағарту, өнер.білімде
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлы ең алғаш нәр алған бастау бұлағы, бірінші – қазақтың бай қазынасы – ауыз әдебиетінің асыл үлгілері болса, екінші – Физули, Фердауси, Низами, Науай , Сағди, Қожа Хафиз сияқты шығыс классиктерінің шығармалары болды, үшінші – орыстың Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов, батыстың Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер сияқты классик жазушылардың әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алды.
Абай қазақпен Шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін әжесі зереден, халық ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадында сақтап өссе, қазақтың шешендік сөздерін әкесі Құнанбайдың, аталары: Өскенбайдың, Кеңгірбайдың өсиет-үлгі сөздерінен үйреніп ер жетті. Ақындардың терме- толғаулары мен қисса-дастандары, билердің шешендік өнері жас Абайдың сөз өнерінің бүге-шігесін жетік білуіне септігін тигізді.

Негізгі бөлім
а) Табиғат лирикалары

Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негізін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай батыс мәдениетінің ғылым негізін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездегі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.
“Жазды күн шілде болғанда”, “Қараша желтоқсан сол бір-екі ай”, “Жазғытұры”, “Қыс” атты өлеңдерінде ақын жылдың төрт мезгіліндегі табиғат бейнесін суреттеумен бірге, оны қазақ аулының өмірімен, салт-дәстүрімен тығыз байланыстыра қарастырады.
1) Серғазы Қалиұлы
“Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы”

2) Әділбай Табылдиев
“Қазақ этнопедагогикасы”

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары

Жоспары

Кіріспе

Алғаш нәр алған бастау бұлақтар

Негізгі бөлім

а) Табиғат лирикалары
ә) Еңбекке, ғылым, өнер үйретуге, адамгаршілікке тәрбиелеу
б) Абайдың қара сөздері
в) Абай поэмалары
г) “Ескілік киімі” өлеңі
ғ) Аңшылық кәсібі туралы
д) “Қыз сыны мен жігіт сұлтаны қандай болу керек?”

Қорытынды
Келешек қоғамның тірегі оқу-ағарту, өнер-білімде

Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары
(1845 – 1904)

Кіріспе

Алғаш нәр алған бастау бұлақтар

Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлы ең алғаш нәр алған
бастау бұлағы, бірінші – қазақтың бай қазынасы – ауыз әдебиетінің асыл
үлгілері болса, екінші – Физули, Фердауси, Низами, Науай , Сағди, Қожа
Хафиз сияқты шығыс классиктерінің шығармалары болды, үшінші – орыстың
Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов, батыстың Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер
сияқты классик жазушылардың әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алды.
Абай қазақпен Шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін әжесі зереден, халық
ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадында сақтап өссе, қазақтың
шешендік сөздерін әкесі Құнанбайдың, аталары: Өскенбайдың, Кеңгірбайдың
өсиет-үлгі сөздерінен үйреніп ер жетті. Ақындардың терме- толғаулары мен
қисса-дастандары, билердің шешендік өнері жас Абайдың сөз өнерінің бүге-
шігесін жетік білуіне септігін тигізді.

Негізгі бөлім

а) Табиғат лирикалары

Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай
халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты
зерттеп, сол мәдениет негізін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай батыс мәдениетінің ғылым негізін, көркем әдебиетті үйренуді
уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай
шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-
қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен
тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездегі адам бейнесін суреттеп көркемдікті,
адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.
“Жазды күн шілде болғанда”, “Қараша желтоқсан сол бір-екі ай”,
“Жазғытұры”, “Қыс” атты өлеңдерінде ақын жылдың төрт мезгіліндегі табиғат
бейнесін суреттеумен бірге, оны қазақ аулының өмірімен, салт-дәстүрімен
тығыз байланыстыра қарастырады. Мысалы, “Жазғытұры” атты өлеңінде ұлы ақын
Абай жадыраған жазды, күн көзінде масайраған жан-жануар мен маужыраған
табиғатты:

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су...-

деп тебірене суреттесе, осы мамыражай табиғаттың қазақ аулының өміріне
тигізер әсерін де естен шығармай:

Жаздың көркі енеді жыл құсымен
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен, -

деп, кәрі-жастың көңіл-күйін дөп басып, шебер бейнелеп беріп отыр.
Жазғытұры шаруаның бір малы екеу болатын, көктің жетілген, ақтың көбейетін,
несібенің көбейетін кезі. Ол қазақ аулының өміріне үлкен қуаныш, береке,
ырыс әкеледі. Ақын осыны асқан сезімталдықпен, шебер суреткерлікпен бере
білген.
Ал, бұған қарама-қарсы, қылышын сүйретіп қыса келген қаһарлы қысты ақ
сақалды кәрі құданың бейнесінде берсе, “Қараша желтоқсан мен сол бір екі
ай” атты өлеңінде күздің ызғырық соққан қара суығын, аш-жалаңаш бүрсең
қаққан кедей үйінің аянышты халі мен тамағы ьоқ, үйі жылы ықтырма мен
күзеуде отырған бай үйінің кереғар өмірін суреттеу арқылы қарама-қайшы екі
өмірді салыстыра бейнелеп бере отырып, ақын “Жалшы үйіне жаны ашып, ас
бермес” сараң байларды сынайды.
Ал “Күз” атты өлеңінде аспанды сұр бұлт торлап, қаз, тырналар жылы
жаққа қайтқан, жапырақ солып, адамдардың еңсесі түсе бастаған күзгі
сүреңсіз қазақ аулының өміріне табиғаттың тигізер әсерін ақындық
шеберлікпен қолмен қойғандай етіп бейнелеп бере келіп:

- Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім,
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін... –

деп, ақын тоңған үйін жылытып, тонын илеп, үйін жамап, тон-шекпенін
тігіп, қысқа даярланып жатқан кедей аулының өмірін суреттеп отыр. Бұл жерде
Абай, біріншіден, тері илеп, тон тігу, киіз басып, үзік жамау, жіп иіріп,
шекпен тоқу қазақ әйелдерінің ата кәсібі екенін көрсетсе, екіншіден,
өнеркәсібі өркендемеген елде қолөнерін дамытып, тіршіліктің тұтқасы ету,
сөйтіп төрт түлік малдың терісі мен жүнін, сүті мен етін тұрмыстық қажетке
жарату өмір қажеттілігінен туып отырғанын сөз етеді.

ә) Еңбекке, ғылым, өнер үйретуге, адамгаршілікке тәрбиелеу

Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке
тәрбиелейді.

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.

Абай өлеңдері - өнердің шыңы, сөздің патшасы деп, ақындық дарында
жауапкершіліктің зор болмағын уағыздайды.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиынан қиыстырар ер данасы.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті, әсерлі мәні оятар.
деп ақын өлең мен әннің тәрбилік мәнін жоғары бағалайды. “Әннің де естісі
бар, есері бар” деп, ән тыңдауда және айтуға тыңдаушы мен айтушыда
эстетикалық талғам болу керек екенін айтады.

Тыңдаушы мен айтушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы, -

дейді ақын. Абай өлеңдері мінез-құлықты тәрбиелейді.

Қыздар жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме.

Бойы – бұлғаң,
Сөзі – жылмаң,

Кімді көрсем, мен содан

Бетті бастым,
Қатты састым,

Тұра қаштым жалма-жан! –

дейді. Абай оқып-үйрену, білім алу үшін үш нәрсені білу керек: 1. “Ықылас
қоя тыңдау керек. 2. Тыңдағанды бірнеше рет ойда қайталау керек. 3. Ой
кеселдерінен сақ болу керек”, - дейді.
Абай жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі: “ Ата-анаға көз қуаныш”,
“Заман ақыр жастары”, “Сегіз аяқ”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек” деген
өлеңдерінде жастарды әдепті болуға, бірлікші болуға, сөз қадірін білуге,
сабырлы, арлы, еңбекшіл болуға шақырады.

б ) Абайдың қара сөздері

Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна
болып қосылған педагогикалық тұжырымдар.Данышпан ақын көсем сөз арқылы да
өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап,
әсіресе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардағы, тіршіліктен іс-әрекеттік
кемшілікерді кесіп айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған.
Бірінші сөзінде ойшыл адам отты ойларын қағаз бетіне түсірсе, ол да
тәрбие десе, екінші сөзінде халықтың қасіретсіз өмір сүруі үшін басқа
халықтардан үлгі алып , ұрпағын еңбеккке тәрбиелеуін уағыздайды. Абай
үшінші сөзінде қазақ халқының “ бірінің-біріне қаскүнем болатынын, қызметке
таласқыш, өздерінің жалқау болатындарының себебі неде?” деп оның ұлттық
кемшіліктерін атап көрсетеді де, мұның бәрі тек малды ойлап, малға
бейімделіп бара жатқан халықтың достықты ойлап, бірлікке бейімделіп,
еңбекке дағдыланып, жағымпаздық пен жалқаулықтан аулақ болу керек екенін
уағыздайды. Елді ел қылатын әкімдер “бұрынғы” Қасым ханның қасқа жолын,
есім ханның ескі жолын, әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде кеңес
болғанда “Жеті жарғысын” білмек керек” дейді.Ұлы ойшыл сөзінде “ Адам
баласы жылап туады, кейіп өледі”, сол бір қысқа өмірді өз қайратыңа
сүйеніп, еңбек етіп, адалдықпен, адамгершілікпен өткіз деп
түйіндейді.Адамзат өмірінде жан азығы мен тән азығы тепе-теңдігін жойса,
яғни адам тек тән азығын күйттесе, ол айуанға айналады. Абай жетінші
сөзінде жас баланы тәрбиелеуден бастап, бүкіл ұлттық өмір-тіршілікте
көбінесе, жан азығына ерекше көңіл бөліп, елді надандықтан арылтуға
өсиеттейді.
“Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін
ұғып аларлық жүректе жігер, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, - дейді Абай
“Он төртінші сөзінде”. Сөйтіп, әрбір адам ақылға сүйеніп, ой тереңіне
үңіліп, өзін-өзі мақтаншылықтан, надандықтан аулақтатып, нағыз адамдыққа
тәрбиелеуі тиіс екендігін сөз етеді. “Егерде есті кісілердің қатарында
болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір бір, ең болмаса айына
бір өзіңнен өзің есеп ал!” – дейді “Он жбесінші сөзінде”, “ол үшін ақыл,
қайрат, жүректі бірдей ұста”, - дейді “Он жетінші сөзінде”, “біреудің
жаманшылығына қуанба, жалпы көптің кемшілігіне өзіңнің кемшілігіңді қойып
жуанба”, - дейді” “Жиырма үшінші сөзінде”, “теріс тәрбиелейтін мақалдарды
айыра білу керек”, - дейді “Жиырма тоғызыншы сөзінде”.
Ақын “Отыз екінші сөзінде” ғылым-білімді күн көріс ұшін ғана іздемеу
керек, “ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін, үйренбек керек”,
“әрбір ақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе соны тұт”, - дейді, ол 34-
38-сөздерінде діннің тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, алланың ақ жолында
халықты имандылыққа тәрбиелеуді көздейді.

“Адамбаласының ең жаманы - талапсыз”, - дейді Абай “Қырық төртінші
сөзінде”. Ал талапты адам тек қара басын ойламасын, халыққа қызмет етуді
ойласын, нағыз адам – сол болады деген ойды білдіреді.

в) Абай поэмалары

Қала берді шығыс әдебиетін еркін оқып меңгерген жас ақын Абай осы
елдердің салт-дәстүрін, тіршілік тынысын , ерлік ісін өз шығармасының
тақырыптық арқауы етті. Мысалы, Абай шығыс халқының “Масғұт” атты ертегісін
поэманың мазмұнына желі етті. Онда иесіз тамда қарақшылар өлтіргелі жатқан
шалды ажалдан арашалап құтқарған Масғұттың (Мұхамед пайғамбардың) ерлігін
суреттейді. Жігіттің осы ерлігіне дән риза болған әулие шал оған үш түрлі
жемісі бар гүлді сыйға ұсынады:

- Ағын жесең: ақылың жаннан асар,
Сары жесең: дәулетің судай тасар.
Егер де қызыл гүлді алсаң таңдап,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, -

деп, ақыл, байлық, әйелдің бірін таңдауға мұрсат береді.
Жігіт байлық бір жұтылса жоқ болады, көре алмас күндестер де көп
болады, бір кісілік ақыл өзімде де бар, көп наданның арасында жұрттан асқан
ақылды болып не бітірем. Қой, одан да сұлуды жолдас етейін деген тоқтамға
келеді. Әулие шал: “Шырағым, әйелді жолдас етуді неге қаладың?” – дегенде,
жігіт: “Қан да, қара да анадан шықты, әйел сөзіне құлақ салмас жан
болмайды. Ханды қаһарынан қайтаратын, ердің ашуына рашашы , ақылшы болатын
үйдің де, түздің де, татулық, береке, бірліктің ұйытқысы - әйел. Соны
ойлап, әйел қауымымен дос болуды қаладым”, - дейді.
Ақын поэмасында дүниедегі байлық та, хандық та ақылға табынған. “Ақыл
азбайды, білім тозбайды”, “Тіршіліктің тұтқасы ақыл-білімде” деген
қорытындыға келіп, жастарға соны үлгі етіп ұсынады.
Ал “Ескендір” поэмасында көп елді қырып, ханын өлтіріп, халқын талап,
жазықсыз жандардың қанын дарияның суындай шашқан қанішер, жауыз Ескендір (
Александр Македонский) патшаның шапқыншылық әректін суреттей келе, ақыры
темір қақпаға тепсініп келіп, тығырыққа тіреліп, қамалды ала алмай,
дағдарған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас
Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Тұлғаны қалыптастырудағы Абай тәлімінің негіздері
Абай қара сөздері
Пәндер