Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ, ӨЗГЕРІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның түрлері ... ... .9
1.2. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының
өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСҚА ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... 17
2.1 ХҚЕС . бойынша баланс құрылымы оның баптарының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 ҚБЕС . нан 2 ҰҚЕС өту кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты Қазақстандық кәсіпорындарға ең бастысы есеп саясатын қайта құрастыруы және халықаралық стандарттардың талаптарына сай келтірілуі қажет болып табылады.
2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының кәсіпорындары қаржылық қорытындыларын ХҚЕС-тың талаптарына сай келтіре тапсырулары керек. "Бугалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы "заңының талаптары осындай. Көпшілік кәсіпорындарға осыған ұқсас талаптар 2005 жылы 90-нан астам мемлекеттерде қолданылған. Бір жағынан бұл кәсіпорынның есеп жүйесі мен саясатын өзгертумен байланысты үлкен мәселе, екінші жағынан бұл инвесторлармен, кредиторлармен жаңа дәрежеде қарым қатынас құрудың мүмкіндігі болып табылады.
Ең алғаш ХІХ-ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэль Пизани баланстың теориялық негізін салған. Ол сатио-баланс, графия-жазып, талдау деген мағынаны береді. Баланс сөзі латын тілінен аударғанда тепе-теңдікті,қандай да бір қызметтің тараптары арасында қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді. Баланс кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланстың актив бөлімінде қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер көрінсе, пассив бөлімінде ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, меншікті капитал көрініс табады.
Осы курстық жұмысым,екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланс турулы түсінік және олардың құрылымы мен өзгерісіне тоқталып өттім.
Ал екінші бөлімінде ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланстың шаруашылық операцияларының түрлері мен олардың бугалтерлік балансқа тигізетін әсері туралы түсінік бердім.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты – экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бугалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарт талаптарына көшірілуіне байланысты ең бастысы есеп саясатын қайта құрастыруы халықаралық стандарттың талаптарына сай келтірілуі болып табылады. Бұл кәсіпорынның есеп жүйесімен саясатын өзгертумен байланысты үлкен мәселе болып табылса, екіншіден инвесторлармен, кредиторлармен жаңа дәрежеде қары-қатынас құру мүмкіндігі болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның міндеті – нарықтық қатынастар мен әрекеттесуші жақтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында дайындалып ұсынылған есеп ақппараттарын сапалы және сенімді, анық және түсінікті, сондай – ақ талдау мен шешім қабылдауға ыңғайлы дайындалған жағдайда қаржылық қорытынды есеп жүйесі тұнық болады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – бухгалтерлік балансатың ХҚЕС-ның талаптарына сай болуын қамтамасыз ету.

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Қ.К. Кеулімжаев
Н.А. Құдайбергенов;
2. «Бухгалтерлік есеп» С.Б. Баймұханова;
3. «Бұхгалтер бюлитені » 2007 жыл қазан айы;
4. «Бұхгалтерлік есеп» Әбдіманапов;
5. «Бухгалтерлік есеп негіздері» Н.А. Назарова;
6. «Егемен Қазақстан » 2006 жыл.
7. «Кәсіпорынға бухгалтерлік есеп» В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдулин,
В.В. Родостовец, О.И. Шмит.
8. «Шаруашылық жүргізуші субъектідегі бухгалтерлік есеп» Н.Қ.
Мамыров Алматы 2005 Экономика.
9. «Қаржы оқу құралы» Қ.Қ. Илиясов, С. Құлпыбаев Алматы 2005;
10. «Ақша несие банк» Оқулық жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.
Сейітқасымов Алматы 2001;

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ,
ӨЗГЕРІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның түрлері ... ... .9
1.2. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының
өзгеріске
ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 15
2 ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСҚА ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... 17
2.1 ХҚЕС – бойынша баланс құрылымы оның баптарының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19
2.2 ҚБЕС – нан 2 ҰҚЕС өту
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 32
Кіріспе
Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты Қазақстандық
кәсіпорындарға ең бастысы есеп саясатын қайта құрастыруы және халықаралық
стандарттардың талаптарына сай келтірілуі қажет болып табылады.
2006 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының
кәсіпорындары қаржылық қорытындыларын ХҚЕС-тың талаптарына сай келтіре
тапсырулары керек. "Бугалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы "заңының
талаптары осындай. Көпшілік кәсіпорындарға осыған ұқсас талаптар 2005 жылы
90-нан астам мемлекеттерде қолданылған. Бір жағынан бұл кәсіпорынның есеп
жүйесі мен саясатын өзгертумен байланысты үлкен мәселе, екінші жағынан бұл
инвесторлармен, кредиторлармен жаңа дәрежеде қарым қатынас құрудың
мүмкіндігі болып табылады.
Ең алғаш ХІХ-ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэль Пизани
баланстың теориялық негізін салған. Ол сатио-баланс, графия-жазып, талдау
деген мағынаны береді. Баланс сөзі латын тілінен аударғанда тепе-
теңдікті,қандай да бір қызметтің тараптары арасында қатынастың сандық
көрсеткішін білдіреді. Баланс кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы
туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, олардың пайда болу көздері
туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай
көрсеткіштермен берілген.
ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланстың актив бөлімінде қысқа мерзімді
активтер және ұзақ мерзімді активтер көрінсе, пассив бөлімінде ұзақ
мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, меншікті капитал
көрініс табады.
Осы курстық жұмысым,екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланс турулы түсінік және
олардың құрылымы мен өзгерісіне тоқталып өттім.
Ал екінші бөлімінде ХҚЕС-бойынша бугалтерлік баланстың шаруашылық
операцияларының түрлері мен олардың бугалтерлік балансқа тигізетін әсері
туралы түсінік бердім.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты – экономика мен базарлы
сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бугалтерлік есеп жүйесі
халықаралық стандарт талаптарына көшірілуіне байланысты ең бастысы есеп
саясатын қайта құрастыруы халықаралық стандарттың талаптарына сай
келтірілуі болып табылады. Бұл кәсіпорынның есеп жүйесімен саясатын
өзгертумен байланысты үлкен мәселе болып табылса, екіншіден инвесторлармен,
кредиторлармен жаңа дәрежеде қары-қатынас құру мүмкіндігі болып табылады.
Бұл курстық жұмысымның міндеті – нарықтық қатынастар мен әрекеттесуші
жақтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында дайындалып ұсынылған есеп
ақппараттарын сапалы және сенімді, анық және түсінікті, сондай – ақ талдау
мен шешім қабылдауға ыңғайлы дайындалған жағдайда қаржылық қорытынды есеп
жүйесі тұнық болады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – бухгалтерлік балансатың ХҚЕС-ның
талаптарына сай болуын қамтамасыз ету.
1.Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан бухгалтерлік есеп жүйесін
жетілдіру жолдары. Нарықтық экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне
байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға
көшірілуде. Еліміздегі бухгалтерлік есеп процесін халықаралық таным
бағытына қарай ауыстыру мәселелері ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан басталады.
Мұның ішінде біздің еліміздегі қызмет атқарушы бухгалтерлер мен студенттер
қауымына дәріс беруші жоғары оқу орындарының оқытушылары 1994 жылдан бастап
халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттар жүйесін шетелдік
маман эксперттердің дәріс беру негізінде оқи бастады. Бухгалтерлік есеп
өрісінде міндет атқарушы Қазақстандық мамандар мен оқытушылар Британ Кеңесі
тарапынан қайта даярланды. Британ кеңесі еліміздегі бухгалтерлік есеп
мамандарын халықаралық стандарттарға сәйкес даярлау шараларына арнайы
қаражат бөліп, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларында есеп және аудит
өрісіндегі оқытушылар мен кәсіпкерлерді қайта даярлау жобасын ашты. Бұл
жоба үш жылдай қызмет атқарып, жүздеген Қазақстандық бухгалтерлік есеп
мамандары қайта даярланды. Қаржылық қорытынды есеп қалыптастыру төмендегі
өзара байланысқан баланстық жинақтаулардан тұрады.
-Ұйымдар активі =меншікті капитал + міндеттемелер теңдеуі әрқашанда
бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде
сақталады.
-Табыстар =жұмсалған ресурстар сомасы + еңбекақы шығындары +
міндеттемелер жөніндегі пайыздар + салық төлеу шығындары + бөлінбеген табыс
теңдігі сақталады.
-Бөлінбеген табыс = дивиденттер + мақсаттық қорлар құру резерві +
бөлінбей қалған табыс(таза пайда) сабақтастығы сақталуы керек.
-Операциялық қызметтен түскен ақша түсімі + инвестициялық қызметтен
түскен ақша + қаржылық қызметтен түскен ақша(жал төлемі, зайымдар т.б.) =
міндеттемелерді төлеу + бюджет сыртындағы қорларға төлеу + еңбеккерлер
алдындағы міндеттемелерді төлеу + меншік иелері алдындағы міндеттемелерді
төлеу + өтеушілік дәрежесінің өсімін төлеу.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық есептің негізін
құраушы халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі
елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары
бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (экспорт) немесе
сырттан (импортқа) қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп
стандарттарының дәлме-дәл атаулары әр елде әр түрлі берілген.
Стандарт терминін ресми түрде ең бірінші рет қаржылық қорытынды есеп
халықаралық стандарттары жөніндегі комитет (ХҚЕС) қолдана бастады.
Стандарттар Ұлыбритания, Ирландия елдерінде Есеп тәжірибесінің стандарттық
ережелері, АҚШ елінде Қаржылық есеп стандарттарының ережелері, деп
аталынады. Жоғарыда аталған комитет әлемдік деңгейде бухгалтерлік есеп
стандарттарын икемді жолдармен жасау жөніндегі ең беделді ұйымдар қатарында
танылған. Мысалы, Тайота фирмасы экономикалық мазмұны жағынан Дженерал
Моторс фирмасымен жалпы ұқсас екендігіне сай Жапон елінің есеп
тәжірибесіне №27 Қаржылық есепті шоғырландыру және еншілес компанияны
инвестициялау есебі стандартын түгелімен қабылдап, бұл стандарттың
қызметін барлық Жапон еліндегі компанияларға таратқан.
Дей тұрғанмен кейбір елдер үшін стандарттар мазмұны ұсыныс ретінде
қабылданып, ірі компаниялар өз қорытынды есебін жасау мақсатында өз
шешімдер мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай стандарттарда қабылдау
немесе бұларды негізге алу мәселелерін бейтараптық жолдармен шешу
мүмкіндігі сақталған. Осы айтылғандарға орай ХҚЕС комитеті және халықаралық
деңгейдегі кәсіби бухгалтерлік ұйымдар мен елдерде сақтауды талап ету
жөніндегі өкілеттілігі жоқ.
Стандарттар қаржылық қорытынды есеп жасау ережелерін гармониялық
экономикалық байланысқа түсіру, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторлар,
қаржылық менеджерлер т.б. арасында кәсіби сенімділік туғызу мақсатында
жасалынады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының кейбір ережелері
мен стандарттарына түсінік беру жақтары тұрақты комитетте дайындалып, мұның
мазмұны ХҚЕС Комитетінің Басқармасында қабылданды. Бұл ұйымдар ХҚЕС
негізінде дайындалатын қаржылық қорытынды есеп стандарттарының бірегейлігін
қамтамасыз ету және қаржылық қорытындыны салыстырудың мәні мен маңызын
жоғарлату мақсатында жұмыстар атқарады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған
комитет пен басқарма стандарттарды тәжірибеде қолдану барысында жіберілген
кемшіліктерді түзету, сондай-ақ нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
бухгалтерлік есеп өрісінде пайда болған жаңа сұрақтарға жауап беру
қызметтерін атқарады.
Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады:
1) Тұжырымдамалық концепциядан;
2) 40 – тан аса қолданбалы стандарттардан;
3) 25 – тен аса қосымша түсіндірулерден.
Тұжырымдама жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық
қорытынды есеп пайымдау мен тапсырудың жалпы принциптері ашылады. Барлық
елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен стандарттар негізі арнайы
ережелерден тұратын принциптерден қаланған. Қаржылық есеп қорытындысының
принциптерінде стандарттаудың мәндік қасиеті анықталған. Арнайы зерделеніп,
халықаралық деңгейде қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың
мәселелерін, сондай-ақ есеп жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есепке тән
барлық маңызды мәселелер компаниялардың есеп саясаты, тауарлы – материалды
босалқыларды бағалау, жинақталған қаржылық қорытынды есеп, салық салу т.б.
қаралған. Әрбір елде сабақтастық жолдармен қолданатын есеп стандарттарының
барлығында да есеп принциптер байырғы жолдармен сипатталған.
ХҚЕС талаптарына сай қандай жерлерде болмасын орындалған ұқсас
операциялар мен оқиғалар мазмұны бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдермен
іске асырылып, орындалуы мүмкін.
Әрбір жекелеген стандарт терминалогиялық тәртіпті, тәсілдер мен
әдістерді, бухгалтерлік операцияларды анықтай отырып, мына төмендегі
сипаттағы ақпараттардан тұрады: есеп объектісі – есепке алынатын есеп
объектісі анықталып, осы объектіге байланысты негізгі түсініктемеден; есеп
объектісі тану – есеп объектілерін қаржылық қорытынды есеп элементтерінің
әр түріне жатқызудың тәсілдерінен; есеп объектісін бағалау – бағалау
әдістерін қолдану және қорытынды есеп элементтерінің әр түрлі бағалауға
қойылатын талаптарды көрсету жөніндегі ұсыныстардан.
Кәсіпорынды қаржылық басқаруда бұл уақыттық шектеулігінде ғана емес,
сонымен қатар ХҚЕС бойынша есеп берудің төртінші жүйесі болып келуінде
артықшыланады. Салықтық, бухгалтерлік және басқару есебінен басқа.
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайдын,
үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания
құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: 1)
кіріспе баланс; 2) аралық баланс; 3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы
тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы
салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарынын кіріске алып, жарғылық
қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға
қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активі
қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға
байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын
балансты аралық баланс деп атайды.
Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өзқызметін
тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында
баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады.Бірінші кезең осы
ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның
жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.
Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс
жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар
құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес
кәсіпорындар да баланс жасалуына болады.
1.1.Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын
қызметі мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және
қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақытылы
жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі
болып – бухгалтерлік баланс болып табылады. БАЛАНС сөзі француз тілінен
алынған. Бұл қазақ тіліне аударғанда таразы немесе тепе-тең деген
мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы
актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады.
Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және
ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса),
оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері
қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың
актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктер
қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс
таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде
таниды. Ал баланстың пассиві – деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану
көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері
меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған,
қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал
дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және
жеке тұлғаларға қандайда бір операциялар нәтижесіне сәйкес болып табылады.
Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке
тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы
қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату
арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы
инвесторлардын мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың
кредитордан айырмашылығы – кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын
(тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға
ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды
қортындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың
меншігі екенің аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына
теңдіктің әрдайым тең болатыны сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив – міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынныңт бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдын басына жасалады. Баланстың актив
бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп бөлінеді. Ұзақ
мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері,
негізгі құралдары, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал
ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы
кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтерпі
қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады.
Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры,
резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі.
Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тисінше ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары
жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы
кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы,
жабдықтаушы – мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы
бойынша қарызы , зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық
борыштары көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланс төзінің жасалу уақытында (мерзіміне) және
қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан
құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе балансы деп
аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық
капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпопрын
иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру
(ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп
жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең
болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
тұлғалардың алдына міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгілеген есеп беретін уақыттағы
(айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге
бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері атты
еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал
екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған
болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев
өздерінің Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты еңбегінде жойылу
балансы үш кезеңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы
алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын
тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды
талдай отырып, авторлардың қай қайсынның да пікірлері дұрыс деуге болады.
Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері
ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның
таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының
саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.
Бухгалтерлік баланс деп – ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен
міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті
айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды
қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта
жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер
қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның
немесе қражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда тжәне не үшін жұмсалғанын
көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның,
ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен
меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе – тең болатындығын тағыда
қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі
қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс
жасаушы ұйымының аталуы және баланстың қай уақытқа қоытындыланып жасалған
күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге
қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде
берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы
ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір
уақытқа қарай көрсетіп отырады деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз:
белгілі бір ұйымының қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы
ұйымының басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына
осы ұйымының меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар,
тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші
машиналар т.с.с. жатады. Сонымеғн қатар осы ұйым меншігіндегі тшикізаттар
мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай
өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады. Бұлардың барлығы да
активтер түрінде классификацияланады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды
өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақша алу
мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды,
бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым
қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды
міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым
басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы,
өзінің үлес қосушы акционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған
қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы ұйымды қолдаушы кейбір
акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы ұйымның
қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша
береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған
акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымының алған акционерлік ақшасы
уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылған, түбінде
қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында
бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып,әрқашан да активтер мен
міндеттемелер сомасы бірдей тепе – теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік
баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан туындайды.
Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізгі болып табылады. Әрбір келесі
кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін
топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады. Баланс құруды екі жақты
принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болады. Әрбір келесі кезеңге
баланс құруда бұрында бухгалтерлік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни
(мәліметтер) баланстың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратылып
жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге,
мысалға, несиелендірушілер, алашақтар,берешектер, меншік иелері,
инвесторлар, негізгі құралдар, қоюшылар т.с.с. жатады. Бухгалтерлік баланс
ұйымдардың қарнжылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді.
Баланс деп – ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және
міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына
қрай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл
анықтамада 1) баланс; 2) үлгі; 3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты; 5) белгілі бір мерзім; 6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. Баланс -
латын сөзі. Бұлсөз екі табақты таразы деген ұғымды білдіреді.
Үлгі – баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай,
кәсіпорынның активі қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің
жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші қағаз. Баланстық үлгі
қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған
жазулар ұйымының қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық
жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп
аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі
ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік
есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы
екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып
отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер
баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді.
Бұдан баланстың теңдігі – активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі
туындайды. Несиелендірушілер ұйымының төлем өтеушілік қабілетін біліп
отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа
жазылуы керек.
Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жұмыс
істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қортындысын шығару
үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа жазылуы
керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады.
Декларация көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары
салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста
көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып
сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден,
сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып еіге бөлінеді. Сыртқы
пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар,
ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал
айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы
талдауға болады.
Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара
байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын
көрсеткіштер счеттардағы қлдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни
дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде
жазылады.
Белгілі бір мерзім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және
жылдың 1-күніне жасалып, ұйымының қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді.
Ұйымының қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан
пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес,
пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең
негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр
түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтанбаланстың әрбір баптары арқылы
ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану
мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымының меншікті активтері әр түрлі ресурстар
мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде
көбейіп отыратын болса,онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін
көрсетеді.
Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен
жағдайда түскен пайда – таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа
жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер ұйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде
қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің
құны пайда құрамына жазылмай тек қана баланстың көбейуін білдіреді.
1.2.Кез келген кәсіпорынның мақсаты – пайда табу десек қателеспейміз.
Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып
отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын
қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік
балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы
әрбіро орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске
ұшырып отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстын актив және пассив баптарының
теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған
операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін
емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардың
орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның
бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді.
Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін
жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның
бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай
(ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік
есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне
қарай төрт түрге бөледі.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік
баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив
бөліміндегі бір бап қандайда бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол
сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы
ешқандай өзгермейді
Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан жұмысшы –
қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін кассаға 500 (бес жүз ) мың теңге
алынады.
Бұл жағдайда есеп айырысу ошоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың
теңге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге
артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдігі өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік
баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс
болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап тура сондай сомаға
артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске
ұшырамайды.
Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 (жеті
жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды
делік.
Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-
мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың
теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге
артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден
айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей
сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив
бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі
баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықтаушы – мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың
теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес
жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың
теңгеге баланстың сомасы да өсті.
Баланс баптарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz