Тараз мемлекеттік университетінің «Компьютерлік жүйелер» кафедрасының оқытатын пәндері мен оқытушылары және білімгері туралы ақпаратты реттеу, жеделдетіп өңдеу жене қажетті ақпаратты тездетіп алу үшін деректер қорын құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта финанстық, өндірістік, жоғарғы оқу орны, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың т. с. с жұмыс орындарының жұмысын деректер базасыз елестету мүмкін емес. Бізді қоршаған ортаны ақпарат ағымы алып жатыр. Деректер базасы болмағанда біз ақпарат көшкініне батып қалар едік. Деректер базасы ақпараттың құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.
Деректер базасын өңдеу құралдарының бірі C++, C++ Bilder, Borland Delphi ортасы болып табылады. Delphi бағдарламасының көмегімен деректер базасы тез өңделеді. Delphi қосымшасы өте нәтижелі программа.
Қазіргі заманның талабына сай білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі автоматтандырылған есепке алу компьютерлік жүйесі негізінде ақпараттық құралдармен жабдықталуына байланысты. Бұл жерде автоматтандыру және жұмысты рационалдау құралы ретінде деректер қорын және басқа да программалық жабдықтауды қолдану ерекше орын алады. Оларды қолдану құжаттары, есеп берулерді дайындау уақытын қысқартуға, барлық құжаттарды, барлық құжаттар түрін дайындау процесінде қате жібермеуді қамтамасыз ету.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Қазақстандағы ірі университеттердің бірі, Жамбыл аймағындағы білім, ғылым және мәдениет орталығы болып табылады. Университетте жоғарғы білімді мамандар дайындап білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны. Университеттерге ведомствалық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан осы негізгі ереже болып табылады. Қазақстан Республикасында университет жоғарғы кәсіптік білім берудің бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып және оқушыларды тәрбиелеуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы болып саналады.
ТарМУ-де грантта және төлем ақы негізінде оқитын білімгерлерді оқытып қана қоймай басқада финанстық бақылау жұмыстармен қарым қатынаста болады. Білімгерлер өзінің мамандығы бойынша факультет деканаттарымен тығыз жұмыс істейді. Факультет деканаттары әр білімгердің оқу процесін және үлгерімін қадағалайды. Сонымен бірге грантта және төлем ақы негізде оқитын білімгерлерді бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Жоғарғы оқу орны күрделі комплекс болып табылады. Жоғарғы оқу орны және оның ақпарат ағымын, оқу процесін басқару күрделі жүйе болып табылады. Жоғарғы оқу орнын басқару жүйесі динамикалық жүйе болып табылады, ол дегеніміз оқу жоспарын нәтижелі көру, т. с. с. Жоғарғы оқу орнын басқарудағы үлкен мүмкіндіктердің бірі есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру болып табылады.
Программалық қамтамасыздандыру өзінің дамуында көптеген өзгерістерге түсті: жәй логикалық және арифметикалық операцияларды орындайтын программадан өндірісті басқарудың қиын жүйесіне дейін.
Программалық қамтамасыздандырудың жетілуінде негізгі екі бағытты атап өтуге болады: Есептеу-орындау, Ақпараттың жинақталуы және өңделуі (деректер базасын қолдану) .
Қазіргі жағдайда мекемені басқару компьютерсіз басқару мүмкін емес. Олардың ақпаратын өңдеу үшін қолданбалы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады (ААЖ) . Мәліметтер базасынын программалық қамсыздандыру облысында пайда болуы өте негізгі бөлігі болып табылады.
Деректер базасы деп - логикалық байланысты мәліметтердің қолданбалы жиынтығын атайды. Ол мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандуры үшін қажет. Мәліметтер базасы мекеменің қажеттіліктерін анықтайтын құжаттар негізінде құрылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Тараз мемлекеттік университетінің «Компьютерлік жүйелер» кафедрасының оқытатын пәндері мен оқытушылары және білімгері туралы ақпаратты реттеу, жеделдетіп өңдеу жене қажетті ақпаратты тездетіп алу үшін деректер қорын құру болып табылады.
Дипломдық жұмыс үш негізгі бөлімнен тұрады: Қолданбалы құрал қажет ететін тақырыпты зерттеу, тақырып бойынша деректер базасын жобалау, Delphi ортасында деректер базасын басқару жүйесін құру.
Бірінші бөлімде кафедрадағы оқытушы, пәндер, білімгерлер құрамы бойынша қажетті құжаттар зерттеліп автоматтандыруды қажет ететін мәселелер анықталады.
Екінші бөлімде «Компьютерлік жүйелер» кафедрасының оқытушылар білімгердер құрамы жұмысын автоматтандыру үшін реляциялық мәліметтер қорының жобасы келтірілген. Бұл автоматтандырылған бағдарлама дайындауда негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.
Үшінші бөлімде Borland Delphi ортасында деректер базасын
басқару жүйесін құру жазылған оқытушылар құрамы жұмысын автоматтандыру ақпараттық жүйесі құрылымы баяндалған.
Қосымшада бағдарламалық үлгілердің көріністері көрсетілген
1 ҚОЛДАНБАЛЫ ҚҰРАЛ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТАҚЫРЫПТЫ ЗЕРТТЕУ
Қазіргі уақытта Тараз Мемлекеттік Университетінің «Компьютерлік жүйелер» кафедрасы мынадай мамандықтарды дайындауда: 050602-«Информатика», 050703- «Ақпараттық жүйелер», 050704- «Есептеу техникасы және програмалық қамтамасыздандыру», 010540-«Информатика», 370140-«Басқару және ақпаратты өңдеудің қомпьютерлік жүйелері», 091340-«Ақпараттық жүйелер», 6N0602-Информатика, 6N0703-«Ақпараттық жүйелер»
Кафедрада бұл мамандықтар бойынша оқитын 500-ден аса білімгер және 20-дан аса оқытушылар бар. Мамандықтарға сәйкес білімгерлердің тобы және оқытылатын пәндер тізімі бар. Әр оқытушының дәріс беретін бағыттары - сабақтары белгіленген.
Дипломдық жұмыста кафедрадағы пәндер, оқытушылар, білімгерлер туралы ақпараттар ағымын деректер базасын анықтау арқылы аудару үшін қолданбалы құрал дайындау көзделеді.
1. 1 Автоматтандыруды қажет ететін мәселелерді анықтау
Тақырыпқа қатысты ақпарат ағымының көптігіне байланысты зерттеу тақырыбын келесі облыстарға жіктеуге болады.
-Білімгерлер облысы;
- Пәндер облысы
-Оқытушылар облысы;
-Аттестация жүргізу облысы;
-Оқу жоспары облысы.
Білімгерлер облысы. Талапкер университетке түсу үшін алдымен ұлттық біріңғай тест (ҰБТ) тапсыруы қажет. Егер талапкер ҰБТ-тан өтсе, онда ол жоғары оқу орнына түсуі мүмкін. Жоғары оқу орнына түсер кезде қабылдау комиссияна келіп ол өз мамандығын таңдайды. егер Қазақстан Республикасы бойынша білім грантын ұтып алса, онда ол жоғары оқу орнында ақысыз білім алады, мемлекеттен білім ақысын алып тұрады. Грантқа өтпеген талапкерлер ақылы білім алуды ұйғарса, университетпен келісім-шартқа отырады. Бұл шартта екі жақтың міндеттері мен құқықтары жазылады. Білімгер таңдаған тіліне байланысты орыс не қазақ тобында оқиды. Осыған байланысты бұйрық беріледі. Университетте группа атаулары мысал түрде былайша беріледі:
1-қазақ тобы (грант) ;
2-орыс тобы (грант) ;
3-қазақ тобы (ақылы) ;
4-орыс тобы (ақылы) ;
1. 1 кесте Кафедрадағы топтар тізімі
Кафедрада білімгерлер үшін тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан эдвайзерге білімгер туралы толық ақпарат керек. Ол кесте түрінде былай болады.
1. 2 кесте Білімгер туралы толық деректер
Пәндер облысы. Пәндер стандарт және оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Пәндер бойынша білімгер әр семестрде сынақ түрлерін, емтихан және курстық жұмыс тапсырады. Емтихан түрлері жазбаша немесе тест түрінде жүргізіледі. Төмендегі кестеде қысқаша пән атаулары көрсетілген.
1. 3 кесте Пәндер мен оқытушылар
Ибраева Н. А.,
Абдимомынова М. М.
Цой Н. В
Доумчариева Ж. Е.
Абдувалова А. Ж.
Цой Н. В.
Кайранов М. Ж.
Темиргалиев Т. К.
Аттестация жүргізу облысы. 2004 жылдан бастап Тараз Мемлекеттік Университетінде оқу жаңа кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Сабақтар оқу жоспарына кіретін мамандықтардың және пәндердің жұмыс программасына сәйкес өткізіледі. Оқу жоспарын, әртүрлі есептер құруды өңдеу және т. б. жұмыстар қолмен жасалады, бұл жұмыстар әрине кафедра меңгерушісінің көп уақытын алады. Студенттер бір семестрде 2 аттестациялық балдан өтеді, ол балдар 1-ші және 2-ші аттестациялық ведомостқа қойылады. Бал мына анықталған критерийлер бойынша жүргізіледі: дәрістік сабақ, тәжірибелік жұмыс және СӨЖ (егер курстық жұмыс болса оған да бал енгізіледі) . Семестрдің соңында (15 аптадан кейін) студенттер пән бойынша емтихан тапсырады, бағасы емтихан ведомыстына енгізіледі. Содан кейін үш ведомост негізінде:2 аралық және емтихандық ведомостан қорытынды ведомость шығады, онда соңғы баға пән бойынша сан және әріп түрінде көрсетіледі, содан кейін студенттің транскриптіне кіреді. Алынған мәліметтер соңында талдаудан өтеді:студенттердің семестрда алған қорытынды балдарына, курстық жұмыстарына талдау жүргізіледі.
Алынған мәлімет бойынша деканатқа және кафедра меңгерушісіне есеп дайындалады. Факультеттің кафедралары бойынша және мамандықтардың оқу процесін ұйымдастыру факультет студенттерінің үлгерімін және экзамендік сессияның рейтингтік бағасын бақылау үшін деканат ақпарат алады.
Әр кафедра меңгерушісі мамандықтың оқу жоспары және кафедраның пәндер тізімін, рейтингтік балды енгізу үшін аралық және емтихандық ведомосты алады және анықтамаға кіре алады сонымен қатар кафедраның жұмыс программасын толтырады. Мамандықтың оқу жоспарын өңдеу және жөндеу кафедраның мүшелерімен жүргізіледі.
Оқытушы облысы. Бұл бағытта кез келген сәтте нақты бір оқытушы туралы немесе кафедрадағы барлық оқытушылар туралы әртүрлі форматтағы мәліметтер алу мүмкіндігі болу керек. Жалпы кафедра және деканат үшін, басқа да бөлімдер үшін оқытушылар туралы толық ақпарат керек. Соған байланысты оқытушы туралы ақпарат әдетте мына кесте түрінде болады:
1. 4 кесте Білімгер туралы толық деректер
1. 2 Деректер базасында қолданылатын ақпараттар мен құжаттарды сипаттау
Шығыс құжаттары. Шығыс ақпаратына мына құжаттар кіреді:
- білімгер туралы ақпарат (ФИО, Топ) ;
- оқытушы туралы ақпарат (ФИО, Қызметі) ;
- топ туралы ақпарат (Аты, Топ басқарушы, Эдвайзер, Енгізілген жылы)
- мамандықтардың тізімі (Аты, Енгізілген жылы) ;
- пәндердің тізімі (Аты, Кредит саны, Курстық жұмыс) .
Деректер базасын өңдеу құралы арқылы базаға мәліметтер енгізіледі және базадағы деректер өңделіп кафедраға, деканатқа т. б. бөлімдерге қажетті үлгіде басылып шығарылады.
Баспаға берілтін құжаттарды әртүрлі мақсатта өз үлгісімен анықталады. Программалық құралда база анықталған ақпараттарды пәндер туралы келесі құжат үлгісін басып шығару қажет болады.
1. 1-сурет Пәндер тізімі
Бағдарламалық құралда сондай-ақ мамандықтар тізімі сұраныс бойынша баспаға беріледі.
1. 2-сурет Мамандықтар тізімі
Кафедра және деканат үшін топ туралы толық ақпарат керек. Топ тізімі сұраныс бойынша баспаға беріледі.
1. 3-сурет Топтар тізімі
Кіріс ақпараты. Кіріс ақпараты алғашқы құжаттар негізінде құрылады. Қолданушы үшін кіріс ақпаратының келесі құжаттары:
курстық жұмыс бар пәндердің тізімі;
пән бойынша қорытынды бал және курс жұмыс бойынша алынған бағалардың есебі;
студенттің пән бойынша қорытынды бал есебі;
Құжаттарға ақпаратты жазу мен өңдеуді жеңілдету үшін алдымен мамандықтарға код беріп аламыз.
Мамандықтардың тізімі «Specialnost» құжатында көрсетілген. Сонымен мәліметтер базасына бұл құжаттан мынау реквизиттер енуі керек: мамандықтың шифры, толық атауы, қысқартылған атауы, енгізілген жылы. Кестеде жалпы мамандық туралы мәліметтер бар: мамандық шифры, толық атауы және қысқартылған атауы, енгізілген жылы көрсетіледі
1. 4 кесте Мамандықтар тізімі
Студенттер туралы мәліметтер «Student» құжатында сақталады. Сонымен мәліметтер базасына бұл құжаттың келесі реквизиттерін енгіземіз: Cтуденттің коды, группасы, аты-жөні. Кестеде жалпы мамандық туралы мәліметтер бар: мамандық шифры, толық атауы және қысқартылған атауы, енгізілген жылы көрсетіледі (1. 5-кесте) .
1. 5 кесте . Білімгер тізімі
Топ тізімі «gruppa» құжатында көрсетілген. Сонымен мәліметтер базасына бұл құжаттан мынау реквизиттер енуі керек: білімгердің осы топқа түскенжылы эдвайзер туралы мәлімет бар.
1. 6 кесте Топ тізімі
Оқытушы тізімі «prepodavatel» құжатында көрсетілген. Сонымен мәліметтер базасына бұл құжаттан мынау реквизиттер енуі керек: код преподаватель, ФИО, должность. Преподаватель туралы толық мәліметті төмендегі кестенің көмегімен алуға болады:
1. 7 кесте Оқытушылар тізімі
Пәндердің тізімі «Disciplina» құжатында көрсетілген. Сонымен мәліметтер базасына бұл құжаттан мынау реквизиттер енуі керек: пәннің коды, пәннің толық аталуы, және, қысқартылған атауы, семестр. Жалпы пән туралы мәліметтер төмендегі кестенің көмегімен алуға болады:
1. 8 кесте Пәндер тізімі
2 ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ
Деректер базасын жобалау - мекеменің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға әсер ететін және оның жұмысын қолдауға арналған мәліметтер базасын құру процесі.
Жобалаудың негізгі мақсаттары:
- Нақты қосымшаларды барлық негізгі областарда қолдануды қажет ететін мәліметтерді және олардың арасындағы байланысты көрсету.
- Мәліметтерді өңдеуді транзакциялауды атқара алатын кез-келген мәліметтер моделін құру.
Мәліметтер моделі - мәліметтерді, олардың арасындағы байланыстарды және кейбір мәліметтерге салынатын шектеулерді сипаттайтын түсініктер жиыны. Модель объектілер мен оқиғалардың және олардың арасындағы байланыстардың «нақты» түсінігі болады. Модель мекеменің өзін көрсетеді. Мөдельді құру мақсаты - көрсетілетін мәліметтерді түсінікті түрде көрсету. Құрылымы барлық талаптарды қанағаттандыратын жобаның нұсқасын құру.
Мәліметтер базасын құру жүйесінің екі негізгі жолы бар: «төмен» тәсілі және «жоғары» тәсілі. «Жоғары» тәсілінде ең төменгі кезеңнен басаталады- атриуттарды (маңыздардың қасиеттерін) анықтау кезеңі, өз алдына олардың арасындағы байланыс негізінде қатынастарға бірігеді. Қатынастар маңыздар типін және олардың арасындағы байланыстарды көрсетеді. Номализация процесі керекті атрибуттарды идентификациялауды қанағаттандырады. Кейін олардан бұл атрибуттар арасындағы байланыстар негізінде нормаланған кестелерді құрады.
«Жоғары» тәсіл көп емес атрибуттары бар мәліметтер базасын жобалауға арналғын. Бірақ бұл тәсілді көп көлемді атрибуттары бар мәліметтер базасын жобалауда қиынға түседі, өйткені барлық функционалды қатынастарды орнату қиынға соғады. Құрылымды мәліметтер базасына арналған концептуалды және логикалық мәліметтер моделінде жүзден мыңға дейін атрибуттар бар. Бұл жерде қажетті тәсілді таңдау қиынға соғады.
Құрылымды мәліметтер базасын жобалау үшін көбінесе «Төмен» тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл жоғары сатылы маңыздар мен байланыстары бар мәліметтер моделін құрудан бастайды, кейін төменгі сатылы маңыздар, байланыстар және оларға байланысты атрибуттарды төменгі анықтаулар түрінде жүргізеді. «Төмен» тәсілі «маңыз-байланыс» моделінің концепциясында орындалады. Бұл жағдайда жұмыс маңыздар мен олардың арасындағы байланыстарды анықтаудан басталады.
Бұл дипломдық жұмыста пәндік облысының анализі және кіріс құжаттары негізінде «төмен» тәсілі қолданылады: «маңыз-байланыс» сатысында модель анықталады, кейін олардың қатыстары үшін нормализациялау қағидалары қолданылады.
Программалық қамтамасыздандыруды өңдеу үшін 2 негізгі әрекет қолданылды: функциональды модул немесе құрылымдық. Оның негізіне функционалды принципі кіреді, жүйенің құрылым иерархия термині түрінде көрсетіледі және функциональды элемент арасында бөлек ақпарат береді.
Екінші, объектті-бағытталған объектті декомпозицияны пайдаланады. Құрылымдық жүйесі объект термині және олардың байланысы арқылы анықталады, ал жүйенің бағыты объектарасындағы хабарлама терминінің ауысуымен анықталады. Әр объект жүйесі, өзінің бағытымен негізделеді.
Құрылымды пайдаланып программалық қамтамасыздандыру ақпараттық жүйені өңдеу, жүйені функциональды ішкі жүйеге бөледі. Бөлу процесі нақты процедураны алғанға дейін жалғасады. Осыдан автоматталған жүйе бүтін көріністі сақтайды мұнда барлық байланыс компоненттерін құрайды. Жүйені “төменнен-жоғары” қарай өңдегенде, бөлек тапсырмадан барлық жүйеге дейін бүтін жоғалады, ақпараттың бөлек компьютерін анықтағанда қиындық туады.
Объектті-бағытталған ыңғайдың маңызды сапасы ұйым моделі және жобалайтын модел болып табылады. Объектті бағытталған ыңғай мынадай ерекшеліктерден тұрады:
-объектті-декомпозиция программалық қамтамасыздандыруды құруға мүмкіндік береді. Объектті бағытталған ыңғайды пайдалану өңдеудің деңгейін жоғарылатады, программалардың, жобаның қайталануын пайдалану үшін қажет.
-объектті декомпозиция программалық қамтамасыздандыру жүйесін құруда қиындықтарды азайтады, жүйенің дамуына көмектеседі.
-объектті модель объектті бағытталған программалық тілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Объектті бағытталған ыңғайдың негізгі қасиеті, объектті бағытталған жүйе ашық және оған өзгертулер енгізу оңай болып табылады. Жаңа технологияға өту, шығындарды шығарумен байланысты; Бұл объектті бағытталған ыңғайдың кемшілігі болып табылады. Объектті бағытталған ыңғайдың эффектілері 2-3 жобаны өңдегеннен кейін көрінеді.
Қазіргі уақытта тәжірибеде CASE құралына жататын объектті бағытталған ыңғай, структуралық ыңғаймен салыстырғанда үлкен емес. Объектті бағытталған ыңғайдың спецификациясын көрсететін диаграммалар профессионалдар емес үшін өте түсінікті. Объектті бағытталған CASE құралының мысалы болып: Rational Rose фирмасы Rational Software және Paradigm Plus фирмасы Computer AsSociotes, бұл ПО жобалау үшін қажет. Структуралық ыңғайды қамтитын CASE құралы Ақпараттық жүйені жобалауда көп қолданады. Россиядағы программалық қамтамсыздандыру облысында CASE құралын төмендегіше үлестіреді: Vantage Team Builder (Westmount I-CASE) ; Designer/2000; Silverrun; ERwin+BPwin; S-Designor; CASE. Талдаушы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz