Банктің депозиттік қызметі


МАЗМҰНЫ
беттері
Кіріспе 3
1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің мәні 6
1. 1. Банктің депозиттік операциялардың экономикалық мәні 6
1. 2. «Delta Bank» АҚ қызметіне сипаттама. Банктің даму тарихы 12
1. 3. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері 16
2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің депозиттік операцияларына талдау жүргізу 20
2. 1. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің
депозиттік операцияларын талдау 20
2. 2. «Delta Bank» АҚ депозиттік салымдары.
Банктің депозиттік операцияларына талдау 25
2. 3. «Delta Bank» АҚ депозиттер бойынша пайыздық
Саясатының ерекшелігін талдау 42
3. Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын дамыту жолдары 44
3. 1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту
жолдары 44
3. 2. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің
даму келешегі 51
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер 63
Қосымшалар 65
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Банктің депозиттік қызметі - қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, мұндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, дипломдық жұмыстың мақсаты - банктің депозиттік операцияларын талдау, сондай-ақ, шетел тәжірибесінде көрсетілетін банктік қызмет түрлерін қарастырып, әсіресе, депозиттік операцияларға қатысты ұсыныстарды белгілеу болып табылады.
Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады :
1. Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің мәні мен депозиттік қызметтері.
2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің депозиттік оперцияларына талдау жүргізу.
3. «Delta Bank» АҚ депозиттік салымдары мен депозиттер бойынша пайыздық саясатының ерекшелігін талдау.
4. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.
5. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.
Зерттеу объектісіне : ҚР-ның екінші деңгейлі банкі «Delta Bank» АҚ
Теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында ҚР Ұлттық банкінің заңы, С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабына, «Банк ісі» кітабына, Г. С. Сейтқасымовтың «Банковское дело», кітабына сүйендік. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2007-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтерін пайдаландым.
Жалпы “банктік қызмет” біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып тұрады. Оның әр түрлі болуы халық үшін, оның ішінде бұл қызметтерді таңдауда және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі, банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз, тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер өздерінің табыстылық базасын ұлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік қабілеттілігін өсіреді. Сондай-ақ бұл жерде, банктік қызметтер ұсынылған кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.
Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни, бұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Себебі, бәрімізге белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты зерттеулерді жүргізіп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.
Қазақстандық салымшылардың коммерциялық банктерге сеніп тапсырған салымдарын қорғау проблемасы халық салымдарының жинақ банктерде құлдырауы мен жекелеген қаржылық құрылымдардың тоқырауы және қазіргі уақыттағы кейбір банктердің тиімділігінің болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттілігі де туындады. Ұлттық банк тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамымаған жерлері мен аяқталмаған тұстары бар және оны жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені ескеруіміз қажет. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.
Екінші деңгейдегі банктердің депозиттік базасы тұрақты болып қалуда жəне құрылымдық өзгерістерге ұшыраған жоқ. Қаралып отырған кезеңде банк жүйесінің жиынтық міндеттемелеріндегі резиденттер салымдарының үлесі банктердің кредиттік белсенділігін қаржыландырудың басқа көздері болуы салдарынан төмендегені байқалады. Бұл ретте, əлемдік қарыз алу нарықтарындағы жағдайдың ықпалын есепке ала отырып, ішкі нарықта, оның ішінде депозиттік базаны өсіру арқылы қаражат тарту жөніндегі саясатты жандандыруды күткен жөн.
Халыққа көрсетілетін дәстүрлі (спецификалық) қызметтерді көрсетумен қатар - депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту, несиелер беру және есеп-айырысу - кассалық операцияларын жүргізумен қатар, қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді, клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу, валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді ұсынып отыр .
Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Клиенттердің қажеттіліктері мен жалпы нарықтық жағдаятты талдау Банкке бәсекелестікке жарамды банк өнімдерін әзірлеуге мүмкіндік берді.
Диплом жұмысының мақсаты шетелдегі депозиттерін зерттеу, Қазақстандағы депозит беру жөніндегі статистикалық деректерді талдау жэне Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің депозит тәртібі мен шарттарын зерделеу болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған эдебиеттер тізімінен және қосымша беттерден тұрады.
Бірінші бөлімде депозиттің экономикалық маңызы мен мэні, тарихы, шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларын талдау, салымдар операцияларын талдау туралы статистикалық мәліметтер қарастырылған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының банктерінің депозиттік операцияларын дамыту жолдары мен депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту.
Әдістемелік негізі отандық жэне шетелдік ғалымдардың жұмыстары мен заңнамалық актілер, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері, мерзімдік баспасөз және т. б. материалдары дипломдық жұмыстың орындалуына негіз болған.
1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің мәні
1. 1. Банктің депозиттік операциялардың экономикалық мәні
Коммерциялық банктің операциялары активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
талап етуіне дейінгі депозиттер, мерзімді депозиттер, жинақ салымдары, бағалы қағаздар .
Сондай- ақ оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады: мерзімдеріне қарай, салым иелерінің категорияларына қарай, қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай, пайыз төлеу тәсіліне қарай, банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай, тағы басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: жеке тұлғалардың шоттарына, кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына, жергілікті билік ұйымдарының шоттарына, қаржылық мекемелердің шоттарына, шетелдік азаматтардың шоттарына .
Талап етуіне дейінгі депозиттер- бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар .
Отандық банктің тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындарды, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялы құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаржаттар шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақашалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналыстырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма- қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі- талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті- мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті- мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Депозит иесі - келісілген мерзімнен бұрын болған жағдайда банк айыппұл ретінде оған төленетін пайызды, төлемей қалуға толық құқылы. Депозит мына формула арқылы есептелінеді:
формуламен есептеледі. [1]
∑- салым соммасы
Мерзімді салымдармен алдын- ала хабарлау салымдары арасында айырмашылықтар болады. Мерзімді салымдар банктің иелігіне келісім шартқа сай белгілі бір мерзімге берілген және мерзімі өткен соң иесімен кез- келген уақытта алынатын қаражатты білдіреді. Мерзімді салымдар бойынша клиентке төленетін пайыз мөлшерлемесі, оның мерзіміне, сомасына, шартты орындауына байланысты болып келеді. Іс- жүзінде мерзімді салымдар мерзімі 1, 3, 6, 9, 12 айларға және ұзақ мерзімге салынады.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттерідің түрі- жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа саламдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін көрсетеді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаржаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын-ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай- заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталы салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар- бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с. с. ) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты- бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк- эмитенттің жазбаша куәлігі .
Депозиттік және сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификатар;
- мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты- жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем туралы немесе есеп- айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынандай екі түрі бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын;
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертифткаттар басқа бір тұлғалараға екінші нарықта сатып алу, сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды. [2]
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері қолданылады. Айталық, Халық Жинақ банкі мынадай слымдардың түрлерін жеке тұлғаларға ұсынады:
- “НАРОДНЫЙ” салымы- жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны
мерзімінің соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы- 2000
тенге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3, 6, 12 және 24 ай.
“СЕНІМ- ПЛЮС” салымы- ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым. Төменгі сомасы- 1000 тенге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3, 6, 12 және 24 ай.
- “НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС” салымы- қорлану мерзімі 1 жыл, 3 жыл
және 5 жылдық қорлану салымдары. Төменгі сомасы- 2000 тенге не 50
АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл.
- “ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД” салымы- салымды ашқан күні пайызды
төлейтін мерзімді салым. Төменгі сомасы- 1000 тенге не 100АҚШ
доллары немесе 100 еуро. Мерзімі: 3 жыл не 6 ай.
- “ПРЕМИАЛЬНЫЙ” салымы- сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебеп
талап етуге дейін салым. Төменгі сома- 500 тенге.
- “ЗОЛОТОЙ ВОЗРАСТ ” салымы- 50 жасқа толған адамдар мен
зейнеткерлерге арналған арнайы салым. Төменгі салым- 100 тенге.
Мерзімі: 90 күн.
- “АҚ БОТА” салымы- арнайы балаларға арналған салым. Төменгі
салым- 500 тенге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
- “ИНТЕРНЕТ” салымы- Интернет- Банкинг жүйесінде ашылған салым.
Төменгі салым 1 тенге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн,
90 күн, 180 күн, 270 күн, 360 күн.
Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгені АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы сомасы жылдардағы экономикалық асу ықпал етуде.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді
депозиттер мен мерзімді салымдардың көбіре таратылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
1999жылдың қарашасында екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті түрде ұжымдық сақтандыру Ережесі енгізілді, 1999 жылы 15 қарашада «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры» ЖАҚ құрылды. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі болып табылады, ол оның жарғылық капиталына 1 миллиард теңге берді. 2000жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» 1995жылғы 31 тамыздағы № 2444заңына «Депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесі» аталатын 52-ші бап енгізілді.
Қордың негізгі міндеттері- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу және қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшылардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау. Осы міндеттерді орындау үшін Қор мынандай функцияларды орындайды:
- кепілдік берілген өтемді төлейді;
- депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізеді;
- өз активтерін инвестициялайды;
- кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв қалаптастырады;
- конкурстық негізде агент банкті таңдайды;
- қатысушы банкті консервациялау кезеңінде немесе барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясын қайтарып алу кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына, сонымен бірге мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының және кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
Осыған сәйкес жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайтын «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» заңы қабылданды. Бұл заң 2007жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Заң Қазақстан банктері салымшыларының құқықтарын қоғауға бағытталған, депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай- ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесіне қатысуының тәртібін айқындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz