Заң және өсиет бойынша жүзеге асырылатын мұрагерлік


ЖОСПАР:

3512192730384045465053:

3

5

12

19

27

30

38

40

45

46

50

53

Кіріспе . . .

1. Заң бойынша жүзеге асырылатын мұрагерлік

1. 1. Мұраның ашылуы . . .

1. 2. Мұраның құрамы . . .

1. 3. Заң бойынша мұрагерлік санаты және оларға қойылатын кезектер . . .

1. 4. Мұраны бөлу . . .

1. 5. Мұраны алу және мұрадан бас тарту . . .

2. Өсиет бойынша жүзеге асырылатын мұрагерлік

2. 1. Өсиет бойынша мұрагерліктің түсінігі және оның жалпы
ережелері

2. 2. Өсиеттің түсінігі және оған қойылатын талап ретіндегі оның нысаны мен мазмұны

2. 3. Өсиеттің мазмұнын өзгерту, жарамсыз деп тану және олардың салдарлары

2. 4. Өсиет қалдырушының ерекше өсиеттік нұсқаулары (өсиеттік бас тарту, жүктеу) және өсиеттің орындалуы

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиет тізімі . . .

Кіріспе

Азаматтық құқықтағы қызықты мәселелердің біріне мұрагерлік құқығы туралы мәселелерді жатқызуға болады. Біз білетіндей, мұрагерлік заң бойынша мұрагерлік және өсиет бойынша мұрагерлік деп бөлінеді. Жалпы алғанда, мұрагерлікке түсінік беретін болсақ, мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қаддырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге немесе мұрагерлерге ауысуы.

Осы мұрагерлік құқығындағы ерекше мәнге ие болып табылатын өсиет бойынша мұра қабылдау. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Міне, өсиеттің қызық жері осы тұста. Өйткені өз ықтиярын білдіру арқылы өсиет қалдырушы мұраны заң бойынша мұрагерлерге де және ол тізімге мүлдем жақындамайтын адамдарға да үлестіруі мүмкін. Жалпы мұрагерлік дегеніміз - қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушының) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. (АК-нің 1038-бабы)

Қазіргі таңдағы мұрагерліктің бұл түсінігі қоғамның даму барысында пайда болған түсінік. Өйткені алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, эсіресе оның дамуының бастапқы кезеңдерінде, адамдардың қажеттіліктерінің жэне оларды қанағаттандыру қүралдарының өте аз, қарапайым болғандығынан, оларда мұраға қалдыратын ештеңе болмады. Әрине, ол кезеңде де аңшылық қарулары, балық аулау қүралдары, жабайы аңдардың терілері, белгілі бір руға (тайпаға) қатыстылығының белгілері, әшекей заттар әкесінен баласына өтіп отырды. Бірақ, ондай қатынастар ол кезде болмаған да құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен реттелді.

Шаруашылықтың дамуына, рулық-тайпалық байланыстардың әлсіреп, жекелеген отбасылардың мүліктік оқшаулануына байланысты, қайтыс болған адамның мүлкі кімге қалады деген сұрақтар да туындай бастады. Осылайша мұрагерліктің пайда болуы жэне оның дамуы қоғамның мүліктік және әлеуметтік жікке бөлінуімен, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік құқығының қалыптасуымен қатар жүрді. Жеке меншіктің өркендеуі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге арналған құралдардың, барлық пайда келтіре алатын нәрселердің біртіндеп мұрагерліктің пәніне айналуына әкелді.

Сонымен, мұрагерліктің мәні неде және экономикалық жағдайы белгілі бір дэрежеге жеткен адам қоғамына мұрагерліктің қажеті не?

Жоғарыдағы анықтаманың мәнінен мұрагерліктің ең алдымен мүлікпен байланысты екендігін көруге болады, яғни мұрагерліктің пәні қайтыс болған адамның тірі кезінде иегері болған мүліктік қүқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болады. Солардың қатарында басты орынды еш күмәнсыз, меншік құқығы алады. Мысалы, қайтыс болған адамның құқықтары мен міндеттері мұрагерлікпен ауыса алмаііды, яғни олар да адамның қайтыс болуымен бірге тоқтатылады дейік. Әрине, мұнда қайтыс болған адамның тірі кезінде субьектісі болған құқықтық қатынастардың қандай болатындығын елестетудің өзі қиынырақ. Алдымен, бұл өмір сүрулеріне қажетті нәрселерден айырылатын оның жақын адамдарын қолайсыз жағдайға қоятын еді. Сол сияқты, өздерінің талаптарын қанағаттандыруды кімге қоятындықтарын білмейтін қайтыс болған адамның кредит берушілері де ұтылар еді.

Мұрагерліктің мәнін мынадан да көруге болады. Ол қоғам мүшелерінің әрқайсысынан, оның тірі кезінде тапқан, жинаған барлық материалдық игіліктерінің, оның еркіне сай, егер ол өз еркін білдірмесе, заңға сәйкес оның жақын адамдарына ауысады деген сеніммен өмір сүре алу мүмкіндігіне кепілдік беруден түрады.

1. Заң бойынша жүзеге асырылатын мұрагерлік

1. 1. Мұраның ашылуы

Мұра ету кезінде мұраның ашылуы өте маңызды болып табылады. Мұраның ашылуы - бұл мұрагерлік құқықтар мен міндеттердің пайда болуына жағдай туғызатын фактілердің пайда болуы. Мұра ашылған кезден бастап нақты тұлғаның мұрагер болуы, мұрагер болған нақты тұлғаның мұраны қабылдауы немесе мұрадан бас тартуы деген сияқты мүмкін болатын болжамдар жүзеге асады. 1

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің2 (КР АК) 1092-бабының 1-бөлігіне сәйкес мұраның ашылуына негіз болатын екі факт бар. Бүл:

1) азаматтың қайтыс болуы;

2) хабар-ошарсыз кеткен адамды өлді деп жариялау. АК-тің
1042-бабының 2-бөлігіне сәйкес мұраның ашылған уақыты болып
мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал хабар-ошарсыз кеткен
адамды ҚР АК-нің 28-тарауының ережелеріне сәйкес қайтыс
болды деп жариялаған жағдайда, хабар-ошарсыз кеткен мұра
қалдырушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің
занды күшіне енген күні танылады, егер сот шешімінде өзгеше
көрсетілмесе. АК-нің 31-бабына сәйкес азамат мүдделі тұлғаның
арызы бойынша егер оның тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл
бойы мәліметтер жоқ болса, ал егер ол азамат өлім қауіпі туатын
жағдайларда немесе оның қайтыс болуы белгілі бір оқыс
жағдайларға байланысты болды деп болжауға негіз беретін
жағдайларда алты ай бойы мәліметтер жоқ болса, сот тәртібімен өлді
деп жариялануы мүмкін. Әскери қызметші немесе соғыс
қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен азамат сол соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін екі жыл өткеннен кейін қайтыс болды деп жариялануы мүмкін.

Қайтыс болды деп жарияланған тұлғаның өлген күні оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күшіне енген күні танылады. Ал өлім қауіпі туатын жағдайларда немесе оның қайтыс болуы белгілі бір оқыс жағдайларға байланысты болды деп болжауға негіз болатын хабар-ошарсыз кеткен тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған жағдайда, сот тұлғаның қайтыс болған күні деп оның болжамды қайтыс болған күнін оның қайтыс болған күні ретінде тани алады.

Мұраның ашылу уақыты мыналарды: мұралық мүліктің құрамын, мұрагерлердің мұралық мүлікке меншік құқығының пайда болуын, мұралық мүлікті қабылдау немесе одан бас тартуды және т. б. анықтау үшін маңызы бар. 3

Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен немесе жай хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардан кейін, егер олардың хабар-ошарсыз кетуі қорғаныс министрлігінің хабарламасымен немесе сот шешімімен құжат түрінде бекітілсе де мұра ашылмайды. Көрсетілген жағдайлар бойынша хабар-ошарсыз кеткен адам немесе әскери қызметкер мүдделі тұлғаның (жұбайы, әке-шешесі, туысқаны ; несие берушілері, т. б. ) тұрғылықты жері бойынша сот тәртібімен өлді деп жариялануы керек.

Азаматты өлді деп жариялауды заң ол азаматтың өлімі туралы жеткілікті анық болжаммен байланыстырады. Азаматты өлді деп жариялау мен азаматтың өлімі туралы фактіні анықтауда екі жағдайда да сот тәртібі белгіленсе де ажырату керек.

Азаматты өлді деп жариялаған кезде мұраның ашылған уақыты азаматты өлді деп жариялаған сот шешімінің занды күшіне енген күні танылады. Ал егер сот азаматтың өлімі туралы фактіні анықтаса, онда сот шешімінде көрсетілген күн мұраның ашылған уақыты болып табылады.

Тұлғаның өлімі туралы фактіні табу азаматты өлді деп жариялауға қарағанда АК-те айтылмаған. Белгілі бір уақытта және белгілі бір жағдайларда азаматтың өлімі туралы дәлелдеме болған кезде, сот мұндай фактіні анықтайды. Өлім фактісін анықтаған кезде АК-тің 31-бабында көрсетілген азаматты өлді деп жариялау үшін қажет мерзімдер талап етілмейді.

Азаматты өлді деп жариялау оны алдын-ала хабар-ошарсыз кетті деп тануды талап етпейді. Сол сияқты азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істі қарауға кедергі болып табылмайды.

АК-тің 31-бабындағы азаматты өлді деп жариялауға негіздер мен мерзімдерді жалпы және арнайы деп болуге болады. Жалпы негіз бен мерзім сол баптың 1-бөлігіне сәйкес азаматтың түрғылықты жерінде ол туралы үш жыл немесе одан да көп мерзім бойы мәліметтер жоқ болса, арнайы негіздер мен мерзімдер осы баптың осы бөлігінің 1, 2-тармақшаларында көрсетілген. Ол өлім қауіпі туатын және белгілі бір оқыс жағдайларда қайтыс болды деп болжауға негіз болатын жағдайлар. Өлім қауіпі туатын жағдайларға табиғи апаттар, мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, т. б. жатады. Ал қайтыс болды деп болжауға негіз болатын оқыс жағдайларға өрт, жарылыс, көлік қирауы, т. б. жатады. Бүл жағдайлар бойынша мерзім алты ай.

Сотта өлім фактісі емес, жоғарыда көрсетілген негіздер дәлелденуі керек. 4

Тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы талап арызда мүдделі тұлғалар хабар-ошарсыз кеткен тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын және туған жерін, оларға белгілі оның ең соңғы тұрғылықты жері мен жүмыс орны, тұлғаны өлді деп жариялаудың қандай мақсатқа (мысалы, мұраны алу үшін, жәрдемақы алу үшін, т. б. ) қажет екендігін көрсетуі керек. Арызданушы фактіні дәлелдеу үшін сот мәжілісінде жауап алуга тиісті куәларді сонымен бірге тұлғаның хабар-ошарсыз кетуінің басқа да дәлелдемелерін ұсынуы керек. 5

«ҚР нотариустарының нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы туралы» нұсқаулықтың 6 198-тармақшасына сәйкес қайтыс болу фактісі мен мұраны ашу уақыты АХАЖ органының мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлігімен оның Ұлы Отан соғысында қаза тапқандығы туралы КСРО-ның ҚР және ТМД елдерінің әскери бөлім командованиесінің, госпиталь әкімшілігінің және органының берген хабарламасымен немесе өзге құжаттармен дәлелденеді.

Қайтыс болу фактісін дәлелдеуге медициналық мекемелер берген дәрігерлік анықтама мен қайтыс болу туралы куәлік, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқандардан басқа, әскери бөлімдер мен құрамаларының қаза тапқаны (хабарсыз кеткені) туралы құжаттар қабылданбайды.

Мұраның ашылу уақытымен заң мыналарды байланыстырады:

  1. мұраға шақырылатын мұрагерлер санаты;
  2. мұраның құрамы;
  3. мұрадан бас тарту мерзімдерін санау;
  4. несие берушілердің талап қою мерзімдерін санау;
  5. мұрагерлердің мұраға қүқықтарының пайда бөлу кезі;
  6. мұраға құқық туралы куәліктің берілетін мерзімі;

7) қолданылатын заң (егер занда өзгеше көзделмесе, мұра ашылған кезде қолданылған заң қолданылады) .

Тұлғаның қайтыс болған күнін немесе мұраны ашу уақытын анықтаудың тәжірибелік және зандық маңызы өте зор. Осыған байланысты мұрагерлер санаты анықталады. Бұдан басқа, мұраның ашылу уақытына байланысты мұраға берілетін құқықтар мен міндеттер құрамы анықталынады, занда көрсетілген мұрадан бас тарту жөніндегі мерзімдер саналады т. б. 7

АК-тің 1043-бабына сәйкес мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса, мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұраның ашылу орны мұра қалдырушының тұрғылықты жері туралы құзыретті орган берген анықтамамен расталады, ал егер тұрған жері белгісіз болса, мұраның мүліктің орналасқан жері немесе оның негізгі бөліктері туралы сол орган берген құжатпен расталады.

Мұрагерде аталған құжаттар болмаса, нотариус мұраның ашылу орнын белгілегені туралы занды күшіне енген сот шешімін талап етеді (Нұсқаулықтың 199-тармақшасы) .

Мұраның ашылу орны, егер мұра қалдырушы өзінің түрғылықты жерінен уақытша кетуі кезінде қайтыс болса, мұра қалдырушының қайтыс болған жерімен сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған байланысты тәжіребиде мынандай сұрақ туындауы мүмкін: нақты әскери қызметке, оқуына, жұмыс жағдайына байланысты, емделу мекемесіне орналасуына байланысты, т. б. жағдайларда мұраның ашылған орнын қалай анықтауға болады. 8

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерін мына құжаттардың бірімен анықтайды. Олар:

-тұрғын эксплуатациялық ұйымдардан анықтама;

-атқарушы орғандардан (әкімшіліктен) анықтама;

-қайтыс болушының жүмыс орнынан, оның тұрған жері туралы анықтама;

-мекен - жай бюросынан, азаматтың тұрғылықты жеріне тіркелу туралы анықтама;

-үй қітапшасынан көшірме;

-аудандық, қалалық әскери бөлімдерден әскерге шақырылғанға дейінгі тұрған жері туралы анықтама;

-соттың мұраның ашылу орнын бекітуі туралы шешімі. 9 Егер аталған құжаттардың бірден-біреуін нотариусқа көрсету мүмкін болмаса, онда міндетті түрде нотариалдық мекемеге соттың заң күшіне енген, мұра қалдырушының мұраның ашылған жері айқындалған туралы шешімін көрсеткен жөн.

АК-тің 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың, әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелгендердің тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының, қорғаншысының тұрғылықты жері болып табылады. Тұрғылықты жерді нақты анықтаудың азаматтың және басқа да құқықтық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызы зор. Бұл қай нотариалдық кеңсе мұрагерлік істі рәсімдей алады, қай нотариалдық кеңсе немесе орган мұрагерлердің, несие берушілердің, мемлекеттік мүддесі үшін мұраға берілетін мүлікті қорғау үшін шаралар қолданады деген сұрақтарды шешкенде қажет.

Мұрагерлік құқықты рәсімдеу үшін мұрагерлер өздерінің тұрғылықты жері бойынша емес, мұраға берілетін мүліктің тұрған жері емес, алдымен мұра қалдырушының тұрғылықты жері бойынша нотариалдық кеңсеге бару керек. Егер қызмет жағдайына байланысты мұра қалдырушының тұрғылықты жері болмаса, мұралық іс мұраға берілетін мүліктің немесе оның көп бөлігінің орналасқан жері бойынша рәсімделеді. Бұл жағдайда мұраның ашылған орны - мұраға берілетін мүліктің тұрған жері болып табылады. Егер екі немесе одан да көп жерде мұраға берілетін мүлік теңдей орналасса, онда көбірек шаруашылық маңызы бар мүлік орналасқан жер мұраның ашылған орны болып табылады. мұндай ережені нотариалдық және сот тәжірибесі ұстанады. 10

Нотариалдық кеңсе мұралық істерді мүліктің тұрған жері бойынша рәсімдеген жағдайда нақты сол елді мекенде мүліктің бар-жоқтығы туралы құжаттарды талап етеді. Мысалы, жинақ кітапшасы, МАИ берген автокөліктің техникалық құжаты. 11

Мұраның ашылу орнының маңызы - ол мұраға қүқықты қай нотариалдық кеңсенің рәсімдейтінін анықтау. «Нотариат туралы» заңның 63-бабына сәйкес нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамы азаматтардың, занды тұлғалардың хабарлауы бойынша не өз бастамасымен мұра ашылған жерде мұрагерлердің, мұра алуына бас тартылғандардың, несие берушілердің немесе мемлекет мүддесі үшін бүл қажет болған кезде мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады.

Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне белгілі мұрагерлерді бүл туралы хабардар етуге міндетті.

Егер мұрагерлердің тұрған жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус мұраның ашылғандығы туралы бүқіларалық ақпарат құралдары арқылы хабарлама бере алады.

Мұра қалдырушының мүлкі немесе оның бір бөлігі мұра ашылған жерде болмаған жағдайда мұра ашылған жердегі нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы, мұралық мүлік тұрған жердегі нотариусқа, ҚР атынан консулдық қызмет атқарушы адамға немесе тиісті жергілікті атқарушы органның нотариалдық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамына оны қорғау жөнінде шаралар қолдану туралы тапсырма жібереді.

Мұра ашылған жердегі нотариустың мұралық мүліктің бір бөлігі орналасқан жердегі нотариусқа мұралық мүлікті қорғау жөніндегі тапсырмасында «ҚР нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы» нұсқаулықтың 160-тармақшасына сәйкес мыналар қамтылуы тиіс:

  1. қаулының шығарылған күні;
  2. қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты-жөні;
  1. қаулы жіберілген адамның тегі, әкесінің аты, аты немесе нотариалдық органның атауы;
  2. қайтыс болған мұра қалдырушының тегі, аты, әкесінің аты және қайтыс болған күні көрсетілген орындауға жататын нотариалдық іс-әрекеттердің мазмұны;
  3. қорғауға шаралар қабылданатын мүліктің орналасқан жері мен атауы;

6) мөрдің бедерлемесі қоса берілген нотариустың қолы.
Нотариус немесе жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар отырып, бүл туралы мұра ашылған жердегі нотариусқа хабарлайды («Нотариат туралы» заңның 64-бабы) . 12

Мұралық мүлікті қорғау жөніндегі шаралар мүлікті тізімдеуден, мүлікті мұраны сенімгерлікпен басқарушыға беруден тұрады.

Нотариустың мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдау жөнінде тапсырмасының атқарылуы туралы хабарламада нотариустық іс-қағаздарды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көзделген барлық қажетті деректемелер болуға тиіс. Хабарламаға осы нұсқаулықтың ережелері бойынша әзірленген тізімдеме акті қоса беріледі. Тізімдеме актісінің екінші данасы мұралық мүлікті қорғауға шара қабылдаған нотариуста қалады.

Нотариус мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар, оның ішінде мұралық мүліктің тізімдемесін жүргізу тағайындалғаны жөнінде мұралық мүлікті қорғау әрекеті шын мәнінде жасалғанға дейін он күннен кешіктірмей мекен-жайы немесе қайда екендігі өзіне белгілі мұрагерлер мен басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды. Істі кешіктіруге болмайтын жағдайларда нотариус мұралық мүліктің қорғалуы жөнінде кідіртпей шара қолдануға құқылы. Бүл жөнінде мұрагерлік мүлікті қорғау туралы шара қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен қалдырылмай өзіне белгілі мұрагерлерге міндетті түрде хабарлауға тиіс.

Мұралық мүлікті тізімдеуге қатысуға тілек білдірген мүдделі адамдардың және кемінде екі куә адамның қатысуымен жүргізіледі. Нотариус мұралық мүліктің тізімдемесін жүргізіп, оны мүліктің мұрагерлеріне немесе басқа адамдарға сақтауға береді.

Тізімдеу актісіне қайтыс болған адамның пөтеріндегі, тұрғын үйіндегі немесе басқа үй-жайындағы бүкіл мүлік енгізіледі.

Мұра қалдырушымен басқа адамдар да бірге түрып келсе, тізімдеу актісін жасаған сәтте олар онда әлі түрып жатса, онда тізімдеу сол адамдардың келісімімен ғана жүргізіледі.

Көрсетілген үй-жай мұра қалдырушынікі болмаған жағдайда, іс-әрекет меншік иесінің келісімімен ғана жасалуы тиіс.

Жекелеген заттардың иелері екендіктері туралы көршілері мен басқа адамдардың да берген арыздары тізімдеу актісіне енгізіледі, ал бұл мүліктерді тізімдеуден алып тастау жөнінде мүдделі адамдарға сотқа талап қою тәртібін түсіндіреді.

Егер мұраның құрамында басқаруды талап ететін мүлік болса, сондай-ақ мұрагерлер мұраны қабылдап алғанға дейін мұра қалдырушының несие берушілері талап, арыз берген жағдайда нотариус сенімгерлікпен басқарушыны тағайындайды. Бүл туралы мүлікті тізімдеу актісіне тиісті жазба жазылып, сенімгерлік басқарушының тегі, аты, әкесінің аты және түрғылықты жері немесе сенімгерлік басқарушы оның өкілі болған жағдайда занды түлғаның атауы көрсетіледі. Тізімдеме актісіне сенімгерлік басқарушы қол қояды. Сенімгерлік басқарушы тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.

Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлік басқарушы, оның мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлікке келтірілген шығындары үшін жауапкершілігі жөнінде тілхат алына отырып ескертіледі (нұсқаулықтың 165-тармақшасы) .

Мұралық мүлікті қорғау мұрагерлер мұраны қабылдап алғанға дейін, ал егер олар мұраны қабылдамаса - мұраны қабылдау үшін зандарда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жалғасады («Нотариат туралы» заңның 67-бабының 1-бөлігі) .

Мұралық мүлікті сенімгерлікпен басқарушы, егер өзі мұрагер болып табылмаса, мұралық мүлікті сенімділікпен басқарғаны үшін мұрагерден сыйақы алуға қүқылы.

Сенімгерлікпен басқарушы осы мүлікті пайдаланудан іс жүзінде алынған пайданы шегере отырып, мұралық мүлікті сақтау мен басқаруға байланысты шығыстары үшін мұрагерлерден өтем алуға, сондай-ақ екеуінің арасындағы келісіммен анықталған мөлшерде сыйақы алуға қүқылы.

Мұра ашылған жердегі нотариус мұралық мүлікті қорғау жөніндегі шаралардың тоқтатылғаны туралы мұрагерлерді, ал егер мұралық қүқық бойынша мүлік мемлекетке көшсе, тиісті мемлекеттік органды алдын-ала хабардар етуге міндетті («Нотариат туралы» заңның 67-бабы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығында мұрагерлік институты
Өсиет қалдырушы жабық өсиет жасауға құқылы
Мұрагерліктің тәртібі
Азаматтық құқық негіздері, қатынастар
Мұраның құрамы
Жаңа заман құқығының негізгі сипаттары
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Рим құқығынан кешен
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz