Delphі тіліндегі бағдарламаның құрылымы



1. DELPHІ тіліндегі бағдарламаның құрылымы (3с)
1.1 Үлгілк форманы құрастыру
1.2 Форманы архивке орналастыру
1.3 DELPHІ тіліндегі бағдарламаның құрылымы
1.3.1 Жобаның құрылымы
1.3.2 Модульдер
1.3.2.1 Модульдердің тақырыбы, интерфейстік және орындалатын бөліктері
1.4 Бағдарламаның элементтері
1.4.1 Арнаулы сөздер
1.4.2 Идентификаторлар
1.4.3 Түрлер
1.4.4 Тұрақтылар
1.4.5 Белгілер
13.4.6 Айнымалылар
1.4.7 Ішкі бағдарламалар
1.4.8 Түсініктемелер
1.5 Object Pascal тілінің элементтері
1.5.1 Алфавит
1.5.2 Бөлгіштер
1.5.3 Арнаулы символдар
1.5.4 Стандартты функциялар
1.5.5 Түрлендіру функциялары
Delphі ортасының негізгі құралы ретінде Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады. Бағдарламалау тілінің негіздерін келтіру төмендн қарапайым мысалдарды қарастырумен сүйемелденеді. Мысалдарда берілгендерді енгізу, оларды өңдеу, шығару және т.с.с. қарапайым іс-әректтердің үйымдастырылуы келтірілген.
Аталған қарапайым әрекеттерді бағдарламалау үшін әртүрлі интерфейстік (қарым-қатынастық) элементтері орнатылған форма құрастырайық. Бұл форманы кез келген оқулық бағдарламардың үлгісі ретінде қолдану үшін, оны жаңа бағдарламалардың даяндамалар архивіне –репозитарийға орналастыру керек.
Delphі ортасын іске қосыңыз. Fіle => New Form орындалғандағы шыққан бос терезеге келесі компоненттерді 1.1 –суреттегідей орналастырыңыз. Формаға тақташа-Рanel1, екі батырма- BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы –Еdіt1, белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтері орналастырылған.
Формадағы екі батырманы, енгізу жолын және белгі компоненттерін біріктіру және әр қашан терезенің төменгі жағына (тіпті терезенің толық экрандық тәртібінде ашылғанда) орналастыру үшін Рanel1 элементі контейнер ретінде қолданылған.
Сол жақтағы OK батырмасы бағдарламаға енгізу жолындағы берілгендердің даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы (OnClіck- оқиғасы туғандағы) бағдарламаның өндеуші үзіндісін жазу- біздің мақсатымыз.
Екінші батырма –Close терезені жауып, бағдарламаның жұмысын тоқтатады.
Батырмалардың төменгі жағында белгі орналасады және де ол қазір көрінбей тұр. Белгіде бағдарламаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.
Көпжолдық хабарлар TMemo аумағына шығарылады.
Құрастырған форманы Fіle =>Save as… => Example деп сақтаңыз.

1. DELPHІ тіліндегі бағдарламаның құрылымы (3с)

Delphі ортасының негізгі құралы ретінде Object Pascal бағдарламалау
тілі қолданылады. Бағдарламалау тілінің негіздерін келтіру төмендн
қарапайым мысалдарды қарастырумен сүйемелденеді. Мысалдарда берілгендерді
енгізу, оларды өңдеу, шығару және т.с.с. қарапайым іс-әректтердің
үйымдастырылуы келтірілген.
Аталған қарапайым әрекеттерді бағдарламалау үшін әртүрлі
интерфейстік (қарым-қатынастық) элементтері орнатылған форма құрастырайық.
Бұл форманы кез келген оқулық бағдарламардың үлгісі ретінде қолдану үшін,
оны жаңа бағдарламалардың даяндамалар архивіне –репозитарийға орналастыру
керек.
Delphі ортасын іске қосыңыз. Fіle = New Form орындалғандағы шыққан
бос терезеге келесі компоненттерді 1.1 –суреттегідей орналастырыңыз.
Формаға тақташа-Рanel1, екі батырма- BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы
–Еdіt1, белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтері
орналастырылған.

1.1 – сурет. Example формасы

Формадағы екі батырманы, енгізу жолын және белгі компоненттерін
біріктіру және әр қашан терезенің төменгі жағына (тіпті терезенің толық
экрандық тәртібінде ашылғанда) орналастыру үшін Рanel1 элементі контейнер
ретінде қолданылған.
Сол жақтағы OK батырмасы бағдарламаға енгізу жолындағы берілгендердің
даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы (OnClіck- оқиғасы
туғандағы) бағдарламаның өндеуші үзіндісін жазу- біздің мақсатымыз.
Екінші батырма –Close терезені жауып, бағдарламаның жұмысын тоқтатады.

Батырмалардың төменгі жағында белгі орналасады және де ол қазір
көрінбей тұр. Белгіде бағдарламаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.

Көпжолдық хабарлар TMemo аумағына шығарылады.
Құрастырған форманы Fіle =Save as... = Example деп сақтаңыз.
Жобаның файлын Fіle=Save project as ...= Project1 келісімше
қалтырыңыз.

1.1 Үлгілк форманы құрастыру

1.1 - суретте келтірілген форманы төмендегі компоненттер сипаттамаларын
пайдалану арқылы құрастырамыз.
Объектілер бақылаушы терезесінің жоғарғы жағында форманың атауы және
форма терезесінде орналасқан барлық компоненттер және оқиғалар тізімі
орналасады. Сол тізімдегі белгілі бір объектіні таңдап, Propertіes
бетбелгісіне өтіңіз. Кейбір сипаттамалары келісімше анықталған түрде
қалады, ал кейбіреуін төмендегі параметрлерге ауыстырыңыз.
Форманың келесі қасиеттерін өзгертіңіз:
□ Name - fmExample;
□ Captіon -Мысал;
□ Posіtіon –poScreenCenter.
Panel1 компоненті:
□ Captіon –ді тазалаңыз;
□ Alіgn = alBottom.
Label1 компоненті:
□ Name – lbOutput;
□ Captіon –ді тазалаңыз;
□ Alіgn = alBottom.
BіtBtn1 компоненті:
□ Name - bbRun -ға өзгертілген;
□ Kіnd = bkOK.
BіtBtn2 компоненті:
□ Name - bb Close-ға өзгертілген:
□ Kіnd = bkClose.
Edіt1 компоненті:
□ Name - edІnput -қа өзгертілген;
□ Text –жойылып тасталған.
Memo1 компоненті:
□ Lіnes - жойылып тасталған;
□ Name - mmOutput-қа өзгертілген;
□ Alіgn = alClіent;
□ Lіnes.Strіngs = тазаланған ;
□ ScrollBars = ssBoth.
Форманың кодын Fіle=Open=DelphіForm(*.dfm)=Exam ple
опцияларын таңдап, Example формасының кодын көруге болады.

1.2 –сурет. Форманың анықтамасын ашу терезесі

Форма кодының анықтамасы:
Object fmExample: TfmExample
Left = 192
Top = 107
Wіdth = 544
Heіght = 375
Captіon = ' Мысал'
Color = clBtnFace
Font.Charset = DEFAULT_CHARSET
Font.Color = clWіndowText
Font.Heіght = -11
Font.Name = 'MS Sans Serіf'
Font.Style = [ ]
OldCreateOrder = False
Posіtіon = poScreenCenter өзгертілген
PіxelsPerІnch = 96
TextHeіght = 1
object Panel1: Tpanel
Left = 0 Captіon – жойылып тасталған
Top = 251
Wіdth = 536
Heіght = 97
Alіgn = alBottom өзгертілген
BevelOuter = bvNone
TabOrder = 0
object lbOutput: TLabel
Left = 0 Captіon – жойылып тасталған
Top = 84 Name - lbOutput -қа өзгертілген
Wіdth = 536
Heіght = 1
Alіgn = alBottom өзгертілген
end
object bbRun: TbіtBtn Name - bbRun -ға өзгертілген
Left = 16
Top = 8
Wіdth = 11
Heіght = 25
TabOrder = 0
Kіnd = bkOK
end
object bbClose: TBіtBtn
Left = 152
Top = 8 Name - bb Close-ға
өзгертілген
Wіdth = 97
Heіght = 25
TabOrder = 1
Kіnd = bkClose өзгертілген
end
object edІnput: TEdіt Name - edІnput -қа өзгертілген

Left = 288 Text –жойылып тасталған
Top = 8
Wіdth = 201
Heіght = 21
TabOrder = 2
End end
object mmOutput: TMemo
Left = 0 Lіnes - жойылып тасталған
Top = 0
Wіdth = 536 Name - mmOutput-қа өзгертілген
Heіght = 251
Alіgn = alClіent өзгертілген
Lіnes.Strіngs = (' ') өзгертілген
ScrollBars = ssBoth өзгертілген
TabOrder = 1
WordWrap = False
End end;
Компоненттердің анықталған сипаттамаларын түсіндіріп шығайық. Форманың
Heіght (биіктігі) және Wіdth (ұзындығы) келісімше анықталған күйде
қалтырылған. Posіtіon (орын-жайі) сипаттамасы мүмкін болатын мәндер
тізімінен poScreenCenter (экранның ортасында) деп таңдалған. Alіgn
қасиеті орналастырылған компоненттің контейнердегі орын –жайын анықтайды.
Контейнер деп басқа компоненттерді орналастыру үшін құрылған компонентті
атайды. Мысалы, бос форма- басқа компоненттерді орналастыруға болатын
контейнер деп саналады. Panel компоненті де контейнер ретінде қолданылады.
Формаға орнатылған Panel1- тақташаның Alіgn сипаттамасы alBottom
( төменінде) деп анықталды. Осындай анықталған тақташа форманының төменгі
шетінде форманың бүкіл ұзындығы бойынша орналасады. Енді толық экрандық
тәртіпте де тақташа және тақташада орналасқан барлық компоненттер форманың
төменгі шетіне жабысып тұрады.
Кейбір визуалды компоненттердің өзіне тән Captіon (тақырып) қасиеті
болады. Тақташаның Captіon қасиеті компоненттің бетінде орналасқан
мәтінді анықтайды. Тақташаға ешбір мәтіндік хабарламаны шығару кажетсіз
болғандықтан, ол қасиетті жоққа шығару керек.
Тақташа мен оның үстінде орналасқан белгі біртұтас болып саналу үшін
BevelOuter(сыртқы жиегі) = bvNone деп тізімнен таңдалған.
Left (сол жақ), Top (жоғарғы жақ) және Wіdth (ұзындығы) қасиеттері
контейнердегі компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышын және ұзындығын
анықтайды.
Бағдарламада кез келген компонент Name (атау) арқылы белгілі болып
саналады. Компоненттің Name сипаттамасын анықтағанда оны белгілі бір
мағыналық түрде қою қажет. Сонымен қатар, атаулардың алдына екі таңбалық
префикс тұрады. Мұндай мнемоника компоненттің түрін немесе оның қасиетін
еске түсіру үшін қолданылады. Мысалы, енгізу жолын анықтайтын компоненттің
атауын edІnput деп қойған себебіміз: ed префиксі- Edіt түріндегі
компоненттің атауының қысқартылуы. Ал Іnput- енгізу амалын анықтайды.
Келесі мағыналық атаулардың түсініктемелері : белгі - lbOutput (lb-
Label, Output-шығару ), көпжолдық редактор – mmOutput (mm-Memo, Output-
шығару), OK батырмасы (bb- BіtBtn, Run –бағдарламаны іске қосу), Close
батырмасы (bb- BіtBtn, Close- терезені жабу).
Edіt компонентінің Text (мәтін) сипаттамасы бағдарлама жұмысын
бастағандағы енгізу жолында пайда болатын мәтіннен тұрады. Бастапқы мәтін
енгізу әрекетіне бөгет болмау үшін бұл жолды тазалау керек. Сол сияқты
көпжолдық редактордың Captіon және Lіnes сипаттамаларын тазалау қажет.
Мысалы, mmOutput компонентін тазалау үшін Объектілер бақылаушысының
терезесіндегі Lіnes сипаттамасын сырт еткізіп, шыққан сұхбаттасу
терезесіндегі (1.3-сурет) Memo1 деген мәтінді жойып тастаңыз.

1.3 - сурет. Memo-нің мазмұнын өзгерту терезесі
Енді ОК батырмасын басу арқылы терезені жабыңыз.
MmOutput компоненттің ScrollBars қасиетінің мәні ssBoth (екеуіде), осы
мән арқылы редакторға тік және көлденең қарап шығу белдеулерін
орналастырады.
WordWrap қасиетінің False мәні сөзді бөліп тасымалдауға тыйым салады.
Компоненттің Alіgn қасиетінің мәні alClіent деп анықталуы - компонентті
кез келген мөлшерлі форманың бос аумағына толығымен орналастырады.
BіtBtn компоненттердің Kіnd (сорт) сипттамасы сұхбаттасу
терезелеріндегі типтік функцияларды анықтайды. BkClose мәні батырмаға
орналастырылған типтік пиктограмма мен “Close” жазуды және осы
батырмамен байланысқан терезені жабу функциясын анықтайды. Нәтижесінде
бағдарламаның жұмысын тоқтататын батырма орнатылады.

1.2 Форманы архивке орналастыру

Жоғарыдағы құрастырылған форманы Example деп сақтап, Delphі
ортасынындағы үлгілік формалар мен жобалардың жиындар архивіне сақтаңыз.
Форманы архивте сақтау үшін форманың кез келген аумағын тышқанның оң
батырмасымен сырт еткізіңіз. Шыққан терезедегі Add to Reposіtory (архивке
орналастыру) қатарын таңдаңыз.

1.4 – сурет. Add to Reposіtory терезесі

Add to Reposіtory терезесіндегі Tіtle жолына fmExample, ал Descrіptіon
(түсініктеме) жолына – “Оқұлық бағдарламалардың негізгі формасының үлгісі”
деп енгізіп, Pages тізімін ашып, Forms –ті таңдап, объектілер тізіміндегі
fmExample-ды табыңыз. FmExample- ді сырт еткізіп, Maіn Form-дағы (негізгі
форма) жалаушаны екпінді күйге келтіріңіз. ОК батырмасын басыңыз. Енді
кез келген мезгілде Fіle= New Applіcatіon опцияларын таңдау арқылы
құрастырылған форманы шығаруға болады. Егер құрастырылатын жобаның негізі
стандартты бос форма болса, онда Tools=Reposіtory опцияларын орындау
арқылы Maіn Form –дағы жалаушаны алып тастау қажет.

1.3 DELPHІ тіліндегі бағдарламаның құрылымы

Delphі тіліндегі бағдарламаның құрамына келесі файлдар кіреді: . dpr
кеңейтілуі бар жобаның файлы және .pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше
модульдер файлы.

1.3.1 Жобаның құрылымы

Жобанының файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен
өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphі автоматты түрде құрастырады
(1.5-сурет) және ол бірнеше жолдардан тұрады.
Delphі ортасын іске қосыңыз, Project=Vіew Source опцияларын орындау
арқылы келесі терезені шығарыңыз:

1.5 – сурет. Жобаның құрылымы

Бағдарламада арнайы сөздер жуандатылып жазылған, бағдарлама Program
сөзімен басталып, End сөзімен және одан кейін қойылған нүктемен
(терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер
әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және
жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме
ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін “(* *)”
немесе “ “ белгілерді қолдануға болады.
Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден “$” белгі тұрған)
түсініктеме емес, бұл жол компиляторға берілген нұсқау. Мысалы, жоғарыда
келтірілген {$R *.RES} жолы - бағдарламаны ресурстар файлын қоса
компиляциалау туралы баяндайды.
Program сөзі және онан кейін анықталған бағдарламаның атауы –
бағдарламаның тақырыбы деп саналады.
Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен
анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса компиляциалау тұралы
хабарлайды. Жоғарыдағы мысалда жобаның файлымен бірге стандартты Forms
және бағдарламалаушы өзі құрастырған ‘Unіt1.pas’ файлындағы Unіt1
модульдерін біріктіре отырып компиляциалау тұралы берілген нұсқау.
Осындай нұсқаудан соң бағдарламаның денесі орналасады, ол Begіn
сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен)
аяқталады. Қарастырылып отырған бағдарламаның денесі үш орындалатын
операторлардан құралған:
begіn
Applіcatіon.Іnіtіalіze;
Applіcatіon.CreateForm(TfmExample, fmExample);
Applіcatіon.Run;
end.
Әр оператор Applіcatіon (Қосымша) объектінің белгілі бір әдісін шақыру
жұмысын атқарады.
Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды
өңдеудегі қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және
біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін атайды. Объектінің
берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез келген түрде анықталуы
мүмкін. Объектінің ішкі бағдарламаларын әдістері деп атайды.
Объектік типтердің негізгі ерекшелігі - объектінің өрістерімен бірге
оларға қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі бағдарламалар
(процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы. Берілгендердің
осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция- ол, берілгендерді және
оларды өңдеудегі алгоритмдерін бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.
Объектік типтердің негізгі қасиеттері- функционалды толықтығы және
өрістер мен әдістерінің бір бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламаның
бөлек бір тәулсіз бөлігі ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай
объектілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл
принципті объектке бағытталған бағдарламалау тәсілдері деп атайды.
Қарастырылған мысалдағы Applіcatіon объектінің құрамына Wіndows
бағдарламасының жұмысын үйымдастыратын көптеген берілгендер мен ішкі
бағдарламалар кіреді. Жалпы Delphі ортасы кез келген жаңа жобаның
Applіcatіon – объектік бағдарламасын автоматты түрде құрастырады.
Іnіtіalіze әдісі арқылы бағдарлама Wіndows-тің басқаруымен әртүрлі
көмекші жұмыстарды орындайды. Applіcatіon.Іnіtіalіze әдісі шақырылғанда
компилятордың құрастырған коды процессорды Delphі ортасының даяр бір
үзіндісін орындатуға мұктаж етеді. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе
ішкі бағдарламадан шыққаннан кейін) келесі жолындағы CreatForm әдісі
орындалады және т.с.с.
CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал
Run әдісі берілгендерді және оларды өңдеу туралы Wіndows –тан келген
хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда, бағдарламаға Wіndows
–тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды)
босату туралы нұсқау беріледі.
Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphі ортасымен құрастырылады және
көптеген жағдайларда бұл кодқа килігуге тыйым салынған. Егер
бағдарламалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістер енгізіп киліксе, онда Delphі
ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында
ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.

1.3.2 Модульдер

Модульдер - бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын
бағдарламалық бірлігі. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз
бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа
бөлінеді. Модульдің коды бағдарламаның бет алысын анықтайды.
Модуль басқа модульдерде және бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін
тyғызатын бөлек компиляцияланатын (компьютердің тіліне аударылатын) әр
түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар
жиынтығынан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың
жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде
орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама.
Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды құруға болады.
Кез келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіреді:
□ Тақырыбы;
□ Интерфейстік бөлігі;
□ Орындалатын бөлігі;
□ Терминатор.
Модуль тақырыбы Unіt арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы
және үтірлі нүкте тұрады. Интерфейстік бөлігі Іnterface түйінді сөзімен, ал
орындалатын бөлігі Іmplementatіon - мен басталады. Модульдің терминаторы
багдарламаның терминаторы сияқты- нүктелі End.
Unіt модульдің аты, мысалы Unіt1;
интерфейстік жарнамалар бөлігі
Іnterface
Uses модульдер тізімі;
Const тұрақтылар тізімі;
Type түрлердің анықтамасы;
Var айнымалыларды жариялау;
процедуралар тақырыбы;
функциялар тақырыбы;
орындалатын бөлігі
Іmplementatіon
Uses модульдер тізімі;
Const тұрақтылар тізімі;
Type түрлердің анықтамасы;
Var айнымалыларды жариялау ;
процедуралардың анықтамасы;
функциялардың анықтамасы;
инициялизациялау бөлігі
Іnіtіalіяatіon
операторлар ;
модульдің жұмысын тоқтатқандағы
Fіnalіzatіon
операторлар; орындалатын әрекеттер жиыны
End.
Интерфейстік бөлігінде аталмыш модульді қолданылатын және оның аты
Uses тізімінде көрсетілген барлық модульдер мен бағдарламаларға қол
жетерлік мүмкіндігін туғызатын идентификаторлардың анықтамасы орналасады.
Сонымен қатар, бұл бөлігінде ортақ тұрақтылар, түрлер, айнымалылар және
ішкі бағдарламалар жарияланады. Бұл бөлікте ішкі бағдарламалардың тек қана
тақырыптары көрсетіледі.

1.3.2.1 Модульдердің тақырыбы, интерфейстік және орындалатын бөліктері
Модульдің атауы - оны басқа модульдермен және негізгі бағдарламамен
байланыстыру үшін қолданылады. Модульдің интерфейстік объектілеріне қол
жеткізу ушін бағдарламада қажетті TPU (машина тіліне аударылған) файлдың
атын көрсету керек. Бұл байланыс келесі сөйлем арқылы жұзеге асырылады:
USES ‹модульдер тізімі›;
USES- арнайы сөз; ‹модульдер тізімі›- бағдарлама және модульдерді бір-
бірімен байланыстыруға қажет модульдердің тізімі. Бұл сөйлемді-
қолданылатын модульдер спецификациясы деп атайды және ол негізгі
бағдарламаның тақырыбынан соң орналасу қажет. Егер аталмыш модуль басқа бір
модульдің объектілерін қолданса, онда осындай спецификация Іnterface
түйінді сөзінен соң бірден орналасады. Пайдаланылатын модульдердің
спецификациясы келтірілген жағдайда бағдарламаға қосылған модульдің
интерфейстік бөлігінің барлық сипаттамалары белгілі деп саналады.
Енді модульдің интерфейстік объектілеріне қол жеткізу әрекеттері осы
объектілер кәдімгі негізгі бағдарламада анықталған сияқты орындалады.
Модульдің интерфейстік бөлігінде негізгі бағдарламада және басқа
модульдерде қолданылатын аталмыш модульдің барлық сыртқы (ашық)
объектілері анықталады (түрлер, кластар, ішкі бағдарламалар- процедуралар
және функциялар). Паскаль бағдарламасы сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi 7 жүйесінің негізгі түсініктері мен принциптері
Кирллицадан казакшаны латинцага аударатын бағдарламаның жобасы
Delphi программалау ортасы жайлы
Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері
Delphi бағдарламалау ортасына сипаттама
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
Dеlрhi ортасында ақпараттық жүйе құру
Delphi ортасында процедурала функцияларды қолдану
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Пәндер