Бизнес-жоспар. “Solar energy” компаниясы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Бизнес-жоспар

“Solar Energy” компаниясы

Мазмұны:

Резюме . . . 3

  1. Инновациялық өнімге сипаттама беру . . . 4
  2. Нарықтағы негізгі бәсекелестер . . . 7
  3. Маркетинг бөлімі . . . 8
  4. Ұйымдастыру жоспары . . . 9
  5. Жобаның құқықтық қорғалуы . . . 11
  6. Инновациялық жобаның экономикалық тәуекелі және сақтандыру 13
  7. Жобаның қаржылық жоспары . . . 16

Резюме

“Solar Energy” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компания директорлар кеңесінің жалпы отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес 2008 жылы 30 қазанда құрылды.

Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес құрылған «Solar Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан əрі - Серіктестік) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сəуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне жəне компанияның жарғысына сəйкес өз қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.

-
Компанияның атауы:
“Solar Energy” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
-: -
Компанияның атауы:: Компанияның мекен-жайы:
“Solar Energy”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050002, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 7.
-: -
Компанияның атауы:: Байланыс телефондары:
“Solar Energy”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

8 (727) 296-11-11,

8 (727) 296-11-12 (факс)

-: -
Компанияның атауы:: Компанияның негізгі жүзеге асыратын қызметі:
“Solar Energy”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: Альтернетивті энергия көздерін пайдалану негізінде жұмыс істейтін құралдарды реализациялау
-: -
Компанияның атауы:: Жобаны жүзеге асырудың негізгі себептері:
“Solar Energy”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: Электр қуатын үнемдеуге бағытталған, әрі күн энергиясын пайдалану негізінде жұмыс істейтін құралдармен халықтың сұранысын толығымен қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының территориясында күн энергиясын пайдалану негізінде жұмыс істейтін құралдарды (цилиндрические солнечные батареи) сату компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Сонымен қатар компания құралдарды тапсырыс берушінің мекен-жайына жеткізу, оларды эксплуатацияға енгізу және керек болған жағдайда берілген кепілдемеге сәйкес жөндеу жұмыстарын атқарады.

Болашақта компания өнімнің құнын төмендету үшін және халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін осы өнімді өндіруші кәсіпорын мен шетелдік әріптестердің көмегіне сүйене отырып, Шымкент қаласында күн батареяларын шығаратын зауыт ашуды жоспарлауда.

Инновациялық өнімге сипаттама беру

Күн батареялары қызметінің негізгі қағидасы - күн сәулесін тікелей электр тогына айналдыру. Бұл процестен тұрақты ток генерацияланады. Энергияны тұрақты токтың тура жүктемесі ретінде пайдаланылады, болашақта қолдану немесе шамадан тыс жүктемені жабу үшін арнайы аккумулятор жылытқыштарында қор ретінде сақталады, сонымен қатар, 220В қысымдағы айнымалы токқа ауысады. Бұл айнымалы токтың жүктемелерін қоректендіруге септігін тигізеді.

Компанияның күн тақталары мыс, индий, галлий және селен химиялық элементтерінің қосындысынан тұратын жаңа жартылай өткізгіштерден жасалған жіңішке қабықшалы күн құралдарына негізделген. Тақтайшалы элементтер 1х2 метр тақтаға орнатылатын цилиндрлерде айналады, әрбір тақтаға 40 цилиндрден орналастырылады.

Күн батареяларының жаңа құрылымы оларға көп мөлшерде күн сәулесін жұтуына мүмкіндік береді. Цилиндрлі формадағы элементтер кез келген бағытта түсіп тұрған күн сәулесін жұтуға және тура, әлсіз тіпті ғимарат шатырынан шашыраған сәулені электр энергиясына айналдыруға қабілетті. Сонымен қатар, түтікшелі құрылым дәстүрлі тегіс тақаталармен салыстырған желге аз мөлшерде қарсылық етеді, бұл жаңа күн батареяларын шатырда орналастыруды жеңілдетеді және арзандатады.

Фримонт қаласындағы (калифорния штаты) өз қызметіменарыққа жаңа кірген Solyndra компаниясы қарапайым күн батареяларының тақталарына қарағанда артық электр қуатын өндіретін және арзан болып келетін күн батареяларының жаңа түрін жасап шығарды.

Цилиндрлі формадағы күн батареяларының фотогальваникалық элементтерін дайындау үшін компания химиялық элементтерден жасалған жартылай өткізгіш материалдың жіңішке қабықшасы шыны түтікшеге жағылады. Сосын бұл түтік басқа шыын түтікке электр байланыстары арқылы инкапсулденеді.

Бұл жаңа форма күні бойы жүйеге көп мөлшерде сәуле жұтуға және сәйкесінше көп мөлшерде электр энергиясын өндіруге септігін тигізеді. Мұндай күн батареяларының тақталарындағы аэродинамикалық қарсы тұру төмен деңгейде.

Цилиндрлік дизайн күн батареяларына қай бағыттан болса да, күн сәулесін көп жұтуға мүмкіндік береді, ал қарапайым тақталар күн тура бағытта түскенде ғана жақсы жұмыс істейді. Бұл үшін күні бойы қажетті күн бағытына қарай айналдырып отыратын арнайы бақылау жүйелері қолданылады. Бірақ бұл жүйелер қатты жел соққан жағдайында жұмыс істемейді және осындай қосымша жүйелер қызметі арзан емес фотогальваникалық элементтер құнына қосылады.

Цилиндрлік күн батареялары арнайы тақталар көмегімен электр энергиясын өндіруді арттырудың басқа тәсілін қамтамасыз етеді. Тәуліктің кез келген уақытында мұндай батареялардың имектелген жоғарғы қабатының белгілі бір бөлігі тура күн сәулесінің бағытында болады, сәйкесінше күн сәулесін көп жұтады. Ал жоғары шағылыстыру қабілетіне ие ақ түсті шатырларда орналастыру кезінде цилиндрлік күн құралдарының сәулені жұтуда төменгі бөлігі жұмыс істейді. Сонымен қатар, цилиндрдің қалған бөлігі күннен түскен сәулені жұтады.

Компанияның орнатуының беріктігіне жел әсер етпейді (техникалық мәлімет бойынша 200км/сағат жылдамдықта) және жұмыс істеу температурасын төмендетуге және жүйе жүұмысының сенімділігін арттыруға себеп болатын күн батареялары аз уақыт ішінде тез салқандайды.

Нарықтағы негізгі бәсекелестер

Қазақстан нарығанда, соның ішінде Алматы қаласында компанияның негізгі бәсекелес компаниясы болып TOO Скайвин Казахстан табылады. Бұл компания бүкіл әлемде алюминийден, ПВХ және болаттан жасалған кешенді жүйелерді, сонымен қатр күн батареяларын жасайтын және ұсынатын терзелер және күн батареялары саласындағы Schüco International KG фирмасымен серістесіп қызмет атқарады. Өнімнің үлкен ассортименті ғимараттың сыртқы қабат бөлігіне -ірі объектілер және тұрғын үйлер құрылысына арналған. Бұл жиынтыққа терезелерге, есіктерге, фасадтарға, қысқы бақтарға және күн батареяларына қажет жүйелер кіреді. TOO Скайвин Казахстан компаниясы негізінен болашақта маңызды болып саналатын тақырыптарға көңіл бөлген: автоматизациялау, қауіпсіздік және дизайн облыстарындағы шешімдермен байланысты энергияны үнемдеу және өндіру.

Маркетинг бөлімі

“Solar Energy” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі цилиндрлі күн батареяларын Қазақстанның нарығына шығару үшін, ең әуелде, маркетинг бөліміне аса назар аудару қажет. Бұл бөлімде жаңа тауарға деген сұранысты тудыру және сату көлемін өсіру, тауарды жеткізу каналдарын ұйымдастыру шаралары қарастырылады.

Халықты мүлдем жаңа тауардың пайда болуы туралы хабардар ету үшін жаранама мәселесіне көңіл аударамыз:

Біздің компаниямыздың шақыру лозунгі - Жаңа заманға жаңа мүмкіндіктермен. Бұқаралық ақпараттар құралдарға орналастыратын жарнама мәтіні «Күн батареялары - үнемділік көзі». Компания заңды тұлға болғандықтан, мәтіннің бір сөзі 150 теңге шамасында болмақ. Бұл жарнама мәтінінің төменгі жағында автозаправщиктің бейнесі мен орындайтын қызметтер тізімі болады, Сонда, бір жарнама бағасы 150*30=4500 тенге. Көгілдір экранда да жарнамалау қажеттілігі бар, бұл шамамен теңгені құрайды.

Ұйымдастыру жоспары

“Solar Energy” компаниясын күн батареяларын сату нарығына енгізу жобасын жүзеге асырушылар бұл компанияның директорлар кеңесін құрайды және басқарма төрағалары болып табылады:

  1. Кауменова А. М. - компанияның әкімшілік бөлімінің басқарушысы және бас бухгалтер.
  2. Калиева Н. М. - компанияның жоспарлау, маркетинг және ақпараттық технологиялар бөлiмi басқарушысы
  3. Канжанова Б. Г. - компанияның корпоративтiк қаржы бөлiмiнің басқарушысы.
  4. Нарышева Н. С. - техникалық бөлім басқарушысы
Жұмыс күші құрамы
Жұмысшы саны

Орташа айлық жалақы мөлшері

(мың. тг. )

№: Техникалық бөлім жұмысшылары
№: 1.
Жұмыс күші құрамы: құралды орнатушы жоғары мамандандырылған мамандар
Жұмысшы саны:

3

Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 120
№: 2.
Жұмыс күші құрамы: компьютер маманы
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 90
№: 3.
Жұмыс күші құрамы: электрик
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 75
№: 4.
Жұмыс күші құрамы: офис-менеджер
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 75
№: 5.
Жұмыс күші құрамы: жүргізуші
Жұмысшы саны: 2
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 70
№: Жоспарлау, маркетинг және ақпараттық технологиялар бөлiмi
№: 1.
Жұмыс күші құрамы: бөлiмi басқарушысы
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 160
№: Әкімшілік бөлім және бухгалтерия
№: 1.
Жұмыс күші құрамы: бөлiмi басқарушысы
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 160
№: 2.
Жұмыс күші құрамы: материалдық бухгалтер
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 90
№: Корпоративтiк қаржы бөлiмi
№: 1.
Жұмыс күші құрамы: бөлiмi басқарушысы
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 160
№: 2.
Жұмыс күші құрамы: басқарушы көмекшісі
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 87
№: Заң бөлімі
№: 1.
Жұмыс күші құрамы: Заңгер
Жұмысшы саны: 1
Орташа айлық жалақы мөлшері(мың. тг. ): 90

“Solar Energy” компаниясының құрылымы

:
Директорлар кеңесi: Директорлар кеңесi
:
Директорлар кеңесi:
Басқарма төрағасы
:
Директорлар кеңесi:
Жоспарлау, маркетинг және ақпараттық технологиялар бөлiмi
:
Директорлар кеңесi:
Корпоративтiк қаржы бөлiмi
:
Директорлар кеңесi:
Техникалық бөлім
:
Директорлар кеңесi:
Әкімшілік бөлім
:
Директорлар кеңесi:
Бухгалтерия
:
Директорлар кеңесi:
Заң бөлiмi
:
Директорлар кеңесi:
Кадр бөлiмi, кеңсе
:
Директорлар кеңесi:

Жобаның құқықтық қорғалуы

1. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес құрылған «Solar Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан əрі - Серіктестік) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сəуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне жəне компанияның жарғысына сəйкес өз қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.

2. Серіктестіктің құрылтайшылары - жалғыз қатысушылары: Калиева Н. М., Канжанова Б. Г., Кауменова А. М.

Орналасқан жері (мекен-жайы) : Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050002, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 7.

Банктік деректемелері: «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ АОФ-ғы шот № 031 467 329, БИК 190 551 601, СТН 600900563075.

3. Серіктестіктің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Solar Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью «Solar Energy»;

Ағылшын тілінде: «Solar Energy» Limited Liability Partnership.

4. Серіктестіктің қысқартылған атауы:

Мемлекеттік тілде: «Solar Energy» ЖШС;

Орыс тілінде: ТОО «Solar Energy»;

Ағылшын тілінде: «Solar Energy» LLP.

5. Серіктестіктің орналасқан жері (мекен-жайы) : Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050002, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 7.

6. Серіктестік қызметінің мерзімі шектелмеген.

Серіктестіктің заңдық мәртебесі

1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сəттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.

2 . Серіктестіктің дербес балансы, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде атаулары бар мөрі, қызмет көрсету банктері мен басқа да отандық жəне халықаралық қаржы институттарында ұлттық жəне шетелдік валюталарда есепшоттары, өз эмблемасы, сауда белгісі, фирмалық бланктері жəне заңды тұлғаға қажетті басқа да атрибуттары бар.

3. Серiктестiк өз қызметiнiң мақсатына жету үшiн өз атынан мəмiлелер жасасуға, мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес құқықтарды иеленуге, мiндеттер көтеруге, сотта талапкер жəне жауапкер болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.

4. Серіктестік орналасқан жерін өзгерткен жағдайда, оның мемлекеттік тіркеуін жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін, Серіктестіктің жаңа орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.

5. Серіктестік Қатысушының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы. Серіктестік өз филиалдарын құрғаны жəне өкілдіктер ашқаны жайлы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы оның мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.

6. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары мен компания Жарғысында көзделген тəртіпте акционерлік қоғамдар, басқа да шаруашылық серіктестіктер жəне де коммерциялық емес ұйымдар қызметін ұйымдастыруға жəне қатысуға құқылы.

7. Серіктестік өз қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізеді жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес статистикалық жəне қаржылық есеп берушілікті жүзеге асырады.

Инновациялық жобаның экономикалық тәуекелі және сақтандыру

Тәуекел - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кез-келген тұлғаның белгілі бір қаржылық немесе өндірістік стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде өз қаражаттарының бір бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмау немесе қосымша шығынға ұшырау ықтималдығы.

Тәуекелді талдау жүйесі - тәуекелді айқындау, бағалау, оған мониторинг жүргізу, бақылау және тәуекелді төмендетуге, яғни тәуекелді компания тұрақтылығына зиян келтірмейтіндей деңгейде ұстап тұруға бағытталған шараларды жүргізу кезеңдерінен тұрады. Тәуекелді талдау жүйесі кезеңдерінің өзара байланысы төмендегі суретте көрсетілген.

Тәуекелді классификациялау алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қандай да бір белгілер мен шарттардың негізінде тәуекел түрлерін нақты топтарға бөліп қарастыруды білдіреді.

Компания қызметін жүзеге асыру барысында төмендегідей тәуекел түрлері пайда болуы мүмкін:

Мүліктік тәуекел - техникалық және технологиялық жүйелерді орынсыз қолдану, ұрлық жасау, ұқыпсыздық таныту салдарынан мүлікті жоғалту ықтималдығымен байланысты тәуекел.

  • Көлік тәуекелі- жүкті көлік түрлерімен, яғни автомобиль, әуе, өзен, теңіз, теміржол көліктерімен тасымалдауға байланысты туындайтын тәуекел.
  • Экологиялық тәуекел-қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекел.
  • Инфляциялық тәуекел- инфляция деңгейі өскен жағдайда алынатын ақшалай табыстың нақты сатып алу қабілеттілігі тұрғысынан алып қарағанда тез құнсыздану тәуекелі.
  • Валюталық тәуекел- сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да операцияларды жүргізу барысында бір шетел валютасының екіншісіне қатысты бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығын қаупі.
  • Пайыздық тәуекел- коммерциялық банктер, инвестициялық институттар, лизингтік компаниялар тарапынан берілетін несие мөлшерлемесінің тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінен артуы нәтижесінде залалға ұшырау қаупі.
  • Банкроттыққа ұшырау тәуекелі- капиталдың жұмсалу бағытын дұрыс таңдамау нәтижесінде кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне жүктелген міндеттемелер бойынша есеп айырысу қабілетсіздігінің қаупі.

Тәуекелді төмендету тәсілдері

Тәуекелді диверсификациялау - тәуекелді операциялар, мерзім және валюта бойынша жіктеуге мүмкіндік беретін компания активтерін бөлу.

Диверсификацияның негізгі мақсаты: актив бағасы ауытқығанда портфельдің нарықтық құнының өзгеруі кезінде жағдайдың бейтараптылығына жету болып табылады.

Лимиттеу - компания қызметіндегі операциялық тәуекелді төмендету мақсатымен компания операцияларын көлемі, құралдары, партнерлері бойынша қолдануды шектеу.

Өзін-өзі сақтандыру. Компания табысы немесе акционерлер, құрылтайшылар немесе мемлекет тарапынан бөлінген операциялар бойынша шығындарды жабу үшін қолданылатын қосымша қаражаттар есебінен қалыптасқан компанияның резервтік қоры болуы керек.

Сақтандыру - тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында сақтандыру ұйымдарына жүктеу, яғни компанияның барлық активтері: депозиттері, несиелері, инвестициялары, сонымен қатар банк мүлкі сақтандырылуы керек.

Хеджирлеу - активтің бір немесе бірнеше түрінің табыстылығын түрлі бағыттар бойынша қозғалтуға негізделген. Контрмәмілелер көмегімен валюталық-қаржылық құралдардың ашық позицияларын біртекті құралдармен жабу хеджирлеу мәні болып табылады

Тәуекел түрі
Тәуекелді төмендету шаралары
: Cыртқы тәуекел
: 1.
Тәуекел түрі: Саяси тәуекел - компания бөлімшелері мен клиенттері қызметінің нәтижесіне жағымсыз әсер ететін саяси жағдайдың өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекел.
Тәуекелді төмендету шаралары: Саяси жағдайды болжау, компания активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсивикациялау, компания операцияларын құқықтық сараптау.
: 2.
Тәуекел түрі: Экономикалық тәуекел - мемлекеттің экономика саласындағы жағымсыз өзгерістерге байланысты тәуекел.
Тәуекелді төмендету шаралары: Экономикалық жағдайды болжау, компания өтімлілігінің деңгейін қалыпты жағдайда ұстау, активтер мен міндеттемелер құрылымын диверсивикациялау.
: 3.
Тәуекел түрі: Құқықтық тәуекел - компанияның мемлекет заңнамасын бұзу немесе оған қайшы келетін әрекет жүргізу нәтижесінде шығынға ұшырау тәуекелі.
Тәуекелді төмендету шаралары: Шығарылатын құжаттарды құқықтық сараптау, компанияның қызмет түрлерінің ассортиментін кеңейту.
: 4.
Тәуекел түрі: Келеңсіз жағдайдың орын алу тәуекелі - жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл және басқа да банк қызметінің нәтижесіне әсер етуі мүмкіндігімен сипатталатын табиғат апаттарының орын алу ықтималдығының тәуекелі.
Тәуекелді төмендету шаралары: Төтенше жағдай орын алған кезде қызметкерлердің әрекет ету ережелерін бекіту, компания ғимаратын және қызметкерлерін сақтандыру, қосымша құжат архивтері мен мәліметтер базасын қалыптастыру
: Ішкі тәуекел
: 6.
Тәуекел түрі: Операциялық тәуекел - ұйымдағы жүйелердің, процестердің толық жетілмеуінен, сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен немесе ұйым персоналының жеткіліксіз мамандануынан туындаған тура немесе жанама шығындар тәуекелі.
Тәуекелді төмендету шаралары: Операциялық тәуекелді тиімді басқару үшін компанияда бекітілген бақылау процедурасын қалыптастыру, компания қызметінің жекелеген түрі үшін ішкі бақылау механизмдерін жетілдіру керек.
: 7.
Тәуекел түрі: Персонал тәуекелі - компания қызметкерлерінің қателіктерімен, штаттың тұрақсыздығымен, жеткіліксіз маманданумен, еңбек заңнамасына жағымсыз өзгеріс енгізу мүмкіндігімен байланысты тәуекел.
Тәуекелді төмендету шаралары: Тәуекел ықтималдылығы кадрларды дайындау жүйесін құру, барлық қызметтерге сәйкес кадрлар қорын қалыптастыру, жұмыс орындарындағы бақылау процедурасын белгілеу және оның қатаң сақталуын қадағалау арқылы төмендетуге болады.
: 8.
Тәуекел түрі: Жалпы қауіпсіздік тәуекелі - тиісті күзет шараларының болмауына және қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты тәуекел
Тәуекелді төмендету шаралары: Тәуекел ықтималдылығы компания қызметкерлері үшін қауіпсіздік ережелерін жетілдіру және жиі қайта жаңарту, сондай-ақ төтенше жағдайда персонал іс-әрекеттерін жаттықтыру арқылы төмендетіледі
: 9.
Тәуекел түрі: Төмен материалдық-техникалық базамен байланысты тәуекел - қолданыстығы құрал-жабдықтың шешілетін міндеттерге сәйкес еместігінің тәуекелі.
Тәуекелді төмендету шаралары: Тәуекел ықтималдылығы тозған құрал-жабдықты, ақпараттық қамсыздандыруды, компьютерлік техниканы уақытылы алмастыру арқылы төмендетіледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
Жаңартылатын энергия көздері
Автономды типтегі айнымалы токты электр станциясының сұлбасы
Күн сәулесi энергиясын қолданудың тиімділігі
Күн энергиясын жылуын өндіріп оны тұзда сақтау тәсілдерін қарастыру
Сарқылмайтын энергия көздері – жел, күн, биогаз энергияларын пайдалану
Қазақстанның ауыл шаруашылығының ЖІӨ
Youtube және Android сияқты интернет қызметтері
МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі табиғи газдың орны мен рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz