Бейімбет Майлин. (жазушы)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Бейімбет Майлин

Бейімбет- қазақ әдебиетінің тарихында орны ерекше жазушы. Ең алдымен Биағаңдай еңбекшіл, қарапайым жазушыны табу қиын. Аз өмірінде артына мол мұра қалдырған оның толық жазып үлгермеген қолжазбаларының өзі 5-6 романдық материал екен.

Біздің қолымызда орталық мұрағаттан алынған Б. Майлиннің істеген қызметі көрсетіліп, 1935 жылы 3 шілдеде толтырылған «Трудовой список» деген құжат бар. Оның мамандығы деген графасында «журналист» деп көрсетілген, «член ВКП(б) » деген сөздің асты сызылған. Еңбек стажы 1919 жылдан ғана бастап жазылыпты. Қызметін көрсететін бетін оқып қарағанда, нені байқаймыз? Толтыру тәртібімен келтірейік:

  1. 1919, сент. Инструктор Куст. Губоно
  2. 1922, июль. Секретарь газ. «Энбекши казах»
  3. 1923, июль. Зам. Редактора газеты «Аул»
  4. 1925, март. Зам. Редактора газеты «Энбекши казах»
  5. 1927, янв. Зам. Редактора газеты «Аул. тили»
  6. 1929, февр. Редактор журн. Казиздата
  7. 1930, апр. Переведен на должность редактора- методиста Казиз.
  8. 1930, июль. Переведен на должность зав. Издат. Отделом.

Б. Майлиннің өмір жолын және қаламгерлігін зерттеп жүрген құжаттың үстірт толтырылғанын байқау қиын емес.

Ең алдымен Бейімбет «Ғалиядан» кеткеннен 1919 жылдың қыркүйегіне дейін қайда жүрген деген сұрақтың тууы заңды. Бос өарап жүрген бе деген пікір де болуы ықтимал. Ештеңе істемей, қол қусырып жүру- Бейімбетке жат мінез.

Көптеген дәлелді деректерге қарағанда, Б. Майлин осы екі арада бірнеше жерде мұғалім болып істеген. Т. Нұртазиннің «Бейімбет Майлиннің творчествосы» кітабында жазылғандай, Бейімбет мұғалімдікті әуелі Тройцкіге жақын Сарой болысының 4-ауылында жаңадан ашылған мектепте жасайды. Қарағыз елінде Сағымбаев Несілбек деген кісінің үйінде ашылған мектепте мұғалім болады. Ал 1918 жылдан бастап ол өз еліндегі Аөжігіт ауылында мұғалімдік етеді, осы жерде мектеп ашып, негізін қалайды. «Ғалия» медресесінде алған білім сол кезде үлкен қажетіне жарады.

Б. Майлин 1919 жылы ауылында мұғалім болып істеп жүрген. Өазаө тілінен сабақ берген. Біраздан бері бір ой мазалап, әуреге түсуде. Оқушыларға тақпақ жаттатып, домбырамен ән айтқызуды, шағын күлдіргі пьеса жазып, жұрт алдында өойып беруді көксейді. Сарой болысының 4-ауылында жаңа мектеп ашылуына орай той өтіп, онда «Уазифа» медресесінің шәкірттерінің берген концерті, жерлесі Серке Өожамқұловтың өзінің «Мұсылмандық белгісі» өлеңін мәнерлеп оқығаны көкейден кетпейді. Пьеса жазбақ ойын жолдастарына айтып, ақылдасады. Ауыл сахнасына шығарсақ деген пікірін білдіреді. Өз ойынша, пьесада бір келіншектің ролі болуы керек. «Оны кім ойнайды?» Оқып жүрген қыздардың біріне ойнатсақ, бәлеге қаламыз. Шайтан ойынын ойнатып, қыздарымызды бұзады дап мектепке жібермей қояды», - деп, тұйыққа беріле береді. Оның есіне өлеңдерін жаттатып айтқызып жүрген Елубай түседі, оның қыз киімін киіп бір үйге келгенде, ешкімнің танымай қалғанын, отырған адамдардың таңданып, таңдай қаққанын естіген. Қыз ролін осы Елубай атқарады деп, оны қолқалайды. Әйет- Тобыл бойында өткен жанында көрсетілген сол шағын пьесадағы Елубай Өмірзақовтың дебюті табысты өткені соншама, оның әйел кейіпіне түсіп орындағанын бірде бір жан сезбеген, күмән келтірмеген. Артынан «Әйел болып ойнаған Өмірзақтың баласы Елубай» деп хабарлағанда, ақсақалдар «Әлгі бала емізген әйел ғой, о тоба, тоба!» деп жағаларын ұстаған.

Бұл пьесаны қойғанда, оның әсері қалай болатынын Б. Майлиннің өзі де толық сезінбеген шығар. Бүгінгі биіктен қарасақ, бірнеше маңызын аңғара аламыз. Біріншіден, Б. Майлин ауылға, мектепке өнер, мәдениет жағынан жаңа бір леп әкелді, самарқау сезімді оятуға талпыныс жасады, екіншіден, өлең, мақала, хабарлар жазып жүрген өзінің драматургиядағы алғашқы қадамын жасады, бұл жанрда да қаламгерлік мүмкіншілігін байқады, үшіншіден, Ерубай Өмірзақовтай дарынның тот басыпң тоқырап қалмауы үшін, үлкен өнер жолына түсуі үшін қанатын қақтырды, демеп жіберді десе де болады, сол Елубай әртістік жолға түсіп, еліміздің белді, белгілі, атақ-даңқы кең тарған өнер қайраткері болып шықты.

Ұстаздық жол Бейімбетке абырой әпермесе, беделін түсірген жоқ.

Ғалым С. Ордалиев Қостанай өңірін аралаған бір жылы төмендегідей деректерді жазып алған екен: «Бейімбет 1920 жылдың басында біраз уақыт сол кездегі губерниялық оқу бөлімінің Дамбар болысы бойынша инспекторы қызметін атқарған. 1920 жылдың жазында Дамбар болысының сайлауы жүргізіледі. Болыстыққа жастардан Сапар Баймұхамедов сайланады да, Бейімбет оқу бөлімінің меңгерушісі болады. 1921 жылы болыстық қайта сайлауда жұрт Бейімбетті болыстың орынбасарына сайлайды («Бейімбет туралы соңғы деректер». «Қазақ әдебиеті», 1961, 22 желтоқсан. )

1922 жылы жазда Қостанайда аз ұлттар инструкторларының алғашқы конференциясы өткен. Оның жұмысына қатысқан Б. Майлин президиум құрамына сайланып, хатшылық еткен. Ол конференция шешімін әзірлеуге белсене қатысып, мәжіліс хаттамасын дайындаған әрі аударған.

Сол жылы маусым айында Денисоф аудандық конференциясыа Дамбар болысынан делегат болып барды. Шешуші дауысқа ие 57 делегаттың бірі- Бейімбет Майлин. Ал оған берілген мандатта былай деп жазылған: «Предьявитель сего есть действительно делегат, избранный на Денисовскую районную конференцию на 25 июня 1922 года, Майлин Бимухамед, что подписями и приложением печати удостоверяется». Сонымен, Б. Майлин- оқу ісін, мектеп жұмысын жандандырып, жақсы жолға қоюға белсене қатысқан қызметкер. Бұл кезде ол әрі ақын, әрі журналист ретінде аты шығып жүрген. Сөйтіп 1922 жылдың жазына дейін жеткен Б. Майлин «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке шақырылады.

Ал мұның алдында бірнеше елеулі өзгерістер болды. Олардың бірі- 1917 жылғы ақпан төңкерісі. Оған үміт арта қараған Бейімбет қазақ даласына енді бостандық келді деп түсінеді де, «Қырда» өлеңінде «Сергіді жас жүрегім дерті басқан», «Құл басым азат болып, көңіл тасқан» десе, «Қазаққа» деген өлеңінде:

Іздеген күн өзі келді алдыңа,

Зарлағаның бекер босқа қалды ма?

Туды теңдік: баймен қатар жарлыңа, -

деп, қуанышын жасырмай сездірді. Кейін бұл өлеңдері өзіне соққы болып тиді. Артынша, сол жылдың қазан айында шыққан «Сьез» деген өлеңінде халық тұрмысында жақсы өзгерістер болмағанына қынжылып, ашына сынағаны ескерілмеді.

Халқының, әсіресе кедей- жалшылардың жайына алаңдаған Б. Майлин Алашорда басында тұрған азаматтарға да сенім білдірді. Әсіресе, «Ғалия» медресесінде А. Байтұрсыновпен кездесуі, одан кейін «Қазақ» газетінде өлеңдерінің басылып тұруы, сөз жоқ, Бейімбет ойына жақсы пікір орнықтырды. Тұңғыш басылым бетін көріп, жарыққа шыққан «Ыштат» деген өлеңінің осы «Қазақ» газеті тұсауын кесті. Өлең 19174 жылдың 16 желтоқсандағы санында берілген. Бұдан кейінгі кезде осы басылымда Бейімбеттің «Жазғы кеш», «Жазғы қыбыр», «Ұлу», «Қазаққа», «Алашордаға» өлеңдері, «Айқап ойыңызда бар ма?», «Дамбар елінің шаруасы», «Қазақ әдебиет кеші» деген мақалалары басылған. 1913 жылдың 2 ақпанынан 1918 жылдың қыркүйегіне дейін өмір сүрген «Қазақ» газетіне Бейімбеттің реніші болған жоқ. Жас кезінде Б. Майлин Абай өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалын»қолына түсіріп оқыса, оның ұлтжанды болмауына, халқына қайтсем де көмек беремін деп ой кешпеуіне әсер етпеді дейсіз бе?

Міне, сондықтан А. Байтұрсынов Қостанайға 1918 жылы келіп, қазақ жастарынан алашорда сапына кісі алу жөнінде тізім жасағанда, Б:Майлиннің жазылуы тегін емес. Бұл- болған жағдай, бұлтартпас шындық. Алашордаға қолдау көрсеткені өлеңдерінде, басқа туындыларында көрініс тапты. «Қазақ» газетінде жарық көрген «Алашордаға», «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Алдаспаспыз», «Комиссардың жолдасы» тағы басқа туындыларында алаш қозғалысын қуаттап жазды. 1918 жылы Семейде қазақ жігіттерінен құрылған милицияны басқарған мұғалімдер семинариясының оқушысы Қазы Нұрмұхамбетұлының қызылдармен қақтығыста оққа ұшқаны туралы жазған «Тұңғыш құрбан» мақаласында «Ұлтшылдығын көрсетті, ұлтының жолында жанын құрбан қылды», - деп мақтана көрсетті. «Жас азамат» газетінде жарияланған «Еліме» деген өлеңінде:

Елім-ау, бір сен үшін міндім атқа,

Көзге жем қылмаймыз деп енді жатқа.

Көтеріп алаш туын ұрандадық,

Қарамай шапқан қылыш, атқан оққа, -

деп, алаш жағында екенін ашық жырлайды.

Алаш қозғалысында іш тартқан осындай туындылары «Өазаө», «Сарыарқа», «Ұран», «Алаш», «Бірлік туы», «Жас азамат» газеттерінің беттерінде шашырап жатыр. Алашордаға байланысты болғандықтан, олары кезінде жиналмады, ешбір жинақтарға кірмеді. Кейінірек Б. Майлин өзі де осы дүниелеріне селсоқ қарады. Бірақ олары Бейімбеттің алды- артын қоңыраулатып, сын семсерін сілтеуге таптырмас сылтауға айналды.

Алашорда қозғалысындағылардың кейбір әрекеттері ұнамады ма, көңілі суынды ма, оларды кеңес өкіметі тығырыққа тіреген кезде дағдарған Б. Майлин салқын тартты. «Әкесінен хат», «Садақбай» өлеңдерінде алашордада нең бар, азаптанып солардан не табасың, адаспай үйіңе қайт деп үгіттейді, кейбір басқа шығармаларында алашорда жіберген кемшіліктерді сынайды. Сол салқындықтан Бейімбет арыла алмады. Оны жасырудың қажеті жоқ. Алашордаға іш тартқан сол кезін өзінің адасөандығына жатқызды кейін.

Кеңес өкіметі өз тәртібін орнатып жатқан кезде, Қостанай, Торғай жаққа келген Әліби Жангелдинді жылы қарсы алған ол оның отрядының көркемөнерпаздары үшін бірнеше пьеса жазып бергені белгілі. Орнап жатқан «жаңа өмірге» сенім артып, үміт күтіп:

Жылай-жылай қолың жетті теңдікке,

Кім салады енді сені кездікке?

Бүгінгі күн шын қуанар мейрамың

Салшы әнді бойың жазып кеңдікте!-

деп, «Кедейге» деген өлеңінде жырлаған Б. Майлин сол кедейдің жақсы- жаман өмірін шығармашылығына арқау етті. Кедейдің зарын зарлаған, арын арлаған, қуанса қуанып, қайғы- шерін бөлісіп, көзінен жасын тамшылатқан қаламгер «Құтты болсын мейрамың», «Гүлденсе ауыл- гүлденеміз бәріміз», «Жаңартты жырды ауыл» деп желпінді, үмітпен серпіле жазды.

Осының бәрін мысал етіп отырғандағы айтпағымыз- Б. Майлин отызыншы жылдары отырса, опақ, тұрса, сопақ болып, «қателігі», «адасқаны», «кедейге жаны ашығаны» өзіне соққы болып тигендігі.

Бұған дейін Бейімбет Майлин жырақтағы ауылдарда, Қостанай қаласында қызмет істей жүріп, ой-өрісті кеңітетін жаңалықтардың қайнаған ортасында бола алмады. Алайда оның жазғандары сол кездегі басылымдарға шығып, ел- жұрттың көзіне түсе берді. Сәкен Сейфуллин де, тікелей араласпаса да, газеттерде жарияланған өлеңдерінен оны байқап жүреді екен. Сәкен 1922 жылы маусым айында Оқу комиссарының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал 28 шілдеде орталық атқару комитетінде облыстық партия комитетінің басшысы қызметкерлері қатысқан үлкен мәжіліс болып, қазақ баспасөзін өркендету мәселесі қаралды.

1925 жыл- Б. Майлин өміріндегі елеулі кез. Мұның алдында «Еңбекші қазақ» және «Ауыл» газеттерінде алаңсыз жұмыс істеп, бұрқырата жазып жүрген оның астанаға қайта келем деген үш ұйығтаса, ойына келген жоқ. 1924 жылы республика басшыларының арсындағы ынтымақ- бірлік бұзыла бастады да, оның арты кадрларды алмастыруға әкеп соқты.

1929 жылдан кейінгі дәуірде Бейімбет өзгеріп, 1930-1931 жылдарда «социалдық құрлысты кеңінен ұғуға» айналыпты. Бұл мақала Б. Майлиннің жиырма жылдық қаламгерлік жолын саралап талдаудың, әділ баға берудің, жазушыға қанат бітіріп, шабытын шалқытудың орнына, үлкен соққы болып тиді.

Осыдан кейін Б. Майлинді саңаржақ, солақай сынның астына алу өршіп қоя берді. Екі жарым айдан кейін «Социалды Қазақстан» газетінің 24 мамырдағы санында Уәлиахметұлы Рахымның «Бейімбет туралы» деген мақаласы жарияланды. Онда автор «сынды» одан әрі көңірсітіп, тарамдап отырып, жазушыны есінен тандыра соғып алды.

Р. Уәлиахметұлы Бейімбеттің «қазақ жазушыларының ішіндегі ең көп жазған», «қазақ әдебиетіне ең көп еңбек сіңірген жазушы» екендігін, «қазақ әдебиет тарихынан үлкен орын алатұғынына ешкімнің» таласпайтынын мойындап, көпшік қойып алады басына. Содан кейін «Бейімбет қанша жазса да, сонша жазғанына осы күнге дейін бір дені дұрыс сын болып көрген жоқ. Барлық болғаны- Садуақастың Ысмағұлы 1925 жылы шыққан Бейімбеттің өлеңдер жинағына сөз басын жазды. Одан кейін Тоғжанұлы Ғаббас өзінің «Әдебиет және сын мәселесі» кітабында Бейімбетті сынаған болды. Бұл екі сынның екеуі де бірінен бірі асқан оңбаған сын. Бұл сындардың ішінде дұрыс бағыт беріп, тура жол көрсететін, Маркс- Ленин теориясымен таныстырып, солардың әдістерін түсіндіріп соларға күш беретін, ақынды ілгері жетелейтін сын жоқ. Бұл екі сынның екеуі де ақынның ілгері басқан аяғын көтеріп, кедергілі, кесірлі сүрлеуге салатын сындар. Сондықтан мұны дұрыс сын деп айта алмаймыз», - деп, Бейімбетті ауыл ақынына жатқызған С. Садуақасовты да, пролетариат жазушысы деп танымаған Ғ. Тоғжановты да түкке алғысыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейімбет Майлиннің баспасөздегі қызметі
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер
Бейімбет Майлин мұрасы
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
Б. МАЙЛИН – ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ ШЕБЕРІ
Б.Майлиннің прозаларын талдау, зерттеу арқылы оның қазақ прозасындағы рөлін айқындау
Әбдірахман - Шұғаның сүйген жігіті
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz