Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТІЛЕУБЕРГЕН А. М.

Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В080600 мамандығы-«Аграрлық техника және технология»

Шымкент, 2016

Ф7. 04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Кенжибаева Г. С.

“”2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау

5В080600 мамандығы -«Аграрлық техника және технология»

Орындаған Тілеуберген А. М

Дипломдық жобаның жетекшісі т. ғ. к., доцент Баймаханов К.

Шымкент, 2016

Ф. 7. 04-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Су ресурстары жерден пайдалану және агротехника кафедрасы

Мамандығы 5В080600- Аграрлық техника және технология

«БЕКІТЕМІН»

Су ресурстары жерден пайдалану

және агротехника

Кафедрасы меңгерушісі Г. С. Кенжибаева

“”2015 ж.

Дипломдық жобаны орындауға

Т А П С Ы Р М А №

Студент Тілеуберген А. М. АП-12-3к1 тобы

Жоба тақырыбы: Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау.

Университет бойынша . 2015ж. № бекітілген бұйрық

Жобаны аяқтау мерзімі 24. 04. 2016ж.

Жобаны орындауға берілген мәліметтер: Мақта шитін сепкіштің, ұя жасағыш аппаратының орналасуын жетілдіруді жобалау жобасы жайлы жалпы мәліметтер.

Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі

1. Мақта шитін себу аппараттары туралы мәліметтер.

2. Мақта шитін себу, машиналары туралы

3. Мақта шитін себу себу аппаратындағы әрекеттері

4. Мақта шитін себу, топыраққа енгізудің тиімділігі.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімдер
Кеңесші Т. А. Ә қолы
№: 1
Бөлімдер: 2
Кеңесші Т. А. Ә қолы: 3
№: 1
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Кеңесші Т. А. Ә қолы: Баймаханов К.
№: 2
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Кеңесші Т. А. Ә қолы: Баймаханов К
№: 3
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Кеңесші Т. А. Ә қолы: Баймаханов К.
№: 4
Бөлімдер: Экология
Кеңесші Т. А. Ә қолы: Баймаханов К
№: 5
Бөлімдер: Экономика
Кеңесші Т. А. Ә қолы: Ибраимова С. С.
№: 6
Бөлімдер: Бизнес-жоспар
Кеңесші Т. А. Ә қолы: Ибраимова С. С.

Сызба материалдардың тізімі

1Мақта себу сеялкасы

2. Мақта сеялкасының ұя жасағыш аппараты

3 Ұя жасағыш аппаратынан шиттің түсуі схемасы

3 Ұя жасағыш аппаратының бұрышпен орналасуы

5. Техника-экономикалык көрсеткіш

2. Ұсынылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н. А. Мақты шаруашылығын дамытудың ғылым негіздері (ғылым еңбектер жинағы) -Алматы “Print-S”, 2005, 304б.
  2. Рудаков Г. М. Технологические основы механизации сева хлопчатника. - Ташкент, Фан, 1974. - 245 с.
  3. Абдумуталов А. Ю. Исследование заделывающих и прикатывающих рабочих органов хлопковых сеялок. Автореф. дисс. канд. сельск. наук. Ташкент, 1954.
  4. Киямов И. Исследование и обоснование основных параметров заделывающих рабочих органов хлопковой сеялки для работы на повышенных скоростях. Автореф. дисс . . . канд. техн. наук, 1966. -23 с.

Тапсырманың берілген күні 1. 09. 2015 ж

Дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент К. Баймаханов

Тапсырманы орындауға алған студент Тілеуберген А. М

Ф. 7. 04-11

Дипломдық жобаны орындауға

күнтізбелік кестесі

Бөлімдер

Орындалу

%

Орындау мерзімі

Тапсырма

берілген күн

Тапсырма

орындалған күн

Кеңесші қолы
№: 1
Бөлімдер: Кіріспе
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі:
Тапсырмаберілген күн:
Тапсырмаорындалған күн:
Кеңесші қолы:
№: 2
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Орындалу%: 15
Орындау мерзімі: 30 күн
Тапсырмаберілген күн: 30. 11. 2015
Тапсырмаорындалған күн: 25. 12. 2015
Кеңесші қолы:
№: 3
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Орындалу%: 40
Орындау мерзімі: 30 күн
Тапсырмаберілген күн: 5. 01. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 5. 02. 2016
Кеңесші қолы:
№: 4
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 10күн
Тапсырмаберілген күн: 5. 02. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 15. 02. 2016
Кеңесші қолы:
№: 5
Бөлімдер: Экология
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 10күн
Тапсырмаберілген күн: 15. 02. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 25. 03. 2016
Кеңесші қолы:
№: 6
Бөлімдер: Экономика
Орындалу%: 10
Орындау мерзімі: 10күн
Тапсырмаберілген күн: 26. 03. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 30. 03. 2016
Кеңесші қолы:
№: 7
Бөлімдер: Бизнес-жоспар
Орындалу%: 10
Орындау мерзімі: 20күн
Тапсырмаберілген күн: 30. 03. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 15. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 8
Бөлімдер: Қорытынды
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 3күн
Тапсырмаберілген күн: 17. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 20. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 9
Бөлімдер: Пайдаланған әдебиет
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 4күн
Тапсырмаберілген күн: 21. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 25. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№:
Бөлімдер: Жалпы
Орындалу%: 100
Орындау мерзімі:
Тапсырмаберілген күн:
Тапсырмаорындалған күн:
Кеңесші қолы:

Дипломдық жоба жетекшісі К. Баймаханов

Дипломдық жоба орындаушы А. М. Тілеуберген

Норма бақылау Г. С. Кенжибаева

Аннотация

Жоба тақырыбы: «Мақта шитін сепкіштің, ұя жасағыш аппаратының орналасуын жетілдіруді жобалау», студент Тілеуберген А., ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент К. Баймаханов, қорғау жылы 2016ж .

Жобаның конструкторлық жасалымы ретінде технологиялық желідегі мақта шитін сепкіштің, ұя жасағыш аппаратының орналасуын параметрі негізделді.

Атқарылған теориялық жұмыстарды зерттей келе, мақта шитін сепкіштің, ұя жасағыш аппаратының орналасуын негізделді.

Анықталған ұя жасау параметрлерімен жасалып егілгенде мақта шитінің өніп шығуы біртегіс, топырақ тереңдігінде орналасуы бірқалыпты және де агротехникалық талапқа толық жауап береді.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижесінде мынадай көрсеткіштерді атап өтуге болады: жылдық экономикадық тиімділік - 1615865 теңге.

«Мақта шитін сепкіштің, ұя жасағыш аппаратының орналасуын жетілдіруді жобалау» тақырыбына жазылған, дипломдық жоба 74 беттен, 24 кесте және 19 суреттен тұрады.

Мазмұны

Норматив сілтемелер . . . 7

Анықтамалар . . . 8

Белгілер мен қысқартулар . . . 9

Кіріспе . . . 10

1Аналитикалық бөлімі . . . 13

  1. Сеялкалардың құрылысы және жұмыс технологиясы . . . 13
  2. Себу және отырғызу әдістері . . . 22

1. 3. Дән сепкіштің тұқымды сіңіргіш жұмысшы мүшелері . . . 30

2. Технологиялық бөлім . . . 34

2. 1. Дән сепкіш агрегаттарына қойылатын агротехникалық талаптар . . . 35

2. 2 Жобаны іске асырудың мақсаты мен міндеттері . . . 35

2. 3 Конструкторлық бөлім . . . 36

2. 4 Көлденең қиып өтетін тілкем профилін негіздеу . . . 36

3. Техника қауіпсіздігі . . . 45

3. 1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау . . . 45

3. 2 Санитарлық-техникалық іс-шаралар . . . 46

3. 2. 1 Желдету . . . 47

3. 2. 2 Жарықтандыру . . . 47

3. 2. 3 Шу мен дірілден қорғану . . . 48

3. 4 Электр қауіпсіздік . . . 49

4. Қоршаған ортаны қорғау . . . 50

4. 1Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан мақта алқаптарындағы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шеберханаларының жұмысын сипаттау . . . 50

4. 2 Атмосфераға тасталынатын зиянды заттар үшін төлем сомасын есептеу . . . 50

5. Экономикалық бөлім . . . 55

6. Бизнес-жоспар . . . 63

Қорытынды . . . 72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жобада келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілдедегі №389-1 «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2004ж. 9 қарашадағы №603-II «Техникалық реттеу» Заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;

МЖМБС 5. 03. 001-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 23. 09. 2005 ж. №1, 18. 08. 2006ж. № 644 және №2, № 454 өзгерістері бар 2004ж. 30 сәуірдегі №380 бұйрығымен бекітілген) ;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2006ж. 7 қыркүйектегі №481 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымдарында білім алушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткізу ережелері;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2007ж. 22 қарашасындағы № 566 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі;

МЖМБС 5. 04. 020-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2008ж. 23 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген.

ҚР СТ 1. 5 - 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар.

ҚР СТ 1. 12 - 2000 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СМЖ 01-2008 Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару.

ҰС СМЖ 1. 1. 01 Ұйым стандарты. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын құру, баяндау және ресімдеу ережесі.

Анықтамалар

1. ҚР БжҒМ 2001 жылғы 11 наурыздағы №151 бұйрықпен бекітілген, Жоғарғы оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелері. .

2. ҚР БжҒМ 2000 жылғы 12 шілдедегі №174 бұйрықпен бекітілген, Жоғарғы оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

Белгілер мен қысқартулар

РМК - Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын;

ҚР СТ - Қазахстан Республикасының мемлекеттік стандарты;

ҚР - Казахстан Республикасы;

СБ - Сапа бойынша басшылық;

ҚР - СМЖ құжатталған рәсімі;

ИСО - Стандарттау бойынша Халықаралық Ұйым;

ӘОЖ - Әмбебап ондық жіктегіш;

СМЖ - Сапа менеджменті жүйесі;

ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымының.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде - бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.

Жұмыстың актуалдылығы . Ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл негізінен ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізумен және технологиялық процестерді орындайтын құралдарды аз энергия мен материалдар шығынымен жасаумен байланысты болады.

Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Жаңа конструкциялар мен технологияларды өндіріске енгізу неғұрлым жоғары деңгейде жүрсе, аграрлық сала жұмыс да соғұрлым баянды болмақ, оған тиетін сыртқы қолайсыз ықпалдың теріс әсері жоққа саналмақ.

Жұмыстың ғылымилығы. Машиналы технология мен техникалық құрал кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізудің ерекше сипаты ретінде мыналарды атауға болады: жалпы мақсат пен ізденіс болатын, белгілейтін, түпкі міндеттің масштабы мен негізі ретінде тапсырыс иелерінің (фермер, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив жетекшісі, т. б. ) санатын анықтайтын әлеуметтік тапсырыстың алдыңғы қатарда тұруы; қумалау (итеративті) - адымдау әдісімен оңтайландыру арқылы ең ұтымды деген шешімді таңдаудың есептемелік және сараптамалық-логикалық операциялардың иерархиялық тізбектемесіне сүйенуі, технологиямен техникаға ғылыми-зерттеу институты, машина сынау станциясы, т. б. қонған агро - және зоотехникалық талаптың әрдайым басымдылығы, технология мен техниканың бейімделушілігі; техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырысты көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау.

Жұмыстың маңыздылығы. Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі, аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегіне, ауылшаруашылық техникаларын дұрыс пайдалану агроинженердің біліктілігіне де тікелей байланысты.

Жобаның мақсаты. Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістікті өңдеу технологиясын жетілдіру және мақта шиті сепкішінің себу аппаратын жетілдіруге арналған қондырғыны жобалау болып отыр.

Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады Еңбек өнімділігін өсірудің дәйектігі бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану.

Машина пайдаланудың түпкі мұраты-дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған мәшине пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар.

Зерттеу объекті. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын мәшине пайдалануды ғылыми зерттеп, мақта шиті сепкішінің себу аппаратын жетілдіру, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілеу.

Дипломдық жобаның мақсаты машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген мақта өсіру аймағына арналған ұя жасағыш аппаратының орналасуын жетілдіру.

Дипломалды іс-тәжрибесі ОҚО Сайрам ауданы Қ, А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінде өткізілді.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Сеялкалардың құрылысы және жұмыс технологиясы

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-шикізаты ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 17% салыстырмалы салмақты құрайды.

Мақта талшықтары өсірілетін шикізаттың ең басты түрлерінің бірі тоқыма өнеркәсібінің және кең көлемде автомобил өнеркәсібінде, авиацияда және өндірістің басқа да салаларында қолданылады. Ол әртүрлі маталарды дайындауда қолданылады (ситец, сатин, бумазея, маркизет), трикотаждан тігілген киім, сызба маталар, жіптер, арқан т. б. Мақта талшықтары мен жүн араластырып жіңішке жартылай жүн маталар тоқылады.

Сеялкалар алуан түрлі егу жұмыстарын атқарғанмен, олардың бәрінің негізгі жұмыс принципінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Сеялкалардың атқаратын жұмысына байланысты жұмысшы мүшелері және қосымша мүшелері деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Жұмысшы мүшелері тікелей технологиялық жүмыстарды атқарады да, қосымша мүшелері сол жұмысшы мүшелерге қызмет етеді.

Сеялкалардың негізгі жұмысшы мүшелеріне жататындар: тұқым салатын ыдыс, себу аппараты, тұқым өткізгіш, сошник, тұқым жасырғыш. Бұлардың өздері сеялка түріне қарай әр алуан болады. Ал қосымша мүшелеріне жататындар: рама, тіркемелі немесе аспалы жүйе, сеялканы жол жүру қалпына келтіруші автомат немесе гидроцилиндрі бар рычагты жүйе, жүріс дөңгелектер, себу аппаратын жүргізетін беріліс механизмі. Бұл мүшелердің құрылысы да әртүрлі болады.

Сеялкалардың жұмыс технологиясын түсіну үшін СЗ-3, 6 сеялкасының схемасы (1сурет) берілген. Бұл сеялкалар жұмысты былай істейді. Себілетін тұқым және тыңайтқыш ыдысқа 8 салынады. Ыдыс ортасынан екіге бөлінген, оның біріне тұқым, екіншісіне тыңайтқыш салынады. Ол ыдыстардың түбінде себу аппараттары 3, 4 бар. Олар тұқым мен тыңайтқышты белгілі мөлшерде тұқым түтігіне 9 түсіреді. Тұқым түтігінің ұшы сошниктермен жалғасқан. Сеялка іске қосылған кезде тұқым мен тыңайтқыш араласады да сошник куысына келеді. Сошниктер жер қыртысына еніп, кішкене арықша сызады. Сошникке келген тұқым мен тыңайтқыш қоспасы осы арықша түбіне түседі. Сошник өтіп кеткеннен кейін оның артында келе жатқан тұқым жасырғыштар 6 арықшаға құлатып топырақ түсіреді де ондағы тұқым мен тыңайтқыш қоспасын көміп кетеді. Сөйтіп, сеялканың себу технологиясына тек жұмысшы мүшелері ғана қатысатыны байқалады.

Белгіленуі: 1 - тіркеме; 2 - гидроцилиндр; 3 - тұқым себетін аппарат; 4 - тыңайткыш себетін аппарат; 5 -аяқ қойғыш тақта; 6 - жасырғыш; 7 - сошник; 8 - ыдыс; 3 - тұқым түтігі.

Сурет 1. Сеялка СЗ-3, 6

Жұмысшы мүшелерінің жұмыстарын қамтамасыз ететін бірнеше қосымша бөліктер бар. Солардың, бірі рычагты жүйесі бар гидроцилиндр 2. Ол сеялка, яғни сошниктер мен тұқым жасырғыштарды жол жүру қалпына келтіреді. Ол үшін сошниктер мен тұқым жасырғыштарды рычагтар арқылы гидроцилиндр көтереді. Сеялка жол жүру қалпына ауыскан кезде себу аппаратына берілетін айланысты тоқтатып тастайтын ажыратқыш механизм іске қосылады. Осылар сияқты тағы да бірнеше қосымша бөліктер бар. Енді сеялканың жұмысы мүшелеріне және қосымша бөліктердің кейбіреулеріне түсінік беріледі.

Сеялкалардың себу аппараты ыдыстағы тұқымды немесе тыңайтқышты өлшеп түсіріп түру қызметін атқарады. Себу аппараты құрылысына байланысты катушкалы және дискалы аппараттар болып негізгі екі түрге бөлінеді. Жұмыс кезінде катушка немесе диск айналмалы қозғалады. Сол айналу кезінде олар өздерімен бірге тұқымды ілестіреді де шығатын тесікке жеткізеді. Қатарлап егетін сеялкаларда катушкалы себу аппараты қолданылады.

Катушкалы себу аппараты астық, шеп, жеміс, мақта және орман егетін сеялкаларда болады. Бұл сеялкалар көбінесе негізгі тұқымға минералдық тынайтқыштарды қосып себеді. Ондай сеялкалар құрамалы сеялкалар деп аталады. Құрамалы сеялкаларда да катушкалы себу аппараты қолданылады.

Катушкалы себу аппараты құрылысына қарай науалы және штифті болып екіге бөлінеді. Науасы бар катушкалы себу аппараты көбінесе негізгі тұқымсебуге, ал штифті бар катушкалы себу аппараты тыңайтқыш себуге арналады. Науасы бар катушкалы себу аппараты мынандай бөлшектерден тұрады (2 сурет) : қорап 2, катушка 3, муфта 4, толықтырғыш шайба 5, катушка білігі I, клапан II және клапан білігі 8.

Белгіленуі: 1- катушка білігі; 2 - қорап; 3 - катушка; 4 - муфта; 5 - толық-тырғыш шайба; 6 - серіппе; 7-кесікті шайба; 3 -клапан білігі; 9 -тірек; 10 -рычаг; 11-- клапан.

Сурет 2. Қатушкалы себу аппараты

Себу аппаратының барлық белшектері қорапқа бекітіледі, ал корап тұқым салынатын ыдыс түбіне бекітіледі. Оның болытқа кіргізілетін тесігі сопақша етіп жасалған. Сол сопақша тесіктің көмегімен қорапты ыдыс бойымен, яғни катушка бойымен жылжытып басқа орынға бекітуге болады. Қораптың үсті ашық. Одан тұқым келіп тұрады. Астыңғы жағын клапан бітеп тұрады. Ол клапан білікке бекітілген. Сол білікті бұру арқылы клапан мен катушка аралығындағы саңылауды өзгертуге болады. Науаны салынған тұқымнан тез босату үшін осы клапанды ашып, тұкымды түсіріп алады. Қораптың бір жағына муфта, ал екінші жағына катушка кіріп түратын етіп кесік жасалған. Ал катушка кіріп тұратын кесікке фигуралы шайба қойылған. Ол шайба шегеленіп тойтарылған арнаулы қуыста катушкамен бірге айналып тұрады.

Муфта аппарат білігіне бос отырғызылған. Ол білік айналған кезде орнында тұра береді. Оньң қыры қораптағы ойыққа кіріп тұрады, муфтаның айналып кетуіне кедергі жасайды. Сол сияқты муфта катушка орнына жылжығанда, яғни қорап ішіне кіріп тұрған кезде, қырымен тұқым шығатын тесікті бітеп қалады да дәндердің өздігінен құлап түсуіне жол бермейді.

Муфта білік бойымен жылжып кетпей, катушкаға тіреліп тұруы үшін, оның сырт жағынан компенсациялық шайба қойылған. Ол шайбаның биіктігі әртүрлі қырлары бар. Сол қырларымен, аппарат білігінде жасалған тесіктегі шплинтке тіреліп тұрады. Бұл шайбаны компенсациялық немесе толықтырғыш шайба деп атайтын себебі, жұмыс істеген кезде катушка айналып тұрады да оның қасындағы муфта айналмайды. Сеялка біраз жұмыс істегеннен кейін олардың үйкелетін беттері қажалып тозады да араларындағы саңылау көбейеді. Саңылау өте үлкен болса, оларға дән түседі де шағылып ұнтақталады. Сөйтіп себу сапасы нашарлайды. Ондай саңылауды кішірейту үшін толықтырғыш шайбаны, шплинтті шығарып, биіктігі көбірек қырына айналдырып орналастырады. Қырының биіктігі үлкен болғандықтан шайба муфтаны катушкаға қарай итереді де саңылауды азайтады.

Себу аппаратындағы негізгі жұмысты катушка атқарады. Жалпы катушканың себу нормасы оның айналу жылдамдығы мен жұмысшы ұзындығына байланысты. Катушканың жұмысшы ұзындығы деп оның себуге қатынасатын, яғни қорап ішіне кіріп тұрған ұзындығын айтады.

Науалы катушкаларда себу нормасын өзгерту үшін оның айналыс жылдамдығын және жұмысшы ұзындығын өзгертеді, ал штифті катушкаларда ол үшін тек қана айналыс жылдамдығын өзгертеді. Катушкалардың айналыс жылдамдығын өзгерту үшін беріліс механизмінің беріліс санын өзгертеді. Бұл катушкаларды тікелей себу нормасына қою үшін реттеу жұмыстарын жүргізу төменде сеялка тетіктерін реттеу тақырыбында көрсетіледі.

Тұқым өткізгіш түтіктер себу аппаратынан келген тұқым мен тыңайтқыштарды сошниктерге жеткізу қызметін атқарады. Ол себу аппаратынан мөлшерленіп берілген тұқым мен тыңайтқышты токтатпай, үздіксіз ағынмен беруге тиіс. Үздіксіз берілмесе, тұқым мен тыңайтқыш біркелкі себілмейді, яғни жиналып қалады да үйіліп түседі. Бұл талапты орындау үшін тұқым түтігі ылғи тік бағытта болуға тиіс.

Мақта шитін себетін сепкіш СЧХ-4А-111, СХУ-4 3, 4, 5 суреттерде көрсетілген.

Сурет 3. СЧХ-4А-III сепкіші

Сурет 4. СХУ-4-I. сепкіші

Сурет 5. СХУ-4-I1. Сепкіші

Қазіргі пайдаланып жүрген СТХ-4, СХУ-4 1сурет 3, 4, 5 сепкіштеріндегі сошниктің топырақ нығыздағышы формасы, әртүрлі тереңдік қалыптастыруы себепті, мақта шиті әртүрлі тереңдікке және құрғақ топыраққа түсіп біртегіс өніп шықпауда.

Осыны жою мақсатында жетілдірілген шаналы сошник жасалды. Ол СХУ-41 сепкішіне жабдықталды сурет 6. Арықша қазу және оны топырақпен жабу технологиясы сурет-7 де көрсетілген. Оның жұмыс істеуі төмендегідей;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, пайдалану ерекшелігі
Мақта шикізаттарының ауылшаруашылқ негіздері
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті – мақта өндіру технологиясын жетілдіру
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының дамуын талдау
Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егілуінің, оны жетілдірудің қысқаша тарихы және мақта кластерінің болашағы
Мақта шаруашылығы және оның ел экономикасындағы алар орны
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz