Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Археология және этнология кафедрасы
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Ғылыми жетекші: т. ғ. д., профессор Т. Ә. Төлебаев
Орындаған: 4 курс студенті: Ербол Тембаев
Қорғауға жіберілді:
Археология және этнология кафедрасының
меңгерушісі, т. ғ. д., профессор
Т. Ә. Төлебаев.
" " 2006 ж.
АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
I. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмір жолы және музейінің құрылуы мен тарихы
1. 1 Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы . . . 6-10
1. 2 Ж. Жабаев музейі, құрылуы . . . 11-18
II. Ж. Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің экспозициялық және қор жұмысы
2. 1 Музейдің экспозициялық, көркемдік шешімдері . . . 19-33
2. 2 Музей экспозициясының ерекше бөлімі - конференц
зал . . . 34-37
2. 3 Қор жұмысы . . . 38-46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47-48
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49-50
ҚОСЫМШАЛАР . . . 50-60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп, өткен тарихымызды түгелдеп, ұзақ жылдар бойы отаршылдық санамыз бұғаулаған «құлдық» психологиядан еркіндік алып, ұлттық санамызды, тілімізді, дінімізді қайта жандандыру мен дамыту үстіндеміз. Кейінгі жылдары ұлттық сана, ұлттық идеологиялық үлкен серпілістері, келешек ұрпақ алдында үлкен жауапкершілікті қажет етіп отырған мәселе.
Сондықтан да жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу Тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, міндеті болып табылады. Әрбір өзінің ұлтының жанашырымын деген азаматтың борышы. Бүгінгі күнгі мектеп, колледж, Жоғарғы оқу орындарының партасында дәріс алып жатқандар ертеңгі Қазақстанның болашағы.
Осы орайда мектеп жолынан бастап оқушыларға отансүйгіштік, моральдік талаптар мен эстетикалық тәрбие беруінде музей қызметінің атқарар міндеті өте зор болмақ. Әсіресе тұлғалар музейі ол әрбір адамға үлкен мақтаныш сезім ұялатады, еліне деген, қоғамға деген сүйіспеншілігі артады. Мұндайда музейтанудың рөлі өте зор болмақ.
Қазақ халқы әлемдегі ең ақынжанды халықтардың бірі, қазақ жерінде өлең-өнер күн сайын туындап, көктемгі даланың гүліндей шешек атып жайнап тұрады деген пікірді дүние жүзі халықтары бағзы замандардан бері аңыз қылып айтып келеді. Кез келген үйден, тіпті ең кедей деген үйдің өзінен көшпенді жұрттың ажырамас серігі -домбыраны кезіктіруге болады. Қос ішектің әуезді әуенімен ашу-ызасы, қайрысы мен қуанышы ән болып ай-тылады.
Алайда музей оның ішінде мемориалдық музей деген не? Деген сұрақ туындауы мүмкін.
Олай болса, біз ең алдымен музей қызметіне тоқталып көрелік.
Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, насихаттау мен зерттеуде үлкен рөл атқарады. Әсіресе ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери және әдет-ғұрып, салт-саналарын білуге үйренуге оның көмегі зор.
Музей - табиғат пен адам қолынан жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, оларды насихаттаушы және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші рөлін атқарады.
Ал, мемориалдық музей осы музейдің бір тармағы. Елімізде әр кездің тұлғаларына арналған музейлер көптеп кездеседі. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей мұндай музейлер жас ұрпақты отансүйгіштікке, ата-баба мұрасына адал болуға тәрбиелейді және міндеттейді.
Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Ал, әлем мемлекеттерінде музейдің қалыптасуы мен дамуы сол халықтардың өзіне тән ұлттық ерекшеліктеріне де байланысты.
Қазақ халқында ата-баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт-дәстүрін сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақтарына тәлім-тәрбие беру тек атадан қалған нақыл сөздермен немесе шебер, әрі орынды айтылған ақыл-кеңеспен, сондай-ақ, жағымсыз қылықтарға тыйым салып отырумен шектелмейтіні белгілі.
Міне, сондықтан да біздің дипломдық тақырыбымыздың өзектілігі де осында болмақ. Осы орайда біз өзіміздің дипломдық жұмысымызды «Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық ескерткіш музейінің тарихы мен қызметі» деген тақырыпқа арнап отырмыз.
Зерттелу деңгейі. Жамбыл Жабаев бір ғасыр өмір сүрген, екі ғасыр куәсі, жыр алыбы үлкен тарихи тұлға. Жамбыл атаның өмірінің өзі шырғалаң, сүрлеу жолы бар. Ол туралы Кеңес дәуірінде көп еңбектер арналды. Жамбыл Жабаевтың шығармалары мен өмір жолы туралы мазмұны жағынан бай туындылар өмірге келді. Мәселен, Джамбул. Песпи и поэмы. М., 1936, М. Андерсен-Нексе Халықтың ұлы ақыны Жамбылға // Казахстанская правда 1938 26-мамыр, осы жылы Алматыда қазақтың көрнекті халық ақыны Жамбылдың өлең жырлары жинағы жарық көрді. /1/
Жамбыл Жабаевқа арнап бұдан кейін де біраз шығармалар жарық көрді, алайда ең құндысы оның өлең жинақтары болып табылады. Жамбыл Жабаев таңдамалы өлеңдерң 1971 жылы толықтырылып, 1981 жылы қайта басылады.
Жыр алыбы Жамбыл туралы Хайдаров С., Атшабаров Б., Сұлтанов Қ., кейінгі жылдары Ә. Кекілбаев және бірқатар әдебиетші-өнертанушы ғалымдар ат салысып зерттеу үстінде. /2/
Сондықтан да бүгінде Жамбыл Жабаевтың өміріндегі бір қалтарыс, құпия сырларын білуде, әрине музей қызметі ерекше рөл атқарады. Өкінішке орай көптеген Жамбыл ата туралы зерттеулер кезінде тек қана кеңестік тұрғыда, коммунизм, таптық тұрғыда дәріптеліп, зерттеліп айтылды.
Алайда бүгінгі тәуелсіз ел саясатында осының барлығы қайта қаралуды қажет етеді.
Жалпы алғанда біздің жұмысымыздың жаңашылдығы бүгінгі таңдағы көзқарас тұрғысынан Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық ескерткіш музейінің жай-күйі мен оның өмірің қалтарыс құпия-сырларына арналған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Осы зерттеу жұмысында жыр алыбы Жамбылдың Әдеби-мемориалдық ескерткіш музейі бүгінгі күнде талапқа сай ма, әлде қайта жабдықталу керек пе? Деген сұрақтарға жауап іздедік.
Зерттелу жұмысына қойылған мақсат-міндеттер:
-Жамбыл Жабаевтың өмір жолы және оның әдеби-мемориалдық ескерткіш музейінің пайда болу тарихы
-Музейді ұйымдастыру кезінде жіберілген методикалық қателіктерді анықтау
-Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық ескерткіш музейінің экспозициялық және қор жұмысымен танысу, оны сараптау, талапқа сайлығын анықтау
-Музейдің оқу-ағарту, білім беру, тәрбиелік жұмыстар жүргізуі
-Музейдің экспозициялық, көркемдік стилистикалық әсерін анықтау
-Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық ескерткіш музейі бойынша алда тұрған түйінді мәселелерді шешу жолдарын көрсету, осы жұмысты жазудағы басты міндет болып табылады.
Тақырыптың дерек көзі. Жұмысымды жазу барысында қолданылған деректер: Музейдегі Жамбыл Жабаевтың тұтынған заттары, домбырасы, киген киімі т. б. Ең үлкен олжа кезінде Жамбыл Жабаевтың өз аузынан жазып алып сақталған жырлары, ән-шумақтары. Мысалы, Манас жыры. Сондай-ақ музейлердегі инвенторлық кітаптарды, зерттеулер мен музей меңгеруші-қызметкерлерінің жинақтары.
Олардың қатарына: 1. Жамбылдың музей-үйі. А., 1968. 2. Жамбылдың республикалық әдеби-мемориалдық ескерткіш музейі. А., 1971. 3. Жамбылдың әдеби-мемориалдық ескерткіш музейі. А., 1990.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бес параграфтан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау екі тармақшадан тұрады, онда Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы және музейдің құрылуы туралы жазылған. Бұл тарауда негізінен тұлғалық тарихи жағынан қарастырылды. Екінші тарауда Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық ескерткіш музейінің экспозициялық және қор жұмысына арналған. Бұл тарауда музейдің теориялық мәселелерін баяндаумен бастылып, берілген экспозициялар қандай іске жарайтындығы және сондай-ақ қор жұмысы міндеттері айқындалған.
Жамбылдың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған таңдаулы жыр жолдары да дәл солай халқы мен отанын дәріптеп әр құрлыққа қалықтай жетіп асқақ үнмен естілуде. Ал өмірі аңызға айналған халық ақынының, дүл-дүл жыршының кейпі суретшілер мен ақындардың, графиктер мен мүсіншілердің, жазушылар мен композиторлардың назарын өзіне бұрын да аударып келген, әлі де талай аудара берері сөзсіз.
Қорытындыда берілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі қазіргі таңдағы көзқарастары негізінде ұсыныстар ұсынылады. Қосымшада жекелеген музей суреттері сыр шертеді.
I. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмір жолы және музейінің құрылуы мен тарихы
1. 1 Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Қазақ халқының мақтанышы, жыр алыбы Жамбыл Жабаев 1846 ж. ақпанның 28-інде дүниеге келді. Туған жері - Жамбыл, Хан тауларыньң баурайы. Бұл туралы қазақтың танымал жазушысы Әбіш Кекілбаев былай деп суреттеп береді: «Жамбыл . . . Түстіктегі осы таудың бөктерінде, қақаған ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.
Адамның есімі . . . Бір-ақ сөз. «Жамбыл» - жаугершілік жылдары қазақтың жер атауына сіңіскен көне маңғұл сөзі» деп сипаттама береді. Бұдан ары атаудың шығу төркінінің өте өр екенін айта отырып, қазақ елінің ақын да айтыскер, сазгері Жамбыл Жабаевтың да осы асқар таудай биік шыңдарға жеткендігін сөз етеді [1, 10]
Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды. Өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей басынан кешіреді. Өз кезегінде кедей тұрамын деп мойымай, болдым-толждым деп тасымайды. Жамбыл ақын өтірік пен жағымпаздықтың құнын біліп, зұлымдық пен аярлық әрекеттерге бармаған. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен аяусыз күреседі. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алмаған.
Атап айтар болсақ, 1860-1861 жылдары Жамбыл өзінің алғашқы өлеңдерін шығарып, Жетісулық атақты Сүйінбай ақыннан бата алады. Жамбыл ақынның өлең-жыр шыңына биіктей көтерілуіне тікелей ұстаздық көрсеткен суырып салма, айтыстың ақиық ақыны Сүйінбай Аронұлы болды. Өлең жырды жалау, өткір сөзді қару еткен бұл тарлан ақын шын ықыласымен Жамбылға қол жайып: «Балам өлеңің жүректің терең түпкірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жеке бірді-екілі адамға ғана емес, бүкіл халыққа жақса ғана құнды. Өлеңдерің адамдарға әрқашан тек ақиқат пен әділдікті айтсын. Сенің өлеңдерің өз айналаңда болып жатқан оқиғалар жайында айтылсын . . . » деп батасын берген. Сүйінбай ақынның бұл берген батасы әділеттіліктің, адалдықтың, адамгершіліктің ақ жолы еді. Сондықтан, Жамбыл өз өлеңдеріне ақиқат пен шындықты ғана арқау етіп, өзіндік айқын әуен, аумақты мәнер тауып, Сүйінбайдың ақындық жолын ұстауға ант берді. Оны кезінде ақын былай толғаған еді:
Менің пірім - Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйндай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай . . . [2, 16]
1870-1912 жылдар аралығында Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. 1891 ж. Атақты әнші-ақын Әсет серілерімен кездесіп, оның шешендік сөздері мен өлеңдерін тыңдайды.
1912 жылы Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі. Кездесу Жамбыл үшін асқақта, әсерлі болады. Үлкен шабыт алған ақын ендігі тұста үлкен шығармалар тобын дүниеге алып келген еді.
Жамбылдың ақындық өнеріне разы болған француз жазушысы Ромен Роллан ақын творчествосының 75 жылдығына жолдаған құттықтау телеграммасында жыр алыбын «қазақ халқының және адамзат қауымының жаршысы» [3, 3] деп атайды. Сол сияқты өз кезегінде Мордова халқының шайыры Фекла Игнатевна Беззубова әсерлі де асқақ рухты «Жамбылға арнауын» жазады.
Ағыл да тегіл құйылған жырың,
Бұлбұл құс салған бейне бір ән бұл.
Бүкіл өңір-өлкеге, шыным,
Дабылың жетті сүйікті Жамбыл [4, 12] деп жүрекжарды таңқалысын білдіреді.
Жамбыл Жабаев өзінің өмір жолында қуанышты да қызықты шақтарымен қатар, қазақ елінің басына түскен ауыр да азапты сәттердің біршамасын басынан өткереді. Жамбылдың өмір жолында өзін қажыған, қарт сезінген өмірге үмітсіздікпен қарап киіз үйінен шықпай түңіліп, тоқыраған сәттері де болған. Бұл әсіресе патшаға қарсы шыққан көтерілісші-жасақшы қазақтарға дем берген, еркіндікті аңсаған жырлары үшін 1916 жылы абақтыға отырып шықан кезі болады. 1916 ж. Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарады. Жамбыл Верный (Алматы) қаласында болып өткен Романовтар семьясының 300 жылдығын тойлаған мерекеде патша мен оның көмекшілеріне қарсы ызалы үн қатып, патша мен оның шенеуліктерінің билігіне наразы болып өткен Сұраншы, Саурық тәрізді батырларды дәріптеген өлеңдері үшін 1913 жэылы бұған дейін бір рет абақтыға қамалады.
Осылайша, жетпіс жастағы Жамбылдың үні біразға дейін естілмей, үнемі құлақ күйіне келіп тұратын домбырасы ілулі тұрған күйінде шаң басып тұрып қалады. Бірақ, көп ұзамай Қазан төңкерісінің дүбірі қарт ақынның жүрегін дүр сілкіндіреді. Өзінің өмірбаянында бұл жайында ол былай дейді: «Менің төңірегімде өмір деген жайнап кетті. Тап бір алтын көрген тәріздімін. Мен оларды өзімнің ең тамаша деген өлеңдерімде жырға қостым. Өн бойыма құйылған соны бір қуатты сезінген мен домбырамды қолыма алдым. Жастығым қайтып оралды. Үнім шырқай шықты. Төңерегіме көз жіберген сайын мен өзім даланың келбетінің қалай өзгергеніне таң қалдым. Ауыл-ауылды аралап жаңа өмірді жырыма өзек еттім. Мен халқыммен бірге болдым. Өмір мен үшін қайта басталғандай» [4, 12-13] .
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, ХХ ғасыр басындағы қазақ елінің төңкеріспен бірге бейбіт те шуақты өмір келетініне күмән келтірмеушілігі Жамбыл ақынға да әсер етіп, халқымен бірге қуанғандығы байқалады. Өз кезегінде халқының мұң-мұқтажы мен шаттығына араласып отырған ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Кұлманбетпен, Досмағамбетпен, Шашубаймен айтысы көпшілікке жақсы мәлім.
Мәселен, 1881 жылы Жәрмеңкеге келген Жетісудың атақты ақыны Құлмамбет Жамбылды айтысқа өзі арнайы шақырады.
Құлмамбет:
Мен айтсам айтам қалың байлығымды
Дулаттан жинап жүрсің шайлығыңды.
Албан, Дулат жиылып бата берді,
Бұзбайды жандарал да жарлығымды.
Жамбыл:
Құлмамбет сен жақсы да мен жаман ба,
Ақында сен жүйрік те мен шабан ба?
Қарасайлап қосылам бір бүйірден,
Ақырында кетерсің бас аманға.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлқыты айт,
Ел бірлігін ақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, әуре болмай жөніңе қайт [4, 13], - деп, ұтымды жауап айтып, Құлымбет ақынды таңданысқа қалдырған кездері болады.
Сол сияқты Жамбыл «Мың бір түн», «Шахнаме», «Ләйлі- Мәжнун», «Көрғұлы», «Тотықамал», «Сейіт Баттал» және «Қыз Жібек», «Орақ-Мамай», «Едіге», «Шора батыр», «Қабанбай», «Бөгенбай», «Ерназар мен Бекет», «Садыр патша мен Жамбыл патша», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» секілді көптеген лиро-эпикалык, ірі дастандарды жатқа айтатын. 1875 жылы Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады.
1919 ж. Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады.
Жалпы Жамбыл Жабаев өмір ағымының қиын да бұрғалаң жолдарын жіті біліп, соған сай іс-әрекеттер жасай білді. Мәселен, 1927 жылы Ұзынағашта өткен кедейлердің «Қосшы» ұйымының аудандык, жиналысында Жамбыл сөз сөйлеп, «Замана ағымы» деген дастанын айтып береді. Ол осы дастаны арқылы көпшілікті заман мен өмір талаптарына қайраттылық танытудың қажеттілігін түсіндіреді. 1929 жылы Жамбыл «Ерназар» колхозына (қазіргі «Жамбыл» колхозы) мүшелікке өтеді.
1934 жылы Алматы қаласында қазақ, көркем өнер қайраткерлерінің бірінші слеті өтеді. Онда Жамбыл мемлекеттік бас бәйгеге ие болады. 1936 жылы мамыр айының 17-23 күндері аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркем өнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды. 1936 жылы 26-мамырда КСРО Орталық Атқару Комитеті Казақстанның халык, ақыны Жамбыл Жабаевқа Еңбек Қызыл Ту орденін беру туралы қаулы шығарды. 1937 жылы желтоқсанда Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс Терісін жамылған батыр» деген поэмасыньң 750 жылдық тойына қатынасты. Ақын «Кавказга сәлем» деген өлеңін шығарады. 1938 жылы 18-мамырда Алматы қаласында Жамбылдың әдебиеттегі еңбегіне 75 жыл толған мереке құрметіне республика ақындарының айтысы өткізілді. 1938 жылы 19-мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Жамбыл Ленин орденімен наградталды. 1938 жылы 20-мамырда Бүкілодақтық көлемде Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевтың ақындық қызметінің 75 жылдық салтанатты мерекелері өтті.
1938 жылы 24-маусымда Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1938 жылы 15-шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын Жамбыл өлеңмен ашты.
Ұл десе ел, басымды иіп қызмет етем,
«Төрелік» депутаттың емес аты.
Мойнымда Алатаудай елдің қақы,
Ол маған өз дауысын сеніп бермек,
Біткенше ақырғы дем айтам жырын,
Елімнің үстем болсын мәртебесі.
Мен әскер сап алдында садақ тартқан,
Елімнің өшпенді жау келсе қасы.
Сайлаушы халық алдында ант етемін,
Жамбылдың халық үшін қалған жасы [5, 73] - деп, халқының ыстық та ынталы ықыласына ризашылығын білдіре отырып, халқының болашағы үшін өзінің аянып қалмайтындығын атап өтеді.
1938 жылдың қараша, желтоқсан айларында Жамбыл Жабаев үшінші рет Мәскеуге барды. Мәскеу тарапынан тағы да үлкен қошеметке ие болады. Міне жоғарыда көріп отырғанымыздай қазақтың жыр алыбы өзінің мәнді де мағаналы өлең-жырларымен қазақ елінің даңқын асырған еді.
Жамбыл кеңес дәуірінде де ақындық өнерінде адалдығын сақтап, ғұмыр бойы жырлаған қайырым-мейірім, туған жерге деген перзенттік махаббат, еңбек, бақытқа құштарлық секілді кемел мұраттарды жырға қосумен болады. Адалдық қасиеттерді аяққа бастырып, құлқын үшін күн кешетін нәпсі жеңсіктерін бүкіл бар дүниесімен жек көреді. Адамның адамға, халықтың халыққа деген әділетсіздігіне ашынды. Бұл әсіресе Екінші дүнежүзілік соғыстың тікелей ұйытқысы фашистік Германияға, нацизмге лағнеттер айтумен болды. Жамбыл өзінің қоңыр да майда жырларымен соғыстың сұрапыл жылдарында адамзат баласының арқасынан қаққандай болды. Фашистердің оғы тескен Жамбыл кітаптары, оның өлеңі басылған газеттер қаза тапқан сан жауынгердің төс қалтасынан табылып жатты. Қоршауда, аштық құрсауында қалған қала тұрғындары үшін Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты әйгілі өлеңі шын мәніндегі бойтұмарға айналады. Мәселен, «Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің» деп келетін өлең жолдары жауынгерлердің санасында ұзақ жылдар бойына сақталған еді [5, 74-75] .
1939 жылы 31-қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумыньң Қаулысы бойынша Кеңес Одағының көптеген ақын-жазушыларына «Қүрмет Белгісі» ордені берілді. Оның ішінде Қазақстаннан ұлы ақыны Жамбыл да бар еді. 1940 жылы мамырда халық ақыны Жамбыл Жабаев Мәскеуге төртінші рет сапар шегеді. 1941 жылы 15-наурызда көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбегі үшін Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевқа КСРО Министрлер Кеқесінің қаулысы бойынша КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атағы беріледі.
1943 жылы желтоқсан айында Отанды неміс-фашист басқыншыларынан қорғаудың алғашқы жеңістерінің құрметіне Халық ақындарының республикалық айтысы өтеді. Айтыстың салтанатты мәжілісін халық поэзиясыньщ классигі Жамбыл ашады. 1945 жылы 22-маусымда жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтеді. 1946 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Министрлер Советінің қаулысы бойынша жыр алыбы Жамбылдың мұражайы және оның жанынан ақынның кесенесі ашылды [6, 3] . Кесене архитектор Белоцерковскаяның жобасымен салынды. Кесенені қызыл кірпіштен өріп тұрғызды.
1972 жылы ақынның 125 жылдық мерей тойының алдында кең көлемде жөндеу (рестоврациялық) жұмыстары жүргізілді. Кесене ақ және қара мәрмәр таспен қапталды. Ішіне ақын басына қара құлпытас қойылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz