Технология сабағында кешкі сәндік көйлегін 10-сынып оқушыларына дайындаудың әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Педагогика туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Композициялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Сәндік көйлектерде қолданылатын ою.өрнек түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Сәнге бағыттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Үлгі таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Үлгінің сыртқы көрнісіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II.Техникалық ұсыныстар, таңдалынған матаға дәйектеме ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Мата таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Мата үлгілері, матаға мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Құрастыру бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1. Бұйымға берілген өлшемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Конструктивтік қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Бұйымның алғашқы сызбасының есептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4. Бұйымның алғашқы сызбасы, бұйым ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.1. Технологиялық тізбектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2. Құрал.жабдықтарды таңдау және тиімді өңдеу, таңдау ... ... ... ... ... ... ...
4.3. Ылғалды.жылулықпен өңдеуді таңдау ... ... ... ... .
4.4. Матаның тігін машинасында өңдеу режимдері ... ...
5. Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.1. Бұйымның бағасын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2. Сабақ жоспарын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.3. Қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылғы халқына деген жолдауында, ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады.
Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым - қатынасты одан әрі дамыту. Үкіметке біздің индустрияның 2020 жылғы басымдықтарын ескере отырып, елдің ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ «Ғылым туралы» жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет. Білім беру 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама. Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан” арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоо-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары – “Жаңа Халықаралық Университет”, “Арнаулы Қор” және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан “Интеллектуалдық мектептер” секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ. Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет. Халқымызда “Ынтымақты елде бақ тұрар” деген дана сөз бар.
Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.
Мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру, білім беру жүйесінің қызметкерлерін қайта даярлау.
Оқушыладың білім сапасын көтеру үшін олардың оқудағы жетістіктеріне тәуелсіз сыртқы бағалауды енгізу керек.
Елімізге болашаққа құлаш сермейтін Білім берудің жаңа мемлекеттік бағдарламасы керек.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Қожахметова Айнұр Қайратқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Технология сабағында кешкі сәндік көйлегйн 10-сынып оқушыларына дайындаудың
әдістері

050120– „Кәсіптік білім“ мамандығы

Алматы 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

„Қорғауға жіберілді“

Кафедра меңгерушісі
п.ғ.к., доцент _________________________ Н.Б. Рахметова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Технология сабағында кешкі сәндік көйлегйн
10-сынып оқушыларына дайындаудың әдістері

050120 – мамандығы бойынша „Кәсіптік білім“

Орындаған :
А.Қ.Қожахметова

Ғылыми жетекшісі: С.Қ.
Абдижаббарова

Алматы 2013
Дипломдық жұмыс бөлімдерінің кеңесшілері

1. Композициялық бөлім
Д.М.Тастанбек

2. Техникалық бөлім
Ғ.А.Абдурахманова

3. Құрастыру бөлімі С.Қ.
Абдижаббарова

4. Технологиялық бөлім
К.А.Шагирова

Тапсырма берілген мерзімі

Кафедра меңгерушісі:
п.ғ.к., доцент
Н.Б. Рахметова

Дипломдық жұмыстың
ғылыми жетекшісі:
С.Қ.Абдижаббарова

Орындаған студент:
А.Қ.Қожахметова

Мерзімі

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих - экономика факультетi

Мамандығы: 050120 - „Кәсіптік білім“

Тақырыбы: ″Ұлттық ою - өрнекті пайдалану арқылы жас қыздарға арналған
сәндік көйлек өңдеу әдістерін 9-сынып оқушыларына меңгерту"

Студент:
А.Е. Даникулова

Университет бұйрығымен бекіту № _____________

Біткен мерзімі:

Дипломдық жұмысқа берілген нұсқа

Ғылыми зерттеу жұмысының бағыты
А) Тақырып таңдау
Б) Объектіні анықтап бұйымды зерттеу
В) Қойылған мақсатты зерттеу
Г) Зерттеу жұмысының әдісін таңдау
Ғ) Зерттеу жұмысын суреттеу
Е) Қорытынды, тұжырымдау және бағалау

Графикалық бөлім
Үлгі нобайы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Педагогика туралы жалпы
мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Композициялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.1.Сәндік көйлектерде қолданылатын ою-өрнек
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Сәнге
бағыттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
1.3. Үлгі
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
1.4. Үлгінің сыртқы көрнісіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
II.Техникалық ұсыныстар, таңдалынған матаға
дәйектеме ... ... ... ... ... ... .. ... ..
2.1. Мата
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Мата үлгілері, матаға
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
III. Құрастыру
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3.1. Бұйымға берілген
өлшемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.2. Конструктивтік
қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Бұйымның алғашқы сызбасының
есептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.4. Бұйымның алғашқы сызбасы, бұйым
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
IV. Технологиялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
4.1. Технологиялық
тізбектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
4.2. Құрал-жабдықтарды таңдау және тиімді өңдеу,
таңдау ... ... ... ... ... ... ...
4.3. Ылғалды-жылулықпен өңдеуді таңдау ... ... ... ... .
4.4. Матаның тігін машинасында өңдеу режимдері ... ...
5. Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
5.1. Бұйымның бағасын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.2. Сабақ жоспарын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.3. Қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылғы халқына деген жолдауында,
ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады.
Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру,
халықаралық қарым - қатынасты одан әрі дамыту. Үкіметке біздің
индустрияның 2020 жылғы басымдықтарын ескере отырып, елдің ғылыми
технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді
тапсырамын. Сондай-ақ Ғылым туралы жаңа заңның әзірленуін жеделдету
қажет. Білім беру 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық
жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен
қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор
әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар –
бұл мемлекеттік мекемелерге балама. Үкіметке әкімдермен бірлесіп
үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі
оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған “Балапан”
арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020
жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс
істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кәсіптік және
техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде
экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек. Жоғары білім
сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоо-лар
әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.
2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020
жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар
түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында
құрылып жатқан бірегей оқу орындары – “Жаңа Халықаралық Университет”,
“Арнаулы Қор” және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан
“Интеллектуалдық мектептер” секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім. Олардың отандық
білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын
кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен
байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін
жасау қажет. Халқымызда “Ынтымақты елде бақ
тұрар” деген дана сөз бар.
Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің
айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.
Мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру,
білім беру жүйесінің қызметкерлерін қайта даярлау.
Оқушыладың білім сапасын көтеру үшін олардың оқудағы
жетістіктеріне тәуелсіз сыртқы бағалауды енгізу керек.
Елімізге болашаққа құлаш сермейтін Білім берудің жаңа
мемлекеттік бағдарламасы керек.
Жастар-еліміздің болашағы деген қанатты сөзді жиі айтып, сол
жастардың болашағы, Қазақстанның ертеңгі тағдыры сіз бен біздің
бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты
екенін әр дайым жадымызда ұстаймыз. Ұстаздық - ұлы ұғым,
сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай бойымыздағы
білімізді, жан-жақты мәдениетіміздің шығармаларын ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастыру міндеттіміз. XXI ғасырдағы жастарға заман талабына сай
білім беру қажет, сондықтан жас ұрпақтың рухани мәдениетін
қастерлеу және дүниежүзілік мәдениетке қол созуы басты мақсат.
Сол мәдениеттің бір саласы қазақ халқының ұлттық киімдерінің,
және ондағы ою - өрнек әуендерінің ерекшеліктерінің, дамуы.
Халқымыздың ұлылығы тек сапамен ғана емес, азаматтың ой -
санасына қосқан ұлттық өнер үлгісімен есептеледі. Осы тұрғыдан
алғанда ұрпағын жан-жақты тәрбиелуге арналған қазақтардың
этнопедагогикасының бай мұрасының жүздеген жылдар ақын-жыраулар,
ойшылдары жасап кеткен, бай ауыз әдебиетінің ұлттық қолданбалы
қол өнерінің көркемдігі дүниежүзілік деңгейге тартса, қазақ
ұлты ұлы өркениетті ұлттар қатарынан көрінетін сөзсіз. Бүкіл
адамзаттың келешегі-жеткіншектердің қандай мұраттар негізінде
тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелдеуіне байланысты - деген екен ғұлама
жазушы Ғабит Мүсірепов.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз
берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне
апат әкеледі - деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай,
жастарға халықтың өнері арқылы тәрбие беруде ұлттық тәрбиені
үндестіре білсек, ұлттық санасы, ізгілік қасиеттері қалыптасқан, жан-
жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз. Жастарды жан-жақты тәрбиелі
азамат етіп өсіруде халықтың қолданбалы өнер туындыларының тәлім-
тәрбиелік, білім-танымдық ықпалы өте зор. Өнердің барлық түрі -
өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете
отырып, адам сезіміне әсер етеді. Оқытушы мәртебесін көтеру, олардың
жұмыс істеуіне, демалуына жағдай жасау, шығармашылығына, үздік
мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, оны тарату, оларға қолдау көрсету –
мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Кәсіби білім беру
технологиясын жақсарту – қоғамның мәдени сана-сезімін және экономикалық
байлығының негізгі шарттарының бірі болса, онда білім беру жүйесінде
оқыту технологиясын қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік
шеберлігін қалыптастырудың маңыздылығы туындайды. Қазіргі оқытудың жаңа
педагогикалық технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық
үлгіде модельдеу, ұйымдастыру, ізгілендіру және жобалау жүзеге асыру
арқылы анықталады.
Оқушыларға ұлттық өнеріміз, мәдениетімізбен рухани байлығымыз
жайлы дәрістер беріп. Жас ұрпақты жаңа көзқарастармен жан-жақты
кәсіби шыңдалған, өз заманының білімді тұлғасы етіп тәрбиелеуге
ұмтылыс болып табылады. Қазақ халқының қол өнерінің басты бір
саласы киім тігу. Осыған орай болашақ ұрпақты ұлттық өнерімізге
бейімдеу киіну үрдісімен қарастырайық.
Киіну үрдісі бір орында тұрып қалмай үнемі алға қарай
дамып отырады. Сән талабына сай киімді жаңғыртып отыру - адам
мәдениеттілігінің де белгісі. Адам мемлекеттің бір мүшесі деп
бағамдасақ, біздің де үстімізге қандай киім киіп шығатынымыз
Қазақстан Республикасының қандай мемлекет екендігі талассыз танытып
тұрмақ. Ізденіске ұсынылып отырған бұйым барлық жас қыз қыздарға
арналған ұлттық нақыштағы сәндік көйлек. Бұл бұйымды жобалаудағы
мақсат, кештерге киюге лайық бұйым қарастыру. Күнделікті киюге
арналған сәндік бұйымдар аясы өте кең екенін ескере отырып,
ұлттық нақыштағы үлгілерді жобалау сұраныстағы бұйым екенін ізденіс
нәтижесінде түсіндік.
Киімге қойылатын алуан түрлі талаптар қатарында
гигиеналық, әсемдік, пайдалану техникалық, үнемділік талаптарын
ерекше атауға болады. Ол киім сатып алушылардың талап
талғамдарының үздіксіз өсуі халықтын хал-ахуалының талап
талғамдарының және мәдени денгейінің көтерілуі әсерінен үнемі
жаңарып отарады..
Жалпы білім беретін мектептерде қол өнер мен , жалпы мадениет
салаларын педогогика негіздерінде оқыту мәселелері Ә.Қамақовтың,
Ж.Басеновтың, О.Сатқановтың, Қ.Болатбаевтың, Қ.Әмірғазиннің,
Е.Асылхановтың, Б.Әлмұханбетовтың, Б.Өтемұратовтың зерттеу еңбектерінде
зерделенген.Сонымен, сәндік көйлекті тігуде дипломдық жұмысты ашу
үшін, зертеу объектісіндегі негізгі жұмыстың мақсаты мен
міндеттерінің нәтижелеріне тұжырымдық талдау жасалады:
Зерттеу жұмыстың мақсаты: ''Технология'' сабағында 9 – сынып оқушыларына
жас қыздарға арналған сәндік көйлек өңдеу әдістерінің технологиясын
жетілдіру.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
-''Технология'' сабағында 9 –сынып оқушыларына жас қыздарға арналған
сәндік көйлек өңдеу әдістерінің технологиясын теориялық және практикалық
тұрғыда талдау;
-''Технология'' сабағында 9 – сынып оқушыларына теориялық тұрғыда жас
қыздарға арналған сәндік көйлек өңдеу әдістерін тігілу мақсатында
қолданылатын матасын, пішімін, ою-өрнегін, тігілу әдісін анықтау;
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- жас қыздарға арналған сәндік көйлек нобайы жаңа үлгіде таңдалды;
- жас қыздарға арналған сәндік көйлек киімінің матасы таңдалды;
- жас қыздарға арналған сәндік көйлек өңдеу әдістерінің күрделі пішімі
анықталды;
- жас қыздарға арналған сәндік көйлектің ою-өрнегі кестеленді;
- жас қыздарға арналған сәндік көйлек тиімді өңдеу техпологиясымен
тігілді;
- технология пәнінде жас қыздарға арналған сәндік көйлек теориялық және
практикалық тұрғыда талданды;

Зерттеудің практикалық маңызы:
Жоғарғы сынып оқушыларына ''Технология'' сабағында кәсіби білім
берудегі халықтық педагогика арқылы киімнің тәрбиелік мәні жайлы
ұсыныстар берілді.
Зерттеу нәтижесінде жоғарғы сынып оқушыларына практикалық жұмыста
ұлттық киімдерді, яғни бағдарламаға сәйкес ″Ұлттық ою- өрнекті пайдалану
арқылы жас қыздарға арналған сәндік көйлек өңдеу әдістерін 9-сынып
оқушыларына меңгерту"
Технология сабағында киім тігуге үйретудің теориялық және
тәжірибелік негіздерін меңгерту. Зерттеу жұмысының тәрбиесі –
әсемдікке, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - жоғарғы сынып оқушыларына ұлттық ою-
өрнекті пайдалана отырып жас қыздарға арналған сәндік көйлектің өңдеу
әдістерін үйретудің тиімді жолдарын қарастырылды. Бұйым ою-
өрнекпен әшекейленіп, қазіргі сән талабына лайық етіп тігілді.
Іс тәжірибелік тиімділігі - жоғарғы сынып оқушыларына сәндік
көйлекті тігудің жаңа технологиясын үйретуде тігін жұмыстарын
мектептерде ұйымдастыру бағыты қазіргі өзгерістер бет алысына орай
жаңа заман талабына лайықты етіп даярлау мәселесі қайта
қарастырылып, мектеп бағдармаларын терең зерттеп қарап оқу
жоспарлары бекітілген.
Жас ұрпақты жаңа көзқарастармен жан-жақты кәсіби шыңдалған өз
заманының білімді тұлғасы етіп тәрбиелеуге ұмтылыс болып
табылады. Технология сабағында қыздарға арналған сәндік көйлекті тігуде
және ою-өрнекті қолдануды жоғарғы сынып оқушыларына оқытудың
әдістерін дипломдық жұмысқа арқау ете отырып жазылған.

Педагогика жайлы жалпы мағлұмат

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын
көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім - деп
Абай атамыз айтқандай сол ілімнің бірі – еңбек. Еңбексіз адамның
өсіп жетілуі, дамуы мүмкін емес. Адамның жан-жақты үйлесімді дамуында
еңбек шешуші факторлардың бірі болып есептеледі. Адамды адам еткен
еңбек - деп, Ж.Суссо айтқандай адамды адам қалпына келтірген еңбек
екендігін ешкім ещуақытта теріске шығара алмайды.. Осы еңбектің
нәтижесінде ғана адам осындай дәрежеге көтеріле алады. Адам еңбексіз
дамымайды, кері кетеді азады.
Еңбек арқылы адамның ақыл-ой парасаты, мәдени ғылыми өрісі,
шеберлігі еңбекке деген көзқарасы, эстетикалық деңгейі дамып, жетіледі,
еңбектің мәні мен маңызы құндылығы артады.

Адамды ісінен, ағашты жемісінен таны, Адал еңбек елге жеткізер
деген халық даналығы өзі де адамның дамуы үшін еңбектің маңызды рөл
атқаратындығын меңзеп тұр.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, танып
көрсе, дүниедегі жақсы жамандықты таниды, сондықтан білгені, көргені көп
болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген
кісі өзі де есті болады. Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзі. Демек,
баланы жастайынан білімге, еңбекке тәрбиелеу керек. Балалар мен жастардың
тәрбиесі ежелден - ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті. Халқымыз
еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарастырады. Адам өзінің жан және тән
сұлулығы еңбекте ғана көрсете алады деп түсінген. Сондықтан да баланы
тәрбиелеу үйелменінің қасиетті борышы. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелей отырып, он саусағынан өнер тамған нақты кәсіп иесі болуын
көздеуіміз керек.
Еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және
қабілеттілігін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына
терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі болса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін
қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты
болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы
заманғы біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-
жақты даярланған. Еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие
институттарының негізгісі – жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек
мектебі. Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды
бөлігі. Мектепке еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері:
1) еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
2) оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен
танысу, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін
қалптастыру;
3) мамандықты таңдауға дайындау.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері орындау арқылы іске
асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық
тұрғыдан даярлау; оқущылардың еңбек дағдысын дамыту, оқушылардың ынтасын
және қабілетін дамыту.
Еңбек етуге әдеттену – бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл
адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне
құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі. Оқушылардың еңбек тәрбиесі
мектепте кәсіптік-техникалық училищеде өткізіледі: Еңбек тәрбиесінің
жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді, олар:
1) оқу барысындағы еңбек;
2) сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар;
3) өзіне-өзі қызмет ету;
4) қоғамдық пайдалы еңбек.
Оқу барысындағы еңбек – сабақ барысындағы еңбек дағдылары, іскерлік,
төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы , онда оқушылар еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары
барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек
сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие
барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы
түсінеді.
Технология сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке
зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастыру. Шығармашылық қатынастың
барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша
оқушылардың білімі бойымды, тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне
машықтанады, ауылшаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына ие болады,
олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда еңбек сабақтарының
педагогикалық тиімділігі олардың білім және тәрбие беруі мәнділігінде.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың – еңбек тәрбиесін іске
асырудың тәрбиелік мәні өте зор. Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыста
толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген
шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мұндай
жаппай жұмыстарға Құстар күні, Орман күні, Бақ аптасы, Еңбек
мерекесі, т.б. жатады.
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке
адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында
өткізілетін қоғамдық пайдалы тұрмыстың барысында оқушылардың ғылыми
дүние танымы дамиды. Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өміріне бірнеше
түрлерін атауға болады.
а) Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді,
алаңдарды көгалдандыру, жолды, тратуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық
жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
ә) Мәдени ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамдылыққа
тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
б) Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы
формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке
тәрбиелейді. Мектеп өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан
соғысы және еңбек мүгедектеріне, кәрі адамдарға, көп балалы аналарға,
балалар бақшасына қамқорлық, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек – арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті
материалдық құндылықты жасайды. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз
мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады. Өнімді еңбекпен
оқуды байланыстырудың тиімді формасы ауылшаруашылық тәрбиелік жұмыс. Оның
педагогикалық негізі ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму,
оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
а)еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым
ертерек қатысуларына байланысты;
б)балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық байланысы және идеялық-
өнегелік негізі болуы керек;
в) еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі
баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым
еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның оның тәрбиелік ықпалы күшті болады.
г) еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап
қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйрену керек.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының орталығы жалпы,
политехникалық білім беретін орта мектеп. Кәсіптік бағдар беру 4 жүйеден
тұрады: 1) Кәсіптік диагностика – кәсіптік бағдар беру мақсатына
байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты
таңдауда оған баланың дайындығын , ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол
үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-
әрекетінің жемісін талдау, практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын
зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу, әңгіме сұхбат, педагогикалық
эксперимент, тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі; 2) Кәсіптік білім беру-
бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары
жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі
принципі — оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық шаруашылығы,
оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек тәрбиесі,
политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. 3) Кәсіптік
консультация — қазіргі кезде ауыл шаруашылық, өнеркәсіптің жаңа салалары
және мамандықтар пайда бола бастады. Осындай жағдайда өскелең ұрпақты
өмірге, әр түрлі еңбекке, мамандықты саналықпен таңдап алуға даярлау
негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Әрбір оқушыны өзінің мамандығын
анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек
көрсетіледі. 4) Кәсіптік іріктеу — мақсаты жастарды белгілі бір
мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке
адамның кейбір ерекшеліктерін, жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана
қоймай, оған мамандық қоятын талаптарды да жете білген жөн. 5) Кәсіптік
адаптация — мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Технология пәнінің оқытушысы — еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік
бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Ол оқушыларды еңбектің әр түрімен
таныстырады. Технология сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана
білуге үйретеді, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Мектеп директоры мектептің барлық жұмысына жауап береді. Ол кәсіптік
бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кәсіптік
бағдар беру және кітапхана жұмысына басшылық жасап көрсетеді.
Кітапхананы жабдықтау үшін еңбек сабақтары, еңбек тәрбиесі
политехникалық білім, мамандықты таңдау проблемаларына арналған көрнекті
педагогтардың еңбектерін, еңбек жағдайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа
орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жұмысшы және басқа мамандықтар туралы
анықтамаларды, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-
техникалық училищелерге түсіру туралы анықтамалықтарды күні бұрын
кітапхана меңгерушісі іріктеп алуы қажет. Осылардың бәрі мектеп
бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Еңбек пәнінің мұғаліміне тән тағы бір ерекшелік, ол оқушыларды
еңбекке, кәсіби мамандыққа тәрбиелейді. Міне, сондықтанда өмірге
өндірістік қызметке бірден бір оқушыларды дайындаушы еңбек пәнінің
мұғалімдері. Еңбек пәнінің мұғалімі алдымен класс коллективінде бір тұтас
ұйымдасқан коллективті ұйымдастыруы қажет. Мұғалім тек әңгімелесу арқылы
оқушылар мен еңбек тәрбиесін өткізу жеткіліксіз, ол үнемі өзінің мінсіз
мінез-құлқымен, оқушыларға қарым-қатынасымен, еңбек тапсырмаларын
тиянақты орындауымен, базалық кәсіпорындармен байланыстылықты жүйелі
жүргізуі тиіс. Оқушының күнделікті қажеттіліктерін ескеру арқылы да
нәтижелі жұмысқа жетуге болады. Мұнда оқушы мен жеке тіл табысып жұмыс
істегені дұрыс.
Кәсіптік білім беру әдістемесі – бұл барлық ұжым мүшелерінің
бірлесіп тұтас педагогикалық процестің мақсаттарын, принциптерін және
мазмұнын іске асыруда басқару тәсілдерінің жүйесі.
Педагогикалық технология ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықталуы,
оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл
феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар
аударуы қажет етеді.
Технология сөзі (techne – өнер, logos – ілім) грек тілінен
аударғанда:
а) өніріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың
формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің
жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық
жұмыстар технологиясы;
Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық
технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық
тәсілді дәстүрліктен анағұрлым тиімдірек деп дәлелдейді. Осыған
байланысты білім беру технологиясы, педагогикалық технология ғылыми
айналымға еніп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан,
оған әртүрлі анықтамалар беріледі. Бұл ұғымға Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько,
С.Сполдинг, В.В.Сериков, В.М. Монахов, М.В.Кларин, И.Я.Лернер,
П.И.Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Г.Т. Хайруллин және басқа
зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген.
Технология – бұл іс әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда
құралдарды таңдау ережесі.
Педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен
жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі).
Кәсіптік білім беру әдістемесінің ғылыми негізінің қалыптасуы мен
дамуы. Пәнді игеруде оқушының ойлау қабілетін қалыптастыру. Бұл екі жақты
дидактикалық тәуелділікті білім беру мазмұнында энциклопедизм өкілдері
жеткілікті түсіндіре алмады. Формальизмді оқытуды жақтаушылар да оқытудың
субъективтік жағының мәнін асыра бағалады. Бұл екі теорияда К.Д.
Ушинскийдің сынына ұшырады. “Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім
бермейді”- деді. Оның ойынша мектеп адамды білім жағынан сусындататын
және де сол терең білімді игеруге үйретуі тиіс дейді. Білім беру мазмұнын
таңдағанда материалдық және формальдық әдістердің бірлігін қамтамасыз
ету идеясын К.Д. Ушинский ұсынды.
Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам
баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік
пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы
көзқарасын қалыптастастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы
жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей
алатын, жеке тұлғаны айтамыз.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тума қасиеттерге байланысты
жеке тұлғаны қалыптастырады. Білімнің мазмұны мектептің негізгі мақсаты.
Білім беру мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.
Педагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі мазмұны.
Ғалымдардың пікірі бойынша білімділік сапа білім мазмұнының құндылығы.
Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім
беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту
бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин,
В.С.Леднев, Б.М. Бим-Бада, А.В. Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.
Ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім,
мазмұнын анықтауда жастарды жалпыға бірдей біліммен қамтамасыз етуде оқу
бағдарламасын және оқулықтарды жетілдіру міндетті.
Білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін аға ұрпақтың мол тәжірибесі
кейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мәдениетінің мазмұнын одан әрі
дамыту.
- ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі
теориялары, заңдары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;
- білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін көрсету;
- оқушылардың жас ерекшелігіне сай, оқу мүмкіндігіне сай білім мазмұнының
күрделігіне қарау;
- әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмұнының көлеміне
қайтадан қарау;
Орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;
Мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына қарай білім
мазмұнының сәйкестілік өлшемін ескеру;
Білім беру мазмұны жайында сөз айтсақ оның мақсаты қоғамның
қажеттілігімен жеке тұлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс.
Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті
әлеуметтік құндылықты іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.
Білім берудегі көрсетілген мақсат білімге, дағдыға, іскерлікке деген
қатынас жеке тұлғаның физикалық және ерікті-құндылық, ақылдылық жан-жақты
жетілген азамат қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады. Өмірдегі
қажетті мәдениетті, өнерді, ғылымды игеру әркімнің өз мақсаты түрлі әдіс
– тәсілдердің көмегімен игерілуі тиіс.
Адам жеке тұлға болып қалыптасуда, қоршаған ортамен қарым-қатынас
барысында өзіне жақсы өнеге, адамгершілік тағлымға үйренеді. Сонымен
қатар білім беру мазмұнының толық бейнесін мына жағдайда ғана көруге
болады, егер жеке тұлғада саналы өзгеріс болатын болса. Жеке тұлғаның
динамикасы деп – субъектінің санасы мен қасиетіндегі өзгерісін атайды, ол
адамның онтогенетикалық дамуын құрайды. Ол іс-әрекет нәтижесінде жүзеге
асады. Басқаша айтсақ, субъектінің дамуы оның іс-әрекетінің жемісі болып
табылады.
Іс-әрекеттің жетекші идеясы түрінде сөз болып отырған ілім жеке
тұлғаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің басқа да (ойын,
еңбек, қоғамдық) түрлерімен сабақтас келеді. Осыдан жеке тұлғаның іс-
әрекеті білім беру мазмұнының детерминанты (негізі) болып шығады. Сондай-
ақ оны В.С. Ледневтің теориясын негізге ала отырып, оқушылардың бірлескен
іс-әрекетінің мазмұнына көңіл аудару. Педагогика теориясы жалпы білім
беру мазмұнының қалыптастыру ұстанымы ретінде В.В.Краевскийдің еңбегі
зор. Алдымен, тұлғаны мәдениетті, иннеллектуальды, қоғамды дамыту, білім
беру мазмұнының ұстанымдарының барлық элементтеріне, барлық деңгейде
талапқа сай құрастырылуы тиіс.
Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар түлғасын,
білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен
дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған
жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың
даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны
белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп,
оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты
қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның
қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі
мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты
ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың
мазмұнды танымдық әңгімелері.
Білім беру – бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін
меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір
білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани,денелік
және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды
игеруін көздейді:
Тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін,
белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі
үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі
немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту
жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-
әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту
ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін “қызмет” ұғымы
тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық
баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай
жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын
білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.
Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің
сәйкес болу заңдылығы. Бұл заңдылық мұғалімнің, оқыту процесінде баланың
айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап
етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқушы әсерінің
сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі
континенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін,
танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы
қызығушылықтары мен мінез - құлықтарын ескеруді және оқу – тәрбие әсерінің
балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-
әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.
Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының
мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен
міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.
Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің
талаптарына сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлық оқулары ойын
түріндегі тіршілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында
меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын
қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын
жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары
мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық
процестің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың
танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан,
оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам баласының жасын, білім
деңгейін және оның еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатын ескермей-ақ,
оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім
жүйесі десе болады.
Бұл анықтама адам баласының қалыптасуына қажет жалпы білім
жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік
береді. Педагогика туралы бұл көзқарас ХХ ғасырдың ортасына дейін
сақталды. Тек соңғы он жылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік
тек балаларға емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіле басталады.

І. Композициялық бөлім

Композиция жан - жақты қамтитын, бүкіл элементтері өзара
байланыста және үйлесімдік біркелкі болатын тұтас шығарманың
құрылымы. Ол латын сөзінен алынған. Compositio - құрастыру,
бөліктерді іріктестіру деген мағынаны білдіреді. Қандай да болсын
киімнің композициясына сызықтар, пропорциялар, сұлба, сарын, түр, сәндік
қосымшалар сипаттамалары болып табылады. Композицияның әсемдігі бірден
көзге түсетін элементтер.
Композициясының категориялары: тектоника мен кеңістіктегі көлемді
құрылыс.
Тектоника дегеніміз - бұйымдарды конструкциялау жұмысы барысында
материалдан әзірленетін бұлым формасының бейнесін ойлап көру. Мысалы,
костюм тігу үшін қажетті матаны таңдап алу оны ойша шолып шыгу, мата
суреттерінің орналасуын анықтау.
Кеңістіктегі көлемді құрылысты анықтау үшін тігілетін киімнің
қолданылуына карай киімнің формасын, ондағы жекеленген элементтердің
бүрмелердің, орналасуына көңіл бөле отырып материалды таңдап алу.
Композицияның бұл категориялары бір-бірімен өте тығыз байланыста.
Тектониканың кателесуі киім формасындағы кемшіліктер мен оның жекеленген
элементтерінің кемшшіктерін көрсетеді.
Костюмнің сәні түрлі әсемдеу детальдардың, әсемдік бұйымдар мен
түстердің үйлесімділігін орынды колдану нәтижесіне байланысты. Қазіргі
заманғы киімдердегі сәнді тігістердің үйлесімділігі әдетте түрлі реңктегі
бірнеше топтардан тұрады, өзара жақын (сарғыш-коңыр мен коңыр, көк пен
көгілдір), сонымен қатар көзге қонымды (ак сары, кызғылт, ашық жасыл,
ақшыл, сұр, ашық көк т.б.) түстерді сәйкестіре пайдалану арқылы әсемдікке
қол жеткізуге болады. Қара немесе көк түсті ақ түспен араластыра қолдануға
болады. Олар бір-бірінен айкын көрініп тұрады. Мұндайда әр түстің
пропорциялары бір үлгіде немесе ансамбльде нақты сақталганынның маңызы
зор.
Сәндік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес сонымен бірге нақты жағдайға
байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасының
сәйкестігін де ескеруі жатады. Жастар ашық бояулы тіпті әдеттегіден ерекше
тігілген, көбіне - көп спорттың халықтық үлгіде киімдерді киюге болады. 30-
жаска келген кыз-келіншектер өзінің сырткы пішімне лайық, бітім сұлулығын
ақындап киімдерді таңдай білу керек. 40-тан асқан әйелдер дене бітіміндегі
кейбір кемшіліктерді жасырып тұратын жағын ойластырғаны жөн. Толық денелі
жас әйелдер толықтықты жасырады екен деп тым коңырқай үусті киім киюмен
шектелмегені жөн. Ең бастысы, киімнің түсі мен формасында белгілі бір
талғамды сақтай білу қажет, әрине бұл жөнінде костюм композициясы жөнінде
білімді талап етеді.
Өндірістегі киімді жобалаудың көркемдік және инженерлік жобалау
барысында, әсерлік тұрғыда киім үлгілерін жобалаудың мүмкіндіктерін атауга
болады. Мысалы киім үлгілерін жеке адамға арнап жобалауда мынадай
ерекшеліктерді:
- жеке адамның кабылдауын;
- жеке адамның киімді сезінуін;
- жеке адамның дене формасын және оның айналада кабылдауын;
- жеке адамның киімге катынасын;
- киім-кию мәнерін;
- жеке адамның мінез құлқын;
- бірінші қажеттлікті;
- көңіл-күйі, өзін-өзі сезінуін;
- киімнің тәрбиелік мәнін ескеру.
Жобалау процесінде киімді қабылдауда психологиялық әдістерді қолдану
арқылы киімнің әсерлік сапасын жетілдіріп, тұтынушының эстетикалық
талгамын арттырамыз. Себебі, киімді жобалау жүйесі басқа да жүйелермен
байланысты. Атап айтсақ, тутыну жүйесі, антропометрия жүйесі, киімнің
психологиялық жүйесі, имиджиология жүйесі, моданың даму жүйесі, тәрбие
беру жүйесімен тығыз байланыста. Осыған орай жоғарыда атап өткендей киім
үлгілерін тұтыну барысында, жеке адам бойында эстетикалық талғамын
дамытып, эстетикалық тәрбие беруде өнердің өзіндік эстетикалық
аспектілерінің (бұйымның түсі, сызықтары, симметриясы, пропорциясы,
формасы, ырғақтылығы, материалы және т. б.) мүмкіндіктері үлкен.
Басқа да қолөнер саласы секілді киіиді модельдеу барысында өзіндік
композиция заңдылықтары мен ережелері бар. Композиция - қурастыру, шығару
деген мағынаны білдіреді. Костюм композициясы ережелеріне сәйкес өндіріс
орындарында, шағын тігін шеберханадарында, сондай-ақ тігін сән ательесінде
түрлі киім үлгілері дайындалуда. Суретші-модельер өнер туындысын әзірлеуде
өз ойын толық жеткізу үшін осы композиция заңдылықтарын менгеруі қажет.
Бұл зандылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерін
гормониялы тұтастыгы, сонымен қатар функциональдылығы мен
конструктивтілігі және киім формасының кейіпкерлігінің өзара үйлесімділігі
ескерледі. Мұндай тұтас композиция заңдылығы бар туындыны шығару кәсіби
суретшілердің басты міндеті болып саналады.
Әдебиеттерге шолу нәтижесінде композицияның негізгі зандылықтары мен
ережелеріне мьналар кіретіндігі аныкталды:
1. Композициядағы барльқ құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны
айқындай түсуі қажет.
2. Композициядағы барльқ элементтері мен бөліктері бір-
біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет.
3. Міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс.
4. Композиция тұтас болуы қажет.
Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атап өтуге болады,
бірінші ереже: киімнің қолдануына байланысты оның формасына сай келуі әрі
біртұтас уйлесімділігінде. Мысалы, шомылуга арналған киім денеге кынамалы
болып, тұлга формасын айқындап тұратын формаға ие болса, адамның суда
жүзуіне ығайлы болады, ал керісінше түнгі көйлектің формасы кең, қимыл
қозғалысқа ыңғайлы етіп, ауа өткізгіш материалдан тігіледі. Сонымен, киім
формасы оның қолдануына сай келсе, онда киімнің практикалық маңыздылығы
арта түседі.
Екінші ереже: киімнің қолданылуы мен формасына материалының сай келуін
суретші-модельер алдын-ала ойластыруы қажет. Мысалыға, жоғарыда айтылған
шомылуға арналған киім денеге кынамалы болуы қажет дедік, осы форманы
шығару үшін біз созылмалы, су өткізгіш химиялық талшықтан жасалган
материалды пайдаланамыз. Көп қыртыстанатын матадан қынамалы формалы,
шаршаулы, бүрмелі көйлек немесе қатпарлы белдемшелерді жасауга болмайды,
мұндайда көп қыртыстанбайтын матаны пайдаланган жөн. Тез қыртыстанатын
матадан жеңсіз, жағасыз, етегі кең, қарапайым формалы киімдерді тігуге
болады. Дегенімен, казіргі уақытта ғылым мен техниканың өркендеуі
нәтижесінде тоқыма өндірісінде түрлі жоғары сапалы, әрі түрлі қасиетке ие
материалдар шығарылуда. Осы материалдарды қолдануда, дайындалатын киім
моделінің тұтыну мақсатына орай киім матасының сай келуін ескеріп, оны
дұрыс пайдалана білуді қажет етеді.
Үшінші ереже: Киімнің формасының және матасының, тұтыну мақсатына орай
сәндеу элементтерінің сай келуі. Киімді композициялауда кез келген сәндеу
элементерін колдануда, оның түрі мен атқаратын ролін айқындау қажет, яғни
сәндеу элементтері матаның қасиетіне, фактурасына, киімнің қолданылуына
және формасына кайшы келмеуін ескеру. Мысалы, нәрестелердің мақта масынан
тігілген жейдесіне жеңіл кесте немесе жұмсак такыма бау, таспа бауларды
колдану аркылы киімнің көркемдік шешімін табуға болады.
Жазғы ыстық аптада киетін киім матасы салқын болатын кенеп немесе
мақта материалдарын қолданымыз. Бұл маталардан тігілген киімдерге кесте,
мережка немесе аппликация, баспа суреттер, таспа баулар, тоқыма бауларды
қолдану арқылы киімнің сапасын арттырамыз. Кей жағдайларда сәндеу арқылы
киімнің композициялық шешімділігін, тұтастығын нашарлатып, киімнің
қолдануына кері әсер етеді, оған мысал, оқушлардың мектеп формасына
шетелдік эстрада әншілері мен түрлі тақырыптык суреті бар аппликация мен
баспа суреттерді колдануға болмайды. Бұл жерде, әрбір мектеп оқушысының
жас ерекшелігіне сай олардың қызығуы мен мақсаттарын ескере отырып
бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнап маңызды тақырыпқа ие
эмблемалар колдану аркылы оның көркемдік шешімін арттырамыз.
Композицияның екінші заңдылығы бойынша композицияның барлық
элементтері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет,
яғни киімнің жеке бөліктерінің (жең, өңір) өлшемдерінің, мата түсімен
фактурасы (белдемше, жейдемен, көйлек сәнді жаға мен белдік т.б.), жеке
бөлшектері (жаға, қалта т.б.), сәндеулері (кесте, аппликация, түйме,
қатпар, шаршаулар, рельефті тігістер т.б.) бір-біріне өлшемдес әрі
мөлшерлес болуы қажет.
Композицияның үшінші заңдылығы бойьшша міндетті турде композициялық
ортальқ болуы тиіс, яғни киімді композициялауда ең басты нәрсе киімдегі
композициялық орталық болып саналады. Композициялық орталықты - назар
аудару орталығы деп тусінуге болады. Киімдегі композициялық орталық бант,
гүл, мойын шалғы, белдік және т.с.с. сәндеу элементтері немесе киінің
жағасы, иініші сонымен қатар киім матасының түсі, пішімі, екі-уш түстің
үйлесімі болуы мүмкін. Барлық жағдайда да негізгі басты орталық
композицияның басқа элементерін толықтырып оны айкындай түседі.
Композицияның төртінші заңдылығы — композиция тұтас болуы қажет.
Киімнің композициялық бірегейлі тұтас болуы, ондағы басты элементке жеке
элементердің бағынышты болуында. Киім композициясының тұтас болуы ойды
толық жеткізуіне әсер етеді, әрі ол жеңіл қабылданады. Костюмнің барлық
бөліктері, аумағы, пішімі, түсінің өзара сай келуі әрі қосымшаларымен
үйлесімді болып, адаммен бәсекеге түспеуі қажет.
Форма материал мен декор киім композициясының негізгі
элементтері болып табылады.
Киімнің құрылымы, өлшемі, конфигурациясы, массасы мен бет бедері,
бетті сәндік конфигурациялық, функционалдық-декоративтік элементтерімен
өңдеу мәнері оның формасы сипаттайды.
Киім дайындауға қолданылатын материалдар қасиеттері мен алу
тәсілі жөнінен мейлінше, алуан түрлері маталар, трикотаж, былғары
тері, шілтер және т.б. әр материалдың тек өзіне ғана тән
геомтериялық қасиеттері болады.
Мода- латын сөзі ''modus''- өлшем, әдіс, іс- әрекет деген мағынаны
білдіреді. Біз үшін ол мөлшер, уақыт бойынша өзгеріп тұратын талғам.
Талғам- адамның әр киімді қандай жағдайда, сырт келбетіне қарай таңдап
киіне білуі.
Костюмнің сәнділігі – түрлі әсемдеудің, детальдардың, әсемдік бұйымдар
мен түстердің саны мен сипатын терең ойластыра,шектен шықпай қалуына
байланысты.
Фактура - материалдың бет әлпетінің сырттай бейне-ленуі.
Материал фактурасының формасы көзбен көріп түсіну үшін зор мәні
бар және киімде зор роль атқарады.
Суретші өзінің идеяларын дәнекер ретінде беретін материалдың
негізгі қасиеттеріне матаның беткі тығыздығы, әдемілігі, қалыңдығы,
түсі, жарқылдауы мен фактурасы жатады. Киімнің көлемі мен
массасының дәрежесін анықтау үшін материал фактурасының құрамдас
бөлігі тұрақты өңдеулердің бөлігі болып табылады. Бұйымдарды
жобалаған кезде тұрақты өңдеулердің төмендегідей түрлері
пайдаланылады.
Детальдар (бүрмелер, руликтер, банттар, біліктер, галстуктер,
фаталар, пагондар, клапандар және т.б.)
Ленталар, таспалар, тоқыма баулар, шілтер шашақтар, білезіктер
және т.б. көшендік элементтерін үйлестіруге көшендік құралдары деп
аталатын ерекше құралдардың көмегі арқылы қол жеткізуге болады.
Композицияны үйлестіру құралына пропорция, симметрия мен
ассиметрия, контраспен метрлеп қайталау, ырғақ пен түс жатады.
Композициялық құралдарын іріктеу елеулі дәреже киімнің мақсатына
байланысты болады. Композициялық құралдарының арасында бірінші арнаға
маңыздылық дәрежесі жөнінен де форманы ұйымдастырудағы оны
мүмкіндіктеріне байланыстылығы жөнінен де пропор-цияларды қою керек.
Форма элементтерінің өлшемдік қарым-қатынастары ол бүкіл көшен құралатын
негізі.
Ізденістегі бұйым сәндік көйлек болғандықтан, ендігі мақсат бұйымға
ою-өрнек әшекейін қарастыру керектігі. Киімдер тарихындағы өрнектер
композициясын қарастыратын болсақ, қазақтың көшпелі өміріндегі барлық
қырлары, өзіндік салт-дәстүрлері бар. Оларды баяғы заманға жартастарға
жазылған мың жылдық жазулармен салыстыруға болады.
Тастағы жазуларды, өрнектерді әжелеріміз тарих етіп түсірген, сонда
бірі қашау мен балғаны құрал етсе, бірі ине мен бізді құрал еткен.

1.1. Сәндік көйлектерде қолданылатын ою-өрнек түрлері

Қазақ халқының сәндік- қолданбалы өнері- ұрпақтан ұрпаққа мирас болып
келе жатқан ұлттық мәдени мұраның ажырамас маңызды бөлігі. Сәндік-
қолданбалы өнер туындыларының өн бойында халықтың материалдық және рухани
өмірі көрініс тапқан. Олай дейтініміз сәндік- қолданбалы өнер туындылары
материалдық мұра болып қана қоймай ертедегі халықтың тарихынан, таным-
түсінігінен, эстетикалық талғамынан хабардар етеді. Осындай ұлттық
мәдениет үлгілерінің тарихи дәстүрлерін, даму тарихын зерделеу- оларды
сақтауға және бүгінгі техника мен индустрияның өркендеу жағдайында
пайдалана білуге мол мүмкіндіктер береді.
Қазақ халқы қолөнерінің шығу тегі, даму мәселелері Ә.Марғұлан,
М.Мұқанов, Қ.Ақышев, М.Қадырбаев, Д.Құрманқұлов, Э.Масанов (8, 11, 13, 15,
33) тағы басқа ғалымдардың тарихи этнография, археология саласындағы
еңбектерінде қарастырылған. Олар өз еңбектерінде археологиялық қазбалардан
табылған деректерге сүйене отырып қазақ халқы қолөнерінің шығуы ежелгі
дәуірлерге саятынын айтқан, қазақ жерін мекендеген әр түрлі тайпалар
дәуірлерінде өркендеген өнер түрлерінің, олардың жасалу техникасының, ою-
өрнек үлгілерінің ХVI-XIX ғасырлардағы қазақ қолөнері туындыларымен
байланыстылығын, ұқсастығын негізді дәлелдеген.
Қазақтың ою өрнектердінің түрлеріде де, атаулары да нөп. Біз сол ою
-өрнектердің екі жүз шамалы түрлерімен жұршылықты кеңірек таныстырып және
ою- өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар
үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық. Ғасырлар бойы ұрпақтан ауысып
отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы
бейнесінен өзгеріп кеткен. Ырғақ, сағат бау, түйе табан, жүрекше,
қаз табан деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің
орындауында олпы - солпы болып шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық
мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан
арылтып, оны әдемлігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз
керек.
Ұсынылып отырған еңбекте қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің
тарихи тамырлары мазмұнды баяндалады. Оның тарихи дамуы қазақ тарихының
даму кезеңдеріне сәйкес бөлініп ұсынылады. Әр кезеңдегі сәндік қолданбалы
өнер түрлерінің дамуына, өркен жаюына, кейбір түрлерінің құлдырауына аса
мән беріледі және оның себептері түсіндіріледі. Сондай- ақ қазақтың сәндік-
қолданбалы өнерінің қалыптасып дамуына әсер еткен факторлар мен жағдайлар
негізделеді. Оларға дәлелді мысалдар келтіріледі.
Еңбекте сәндік- қолданбалы өнердің тарихи дамуының бірізділікпен
берілуі студенттердің санасында осы саладан жүйелі тарихи білім
қалыптастырады. Олардың төл мәдениетіне, ата- баба өнеріне
сүйіспеншіліктерінің арта түсуіне септігін тигізеді. Осы өнерді үйренуге
деген қызығушылықтарының дамуына, сәндік- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістер тобы әдістер
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Киім үлгілерін модельдеу
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері
Пәндер