Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама



КІРІСПЕ
I. АНТАРКТИДА МАТЕРИГІНЕ ЖАЛПЫ
ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Антарктида ― Жер шарындағы табиғатының құпиясы мен ғажайыптары әлі толық өз дәрежесінде зерттеліп бітпеген материк. Географиялық орны жағынан бірден-бір оңтүстік полюс аймағында орналасқан материк, өзі кұрамдас бөлігі болып саналатын басқа Гондвана материгінен үлкен айырмашылық жасайды. Өйткені, материктің түгелге жуық аумағын өте қалың мұз қабаты кұрсаулап жатыр. Материктегі табиғат компоненттерінің барлығы дерлік осы мұз кұрсаудың әсерінен миллиондаған жылдар бойы тыныштық жағдайға көшкен тәрізді...
Әйткенмен, бұл алданыш көрініс. Материктің өзіне тән табиғат жағдайы мен ресурстары, өзіндік табиғат ерекшеліктері қалыптасқан. Олардың қалыптасу және таралу заңдылықтарын түсіну үшін материк табиғатының зерттелу кезеңдерімен және қазіргі табиғат жағдайындағы өзгерістермен терең, тиянақты танысу қажет. Сондықтан да, бітіру жұмысының өзектілігі де осы мақсатқа негізделген, антарктида табиғатының зерттелу кезеңдері мен оның барысында ашылған жаңалықтарды бір жүйеге келтіріп, оны мектеп оқушыларына түсінікті де тиянақты дәрежеде жеткізу.
Мектеп оқулығында Антарктида табиғатының зерттелу кезеңі туралы мәліметтер біршама берілген, алайда бұл мәліметтер зерттелудің әрбір кезеңіндегі маңызды оқиғаларға егжей-тегжейлі тоқталмайды. Сондықтан да, бұл бітіру жұмысының басты мақсаты ― Антарктида материгінің зерттелуіндегі басты кезеңдерді айқын ажыратып, әрбір кезеңдегі аса маңызды жаңалықтарға толық сипаттама беру. Әсіресе, Антарктида табиғатын зерттеудегі 1957-1959 жылдар аралығындағы 65 елдің өзара келісімі нәтижесінде жүргізілген «Халықаралық геофизикалық жыл» зерттеулеріне ерекше тоқталу. Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан зерттеу шараларында қарастыру.
Бітіру жұмысының негізгі міндеттері Антарктида материгінің зерттелу тарихы бойынша жинақталған материалдарды орта мектеп геогафиясында оқыту мәселелерінде көздейді.
Бітіру жұмысының маңыздылығы әсіресе жұмыстың ана тілінде жазылуымен байланысты жоғарылайды, өйткені Антарктида материгінің зерттелу тарихы жайлы жинақталған казақ тіліндегі материалдар жоқтың қасы. Сол себепті бітіру жұмысы тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, географиядан жоғары білім алып жатқан университет студентттері үшін де қолданбалы мәні жоғары болуымен маңызды.
Бітіру жұмысының құрылымы ― кіріспеден, үш (3) тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың жалпы көлемі 57 бет, жұмыстың мазмұнында 23 сурет,
1 кесте бар. Қолданылған әдебиеттердің тізімі 20 оқулық және т.б.
1. Мягков С.М. «Антарктида прошлое и будущее оледенения» Издательство МГУ 1989г.
2. Власова Т.В. «Материктердің физикалық географиясы» Москва 1986г.
3. Интернет сайт. www\ К7. Апіагісіісіа.
4. «Жануарлар әлемінің үлкен атласы», «Алматы кітап» ААҚ 2001ж.
5. Журнал. «Вокрук света», Февраль 2004г.
6. Трешников А.Ф. «История открытия и исследования Антарктиды» Москва 1976 г.
7. Марков К.К., Бардин В.И. и др. «География Антарктиды» Москва 1978г.
8. Марков К.К., Бардин В.И. и др. «Антарктида» Москва 1981 г.
9. Рябчиков А.М. «Физическая география материков и океанов» Москва 1988г.
10. Бардин В.И. «В горах и на ледниках Антарктиды» Москва 1989 г.
11. Земский В.А. «Животный мир Антарктики» Издательство МГУ 1980 г.
12. Марков К.К. «Путешествие в Антарктиду» Издательство МГУ 1980 г.
13. «Современная Антарктика», Сборник Москва 1981 г.
14. «Атлас Антарктики», Том 1 и 2 Москва 1966г.
15. Евтеев С.А. «Геологическая деятельность ледникового покрова Восточной Антарктиды», Москва 1979 г.
16. Буйницкий В.Х. «Морские льды и айсберги Антарктиды» Москва 1973 г. 31.
17. Вербицкий М.Я., Квасов Д.Д. «Причины оледенения Антарктиды» Москва 1980г.


18. С.Әбілмажінова, Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, Б.Асубаев, С.Көбенқұлова «ГЕОГРАФИЯ» “Материктер мен мұxиттар. Оқыту әдістемесі”
19. Барков Н.И. «Шельфовые ледники Антарктиды» Ленинград 1978 г.
20. В.А.КОРИНСКАЯ, Л.Д.Прозоров, «Материктер географиясына арналған құрал», Алматы, Мектеп 1989ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I. АНТАРКТИДА МАТЕРИГІНЕ ЖАЛПЫ
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Антарктида ― Жер шарындағы табиғатының құпиясы мен ғажайыптары әлі
толық өз дәрежесінде зерттеліп бітпеген материк. Географиялық орны жағынан
бірден-бір оңтүстік полюс аймағында орналасқан материк, өзі кұрамдас бөлігі
болып саналатын басқа Гондвана материгінен үлкен айырмашылық жасайды.
Өйткені, материктің түгелге жуық аумағын өте қалың мұз қабаты кұрсаулап
жатыр. Материктегі табиғат компоненттерінің барлығы дерлік осы мұз
кұрсаудың әсерінен миллиондаған жылдар бойы тыныштық жағдайға көшкен
тәрізді...
Әйткенмен, бұл алданыш көрініс. Материктің өзіне тән табиғат жағдайы
мен ресурстары, өзіндік табиғат ерекшеліктері қалыптасқан. Олардың
қалыптасу және таралу заңдылықтарын түсіну үшін материк табиғатының
зерттелу кезеңдерімен және қазіргі табиғат жағдайындағы өзгерістермен
терең, тиянақты танысу қажет. Сондықтан да, бітіру жұмысының өзектілігі де
осы мақсатқа негізделген, антарктида табиғатының зерттелу кезеңдері мен
оның барысында ашылған жаңалықтарды бір жүйеге келтіріп, оны мектеп
оқушыларына түсінікті де тиянақты дәрежеде жеткізу.
Мектеп оқулығында Антарктида табиғатының зерттелу кезеңі туралы
мәліметтер біршама берілген, алайда бұл мәліметтер зерттелудің әрбір
кезеңіндегі маңызды оқиғаларға егжей-тегжейлі тоқталмайды. Сондықтан да,
бұл бітіру жұмысының басты мақсаты ― Антарктида материгінің зерттелуіндегі
басты кезеңдерді айқын ажыратып, әрбір кезеңдегі аса маңызды жаңалықтарға
толық сипаттама беру. Әсіресе, Антарктида табиғатын зерттеудегі 1957-1959
жылдар аралығындағы 65 елдің өзара келісімі нәтижесінде жүргізілген
Халықаралық геофизикалық жыл зерттеулеріне ерекше тоқталу. Сондай-ақ
қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан зерттеу шараларында қарастыру.
Бітіру жұмысының негізгі міндеттері Антарктида материгінің зерттелу
тарихы бойынша жинақталған материалдарды орта мектеп геогафиясында оқыту
мәселелерінде көздейді.
Бітіру жұмысының маңыздылығы әсіресе жұмыстың ана тілінде жазылуымен
байланысты жоғарылайды, өйткені Антарктида материгінің зерттелу тарихы
жайлы жинақталған казақ тіліндегі материалдар жоқтың қасы. Сол себепті
бітіру жұмысы тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, географиядан жоғары
білім алып жатқан университет студентттері үшін де қолданбалы мәні жоғары
болуымен маңызды.
Бітіру жұмысының құрылымы ― кіріспеден, үш (3) тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың жалпы көлемі 57 бет, жұмыстың мазмұнында 23 сурет,
1 кесте бар. Қолданылған әдебиеттердің тізімі 20 оқулық және т.б.

I. АНТАРКТИДА МАТЕРИГІНЕ ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
Антарктида ― Жер шарының оңтүстік полярлық аймағындағы құрлық. Жерінің
аумағы 12,3млн.км2, ал кайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда
14,0млн.км-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы
көлемі 26млн.км3. Антарктида — дүние жүзіндегі ең мұзды кұрлық. Оның мұз
жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040м, яғни барлық
құрлықтардың орташа биіктігінен (870м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық
сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек -Антарктида
түбегі мен бірнеше іргелес аралдар - Александр 1 жері, оңтүстік Шетланд,
Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит
сулары мен Уэдделл, Белинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер т.б. теңіздер
шайып жатыр. Антарктида құрлығының негізгі абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл
болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс,
кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың іргетастарының
қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің геологиялық
құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Аустралия, Экваторлық
және оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және
жоғарғы полеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы
Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайназойлық Анд қатпарлы жүйесінің
жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың
іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтың шөгінді жыныстардан
құралғандығы, осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына
дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км. Антарктиданың
қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде
жүруде (1-сурет). Антарктиданың тектоникалық картаcынан көруге болады.

1-сурет. Антарктиданың тектоникалық картаcы.

Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3662 м) жатады. Жер
бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып
2-ге бөлінеді. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлық белдеу қоршай
орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады.
Оларға: Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен
Трансантарктида таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200-2500м,
абсолюттік биіктігі 3500-4000м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне
Гамбурцев тауы жатады, абсолюттік биіктігі 3550м.
Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің
орташа биіктігі 690м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан бөлігінің
орташа ойыстығы 460м.
Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты
ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі - 700м. Қалған 20%-на дөңес таулы
жер бедері тән. Яғни, Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда
өте қатты тілімделген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон
тау сілемі 5140м, теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер — Бентли ойысы. [1]
Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтар Антарктида
жерінің 12% жерін алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып
есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн.км2. Қайраңдық мұздықтардың 83%-
ы Батыс Антарктидада. Олардың ең ірілері — Росс және Ронне - Фильхнер
мұздықтары. Мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп,
мұзтауларға айналып, мұхит суында он шақты жылдар бойы қалқып жүреді.
Антарктида таулары мен жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі
кездеседі, оның ең ірісі - Ламберт мұздығы (ұзындығы 700км, ені 30-40км).
Антарктида жер шарындағы, мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған
аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Антарктида туралы
Антарктида ғылыми станциялары
Тынық мұхиттың физикалық географиялық бөлінуі
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Антарктида
Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Австралия
Пәндер