Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп



1. Бухгалтерлік есептің маңызы мен міндеттері
Басқару есебінің негіздері
Шығындардың басқару қызметі бойынша функциялары:
Капитал қозғалысы бойынша операциялар есебі.
Мал шаруашылығының есебі.
1. Мал есебінің ерекшеліктері, оларды бағалау.
2. Малдарды есепке алу құжаттары.
Ауыл шаруашылығындағы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықты тамақпен, ал өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар өсімдік шаруашылығымен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығы міндеттерін шешкен кезде кәсіпорында басшылықты дұрыс ұйымдастыруда бухгалтерлік есепке, бақылауға жедел талдау жасап отыруға маңызды орын беріледі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару өнімге баға қою үшін қажетті өндірістің көлемімен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралысенімді де уақытымен мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрылысқа жұмсалатын шығындарды анықтауға материалдар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы игеру, химияландыруды егістіктерді өндеудің интенсивті технологиясын суландыру және басқаларын қолданудың экономикалық тиімділігі жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізудің негізгі әдісі – шаруашылық есеп. Оның негізіне еңбекті және материалдық қаражат ресурстарын аз жұмсау әртүрлі ысараптарды және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу алынған.
Бухгалтерлік есептің алдындағы міндеттерді шешкен кезде оны ұтымды ұйымдастырмайынша мүмкін емес.
Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру дегеніміз – кәсіпорынның қаражат шаруашылық қызметіне бақылау жасап, оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады.
Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары:
- Шаруашылық операцияларын, құжаттарды есеп регестірлерін және есеп берудің түрлерін қолдануды есептеудің озық тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалаумен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз ететін есептеуді мемлекеттік басқару;
- Есеп мәліметінің сапасымен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептің жұмысын компьютерлендіру;
- Есептеудің жеделдігін және сенімділігін арттыру;
- Алғашқы есептеумен құжаттар айналымы жүйесінің құрылуы- бұл артық операциялардың болмауына себебін тигізеді.
Есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын жоспарлаудың үлкен маңызы бар.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп.

1. Бухгалтерлік есептің маңызы мен міндеттері

1. Ауыл шаруашылығындағы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі
болып табылады. Оның басты мақсаты халықты тамақпен, ал өндірісті
шикізатпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар өсімдік шаруашылығымен мал
шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру
болып табылады.
Ауыл шаруашылығы міндеттерін шешкен кезде кәсіпорында басшылықты дұрыс
ұйымдастыруда бухгалтерлік есепке, бақылауға жедел талдау жасап отыруға
маңызды орын беріледі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару өнімге баға
қою үшін қажетті өндірістің көлемімен өнімді тарату, оның өзіндік құны,
еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралысенімді
де уақытымен мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын
бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрылысқа жұмсалатын шығындарды
анықтауға материалдар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы игеру,
химияландыруды егістіктерді өндеудің интенсивті технологиясын суландыру
және басқаларын қолданудың экономикалық тиімділігі жөнінде мәліметтер алуға
мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізудің негізгі әдісі – шаруашылық
есеп. Оның негізіне еңбекті және материалдық қаражат ресурстарын аз жұмсау
әртүрлі ысараптарды және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін
жүргізу арқылы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу алынған.
Бухгалтерлік есептің алдындағы міндеттерді шешкен кезде оны ұтымды
ұйымдастырмайынша мүмкін емес.
Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру дегеніміз – кәсіпорынның
қаражат шаруашылық қызметіне бақылау жасап, оның жұмысының нәтижесіне
талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады.
Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары:
- Шаруашылық операцияларын, құжаттарды есеп регестірлерін және есеп
берудің түрлерін қолдануды есептеудің озық тәжірибесін жинақтап,
таратуды және басқаларын бағалаумен есепте бейнелеудің бірлігін
қамтамасыз ететін есептеуді мемлекеттік басқару;
- Есеп мәліметінің сапасымен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін
есептің жұмысын компьютерлендіру;
- Есептеудің жеделдігін және сенімділігін арттыру;
- Алғашқы есептеумен құжаттар айналымы жүйесінің құрылуы- бұл артық
операциялардың болмауына себебін тигізеді.
Есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Есепті ұйымдастырудың жоспары, құжаттар айналымы және түгендеу жүргізу
жоспарынан есеп жұмыстарын орындау графигінен тексерумен бақылауды өткізу
жоспарынан және басқалардан тұрады.
Құжаттар айналымының жоспары құжаттарды жазып алу сәтінен оларды
архивке өткізгенге дейінгі қозғалыс графигінен тұрады. Графиктерде
құжаттарды жасап, олармен одан әрі жұмыс істейтін жауапты адамдар
көрсетіледі. Графиктерді шаруашылықтың бас бухгалтері бекітеді және оны
нақты орындаушыға жеткізеді.
Түгендеуді жүргізу жоспары негізгі құралдарға, өнім малына және көлік
малына, тауарлы материалдық игіліктерге, ақша қаражатына, аяқталмаған
өндіріске, жұмсалған күрделі қаржыға, есеп айырысуға түгендеу мерзімі
қарастырылады.
Тексеру мен бақылау жүргізудің жоспарын қаражат шаруашылық қызметін
тексеріп, бақылап отыруға міндетті ұйымдар мен кәсіпорындар жасайды.
Жоспарда әрбір тексерудің немесе бақылаудың сипаты, уақыты, тексерудің
немесе бақылаудың қорытындысын қарайтын күні көрсетіледі.

Басқару есебінің негіздері

1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
2. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі.

1. Басқару есебінің мақсаты шаруашылық субъектілері менеджерлерін
жоспарлау, бақылау, талдау, басқару шешімін қабылдау, ынталандыруға жататын
басқару қызметін жүзеге асыру үшін экономикалық инфляциямен қамтамасыз ету
болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметін басқару шешімдері жоспарлық , нормативтік,
технологиялық есеп және талдамалық информацияға негізделеді. Басқарудың
негізгі қызметі – бақылау мен реттеу, жоспарлық міндеттемелермен жедел есеп
мәліметтерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Басқару шешімдерін бағалау
және олардың орындалуының жауапкершілігі арнайы тәсілдері арқылы талдамалық
есептеулерге негізделген және ішкі қорытынды есеп келешекте дамудың
жоспарлық міндеттері негізінде жүзеге асырылады.

2. Кәсіпорын түрлі өндірістерде және шаруашылықтардан ( негізгі,
көмекші, қосымша, қосалқы және эксперементтік ) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілген өнімнің атқаратын қызметіне
қарай негізгі және қосымша өндіріс болып бөлінеді.
Негізгі өндіріске – кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ сатуға және
завод ішіндегі тұтынуға арналған шала пабрикаттарды дайындайтын өндірістер
жатады.
Көмекші өндіріс - негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды,
бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді.
Өндіріс көлеміне байланысты белгілері бойынша пропорциалы және
пропорциалы емес болып бөлінеді, сонымен қатар өндірістік шығындар көптеген
белгілері бойынша жіктелінеді: Шығындардың туындайтын (пайда болатын)
орындары бойынша, өндіріс тізбесі бойынша, т.б.
Өндіріс шығындары көлеміне байланысты айнымалы және тұрақты болып
табылады.
Айнымалы – шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен, шығынның өсуі немесе
азаюы мүмкін. Бұндай шығындарға шикізат шығыны, отын шығыны және өндріс
шығындарының еңбекақысы шығыны жатады.
Тұрақты шығындар дегеніміз - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде
деңгейі өзгермейтін шығындар. Оған өндіріс ғимараттарын жарықтандыруға,
жылытуға кеткен шығындар, негізгі құралдардың амортизациясы жатады.

Шығындар баптары мен элементтері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Экономикалық элементтері бойынша
2. Материалдық шығындарға
3. Еңбек ақы шығындарына
4. Еңбек ақыдан аударылатын аударымдарға
5. Негізгі құралдардың амортизациясы шығындарына

Шығындардың басқару қызметі бойынша функциялары:
1. Өндірістік ( өндірістің процесі барысында пайда болады.
2. Коммерциялық ( сатумен байланысты )
3. Әкімшілдік ( басқару процесіне байланысты )

Коммерциялық және әкімшілдік шығындар кеңес немесе кезең шығындарына
жатады. Олар өндірістік калькуляцияларды есептеудің негізі болып табылады.
Өндірістік шығындарды есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі
пайдаланылады. Оған:
90 – Негізгі өндіріс
92 - Көмекші өндіріс
93 - Үстеме шығындар
95 – Өндірістегі ақау бөлімшілері шоттары кіреді

Кесте: Өндіріс шығынының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

Меншікті капиталдың есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін
жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктің құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың қатысу
үлесінжәне кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын
салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және
басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын
салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша мүліктік құқығы
ақшалай нысанда бағаланады, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт
(бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен, не болмаса аудиторлық есеп
берулерімен қуатталып, бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық
жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары өздері қосқан сомаларының шегінен
артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп,
жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда
бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым
ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-
бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық
капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады
және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері
жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының
жалпы сомасының 25 пайыздай мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол
жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы
жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімді серіктестіктің барлық қатысушылары
жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір
жылдан аспауы керек.
Егер де серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз
үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен
бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық
капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның тжарияланған жарғылық капиталының мөлшері
бірыңғай волюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы)
құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының
барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол
жағдайда ЖАҚ-ы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық
капиталының толық төленуін қарастырады. ААҚ –ы өзінің жарияланған жарғылық
капиталының кем дегенде 25 пайызын тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ААҚ-ы үшін
бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал ЖАҚ-ы үшін – жүз минималды
есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған, әрі жарияланған санының
шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің
шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі
шығарылатын акцияның номиналдық құнына тең болады. Шығарылған (төленген)
жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алу және жойылған
акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды
құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден
төмен болмауы керек.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданды, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендету рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,
жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге
құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын
қанағаттандырады:
- Дивидендтер алуын
- Қоғамды басқаруына қатысуын
- Қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса
алатындығы;
Қоғам тек иесі жазулы акцияны шығаруға құқығы бар. Иесі жазулы
акцияның құқын, тек тізімге енгендерғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 501-ші Жай акциялар, 502-ші
Айрықшалығы бар акциялар, 503-ші Қосқан үлестер мен жарналар шоттары
енетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Мал шаруашылығының дайын өнімі
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы
Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Нарық талабына орай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуының ғылыми негіздері
Пәндер